85.88K
Category: lawlaw

Идеалды мемлекет концепциясы

1.

СӨЖ-6. Идеалды мемлекет концепциясы
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Мемлекет, пайда болу себептері, белгілері, түрлері.
2.2. Платонның
еңбектері
және
идеалды
мемлекет
концепциясы.
2.3. Аристотельдіңидеалды мемлекет концепциясы.
2.4. Ежелгі Римдегі саяси институттар мен идеалды
мемлекет концепциясы.
3. Қорытынды.
1. Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.

2.

Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай.
Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам»
сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы
қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған
жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге
басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр
түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын
ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға,
тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін
бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций,
Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың
келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский.
Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович,
К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде
арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев,
Б.Чичерин.
Мемлекеттің
пайда
болуы
географиялық
ортаның
өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі
бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған
дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін
қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде,
татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді
асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін
мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене
араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

3.

Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың
әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін
ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін
айтамыз.
2. Мемлекет, пайда болу себептері, белгілері, түрлері.
2.1. Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі,
сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты
аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу
үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу,
баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы
толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс
жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің
азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

4.

Мемлекеттің қызметтері
Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Ішкі: Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші
ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық
шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды
реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.
Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін
көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді
жетілдірумен айналысады.
Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға,
қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге
басшылық етеді.
Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін,
ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сыртқы: Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты
орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін
қамтамасыз ету.

5.

2.2.
«Мемлекет»,
«Заңдар»,
«Парменид» т.б. енбектері.
«Саясатшы»,
«Мемлекет» еңбегінде, жалпы саяси іліміндегі басты идея мінсіз, халыққа жагымды (идеалды) мемлекет қүру идеясы.
«Софист»,
ізгілікті,
Антикалык дүниедегі саяси ойларда мемлекет пен коғам теңестіріле
карастылды, бұл Жаңа дәуірге дейін созылды. Идеалды мемлекет болу үшін
көптің мүддесі жекенің мүддесіне қараганда жогары тұруы тиіс.
Мемлекет адамдарды алаламай, барлыгына
көпшіліктің мүддесін көздеуі тиіс. Бірде
баскаларынан жоғары тұрмауы тиіс.
бірдей қызмет етіп,
бір топтың мүддесі
Көпшіліктің мүддесіне негізделген мемлекеттің дұрыс заңдары болуы
тиіс. Жалпы мүдде, барлык топтардың мүддесін көздеу, бұл Платон
адамдардың бәрін теңестіреді деген сөз емес. Керісінше, Платонның
ізгілікті мемлекеті сатылы. Ол адамдарды еңбек етуіне байланысты үш
сословиеге (топқа) бөлді. Жогары
сословиеге
билеушілерді
(философтарды) жаткызды, себебі олар табигатынан шындықты, ақиқатты
танып білуге мүмкіндігі бар ақыл-ой иесі бола отырып, жалпы игілікті
камтамасыз етуге кабілетті.
Келесі сословие коргаушылар
асырады, мемлекетті коргайды.
билеушілердің
ой-ниеттерін
іске
Платон төменгі сословиеге өндірушілерді жатқызды, олар мемлекетті
материалдық жагынан қамтамасыз етеді. Эр сословие когамдык сатыда
ол орнын біліп, өз ісін атқаруы тиіс.
Адамдарды жіктей келе Платон оларды тым бай немесе оте кедейлікке
жібергісі келмеді, себебі мұндайда қогамда оргақ мүдде орнамайды,
мемлекетгің бірлігі бүзылады. Ізгілікті (идеалды) мемлекеттің келесі
белгісі - ақсүйектердің (аристократтардың) баскаруы, мұнда тек кана
парасатты, саналы адамдар баскарады.
Даналыкка жету кабілеті философгарга ганатэн. Мемлекеттің бірлігін
кейбір адамдардың өзімшілдігі, жеке басының камын ойлаушылыгы
бұзуы мүмкін. Платон бұл мәселенің шешілуін тұтынуды шектеуден (тек
қана нагыз қажетті нәрселер гана болуы тиіс), билеушілер мен
коргаушылар сословиесі үшін жеке меншік пен семьяныц жойылуынан
көрді. Платон когамдык меншікті колдап, жеке меншікке карсы шыкты.

