Дәріс Шыныиономерлі цементтер: жүйесі, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау техникасы.
6.91M
Category: medicinemedicine

Шыныиономерлі цементтер: жүйесі, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау техникасы

1. Дәріс Шыныиономерлі цементтер: жүйесі, құрамы, қасиеттері. Дайындау және пломбылау техникасы.

Проф., м.ғ.к. Суманова А.М.

2.

Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ)
– силикатты және полиакрилды
жүйелерін біріктіру нәтижесінде
шығарылған заманауи
стоматологиялық материалдардың
бір үлкен классы.

3.

ШИЦ жүйесі
I.Қолдану бойынша:
1.Бекіту үшін ШИЦ
2.Тұрақты пломбалар үшін қалпына
келтіруші ШИЦ: нығайтылған
(упроченные) және эстетикалық
3.Тезқатаятын ШИЦ: төсеніштер үшін
және фиссурлы герметиктер
4.Түбір өзектерді пломбалау үшін

4.

II.Шығару түріне қарай:
1.Ұнтақ-сұйықтық (дәстүрлі ШИЦ)
Ұнтақ – фторалюмосиликатты шыны, яғни құрамында
кремний тотығы (SiO2) (жылтырлық, баяу қатаю қасиетін
береді), алюминий тотығы (Al2O3) (механикалық беріктік
және қышқылдарға тұрақтылық береді), кальций фториды
(CaF2) (тісжегістатикалық эффект қамтамасыз етеді),
сонымен қатар аз мөлшерде – фторидтер (натрий,
алюминий, калий фторидтері), барий, стронций, лантан
тұздары (рентгенконтрасттілікті қамтамасыз етеді) бар.
Сұйықтық – 50% поликарбон қышқылдарының ерітіндісі
(МИА - малеин, итакон, акрил қышқылдары). Сонымен
қатар, сұйықтық құрамында 5% шарап қышқылы бар, ол
шыны бөлшектерінен металлдар иондардың шығуын
(экстракция) жылдамдатады, цементтің тез қатаюына
жағдай жасайды.
Өкілдері: Кавитан плюс, Кетак Моляр және т.б.

5.

Кавитан плюс
Кетак Моляр

6.

2.Ұнтақ.
Бұндай цементтердің ұнтақ құрамы дәстүрлі
ШИЦ-ң ұнтағындай. Сонымен қатар ұнтақтың
құрамына
поликарбон
және
шарап
қышқылдары кристалл түрінде қосылған. Бұл
цементтер
дистилденген
суға
араластырылады. Сондықтан олар басқаша
Аква-цементтер деп аталады.
Өкілі: Мегацем

7.

Мегацем

8.

3.Капсулалар.
Бұндай цементтерде ұнтақ және
сұйықтық қажетті қатынаста
капсулаға өлшеп салынған,
сондықтан араластырғаннан кейін
оптимальды қасиеттеріне ие цемент
шығады.
Өкілдері: Кеtac Cem Aplicap және т.б.

9.

Кеtac Cem Aplicap

10.

4.Паста.
Тубамен немесе шприцпен шығарылады.
Араластыруды қажет етпейді, жұмыс істеу
ыңғайлы, галоген шамының көмегімен
қатаяды.
Өкілдері: Ионосил және т.б.

11.

Ионосил
Бинер

12.

III.Химиялық құрамына және қатаю механизміне байланысты:
1.Дәстүрлі (традициялық) ШИЦ
Ұнтақ-сұйықтық жүйемен көрсетілген және қышқылды-негізгі
типті реакция бойынша бір ғана химиялық жолымен қатаяды.
2.Гибридты ШИЦ.
Ұнтақ-сұйықтық немесе паста түрінде шығарылады. Ұнтақсұйықтық жүйесіндегі ұнтақ құрамы дәстүрлі ШИЦ-не сәйкес
болып келеді (фторалюмосиликатты шыны). Сұйықтығы –
поликарбон қышқылдарының ерітінідісі, олар молекулалардың
шеттері қанықпаған метакрилатты топтардың қосылуымен
модификацияланған. Сонымен қатар, сұйықтық құрамында –
шарап қышқылы, гидроксиэтилметакрилат (НЕМА) және
фотоинициатор – камфорахинон (полимеризация реакциясының
катализаторы) бар. Гибридты ШИЦ-ң қатаю механизмдері
екіжақты (химиялық және сәулелік) немесе үшжақты болады.

13.

