169.08K
Category: industryindustry

Құбыр көлігі туралы

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
СӨЖ
Тақырыбы: Құбыр көлігі туралы

2.

Алматы, 2020ж
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстандағы құбыр көлігі.
2.2. Қазақстандағы ең ірі құбыр көліктері.
2.3. Құбыр көлігі жайлы қосымша ақпараттар.
2.4. Глосарий.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

1. Кіріспе.
Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық,
сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ
осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар
жиынтығы.
Құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт
таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ.
Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен
жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 –
140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары
орнатылады. Құбыр желісінің қондырғыларына қатарласқан және
қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар
да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және
жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық
станциялар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген
телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады.
Құбыр желісі, негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды.
Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Құбыр желісіне жатқызуға болады.
Құбыр желісі магистральдық және жергілікті мұнай құбырлары мен газ
құбырларына бөлінеді.
Құбыр жолы, яғни электро қорғаныс құрылғылары мен байланыс
желілері бар, жалғанған және изоляцияланған құбырлардан тұратын
магистраль. Олардың сызықты бөліктері - өзендер, көлдер,
автомагистральдар арқылы өтетін жер үсті және жер асты құбырлары.
Сұйық немесе газ тәріздес өнімдерді негізгі немесе аралық станциялар
түріндегі құбырлар бойынша транспорттау үшін араналған перекачечные
және компрессорлы станциялар.
Жөндеу кезіндегі жеке учаскелердің жабу және параллель немесе
қиылысқан магистральдарды бөлу немесе қосу үшін арналған құрал
сызықтық торап деп аталады.

4.

Мұнай құбырларын техникалық қамсыздандыру кешеніне мұнайды
газсыздандыруға және сусыздандыруға, мұнайдың қою түрлерін қыздыруға
арналған құрылғылар кіреді. Алғашқы газ құрбыларының
магистральдарында 12-25 атм. жұмыс қысымы ұсталынды, кейінірек ол 2
есеге өсті.
Құбыр көлігі ең алдымен газ, мұнай, металдар тасу үшін арналған.
Тағайындаудың тәуелділігіне және территориялық орналастырулар
магистральды және мұнай құбырлары өнімдерін және тұтынулар – зауыттар
немесе танкерлерге шамадан артық жүк тиеуге арналған теңіз порттары
жатады.
2. Негізгі бөлім.
2.1.
Қазақстандағы құбыр көлігі.
Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұзындығы 154 км
Доссор – Ракуша – Каспий мұнай құбыры Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде
салынған. 1934 ж. Каспий – Орск мұнай құбыры (830 км) іске қосылды, ал
1966 ж.Өзен– Жетібай –Ақтау бағытында мұнай құбыры (141,5 км) төселді.
Дүние жүзіндегі тұңғыш бірегей континентаралық ыстық мұнай құбыры:
Өзен – Атырау – Самара арасында салынды (1970), оның ұзындығы 1500 км.
ТМД аумағында салынған негізгі экспорттық құбыр желісі жүйелері: дүние
жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры – “Достық” құбыры (5116 км). Ол Самара
ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығыс Еуропа елдеріне шығады;
Туймазы – Иркутск (3700 км), Орынбордан Ресейдің батыс шекарасына дейін
тартылған “Союз” (275 км), Орта Азия – Орталық (3000 км), Германия,
Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдер үшін өтемақылық негізде
салынған Ямбург – Батыс шекара (4605 км); Маңғыстаудан Еділ жағалауы
арқылы Украинаға тартылған, парафинді мұнайды 50ӘС-қа дейін
қыздыратын ірі мұнай құбыры (2500 км). Теңіз кен орнының шикі мұнайы
мен Қазақстанның басқа да мұнайын Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы
Южная Озерейка терминалына тасымалдайтын Теңіз – Астрахан –
Новороссийск құбырының құрылысы (1850 км) 2001 ж. қарашада аяқталды.
Оны Каспий құбыр консорциумы (КҚК) салды. Қазақстанда тұңғыш газ
кәсіпшілігі 1970 ж. Теңізде іске қосылды. 1971 ж. ұзындығы 610 км Бейнеу –
Өзен – Бекдаш (Түрікменстан) газ құбыры салынды. 1972 ж. Өзен – Бейнеу
магистралі (310 км) пайдалануға берілді. 2001 ж. республикада жылына 6,5
млрд. м3 газ өндіріледі, оның 4 млрд. м3-і экспортқа шығарылады. Бұл
қорлар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында

5.

