Коммерциялық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формалары
125.86K
Category: lawlaw

Коммерциялық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формалары

1. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формалары

2.

• Нарықтық экономика жүйесінде әр түрлі
меншікке негізделген кәсіпорындардың
ұйымдық-құқықтық нысандары істейді. Кез
келген кәсіпорынның құқықтық негізі
кәсіпкерлік болып табылады.

3.

• Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық
нысанмен
қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуыны
ң құрылымдық тәсілі мен түрі, оның
меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен
ассортименті, оның капиталының қалыптасуы,
қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді
болғандықтан және
әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен
бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты
жіктелуі.

4.

• Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
келесілермен анықталады:
• - жарғылық қордың қалыптасу тәртібімен
• - кәсіпорын міндеттемелерін бойынша
жауапкершілік дәрежесімен
• - меншің нысанымен

5.

Қазақстанда кәсіпорындардың барлық
ұйымдық-құқықтық түрелерінің құқықтары
мен мүмкіндіктері бірдей және заңдық
тұрғыдан кепілдендірілген. Бірақ,
кәсіпорындардың әрқайсысының өз
артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

6.

• Заңды тұлғалар:
• 1. Коммерциялық ұйымдар
• 2. Коммерциялық емес ұйымдар
• 3. Басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық
нысандар

7.

• Коммерциялық ұйым:
• 1. Шаруашылық
серіктестіктер

8.

• Шаруашылық серіктестік – бұл өз
қызметінің негізгі мақсаты терінде табыс
табуды көздейтін, басқа да шаруашылық
серіктестіктердің құрылтайшысы бола
алатын, жарғылық капиталы
қатысушылардың салымдарына бөлінген,
заңды тұлға болып табылатын
коммерциялық ұйым.

9.

• Шаруашылық серіктестіктердің белгілері:
• - ұйым коммерциялық статусқа ие
• - жалпы құқық қабілеттілігі
• - жарғылық капитал қатысушылардың
салымдарына бөлінген
• -қатысушылар салымдары есебінен, сонымен
қатар өз қызметі барысында өндірілген немесе
иеленген салымдары есебінен құрылған мүлік
иелері болып табылады.

10.

• Шаруашылық серiктестiкке
қатысушылар:
• құрылтай құжаттарының талаптарын
сақтауға;
• салымдарды құрылтай құжаттарында
көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және
мерзiмдер бойынша салып отыруға;
• шаруашылық серiктестiк коммерциялық
құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария
етпеуге мiндеттi.

11.

• Шаруашылық серіктестіктер түрлері:
• 1. Толық серіктестік
• 2. Каммандитті (сенім) серіктестік
• 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖШС
• 4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

12.

• Толық серіктестік – бұл мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда қатысушылары
серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік.

13.

• Толық серіктестік қатысушылары
жарғылық капиталды құрайды, оның
мөлшері 25 айлық есептік
көрсеткіштен кем болмауы керек.
Толық серіктестіктің ең жоғары
органы қатысушылардың жалпы
жиналысы болып табылады.

14.

• Толық серiктестiктi басқаруды толық серiктестiктiң
атқару органдары жүзеге асырады. Басқару
органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және
олардың құзыретi құрылтай құжаттарында
белгiленедi.
• Толық серiктестiкке қатысушының қалған
қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз
мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi
үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес
мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ.
• Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы
бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке
келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай
мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке
беруiн талап етуге құқылы.

15.

• Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс
болған ретте қалған барлық қатысушылардың
келiсуiмен құқықты мирасқор серiктестiкке кiре
алады. Құқықты мирасқор қатысушының толық
серiктестiк алдындағы борыштары бойынша,
сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар
алдындағы бүкiл серiктестiк қызметi кезiнде
пайда болған борыштары бойынша жауапты
болады.

16.

• Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
• Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң
бүкiл мүлкiмен қосымша жауап беретiн бiр
немесе одан да көп қатысушылармен қатар,
серiктестiктiң мүлкiне өздерi салған
салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр
немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн
және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм
серiктестiгi деп танылады.

