Similar presentations:
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Жібек жолы
1.
Пән атауы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
Дәріс
тақырыбы: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.
Жібек жолы.
2.
ЖОСПАР:1.
Ғылым мен медицинаның дамуы
2.
Қазақстан аумағындағы Жібек жолының ірі қалалары
3.
Орта Азиядағы қала мәдениетінің гүлденуі
2
3.
Орта Азияның мәдениеті туралы түсінікОрталық Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениет пен әлемдік
мәдениет тарихында маңызды орын алады. Қарастырғалы отырған
кезең Әмір Темір және оның ұрпақтарымен байланысты. Орта Азия
және Хорасан тарихындағы IX-XII және XIV-XV ғасырлардағы қайта
өрлеу дәуіріне жоғары баға бере отырып, мәдениеттің дамуын екі
сатыға бөлуге болады:
1. IX – XII ғғ. ежелгі грек философиялық дәстүріне негізделген Таяу
Шығыстағы қайта өрлеу мәдениеті, ішінара Орталық Азияда дербес
феодалдық мемлекеттердің пайда болу процесінде жаңа
сипатта жалғасын тапты. Бұл кезең әл Хорезми, Ибн Сина, Беруни,
Махмуд Қашқари, Ахмет Игінүки, Жүсіп Хас Хожиб сынды ойшыл,
ақын, ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.
2. XIV – XVғғ. кезең Орталық Азияның өзіндік мәдениеті. Бұл дәуірде
мәдениеттің дамуы, ойлау еркіндігінің ерекше түрде қалыптасуы
жоғары деңгейде дамыды. Оның көрінісі сол заманда өмір
сүрген Ұлықбек, Қоши, Али Кушчи, Лутфи, Жами, Әлішер Науаи,
Камалетдин Бехзад және тағы да басқа ақын, ойшылдар, суретшілер
мен қоғам қайраткерлерінің қалдырған мұраларынан көрініс табады.[
3
4.
XIV ғ екінші жартысындағы мәдениетXIV ғ екінші жартысы көптеген мәдени орталықтар, мектеп медреселер, ғылыми
орталықтар бой көтерумен ерекшеленеді. Соның бірі әлемге танымал
болған Самарқандағы Ұлықбек медресесі мен обсерваториясы ғылымның дамуына өте көп
үлесін қосты. Медреселерде тек діни білім ғана емес сонымен қатар математика, логика,
астрономия, геометрия, этика, философия сынды ғылымдардан сабақ жүргізіліп, өнерге
деген құлшыныс артып, әдебиет, бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыды. Сонымен қатар
феодалдық құрылым мен рухани ұстанымдарды нығайту ісінде қуатты құрал ретінде
ислам діні орнығып, сопылық ағымы жақсы дамыған болатын.Соның бірі саяси және
этникалық өмірге көптеген өзгерістер еңгізген Орта Азия мен Иран жерінде сопылықтың
нақшбандия тариқаты кең етек жайды. И. П. Петрушевскийдің айтуы бойынша Орта
Азия, Иран және басқа да шығыс елдерінде XII – XVғғ сопылықтың 14 түрі тараған. Олар:
кубравийа, сухравардийа, маулавийа, чиштийа, шазийлиа, тайфурийа, сафавийа,
хайдарийа, бектошийа, кадирийа, ниматуллахийа, жалалийа, рифаийа, нақшбандийа. Осы
ағымдардың ішінде төртеуі (кубравий, нақшбандийа, жалалийа және қадарийа) Орта
Азияда таралып әлеуметтік және саяси өміріне көп ықпалын тигізді.Тағы бір айта
кететін жайт бұл кезең феодалдық қатынастың гүлденген бір кезеңі болып, иқта
институтының сойырғал (сыйлық, сый) әскерилендік жүйесінің кең таралуы орын алған.
Сойырғал – ұзақ жыл бойы адал қызметі үшін, соғыс кезінде батылдық пен ерлік
көрсеткендері үшін және т. б., жағдайларда марапат ретінде берілген жер телімдері. Осы
жер телімдерінен алынған салықтар да мемлекетке емес, жер иесіне берілетін болған.
