Similar presentations:
Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі
1.
БОӨЖТақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі
Орындаған: Әзімхан Ақжан
Курс: 1
Топ: 102Б
Факультет: Жалпы медицина
Қабылдаған: Өтеуова Ұлдана
КІРІСПЕ
Жасуша – тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым
бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі. Сондай-ақ жасуша биофизикасының
маңызды бөлігі-мембрана биофизикасы. Биологиялық мембрана – жасушаны
қорғайтын, қоректендіретін, жасушааралық байланысты түзейтін, нерв
импульсін жүргізетін жасушалар арасындағы кеңістік. Биомембраналардың
физикалық, химиялық және физика-химиялық қасиеттері олардың белгілі бір
функцияларды орындауын қамтамасыз етеді, оларсыз организмнің өмір сүруі
мүмкін емес.
Негізгі бөлім
1.Биологиялық мембрананың негізгі үш қызметі.
Биологиялық мембраналарды негізгі 3 түрге бөліп қарастырамыз:
механикалық, бөгеттік(тосқауылдық) және матрицалық. Механикалық
қызметі – тұтас жасушаның да, жасушаішілік органеллалардың да
морфологиялық тұтастығын және салыстырмалы автономиясын сақтау. Ол
ең алдымен мембраналық құрылымдардың механикалық қасиеттеріне
негізделген. Бөгеттік функциясы биомембранадан керексіз бөлшектердің
2.
еніп кетуінен қорғайды. Яғни, ол кезде қоршаған орта мен жасушаныңарасында таңдамалы, кезекпен белсенді және енжар зат алмасу жүреді.
Матрицалық функция биомембрана рецепторлардың өзара әрекеттесуін,
метаболикалық реакцияларды, энергияны тасымалдауды және басқа да
метаболикалық процестерді кеңістіктік ұйымдастыруды қамтамасыз ететін
рецепторлық ақуыздар, ферменттер және басқа физиологиялық белсенді
заттар үшін матрица қызметін атқарады. Сонымен қатар мембраналар
мынадай қызметтер атқарады: энергетикалық, бұл арқылы биологиялық
мембранада АТФ синтезделуі, биопотенциалдардың пайда болуына
мүмкіндік алады. Рецепторлық, мұндай қызмет арқылы мембрана басқа
жасушаларды, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерін сезуге, заттарды танып
білуге мүмкіндік алады.
2. Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі
Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалы белсенді және енжар болып
екі түрге бөлінеді. Белсенді тасымалдау - заттардың арнайы энергия
пайдаланып электрохимиялық градиентке қарсы ауысуы, энергия
шығындайды. Ол кезде заттың таралымы концентрациясы аз орыннан көп
орынға ауысады. Ол біріншілік және екіншілік активті транспорт болып
жіктеледі. АТФ ыдырау қуаты пайдаланылса біріншілей активті тасымал,
басқа заттардың концентрация градиенттері қолданылса екіншілей активті
тасымал болады. Екіншілей активті тасымал: унипорт жағдайында
мембранада зарядталған бөлшектердің потенциалдың шамасы аз жағына
электр потенциалының градиентінің болуынан бір бағытта тасымалданады.
Симпорт механизмінде зарядталған иондардың бір жаққа тасымалы жүріп
отырады. Осыдан тасымал иондардың біреуі концентрация градиентімен, ал
екіншінің тасымалы бірінші ион тасымалы туғызған электр потенциалымен
жүзеге асады. Антипорт үрдісінде бірдей зарядталған иондардың екі типінің
әртүрлі жаққа тасымалы жүзеге асады. Сонымен қатар белсенді тасымалға
жатады: фагоцитоз, пиноцитоз, калий-натрий насосы және везикулярлы
транспорт. Қатты денелер тасымалы – фагоцитоз және ерітінділер тасымалы
– пиноцитоз болады. Сондай-ақ тасымал бағыты бойынша мына түрге
3.
бөлінеді: эндоцитоз – заттардың жасуша ішіне тасымалдануы, экзоцитоз заттардың жасушадан сыртқа тасымалдануы. Екінші тасымал түрі - енжартасымалдау. Егер зат тасымалы электрохимиялық потенциалдың кемуімен,
яғни энергия шығынын қажет етпейтін болса, ол тасымал енжар тасымал деп
аталады. Оған осмос, қарапайым диффузия, жеңілдетілген диффузия жатады.
Жеңілдетілген диффузия - заттардың мембрана арқылы қосымша энергия
жұмсамай өтуі. Әдетте бұл заттардың электрлік және химиялық градиенті
бойынша жүретін процесс. Яғни, заттардың көптеп ағзаға қарай бағытта
таралуы. Қарапайым диффузия болса, концентрациясы жоғары ортадан
концентрациясы төмен ортаға қарай заттардың өтуі, яғни заттардың ауысып
өтуі концентрация градиентіне (айырмашылығына) байланысты іске асады.
Осмос дегеніміз жартылай өткізетін мембрана арқылы аз концентрациялы
алабтан жоғары алабқа су молекуласының тасымалдануын айтамыз.
Қорытынды
Тақырыбымызды қорытындыласақ, менің ойымша мембрана биофизикасы
медицина үшін ең маңызды жасуша биофизикасының негізгі бөлімі болып
саналады. Өйткені адам ағзасындағы көптеген үрдістер биологиялық
мембрана арқылы жүреді және іске асады. Мембраналар жасушаны қорғауды
қамтамасыз етеді, зат алмасуды реттейді, заттардың таңдамалы
тасымалдануын қамтамасыз етеді және сигнал беру жолдарына қатысады.
Жалпы айтқанда биологиялық рөлі өте зор. Биологиялық мембраналардың
біздің денсаулығымыз, қоршаған орта және ғылыми түсінік үшін
маңыздылығы сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер:
Көшенов.Б. Медициналық биофизика: кітап АЛМАТЫ «Қарасай» 2011 ж