Similar presentations:
Microsoft Access МҚБЖ көлікті басқаруда қолдану
1.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіӘл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
СӨЖ
Тақырыбы:
1) Microsoft Excel эксперттік жүйе ретінде қарастыру
2) Microsoft Access МҚБЖ көлікті басқаруда қолдану
2.
Алматы, 2020жЖОСПАР:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Эксперттік жүйе.
2.1.1. Эксперттік жүйе жайлы қысқаша.
2.1.2. Эксперттік жүйелер және Microsoft Excel-дің эксперттік
жүйе ретіндегі қолданыс аясы.
2.2. Microsoft Access МҚБЖ көлікті басқаруда қолдану.
2.2.1. МҚБЖ құрылымы
2.2.2. МS Ассеss және МҚБЖ
2.2.3. МҚБЖ мүмкіндіктері.
2.2.4. МS Ассеss-те МҚБЖ құрудың тәсілдері
2.2.5.Microsoft Access МҚБЖ көлікті басқаруда қолдану.
3. Қорытынды.
3.
1.Кіріспе.Адам қызметінің әр түрлі салаларында нақты алгоритмі немесе әдісі
жоқ міндеттер жиі кездеседі. Ол міндеттерді тек қана сол кәсіппен
шұғылданатын білімді мамандар шеше алады. Ол аппаратураны
диагностикалау, жұмыс аптасын жоспарлау, операцияны болжау,
аппаратурада жұмыс жасап үйрену және т.б. жұмыс түрлері. Негізінен
мұндай міндеттер болжау, оқыту, модельдеу сияқты салалармен қоса
медицина, заң, ғылым мен техниканың алуан түрлі салалары, экономика,
экология, әскери іс және т.б. кездеседі. Осындай міндеттерді шешу үшін
арнайы бағдарламалар кешені - эксперттік жүйелер (ЭЖ) бар. Олар нақты
емес қойылымы бар міндеттерді арнайы білім базасына (ББ) жолыға отырып
шешеді, яғни ол базада пайда болған проблеманы шешуге арналған
мәліметтер бар. Шешімді ЭЖ өз бетімен табады. Сонымен қатар, ЭЖ әдетте
мамандардың өздеріне ББ-сын жасауына мүмкіндік беріп, оны өзгертуге
немесе толықтыруға, басқаруға жол ашады. Нарықтағы бағдарламалық
қамтамасыз ету (БҚЕ) әдетте өте қымбат тұрады. Соған байланысты, қазіргі
кезде екінің бірі өз ортасына ЭЖ тарата алмайды, және де тиімді ЭЖ өзіне
сондай қымбат аппараттық қамтамасыз етуді талап етеді.
Қазіргі кезде мәліметтер қоры (МҚ) және мәліметтер қорын басқару
жүйесі (МҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады.
Жалпы мағынасында мәліметтер қоры терминін белгілі бір нышандарына
байланысты біріккен акпараттардың кез келген жиынына қолдануға болады.
Мысалы, мәліметтер қоры ретінде поезд козғалысының кестесін немесе
сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы
мәліметтер тіркелген кітапты қарастыруға болады. Мұнда мәліметтер қоры
ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылады. Сондықтан
сіздің жазу кітапшаңыз, оған ақпаратты кұрылымды түрде жазбасаңыз, ол
мәліметтер қорыт болып есептелмейді.
Мәліметтер қорының негізгі белгісі — ондағы ақпараттың жылдам
ізделуі. Егер абоненеттің тегі, аты және әкесінің аты белгілі болып, телефон
нөмірін табу қажет болса, бұл ақпаратты Телефондық.адрес кітапшасынан
аласыз. Алайда егер фирмаңызда, мысалы, компьютерлермен сауда жасайтын
кісінің жай.жапсары тапсырыстар кітабында хронологиялық тәртіппен
ретгелген болса, онда белгілі бір қалада тұратын клиенттердің тізімін алуға
немесе соңғы үш айда сатып алушылардың көп сұранысына ие болған
компьютерлердің моделін анықтауға біраз уакыт жұмсалады.
4.
Мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау және оларды өңдеу (алу, өзгерту,мәліметтер қосу т.с.с) мәселесі, бірінші компьютерлер ойлап табылғаннан
бастап-ақ күн тәртібіне қойылды. Осы мәселені шешу мақсатында 20ғасырдың 60-жылдарының соңғы жағында МҚБЖ (Мәліметтер Қорын
Басқару Жүйесі) деп аталатын арнайы программалар жазыла бастады.