Әмір Темір ұрпақтарының таққа таласуы, феодалдық қанаушылық, көптеген діни
ағымдардың өз ара тартыстары орын алғанымен Орта Азия мәдениеті мен өркениеті өз
деңгейде дамып отырды
4
5.
Жазу мен ғылымның дамуыVI- VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондайақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары
өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондайақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл
атқарғаны анық.
Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға "қажетті адамдардың аттарын, салық пен
малдың санын" есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен
жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген елші соғды Маниах
қағаннан "скиф жазуымен" жазылған хатты әкелген. "Мұның не жазу" екендігін түрік қағанатының - Бугут
көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазылған жазу бар.
Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна әріпі пайда
болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы
болғандығын білеміз. Жаңа жазба - көне түрік әліппесі - түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында
пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37
немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен
ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді. Әдеби және тарихи тұрғыдан
алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер
бірнеше топқа бөлінеді. Моңғолиядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола және Селенга өзендері
алқаптарында шоғырланған. Бұл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады:
Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор құрметіне арналған
бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы,
Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның ұсақ жазуы, сондай-ақ
соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бұл жазулар "орхон ескерткіштері" деп аталады. 5
6.
Жазу мен ғылымның дамуыТува және Минусин аймағындағы Енисей ескерткіштеріне жататын құлпытастарда,
тастарда, алтын және күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың
150 түрі белгілі болса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында тұрмыс
заттарына жазылған, әлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі.
Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар және
молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар).
Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Тұрфандағы көне құрылыстың қабырғасында жазылған 4
жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше
ірі мәтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады.
Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына - Талас алқабындағы
құлпытастардағы, теңгелердегі, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал
Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазу
жатады.
Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының бірі - баға жетпес
асыл мұрасы - жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен
Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна
мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын
дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың
жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нәтижесінде
ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік
жазбасы қалыптасқан
6
7.
“Құдатғу білік” дастаны“Құтатғу білік” ежелгі Түркстанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ
ықпалды, іргелі елдік құрған қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманда Жүсіп ХасХаджиб жазған. Ол Х ғ. соңы мен ХІ ғ. алғашқы жылдарында қазіргі қазақ елінің жер ауқымына
енетін ежелгі Баласағұн шәһарында туып өскен. Жүсіп Баласағұн айтулы этикалықфилософиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағұн қаласында бастаған бұл шығармасын
Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі әмірі Сатұқ Боғра ханға тарту етеді.
“Құдатғу білік” 6520 бәйттен тұрады және 124 бәйттің қосымшасы бар. Шығарманың жалпы
көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: ұйғұр
жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб ғарпімен жазылған каир мен намангандық нұсқалары.
“Қайырымды білім” тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма,
онда идиалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әртүрлі тап өкілдерінің мінез-құлық
ережелерін суреттейді. Білім – билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің
бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Жүсіп Баласағұнның осы
еңбегі арқылы Қарахандар дәуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық құнды пайымдаулар
түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың экономикалық, әлеуметтіктұрмыстық ахуалы, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің
әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады.
Еңбекте сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады.
“Құтты білік” атты даналық дастаны ғұлама атын күллі Тұран еліне, Шығыс әлеміне танытты.
Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бұл әдеби жәдігер он ғасырдай мерізім өткенде өз
атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді. Сол ХХІІ ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени
даму биіктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса
құнды, өміршең. “Құтты білік” – ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш
шығармасы.
7
8.
"Түркі тілдерінің сөздігі"Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы
Махмуд Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж.
