Similar presentations:
Пациент пен отбасына реабилитация тәсілдерін үйрету
1.
Қызылорда медициналықжоғары колледжі63-топ, «Мейірбике ісі» қолданбалы бакалавриат
Пациент пен отбасына
реабилитация тәсілдерін
үйрету
Курс атауы:
«Функционалды мүмкіншіліктерді жақсарту»
Курс жетекшісі: Жундабекова С.С
Орындағандар: Мырзабек Айдана
Матова Бақытгүл
Өтепбергенова Гүлжанат
Саим Ләйлә
Тәңірберген Айкүміс
Қызылорда 2017жыл
2.
Реабилитация – адам денсаулығын қалпына келтіретін, оның ең биіккежәне әлеуметтік, өмірлік интеграциялайтын көп текті үрдіс.
Реабилитация аспектілері медициналақ физикалық, психологиялық.
Профессионалды және әлеуметтік экономикалық болып бөлінеді.
Медициналық және физикалық реабилитацияның мақсаты: аурудың
еңбекке қабілетілігін және денсаулықты ерте және толық максималді
қалпына келтіру.
3.
Медициналық реабилитацияЕмдік денешынықтыру
Физиотерапия
Психотерапия
Ем - дәммен емдеу
Дәрілік емдеу
Косметикалық және қалпына келтіру хирургиясы
Комплементарлық әдістері (акупунктурлық емдеу, мануалдық емдеу,
фитотерапия, гомеопатия) болып табылад
4. Реабилитациялық шаралар
РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРМи - қантамыр жүйесінің
бұзылуы кезінде
реабилитация
Асқорыту жүйесі бұзылысы
кезіндегі реабилитация
Жүрек-қантамыр жүйесі
бұзылысы кезінде
реабилитация
Қан жүйесі аурулары кезінде
реабилитация
Тыныс алу жүйесінің
аурулары кезінде
реабилитация
Эндокрин жүйесі аурулары
кезінде реабилитация;
Тірек – қимыл аппаратының
бұзылысы кезінде
реабиитация
Зәр шығару жүйесі
бұзылысы кезінде
реабилитация
5. Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІП ЕМДЕУДІҢ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚОҢАЛТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1) дәрі-дәрмектік (патогенетикалық) емдеу-фармакотерапия;
2) қайта ауыстыру хирургиясы (жедел құрастыру-қалпына
келтіріп емдеу және пластикалық операциялар, аорто-коронарлы
тамырластыру, жүрек қақпақшаларын және қан тамырларын
протездеу, ағзаларды қондыру және басқалар);
3) емдеудің физикалық әдістері, оның ішінде электрлік емдеу
(гальванизация, электрофорез, электросон, диадинамометрия,
амплипульстерапия, электро-стимуляция, флюктуризация,
дарсонвализация, индуктотермия, ультра жоғары жиілік
терапиясы, микротолқынды терапия, кванттық терапия,
магнитотерапия), сәулелік емдеу (инфрақызыл сәулелеу,
ультракүлгін сәулелеу, лазерлік сәулелеу), ультрадыбыспен емдеу,
сумен емдеу, бальнеоемдеу (ванналар, душтар, бассейіндегі сабақ,
құйыну, минералды сумен емдеу), жылубалшықпен емдеу
(парафиндік-озокеритоемдеу, балшықпен емдеу, емдеу-балшық
аппликациялары мен ванналары), деммен қабылдау терапиясы
(аэрозоль және аэройнотерапия, галотерапия), баротерапия,
оксигенотерапия және басқалардан;
6.
4) емдік гимнастика (жеке және топтық), ертеңгілікгигиеналық гимнастика, мөлшерленген серуендер мен таудың
басына шығулар (терренкур), спорттық жаттығулар мен
спорттық ойындардан тұратын емдік дене шынықтыру;
5) механотерапия, тракциялық емдеу, емдеудің
ортопедиялық әдістері, қолмен емдеу, гидрокинезотерапия,
жатқызып емдеу, енжар әзірлеу;
6) қолмен емдеу, массаж (классикалық, сегменттік,
нүктелік, перкуссиялық, вибромассаж және басқалар);
7) еңбек терапиясы - науқастардағы бұзылған функциялар
мен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтірудің белсенді әдісі.
Еңбек терапиясы жалпы нығайтқыш (сергіткіш), қалпына
келтіргіш және кәсіби (бұрынғыны қалпына келтіруге және
жаңа, кәсіби сапалар мен қабілеттерді, сондай-ақ еңбек
дағдыларын құруға бағытталған);
7.
8) психотерапия;9) диетотерапия;
10) емдеудің дәстүрлі және халықтық әдістері (акупунктура,
гомеопатия, фитотерапия);
11) әлеуметтік психологиялық емдеу әдістері (шынығу терапиясы, орта
терапиясы, сөйлеуді қалпына келтіру терапиясы);
12) кинезотерапия - ағзаның бұзылған функцияларын қалпына
келтіруге арналған арнайы іріктеп алынған денешынықтыру
жаттығуларының кешені;
13) эрготерапия - жеке, әлеуметтік және кәсіптік салада тәуелсіздіктің
ең биік деңгейіне жетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
14) протездік-ортопедиялық көмек - қалпына келтіру, консервативтік
және хирургиялық емдеудің кешенін, науқастар мен мүгедектерді
протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуді және оларды
пайдалануға үйретуді енгізетін медициналық-техникалық көмектің
мамандандырылған түрі;
8.