МҚБЖ өзінің даму жолында файлдарды басқару жүйесінен бастап,
иерархиялық және жүйелік мәліметтер қорын басқару жүйелерін басынан
өткерді. Сөйтіп өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында барлық жерде
«Релациялық Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі» кең қолданыла бастады.
Әр МҚБЖ өз сұрау тіліне ие еді, бұл жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін SQL
(Structured Query Language) деп аталатын бір тіл жасалды. Бұл тіл арқылы
релациялық мәліметтер қорындағы мәліметтер басқарылады.
Мәліметтер қоры мен МҚБЖ-ларды бір-бірімен шатастырмаған жөн.
Мәліметтер қоры МҚБЖ-лар көмегімен басқарылады. Осы басқару
барысында SQL тілі қолданылады. Дегенмен, көбінесе Мәліметтер Қоры деп
МҚБЖ-ларды атайды.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Эксперттік жүйе.
2.1.1. Эксперттік жүйе жайлы қысқаша.
Экперттік жүйе дегеніміз бұл әдістер мен ұйымдастыру жолдарының
жиынтығы, күрделі міндеттерді шешуге арналған білімдердің сақталуы мен
қолданылуы. Эксперттік жүйе берілген шешімдердің арасынан ең үздігін
таңдай отыра, жоғары сапалы мамандар тобының тәжірибесіне сүйену
арқылы өзінің тиімділігін арттырады. Оларды стратегия құрылымы кезінде
бағалай отыра, үлкен көлемдегі жаңа факторлардың әсерін талдайды, алдын
ала болжау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Заманауи ЭЖ - білім базасын
қалыптастыратын, міндеттерді шешу кезінде жинақталған білім базасының
көмегімен адам-маманның әрекетін модельдейтін мамандандырылған
компьютерлік бағдарлама. ЭЖ-ні ойлап табу және пайдалану ақпараттық
технологиялардың дамуының концептуалды кезеңі болып табылады.
Проблеманы шешудің интеллектуалдық негізіне белгілі бір іс-әрекет
саласындағы тәжірибелі сарапшы-мамандардың білімдерін жаңғырту
алынады.
5.
2.1.2. Эксперттік жүйелер және Microsoft Excel-дің эксперттік жүйеретіндегі қолданыс аясы.
Microsoft Excel функциялары тиімділігіне байланысты түрлі салаларда
есептік, тізімдік, құжаттық қызметтер атқарады.
Бүгінде
бағдарламаның
мүмкіндіктері
көптеген
арнайы
бағдарламалардың орнын басуға қауқарлы. Сондықтан Microsoft Excel
бағдарламасын эксперттік жүйе ретінде қарастыру өте маңызды.
Қазіргі кездеMicrosoft Excel эксперттік жүйесі ең алуан түрлі мәселелі
облыстарда, қаражат, мұнай және газ өнеркәсібі, энергетика, транспорт,
фармацевтикалық өндіріс, ғарыш, метуллургия, тау кен ісі, химия,білім,
целлюлозды - қағаз өнеркәсіп, телекоммуникация және байланыс және т.б
сияқты әр түрлі түрдегі міндеттерді (интерпретация, болжау, диагностика,
жоспарлау, есептеу, бақылау, ретке келтіру, тізімдеу, басқару) шешу үшін
қолданылады.
Microsoft Excel эксперттік жүйені орындаудағы үш негізгі түр
өзгешілік белгілі.
Жеке бағдарлама түрінде орындалған бұл экспертті жүйе, бұл
бағдарламаның тікелей бөлігі болып келетін кейбір алгоритмдік тілдегі
білімбазасы. Ережеге сай, мұндай жүйелер бір бекітілген пәндік облыста
міндеттерді шешу үшін арналған.
Экспертті жүйелердің қабыршақтары - белгілі бір пәндік облыс үшін
арналған көрсету тәсілдеріне иеленуші бағдарламалық өнім. Қолданушының
міндеті тікелей бағдарламауға емес, ал ұсынылып отырған қабыршақтар
мүмкіндіктерін қолданумен жұмыс жасау мен білімді енгізу жасалынады.
Microsoft Excel-дің көптеген қолдану облыстарының толық тізіміне
тоқтамай ғана, тек қана эксперттік жүйелер әдістемесі сәтті қолданылған
дамыған кәсіпорындардың шаруашылық салаларының кейбіреуін ғана атап
кетуге болады: электроника, білім, қаражат, медицина, қонақ-үй, ресторан
бизнестері,
демалыс орындары,
банктер, мемлекеттік
органдар,
коммерциялық емес ұйымдар, әскери іс, бағдарламалық қамтамасыздандыру
және т.б.
