8.31M
Category: psychologypsychology

СПП кафедрасының қауымдастырылған профессоры

1.

Жүзу оқыту әдістемесімен
Дәріс оқушы: СПП кафедрасының
қауымдастырылған профессоры
Марат Тұрымұлы Бөдеев

2.

№1 дәріс. Жүзу пәнінің
мақсат-міндеттері.
Жүзудің жіктелуі
1. Жүзу пәнінің мақсаты мен міндеттері
2. Сорттық жүзу
3. Қолданбалы және сауықтыру бағытындағы
жүзулер
4. Судағы спорт түрлері

3.

1-сұрақ. Жүзу пәнінің мақсаты мен міндеттері
Жүзу – адамның қосалқы құралдар қолданбай, аяққолдарын қимылдата отырып суда қозғала білу қабілеті.
«Жүзу» пәні түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен адамды
денелік тұрғыдан жетілдіру заңдылықтарын зерттейді.
Жүзуді үйретудің басты мақсаты – адамның
денсаулығын нығайту, жұмыс істеу қабілетін арттыру,
бойындағы дене сапаларын дамыту, өмірлік маңызы бар
дағдыны қалыптастыру.
Жүзу – адам үшін қажетті де, аса маңызды дағды
болып саналады. Тіпті, жүзу дағдыларын бұқара халыққа
үйретудің мемлекеттік маңызы бар десе де болады.
Сондықтан жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің оқу
бағдарламасына енгізілген.

4.

2-сұрақ. Спорттық жүзу
1. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу
2. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу
3. Брасс
4. Баттерфляй (дельфин).
Спорттық жүзу – Жер бетінде кеңінен тараған және
бұқара халық жаппай шұғылданатын спорт түрі.
Еліміздің спортшылары спорттық жүзуден Азия және
Әлем чемпионаттарына қатысады. Спорттық жүзу
түрлерінен Олимпиада ойындарында сапарапқа
салынатын медаль саны жеңіл атлетикадан кейін
екінші орында тұр.

5.

3-сұрақ. Қолданбалы және сауықтыру
бағытындағы жүзулер
Жүзудің қолданбалы мәні. Кәсіби-қолданбалы жүзу
спорты, жүзу дайындығының белгілі бір деңгейін
қалыптастыруға
бағытталған.
Қолданбалы
жүзу
нұсқаушылар,
жаттықтырушылар,
құтқарушылар,
сүңгуірлер, борт жолсеріктері, әскери адамдар, ұшқыштар
үшін өте маңызды.
Қолданбалы жүзу түрлері:
спорттық, күнделікті-дербес және құрама тәсілдермен
жүзу
суға сүңгу және судың астымен қозғалу
қолданбалы бағыттағы суға секірулер
суға батушыны құтқару және қалжырап қалған жүзушіге
көмектесу
төтенше жағдайларда жүзу
судағы кедергілерден өту

6.

2-дәріс. Жүзудің пайда болу және даму
тарихы
1-сұрақ. Жүзу дағдысының пайда болуы
2-сұрақ. Жүзудің Қазақстанда дамуы

7.

1-сұрақ. Жүзу дағдысының пайда болуы
Біздің дәуірімізге дейінгі 2,5 мыңыншы жылдары
Ежелгі Египеттің перғауіндердің қабірлеріндегі жазбаларға
сүйенетін болсақ, жүзумен тек ауқатты тұрғындар ғана
шұғылданған.
Ал сол замандарда өмір сүрген гректер жүзу дағдысын
өнер деп санаған. Көне заманғы Олимпиада ойындарыны
бағдарламасына енгізілмегенінен қарамастан, денені шыңдау
мен әскери дағдыны қалыптастырудағы маңызын атап өткен.
Тіпті сол заманғы философтардан балған «ол тіпті не оқу, не
жүзу білмейді» деген мәтел қалған. Және онда адамдар
Грекияның азаматы болуға лайық емес деп санаған.
Жүзу дағдыларына соғыс кездерінде ерекше мән
берілген. Цезарь мен Македонский замандарында барлық
әскерилер жүзе білуге міндетті болды.

8.