9. Пациентті оқыту
ПАЦИЕНТТІ ОҚЫТУӨзіңізге гигиеналық қолайлы жағдай жасаңыз:гигиеналық талапқа сай
өзіңізге арнайы бөлме дайындауды өтініңіз
.Бөлмені қажетті заттармен қамтамасыз етілуін айтыңыз.Бөлмені күнделікті
сүртіп,ылғалды тазалық жүргізу,күніне 3-5 рет желдетіп отыру керек.Күтімге
арналған заттарды (ыдыстар,судно,зәр қабылдағыш) күнделікті дезерітіндімен
өңдеп отыру қажет.
Өзіңіздің функциональды жағдайыңызды бақылап отырыңыз(қан
қысымы,пульс және тыныс жиілігі,дене температурасы,дене салмағы).
Тері күтімін жүргізуге туыстарыңыздан көмек сұраңыз(шаш,тырнақ,ауыз
қуысы,көз,құлақ,мүрын күтімі).Күнделікті теріңіздің тазалығын бақылап
отырыңыз. Күнделікті жуынып отыру(бет,құлақ,мойын,қол).Аптасына 1 рет
гигиеналық ванна.душ қабылдаңыз. Қолтықты,шат аралығын,сүт безінің
астына жуынғаннан кейін балалар кремін жағыңыз.10 күнде 1 рет қол,аяқ
тырнақтарын алу,2-3 күнде 1 рет шаш күтімін жасау. Төсек орны тегіс және
ыңғайлы болу 5-7 күнде төсек орнын алмастырып тұру.
10.
Уақытылы тамақтаныңыз.Күніне 4 рет,аздаған мөлшерде Тамақ ішер алдында витаминге
бай сусындар,итмұрын қайнатпаларын ішіңіз.Іш қатпасында
қажетті диета тағайындалады.Емдік клизмалар жасалады.
Ауырсынуды басу.
Дәрігер тағайындауымен ауырсынуды басатын дәрілерді
қолданыңыз.
Медикаментозды емес
ауырсынуды басатын шаралар
Ароматерапия,
вибрационды стимуляция,
жылумен және суықпен емдеу,
ЕДШ жасау,массаж,емдік ванналар қабылдау.
Физикалық күштен бөлек,есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін
логикалық жаттығулар,кроссвордтар шешіңіз және оқу сіздің
денсаулығыңызға жақсы әсер етуі ұзақ уақытты талап
етеді,сондықтан шыдамдылық танытыңыз!
Диагностикалық тексеруден өтіп тұрыңыз.
11.
Жүрек-қантамыржүйесі
бұзылысы кезінде
реабилитация
12.
Жүрек-қантамыр жүйесі бұзылысы кезіндереабилитация
Тонометр аппаратын қолдану техникасын үйрену және
күнделікке жазу
Қан қысымыңызды өлшемес бұрын 30мин ішінде ,Сіз кофе,шай ішуіңізге және
темекі шегуіңізге болмайды;
Тамақтанып болған соң,1-2 сағаттан кейін қысымыңызды өлшеуіңізге болады;
Өлшеу кезінде белсенді қимылдауға және сөйлесуге болмайды;
Қолайлы ,тыныш бөлмеде отырып өлшегеніңіз дұрыс болады;
Қан қысымыңызды өлшеу кезінде ,қолыңызды қысып тұратын киімдеріңіз
болса,босатып қойғаныңыз абзал;
13. Қан қысымын өлшеу алгоритмі
ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІӘдетте қан қысымын 2 минут аралықпен 2-3 рет өлшейді; бұл
кезде манжеттегі ауаны толық шығарып отыру керек.
1. Емделушінің жалаңаш иығына, шынтақ иінінен 2-3 см. Жоғары
тонометр манжетін салыңыз. Манжеттен жоғары киім иығын
қысасыз. Манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп байлаңыз.
2. Емделушінің қолын созылған жағдайда, алақанын жоғары
қаратып қойыңыз, бұлшық еттері бос.
3. Манометрді манжетпен қосыңыз. Манометр тілшегі шкала
белгісіндегі нөлде болуы керек.
4. Шынтақ иіні аймағындағы иық артериясынан пульсті сипап
тауып, сол жерге фонендоскопты қойыңыз.
5. Грушаның тетігін жауып, манжетке ауа жеберіңіз. Манометр
көрсеткіші бойынша манжеткадағы қысым сынап бағанасынан 30 мм
асқанша ауа жіберіңіз, осы кезде білек артериясының пульсі
анықталмайды.
14.
6. Тетікті жиып және ақырын секундына 20 мм сынап бағанасыменжылдамдықпен ауаны шығарыңыз. Осы уақытта иық артериясы
тонын фонендоскоппен тыңдаңыз және манометр тілшесінің
көрсеткіштерін бақылаңыз.
