283.66K
Categories: medicinemedicine biologybiology
Similar presentations:

Жұтқыншақ құрылысы және топографиясының жасқа байланысты ерекшеліктері. Патологиялық жағдайлардағы олардың маңызы

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ :ЖҰТҚЫНШАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫНЫҢ ЖАСҚА
БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ
ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
ОРЫНДАҒАН : МУХТАР ӘСЕЛ 403 “А” ЖМ

2.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖҰТҚЫНШАҚ АНАТОМИЯСЫ
2. ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
3.ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ЖАСҚА
БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3.

ЖҰТҚЫНШАҚ АНАТОМИЯСЫ
Жұтқыншақ (pharynx) – бір
жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші
жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы
байланыстырушы мүше.Адамда
жұтқыншақ омыртқа бағанасының
мойындық бөлігінің алдында –
бассүйектің астыңғы жағынан, VI
мойын омыртқалары аралығында
орналасып, одан төмен өңешке жалғасады.
Оның ұзындығы 12 – 14 сантиметр, ені 5
сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал
шырыш асты негізгі,
бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан
түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық,
ауыздық және көмейлік бөліктері болады.
Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық
бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық
бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы
көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен
көмейге өтпей өңешке бағытталады.

4.

Жұтқыншақтың мұрындық
бөлігі,pars nasalis., ол бас
сүйектің негізінен жұмсақ
таңдайға дейінгі аралықта
орналасқан.
Қабырғалары:
-Жоғарғы:сынатәрізді сүйек пен
шүйде сүйегінің төменгі бөлігі
-артқы:I-II мойын омыртқасы мен
жұтқыншақ бадамшасы
-алдыңғы қабырғасы жоқ,хоан
тесігі арқылы мұрын қуысымен
шектеседі.-Бүйір:түтік
буылтығы,torus tubarius және есту
түтігінің сыртқы тесігі, ostium
pharyngeum tubae auditivae
,сыртқы есту түтігі мен таңдай
пердесінің аралығында түтік
бадамшасында айқын байқалады.
-төменгі қабырғасы
жоқ,жұтқыншақтың ауыздық
бөлігіне жалғасады.
Жұтқыншақтың ауыздық
бөлігі ол жұмсақ таңдай
мен көмей
бөбешігінің,epiglottis
аралығында орналасқан.
Қабырғалары:
-Алдыңғы қабырғасы
жоқ,аран арқылы
меншікті ауыз
қуысымен
байланысады.
-Артқы :1-2 мойын
омырқаларымен;
-Жоғарғы,төменгі
қабырғалары жоқ,
себебі жұтқыншақтың
мұрындық және
көмейлік бөліктеріне
жалғасады.
Жұтқыншақтың көмейлік
бөлігі,pars laryngea ол көмей
қақпағының тұсыннан
басталып,6-мойын
омыртқасының тұсында өңештің
мойындық бөлігіне жалғасады.
Қабырғалары:
-Алдыңғы:көмеймен
шектеседі,мұнда
жұтқыншақтың
алмұрттәрізді орналасқан
қалтасы,recessur piriformis
айқын байқалады;
-Жоғарғы және төменгі
қабырғалары жоқ,ол
жоғарыда жұтқыншақтың
ауыздық бөлігіне,төменде 6
мойын омыртқасының
тұсында өңешке жалғасады.

5.

6.

