Similar presentations:
Райымжан Мәрсекұлы
1.
2.
3. Өмірбаяны
Әкесі Мәрсектің руы – Найман ішінде Терістаңбалы, анасының руы – НайманныңҚаракерей ішінде Жанай, атақты Тана мырзаның ұлы Омар мырзаның қызы Бейілхан
ханым. Ес жиып, ат жалын тартып мінген кезінен баcтап талаптанып, білім іздеген.
Өскемендегі уездік орыс-қазақ мектебін бітірген соң, Омбыдағы классикалық
гимназияға оқуға түседі. Қазақша, орысша екі тілге бірдей жетік болып, зеректігімен
жұрт назарына ілігеді. 1897 жылы гимназияны жаксы нәтижемен бітірген ол жоғары
білім алуды армандап, алғаш Қазан университетіне түседі. 1899 жылы СанктПетербургтегі Император университетінің заң факультетіне ауысады. Университетті
1902 жылы заңгер мамандығы бойынша бітіріп шығады. Р. Мәрсеков қазақтан шыққан
білікті заңгерлердің бірі еді. Әлеуметтік жағдай, заманның талабы Райымжанға тек
заңгерлікпен шұғылдану жеткілікті болмайтынын ұқтырады. Ол қолына қалам алып,
қазақ халқының рухани кұндылыктары, әлеуметтік әл-ауқаты туралы мақалалар
жазып, дарынды публицист ретінде танылады.
4.
5.
1899-1900 жылдары «Дала уәлаятының газетінде» оның ойлы мақалалары жарықкөреді. Райымжан ол кездегі еңбектерінде әйел теңдігі мәселесін көтереді. Қазақ
билерінің дау шешу әдістерінің астарын талдайды. Қазақ арасындағы сайлаудың
халықты ірітуге бағытталған жиіркенішті сырын ашып көрсетеді. Қазақ халқының
тарихы мен әлуметтік өмірін зерттеген еңбектері кезінде ғылыми ортаның қызу
қолдауына ие болады. Сөйтіп, 1908 жылы Орыс география қоғамы Батыс Сібір
бөлімінің Семей бөлімшесінің мүшесі болып қабылданады.
1902-1908 жылдары Семейдің округтік сотында қызмет атқарды. Ол кезде Семей
округтік сотына қазақтардың істері көп келетін. Көбінше дауласқан екі жақтың екеуі
де қазақ болып келеді. Мұндай істерде Райымжан әділдік ұстанымын сақтай отырып,
ағайын арасының ашылып кетпеуіне септігі тиетін шешім қабылдауға тырысады. 1908
жылдан 1912 жылға дейін Омбының сот палатасында жұмыс істеген. Ол қандай
жұмыс істесе де, ұлт тағдырына жанашырлық пейілінен айнымайды. 1912-1917
жылдар аралығында Семейде заңгер, адвокат болып істеген. Бұл қызметтерде ол асқан
шешендігімен, парасаттылығымен халқы үшін қызмет етеді.
6.
1912 жылдан кейін ол қоғамға толысқан, кемел ойлы қайраткердіңкөзімен қарай бастайды. 1912-1916 жылдары «Айқап» журналы мен
«Қазақ» газетінде жарық көрген патша үкіметінің отаршылдық
саясатының сырын әшкерелеген мақалалары оның жанкешті ерлігін
танытады. Ол өз шығармаларында қазақ қоғамы болашақта қалай дамуы
қажет деген мәселе жөнінде де толғанады.
1917 жылы Семейде қазақ комитеті құрылғанда оның төрағасы болып
сайланды. Сонымен бірге уақытша үкіметтің облыстық атқару комитетіне
мүше болады. 1917 жылы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Семей
облыстық қазақ съезі өтеді. Осы съезді ұйымдастыруға мұрындық болған
және жетекшілік еткен азаматтардың бірі ретінде тарих бетіне жазылды.
Сол жылы күзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік құрылтай
жиналысына депутат болып сайланды.
7.
Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 жылдың 25 маусымындағы «Әскери полктуралы» Жарлығына сәйкес Р.Мәрсеков Алаш милициясын құру ісіне басшылық етті.
Милиция қатарына әр облыстан 30 бен 35 аралығындағы 30 ерікті адам жинау үшін
уездерді аралады. Осы жылы шілденің 13-інде Алашорда үкіметінің қазақтан шыққан
большевиктерді жазалау мақсатында құрған ерекше қазақ соты мен тергеу
комиссиясының мүшесі болды. Түпкілікті жеңіске жете алмаса да штаб-капитан Хамит
Тоқтамышов басшылығымен бұл полк өзінен күші де, саны да басым қызылдармен
ерлікпен шайқаса білген. Ал 1918 жылы Семей облыстық Земствосының төрағасы Р.
Мәрсеков Сібір Үкіметінің «Алашорда» милициясын Ресей ішкі істер Министрлігіне
бағынуы жөніндегі озбыр шешімін қабылдамай, Уақытша үкіметтің жоғарғы
инстанциясына хабарлайды. Р. Мәрсековтың іскерлігі 1916–1917 жж. аласапыранда
босып, шекара асуға мәжбүр болған қазақтар мүддесін қорғауда айрықша танылған.
Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Садық Аманжоловты Қытай
жерінде тұрып жатқан қандастарының тұрмыс жағдайымен таныстыру үшін
Шәуешекке бастап барған. Бұл сапар өз нәтижесін беріп, босқан қазақтардың біразы
атамекенге қоныс аударған.
8.
Шәуешек қаласындағы Ресей консулдығы арқылы қызылдарға қарсы күресжүргізу үшін Қытай үкіметінен қару-жарақ алу туралы келіссөз жүргізуге
қатынасқан. Алайда, бұл келіссөздің нәтижелі болмағаны белгілі. Өйткені
А.Байтұрсынұлына 500 ат беремін деп ауызша уәде берген Таңғыт үкірдайдың
өзін Қытай үкіметі кейін сол жомарттығы үшін өлім жазасына кеседі. Алашорда
үкіметі таратылып, Қазақ автономиясы құрылғанда кеңес үкіметі Алаш
зиялыларына кеңшілік жасағансиды. Шын мәнінде, ол ұлтын сүйген
қайраткерлерге «түзелу» орайын беру еді. Осы орайда оларды қоғамдық жұмысқа
да араластырған, солардың қатарында Р. Мәрсеков те үкімет жұмысына
тартылады. 1920 жылдан 1922 жылдың маусым айына дейін Семей губерниялық
атқару комитетінің ақпарат-нұсқау бөлімінде нұсқаушы-тексеруші болып қызмет
атқарады. Шынына келгенде, осы кезден бастап қоғамдық саяси қызметтен
шеттетіліп, кеңес үкіметінің жауы ретінде бақылауға, кейін қуғынға ұшырайды.
Р. Мәрсеков 1922 жылы Қытайға қашып өтеді. Сол жақтағы жергілікті ел оны
құрметпен қарсы алады. Ал, 1937 ж қоғам қайраткері Райымжан Мәрсеков
«Халық жауы» деген атпен ұсталды.
Р.Мәрсековтің Қытайдағы тағдыры туралы дерек аз, сол аз деректердің өзінде
қайшылықтар көп кездеседі. Р. Мәрсековтің қашан, қайда қайтыс болғаны толық
мәлім емес. Бір деректерде «Құлжа тұрмесінде өлді» делінсе, екінші бір
деректерде «Семей түрмесінде өлген» делінеді.