7. Иық артериясында
бірінші пайда болған дыбыстарда
систолалық қысым деңгейін белгілеңіз.
8. Диастолалық қысым көлемін белгілеңіз, ал иық артериясы
тонының толық жоғалуы сәтінен анықталады.
9. Қан қысымы көрсеткіштерін бөлшек түрінде жазыңыз
(бөлшек алымында –систолалық қысым, бөлшектік бөлімінде
диастолалық қысым)
Ескерту ! Қан қысымын 3 рет өлшеу керек. Нақты болып , орта
көрсеткіш алынады, қысымға тамыр реакциясы есептелінеді (спазм
болуы мүмкін, бұл кезде қан қысымы жоғары).
15. АГ кезіндегі дене жаттығулары
АГ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫКүнделікті физикалық жаттығу жасау –дене бұлшық етінің , ағзаның
салауатты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сондықтан физикалық
белсенділікті арттырған дұрыс.
АГ кезіндегі релаксациялық жаттығулар кезеңіне келетін болсақ , алдымен
аяқты иық деңгейіне ашып,екі қолымызды белімізге қоямыз,басымызды оң
жаққа бұрып,терең 3 рет дем аламыз және сол жаққа да осы іс-әрекетті
қайталаймыз. Келесі жаттығуымыз, қолымызды «қайшы» етіп жасаймыз,бұл
5 рет орындалады.
Ендігі жаттығудың аты»отын жару» деп аталады,ол үшін екі қолды бірбіріне айқастырамыз және төмен қарай сермейміз,5 рет қайталаймыз,содан
соң қолды айқара ашып,өз-өзімізді құшақтаймыз, бұл жаттығуды 6 рет
орындаймыз. Аяқ жаттығуына келетін болсақ,қолды белімізге қойып,аяқтың
ұшымен шеңбер жасап айналамыз, содан кейін өкшемен және жай қадам
басып айналып шығамыз да, терең тыныс шығарып тағы бір шеңбер
жасаймыз, таза ауада серуендеу,жаяу жүру,
Жүзумен шұғылдану Сіздің денсаулығыңызға пайдалы.
16.
№10 диеталық столрационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады;
тамақ суға не буға пісіріледі;
қуырлған тамақ жеуге тыйым салынады;
тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс
пайдалану ұсынылады;
тамаққа қант, бал, лимон, ванилин және т.б қосуға болады;
сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн
17.
18.
Астма мектебінің мақсаты:Бронхиалды демікпенің даму механизмдері мен
себептері және емдеу әдістері
туралы емделушілерге ұсыну.
Оқыту бағдарламасы:
Демікпе ұстамасының алдын алу, аллергенді
әрекетін жою;
Бронхиалды астма ұстамасы кезінде өздігінен көмек
көрсете білуге машықтану;
Бронхиалды астманы емдеудегі заманауи
ұстанымдар туралы ұсынымдар;
19.
Бронхиалды астманы емдеуде астмамен ауыратыннауқастың өзін бақылауға арналған күнделігі
Бронхиалды астманы емдеуде науқастардың өзін-өзі бақылауы және
қажет жағдайда өзіне күтім жасауы өте маңызды.
Астма белгілерін бағалау:
Астма белгілері әр түрлі болады:ол жөтел,тыныс алудың
қиындауы,ұйқының бұзылуы,әлсіздік.
Қандай белгілерге ерекше мән беруі керек?
Ең бірінші мына белгілерді сараптау өте
маңызды:жөтел,ентігу,тұншығу күніне неше рет болғаны,түнде дем
жептеу салдарынан неше рет ұйқыңыздан тұрғаныңыз.
Симптомдарды 3 баллдық көрсеткішпен бағалау:
0-симптомдардың болмауы,1-симптомдардың әлсіз болуы,2-анық
болған симптомдар.
Алынған мілңметті күнделікке белгілеу қажет.
Егер балл 0 мен 1-2 аралығында болса –онда жағдай жақсы, ал 3-4
және 7-8 болса жағдай көңіл аударарлық, 8 балдан жоғары болса тез
арада көмек керек.
20.
БА бақылау жүргізуБА бақылау жүргізудің ең дұрыс әрі
тиімді жолы-пикфлоуметрия.
Пикфлоуметрия-адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын
анықтайтын тәсіл.Бұл көбінесе демікпемен ауыратын науқастарға
қолданылады.Анықтау мақсатында пикфлоуметр қолданылады.
Мүмкіндіктері:
-Астмамен ауыратын науқастарды анықтау мақсатында скрининг жүргізу;
-Бронхиалды астма және басқа да өкпенің созылмалы ауруларына
дифференциалды диагностика жүргізу;
-Үй және жұмыс жағдайында тыныс жұмысын анықтауға мүмкіндік береді
21.
Пикфлоуметр қолданатын науқастраға нені үйрету маңызды?Пикфлоуметрді қашан және қалай қолданатындығын;
Нәтижелерді күнделікке қалай белгілеу керектігін;
Нәтижелер өзгерісін қалай білуге болатындығын;
Қандай өзгерістерді дәрігерге хабарлау керектігін.