17.

• Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық
серiктердiң құқықтық ережесi және олардың
серiктестiк мiндеттемелерi бойынша
жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң
қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.
Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң
толық серiктесi бола алады. Сенiм
серiктестiгiнiң салымшысы алғашқы салымын
және қосымша жарналарын құрылтай
құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен
тәртiп бойынша салуға мiндеттi.

18.

• Сенiм серiктестiгi салымшысының:
• серiктестiк таза табысының жарғылық капиталдағы өзiне
тиесiлi үлесiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп
бойынша алуға;
• серiктестiктiң қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның
дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап
етуге;
• жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заң
құжаттарында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында
көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi
жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесiн басқа бiреуге
түгелдей беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;
• заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген
тәртiппен серiктестiктен шығуға құқылы.

19.

• Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның
қатысушылары салатын салымнан құралады.
Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi
мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде,
жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм
серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық
капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық
серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында
белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға
оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн
жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi
мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын
немесе орындалуын және өздерi шеккен залалдың орны
толтырылуын талап етуге құқылы.

20.

• Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық
серiктестер жүзеге асырады. Сенiм
серiктестiгiнiң iсiн оның толық
серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн
олар толық серiктестiк туралы ережелер
бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм
серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ
сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан
әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi
салымшыларының серiктестiк iсiн басқару
жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау
жасауға құқығы жоқ.

21.

• Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
• Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық
капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген
мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар
оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi
және серiктестiктiң қызметiне байланысты
залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны
шегiнде тәуекел етедi.

22.

• Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң
салымдарды толық қоспаған қатысушылары
оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр
қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны
шегiнде ортақ жауапты болады. Жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны
шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр
адамнан тұратын басқа шаруашылық
серiктестiгi бола алмайды.

23.

• Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы
бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге
тиiс. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған
қатысушылардың қабылдаған шешiмi
бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе
таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк
акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк
кооператив болып қайта құрылуға құқылы.

24.

• Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша
құзыретiне мыналар жатады:
• серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның
жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту;
• атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау
(тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн
мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi
немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы
шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын
айқындау;
• серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза
табысын бөлу;
• серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм
шығару;

25.

• серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру
комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн
мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру
комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен
қорытындыларын бекiту;
• iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және
серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да
құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту;
• серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге,
сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы
туралы шешiм шығару;
• тарату комиссиясын тағайындау және тарату
баланстарын бекiту;
• жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан
үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару.

26.

• Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
• Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша
өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап
беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда
өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген
мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн
серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп
танылады. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi
мөлшерi жарғыда көзделедi. Қатысушылардың бiрi
банкрот болған жағдайда оның серiктестiк
мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер
құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң
өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар
арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.

27.

• 2. Акционерлiк қоғам
• Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға
акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк
қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде
көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар
құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты
шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз
қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi
болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде
жауапты болады және өз қатысушыларының
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

28.

• Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының
акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi
бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда
ортақтасып жауап бередi. Қоғамның барлық акцияларын
бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам
бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн,
егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. Мемлекеттiк
кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған
немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке
тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық
жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының
заң актілерімен айқындалады. Заңдарда көзделген
жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдыққұқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар
құрылуы мүмкiн.

29.

• Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның
акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша
құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi.
• Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша
құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi
акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге
болмайды.
• Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады,
Азаматтық Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк
қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы
жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған
мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне
жалпы басшылықты жүзеге асырады.
• Заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның
жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне
жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның
атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.

30.

• Өндiрiстiк кооператив
• Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн
мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына
және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк
жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi
бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.
Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив
мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив
туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп
бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.

31.

• Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында кооператив
мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив
мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және
олардың жарналарды енгiзу жөнiндегi
мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң
еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың
жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi
бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң
таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi
басқару органдарының құрамы мен құзыретi және
олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi
бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен
қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер
қабылдау тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.