Традициялық ШИЦ-ң қатаюы 3 сатыда өтеді:
1. Еру сатысы (немесе гидратация, иондардың
бөлінуі)
Бұл саты кезінде поликарбон қышқылдар (сұйықтық)
шыны бөлшектерінің (ұнтақ) беткей қабатымен реакцияға
түседі. Реакция нәтижесінде бөлшектерден алюминий,
кальций, фтор иондары бөліне (шыға) бастайды.
Алғашқыда ШИЦ–ң ұнтақ пен сұйықтықты араластыру
кезінде поликарбон қышқылдар диссоциацияға ұшырайды:

14.

Кейін диссоцияцияға ұшыраған поликарбон
қышқылдардың сутек иондары (Н+) шыны
бөлшектеріне диффузия арқылы енеді және
шыны бөлшектер бетінен металл
катиондардың (кальций, алюминий) және
натрий және фтор ионадардың шығуын
қамтамасыз етеді. Металл иондары (+)
поликарбон қышқылдар молекуларына (-)
қосыла бастайды. Алғашқы тез бөлінетін
иондар – кальций иондары (Са2+). Олар шыны
бетінен (ұнтақ), сонымен қатар поликарбон
қышқылдар гидроксильды топтарының
қатысумен тістің қатты тіндерінен (кіреуке,
дентин) бөлінеді.

15.

2. Қоюлану сатысы (немесе біріншілікті гельдің пайда болуы,
бастапқы, тұрақты емес қатаюы)
Саты ұзақтығы – шамамен 7 мин. Бұл сатыда кальций иондары мен
поликарбон қышқылдардың гидроксильды топтар өзара әрекеттеседі,
немесе басқаша айтқанда, кальций иондардың қатысу арқылы
поликарбон қышқылдар молекулалары бір бірімен көлденең қосылады:
Бұл өзара әрекет, бір жағынан цемент (ШИЦ) қатаюын, басқа
жағынан, тістің қатты тіндерімен (дентин, кіреуке) поликарбон
қышқылдар арасында химиялық байланыстың пайда болуын
қамтамасыз етеді.

16.

3. Қатаюы сатысы (немесе дегидратация, пісуі,
қорытынды қатаюы).
Алюминий иондардың қатысу арқылы поликарбон қышқылдар
тізбектерінің қосылу реакциясы жүреді (үшвалентті алюминий
иондардың қатысу арқылы поликарбон қышқылдар
молекулалардың көлденең қосылу нәтижесінде полимердің
кеңістік құрылымының пайда болуы) (сурет). Қосылу реакциясы
нәтижесінде цементтің қорытынды қатаюы байқалады. Цементтің
қатаю үдерісіне натрий және фтор иондары қатыспайды, бірақ
бір-бірімен қосылып, натрий фторидінің түзілуіне әкеледі.
Қатаю және пісу сатысы 24 сағаттан кейін аяқталады.

17.

Сонымен қатар, осы сатыда шыны бөлшектер
бетінде силикагель пайда болады. Силикагель
кремний тотығы (SiO2) мен полиакрил
қышқылдың өзара әрекеттесуі нәтижесінде
пайда болады. Силикагельдің үлгісі:

18.

Қатайған цементтің қорытынды құрылымы силикагельмен қоршалған және бір бірімен көлденең
байланысқан поликарбон қышқылдарының молекулалардан
тұратын матрикстің ішінде орналасатын шыны бөлшектері (яғни
ШИЦ-ң ұнтағының бөлшектері немесе алюмосиликатты шыны,
сур. қара):
Сонымен, дәстүрлі ШИЦ-ге біреу-ақ қатаю механизмі тән
(қышқылды-негізгі типті реакция). Өкілдері: Мегацем, Кавитан

19.

Гибридты ШИЦ-ге дәстүрлі цементтерге қарағанда екі қатаю
механизмі тән.
Бірінші механизмі – гибридты ШИЦ-ң құрамындағы
метакрилді топтарының бос радикалдардың (R) жарық жіберу
әсерінен жүретін полимеризациясы. Осы реакциясы
(полимеризация реакциясы) нәтижесінде поликарбон
қышқылдарының молекулалары бір бірімен байланысады
(радикалдар арқылы) (R-R):

20.

Екінші механизмі – классикалық қышқылды-негізгі
шыныиономерлі реакциясы (металл иондары қатысу
арқылы поликарбон қышқылдары молекулаларының
байланысуы):

21.

Дәстүрлі цементтерімен салыстырғанда
екіжақтық қатаю механизмі бар гибридтік ШИЦ-ге
жақсартылған қасиеттері тән, бірақ олардың
жетіспеушілігі да бар: цементтің қатаюы
фотополимеризациялаушы шамының әсері
жетпеген жерлерінде қышқылды-негізгі
шыныиономерлі реакция негізінде жүреді. Бұл
жағдай цементтің физикалық-механикалық
қасиеттеріне әсер етеді.
Екіжақтық жолмен қатаятын ШИЦ-ң
өкілдері: Fuji II LC және т.б.