жазған "Түркі тілдерінің сөздігі" («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы
бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар
жинақталып, кеңінен қамтылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" - XI ғасырдағы түркі
халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық құндылықтары мен мінезқұлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда атабабаларымыздың бұрыңғы мұралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі
зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология - исламның
элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған
"Сөздік" қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің
өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың
материалдық мәдениеті, тұрмыс-салты туралы, энонимдер мен топонимдер, рулық
бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен
сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дәндер
туралы, астрономиялық терминдер, металдар мен минералдар туралы,
географиялық терминология мен номенклатура туралы, қалалар, аурулар мен
дәрілер атаулары, тарихи және мифологиялық батырлар, діни және этникалық
терминология туралы, балалардың ойыны мен ойын-сауықтар туралы және т.б.".
Махмуд Қашғари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады:
түркі тілді фольклорлық-тұрмыс-салт және лирикалық әндер, батырлар жырынан
үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден аса мақалдар, мәтелдер және
шешендік сөздер.
8
9.
Сәулет және сән өнерiнiңескерткiштерi
Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай
ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар,
олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық
мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс
қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық
құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен
шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу,
архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері
дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін
археологиялық зертгеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті
тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған
сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын
біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен
әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады
9
10.
Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерiДіни сәулет өнері
Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен
Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі 12
ғасырдың аяғы — 13 ғасырдың басы деп белгіленді. Бірінші Акбешім
ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76х22 м. Ол мінажат
ететін орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ
апарады. Мінажат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп
жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы
қақпалы құрылыстар орналасқан. Олардың жүйесіне шаршьшап жоспарланған
кішкене шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған туғырлар
мен сокілерге мүсіндер қойылынты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы
екі тұғыр тұр, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған
болса керек. Мінажат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеленіп,
алтын жалатылған қаңылтырлары (9) табылды. Жетісудың несторианхристиандары ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде Ақбешім қала орны
шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған шіркеуден аңғаруға
болады. Жоспарлануы жөнінде бұл — кіреберісі арқамен көркемделген тік
бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36х15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа
қаратылған; батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда
жаппа жасалған. Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан. 10
11.
Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерiБейнелеу өнері
Сарайлардың салтанатқа арналған және діни орындары көбінесе
қабырғаларына сурет салып, бұйымға және алебастрға, ағашқа ою салу
арқылы безендірілген. Қостөбенің сарай кешенінен оюланған саз
бұйымдар, өрнектер мол кездесті. Сондеудің ең жақсы сақталған түрі — саз
сылақтың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Бөлмелердегі
қабырғаларды оймыштау өсімдік және геометриялық түрдегі өрнектерді
қамтиды. Қабырғаларға арнайы бейнелер мотивтері жиі салынған, олардың
ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген, құлпынай жемістері де, ірі
інжулер қатарлары да, ішінде шеңбері бар қос қабатты ромб тәрізді торлар
да ұшырасады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы бар әдемі гүлдермен,
жапырақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген. Оюланған белдікте
шиеленіп шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон түріндегі
өрнектер бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың кесектерінде
шиеленіп шырматылған қызыл беделер, көп бұтақты пальметтер, інжу
салынған қос қабатты дөңес шеңберлер, жапырақтары, сабақтары және
шоқталған жүзімі бар, салмақты жүзім шыбығы мотивтері сақалған. Өсімдік
және геометриялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиаб, Варахша
сарайларының, қамалдардың, бай тұрғын үйлерінің сонделуінен жиі
кездеседі
11
12.
Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерiТұрғын үй архитектурасы
Монументті тұрғын үй архитектурасына Жетісу қалаларының төңірегіндегі аумақтарда тұрғызылған
қамалдар жатады. Олар қолдан биіктетіліп (кейде табиғи биіктерді пайдаланып) жасалған биік
аландарға тұрғызылған еңселі үйлер. Құрылыстар көптеген жартылай қараңғы жайлары, дәліздері бар
бір немесе екі қабатты болған. Әдетте төменгі қабатында ұзынша 6—8 бөлмелі болып, олардың
қабырғаларының қалындығы екі метрге дейін жеткен және одан да қалың жасалған. Төменгі
қабаттарына төбесіндегі арнаулы саңылаулар арқылы немесе шырағдандармен жарық түсірілген.