6.

Өйткені
қогамдагы
кикілжіңдерді,
дау-жанжал, кайшылыктарды,
шиеленістерді тугызатын - жеке меншік деп санады.
Жеке меншік қогамды бай, кедейге бөледі, нэтижеде эр адам өз
мүддесін ойлап кетеді. Платон батыл жоспар усынды: алгашқы екі
сословиенін жеке меншік, семьясы болмауы тиіс, олар ортак игілік
үшін еңбек етуі тиіс. Сондыктан оларды адамдарды кызыктыратын
жеке мүдде, баю жолынан қүткарғысы келді. Сол себепті олардын
семьялары ортақ болып, оларды мемлекет өз камқорлығына алуы тиіс.
Әкімдер мен қоргаушылардын өмірін мүлік ортақтыгы, үжымдық
(коллективизм) жагдайында ұйымдастыруды ұсынды. Бүл шектеулер
өндірушілерге (үш сословиеге) қатысты болмады, бірақ онда да
реттеушіліктер болады, оны реттеу әкімдерге тапсырылады. Жеке
өмірде, экономикалык өмірде еркіндік берілгені үшін үшінші
сословие ел билеу ісіне араласпайды.
Платонның ойы бойынша эр сословие өз ісімен гана айналысса,
сонда әділетгік орнап, мемлекет ізгілікті болып қала береді. Алайда
билеушілер мен бағынушылардың мінездерінің бүзылуы, басқаруга
қабілетсіз сословиелердің билікке дәмелері, үмтылыстары ізгілікті
мемлекеттің ыдырауына және кейін оның мемлекеттің нашар
формасымен ауыстырылуына әкеледі. Монархия (патша билігі)
немесе аристократия (философтар басқаруы) формасындағы ізгілікті
мемлекет тимократияга (жауынгерлер билігі), одан кейін олигархияға
(азшылық билігі, Платон оны плутократия — ауқаггылар үстемдігі деп
түсіндіреді) мүліктік теңсіздік халыктын наразылығын туғызып,
демократиянын орнауына әкеледі. ал ол мемлекеттін ең нашар түрі —
тиранияға экеледі.

7.

«Мемлекет» диалогын - коммунистік трактат деп, ал Платонды алғашқы
коммунист деп атайды. Бүган негіз бірінші-екінші сословие үшін жеке
меншіктің жойылып, үжымдық (коллективизм) принципінің болуы.
Платон адамдарды теңестірген жоқ, керісінше оның коммунизмі
сословиелік-касталық коммунизм болды. Ол теңсіздіке негізделген
қоғамның рационалды ұйымдауын мақсат етті.
Платоннын ойынша, аристократия — мемлекетттін формасыньщ ен
жақсы түрі. Ең нашар түрі S тирания дейді. Демократияны Платон
мемлекеттің дамымаған формасы деп карастырады, халык шешімі
әрдайым саналы, даналы бола бермейді, демократиялык процедураларды
авантюристер билікке жету үшін жиі қолданып кеткен. Демократияға
өзінің катынасын білдірген философ шексіз еркіндіктің қауіптілігін
айтты, еркіндік шексіз болса, одан қатал күлдык пайда болады деді. Бұл
болжамның дүрыс екендігін дәлелдейтін тарихта мысалдар жеткілікті.
Өмірінің соңында Платон «Заңдар» деп аталған ірі саяси еңбегін жазды.
«Мемлекеттегі» идеал іс жүзіне аспайтынын түсініп, келісімге келіп,
өзгерістер
енгізді.
«Мемлекетте»
ол
әкім-философтардың
данышпандығына (аристократиялық принципті жақтаған болса)
сүйенсе, ал «Зандарда» билікті жүргізуде үлкен роль - заңдарға
беріледі дейді. Платон кезінде Грецияда демократия қүлдырап, өз
әдсіздігін көрсеткен еді. Платонның саяси ойга косқан үлееі:
жалпының мүддесі, жалпынын игілігі - саяси бірігудің негізі; жеке
меншік - әлеуметтік кайшылықтар мен шиеленістердің себебі деген
ойы; мемлекет формаларын, олардың қайталану заңдылықтарын дэл
анықтау, саяси .^йымдасудың маңызды атрибуты - заң екенін
мойындау. Оның саяси ойларының жагымсыз жактары: кастапык
жәие
аристократиялык билікті идеалдандыруы, теңсіздікті жактауы, жеке
адамның кұкықтарына көңіл аудармауы, өмірдің барлык жактарын катал
белгілеу. Философ, саясаттанушы Поппер Платонды тоталитаризмнің
идеялык бастаушыларынын қатарына жатқьгзады.