22.

Fuji II LC екіжақтық жолмен қатаятын ШИЦ

23.

Аталған жетіспеушілігі үшжақтық қатаю механизмі бар
гибридтік ШИЦ-не болмайды. Осы топқа жататын
цементтердің қатаю механизмдері келесі:
1. Гибридты ШИЦ-ң құрамындағы метакрилді
топтарының бос радикалдардың жарық жіберу
әсерінен жүретін полимеризациясы (екіжақтық қатаю
механизмі бар гибридтік ШИЦементтеріндегідей);
2. Классикалық қышқылды-негізгі шыныиономерлі
реакциясы (металл иондары қатысу арқылы
поликарбон қышқылдары молекулаларының
байланысуы);
3. Гибридты ШИЦ-ң құрамындағы метакрилді
топтарының бос радикалдардың жарық әсерінсіз,
каталитикалық редокс-жүйесінің қатысуымен жүретін
өзараполимеризациясы.
Үшжақтық жолмен қатаятын ШИЦ-ң өкілдері:
Vitremer және т.б.

24.

Vitremer үшжақтық жолмен қатаятын ШИЦ

25.

Шыныиономерлі цементтердің қасиеттері:
Артықшылықтары:
1. Тіс тіндерімен жақсы химиялық байланыстың болуы. Ол екі
механизмі арқылы жүзеге асырылады:
• поликарбон қышқылы молекулалары карбоксилаттық топтары
мен кіреуке және дентиннің кальций гидроксиапатитінің
арасында хелатты қосылыстардың пайда болуы;
• поликарбон қышқылы молекулалардың карбоксилаттық топтары
мен дентин коллагеннің арасында сутекті типті
байланыстардың пайда болуы.
2. Әртүрлі пломбалық материалдармен жақсы химиялық байланыстың
болуы.
3. Тіс тіндерімен жоғары биологиялық үлесімділігі, токсикалық әсерінің
жоқ болуы. Полиакрил қышқылы молекуласының көлемі үлкен
болғандықтан, ол дентиннің терең қабаттарына дейін өтпейді және тіс
ұлпасын тітіркендірмейді. Тек жаңа араластырылған цементтің рН-і
төмен болуынан шамалы цитотоксикалық қасиеті бар, бірақ бұл әсері
материалдың қатаюымен бірге жойылады.

26.

4. Цементтен фтордың ұзақ уақыт бойы (3 жылға дейін) («батареялық
эффект») диффузды бөлінуіне байланысты тісжегіге қарсы әсер етуі.
Фтордың тісжегістатикалық әсерінің ықтимал механизмдері:
• -тіс кіреукесінің бетінде кальций фторидінің түзілуіне
қатысады. Кальций фториді диссоцияцияланып, кіреуке
гидроксиапатиттің гидроксилді топтарын алмастыру үшін фтор
иондарының доноры болып табылады;
• -кіреуке гидроксиапатитінің гидроксилді топтарын алмастыра
отырудың нәтижесінде, қышқылдар әсеріне төзімді
фторапатиттің түзілуіне әкеп соқтырады;
• -тіс кіреукесі ішіне минералды компоненттерінің енуіне
катализдеп (жылдамдатып), оның минерализациясын
ынталандырады;
• -кіреуке бетінің электрлік потенциалын өзгертіп, оның бетіне
микробтарының адгезиясына кедергі жасайды;
• -микробтардың тіс бетіне бекітілетін полисахаридтерін бөліп
шығаруына кедергі жасайды;
• -микробтардың сүт қышқылын бөліп шығаруына кедергі
жасайды.

27.

5. Сығылу кезінде жоғары беріктігі. Сығылу кезіндегі беріктігі
бойынша ШИЦ тек композициялық пломбалық материалдардан,
компомерлерден және тіс тіндерінен (кіреуке, дентин) кейін
пломбалық материалдар қатарына жатады.
6. Жылулық кеңейю коэффициенті кіреуке және дентиннің
коэффициентіне жақын, сондықтан ауыз іші температурасы өзгерген
кезде пломба мен қуыс жиегі бір-бірінен ажырамайды және жақсы
жабысып тұрады.
7. Жылуөткізгіштігі төмен. Барлық стоматологиялық пломбалық
материалдардың ішінен ШИЦ-дің жылуөткізгіштігі ең төмен болып
келеді.
8. Қышқылдар әсеріне төзімді.
9. Серпімділік модулі төмен. Бұл ШИЦ-дің қасиеті оларды композиттік
материалдар реставрациясының астына төсеніш немесе негіз
ретінде қолдануға мүмкіндік береді. ШИЦ композиттік пломбалардың
шөгу (отыру) кезінде материалда болатын ішкі кернеуін қалпына
келтіреді және пломбаның деформациясына кедергі жасайды.