Жұтқыншақтың айналасында іші болбыр клетчаткалы
кеңістіктер бар, оларға қабыну құбылысы тараған
кезде ауыр асқынулар болуы мүмкін:
1. Жұтқыншақ арты
кеңістігі (заглоточная пространство)
3.Жұтқыншақ маңы
2.Таңдай
жалпақ саңылау түрінде жұтқыншақтың
кеңістігі (окологлоточное
бадамша без
артқы қабырғасымен және омыртқаның
пространство) – жұтқыншақтың
ЖҰТҚЫНШАҚ
АРТЫ(шелді
КЕҢІСТІК
ІРІҢДІГІНЕ ӘКЕЛЕДІ.
алдындағы фасциясы
қабық)
маңы
бүйір бетінде (сыртында)
арасында орналасады, бұл кеңістік
ҚОРШАП
кеңістігі (паратон орналасқан, олар клетчаткамен
борпылдақ
дәнекертіндермен
ЖАТАДЫ
ЖӘНЕ
ІШІ БОЛБЫР КЛЕТЧАТКАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛАДЫ.
толтырылған. Жұтқыншақ маңы
толтырылған. Кеңістік бүйір
зиллярлық
кеңістігі – тіс жақсүйек жүйесі
жақтарынан фасциалды тармақтармен
кеңістік)

шектелген, бұл тармақтар омыртқаның
ағзаларымен тікелей қатынаста
алдындағы фасциясынан
жұтқыншақтың
болады, бұнымен нерв-қантамыр
жұтқыншақтың қабырғасына барады.
ірі бағандарының қосынды
бүйір қабырғасы
Бұл кеңістік бассүйектің түбегейінен
өрімдері өтеді және бұнда
мен капсуласы
басталып төмен жұтқыншақтың
мойынның негізгі лимфалық
артымен өңешке дейін өтеді, бұнда
арасындағы
түйіндері бар.
оның клетчаткасы өңеш арты
болбыр
кеңісік.
клетчаткасына, сонсоң көкірек арты
клетчаткасына ауысады.

7.

ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ЖҰТҚЫНШАҒЫ ВОРОНКА ТӘРІЗДІ
БОЛАДЫ. ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫ ҰЗЫН ЖӘНЕ КЕҢ БОЛАДЫ. АЛ ТӨМЕНГІ
ЖАҒЫ ТАР БОЛЫП КЕЛЕДІ.
ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ЖҰТҚЫНШАҒЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 4 СМ
ЖӘНЕ ЕРЕСЕКТЕРГЕ ҚАРАҒАНДА ОМЫРТҚАДАН БІРАЗ ЖОҒАРЫ
ТҰРАДЫ. ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ МӨЛШЕРІ 2,1 – 2,5СМ,
АЛДЫҢҒЫ-АРТҚЫ 1,8СМ.
ЕСТУ ТҮТІГІНІҢ КЕҢ САҢЫЛАУ ТӘРІЗДІ ЖҰТҚЫНШАҚТЫҚ БӨЛІГІ –
ҚАТТЫ ТАҢДАЙ ДЕҢГЕЙІНДЕ АШЫЛАДЫ. БҰЛ БӨЛІК 2-4 ЖАС
АРАЛЫҒЫНДА ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ АРТҚА ОРНАЛАСАДЫ, АЛ 12-14 ЖАС
АРАЛЫҒЫНДА ДОМАЛАҚ ТҮРГЕ АУЫСАДЫ.
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ТӨМЕНГІ БӨЛІГІ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕ III
ЖӘНЕ IV МОЙЫН ОМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ДИСК БОЙЫНДА
ОРНАЛАСАДЫ.
БАЛА 11-12 ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕ V-VI МОЙЫН ОМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ
АРАСЫНДА, АЛ ЖАС ӨСПІРІМ ШАҚТА VI- VII МОЙЫН
ОМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ОРНАЛАСАДЫ.
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ МҰРЫНДЫҚ БӨЛІГІ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕ
ҚЫСҚА БОЛАДЫ. ОНЫҢ МӨЛШЕРІ БАЛА 2 ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕ ЕКІ ЕСЕ
ҮЛКЕЙЕДІ ЖӘНЕ ТЫҒЫЗДАЛАДЫ.

8.

ЖҰТҚЫНШАҚ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ СӨЙЛЕУ ҚЫЗМЕТІ КӨМЕЙДЕ ПАЙДА БОЛҒАН (БАСТАЛҒАН) ДЫБЫСТАРДЫ
ЖАҢҒЫРТУДАН ТҰРАДЫ. ДАУЫС ТЕМБІРІНІҢ (ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ) ҚАЛЫПТАСУЫ КӨМЕЙ,
ЖҰТҚЫНШАҚ, МҰРЫН, ОНЫҢ ҚОСАЛҚЫ ҚОЙНАУЛАРЫНДА ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСТАРЫНДА ПАЙДА
БОЛАДЫ. ЖҰТҚЫНШАҚ ҚУЫСЫ ӨЗІНІҢ КӨЛЕМІН ЖӘНЕ ФОРМАСЫН ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ, АЛ ЖҰМСАҚ
ТАҢДАЙДЫҢ ҮЛКЕН ҚОЗҒАЛМАЛЫ БОЛУЫ – ДЫБЫС ТЕРБЕЛІСТЕРІНІҢ ҚОЗҒАЛЫС БАҒЫТЫН
ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН, ДӘЛ СОЛ ЖАҒДАЙЛАР ДАУЫС БОЯУ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҮНДЕРІНІҢ
ҰЛҒАЮЫНА МҮМКІНДІК ТУҒЫЗАДЫ. КӨМЕЙДЕ ДЫБЫС БЕЛГІЛІ БИІКТІКТЕ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛЫҚТА
ЖАСАЛЫП ШЫҒАДЫ, АЛ ДАУЫСТЫ ЖӘНЕ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ НЕГІЗІНЕН АУЫЗ
ЖӘНЕ АЗ ШАМАДА ЖҰТҚЫНШАҚ ҚУЫСТАРЫНДА ПАЙДА БОЛАДЫ. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫ
ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙ МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚТЫ АУЫЗ ҚУЫСЫНАН ҚАЛҚАЛАЙДЫ,
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙ БОС ТҮСКЕН МЕЗГІЛІНДЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ.
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ТЫНЫС АЛУ ҚЫЗМЕТІНЕ ОНЫҢ БАРЛЫҚ БӨЛІКТЕРІ ҚАТЫСАДЫ, БІРАҚ
МҰРЫННЫҢ ӨТКІЗГІШТІК ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ТЫНЫС АЛУ АУЫЗ АРҚЫЛЫ
ОРЫНДАЛАДЫ, СОЛ СИЯҚТЫ СӨЙЛЕСУ ЖӘНЕ ӘН САЛУ КЕЗІНДЕ Т.Б. АУА МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ
АРҚЫЛЫ ӨТПЕЙДІ, АЛ БІРДЕН ЖАРТЫЛАЙ ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ОРТАҢҒЫ БӨЛІГІНЕ БАРАДЫ.
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ҚОРҒАНЫШТЫҚ (ҚАРСЫЛЫҚ) ҚЫЗМЕТІ МЫНАДАН БЕЛГІЛІ, ОҒАН БӨГДЕ ДЕНЕ
НЕМЕСЕ ЖАҒЫМСЫЗ ТІТІРКЕНДІРГІШ ЗАТТЕКТЕР (ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕРМИЯЛЫҚ) АБАЙСЫЗ ТҮСІП
КЕТКЕНДЕ ЖҰТҚЫНШАҚ МУСКУЛАТУРАСЫНЫҢ РЕФЛЕКСТІ ЖИЫРЫЛУЫ (ҚЫСҚАРУЫ) ПАЙДА
БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САҢЫЛАУЫ ТАРЫЛАДЫ, БҰНЫҢ ӨЗІ ТІТІРКЕНДІРГІШ ЗАТТЕКТЕРДІҢ КӨБІРЕК
ТЕРЕҢ ЕНІП КЕТУІН ТОҚТАТАДЫ. МҰРЫН ҚУЫСЫНАН СОҢ АУАНЫҢ ЖҰТҚЫНШАҚТА ЖЫЛЫНУЫ
ЖӘНЕ ШАҢ-ТОЗАҢНАН ТАЗАЛАНУЫ ЖАЛҒАСАДЫ, БҰЛАР ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ҚАБЫРҒАСЫН
ЖАБАТЫН СІЛЕМЕЙДЕ (ЖАЛҚЫҚТА) ЖАБЫСЫП ҚАЛАДЫ ЖӘНЕ БҰЛАРМЕН БІРГЕ ҚАҚЫРЫНЫП
ТАСТАЛЫНАДЫ ЖӘНЕ СІЛЕМЕЙ (СЛИЗЬ) ТҮКІРІКПЕН БІРГЕ ЖҰТЫЛЫНЫП АСҚАЗАНДА СОҢҒЫ
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУҒА ҰШЫРАЙДЫ. СОЛ СИЯҚТЫ ҚОРҒАНЫШТЫҚ РОЛДІ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҚТЫҢ
ҚАН ТАМЫРЛАРЫНАН ЖӘНЕ ЛИМФАДЕНОИЛЫҚ ТІНДЕРДЕН АУЫЗ ЖӘНЕ ЖҰТҚЫНШАҚ
ҚУЫСТАРЫНА КІРЕТІН ЛЕЙКОЦИТТЕР МЕН ЛИМФОЦИТТЕР АТҚАРАДЫ.