Пикфлоуметрді қолдану ережесі
Науқас отырған қалыпта бірнеше рет терең дем
алып,дем шығарғаннан кейін,пикфлоуметр
мундштугын горизонтальді бағытта ерінге
тигізіп,тезірек демді шығару керек.
Нәтижелерін жазып алу керек.Күніне 2 реттен кем
емес өлшеу қажет.
22.
Пикфлоуметрдің нәтижелерін бақылағанда 3 түсті зона маңыздыЖасыл түсті зона
Жасыл түс барлығы дұрыс екенін
көрсетеді.Астманың бақылауда екендігін
көрсетеді.Бұл зонада науқастың ұйқысынң
бқзылуы болмайды,симптомдар
минимальды түрде болады.
Сары түсті зона
Сары түс сақ болу керектігін көрсетеді.Егер
түнгі уақытта симптомдар
күшейсе,жөтел,сырылдар,кеуде клеткасында
ауырсыну болса ингаляциялық симптомды
кұшейту керек.
Қызыл түсті зона
Қызыл түс қауіп-қатер белгісі болып
табылады.Осы кезде науқасты тез арада
бақылауда ұстап емді күшейту маңызды.
23.
Ингаляция деген не?Аэрозольді ингалятор-құрамында ақ немесе ақ түсті дерлік суспензия бар,
мөлшерлегіш клапанмен жабдықталған, түбі ішіне қарай жаншылған
металдан жасалған ингалятор. Ингалятордың ішкі бетінде бүлінулер
болмауы керек. Бронхиалды демікпені емдеуге арналған препараттар.
Ингаляциялық жолмен пайдаланатын
симпатомиметиктер.Түрлері:беклазон, беротек, беродуал, сальбутамол т.б.
.
Сальбутамол
Қолданылуы:Бронх кеңейткіш ретінде
12 жастан асқан балалар және ересектер
қолданады.Күніне 1-2 мг –нан 3 ретке
дейін қолдануға болады.Дозаны дәрігер
науқас қажеттілігіне байланысты
белгілейді.
Жағымсыз әсері:Артық дозада
қолданғандаперифериялық қан
тамырлардың кеңеюі,тахикардия болады.
Қолдануға болмайтын жағдай жоқ.
24.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық1.Ингалятор мундштігінен қорғаныш қалпақшасын алады. Мундштіктің таза және
құрғақ екенін тексеру қажет. Ингаляторды қатты сілку керек.
2.Ингаляторды суретте көрсетілгендей ұстап тұрып, байсалды түрде терең тыныс
алады.
3.Мундштікті ерінге қойып, оны ерінмен толық қысу қажет.
4.Ішке қарай қатты дем алу сәтінде тозаңдануды жүзеге асыру үшін ингалятордың
басын басу керек.
5.Тынысты мүмкін болғанша шығармай ұзақ ұстаған жөн.Ингаляторды еріннен
шығарып алады. Еркін және терең тыныстау керек.
6.Егер дәрінің қайталанатын ингаляциясы қажет болса, онда 2-5 тармақтарда
сипатталған әрекеттерді қайталаудың алдында жарты минут күту керек.
7.Ингаляциядан кейін мүштіктің қорғаныс қалпақшасын кигізу қажет. Шаң мен
ластанудан сақтаған жөн.
25.
Ингаляциядан кейін ауыз қуысның күтіміАуыз қуысын күнделікті қайнатылған сумен бірнеше мәрте
шайып тұрыңыз. Қайнатылған суға йод, ас содасы, тұз қосуға
болады. Тісті күніне 2 рет ысу қажет;
Ауыз қуысын шаюға арналған құралдарды қолдану қажет;
Әр 2-3 ай сайын тіс щеткасын ауыстыру қажет;
Тіс аралығын тазалау үшін флосс (тіс жіптерін) міндетті түрде
қолдану қажет;
26.
Қолдануғаболмайды
Цитрусты жемістер (апельсин,мандарин,лимон,грейпфрут
т.б.),жаңғақтар (фундук, миндаль, арахис т.б.),балық және
балық өнімдері,құс өнімдері ,шоколад және оның
өнімдері,кофе,томат,
баклажан,саңырауқұлақтар,жұмыртқа,сүт,таңқурай,қауын,
ананас,бал .Мүлдем қолдануға болмайды:алкогольдік өнімдер
Қолдануға болады Пісірілген майсыз сиыр еті,сорпа,зәйтүн,күнбағыс
майы,асылған кортоп,қарақұмық,күріш ботқалары,сүт
өнімдері –1 күндік(сүзбе,қатық),уксус, қыша,
майонез,қарбыз,алма,шай,қант,жеміс-жидек компоты,ақ нан
27.
БА тыныс жаттығуларыБіркелкі дем алу
Техника: Мұрын арқылы дем алып, ішіңізден 4-ке дейін санаңыз. Дем шығарып, қайта
4-ке дейін санаңыз. Осы темпты ұстанып, біраз уақыт жаттығу жасаңыз.
Құрсақпен дем алу
Техника: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Мұрын арқылы
терең дем алып, кеудеңізді түзулетіңіз. Минутына 6-10 терең дем алыңыз, жаттығуды 10
минут жалғастырыңыз.
