178.19K
Category: lawlaw

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. 6-тақырып

1.

6-тақырып
Меншікке қарсы қылмыстық құқық
бұзушылықтар.
.

2.

Дәріс жоспары:
1. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар түсінігі
және түрлері.
2. Бөтен мүлікті жымқырудың түсінігі, белгілері
3. Жымқыру болып табылмайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік
қылмыстық құық бұзушылықтар
4. Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру

3.

1. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
танылады және бірдей қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік
иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді (Конституция, 6-баптың 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің арнайы бабына сәйкес
меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы болып табылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп,
иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге
беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге
және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге
құқылы.
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық
құқықтық норма мен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы
қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

4.

Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік
нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады.
Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық корғалуы үшін
қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және
колданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген.
Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін:
қылмыстық заң біріншіден - әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас ісәрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген;
екіншіден - меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей;
үшіншіден - меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін
занда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық деп мүліктің меншік
иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін
тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын
қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.

5.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық
объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын
құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың
тікелей
объектісі - меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттің, қоғамдық
ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың
меншігіне қол сұғу болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты болып азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген
бұйымдар мен мүліктер танылады.

6.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың затына адам
еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады.
Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан
осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ
болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың затына - ақша,
бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да
қозғалмалы немесе козғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық
бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және
табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік
жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына
заңсыз, тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы
сипатталады.

7.

Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін
өз иелігіне заңсыз алуын алып кою деп білеміз.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылыктардың объективтік жағы
негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін
абайсызда жою немесе бүлдіру құрамының кейбір тәсілдері ғана әрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылады.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілігі
материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтік жағы заңда
көрсетілген үш элементтен:
- кұкыққа кайшы іс-әрекеттерден;
- қылмыстық кұқықтық норма диспозициясында корсетілген мүліктік зиян
ретіндегі зардаптан;
- сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы
себепті байланыстан тұрады

8.

1)
Қарақшылық
(192-бап),
қорқытып алушылық
(184-бап),
автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз
заңсыз иелену (200-бап) формальдық қылмыстық құқық бұзушылық құрамы
болып табылатындықтан олардың аякталу сәті заңда көрсетілген құкыққа
кайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстық құқық
бұзушылықтың зардабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп
танылады.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар субъективтік
жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады,
тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кінәнің
абайсыздык нысаны арқылы істеледі. Меншікке қарсы қылмыстық құкық
бұзушылықтардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік
ниет және максат жатады.

9.

Меншікке
қарсы
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың
құрамдарының субъектісі болып 14 ке толған адамдар танылады.
кейбір
Бұған жататындар: ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші
бөліктері), мал ұрлау (188-1-баптың екінші, үшінші және төртінші
бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері),
қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші,
үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде
автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз
құқыққа сыйымсыз иеленіп алғаны (200-баптың екiншi, үшiншi және
төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін
қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың екiншi және үшiншi
бөлiктерi) үшін қылмыстарды істеу.

10.

Ал 16-ға толған адамдар ұсақ-түйек жымқыру (187-бап); сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе талан-таражға салу (189-бап);
алаяқтығы (190-бап); ерекше құнды заттарды жымқыру (193-бап); алдау немесе
сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (195- бап); көрінеу
қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып иемдену немесе өткізу (196-бап);
авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны (198-бап); онертабыстарға, пайдалы
модельдерге, өнер-кәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе
интегралдық микросхемалар топологияларына құкықтарды бұзу (199-бап),
автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз құқыққа
сиымсыз иеленгені (200 баптың 1-тармағы); жерге заттай құқықтарды бұзғаны
(201-бап); ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны
немесе бүлдіргені (202-баптың 1-тармағы); ерекше құндылығы бар заттарды
қасақана жою немесе бүлдіру (203 бап); бөтен адамның мүлкін абайсызда
жойғаны немесе бүлдіргені (204-бап); қылмыстық құқық бұзушылық
құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.