Microsoft Excel шешетін есепулердің негізгі типтерінің тізімінен
интерпретация, болжау, диагностика,жобалау, жоспарлау, басқару, бақылау,
ретке келтіру, жөндеу, оқуды атапкетуге болады.
6.
Қазіргі таңда шетелдерде кеңінен таралған эксперттік жүйелердің тізімінкелесі түрде атап кетуге болады:
Microsoft Excel, Microsoft Access, Microsoft InfoPath, Microsoft InfoPath
Filler, Microsoft OneNote, Microsoft Outlook, Microsoft Publisher, Microsoft
SharePoint WorkSpace, т.б.
Заманауи эксперттік жүйелер тәжірибені және жетекші мамандардың
білімін тарату үшін тәжірибе жүзінде барлық сфераларда кеңінен
қолданылады.
Дәстүрлі түрде білімнің екі түрі бар - ұжымдық білім және жеке білім.
Егер де пәндік облыста білімнің көп бөлігі ұжымдық түрде көрсетілген
болса, онда бұл пәндік облыс эксперттік жүйелерге мұқтаж емес.
2.2. Microsoft Access МҚБЖ көлікті басқаруда қолдану.
2.2.1. МҚБЖ құрылымы
Көптеген МҚ.да алғашкы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске
асырылады, оның жолы — қойманың бір объектісі жайлы толық акпаратты,
ал бағаны — объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы (бір
объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір
сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.
Өріс
ЖазуҚызметіАты, тегі Телефон
Президент Алиев Қазыбек 61.56.87
Вице . президент Асқаров Аман 61.89.75
Бас есепшіСоветоваМөлдір 61.65.53
Маркетолог Алиева Жанна 61.45.12
Офис.менеджер Елена Шмит 61.48.78
МҚкұрудатиімдіжұмысүшіноныңқұрылымынәрбірөрістемазмұнытекбі
ртиптегідеректерболатындайетіпойлаптабукерек, мысалы:
• өрістіңаты: Тегі
мазмұны: Молдыбаев
7.
• өрістіңаты: Телефонмазмұны: 25.89.56
• өрістіңаты: Айы
мазмұны: сәуір
2.2.2. МS Ассеss және МҚБЖ
МS Ассеss реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі болып
табылады.
Реляциялық мәліметтер қоры— қазіргі уақытта едәуір кең тараған және
ақиқатөнеркәсіптік стандарт. Реляциялық мәліметтер қорында барлық
мәліметтертікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі мәліметтер қорымен
орындалатынбарлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі, МS
Ассеss-темәліметтер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және
басқару үшінарналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер,
пішімдер, есепберулер, сұратулар жатады.
Реляциялық МҚБЖ.нің негізгі ерекшеліктері:
• Барлық мәліметтер кесте түрінде сақталады.
• Әртүрлі сипаттағы мәліметтер түрлі кестелерде сақталады.
• Қойма құратын кесте мәліметтері арасында қарым.қатынас (реляцияның)
беріледі.
Әртүрлікестелердегіақпаратмәліметтеріжаңасұратуларқұрукезіндеқолданыла
тынжаңа
2.2.3. МҚБЖ мүмкіндіктері.
МҚБЖ құралдары көмегімен орындай аласыз:
• Сізге қызығушылық тудырған ақпаратты таңдау. Мысалы, соңғы екі
айдағы белгілі клиенттердің барлық сатып алғаны жайлы мәліметтерді
8.
ала аласыз.• Бүкіл кестені немесе тек таңдап алынған жазбалар мен өрістерді
әртүрлі пішімде басу.
• Кестенің мәліметтерін графикалық бейнелеу, мысалы, компьютерлердің
түрлі модельдерін сату туралы мәліметтер.
• Есеп беруді дайындау немесе кестелерден мәліметтерді тандау
процесінде түрлі есептеулерді орындау.
2.2.4. МS Ассеss-те МҚБЖ құрудың тәсілдері
МS Ассеss-те мәліметтер қорын құрудың екі тәсілі бар. Бос мәліметтер
қорын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа
объектілерді қосуыңызға болады. Мұндай тәсіл едәуір қолайлы, бірақ
мәліметтер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты талап етеді.
Бұданбасқа, барлық кажетті кестелермен, пішіндермен және есептермен
айқынтүрдегі мәліметтер қорын шебердің көмегімен құруға болады. МS
Ассеss сізгеарналған түрлі мәліметтер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл
көп жағдайдақолдануға ыңғайлы.
Екі жағдайда да кез келген уакытта өзіңіз құрғандеректер қоймасын
өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар.