28.
Мұрынмен кезек дем алуТехника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен
мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді
сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз.
Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз.
Әркелкі дем алу
Техника: Терең асықпай дем алыңыз, артынан іштің көмегімен тез, бір
сәтте демді шығарыңыз. 10 рет қайталаңыз.
Релаксация
Техника: Көзіңізді жұмып, бірінен кейін бірі бұлшық еттерді қатайтып, 23 секундтан кейін босансытыңыз. Аяқ саусақтарынан бастап, тізе, сан,
кеуде, қол, мойын, тіпті көз бұлшық еттерін жаттықтырыңыз. Жаттығу
бойы терең, асықпай дем алыңыз.
29.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететінқалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін
немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады.
Ортопноэ— өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде
отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.
30.
31.
32.
Дәрменсіз емделушіні жуындыруМақсаты: жеке тұлғалық гигиена ережелерін орындау
Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушіге күтім
жасау
Әзірле: жылы су(35-37ºС) құйылған ыдыс, жөке, сүлгі,
құмыра, клеенка, жаялық.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
- Болатын емшараның мәні мен жасау ретін түсіндіру.
- Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, клеенка мен жаялық
төсеу.
- Қолғапты сулап, артық суын сығып тастау.
- Қолғаппен маңдайын, қабақтарын, екі бетін, мұрнын, мойнын
сүрту.
- Сүлгі мен сол тәртіпте емделушінің беті мен мойынын құрғатып
сүрту.
- Жаялық пен клеенканы алып, залалсыздандыруға жіберу.
- Емделушіге ыңғайланып жатуға көмектесу.Өзін жақсы
сезінетіндігіне
көз жеткізу.
33.
012
400
240
Науқастың төсек-орнын ауыстыру
Әзірле:
•таза төсеніш жинағы;
•халат, орамал, резеңке қолғап;
•клеенка қап (лас киімге арналған)
Іс әрекеттері алгоритмі:
1. Жайманы көлденең тәсілмен орау.
2. Науқас бас бөлімін, кеудесін көтеруін өтінеміз (немесе көмектесеміз).
3. Жастықтың тысын алу.
4. Лас жайманы орау, бастан белге дейін.
5. Жайманы матрац үстіне тегістеп саламыз.Жастықты орнына қою.
Науқасты жатқызамыз.
6. Науқастың жамбасын және аяғын көтеріп, лас жайма алу, содан соң таза
жайманы тегіс күйінде жаю, шеттерін матрац астына жіберу.
7. Науқастың төсекте ыңғайлы орналасуын бақылау.
8. Көрпенің тысын ауыстыру, науқасты жабу.
9. Клеенка қапқа лас төсеніштерді салу.
10. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.
Ескерту: лас төсеніштірді бөлімшеде сақтауға болмайды.
34.
Науқастың тері күтімі және денесін ылғалдап сүртуМақсаты: терінің тазалығын сақтау, оның қалыпты қызметін қалыптастыру
Әзірле: клеенка, жайма, лоток, жылы су, 10% камфора спирті, үлкен салфетка
немесе сүлгі, ауыстыратын төсеніш, киімдер, қайшы, медициналық
қолғап
Іс әрекет алгоритмі:
•Күнделікті таңертеңгілік және кешкілік жыныс мүшелерін тазарту.
•Күнделікті қызарған жерлерді жуып, құрғатып сүрту.
•Ылғалданған шүберекпен сүртер алдында науқастың астына клеенка мен жайма
төсеу.
•Лотокқа жылы су құю.
•Емделушінің денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштау.
•Салфетканы немесе сүлгінің кішкене бөлігін суға малып алып сәл сығу.
•Емделушінің денесін төменгі реттілігімен сүрту: бетін, мойын, қолдарын, арқасын.
•Сүлгінің құрғақ бөлігімен жоғарыдағы реттілікпен науқас денесін сүрту, жайма
жабу.
•Осы тәртіппен емделушінің ішін, санын аяқтарын сүрту.
• Емделуші төсеніштерін және киімдерін ауыстыру.
• Емделушінің ыңғайлы жатқанына көзді жеткізу.
• Пайдаланған заттарды залалсыздандыру.
Ескерту: Аптасын 1 рет душ немесе ванна қабылдау керек.
35.
Ойық жараны алдын алу, емдеуМақсаты: Ойылудың алдын алу.
Әзірле: Зарарсызданған лоток,салфеткалар, мақта тампондары, пинцеттер,
10% камфорлы спиртке арналған шыны ыдыс, төсеніш, ішкі киімдер,
резеңке дөңгелек, жұмсақ жастықша, салицил спирті, әлсіз калий
перманганат ерітіндісі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Төсеніш (матрац) төсек үсті тегіс таза болуы керек.
2. Әр 2 сағат сайын науқас жатқан қалпын өзгертіп, ойылуы мүмкін
жерді тексеріңіз.
3. Төсекте қыртыс, тағам қалдығы болмауын қадағалаңыз.
