Жоспар
Өмірбаяны
Еңбек сіңірген салалары
12.38M
Category: biographybiography

Өмірбаяны. Қоғамдық-саяси іс-әрекеттері Халел Досмұхамедов

1.

2.

iKaz.kz - Ашық Мәліметтер Порталы

3. Жоспар

Өмірбаяны
2. Қоғамдық-саяси іс-әрекеттері
3. Алаш Орда және Халел Досмұхамедов
4. Еңбек сіңірген салалары
1.

4. Өмірбаяны

Алашорда көсемдерінің бірі, дәрігер, ғалым,
публицист, 1883 жылы 24 сәуірде Қызылқоға
ауданында дүниеге келген.
Орал реалдық училищесін үздік (1903 ж), Санкт –
Петербург Императорлық Әскери академиясын
алтын медальмен (1909 ж) бітірген. 1909-13 ж.
Пермь губерниясында, 1 – Түркістан, 2 – Орал
орыс-казак атқыштар батальеонында әскери
дәрігер, 1913-17 ж. Темір уезінде дәрігерлік қызмет
атқарды.
Халел Досмұхамедов 1905 жылдан бастап саяси
күреспен айналыса бастады. Осы жылдың
желтоқсан айында Қазақстанның бес облысы игі
жақсылары бас қосқанОралдағы жиынға қатысып,
қазақ халқы тәуелсіздігін ту еткен Алаш
қозғалысының жұмысына белсене араласады. 1913
жылы әскери дәрігерлік қызметін тастағаннан
кейін біржолата Алаш қозғалысына ден қойып,
оның саяси қызметіне араласа бастайды.

5.

6.

iKaz.kz - Ашық Мәліметтер Порталы

7.

1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған
съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ
конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын
Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге
сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын
медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери
міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші
дәрігерлік қызмет атқарды. 1912,
1913 және 1915 жылдары оба
індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін
Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары
«Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек»,
«Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси
тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп
тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген
кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел
қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ
даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып,
өткізуге атсалысты.

8.

1913 жылы әскери дәрігерлік қызметін тастағаннан кейін біржолата Алаш
қозғалысына ден қойып, оның саяси қызметіне араласа бастайды. 1913 жылы
«Қазақ» газеті ұйымдасқанда оның тұрақты авторы ретінде қатысып отырады.
1917 жылдың Ақпан революциясынан кейін Халел Досмұхамедов Қазақстанның
батысында Алаш қозғалысын өрістетіп, 1917 жылы 19-22 сәуірде өткен 800-ден
астам делегат қатысқан Орал облыстық съезінің жұмысына белсене араласып,
облыстық комитет мүшелігіне сайланды. 1917 жылы 1-11 мамырда Мәскеуде
өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат ретінде қатысқан,
бүкілресейлік саяси күреске тартылады. 1917жылы 21-28 шілдеде Орынборда
өткен I Бүкілқазақтық съезге төрағалық етіп, онда бүкілқазақтық Құрылтай
жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері
Орынборда өткен Жалпықазақ съезіне төрт адамның бірі ретінде съездің тең
төрағасы болып сайланып, 15 адамнан тұратын «Алашорда» үкіметінің
мүшелігіне өтеді. «Алашорда» тапсырмасы бойынша Халел Жаһанша
Досмұхамедовпен бірге
1918 жылы РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.В.Ленин және Ұлт
істері Халық комиссары И.В.Сталинмен Алашорда және кеңес өкіметінің
арақатынасына байланысты келіссөздер жүргізеді. Азамат соғысы жылдарында
Алаш қозғалысының бір орталыққа бағынған біртұтас қызметін жүргізу қиын
болған кезеңде Халел 1918 жыдың 18-22 мамырында Жымпиты қаласында өткен
Орал казактары 4–облыстық съезінде Мәскеуде өткен келіссөз барысын
баяндап, съезд шешімі бойынша Ойыл уәлаятының Уақытша өкіметін құрды.
1918 жылдық қыркүйек айында Ойыл уәлиятының орнына Батыс Алашордасы
құрылып, оның басшылығына Жаһанша Досмұхамедов тағайындалды.

9.

1918 жылдық қыркүйек
айында Ойыл уәлиятының
орнына Батыс Алашордасы
құрылып, оның
басшылығына Жаһанша
Досмұхамедов
тағайындалды. Осылайша
Халел Досмұхамедов
Алашорданың өзге
қайраткерлерімен бірге
Алаш партиясының
жұмысына, Алаш
автономиясын жариялау
ісіне, Алашорда үкіметін
құруға белсене ат салысып,
оның басшылары
қатарында болды.

10.

1920 жылы Алаш қызметіне тыйым
салынған соң, бұдан кейінгі саяси
қызметтің тиімсіздігін түсінген Халел
бүкіл күш-жігерін ғылым-білімге
жұмсайды. 1920-25 жТашкенттегі Орта
Азия университеті медицина
факультетінің ординаторы, Түркістан
Автономиялық Республикасы Орталық
Атқару Комитеті жанындағы Қырғызқазақ Білім комиссиясының төрағасы
қызметін атқарады. 1926 жылы Қазақ
Жоғары педагогикалық институтының
проректоры. Х.Досмұхамедов 1927 жылы
21 наурызда Қазақ мемлекеттік
университетін (кейінгі ҚазПИ,қазіргі
Алматы мемлекеттік университеті) құру
жөніндегі комиссияның төрағасы
қызметін атқарып, кейін оның
проректоры, доценті (1926), профессоры
(1929) болды.

11.

Қазақ газеті
Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін
Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің
меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы
меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп,
отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты.

12. Еңбек сіңірген салалары

1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту
комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм
ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім
комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына
сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің
хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық
комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің
меңгерушісі болды.
Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік
баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа
басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп,
отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір
өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми
терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла
бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау
ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық
мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік
Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі
оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра
жүргізуге мәжбүр етті.

13.

Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша
орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын
сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер»,
«Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты
материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі —
сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі
сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз»,
«Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «ТілләҚары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр
шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы
күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылымитеориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі»,
«Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.[4]
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде
шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ»,
«Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған
мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ
қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып,
өзі соның редакторы болған.

14.

1924 жылы Ресей ғылым академиясының Орталық
өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып
сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту
комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ
білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік
денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне
қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың
алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика
институтының негізінде Қазақ мемлекеттік
университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның
төрағасы, оның бірінші проректоры болып
тағайындалады. Қазақ педагогика институтының
доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің
әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу
орнының профессоры болды.

15.

Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған
қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ
үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер
аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена
институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеусақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің
орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл
кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет
тұтқынға алынып әуелі Мәскеу,
кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде
әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы
сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта
қаралып ақталды

16.

Қазір туған жері Атырау облысы Миялы
кентінде оған ескерткіш
қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Аты
рау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.

17.

Назарларыңызға Рахмет !
English     Русский Rules