28.

10. Полимеризациялық отыруы төмен.
11. Эстетикалық мінездемелері қанағаттанарлық.
12. Түсінің тұрақтылығы.
13. Қатаю кезінде жылудың шамалы бөлу.
14. Рентгенконтрасттілік.
15. Басқа стоматологиялық материалдармен үйлесімді
(композициялық пломбалық материалдарымен, амальгамамен,
компомерлерімен). Осы қасиетіне байланысты ШИЦ-ді «сэндвич»
техникасында қолдануға болады.
16. Амальгама және композициялық пломбалық материалдарға
қарағанда қолдануда жеңіл.
17. Салыстырмалы түрде арзан. ШИЦ композициялық пломбалық
материалдардан шамамен 4 есе арзан.

29.

Жетіспеушіліктері:
1. Қатаю кезінде ылғалға сезімтал.
2. Баяу қатаяды (химиялық жолымен қатаятын ШИЦ).
3. Рентген сәулелерді өткізеді (кейбір ШИЦ-не тән).
4. Пломба түсі 24 сағаттан кейін қалпына келеді.
5. Пломбаны тек 24 сағаттан кейін, келесі қабылдауда
өндеуге болады (дәстүрлі ШИЦ).
6. Эстетикасы жеткіліксіз (нығайтылған ШИЦ).
7. Сыңғыштық, сондықтан көп шайнау қысымы түсетін
қуыстарға қолдануға ұсынылмайды.
8. Жылтырлығы төмен.
9. Жылтыратуға қиын келеді.

30.

10. Гидрофилділік (сутартқыш) (аса кептірмеу, спиртпен
өндемеу керек). Дентиннің аса көп кептіруі немесе ШИЦтті араластыру кезінде ұнтақ пен сұйықтықтың қатынасын
сақтамай, ұнтақтың көбірек алуы дентин өзекшелеріндегі
сұйықтықтың тез жылжуына, одонтобласттардың дентинге
қарай аспирациясына, нерв талшықтарының созылуына
және олардың тітіркендіруіне, тістің жоғары
сезімталдығына әкеледі (сурет).

31.

Шыныиономерлі цементтерімен
жұмыс істеу негізгі ережелері
1. Тісжегі қуысының егеп-тазалау Блек бойынша классикалық үлгіден
ажыратылады:
• тістің сау тіндерін алдын ала алып тастаудың қажеті жоқ;
• ретенциялық пунктті, ойықтарды жасаудың қажеті жоқ;
• кіреуке шетінде фальц жасаудың қажеті жоқ, оны тек финирмен
өндейді;
• тістің сынатәрізді ақау мен эрозияларын егеп-тазаламайды, тек
қақты абразивті қойырпақпен тазартады;
• қуыс терең болса, ішіне кальций гидроксиды негізіндегі емдік
қойырпақты салады.
2. Материалдың түсін таңдағанда пломба қатаю кезінде түсінің қараюы
ескеру қажет.
3. Цементтің тіс тіндеріне жақсы жабысу үшін, кіреуке мен дентин беті
таза болу қажет. Сол себептен қуысты арнайы затпен кондиционермен (қышқылмен) өндейді. Ол үшін әдетте 10-25%
полиакрил қышқылы қолданылады. Қуыстың кондиционермен өндеу
уақыты – 10-15 сек.

32.

4. Пломба бетін және тіс тіндерін көп кептірмеу (ШИЦ –
гидрофилді материал).
5. Араластыру:
• тегіс шыны бетінде немесе арнайы қағаз бетінде 30-60 сек
ішінде;
• пластмассалық шпатель қолданылады (ШИЦ металлға
жабысады) (сурет);
• ұнтақ 2 порциямен сұйықтыққа апарылады;
• әрбір порциясы 20 сек ішінде араластырылады.

33.

6. Материалды пластмассалық аспаппен апару қолайлы
болып табылады. Жұмыс уақыты – шамамен 2 мин.
7. Қатаю уақыты: бекіту үшін цементтердің – 4-7 мин.,
төсеніштерге арналған цементтердің – 4-5 мин., қалпына
келтіруші цементтердің – 3-4 мин.
8. Қойылған пломба ауыз сұйықтықтан арнайы лакпен
ажыратылады.
9. Пломбаның қорытынды өндеу 24 сағаттан кейін
жүргізіледі.

34.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules