Similar presentations:
Қол генераторы
1.
№22 жалпы орта білім беретін мектебіҒылыми жоба
«Қол генераторы»
8 сынып оқушысы: Секен Ерасыл
Жетекшісі: Сман Мадина
2.
3.
КіріспеАдам біздің өркениетіміздің ең жоғары құндылығы ретінде бірқатар ғылыми
пәндерді оқиды: биология, антропология, психология және басқалар. Алайда,
физикасыз адам құбылысы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру мүмкін
емес. Физика қазіргі жаратылыстану ғылымдарының көшбасшысы және
ғылыми-техникалық прогрестің негізі болып табылады және бұл үшін
жеткілікті негіз бар. Физика кез-келген жаратылыстану ғылымдарына
қарағанда адам танымының шекарасын кеңейтті.
4.
• Бүгінгі зерттеу жобалау жұмысымда жергілікті жерде қолданылатын электргенераторын қолмен айналдыру арқылы ток алуға болатынын толығымен
ашуға тырысамын. Адам өмірінде жарықтың маңызы өте зор. Қозғалтқыштар,
қыздыру шамдары сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды
пайдалануымыз қажет.
• Зерттеу жобалау жұмысымда баяндалған қол генераторынының жұмыс істеу
принціпін біліп қана қоймай, оны тұрмыста пайдаланудың қажеті бар екеніне
назар аудармақпын. Болашақта генераторларды үй жағдайында пайдаланып,
зерттеп, халық игілігіне пайдалануға үлес қосуды парызым деп санаймын.
5.
Негізгі бөлім• Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр
энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Электростатикалық
машиналар, термобатареялар, күн батареялары, т.б. генераторға жатады.
Индукциялық токтың генераторы – механикалық энергияны электр
энергиясына айналдыратын құрылғы.
6.
• Электрқозғалтқыш• Электр қозғалтқышы – электр энергиясын мех. энергияға
түрлендіруге арналған машина.
• Оның тұрақты және айнымалы токқа арналған түрлері бар.
7.
Қол генераторын жинақтау• Қол генераторын жинау екікезеңнен тұрды.
• 1) Сұлбасын дайындау, құрастыру.
• 2) Қыздыру шамын қосып тексеру.
• Ең бірінші берілген ағаш тақташада айналытын бөлікті сызып, кесіп
аламыз.
8.
9.
• Элетрқозғалтқышты шаш кептіргіштен алып, оны рамаға резеңкі жіпарқылы жалғаймыз. Раманы қолмен айналатындай етіп ұстағыш
жалғаймыз. Рама қозғалған кезде, электрқозғалтқышқа ток беріледі.
Енді токтың бар жоғын тексеру үшін, дыбыс шығарғыштан usb
жалғанатын бөлігін шығарып алып, оны электрқозғалтқышқа
жалғаймыз. usb жалғағышқа қыздыру шамын қосамыз.
10.
Қорытынды• Мен осы зерттеу жұмысы барысында қол генераторын жалғап
тәжірибе жүзінде зерттедім. Бірақ қыздыру шамдарын жағу үшін
бұндай қол генераторлары үй жағдайында қолданылмайды. Біз оны тек
трансформатордан келетін ток арқылы аламыз. Келешекте мен бірнеше
қыздыру шамдарын параллель және тізбектей жалғап зерттеп, оны
тұрмыста және техникада пайдалануға үлес қоспақпын. Айналатын
рама мен электрқозғалтқышты жалғау арқылы ток алуға болатынын
білдім.
• Мен келешекте осы тақырыпты әрі қарай зерттегім келеді және де
бұл қондырғыны велосипед пен электрқозғалтқышты жалғап, үлкен
зауыттарда тәжірибемді әрі қарай жалғастырғым келеді.