32.

• Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер
кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе,
оның мүшелерiнiң пайларына олардың
жарналарына барабар бөлiнедi. Кооператив таза
табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив
жарғысында өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың
еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi. Өндiрiстiк
кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi
одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз
пайын бөлiп алуға құқығы бар.
• Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы
оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып
табылады.

33.

• Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы
жиналысының ерекше құзыретiне мыналар
жатады:
• кооператив жарғысын өзгерту;
• атқарушы, тексерушi органдарды және
қадағалау кеңесiн құру мен олардың мүшелерiн
керi шақырып алу;
• кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару;
• кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның
таза табысын бөлу;
• кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу.

34.

Коммерциялық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық
нысандарына тән белгілер
Нысаны
Қатысушылар статусы
Қатысушылар саны
1
Толық серіктестік ТС
Тек жеке тұлғалар
2-ден кем емес
2
Коммандитті
серіктестік КДС
Толық серіктестер (тек жеке тұлғалар),
салымшылар (жеке және заңды тұлғалар)
2-ден кем емес, 1 толық
серіктестен, 1
салымшыдан кем емес
3
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік
ЖШС
Жеке және заңды тұлғалар,ЖШС жалғыз
қатысушысы ретінде 1 тұлғадан тұратын басқа
шаруашылық серіктестік бола алмайды
1 және одан жоғары
4
Қосымша
жауапкершілігі бар
серіктестік ҚЖС
Жеке,заңды тұлғалар, тұлғалар,ЖШС жалғыз
қатысушысы ретінде 1 тұлғадан тұратын басқа
шаруашылық серіктестік бола алмайды
1 және одан жоғары
5
Акционерлік қоғам
АҚ
Жеке және заңды тұлғалар
1 және одан жоғары
6
Өндірістік кооператив
ӨК
Жеке тұлғалар
2-ден кем емес
7
Мемлекеттің
кәсіпорын
Мемлекеттік басқару органдары
Меншік иесімен
анықталады

35.


коммерциялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық
нысандары
Компанияның сипаттамасы
жауапкершілігі шектеулі қоғамы «Torgservis-Иркутск» 2003 жылы құрылды.
құрылтай құжаттарына сәйкес Қоғамның ұзақтығы шектелген жоқ.
Сауда үйі ЖШС, «Torgservis-Иркутск» жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы сауда орталығы болып табылады.
Оның құрылысына қазіргі заманғы құрылыс әдістері мен соңғы әлемдік тәжірибе пайдаланылды.
TD табысы орташа деңгейдегі сатып алушылар бағытталған.
AP негізгі қызметі -. көтерме және бөлшек азық-түлік және халық тұтынатын тауарларды сауда, және жалға
бөлшек кеңістігін жеткізу
Бұл компания белгісіз мерзімге құрылды.
коммерциялық ұйым ретінде кәсіпорынның негізгі мақсаты тұрғын емес үй-жайларды жалға арқылы пайда алу,
сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда азық-түлік және халық тұтынатын тауарлардың отыр.
Компания, сондай-ақ Жарғыға «жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» Ресей Федерациясының Азаматтық
кодексінің, Федералдық Заңға сәйкес жұмыс істейді.
Бұл ұйым, меншік құқығымен оқшауланған мүлікке ие өз атауы өзінің балансы, мөртабаны және бланкiлерi бар.
мұндай серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде, қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Сек сәйкес Қоғамның негізгі экономикалық қызметін.
Жарғысының 4:
көтерме (шағын көтерме) және бөлшек сауда;
сатып алу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті беру және осындай нәрсе жалға немесе пайдалануға.
«Torgservis-Иркутск» сызықтық функциясының ұйымдық құрылымын.
КәсіпорынныңLine-функционалдық басқару құрылымы тұрады:
Негізгі жұмыс ұйымдастырумен айналысатын желісі бірлік;
Маманданды...
English     Русский Rules