Жүзу спортының Олимпиада
ойындарына қабылдануы
1896-жылы
өткізілген
алғашқы
Олимпиада
ойындарында жүзу техникасына қатаң шектеулер қойылмады.
Жүзу жарыстары ашық теңізде және суық суда өткізілді. 100 м
қашықтықты алғашқы болып жүзіп өткен Альфред Хайош
Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы болып саналады.
Ал 1900-жылы өткен ойындарда споршылар 60 м
қашықтықты су астымен жүзіп өту және 200 м қашықтықты
кедергілер арқылы жүзіп өтуден сайысқа түсті. Аталған спорт
түрлері көрермендер үшін қызықты болып саналғанымен,
келесі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген жоқ.
100 м қашықтықты 1 минутқа, ал 400 м қашықтықты 5
минутқа жеткізбей алғашқы болып жүзіп өткен олимпиадалық
спортшының аты-жөні Джонни Весмюллер.

9.

2-сұрақ. Жүзудің Қазақстанда дамуы
Алғашқы жабық бассейн 1958-жылы Қарағанды
қаласында салынды.
В. Абоимов 1972-жылы Мюнхенде өткен Олимпиада
ойындарында КСРО құрамасының сапында күміс медаль
иегері атанды.
Владислав Поляков ҚР атынан 3 Олимпиадаға қатысты
және екі мәрте 5-орын алды (брасс тәсілімен 100, 200 м
жүзуден.
Д. Баландин – 2016-жылы Лондон олимпиадасының
чемпионы (брасс 200 м). 3 міірте азия чемпионы.

10.

3-дәріс. Суға бой үйрету дағдыларын
қалыптастыру
1-сұрақ. Судың қасиеттері
2-сұрақ. Суға бой үйрету жатығулары

11.

1-сұрақ. Судың қасиеттері
Судың тұтқырлығы дегеніміз – бір сұйықтықтың екінші
сұйықтықтың қозғалуына қарсылық көрсету қасиеті.
Судың
тығыздығы.
Егер
судың
тығыздығын
ауаның
тығыздығымен салыстыратын болсақ, судың тығыздығы ауаға
қарағанда 800 есе тығыз және жүзушінің қозғалуына кедергі
келтіретін басты себебі сол.
Судың қысымы. Су сұйық зат болғандықтан, оның ағу қасиеті
жоғары. Ол өзінің көлемін сақтайды және оның беткі қабаты бар.
Суға түсетін қысым артса да, ол сығылмайды. Дегенмен, дене суға
батқан сайын, ол денеге атмосфералық қысым (сынап бағанымен
760 мм) ғана емес, оған сұйықтықтың үлес салмағы да қысым
көрсетеді.
Судың дыбыс өткізгіштігі – бұл дыбыстың суда тарай білу
жылдамдығы. Суға сүңгіген адам сырттағы дыбыстарды (мысалы
мұғалім берген пәрмендерді) естімейді. Ал су астынан шығатын
дыбысты (қайықтың моторының және дельфиннің дауыстары)
сырттағы адамға анық естіледі.

12.

Қалқығыштық. Қалқығыштық судың үлесті салмағы мен жүзушінің үлесті
салмағының айырмашылығымен анықталады. Айырмашылық неғұрлым
үлкен болған сайын, қалқығыштық соғұрлым жақса болады. Теріс
сипаттағы қалқығыштық кезінде денені ығыстырып шығаратын судың
салмағы дене салмағынан аз және ондай жағдайда дене суға батады.

13.

2-сұрақ. Суға бой үйрету жаттығулары
Суға бой үйрету жаттығуларын қолданудағы басты
міндеттер:
– суға жылдам бой үйрету және тылсым күш алдындағы
үрейді жеңу;
– су температурасы, тығыздығы және қарсылығымен
танысу;
– есу, итерілу қимылдары (алақан, білек, табан,
сирақпен)
арқылы
суда
қозғалу
біліктілігін
қалыптастыру.

14.

Суға бой үйретуге арналған даярлық жаттығулары
Бұл жаттығулар суды сезінуді, судан қорқуды жою
және
психологиялық
даярлау,
жүзушінің
жүзу
қалыптарын игеру және тыныс алу дағдыларын
қалыптастыру үін қолданылады.
Осылардың барлығы қосыла келіп, баланы жүзу
дағдыларын игеруге даярлау болып табылады. Суға бой
үйрету жаттығуларын барлық жас аралығындағы
шұғылданушылар орындауға міндетті. Олар алғашқы
жүзу сабақтарының негізгі оқу материалдары болып
табылады және судағы сауық ретінде қолданылады.

15.

