854.63K
Category: sportsport

Эстафета таяқшасын төменнен және жоғарыдан беру. Әртүрлі эстафеталық қашықтықтарға жүгіру 4х100м, 4х200м, 4х400м

1.

Тақырыбы: Эстафета таяқшасын төменнен және
жоғарыдан беру. Әртүрлі эстафеталық қашықтықтарға
жүгіру 4х100м, 4х200м, 4х400м.
Жоспары:
1. Эстафеталық жүгіруге оқыту және жаттықтыру.
2. 4х100м, 4х200м эстафеталық қашықтыққа жүгіру.
3. Эстафета таяқшасын беруге және қабылдауға үйрену.

2.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұхамеджанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін
оқыту әдістемесі. – Астана, 2017.
2. Новиков П. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының
Президентінің бастамасымен жарық көрген жинақ.
– Алматы, 2008. - 56 б.
3. Онгарбаев Д.Т., Мадиева Г.Б., Якубов В.В. Основы
тактико-тактической подготовки в избраннлм виде
спорта легкая атлетика. - Алматы, 2015. – 86с.
4. Оңғарбаева Д.Т., Мадиева Г.Б, Алимханова Е.
Легкая атлетика с методикой преподавания Алматы, 2014. – 100с.

3.

Эстафеталық жүгіруге оқыту және жаттықтыру
Эстафеталық
жүгіру
бірнеше
адамнан
құрылған
команданың жүгіруі. Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру
қысқа және орта қашықтыққа бөлінеді: (4х100 м. 4х400 м.)
халықаралық
және
олимпиядалық
жарыстар
бағдарламасына енген.
Жүгірудің эстафеталық түрінің қашықтықтары:
4х-100м, 4х-200м, 4х-400м, 4х-800м, 4х-1500м
Әйелдер үшін эстафеталық жүгіру қашықтықтары:
4х-100м, 4х-200м, 4х-400м, 4х-800м;

4.

Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезекпен
жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см,
диаметрі 3-4 см болатын эстафеталық таяқшаны алады.

5.

Жүгіруші жүгіріп болғаннан кейін таяқшаны өз командасының кезекте тұрған
жүгірушіге береді. Қатарда тұрған жүгірушілер біткенше жүгіру осылай жалғаса береді.
Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны
белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру ара қашықтығы 20 м.
Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10 м екпінмен жүгіреді, бұл ең
жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар:
эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру. Эстафеталық таяқшаны беруші,
қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен
қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен
түрде артқа қозғалып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап,
таяқшаны қабылдауға даярлайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір
белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса жақсы нәтежеге жетер еді, бірақ мұндай
таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді.

6.

4х100м, 4х200м эстафеталық қашықтыққа жүгіру
Қазақстандық жеңіл атлет - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш
рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 100 метр, 200 метр
қашықтыққа жүгіруден және 4х100 метр, 4х200 метр эстафетаға жүгіруден
8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды.

7.

4х100м, 4х200м эстафеталық қашықтыққа жүгіру
Муравьев Владимир Павлович - техникалық ғылымдар кандидаты. Спорт
шебері, спортқа еңбегі сіңген шебері. 200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО
халықтары спартакиадасының жеңімпазы, 200 метрге және 4х100 метрлік
эстафетаға жүгіруден Еуропа кубогінің иегері, Дүниежүзілік чемпионаттың
күміс жүлдегері, 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионы ХХІV-Олимпиада
ойындарының чемпионы. 2 рет - Құрмет белгісі орденімен марапатталған.

8.

Қашықтыққа жүгірудің әр буын бойынша көрсеткіші:
Бастауыш сыныптар (1- 4 сыныптар). Келесі жаттығулар амалдарды
шешуге ұсынылады ұзындығы мен жиілігінің өзгеруімен жүру, әр түрлі
эстафеталар, қарапайым кедергілер арқылы жүгіру сияқты жаттығулар
ұсынылады [4;21].
Орта және жоғары сыныптарда (5- 11 сыныптар). 4х100м, 4х200м, 4х400м әр
түрлі эстафеталар [4;22].
Жүгіру барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері:
• Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны ақ және
резина аяқ киім кию керек.
• Эстафеталық жүгіру барысында тек қана өз жолымен жүгіру қажет.
• Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш,
бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
• Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
• Жүгіру, алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
• Оқытушының рұқсатымен ғана жүгіруге болады.

9.

Қорытындылай келе негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік
оқу бағдарламасында жеңіл атлетика бөлімінде 15 сағат
бөлінген. Оның ішінде эстафета таяқшасын төменнен және
жоғарыдан беру. Әртүрлі эстафеталық қашықтықтарға жүгіру
4х100м, 4х200м, 4х400м бойынша 3 сағат қарастырылған.

10.

Тапсырма:
Жеңіл атлетика
түрлерін жазып
жіберу
English     Русский Rules