Similar presentations:
Жеңіл атлетика секциясына балаларды іріктеудің әдістемелік ерекшеліктері
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
ФАКУЛЬТЕТ «ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ»
ІЗДЕНІС-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБА
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат пәні бойынша
ТАҚЫРЫП: «ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СЕКЦИЯСЫНА
БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
АВТОР:
Ачилов Т.А. – «6В01421-Білім саласындағы дене
шынықтыру-спорттық қызмет» білім беру
бағдарламасының 4 курс студенті
Тараз-2022
2.
ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ1. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СЕКЦИЯСЫНА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Тарихи шолу
1.1. Жеңіл атлетиканың пайда болу жолдары.
1.2. Жеңіл атлетика секциясының іріктелу ерекшеліктері.
1.3. Балаларды іріктеудегі дене дамуының ерекшеліктері.
2. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ.
3.
1. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СЕКЦИЯСЫНА БАЛАЛАРДЫІРІКТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке
секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық
және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық
ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983
жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының
бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл
қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943).
Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда
жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
Олар: Е.Кадяйкин,Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин,
В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан
спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар,
яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады.
Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі
Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
4.
Тарихи шолуБұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет
қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында
алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың
дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90
жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896
жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер
мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық
түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы
атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы
олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің
эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ
сынаған.
Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс
тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл
атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер
2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде
білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу
орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа
қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді.
1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды.
Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі
енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына
байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап
олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір
қарсылары болды.
Боб Бимон
5.
1.1. Жеңіл атлетиканың пайда болу жолдары.1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын
жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада
100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті
бағындырды.
Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние
жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру,
кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі
қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.
Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы)
жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және
жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар —
жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа
қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында
тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған
қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім
болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек. Жүру. Адам баласының табиғи
жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі
ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге
болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м
жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен
бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке
секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру,
үшіншісі — «шалқадан жатып өту».
6.
1.2. Жеңіл атлетика секциясының іріктелу ерекшеліктері.Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта
жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан
өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан
шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы
сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың
өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту
жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар
мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта
дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру
өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030»
бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған
педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман
талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол
ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп
танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсатмұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да
субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті
мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері
туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті
мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін
айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара
сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық
зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп
жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы
даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру
дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық
талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың
7.
1.3. Балаларды іріктеудегі дене дамуының ерекшеліктері.Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен
айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар
ауаның қосындысы.
Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың
тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде
бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады. Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды.
Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері,
ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді
жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.
Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту
кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс
жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй
тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері
ескерсе дұрыс болады.
Жасы
Балалар
6
7
10
12
15
17
Ер балалар
1200
1400
1630
1975
2600
3520
Қыз балалар
1100
1200
1460
1905
2530
2760
8.
2. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІКЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік
ерекшеліктері.
Секіру жаттығулары: Назарларыңызда оңай 5 минуттық секіру жаттығуларының топтамасы. Бұл физикалық жаттығулар аяқ бұлшық еттерін
жаттықтыруға бағытталған. Балтырдан бастап жамбасқа дейінгі бұлшық еттерді шымыр қылуға көмектесетін жаттығуларды біліп жүріңіздер.
Топтаманың әр жаттығуын басында 10 рет жасаңыз, уақыт өте жаттығуды мүмкіндігінше көбірек орындай беріңіз.Жаттығуларды музыкамен
орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.
Секіру мақсаты:
а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.
ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.
Дайындық бөлім: Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай
жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.
Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет).
Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет).
Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).
9.
ҚОРЫТЫНДЫЖеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10
жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре
жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және
ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп
шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан
оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында
қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің
айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің
айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни,
алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды.
Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.
Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп
кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа
қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият
қадағалайды.