Жоспары
ГРЭС өндірісіндегі алдын алу шаралары
104.22K
Category: life safetylife safety

ГРЭС еңбек гигиенасы

1.

АҚ «Астана медицина университеті»
Еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиена кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: ГРЭС еңбек гигиенасы
Орындаған: Шапатова Ж.Е.
Тобы: 503 ҚДС
Тексерген: аға оқытушы Каюпова Ш.Қ.
.
Астана 2017жыл

2. Жоспары

Кіріспе
II.
Негізгі бөлім
1. ГРЭС өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау қызметінің жұмысы
2. ГРЭС өндірісіндегі физикалық факторлар
3. ГРЭС өндірісіндегі алдын алу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I.

3. ГРЭС өндірісіндегі алдын алу шаралары

Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік
зияндылықтардың қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, бағыты
бойынша ұқсас, бірақ әр түрлі өндірістерде өзіндік ерекшеліктері
бар, сауықтыру шараларының тұтас кешенін жүргізеді. Бұл
шаралардың мазмұны еңбек жағдайын сауықтыру және медициналық
жолмен жұмысшылардың денсаулығы бұзылуының алдын алу болып
табылады. Алдын алу шараларының кешеніне кіретіндер:
Заңдылық
Технология
лық
Техникалық
және
санитарлық
техникалық
Ұйымдаст
ыру
Емдеуалдын алу

4.

Заңдылық
•Заңдылық шараларға өндірістік факторларды гигиеналық нормалау, стандарттарды, еңбек
жағдайын сауықтыру бойынша санитарлық ережелер мен ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар
құқықпен бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау жатады.
•Бұл шаралардың құқықтық негізін еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық құжаттар және, еңбек
гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар мен стандарттар
құрайды.
Технологиялық
•Технологиялық шаралар барлық сауықтыру шараларының ішіндегі ең тиімдісі болып
саналады. Өндіріс технологиясын өзгерте отырып, зиянды факторды толық жоюға немесе
оның деңгейін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге болады. Технологиялық шараларға,
мысалы, келесілер жатады: құрғақ бұрғылауды, шаңдануды едәуір төмендететін, ылғалды
бұрғылаумен алмастыру; пневмобалғалармен шегелеуді нүктелік дәнекерлеумен алмастыру
шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді; қалдықтарды қайталап қолдануды енгізу;
технологиялық үрдістегі қауіпті және зиянды химиялық қосылыстарды қауіптілігі аз
қосылыстармен ауыстыру және т.с.с. жатады.
Техникалық және
санитарлық-техникалық
•Техникалық және санитарлық-техникалық шараларға, өндіріс технологиясын өзгертпей,
техникалық құралдардың көмегімен өндірістік ортаның зиянды факторларының әсерін
азайтуға мүмкіндік беретін, шараларды жатқызады. Шаралардың бұл тобына өндірістік
үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, улы немесе шаңданатын материалдарды
өңдейтін жабдықтарды саңылаусыз етіп бекіту (герметизация), дыбыс өткізбейтін
қаптамаларды қолдану, шулы бөлмелерде акустикалық экрандар қолдану, тиімді жергілікті
және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлері және т.с.с. жатады.
Ұйымдастыру
• Ұйымдастыру шаралары еңбек үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға, жұмысшылардың жұмыс орнын, жұмыс істеу
кезіндегі дене қалпын, қозғалыстарын, еңбек және демалу тәртіптерін оңтайландыруға, зиянды факторлармен
қатынаста болу уақытының ұзақтығын шектеуге және т.б. бағытталған. Мысалы, рұқсат етілген шегінен
аспайтын діріл деңгейінде жұмыс істеу кезінде, жұмысшының дірілмен байланыста болу уақыты жұмыс
ауысымы уақытының ⅔ бөлігінен артық болмауы тиіс. Бұған демалу үшін қосымша регламенттелген үзілістерді
енгізу, сонымен қатар, өзара алмасып жұмыс істей алатын мамандары бар кешенді бригадалар құру сияқты,
ұйымдастыру шараларымен қол жеткізеді. Мұндай бригадаларда әрбір жұмысшы бірнеше мамандықты
меңгереді, бұл оған бүкіл жұмыс ауысымы бойына, үнемі қауіпті діріл туғызатын жабдықтармен ғана жұмыс
істемей, басқа жұмыс түрлерін де орындауға мүмкіндік береді.
Емдеу-алдын алу
• Емдеу-алдын-алу шараларын цех дәрігері және өнеркәсіп жұмысшыларына қызмет
көрсететін медицина мекемелерінің басқа да мамандары атқарады. Бұл мекемелерге
медициналық-санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау
пункттері сияқты,өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы денсаулық сақтау
мекемелерінің арнайы жүйесі және де елді мекеннің аумақтық жүйесінің
медициналық мекемелері: емханалар, ауруханалар, диспансерлер — жатады.
English     Русский Rules