4-дәріс. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу
техникасын үйрету
1-сұрақ. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу
техникасын сипаттау
2-сұрақ. Құрғақ жерде және суда
орындалатын арнайы жаттығулар

16.

1. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу техникасын
сипаттау
Тарихы. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жылдарында
жүзудің кроль деп аталатын жаңа түрі пайда болды. Соломон
аралдарында дүниеге келген және жергілікті тұрғындардан
кроль тәсілін үйренген А. Викхем өзі қатысқан жарыста осы
тәсілді алғаш рет қолданды. 1912 және 1920-жылдары өткен
Олимпиада ойындарының чемпионы Гавай аралдарының
тумасы Д.Каханамоку бұл тәсілдің одан әрі дамуына сүбелі
үлес қосты. Ол еркін жүзуден әлем рекордтарын бірнеше рет
жаңғыртып, 100 метрлік қашықты алғашқылардың бірі болып
минутқа жақын уақыттың ішінде (1.04) жүзіп өтті. Алты
соққылы кроль тәсілімен жүзудің артықшылықтарын көрсете
білген Джонни Вейсмюллер 1922-1940 жылдар аралығында
бес мәрте Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, Тарзан
туралы танымал фильмдегі басты рөлді сомдады. Вейсмюллер
50 ден астам әлемдік рекордтар жасап, 100 метрлік
қашықтықты бір минутқа жеткізбей өткен атақты спортшы.

17.

Аяқтың қимылдары. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзген кезде, аяқтар
ретімен төменнен-жоғары және жоғарыдан-төмен қимылдайды. Сол
сәтте тізеден сәл ғана бүгілетін аяқтардың қозғалу амплитудасы орташа,
аяқтың ұшы сәл ішке қаратылған қалыпта болады және соның
көмегімен дене көлденең қалыпта алға қозғалады. Аяқтың қимылдары
саннан басталады да, оның артынан сирақ пен аяқ ұшы қозғалады.
Аяқтың төмен қарай орындалатын қимылдары сілтенген қамшы тәрізді
орындалады және дұрыс орындалған жағдайда судың бетінде
көпіршікті із қалады.

18.

Қолдың қимылдары. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзген кезде қолдың есу
қимылдары судың үстімен және астымен кезекпен орындалады. Қолдың
қимылдарын фазаларға бөліп қарастыруға болады: судағы есу қимылдары –
суды қармау, тарту, итерілу және судың үстінде орындалатын дайындық
қимылдары – судан шығу, судың үстімен қозғалу, суға кіру. Бір қол есу
қимылдарын жасап жатқан кезде, екінші қол судың үстімен қозғалады. Етпеттеп
кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қолдың қимылдары біркелкі орындалуы үшін, бір
қолдың есу қимылы нәтижесінде пайда болған жылдамдық төмендемей тұрған
кезде, екінші қолдың есу қимылдарын бастау керек.

19.

Тыныс алу. Қол судан шыққан кезде жүзуші ауызбен дем тартады.
Ішке дем тартқан соң басын төмен түсіріп, ауыз және мұрын
қуыстарымен біртіндеп дем шығара бастайды.
Қолдың
қимылдары мен тыныс алуды үйлестірудің мынадай нұсқалары
бар: бір рет дем тарту және қолмен екі есу қимылын жасау (бір
жақты тыныс алу нұсқасы); бір рет дем тарту және қолмен үш есу
қимлын жасау (екі жақты тыныс алу нұсқасы).

20.

2. Құрғақ жерде және суда орындалатын арнайы
жаттығулар
Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу – салыстырмалы
түрде алғанда, игеруге қолайлы әрі жеңіл тәсіл. Бұл
тәсілді үйрету ұзақтығы балалардың дайындық
деңгейіне байланысты. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзуді
үйрету әдістемесі жоғарыда аталған педагогикалық
қағидалар
мен
әдіс-тәсілдер
негізінде
жүзеге
асырылады. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзуді үйрету
үшін, жалпы дамыту және суға бой үйретуге арналған
жаттығуларымен қатар, сол тәсілді игеруге бағытталған
арнайы жаттығулар орындалады.

21.

5-дәріс. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу
техникасын үйрету
1-сұрақ. Шалқалап кроль тәсілімен
жүзу техникасын сипаттау.
2-сұрақ. Құрғақ жерде және суда
орындалатын арнайы жаттығулар.

22.