және Солт. Қазақстан мен Торғай мұнайлы аймақтарында шоғырланған. Таяу
жылдары Қарашығанақ – Ақтөбе, Өріктау – Ақтөбе газ құбырын салу
көзделіп отыр. Мұның өзі Қарашығанақ пен Өріктаудан газды қолданыстағы
Бұхара – Орал газ құбырына беруге мүмкіндік туғызады. Жүк айналымы
жөнінен Құбыр желісі темір жол көлігінен кейін екінші орында. 2001 ж. жүк
айналымы 56573 млн. км-ге жеткен. Соңғы деректер бойынша (2001)
Қазақстанда мұнай және газ тасымалдайтын 8 ірі мекеме тіркелген, ал
магистральдық құбырлардың жалпы ұзындығы 17082 км. Қазақстан жерімен
өтетін, экон. маңызы жоғары магистральдық құбырлар: Атырау – Самара –
Одесса, Атырау – Самара – Приморск, КҚК (Теңіз – Новороссийск), Атасу –
Алашанкоу. Қазақстанда Атырау – Самара құбыры негізгі экспорттық бағыт
болып табылады. Бұл бағыт Қазақстан мұнайын “Достық” құбырлар жүйесі
арқылы Шығ. Еуропаға, Қара т. бен Балтық т. порттарына, одан әрі Жерорта
елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Азия – Тынық мұхит аймағы
елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу
жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды облысы) – Алашанкоу (Қытай)
арқылы өтеді. Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий арқылы Қазақстан
мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика
үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып,
пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі
өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70 – 75%-ға артты. Осыған
орай Құбыр желісімен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды.
2.2.
Қазақстандағы ең ірі құбыр көліктері.
Атырау облысындағы алғашқы мұнай құбыры қазан төңкерісіне дейін
салынып, іске қосылды. Ол ұзындығы 154 шақырым болатын Доссор-Ракуша
-Каспий құбыры.
Каспий-Орск мұнай құбыры.
1932 жылы 16 маусымда Еңбек және қорғаныс советі Каспий-Орск
мұнай құбыры құрылысын салу жөнінде қаулы қабылдады. Құрылыс
басқармасының қарамағына мемлекеттен 20 шынжыр табанды, 50 дөңгелекті
трактор, 2 экскаватор, 2 жеңіл және 50 жүк машинасы бөлінді.
Құрылыс жұмысы екі жақтан - солтүстікте Орск және оңтүстікте
Гурьев (Атырау) бағытында қатар басталып кетті. Құбырдың алғашқы
тұрбалары 1932 жылдың көктемінде кемемен Каспий теңізі арқылы Гурьевке
әкеліне бастады. Осы жерде поезға тиеліп, тар табанды темір жолмен

6.

Доссорға жеткізілді. Доссордан Қояндыға дейін автомашинамен тасыды.
Одан әрі қарай трасса бойына түйе керуендері дамылсыз жүріп тұрды.
Тұрбаларды тиеу, түсіру жұмысы түгелдей қол күшімен атқарылды.
Әсіресе, тұрбаларды кемеден жағаға шығару аса қиын әрі қауіпті жұмыс еді.
784 км Каспий-Орск құбыры 1935 жылдың аяғында пайдалануға берілді.
ҚұбырЕмбімұнайорындарынигерудітездетті.
Теңіз-Новороссийск мұнайқұбыры
Қазақстанмұнайындүниежүзілікрынокқашығаруушін 2001
жылыұзындығы 1580 ш. жылына 67 млн. тонна мұнайөткізуқабілеті бар
Теңіз- Новороссийск мұнайқұбырыіскеқосылды. 2001 жылғы 25 наурызда
КҚКаясындағыТеңіз Новороссийск
құбырынамұнайдыбіріншісынамалықұюбасталды,
бұлқұбыркенорнынРесейдегі Новороссийск
қаласыныңқасындағыЮжнаяОзерейкатеңізтерминалыменбайланыстырды.
Бұлжүйенітолтырудыңөзінеғана 800 мың тонна мұнайқажет боды. 2001
жылғықарашада КҚКқұрылысытолығыменаяқталып,
оныңресмиашылусалтанатыболыпөтті. КҚК
бойыншабіріншіболыптасымалданғанТеңізмұнайымұнайқұютанкерлерімен Б
осфор және Дарданелл бұғаздары арқылыөтіп, әлемдікнарыққакетті.
КҚКжүйесініңТеңіз-Новороссийск
мұнайқұбырыпайдалануғақосылғанкүнненбастапТеңізмұнайының экспорты
үшінбастыкөлікмагистральірөлінатқарабастады.
Басқақұбырлар
Атырау облысыныңтерриториясыменмемлекетаралықмаңызы бар
транзиттімұнайжәне газ құбырларыөтеді. Олар: Орта Азия - Орталық газ
құбыры
Өзен - Атырау - Самара мұнайқұбыры, 1968-70
жылдарысалынғанұзындығы 1500 ш.
Теңіз-Атырау-Грозный мұнайқұбыры, 1989 жылысалынғанұзындығы
678 ш.
2003 жылы «Солтүстік-Батыс» тұрбақұбырыкомпаниясы «Мұнайтас»
қазақстандық-қытайкәсіпорныКеңқияқ-Атырау
мұнайқұбырыныңқұрылысынаяқтады. Мұнайқұбырыныңұзындығы 486
шақырым (273 шақырым Атырау облысыныңаумағындаорналасқан).

7.

Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КИО ұзындығы 450
шақырым «ҮлкенШаған-Атырау» жаңатұрбақұбырыныңқұрылысынсалды.
Иран, Қытай, Түркияарқылыөтетін,
мұнайдышығысқатасымалдаудыңбаламалықжолдарыніздестіружөніндегіжұм
ысжалғастырылуда.
Газ құбыры
Облыстыңбасты газ құбырының ұзындығы 3058 шақырым,
жылынаөткізуқабілеті 40,8 млрд. текше метр. Қазіргіуақытта Орта АзияОрталық, Мақат-Солтүстік Кавказ транзиттік газ құбырынаайына 250 млрд.
текше метр көлеміндетүрікмен газы жәнежылына 0,8 млрд. текше
метрТеңізшевройлжауапкершілігішектеулісеріктестігінің газы жіберіледі.
Бұданбасқа, қазіргіуақытта ТШО өндіргенқұрғақгаздыҚазақстанның
газ құбырынатасуүшінТеңіз-Құлсары газ құбырыпайдалануда. 2004 жылыбұл
газ құбырыныңекіншітармағыныңқұрылысысалынып, ол Орта АзияОрталықмагистральды газ құбырынажалғанды. БұлқұбырОрталықАзиядан,
соныңішіндеҚазақстаннан,
РесейарқылыУкраинағажәнеәріқарайбатыселдерінеқарай газ
экспортынқамтамасызетеді.
2.3. Құбыр көлігі жайлы қосымша ақпараттар.
Құбыртранспортының:
1. Магистральдықмұнайжәнемұнайөнімдерінтасымалдауқұбырлары;
2. Жергіліктімаңызы бар мұнайқұбыры;
3. Магистральдық газ құбырлары;
4. Жергіліктімаңызы бар газ құбырларысияқтынегізгітүрлері бар.Құбыр
транспорты жүйесінесондай-ақ су құбырлары да кіреді.
Магистральдық құбырларды қолданудың үлкен маңызы бар, ол мұнай өнімдерін және
газды кез-келген бағытқа, толассыз аз шығын жұмсақп тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда құбыр транспортының дамуы мұнай өндіру мен мұнай өндеу, газ
өнеркәсібінің жедел қарқынмен өркендеуімен байланысты болып отыр.
Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларының бірі -1960-64 жылдары Ресей, Польша,
Германия, Чехославкия және Венгрия бірлесіп салған «Дружба» мұнай құбыры ұзындығы
5 мың км-ге жуық.
2.4.
Глосарий.

8.

• магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз
ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық
регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай
өндірістік-технологиялық кешен;
• магистральдық құбырды жою – магистральдық құбырды бөлшектеу және
(немесе) қайта бейіндеу және қоршаған ортаны адамның өмірі мен
денсаулығы үшін қауіпсіз және одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге
келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
• магистральдық құбырды консервациялау – магистральдық құбырды
пайдаланудан шығару кезінде оның жарамды техникалық күйде сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені;
• магистральдық құбырдың желілік бөлігі – өнімді тікелей тасымалдау жүзеге
асырылатын жерасты, суасты, жербеті, жерүсті құбырлары;
• магистральдық құбырдың күзет аймағы – магистральдық құбыр
объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті
жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына
сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын
айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе)
судағы) аумақ;
• магистральдық құбырдың меншік иесі – Қазақстан Республикасы,
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі немесе
магистральдық құбырға меншік құқығында иелік ететін заңды тұлға;
• магистральдық құбырдың физикалық қауіпсіздігі – тұлғалардың құқыққа
қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын қатерлерден магистральдық құбырдың
қорғалу жай-күйі;
• магистральдық құбырды пайдалану – магистральдық құбырдың үздіксіз,
тиісінше және тиімді жұмыс істеуі үшін қажет, оның ішінде техникалық
қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жеделдиспетчерлік басқаруды қамтитын қызмет;
• магистральдық құбырды реконструкциялау – магистральдық құбырдың
сапалық көрсеткіштерін жақсартуды көздейтін, оны қайта орналастыру
жөніндегі іс-шаралар кешені;

9.

• магистральдық құбырды физикалық қорғау – тұлғалардың зақымдауға әкеп
соқтыратын құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын магистральдық
құбырға қатысты қатерлерді болдырмауға бағытталған құқықтық
нормалардың, ұйымдастырушылық шаралар мен инженерлік-техникалық
шешімдердің жиынтығы;
• оператор – өнімді магистральдық құбырмен тасымалдауды және (немесе)
оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесі
немесе магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға
не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;
• операторлық қызметтер – магистральдық құбырдың меншік иесінің не
магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның атынан
жөнелтушілерге оператор ұсынатын өнімді тасымалдау жөніндегі және
(немесе) магистральдық құбырдың меншік иесіне не магистральдық құбырға
өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаға оператор ұсынатын магистральдық
құбырды пайдалану жөніндегі қызметтер;
• өнім – тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша
техникалық регламенттерге сәйкес келетін, тұрақты (тұрақты емес) газ
конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес
көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;
• өнімді тасымалдау – өнімді жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап
алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша
қабылдау, тапсыру, айдау, өнімді басқа да магистральдық құбырларға қотару,
құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
3. Қорытынды.
Құбыр транспорты – мұнайды, мұнай өнімдерін және газды
шығарылған немесе өндірілген жерлерінен алысқа, өндеу және тұтыну
орындарына тасымалдайтын транспорттың бір түрі.
Сұйық заттардың ағымы үшін арналған құбыр жолдары коммуникация
ретінде ежелден белгілі. Алғашқы 6,5 км ұзындықтағы мұнай құбыры 1865 ж.
АҚШ-та құрылды. Ресейде диаметрі 100 м және ұзындығы 12 км болған
алғашқы мұнай құбыры 1870 ж. Балахнинскіні Баку өңіріндегі мұнай өңдеу
заводымен байланыстырды. 1897-1909 ж.ж. диаметрі 200 м құбырлары бар

10.

мұнай құбыры Бакудан Батумиге (850 км) дейін керосинді тасымалдау
жүргізілді, ол В.Г.Шухов жетекшілігімен жобаланып, құрылды. Кейінірек
жаңа мұнай орындарынан порттар мен қалаларға кішігірім құбыр жолдары
салынды: Грозный-Петроводск-порт Махачкала, Туха – Краснодар, ДоссорРакуша және т.б.
Көмір, отын, мұнайды өңдеу жолымен алынатын газды жіберуге
арналған кішігірім бағыттарды ескермесек ресейде газ құбырлары
транспорты болмады деуге болады.
Газ өнеркәсібі аймағында магистралды және жергілікті газ құбырлары
болады. Қазіргі құбыр жолдары транспортының техникалық базасы күрделі
және әртүрлі. Құбыр жолдары транспортының техникалық қамсыздануының
негізгі элементтері болып мыналар саналады:
Құбыр жолы, яғни электро қорғаныс құрылғылары мен байланыс
желілері бар, жалғанған және изоляцияланған құбырлардан тұратын
магистраль. Олардың сызықты бөліктері - өзендер, көлдер,
автомагистральдар арқылы өтетін жер үсті және жер асты құбырлары.
Сұйық немесе газ тәріздес өнімдерді негізгі немесе аралық станциялар
түріндегі құбырлар бойынша транспорттау үшін араналған перекачечные
және компрессорлы станциялар.
Жөндеу кезіндегі жеке учаскелердің жабу және параллель немесе
қиылысқан магистральдарды бөлу немесе қосу үшін арналған құрал
сызықтық торап деп аталады.
Мұнай құбырларын техникалық қамсыздандыру кешеніне мұнайды
газсыздандыруға және сусыздандыруға, мұнайдың қою түрлерін қыздыруға
арналған құрылғылар кіреді. Алғашқы газ құрбыларының
магистральдарында 12-25 атм. жұмыс қысымы ұсталынды, кейінірек ол 2
есеге өсті.
Құбыр көлігі ең алдымен газ, мұнай, металдар тасу үшін арналған.
Тағайындаудың тәуелділігіне және территориялық орналастырулар
магистральды және мұнай құбырлары өнімдерін және тұтынулар – зауыттар
немесе танкерлерге шамадан артық жүк тиеуге арналған теңіз порттары
жатады.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
• https://melimde.com/

11.

• kk.wikipedia.org
• stat.gov.kz - Статистика комитеті.
• Қазақстанның құбыр көлігінің 2018 жылғы жылдық есебі.
• adilet.zan.kz.
English     Русский Rules