197.58K
Category: lawlaw

Кәсіпкерлік қызметтің тоқтауы

1.

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ
ТОҚТАУЫ

2.

Дәріс сабағының мазмұны
Кәсіпкерлік ұйымды қайта құру
Заңды тұлғаны тарату
Банкроттық

3.

ерікті
ықтиярсыз
Қайта ұйымдастыру – заңды
тұлғаның өзгеруі, яғни оның
құқықтары мен міндеттерін
қайта ұйымдастыру барысында
құрылған басқа заңды
толықтай немесе ішінара беру

4.

Бiрiктiру
Қосу
Бөлу
Бөлiп шығару
Қайта құру
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру оның
мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк
иесi уәкiлеттiк берген органның,
құрылтайшылардың (қатысушылардың),
құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк
берiлген органның шешiмi бойынша не
ҚР заңнамалық актілерінде көзделген
жағдайларда сот органдарының шешiмi
бойынша жүргiзiледi.

5.

Заңды тұлғаларды (ЗТ) қайта құрған кездегi құқықты мирасқорлығы ҚР
Азаматтық кодексіне 46-бабына сәйкес келесі тәртіпте жүзеге асырылады
1. ЗТ-ларды
қосқан кезде
олардың
әрқайсысының
құқықтары мен
мiндеттерi өткiзу
құжатына сәйкес
жаңадан пайда
болған ЗТ-ға
ауысады.
2. ЗТ-ны екiншi
бiр ЗТ-ға
бiрiктiрген кезде
бiрiктiрiлген ЗТның құқықтары
мен мiндеттерi
өткiзу құжатына
сәйкес соңғысына
ауысады.
3. ЗТ-ны бөлген
кезде оның
құқықтары мен
мiндеттерi бөлу
балансына сәйкес
жаңадан пайда
болған ЗТ-ларға
ауысады.
4. ЗТ құрамынан
бiр немесе
бiрнеше
ЗТ-ды бөлiп
шығарғанда,
бөлу балансына
сәйкес олардың
әрқайсысына
қайта құрылған
ЗТ-ның
құқықтары мен
мiндеттерi
ауысады.
5. ЗТ ұйымдыққұқықтық
нысанын
өзгерткен кезде
қайта құрылған
ЗТ-ның
құқықтары мен
мiндеттерi өткiзу
құжатына сәйкес
жаңадан пайда
болған ЗТ-ға
ауысады.

6.

Өткізу
актiсi
ЗТ-ларды қосқан
кезде
ЗТ-ны екiншi бiр
ЗТ-ға бiрiктiрген
кезде
Бөлу
балансы
ЗТ-ны бөлген
кезде
ЗТ құрамынан бiр
не бiрнеше
ЗТ-ды бөлiп
шығарғанда

7.

1.
Өткiзу актiсi мен бөлу балансында
қайта құрылған ЗТ-ның барлық несие
берушiлерi мен борышқорларына
қатысты, барлық мiндеттемелерi
бойынша, соның iшiнде тараптар
дауласқан мiндеттемелер бойынша да
құқықты мирасқорлығы туралы
ережелер болуға тиiс.
2. Өткiзу актiсi мен бөлу балансын ЗТның мүлкiн меншiктенушi немесе ЗТ-ны
қайта құру туралы шешiм қабылдаған
орган бекiтедi және құрылтай
құжаттарымен бiрге жаңадан пайда
болған ЗТ-ларды тiркеуге немесе
нақтылы бар ЗТ-лардың құрылтай
құжаттарына өзгерiстер енгiзу үшiн олар
құрылтай құжаттарымен бiрге
тапсырылады. Ал тапсырылмауы,
сондай-ақ оларда қайта құрылған ЗТ-ның
мiндеттемелерi бойынша құқықты
мирасқорлығы туралы ережелердiң
болмауы жаңадан пайда болған ЗТ-ларды
мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп
соқтырады.
3. Егер заң құжаттарында немесе қайта
құру туралы шешiмде өзгеше
көзделмесе, мүлiк (құқықтар мен
мiндеттер) құқықты мирасқорына ол
тiркелген кезден бастап ауысады.

8.