11.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар іс-әрекеттің
істелу тәсіліне және қылмыстық құқық бұзушылық ниетке қарай бірнеше
түрге болінеді. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына
немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік
емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар
жымқыру және меншікке қарсы баска да пайдакүнемдік
қылмыстар болып екі топқа болінеді: Жымқыру, ұсақ-түйек жымқыру
(187-бап); ұрлық (188-бап); тонау (191-бап); қарақшылық (192- бап);
алаяқтық (190-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе
ысырап ету (189-бап) жатады.

12.

Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға,
ерекше құнды заттарды жымқыру (193- бап); қорқытып алушылық (194бап); автомобильді немесе көлік құралдарын жымқыру максатынсыз
құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-бап); авторлық меншік құкықтарын
бұзу (198-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік
залал келтіру (195-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті
иемденіп немесе өткізу (196-бап); мұнайдың және мұнай өнімдерінің
шығарылуының
заңдылығын
растайтын
құжаттарсыз
оларды
тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу (197-бап);
жерге заттай құкықтарды бұзу (201-бап) жатады. Меншікке қарсы
пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою
немесе бүлдіру (202-бап); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана
жою немесе бүлдіру (203-бап); бөтен адамның мүлкін абайсызда жою
немесе бүлдіру (204-бап) құрамдары жатады.

13.

Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта кінәлінің бөтен
мүлікті осы мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып
өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз алып қоюдың
және (немесе) және айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 3-бабының 17- тармағында арнайы
көрсетілген. Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға
болады. Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының
жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақты нысандары, мемлекеттік,
жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады. Талан-тараждың заты
болып адам еңбегі арқылы істелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар мен заттар,
рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады. Талан
тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған әр түрлі табиғи
байлықтар жатпайды.
Талан-тараждың объективтік жағының белгілеріне:
1) мүлікті алу,
2) мүлікті заңсыз алу,
3) мүлікті тегін алу жатады.

14.

Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды
иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне
алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның құқыққа қарсы істелуі,
яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де занды
иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады.
Мүлік жөніндегі өзінің накты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру
талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (389-бап) немесе басқа қылмыстық
құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып
табылады. Тегін алуға мүліктің ешкандай құнын төлемей алу немесе болмашы
кұнын төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру
арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы – меншік иесіне немесе
өзге де занды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал
келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген
залалдың мөлшері талан-таражға ұшыраған мүліктің, заттың құнымен
есептелінеді.

15.

Қылмыстық кодекстің 187-бабында ұсақ-түйек жымқыру туралы
түсінік берілген.
Меншік құқығында үйымға тиесілі немесе оның қарамағындагы бөтен
біреудің мүлкін үрлау, алаяктық жасау, иемденіп алу немесе талан-таражға салу
жолымен жасалған ұсақ-түйек жымқыру қылмыстық құқық бүзушылық үшін
жауаптылыққа әкеп соғады. (187-баптың 1-болігі). Ал осы баптың 2-бөлігінде
бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымкыру үшін көтеріңкі түрдегі қылмыстық
жауаптылық белгіленген.
Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін
жауапқа тартылады.
Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі негізінен заңға қайшы ісәрекетімен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс
болып табылады.
Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлінің тікелей қасақаналық
нысанымен сипатталады.
Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және
пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен мақсаттың орын алмауы іс-әрекетті талан-таражды қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жатқызуға
жол бермейді.

16.

Талан-тараждың субъектісі - 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе
ысырап ету арқылы талан-таражға салудың субъектісі болып 16-ға толған
арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен) адам
танылады.
Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қылмыстық құкық бұзушылықпен қол
сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тәсілдеріне байланысты
дараланып, жікке – нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын,
күш колданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау
тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері
істелген іс-әрекеттің коғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң
шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда жымқырудың мынадай
алты түрлі нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық,
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің
ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұксас құрамдардан ажыратылады.
Сондықтан да жымқырудың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының
заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс
саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
English     Русский Rules