1-сұрақ. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу техникасын сипаттау
Тарихы. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу техникасын
америкалықтар ойлап тапты десе де болады. 1912-жылы
өткен Олимпиада ойындарында Г.Хебнер есімді америкалық
спортшы алғаш рет «аунап түскен кроль» тәсілін қолданды.
Қолдың кезекпен орындалатын есу қимылдарын қолдану
арқылы, сол жарыста шалқалап брасс тәсілімен
жүзетіндерден әлдеқайда озып кетті.
ХХ ғасырдың 30-жылдары қазіргі заманғы шалқалап
кроль тәсілімен жүзу техникасын А. Кифер есімді
америкалық көрсетті. Ол алғашқы рет «сальто» тәсілімен
бұрылуды
көрсетіп,
Берлинде
өткен
Олимпиада
ойындарында басқа қарсыластарынан қара үзіп кетті. 100 м
шалқалап жүзуден Кифер орнатқан рекордты 12 жыл бойы
ешкім бұза алмады.

23.

Аяқтың қимылдары. Шалқалап кроль тәсілімен жүзген кезде,
аяқтың қимылдары кезегімен төменнен-жоғары (есу қиылдары)
және жоғарыдан-төмен (даярлық қимылдары) орындалады.
Саннан орындалатын қимылдардың амплитудасы орташа деңгейде
және су бетінде десе болады. Аяқтың тізеден бүгілу дәрежесі,
етпеттеп кроль тәсілімен жүзумен салыстырғанда сәл көбірек.
Аяқпен орындалатын алма-кезек қимылдардың басты мақсаты –
денені көлденең қалыпта ұстау және қолдың денені алға қозғау
әрекеттеріне көмектесу.

24.

Қолдың қимылдары. Қолмен орындалатын қимылдар келесі фазаларға
бөлінеді: суды қармау, тартылу, итерілу және судан шығару (мұның бәрі
есу қимылдары), судың үстімен қозғалу, суға кіру (даярлық қимылдары).
Қолдың қимылдарының үйлесімділігі, есу қимылдарының үздіксіздігін
қамтамасыз етуі керек: бір қол есу қимылын аяқтап, судан шыққан
кезде, екінші қол суға кіріп, суды қармауды бастайды.

25.

Тыныс алу. Тыныс алу, қолмен орындалатын толық циклмен
үйлестіріледі. Дем шығару судың бетінде орындалатындықтан,
шалқалап кроль тәсілімен жүзген кездегі тыныс алу әрекеті әлде қайда
жеңіл орындалады, оның үстіне басты бір жаққа бұрып керегі жоқ. Дем
тарту ауыз арқылы орындалып, дем шығару ауыз бен мұрын арқылы
жүзеге асырылады. Тыныс алу үш актілі қимылмен жүзеге асырылады:
дем тарту, тыныс алуды тоқтату, дем шығару.

26.

2-сұрақ. Құрғақ жерде және суда орындалатын
арнайы жаттығулар
Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі
аяқтың қимылдарын үйрету үшін, құрғақ жерде
орындайтын жаттығулар және етпеттеп кроль тәсілін
үйрету кезіндегі жаттығулар қолданылады.

27.

Суда орындалатын жаттығулар
1. Бассейн жақтауында отырып, судағы аяқты жоғарытөмен қимылдату
2. Шалқалап жатып, бір қолмен бассейн жақтауына
сүйену немесе арнайы тұтқаға сүйену және аяқтың
төменнен-жоғары, жоғарыдан төмен қимылдарын
жасап қозғалу.

28.

6-дәріс. Брасс тәсілімен жүзу техникасын үйрету
1. Брасс тәсілімен жүзу
техникасын сипаттау.
2. Құрғақ жерде және суда
орындалатын
арнайы
жаттығулар.

29.

1. Брасс тәсілімен жүзу техникасын сипаттау
Тарихы. Брасс – көне заманнан келе жатқан жүзу тәсілі.
Оның техникасы алғаш рет Винманның 1538-жылы жарық
көрген кітабында суреттелді. Қазақтар бұл тәсілді «итше» жүзу
десе, басқа елдерде «бақаша» жүзу деп жүрді. Тек өткен
ғасырдан бастап қана француздардың қолды екі жаққа ашу
(brass) деген сөзіне тоқталып, осы күндері ресми қолданысқа ие
болды.
Әрине,
алғашқы
қолданылған
тәсілдерімен
салыстырғанда, қазіргі заманғы брастың техникасы әлдеқайда
өзгерген. 1928-жылы өткен Олимпиада ойындарында И.
Индельфонсо қолдың есу қимылдарын санға дейін орындап,
жоғары нәтиже көрсетсе, 1954-жылы М. Петрусевич
қашықтықтың бір бөлігін судың астымен жүзіп өтіп, Әлем
рекордын орнатты. Қашықтықтың біраз бөлігін судың астымен
жүзіп өту арқылы жалпы жылдамдықты арттыруға болатыны
белгілі, сондықтан 1957-жылдан бастап бұл амал спорттық
жүзуде тиым салынды.