Заңды тұлғаны қайта құру кезiндегi оның несие
берушiлерi құқықтарының кепiлдiгi (ҚР АК 48-бап)
1. Заңды тұлға мүлкiнің меншік иесі
немесе заңды тұлғаны қайта
ұйымдастыру туралы шешiм
қабылдаған орган қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлғаның
кредиторларын бұл жөнінде жазбаша
хабардар етуге мiндеттi. Талаптарды
мәлімдеу мерзімі қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлғаның
кредиторлары хабарламаларды алған
кезден бастап екі айдан кем болмауға
тиіс.
2. Бөлiнген және бөлiп шығарылған
кезде құрылатын заңды тұлғаның
несие берушiсi осы заңды тұлға
борышқоры болып табылатын
мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын
тоқтатылуын және келтiрiлген
залалдың орны толтырылуын талап
етуге құқылы.
3. Егер бөлу балансы қайта құрылған
заңды тұлғаның құқықты мирасқорын
анықтауға мүмкiндiк бермесе, не егер
құқықтық мирасқорында қайта
құрылғанға дейін туындаған
міндеттемелерді орындау үшін мүлік
жеткіліксіз болса, жаңадан пайда
болған заңды тұлғалар, сондай-ақ
құрамынан басқа заңды тұлға бөлiнiп
шыққан заңды тұлға, қайта құрылған
заңды тұлғаның мiндеттемелерi
бойынша оның несие берушiлерiнiң
алдында ортақ жауапты болады.

9.

Заңды тұлғаны тарату
Заңды тұлға мүлкiнің меншiк
иесінің не меншiк иесi уәкiлеттiк
берген органның, құрылтай
құжаттарында осыған уәкiлеттiк
берiлген органының шешiмi
бойынша кез келген негiз
бойынша таратылуы мүмкiн.
Соттың шешiмi бойынша
таратылуы мүмкін

10.

Соттың шешімімен ЗТ жұмысын тоқтатуы мүмкін жағдайлар
банкрот болған;
құру кезiнде
заңдардың
түзетуге
келмейтiн
сипатта
бұзылуына жол
берiлуiне
байланысты
оны тiркеу
жарамсыз деп
танылған;
орналасқан
жері бойынша
немесе нақты
мекенжайы
бойынша ЗТ,
сондай-ақ ЗТ
бір жыл ішінде
оларсыз жұмыс
істей алмайтын
құрылтайшылар
(қатысушылар)
және
лауазымды
адамдар
болмаған;
қызметін
заңнаманы
өрескел бұза
отырып жүзеге
асырған:
жарғылық
мақсаттарына
қайшы келетін
қызметті үнемі
жүзеге асырған;
қызметін тиісті
лицензиясыз не
заңнамалық
актілерде
тыйым
салынған
қызметті жүзеге
асырған;
басқа да
заңнамалық
актілерде
көзделген
жағдайларда
таратылуы
мүмкін.

11.

Заңды тұлғаны тарату тәртiбi (ҚР АК 50-бап)
1. ЗТ мүлкiнің меншiк иесі
немесе оны тарату туралы
шешiм қабылдаған орган бұл
туралы әдiлет органына,
тіркеу орны бойынша
мемлекеттік кіріс органына
дереу жазбаша түрде немесе
электрондық цифрлық
қолтаңбаны қолдана отырып,
интернет-ресурс арқылы
хабарлауға мiндеттi.
2. ЗТ мүлкiн меншiктенушi
немесе оны тарату туралы
шешiм қабылдаған орган
тарату комиссиясын құрады
және Азаматтық Кодекске
сәйкес тарату тәртiбi мен
мерзiмiн белгiлейдi. Тарату
комиссиясы құрылған кезден
бастап ЗТ-ның мүлкiн және
iстерiн басқару жөнiндегі
өкiлеттiк соған ауысады.
Тарату комиссиясы сотта
таратылатын ЗТ атынан
әрекет етедi.
3.Тарату комиссиясы ЗТ-ны
тарату, сондай-ақ оның
кредиторларының
талаптарын мәлiмдеу тәртiбi
мен мерзiмi туралы
ақпаратты ҚР-ның барлық
аумағына таралатын мерзімді
баспасөз басылымдарында
жариялайды. Банкроттық
жағдайларын қоспағанда,
талаптарды мәлiмдеу мерзiмi
тарату туралы хабарландыру
жарияланған кезден бастап
екi айдан кем болмауы тиіс.
Тарату комиссиясы несие
берушiлердi анықтау және
қарыздарын алу үшiн
шаралар қолданады, сондайақ несие берушiлерге ЗТ-ның
таратылғандығы туралы
жазбаша хабарлайды.
4.Несие берушiлер
талаптарын қоюға арналған
мерзiм аяқталғаннан кейiн
тарату комиссиясы аралық
тарату балансын жасайды,
онда таратылатын ЗТ
мүлкiнiң құрамы, несие
берушiлер қойған талаптар
тiзбесi, сондай-ақ оларды
қарау нәтижелерi туралы
мәлiметтер болады