8.

«Саясатшы» диалогында мемлекетттің алты формасын көрсетеді:
монархия - заңга негізделген патша билігі; тирания - заңга
негізделмеген монархия; аристократия - занга негізделген топтыц
(азшылықтың) билігі; олигархия — заңга негізделмеген топтың
(азшылыктың) билігі; демократия — заңга негізделген көпшілік билігі;
охлократия - заңга негізделмеген көпшілік билігі.
2.3.
Аристотельдін саяси ойлары
Аристотель (б.г.д. 384 - 322 жж.) - ұлы гүлама, саяси
гылымдардың методологиялық негізін сапушы, Платонныц шэкірті.
Оның саяси көзкарастары «Саясат», «Афина политиясы», «Этика жәие
риторика» деген еңбектерінде көрсетілген. Аристотель «Саясат»
еңбегінде бірнеше мемлекеттің қүрылымын зерттей отырып, оларга
талдау жасайды. Осы талдаулар нәтижесінде жасалган корытындылары
Платонның көптеген ойларына қарама-қайшы келеді.
Платон мен Аристотельдің саяси философияларының айырмашылыгы
осы мемлекет мәселелерінде көп байқапады.
Аристотель де Платон сияқты «мемлекетті» «қогам» ұгымынан
бөлмей қарастырады — мемлекет бірнеше жанұядан құралады, осыдан
мемлекеттегі адамдар «саяси (политиялық жануар» деген оның әйгілі
аныктамасы туады. Аристотель мемлекетте жеке меншіктің болуын
жактайды, «ортақ мүліктен гөрі адамдар жеке меншік мүлікті жақсы
коргайды». Аристотель мемлекеттік биліктің түрлерін жіктейді.
Теоретикалык тұжырым бойынша оның уш түрі бар: 1) бір гана
адамнын билеуі — монархия; 2) бірнеше адамныц билеуі —
аристократия; 3) көпшіліктің билігі - полития.
Осы билік түрлерінін

9.

біреуі дурыс немесе бұрыс деп
айтылмайды, егерде билік жалпы халык игілігін коздеген жагдайда
осы билік түрлерінін әрқайсысы да дұрыс бола алады. Ал егер
мемлекеттік биліктін максаты билік кұру үшін гана болса, онда осы
билік түрлерінің әрқайсысы да бұрыс сипат ала алады. Ягни,
монархия - тиранияға, аристократия - олигархияга, полития демократияга (охлократияга) айналуы мүмкін.
Аристотель коғамда шектен тыс байлар мен шектен тыс
кедейлердің болмауын, сондықтан ортанғы таптың баска таптардан
гөрі мыкты болуын калайды. Оның ойынша политияда не тым кедей,
не тым бай емес орта жағдайдағы адамдар үстем болады, бұл
коғамдық теңдік пен саяси түрақтылыкка әкелдеі. «Орта элемент»
туралы данышпандық болжамы тұрақты демократиялык режимдердің
элеуметтік негізі болып табылатын казіргі заманғы «орта тап»
теориясында өз жалғасын тапты. Платон мінсіз заңдар іздесе,
Аристотель мінсіз заңдардың болмайтынын («Заңдар мінсіз бола
алмайды емес, өмірдегі кейбір жағдайлар, карым-қатынастар мінсіз
бола алмайды»), сондықтан кейбір кездерде, ізгілік пен адамгершілік
принциптеріне зандардың карама-карсы келуі мүмкін дейді.

