16.87M
Category: biologybiology

Бөбекжайдағы жылыжай

1.

«№22 «Алтын бесік» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Бөбекжайдағы жылыжай
Ақтау қаласы, 2023 жыл

2.

Жылыжай (орыс. теплица, ағ
ылш. greenhouse) - жылу
сүйетін жидектер мен
көкөністерді, гүлдерді және
басқа да өсімдіктерді жыл
бойы өсіруге мүмкіндік
беретін, қорғалған,
жылытылатын, кендігі әр
алуан құрылыс.
Көшетханаға қарағанда
құралымы, жылыту жүйесі
күрделірек келеді.
.

3.

Бүгінгі таңда экологиялық білім берудің басты міндеті - экологиялық сауатты адамды ерте жастан тәрбиелеу.
Балалардың экологиялық тәрбиесінде табиғатқа эмоционалды және жағымды қатынасты дамытуға ықпал
ететін тәжірибелік, зерттеу қызметі үлкен рөл атқарады. Қалалық жерлерде тұратын балалардың көпшілігі
табиғатпен тығыз байланыста емес. Олардың барлығында ата-аналар немесе отбасы мүшелері жеке учаскіде
көкөніс дақылдарын қалай отырғызатынын, оларды күзде жинап тастайтынын, әртүрлі мақсаттарда
қолданатындығын көруге мүмкіндіктері бола бермейді. «№22 «Алтын бесік» бөбекжайы» жедел басқару
құқығындағы МКҚК-да 2020 жылдан бастап балабақша аумағында орналасқан жылыжайды жай-жайдан
іске қостық. Себебі, мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған табиғатпен таныстыру, оған қызығушылық
пен қамқорлықты тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады. Жылыжай - балаларға
өсімдіктер туралы, оларды өсіру ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтіп, байытып және бекітуге
көмектесетін тірі зертхана болып табылады.

4.

Мақсаты:
•Табиғи
биологиялық
танымдық
қызығушылықтарын
дамыту,
ұйымдастырылған іс-әрекетте алған білімдерін іске асыру;
•Көкөніс және сәндік гүлді өсімдіктерді өсіру бойынша зерттеу қызметімен
айналысу.
Міндеттер:
•Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін, ауыл шаруашылық
негіздерін ұтымды жүргізу және балабақша аумағын кешенді абаттандыруды
қалыптастыру.
•Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

5.

Алға қойылған мақсаттар мен
міндеттерді
жүзеге
асыру
үшін
жылыжайды
абаттандыру,
топырақтың құнарлы қоспасын алу,
бақша құралдары мен отырғызу
материалдарын сатып алынды.
Жылыжайда
ерте
көктемде
балабақша
учаскелері
үшін
гүл
көшеттері
өсіріледі.
Балалардың
дәрумендендірілген тамақтануы үшін
қосымша балғын жасыл шөптерді
алуға мүмкіндік болады. Балалар
ауылшаруашылық
көкөніс
дақылдарын өсіру дағдыларына ие
болады. Алынған білімді болашақта
пайдаланылатын болады.

6.

Балалар білуі керек:
-жылыжай жағдайындағы
жасанды климат өлшемдерін;
-көкөніс өсірудің негізгі
түсініктерін;
- қорғалған топырақ
жағдайында мәдени өсімдіктерді
өсіру кезінде қолданылатын
ауылшаруашылық
технологиясының кезеңдерінің
реттілігін;
-көкөніс дақылдарын өсірудің
экологиялық аспектілерін
Балалар жасап білу керек:
-агротехниканы кезең-кезеңмен
орындауды;
-қол
құралдарымен
жұмыс
істеуді;
-өзінің қыметін жоспарлауды
және ұйымдастыруды,
-жылыжайда қауіпсіз жұмыс істеу
ережелерін сақтауды;
-қорғалған
жерде
көкөніс
көшеттерін өсіруді.

7.

Белгілі бір көкөніс дақылдарының отырғызылуын өздері көре білу, оларға күтім жасау, соңғы тұқымдар мен көшеттердің
қаншалықты тез және қандай пішінге айналғанын байқау балаларға табиғатпен қарым-қатынасты сезінуге көмектеседі,
алғашқы пайдалы еңбек дағдыларын игеруге, еңбекке, жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға негіз болады.

8.

Біздің бөбекжайда жылыжай алғаш рет көкөністер соның ішінде қияр, қызанақ ектік. Балабақша ауласына көктемде
гүлазарларға әртүрлі гүлдер отырғызу үшін, қаңтар айында жылыжайға гүлдер тұқымын егіп, көшеттер алынды. Бұл балаларды
өсімдіктердің өсу жағдайымен таныстырудың тамаша нұсқасы болды, балалардың байқағыштығын, қызығушылығын дамытуға
ықпал етті, сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстарына және олармен айналысатын адамдарға деген құрметке тәрбиеледі.
Балалар біздің жылыжайда өсетін қызанақ, қияр, шалғам, салат және аскөктің өсуіне үлкен ықыласпен қарайды және
бақылайды. Біз қияр мен қызанақтың алғашқы өнімін жинадық. Ал біздің аспазшылар балабақша балаларына дәмді салат
дайындады және балалар оны түскі асқа қуана жеді.

9.

10.

Біздің жылыжайда
өскен қызанақтар

11.

Жылыжайда өскен тәтті
бұрыштар

12.

13.

Сонымен қатар жылыжайда гүл көшеттері өсіріліп, олар бөбекжай аумақтарын абаттандыруға
пайдаланылды. Балалар да өз үлестерін қосты.

14.

15.

16.

17.

18.

2021/2022 жыл
Қызанақ-7 кг
Қияр-3 кг
Болгар бұрышы-2 кг
2021/2022 ож
қияр
қызанақ
болгар бұрышы

19.

Жылдан жылға гүлдердің өсу деңгейі көбейіп келеді
70%
60%
50%
40%
30%
20%
10%
0%
2020 жыл
2021 жыл
2022 жыл

20.

Қорытынды
Алдағы уақытта басқа да көкөністер түрін және жеміс-жидек түрлерін жылыжайда
өсіруді жоспарлап отырмыз (қарбыз, қауын, құлпынай, қарақат,баялды, сәбіз т.б.)
Қарбыз
Құлпынай
Қарақат
Баялды
Сәбіз
Қауын
English     Русский Rules