4. Ішкі киімдерін ауыстырып отыр. Сегіз көздің астына резеңке дөңгелек,
шынтақ, өкше астына жастықша қойыңыз.
5. Таңертең және кешке ойылуы мүмкін жерлерді камфора спиртімен
немесе салицил спиртке батырылған салфеткамен сүртіңіз.
6. Осы ерітінділер болмаған жағдайда әлсіз калий перманганат
ерітіндісімен немесе жылы сумен сүртіңіз.
36.
Мүгедек жанға және жанұя мүшелерінепротездiк-ортопедиялық
көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен
қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң
мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйретеміз.
протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе
дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе
денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған
немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдоаударма – қандай да бір тілден дактильді әліпби және
(немесе) ымдау тілі көмегімен аудару;
сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және
олардың орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс
құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар;
техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар
мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi
салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың
орнын толтыруға бағытталған құралдар көмек ретінде беріледі.
37.
1. Мүгедектердi медициналық оңалту:1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық,
санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе
жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған
басқа да емдеу әдiстерiн);
2) қайта жасау хирургиясын;
3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.
2.Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң,
жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына
үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы)
және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, оның
iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер
ұсынуды;
4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтiк
көрсетілетін қызметтерді:
жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін – жеке көмекшi.
38.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды:медициналық-әлеуметтiк мекемелер
(ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде
көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру
ұйымдары (психологиялық-медициналықпедагогикалық консультациялар, оңалту
орталықтары, психологиялық-педагогикалық
түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау
ұйымдары және басқа да мамандандырылған
ұйымдар жүзеге асырады.
39.
40. Реабилитациялық шаралар
РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАРРеабилитациялық шаралар емханада немесе ауруханада
жүргізіледі.
Санаторлық-курорттық ем;
Диеталық тамақтану;
Физиотерапиялық ем;
Психотерапия;
Емдік жаттығулар.
41. Асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруы кезінде пациентке және оның туыстарына күтім көрсетуді үйрету.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ 12 ЕЛІ ІШЕК ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ КЕЗІНДЕПАЦИЕНТКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫСТАРЫНА КҮТІМ КӨРСЕТУДІ
ҮЙРЕТУ.
Ойық жара ауруы алғаш анықталған немесе өршуі бар пациенттер
1-1,5 ай
аурухана ішінде емделеді.
Аурудың өршуі кезінде пациент 2-3 апта төсек режимін сақтау керек.
Науқастың жалпы жағдайын бақылар отыру:науқас терісіне, пульсі, АҚ,нәжіс
түріне назар аудару.
№1 диеталық стол тағайындалады.
Дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс және уақытылы берілуін қадағалап отыру.
Науқасқа
психикалық
күш
түсірмеу.Науқастың
аландауына,
мазасыздануына,уайымдауына болмайды.
Пациент ұйқысының тыныш және толық болуын қадағалау.Кем дегенде 8 сағат
тынығуы қажет.
Темікі шегу және ішімдік қолдануға тыйым салынады.
Пациентте асқазаннан қан кеткен кезде тез арада дәрігер шақыру.Пациентті
тыныштандырып,таза ауамен қамтамасыз ету.Асқазан тұсына мұзды мұйық қою.
Пациент ауруханадан шыққан соң санаторияда курорттық ем алу ұсынылады.
Пациент диспансерлік есепке алынып,жылына 2 рет тексерістен өтуі керек.
Реабилитациялық шаралар жүргізіледі.
5 жыл бойы ауру рецидивтері болмаса пациент жазылды деп есептеледі және
диспансерлік қабылдауды қажет етпейді.
42.
Пациентті № 1 диеталық столментаныстыру
Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа),
дәнді-дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға
қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; қайнатылған құнарлығы
аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға піскен ет, балық, сыртқы
қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт,
қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл
емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан
жұмыртқа,кептірілген нан; тәтті жеміс-жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі
шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао — әлсіз.
Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға
болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану.
Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық
немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет.
43.
Пациентке тамақтану тәртібінің дұрыс болуын үйретуҚұрамында барлық қажетті элементтері бар азық-түлікті шамамен
тұтыну;Әсіресе құрамында дәрумендер мен микроэлементтер бар азықтүлікті тұтынуға назар аудару керек.
Сүрленген,тұздалған,қақталған тағамдарды,нитраттарды тұтынуды азайту.
Тамақты күніне 3 рет қабылдау және осы тамақтануға екі аралық қосымша
тамақтануды қосу керек.Кешкі асты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмей
қабылдау қажет.
Шайналуы қиын азық-түлікті үккіштен өткізу немесе ұнтақтағыш,
еттартқыштың көмегімен тарту қажет.
Асқазан-ішек жолдарының секреторлық және қозғалыстық белсенділігін бір
қалыпты ынталандыру үшін ас үлесінде тез қорытылатын азық-түлік
мөлшері көп болуы қажет.
44.
Асқазаннан қан кету кезінде көмек көрсетудіпациенттің туысқандарына үйрету
1.Жедел –жәрдем шақыру.