30.

Аяқтың қимылдары
Аяқпен орындалатын циклді қимылдарды даярлық
және жұмыс қимылдары деп бөлуге болады. Жүзуші
даярлық қимылдарын (тарту) жасаған кезде, аяқтарын тізе
және жамбас буындарынан бүгеді, тізелерін екі жаққа-төмен
шығарады (табан су бетіне жақын болады). Тартылу
аяқталған кезде жүзуші аяқтарының ұшын жылдам екі
жаққа бұрады және сол сәттен итерілу басталады. Аяқты
жамбас, тізе және жіліншік буындарынан щапшаң бұру
арқылы итерілу жұмысы жүзеге асырылады. Итерілген
кезде жүзуші сирағының ішкі жағымен және табандарымен
судан итерілгендей (таянғандай) қимыл жасайды. Аяқтың
қимылдары доға бойымен, артқа қозғалады да, итерілу
аяқталады және аяқтар қосылады. Содан соң, жүзуші
екпінмен сырғиды.

31.

Қолдың қимылдары. Брасс тәсілі кезіндегі қолдың
қимылдары бір мезгілде және симметриялы орындалады. Есу
қимылдары қол тік қалыпта болған кезде басталады. Жүзуші
алақандарын сыртқа бұрып, екі жаққа-артқа-төмен шығарады. Есу
қимылдары тік қолмен жасалап, иық мөлшерінде аяқталады. Сол
сәтте қол шынтақтан бүгіледі де, алақан қосылады және қолды
жылдам алға шығарады. Қол тіктелген соң сырғу басталады және сол
сәтте төмен қаратылған алақан судың бетінде болады.

32.

Тыныс алу. Брасс тәсілімен жүзген кезде дем тарту,
қолмен есу қимылы басталған кезде жүзеге асырылады.
Жүзуші дем тартуға басын көтеріп, алақандарымен суға
таянғандай қалыпта болады. Содан кейін дем шығару
орындалады.

33.

2. Құрғақ жерде және суда орындалатын
арнайы жаттығулар
Брасс техникасымен жүзуді үйреткен кездегі
басты қиындық – аяқтың қимылдарын үйрету. Ол үшін
оқушылардың аяқты еркін бүгу, аяқтың ұштарын екі
жаққа жылдам бұру секілді қимылдарды дұрыс
орындауларын, сондай-ақ аяқты жазу және қосу
қимылдарының тиімді аралықта жасаулраын қадағалау
керек.

34.

Аяқтың қимылдары мен тыныс алуды үйретуге
арналған жаттығулар
Суда тұрып (немесе құрғақ жерде) орындалатын
жаттығулар.
1. Б.қ. – гимнастикалық орындықта отыру: 1 – аяқты
тізеден бүгу, 2 – өкшелерін иық мөлшерінен кең
шығару(тізе бір біріне жақын, ал өкшелері кеңірек
қойылады), 3 – аяқты екі жақтан шығарып әкеліп қосу
(итерілу қимылы). Жаттығуды жасаған кезде өкшені
еденнен ажыратпау керек.
2. Б.қ. – гимнастикалық орындықта етпеттеп жату: 1 –
аяқты тізеден бүгу, 2 – өкшелерді иық мөлшерінен кең
шығару, аяқты ұшы екі жаққа мүмкіндігінше бұрылған, 3 –
аяқты екі жаққа шығарып әкеліп қосу.

35.

2-сұрақ. Брасс тәсілімен жүзіп келіп бұрылу
техникасын үйрету
Брасс жүзу тәсілдерінің ішіндегі ең баяуы. Кешенді жүзу
тәсілінде ол үшінші кезекте қолданылады.
Брасс тәсілімен жүзген кезде бұрылу үшін «маятник» әдісі
қолданылады және оның орындалу реті мынадай:
1. Бассейн жақтауына жүзіп келу
2. Бір қолды жақтауға тигізу
3. Жинақталу: аяқтарын кеудеге тарту
4. Жақтауға тигізген қолын, екінші созылып тұрған қолдың
жанына қою
5. Екі аяқпен жақтаудан итеру
Назар аудару керек жағдай: судың астында шалқая итеріліп,
суда созылып жату.

36.

7-дәріс. Баттерфляй тәсілімен жүзу
техникасын үйрету
1-сұрақ. Баттерфляй тәсілімен
техникасын сипаттау.
2-сұрақ. Құрғақ жерде және
орындалатын арнайы жаттығулар.
жүзу
суда

37.

1-сұрақ. Баттерфляй тәсілімен жүзу техникасын
сипаттау
Тарихы. ХХ ғасырдың 30-жылдары брасс тәсілімен
жүзудің жылдамдығын арттыру мақсатында спортшылар
қолдарын алға шығарып жүзе бастады және соның
нәтижесінде баттерфляй («Batterfly` - ағылшын тілінен
аударғанда – көбелек) тәсілі дүниеге келде. Сол
уақыттарда баттерфляйдың жаңа (аяқты дельфиннің
құйрығы тәрізді толқындата қимылдататын) техникасы
пайда болды. Венгриялық Д. Тумпек 1953-жылы дельфин
тәсілімен жүзудің алғашқы рекордын орнатты және
қазіргі таңда спортшылардың көпшілігі дерлік сөреден
шыққанда сол техникамен бастайды.

38.

Дененің қалпы. Жүзуші суға кеудесімен жатып,
созылған қалыпта болады. Ол толқын тәрізді
қимылды бүкіл денесімен жасайды және бұл
қимылдар аяқпен тиімді орындалады.
Аяқтың қимылдары. Дельфин тәсілімен
жүзген кезде аяқтар бірге қимылдайды. Толқын
қимылы жамбастан төмен-жоғары басталып,
біртіндеп амплитудасын ұлғайту арқылы жамбас,
тізе және жіліншік буындарымен жалғасады. Аяқ
ұшының жоғарыдан-төмен орындалатын қамшы
тәрізді қимылымен толқын тәрізді қимыл
аяқталады.

39.

Қолдың жұмысы (қимылдары)

40.

2-сұрақ. Құрғақ жерде және суда орындалатын
арнайы жаттығулар
Баттерфляй тәсілімен жүзудің маңызды сәті –
аяқ пен қолдың қимылдарын дұрыс үйлестіре отырып,
«ұшу» қалпына қол жеткізу. Ол үшін қолдың есу
қимылдары мен аяқпен соғу жұмысы үйлесуі керек.
Баттерфляй тәсілімен жүзуді үйретуді аяқтың
сапалы қимылдарын үйретумен бастайды. Яғни,
дельфин тәрізді қимылдатуды үйрету керек.

41.

Қимыл-қозғалысты жалпы үйлестіруге арналған
жаттығулар (құрғақ жерде орындалатын жаттығулар)
1. Б.қ. – алға еңкейіп тұру, қол алдыда және гимнастикалық
қабырғаның сырығына қойылған. Кеудені баттерфляй тәсілімен
жүзу кезіндегідей ырғай қозғау.
2. Б.қ. – алға еңкейіп тұру, қол алдыда. Баттерфляй тәсілімен жүзу
кезіндегідей кеудені қолдың көмегімен ырғақты қозғау.
3. Б.қ. – тұру, қол жоғарыда. Екі соққылы баттерфляй кезіндегі
қимылдарды қолдың көмегімен жамбастан иіліп жасау.
Қимылдардың орындалу реті мынадай: жамбаспен орындалатын
қимылды жасау; қолмен төмен есу – жамбаспен екінші қимыл;
қолды бастапқы қалыпқа шығару – жамбастың кезекті қимылы.
4. Б.қ. – гимнастикалық орындықта жатып, мұғалімнің көмегімен
екі соққылы баттерфляй тәсілімен жүзу қимылдарын жасау.
5. Барлық жоғарыда ұсынылған жаттығуларды тыныс алумен
үйлестіріп орындау.

42.

8-дәріс. Қолданбалы жүзу
техникасы
1. Жүзудің қолданбалы тәсілдері
2. Суға батушыларды құтқару
3. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

43.

1. Жүзудің қолданбалы тәсілдері
Суда түлі қиын жағдалар туындауы мүмкін екендігін
күнделікті өмір көрсетуде. Суда болатын күтпеген, тосын
оқиғалардың салдарынан адам абдырап қалып және дұрыс
әрекет етпей суға кетіп жатады. Сондықтан, ондай
жағдайларда қалай әрекет ету керек екендігін әрбір адам білуі
тиіс.
Қолданбалы жүзу тәсілдері дегеніміз мыналар:
- түрлі тәсілдермен жүзу;
- сүңгу және су астымен жүзу;
- суға секіру түрлері;
- суға батушыны құтқару және алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету;
- түрлі жағдайларда жүзу.

44.

2. Суға батушыларды құтқару
Суда зардап шегушіге көмек көрсету үшін тек қана жүзе
білу аздық етеді. Суға батқан адамды құтқару үшін,
салқынқандылық танытып, жағдайды бағалай білуі де маңызды.
Суға батушыны құтқарамын деп, бас-көз жоқ суға секіруге
болмайды.
Суға батушыны құтқарудың басқа жолдары және құтқару
құралдары болмаған жағдайда ғана жүзіп барып құтқаруға
болады. Ол үшін құтқарушы жақсы жүзе біліп, суға батушының
құрсауынан босап шығу, оны тасымалдау тәсілдерін білуі керек.
Егер суға батушы жағадан 3-5 м жерде болса, онда оған
сырық, жіпті лақтырып немесе қайықтың ескегінің ұшын созуға
болады.
Ал суға батушы жағадан алыс болған кезде (15-20 м), оған
су бетінде қалқып тұруға жарамды кез келген затты (құтқару
шеңбері, кәмір, тақтайша, үрленген матрац, доп) лақтыруға
болады. Егер суға батушы жағадан тым алыс болса, онда оған
қайықпен немесе катермен барған дұрыс.

45.

Мұз ойығына түсіп кеткен адамды құтқаруды
екеулеп және жалпақ тақтайдың көмегімен
жүзеге асыру

46.

3. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Зардап шегушіні жағаға алып шыққан соң, оны
қалпын келтіру іс-шараларын ұйымдастыру керек. Ол үшін
зардап шегуші жұтып қойған суды асқазан, өкпе
жолдарынан шығару керек және оны келесі әрекеттермен
жүзеге асыруға болады:
Зардап шегушінің алдына бір тізерлеп тұру;
Оны бір тізесіне ішімен жатқызып, ауызын ашу;
Асқазан тұсынан арқасынан баса отырып, судың
ағуына ықпал ету.
Содан соң зардап шегушіге жасанды тыныс алдыру
әрекеттерін орындау керек.

47.

Қажет болса жүрек тұсынан уқалай басу шаралары
өткізіледі:
- зардап шегушінің сырт киімін шешіп, арқасына жатқызу;
- зардап шегушінің алдына тізерлеп отырып, басын тізеге
немесе оралған киімге қою;
- ішке дем тартып, бір қолымен зардап шегушінің мұрынын
жауып, ауызынан дем беру;
- ең тиімді нұсқасы: әр 4 секунд сайын бір рет дем беру, яғни
бір минут ішінде 15 рет дем беру;
- жүрек тұсынан уқалай басу үшін, көкірек тұсынан
қолдарын бір-бірінің үстіне қойып, төмен басады. Содан
кейін бір рет дем беріп, 4 рет қолмен төмен қарай ырғақты
басады және кеуде тұсы шамамен 5 см төмен түсетіндей
күшпен қысым көрсетеді.

48.

9-дәріс. Жүзу құралдарын пайдалана
отырып адам ағзасын сауықтыру
технологиялары
1. Сауықтыру бағытындағы жүзу
2. Емдік-сауықтыру бағытындағы жүзу

49.

1. Сауықтыру бағытындағы жүзу
Ағза суда болу арқылы темеператураның өзгергіштігіне
бейімделеді, оның жылуды реттеу механизмдері жаттығады.
Жүзу ағзаны шынықтырып қана қоймай, дененің жалпы
дамуына және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін бірегей
дене жаттығуы болып табылады.
Судың жылу өткізігіштік қасиеті жоғары және шынықтыру
әсері де мол. Ал спорттық тәсілдер бұлшықет топтарын
үйлесімді дамытады және жоғарыда аталған дене сапаларын
жан-жақты дамытады. Аталған оң қасиеттерді жүзу
спортымен бірнеше жыл шұғылданған адамның дене бітіміне
қарап оңай аңғаруға болады.
Құрғақ жерде және суда орындалатын жаттығулар қол мен
аяқтың бұлшықеттерін ғана емес, сонымен қатар кеуденің де
бұлшық еттерін нығайтады, ал ол балалар мен
жасөспірімдердің дене бітімін дұрыс қалыптастыруда аса
маңызды.