10.

2.4.
Ежелгі Римдегі саяси институттар мен көзқарастар
Ежелгі Римдегі саяси институттар мен көзқарастар халықтың
эртүрлі топтары - патрицийлер мен
плебейлер, нобилиттер
(патрицийлср мен байыган плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар
(қогамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төмеигі халықты
колдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындагы өткір күрес
жагдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.
Адамның алгашкы табиги жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар
мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті
дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Тит Лукрецийдің
«Заттың табиғаты туралы» поэмасында көрініс тапты және одаи әрі
дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің
және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда
жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады. Дүниеде бәрінің негізі материя
деп мойындай отырып, Лукреций «бэрі материядан шығады жэне бәрі
сонымен өмір сүреді» деп атап көрсетеді. Дінді ғылыми прогрестің
кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим
коғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті
өзінің жеке басынын мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде
болды. Ежелгі Римнің саяси ойы жалпы теориялык ізденісте сол
деңгейдегі ежелгі грек концепцияларының едәуір ықпалына душар
болды.
Рим авторлары өздерінің теориялык ілімдерінде грск ойшылдарының
табиғи-құкықтық идеяларын, мемлекет формапары, баскарудың аралас
формасы сиякты және т.б.
ілімдерін
пайдаланды. Ежелгі
рим
ойшылдарының маңызды табыстарының бірі қүкықтынуды ғылым ретінде
калыптастыруы болды. Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен
христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий
Августин шешімінде схоластика кағидалары да көрініс тапты.

11.

3. Қорытынды.
Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған
жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда,
елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижелері бəрімізге толық
көрінеді деп айтуға болады.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи жəне көп азап көрген тағдырында
бірінші рет біздің атабабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы
мақсаты жүзеге асқан сияқты. Əлем картасында Қазақстан атты тəуелсіз
мемлекет пайда болды. Мемлекеттіліктің барлық саяси институттары
құрылып, экономика нарықтық жолға түсті. Осы жолда біз еркін
демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария ете отырып,
тəуелсіз Отанымызда батыстық өркениеттің жемісі болып табылатын
құқықтық мемлекетті қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз етпекпіз.
Қазіргі күнде баршамыз еліміздегі демократияландыруды жеделдету үшін
тұрақтылықты, құқықтық мемлекетті жəне қоғамдық келісімді сақтаудың
қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Қоғамдық тұрақтылық,
заңның үстемдігі, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім, сондай-ақ
Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі демократиялық
өзгерістердің тиімділігінің кепіліне, оның басты өлшемдеріне айналмақ. Осы
тұрғыдан келгенде біздің мемлекетіміз өскелең уақыт талабын тереңнен
ұғынып, демократиялық кезеңдердің жаңа көкжиектеріне зерделі таныммен
бет бұрды деуге негіз бар. Оның белгілі көрсеткіштерінің бірі құқықтық
мемлекет болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тəжірибесі мен дамуы
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси деңгейімен, қоғамдық құқық сезіне
алушылығымен, ұлттық жəне тарихи салт-дəстүрлермен анықталады.
Мұндай жағдайлардың бірі — аталған мемлекеттің бар болуы.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде
қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса
күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің
құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге
асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтыры

12.

мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның
жəне мемлекеттің мүдделеріне, жалпы азаматтық құндылықтарды жəне
əлемдік тəжірибені есепке алуға негізделеді.
English     Русский Rules