12.

Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз
болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердiң (дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның) ақшалай мiндеттемелер
бойынша кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек
шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп
айырысу жүргізуге, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиісті
аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы
жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз
етуге сот белгілеген қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.

13.

Банкрот деп тану
ерiктi түрде
(борышкердiң сотқа
берген өтiнiшi негiзiнде)
мәжбүр ету тәртiбiмен
(несие берушiнiң, ал
көзделген жағдайларда
өзге де адамдардың сотқа
өтiнiш беруi негiзiнде)

14.

Сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау
туралы шешім шығарған күннен бастап салдарлары
1) банкрот-заңды тұлғаның мүліктерін иеліктен шығаруға және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;
2) барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп саналады;
3) берешегінің барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны есептеу тоқтатылады;
4) банкроттың қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген
болса, тоқтатылады;
5) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші ретінде
әрекет ететін жағдайларда кепіл затына өндіріп алуды қолдануды қоспағанда, банкроттық рәсімі шеңберінде ғана банкротқа талаптар қойылуы
мүмкін;
6) уақытша немесе банкроттықты басқарушының өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі
негізінде банкроттың мүлкіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтар оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып
тасталады;
7) банкроттың мүлкіне жаңа тыйым салуларға және мүлкіне иелік етудегі өзге де шектеулерге мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті
бөгденің заңсыз иеленуінен талап ету туралы банкротқа қойылатын қуынымдар бойынша ғана жол беріледі;
8) сатып алушыға берілмеген банкроттың мүлкі оның мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме
бойынша дәрменсіз болған сатып алушы банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өзінің талаптарын қоюға құқылы.

15.

Банкрот болған заңды тұлға
қызметiнiң тоқтатылуы
1. Заңды тұлғаны
соттың банкрот
деп тануы оның
таратылуына
әкелiп соқтырады.
2. Банкрот-заңды
тұлға Бизнессәйкестендiру
нөмiрлерiнiң
ұлттық тiзiлiмiнен
алып тасталған
кезден бастап
оның қызметi
тоқтатылды деп
есептеледі.

16.

Бақылау сұрақтары
Кәсіпкепорынды қайта ұйымдастыру нысандары
Өткізу актісі және бөлу балансы қандай жағдайларды жасалады?
Заңды тұлғаны қайта құру кезiндегi оның несие берушiлерi құқықтарының кепілдігі
қалай қамтамасыз етіледі?
Қандай негіздерде кәсіпорын жұмысын тоқтатуы мүмкін?
Заңды тұлғаны тарату тәртібі қандай?
Банкроттық деген не?

17.

Ұсынылатын әдебиеттер
1. А.А.Нургалиева . Кәсіпкерлік.-Алматы: Экономика, 2016.-275с.
2. Жуйриков К.К. Менеджмент и предпринимательство.-Алматы: Экономика,
2016.-278с.
3. Переверзев М.Предпринимательство и бизнес [Электронный ресурс].М.:ИНФРА, 2013.-174 с.
4. Кузьмина Е.Е., Кузьмина Л.П. Предпринимательская деятельность. 2-е
изд.пер. , издательство Erudit 2017 г.
5. Чеберко Е.Ф. Основы предпринимательской деятельности.- издательство
Erudit 2016 г.
English     Русский Rules