9.

ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ:
АРТЕРИЯСЫ. ЖҰТҚЫНШАҚТЫ ЖОҒАРЫЛАҒАН
ЖҰТҚЫНШАҚ АРТЕРИЯСЫ,A. PHARYNEA
ASCENDENS,(СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ
ТАРМАҒЫ),ЖҰТҚЫНШАҚТЫҚ ТАРМАҚТАР (ҚАЛҚАНШАМОЙЫН САБАУЫНЫҢ ТАРМАҒЫ) ЖӘНЕ БЕТ
АРТЕРИЯСЫНЫҢ ТАРМАҒЫ ЖОҒАРЫЛАҒАН ТАҢДАЙ
АРТЕРИЯСЫНАН ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.
ВЕНАСЫ. ЖҰТҚЫНШАҚТАН ВЕНАЛЫҚ ҚАН
ЖҰТҚЫНШАҚ ӨРІМІ PLEXUS PHARYNGEUS,КЕЙІН
ЖҰТҚЫНШАҚ ВЕНАЛАРЫ,VV. РHARYNGEI АРҚЫЛЫ ІШКІ
МОЙЫНДЫРЫҚ ВЕНАСЫНА, V JUGULARIS INTERNAҒА
АҒАДЫ.
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ ЖҰТҚЫНШАҚ АРТЫНДАҒЫ ЖӘНЕ
ЛАТЕРАЛЬДІ ТЕРЕҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНЕ АШЫЛАДЫ.
НЕРВТЕНУІ: IХ ЖҰП ТІЛ- ЖҰТҚЫНШАҚ НЕРВІНІҢ,Х ЖҰП
КЕЗБЕ НЕРВТІҢ ТАРМАҚТАРЫМЕН ЖӘНЕДЕ КӨМЕЙЖҰТҚЫНШАҚ ТАРМАҚТАРЫМЕН НЕРВТЕНЕДІ.

10.