2.Басын қырына бұрып/құсықпен тұншығудың алдын-алу/,арқасына немесе
қырына жату жағдайы мен қатаң төсектік тәртіпті қамтамасыз ету.
3.Ауыз арқылы тағам,сұықтықты,дәрілерді қолдануды тоқтату.
4.Эпигастралды аймаққа мұзды мұйық қою,басу;
5.Пульс пен артериялды қақ қысымын минут сайын қадағалауды жүзеге асыру.
45.
Жүрек айну, құсу кезінде күтім көрсетуді пациенттуысқандарына үйрету
1.Құсық массасын аспирация болдырмайтын жағдай орнату.
2.Әр құсудан кейін ауыз қуысының гигиенасын қамтамасыз ету керек.
3.Науқасқа керекті мөлшерде сілтілі сусын қолдануды ұсыну.
4.Жайлы жағдай жасау,бөлмені жиі желдету,киім-кешекті ауыстыру,құсықты
жинау,психологиялық қолдау тәрізді жағдайлармен науқасты қамтамасыз ету.
5.Құсықты қарау,мөлшерін анықтау.
6.Дәрігердің блгілеуі бойынша құсыққа қарсы препараттарды қолдануды
қамтамасыз ету.
46.
Іш қатпасы кезінде күтім көрсетуді үйрету1.Қышқыл сүтті –өсімдік диетамен қамтмасыз ету/көкөністер,қара
нан,жемістер/.
2.Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауды қамтамасыз ету/қышқыл
сүтті тағамдар,шырындар,сілтілі минералды сусындар/.
3.Күннің бір мезгілінде науқаста дефекацияға шартты рефлекс тудыруға
тырысу/таңертең аш қарынға 1 стакан суық суды ішкеннен 15-20 минуттан
кейін/.
4.Науқасты жеткілікті қимыл белсенділігімен қамтамасыз ету.
5.Дәрігердің белгілеп бергені бойынша іш айдайтын дәрілерді беру.
47.
Қанжүйесі аурулары кезінде
реабилитация
48.
Пациентті оқытуАнемия кезіндегі дене күтімін үйрету
Тері күтімі
Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Жұмыс
жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір
шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын
қиындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар
ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит
дерті дамиды. Басқадай ірінді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері
гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні
тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны
дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа
шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім
жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы
ауру тарататын микробтар кебейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы,
гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында қол кірінің
қаншалыкты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.
49.
Шаш күтімі.Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның
сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың
байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Сондықтан да шаш
өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Әрбір адамның өзінің
тарағы болуы тиіс.
Тырнақтың күтімі
Аяқ және қол саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі
алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда
жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру жүреді. Тырнақ
қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу
гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ 0,5 мм
өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез
өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек.
50. Тамақтану ережесін түсіндіру
ТАМАҚТАНУЕРЕЖЕСІН ТҮСІНДІРУ
Және осы осы анемия кезіндегі ең маңыздысы
тамақтану болып табылады. Сіз қолданатын
тамақ рационыңызда темір құрамдас заттар
болу қажет. Темір дәрумені жеміс-жидектердің
(оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат,
құлпынай ) мен көкөністердің (қызылша, сәбіз,
орамжапырақ, көк шөп ) құрамында, ет, балық
және тауық еті құрамында көп. Сондай-ақ
асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің
пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп
қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс
пен жеміс-жидек пайдаланыңыз. Шай және
кофе дұрыс сіңіріліп организмдегі темір
мөлшеріне әсер етпес үшін тамақатанып
болған соң 1 сағаттан кейін пайдалануға
б о л а д ы . Қ ұ р а м ы н д а ко ф е и і н і б а р
тамағамдарды тамақ рационыңыздан алып
тастаңыз.
51. Жаттығу түрлерімен таныстыру
ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІМЕНТАНЫСТЫРУ
Анемия кезіндегі дене шынықтыру ең маңызды рөлді
атқарады. Себебі дене шынықтыру арқылы денедегі
қан айналым, оттегінің қан арқылы таралуы
жақсарады.Бірақ анемия кезінде аса қатты организмге
күш түсіруге де болмайды. Жеңіл спорт түрлерінен
бастаған жөн, мысалыға: таң уақытында таза ауада 30
минут 1 сағат көлемінде серуендеу, жүзумен айналысу,
орта қашықтықтарға жүгіру, аэробика ( музыка
ырғағына байланысты жаттығулар жасау), шаңғы
тебу секілді спорт түрлерімен айналысуға болады.
Және анемия кезінде физикалық жаттығумен
айналысу сүйек миынан қан клеткаларының түзілуіне
және ішектен темірдың абсорбациялануына септігін
тигізеді. Белсенді жаттығулар осы клеткалардың
түзілу коэффицентін жоғарылытады. Физикалық
жаттығулармен айналыспау анемияның ең басты
себебі болып табылады. Осы себептерді жою үшін
төмендегідей жаттығулар жасаңыз
52.
53. Диабетпен ауыратындардың диетасы
ДИАБЕТПЕН АУЫРАТЫНДАРДЫҢ ДИЕТАСЫДиабетпен ауыратын толық адамдар
алдымен артық салмақтан арылуы
керек.
Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген
нан, сондай-ақ крахмал қоспалы
асбұршақ күріш, картоп және басқа да
құрамында ақуыз бар тағамдармен
тамақтанғаны жөн болады.
Диабет ауруымен зардап шегетін
ересек адамдардың алмұрт тектес
тікенекті кактустың (нопал, опантиа)
сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты
ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып,
күніге тамақ алдында үш рет 1,5
кеседен қабылдау қажет.
Тіс қызыл етін, таңдай қуысын
инфекциядан сақтау үшін тісті
тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс
болады.
54. Диабеті бар науқастардың аяғын күту ережелері
Зақымдарды дер кезінде анықтауүшін аяқты, табанды күн сайын
қарап, тексеріп тұру
Аяққа арналған кремді үнемі қолдану
керек, тек ол башпайлар арасына
тимейтін болсын
Күн сайын аяқты мұқият, зақым
келтірмей, жылы сумен сабындап
жуу
Тырнақ тек егеуішпен өңделеді,
тырнақтың бұрышына тимей,
көлденеңнен егеңіз
Мүйіздіктерді кетіретін ең қолайлы
құрал – пемза, ешқашан алмас, қайшы
қолданбаңыз;
Резеңкесі бос, мақтадан
тоқылған, жылы, таза шұлық
кию керек
Жуған соң аяқты, әсіресе башпайлар
арасын ысқыламай, орамалмен басыпбасып ақырын құрғату
Аяқ киім кимес бұрын ішін
тексеру керек
Табаны жайпақ, ыңғайлы, кең аяқ
киім кию керек.
55. Емдік –реабилитациялық физиотерапия:
ЕМДІК –РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚФИЗИОТЕРАПИЯ:
Сумен емдеу: теңіз тұзымен бальнеологиялық
ванналар, Мертвого моря тұзы, қылқан жапырақ,
йодтық-бромдық, скипидарлық, валериандық,
інжулік; озондалған су гидромассаждық процедурасы;
су асты душ-массаж; циркулярлы душ, душ Шарко;
дәрілік заттармен ингаляциялау, ароматерапия
Жылумен емдеу: парафиндік-озокериттік
аппликациялар, балшықтың жекешеленген
пакетін қолдану арқылы жергілікті балшық
процедурасы, Мертвого моря, Сакского көлі
балшықтары;
Электрмен
емдеудің барлық
түрі; жергілікті
криотерапия,
магниттіктерапия,
магниттікстимуляци
я
Жарықпен емдеу:
биоптрон, лазерлік
терапия (сонымен
қатар рефлексогенді
зоналарға
әсері,УФО;
56. Емдік физкультура:
ЕМДІК ФИЗКУЛЬТУРА:- емдік
гимнастика,
тыныстықты
қоса
- физикалық
реабилитацияны
бақылаудың емдік
гимнастикасын оқыту
- тренажерлік
залда оқыту
- омыртқаның
суасты горизонтальді
созылуы
57.
58.
Күтім жүргізетін медициналық мейірбике қадағалау қажет:• Төсек режимін, жартылай төсек режимін, диетасын, белгіленген
емшараны
• Ұйқысының дұрыс болуын, физикалық жүктемелерді шектеу
• Артериялық қан қысымын, диурезін, ісіктің болуын бақылау
• Аурудың асқынуын болдырмау үшін алдын алу әдістері туралы
хабардар ету
• Қосымша ауруларды, созылмалы инфекциялық ошақтарды табу және
оларды емдеу
• Асқынуларды алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу
59.
Пациенттегі болуы мүмкін мәселелер және гломерулонефрит кезіндегімейірбикелік күтім.
Пациентте болатын мәселелер: бел аймағының ауырсынуы, ісік, температураның
жоғары болуы, бас ауруы, олигурия (анурия)
Ісік кезіндегі көмек:
Мақсат: пациент ісіктің азайғанын және дене салмағының азайғанын сезеді.
Пациентке және оның туыстарына тұзды тағам пайдалануға болмайтындығын
түсіндіру. №7 диеталық стол тағайындалады. Тағам ақуызға бай болуы қажет.
•Тері және кілегей қабатының күтімін жүргізу
•Күнделікті су балансын бақылау
•Пациентті жылы судномен қамтамасыз ету
•Төсекті жылыту үшін жылытқыш қолдану
•3 күнде 1 рет пациенттің дене салмағын өлшеу
•Дәрігер тағайындауы бойынша дәрілік препараттарды қабылдауын бақылау.
60.
ДиетотерапияТамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну
аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және
эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су
ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм
ұсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас
тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін
6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
№7 диета бүйрек ауырған кезде тағайындалады. Тамаққа тек 2-3 г
мөлшерінде тұз қосып, 800 мл сұйықтың ішуге рұқсат беріледі. Тәулігіне
желінетін тағамның құрамында 110-125 г ақуыз, 80 г май, 350-400 г
көмірсу болуы тиіс. Ал калориясы 2 500 – 2 900 ккал-дан аспағаны
жөн. Күніне 5-6 рет тамақтанады. Тағамның температурасы әдеттегідей.