50.

Суға түсу температуралары
+8…+14 градус – судың температурасы өте суық деп саналады
және тек әбден шыныққан адамдар ғана суға түсулеріне болады.
Мұндай температурада 7 минуттан артық түсуге болмайды;
+14...+17 градус – су суық. Ондай суда 2 минуттан соң тоңа
бастайсың. Денсаулығында ауытқулар жоқ адамдар ғана осындай
градуста түсулеріне болады.
+18...+22 градус – салқындау су. Суға түсуге болады, бірақ,
денсаулығы жақсы деген адамның өзі 10-15 минуттан артық
түспеуі керек.
+23...+24 градус – суға түсуге қолайлы температура. Мұндай
ауарайында 30-40 минутқа дейін түсе беруге болады. Тек күн
қатты ыстық болмаса болды.
+25-...+27 градус – суға түсуге өте қолайлы температура. Тек
ондай суда түрлі микроорганизмдер жылдам көбейеді және
арнайы дәрмектермен зарарсыздандырылмаған болса, адам
өміріне қауіпті болып саналады.

51.

2. Емдік-сауықтыру бағытындағы жүзу
Гидротерапия – суда орындалатын емдік шаралар
арқылы ағзаны сауықтыру.
Гидротерапияға жататындар:
циркулярлы себізгі;
емдік ванналар;
гидромассаж;
суасты массажы немесе судағы фитнес;
сауна мен моншалар.

52.

Аквааэробика
Нұсқаушының жетекшілігімен суда тұрып әуенмен
орындалатын ырғақты қимылдар. Ондай қимылдар жасаудың
адам ағзаына қияны жоқ: денеге түсетін жүктеме өлшеулі,
жарақат алмайды, бұлшықет топтарына шамадан тыс жүктеме
түспейді.
Аэробиканың
бұл
түрі
дене
бітімін
дұрыс
қалыптастыруға, буынның қозғалмалылығын арттыруға ықпал
етеді.

53.

10-дәріс. Жүзуден жарыс
ұйымдастыру және өткізу
1-сұрақ. Спорттық жүзуден өткізілетін
жарыс түрлері
2-сұрақ. Жарыс өтетін орынды даярлау
және төрешілер құрамы

54.

1-сұрақ. Спорттық жүзуден өткізілетін жарыс түрлері
Жарыс ережесінде келесі бөлімдер қамтылуы керек:
а) мақсаты, міндеттері және жарыстың сипаты;
б) жарысты ұйымдастыру;
в) жарыстың өткізілетін уаөыты мен орны;
г) қатысушы мекемелер мен қатысушы тұлғалар;
д) жарыстың бағдарламасы;
е) командалар құрамы;
ж) жарыс жеңімпаздарын анықтау тәртібі;
и) жеімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі;
к) өтінімді толтыру және тапсыру тәртібі және т.с.с.

55.

2-сұрақ. Жарыс өтетін орынды даярлау және
төрешілер құрамы
Бас төреші – жүзуден өтетін жарысты ұйымдастырады және өткізеді.
Старт беретін төреші – жарысқа қатысушыларды сөреге
шақырады, сөрелік қалыпты дұрыс қабылдауларын қадағалайды,
акустикалық белгіні береді. Сөрелік бұйрық берілгенге дейін
қозғалып қойған жүзуші(лер)ді анықтайды.
Уақытты есепке алатын төреші – қатысушының уақыты есепке
алады (ірі жарыстарда автоматты өлшеу жүйесі қолданылады).
Мәредегі төреші – жеңімпазды анықтайтын автоматты құрылғы
болмаған жағдайда, жүзушілердің мәреге келу тәртібін анықтайды.
Бұрылу тәртібін қадағалайтын төреші – жүзушінің бассейн
қабырғасына денесін дұрыс тигізуін қадағалайды. 400 м асатын
қашықтықтарда жүзушіге неше рет бұрылатынын көрсетіп тұрады.
English     Русский Rules