ЖҰТҚЫНШАҚ ПАТОЛОГИЯСЫ
ЖҰТҚЫНШАҚ АРТҚЫ АБСЦЕССІ –
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ АРТҚЫ БЕТІНДЕГІ ТІНДЕРДЕ ІРІҢНІҢ ЖИНАҚТАЛУЫ. БҰЛ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ҚАУІПТІ БОЛЫП КЕЛЕДІ.
ЖҰТҚЫНШАҚТЫН АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА ӨҢЕШ, ТРАХЕЯ, КӨМЕКЕЙ ЖӘНЕ БАДАМШАЛАР КІРЕДІ.
ЖИІ АБСЦЕСС 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА КЕЗДЕСЕ, БІРАҚ ТА ОЛ КЕЗ-КЕЛГЕН ЖАСТА ДА КЕЗДЕСУ МҮМКІН.
ИНФИЦИРЛЕНГЕН МАТЕРИАЛ (ІРІҢ) ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ АРТҚЫ ҚАБЫРҒАСЫНДА ЖИНАҚТАЛАДЫ. АУРУ ЖҰТҚЫНШАҚТЫН
ИНФЕКЦЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДА НЕМЕСЕ ЖҰҚТЫРҒАННАН КЕЙІН ПАЙДА БОЛУ МҮМКІН
СИМПТОМДАР ТЫНЫС АЛУ ҚИЫНДАУЫ ЖҰТЫНУ ҚИЫНДАУЫ СІЛЕКЕЙ АҒУ ЖОҒАРЫ ҚЫЗБА ТЫНЫС АЛҒАН КЕЗДЕГІ
ЫСҚЫРЫҚ (СТРИДОР) ТЫНЫС АЛУ КЕЗІНДЕ ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ КІЛІУІ (ҚАБЫРҒАРАЛЫҚ РЕТРАКЦИЯ)
ТАМАҚТАҒЫ ҚАТТЫ АУРУ СЕЗІМІ БАС БҰРУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР ДИАГНОСТИКА ДӘРІГЕРГЕ СІЗДІҢ ЖҰТҚЫНШАҒЫҢЫЗДЫ
ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ БОЛАДЫ. ДӘРІГЕР НЕМЕСЕ МЕЙІРБИКЕ ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ АРТҚЫ ҚАБЫРҒАСЫН МАҚТАЛЫҚ ТЫҒЫНМЕН
АҚЫРЫНДАП СҮРТЕДІ. БҰЛ ПРОЦЕДУРА ЖҰТҚЫНШАҚТАҒЫ ДАҚЫЛДЫ ТЕКСЕРУ ҮШІН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСІ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БАСҚА ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ: ЖАЛПЫ ҚАН АНАЛИЗЫ (ЖҚА) МОЙЫННЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯСЫ
(КТ) МОЙЫННЫҢ РЕНТГЕНОГРАФИЯСЫ ЕМІ ЗАҚЫМДАЛҒАН АЙМАҚТЫ ТАЗАЛАУ ҮШІН ХИРУРГИЯЛЫҚ ӘДІС ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
КЕЙДЕ ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ ІСІНУІН АЗАЙТУ ҮШІН КОРТИКОСТЕРОИДТАР ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ. АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ
ДОЗАСЫ ТАМЫРІШІЛІК ЕНГІЗУ ИНФЕКЦИЯ ЕМІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ОСЫЛАЙ, ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫ ІСІНУ КЕЗІНДЕ
БІТЕЛМЕЙ ҚОРҒАНЫСТА БОЛАДЫ. БОЛЖАМЫ БҰЛ АУРУ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЖЕТ
БОЛАДЫ. БҰЛ ЖАҒДАЙ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫН БІТЕУ МҮМКІН. ОЛ ӨМІРГЕ ҚАУІПТІ. УАҚЫТЫНДА БАСТАЛҒАН ЕМ ТОЛЫҚ
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ. АСҚЫНУЛАР ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ ОБСТРУКЦИЯСЫ (БІТЕЛУІ) АСПИРАЦИЯ (ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНА
ӘРТҮРЛІ БӨТЕН ЗАТТАРДЫҢ ТҮСУІ) МЕДАСТИНИТ (КӨКІРЕК АЙМАҚЫНДАҒЫ ТІНДЕРДІҢ ҚАБЫНУЫ) ОСТЕОМИЕЛИТ (СҮЙКЕТІҢ
ІШІНЕ ӨТІП КЕТЕТІН ИНФЕКЦИЯ) БҰЛ ТІЗІМ БАРЛЫҚ АСҚЫНУЛАРДЫ ҚОСПАЙДЫ. ДӘРІГЕРГЕ ҚАШАН ҚАРАЛУ КЕРЕК? ЕГЕР СІЗ
НЕМЕСЕ СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗДА ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА ЖӘНЕ ТАМАҚТАҒЫ ҚАТТЫ АУРУ СЕЗІМІ БОЛСА ДӘРІГЕРГЕ ҚАРАЛЫҢЫЗ.
ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРЫҢЫЗ, ЕГЕР: ТЫНЫС АЛУ ҚИЫНДАҒАН ТЫНЫС АЛУ КЕЗІНДЕ ЫСҚЫРЫҚТЫ
ДЫБЫСТАР (СТРИДОР) ҚАБЫРҒА АРАСЫНДАҒЫ БҰЛШЫҚЕТТЕР ТЫНЫС АЛУ КЕЗІНДЕ КІРІП КЕТЕДІ (ҚАБЫРҒАРАЛЫҚ
РЕТРАКЦИЯ) ПРОФИЛАКТИКА УАҚЫТЫ ФАРИНГИТТІ НЕМЕСЕ БАСҚА ТЫНЫС АЛУ ИНФЕКЦИЯЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ
ЖӘНЕ ЕМДЕУ, ЖҰТҚЫНШАҚ АРТҚЫ АБСЦЕССІН ПАЙДА БОЛУЫН АЛДЫН АЛАДЫ
.