Мәліметтер типтері
Өріс атауы кестелер мәліметтеріне сілтеме жасау үшін қолданылады.
Сақталатын
мәліметтердің
пайдаланылады.
типін
айқындауға
мәліметтер
типі
Өрістің мәліметтер типі Мәліметтер типі бағаны өрісінде енгізіледі. МS
Ассеss-те келесі типтердің мәліметтері мүмкін болып табылады:
• Мәтіндік• Сандық• Ақшалай• Санауыш• Даталаруақыттар• Логикалық
• МЕМО өрісі• ОLЕ объектісінің өрісі• Гиперсілтеме• Ауыстырулар шебері
Әрбір мәліметтер типі конструктор терезесінің өріс касиетгері
9.
бөлімінде бейнеленетін өз қасиеттерімен үлестіріледі.2.2.5.Microsoft Access МҚБЖ көлікті басқаруда қолдану.
MS Access көліктер үшінмәліметтер қорын басқару жүйесінде кесте,
пішін, есеп,сұраныс, макрос, модуль негізгі объектілермен жұмыс жасаймыз.
MS Access көлік саласында түрлі мақсаттарды жүзеге асыру үшін ең
кең тараған мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (ДКБЖ)бірі болып
табылады.
MS Access-те көлік саны, маршруттар,транспорттық құралдарыдың
ерекшеліктері жайлы ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын
жекекомпоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер,
сұратулар,деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер
болуы мүмкін.
Көліктік статистикалық, визуалды деректер, инфорграфиктер құру
үшін
конструкторлар
қолданылады,
сондықтан
бұлкомпоненттер
конструкторлық объектілер деп аталады.
Кез-келген саладағыдай көлік саласында да кесте деректер қоймасының
негізі болып табылады. MS Access-те бүкілақпарат кестелерде беріледі.
Пішіндер түрлі көліктік көрсеткіштер мен индекстерді салыстыру
мақсатында кестелерді енгізу мен көру үшінқолданылады. Олар
артықшылығы: экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге
мүмкіндікбереді және оны тиісті түрде көрсетеді.
Сонымен қатар, пішіннің конструкторы көмегіменкез келген күрделі
дәрежедегі транспорттықкөрсеткіштерді пішіндер арқылы құрасыз.
Сұраныс деректер қоймасынан ақпарат алу үшін пайдаланылады, әлі мұнда
деректербірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те
сұраныстыпішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады.
Визуалдық ақпаратнегізінде бұл әдісті қолдана отырып, бір немесе
бірнеше кестелерден қажеттідеректерді құра аламыз.
Көлік, сонымен қатар қойма, ауылшаруашылығы, косметика
салаларында деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server
10.
мәліметтер қорында сақталған Интернет немесе Интранет арқылы жұмысістеугежәне оларды көруге арналған WEB - парақтың арнайы түрін ұсынады.
Олар ескеру қиын, күрделі жұмыстармен жұмысты жеңілдетеді.
3. Қорытынды.
Қарап отырғанымыздай, Microsoft Excel және Microsoft Access
бағдарламаларының мүмкіндігі халықаралық күрделі сфераларда да белсенді
түрде қолданыла береді. Соның бірі көлік саласы.
Сол түрлі саланың мамандары ақпарат ағымын жүйелеу үшін әрі
визуалды түрде қабылдауға, реттеуге, жұмыс жасауға, бақылау және
басқаруға ыңғайлы ету мақсатында осы екі бағдарламаның эксперттік
құралдар ретінде пайдаланады.
Аталған бағдарламалар арқылы жоғарыда аталып өткен функция
қызметтерді толыққанды атқаруға болады және мүмкіндіктерін толықтай
атап өттім.
Бүгін таңда екі бағдарламаның функциялары уақыт өткен өткен сайын
күрделеніп, тереңдеуді. Тіпті екі бағдарламаның әр қайсысын жеке жеке
үйрететін курстар жұмыс жасауда. Оның өзінде толықтай меңгеру өте қиын.
Біз логистика мамандығының студенттері «ақпараттық логистика»
пәнінде Microsoft Access-мен жұмыс жасауды үйреніп бастадық. Ал
эконометрика және қойма логистика сабағында Microsoft Excel-мен жұмыс
жасаудамыз.
Қорытындылай келе, болашақта осы екі бағдарламаны эксперттік
дәрежеде меңгеру мамандығымыз үшін аса маңызды. Аталған құралдар қай
салада болмасын өте тапшы әрі қажетті құралдар боп саналады. Бұл
бағдарламаларды толыққанды меңгеру құжат және ақпарат айналымында
жұмыс істеуді әлдеқайда жеңілдетеді.