11.

ҚОРЫТЫНДЫ
СОНЫМЕН, ЖҰТҚЫНШАҚ (PHARYNX) – БІР
ЖАҒЫНАН МҰРЫН МЕН АУЫЗ ҚУЫСЫ,
ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН
ӨҢЕШ ПЕН КӨМЕЙДІҢ АРАСЫНДАҒЫ
БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ МҮШЕ.АДАМДА
ЖҰТҚЫНШАҚ ОМЫРТҚА БАҒАНАСЫНЫҢ
МОЙЫНДЫҚ БӨЛІГІНІҢ АЛДЫНДА –
БАССҮЙЕКТІҢ АСТЫҢҒЫ ЖАҒЫНАН, VI
МОЙЫН ОМЫРТҚАЛАРЫ АРАЛЫҒЫНДА
ОРНАЛАСЫП, ОДАН ТӨМЕН ӨҢЕШКЕ
ЖАЛҒАСАДЫ.

12.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Б.К.ТӨЛЕБАЕВ,Б.К.ЕРСАХАНОВА,Б.З.ЖУСУПОВ
«ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯДАН ҚЫСҚАША ОҚУ ҚҰРАЛЫ»
АСТАНА 2013 Ж
2.ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ. НАЦИОНАЛЬНОЕ
РУКОВОДСТВО + СД. – М., ГЭОТАР-МЕД. 2007. – 960 С.
3. АНАНЬЕВА, С. В. БОЛЕЗНИ УХА,ГОРЛА,НОСА:УЧЕБ ПОС.
ДЛЯ ВУЗОВ/С.В.АНАНЬЕВА.-РОСТОВ
Н/Д:ФЕНИКС,2003,2005.-416С.
4. ПАЛЬЧУН, В.Т. ПРАКТИЧЕСКАЯ
ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ:УЧЕБ. ПОС.ДЛЯ
МЕДВУЗОВ/В.Т.ПАЛЬЧУН,Л.А.ЛУЧИХИН,М.М.МАГОМЕДОВМ.:МЕДИНФОРМАГЕНСТВО,2006.-368С.
5. КОЗОРЕЗ, Е.С. ЛОР-ЗАБОЛЕВАНИЯ:УЧЕБ.ПОС.
ДЛЯМЕДВУЗОВ/ Е. С. КОЗОРЕЗ.- М. :ВЛАДОС-ПРЕСС,2005.223С.

13.

КЕРІ БАЙЛАНЫС
ОСЫ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ҚЫСҚАША ТЕСТ СУРАҚТАРЫ:
1-ФАРИНГИТТІҢ ҚАЙ ТҮРІНДЕ ЖҰТҚЫНШАҚ АРТЫНДА ҚЫЗҒЫЛТ ГРАНУЛАЛАР БОЛАДЫ?
1.ГРАНУЛЕЗДІ
2.АТРОФИЯЛЫҚ
3.ГИПЕРТРОФИЯЛЫҚ
4.ЖЕДЕЛ
2- ТАҢДАЙ ИНІНДЕРІНЕ ТАРАЙТЫН БАДАМШАЛАРДАҒЫ СҰРГЫЛТ-ЛАЙ ТҮСТІ ЖАБЫНДЫ ҚАЙ
АУРУДА КЕЗДЕСЕДІ?
1- ЖЕДЕЛ ФАРИНГИТТЕ
2- СОЗЫЛМАЛЫ ФАРИНГИТТЕ
3- ФОЛЛИКУЛЯРЛЫ БАСПАДА
4- КҮЛДЕ
3- МҰРЫН-ЖҰТҚЫНШАҚ БАДАМША БЕЗІН АЛЫП ТАСТАУ ОПЕРАЦИЯСЫ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
1- ТОНЗИЛЛОТОМИЯ
2- ТОНЗИЛЛОЭКТОМИЯ
3- АДЕНОТОМИЯ
4- КОНХОТОМИЯ
4- ЛЕФФЛЕР БАЦИЛЛАСЫНА МҰРЫН МЕН ЖҰТҚЫНШАҚТАН АЛЫНҒАН ЖҰҒЫН ҚАЙ АУРУДА
ТЕКСЕРЛЕДІ?
1-ОСТРЫЙ ФАРИНГИТТЕ
2-СОЗЫЛМАЛЫ ФАРИНГИТТЕ
3-БАСПАДА
4-КҮЛДЕ

14.

5- ВАЛЬДЕЙЕР-ПИРОГОВТЫҢ ЛИМФОАДЕНОИДТЫҚ САҚИНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА
ЖАТПАЙТЫНЫ.
1 - ТАҢДАЙ БАДАМШАЛАРЫ
2 - ТҮТІКШЕЛІК
3 - МҰРЫН-ЖҰТҚЫНШАҚ
4 - АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ
6- ЖҰТҚЫНШАҚ ҚАЙДАН БАСТАЛАДЫ?
1-III IV МОЙЫН ОМЫРТҚАСЫ
2-II III МОЙЫН ОМЫРТҚАСЫ
3-I II МОЙЫН ОМЫРТҚАСЫ
4-IV V МОЙЫН ОМЫРТҚАСЫ
5-БАССҮЙЕК НЕГІЗІ
7- ЖҰТҚЫНШАҚ ҚАЙ АРТЕРИЯНЫҢ ТАРМАҚТАРЫМЕН ҚОРЕКТЕНЕДІ?
1-ЖОҒАРҒЫ ҚАЛҚАНША АРТЕРИЯСЫ
2-ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ
3- СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ
4- ЖАЛПЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ
5- БҰҒАНА АСТЫ АРТЕРИЯСЫ
8. ЖҰТҚЫНШАҚТЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІНЕ ЖАТПАЙТЫНЫ ҚАЙСЫСЫ?
1-РИНОСКОПИЯ
2-МЕЗОФАРИНГОСКОПИЯ
3-МҰРЫН-ЖҰТҚЫНШАҚТЫ САУСАҚПЕН ТЕКСЕРУ
4-ТУРА ЕМЕС ЛАРИНГОСКОПИЯ
5-ТРАХЕОБРОНХОСКОПИЯ

15.

ЖАУАПТАРЫ
1-1
2-4
3-2
4-4
5-4
6-5
7-3
8-5
English     Русский Rules