Екінші қабатқа пандус немесе кішкене аспалы көпір апарған, ал одан баспалдақпен төменгі қабаттың
бөлмелеріне түсуге болады. Қамалға әдетте сазбалшықпен қоршалған кең аула түйіседі. Дуалдың
үстіне әдетте сатылы жақтаулар орнатылған, оқ атуға болады. Құрылыстың бүкіл болмысын оның
тұрғын жай ғана емес, қорғаныс құрылысы да болғанын көрсетеді. Тараздан, Қызылөзен қаласының
жұртынан, Құлан, Ақбешімнен қамалдар қазып-аршылды. Олар жоспарлануы мен құрылысының
құрылымы жағынан да ұқсас. Қостөбе, Қүйрықтөбе жөне Баба-Ата қала жұрттарының қамалдарын
қазған кезде қызықты материал- дар алынды.
Қостобе қала жұрты Талас аңғарында жатыр және Жамукет қаласы деп саналады. Ол жартылай тік
бұрышты етіп жоспарланған, биіктігі 15 метрге дейін жететін, жоғарғы алаңшасының көлемі 30х30 м
болатын қамалдан тұрады. Оның қасында шахристан мен рабад (келемі 450х450 м) және ұзын дуалмен
қоршалған аумақ орналасқан. Негізгі қазба жұмысы қамалда жүргізілді. Қамал құрылысының
ансамбліне сарай кешені кірген. Оның құрылысы ВЫ ғасырдан ЫХ ғасырдың басына дейін созылған.
Құрылыс екі кезенде жүргізілген: бірінші кезеңі - ВЫ — ВЫЫЫ ғасырларда, екінші кезеңі - ВЫЫЫ
ғасырдан ЫХ ғасырдың басына дейін. Құрылысты қайталап салу кезінде сарайдың ішкі жайларының
жоспарлануы, бекіністі дуалдардын орны өзгертілген. Барлығы 20 үй орны аршылды, олардың ішінде
тұрғын бөлмелер, діни сипаттағы орындар, қонақ қабылдауға арналған салтанат жайлары,
12
шаруашылық бөлмелері, сондай-ақ айналма дәліз бар.
13.
Үйдің жалпы жоспары бөлмелердің екі тобының жиынтығы болып табылады, олар: үлкензалдардың орталық тобы және оның солтүстік жағынан шектесіп жатқан, орталық топқа
қызмет көрсету мен оны қорғау міндетін атқарған шағын жайлардың шеткі тобы. Бүкіл
ансамбльді айналасын төбесі жабық айналма дәліз қоршап жатыр.
Архитектуралық кешеннің орталық құрылымы бөлу залының тік бұрышты бөлмесі (9,5х8,2 м)
болган. Оның оңтүстік-шығыс жағында қызметшілерге арналған бөлме болды. Бөлу залының
шыгыс жағында салтанатты «гоф- рирленген зал» орналасқан, оған ауланың ашық алаңшасы
жапсарласып жатыр. Ортадағы болу залының солтүстік-батыс және солтүстік жағында діни
жоралғылық орындар орналасқан. Көлемі 40 шаршы метрге жуық діни- жоралғылық салтанат
залы ағаштан ойып әсем безендірілген. Онын ортасында ғұрыптық ошағы бар жартылай
дөңгелек үлкен сәкі түр. Көлемі нақ сондай деуге болатын екінші діни-жоралғылық залдың
да ортасында ошақты жартылай дөңгелек сәкі бар, алайда бұдан безендірілген іздер
байқалмады. Сарайлардағы осыған ұқсас ғибадатхана кешендері Ташкент алқабындағы Қаңқа
қамалынан, Мыңғұрық, Юнусабадтағы Ақтепе қалаларының жұрттарынан табылды. Ортадағы
бөлу залының батыс жағында көлемі 40 шаршы метр болатын үлкен тұрғын зал орналасқан.
Үйлердің орталық тобының солтүстік жағында қосалқы міндеттер атқарған орындар бар.
Демалатын және тамақ ішетін орындар кешеннің солтүстік бөлігінде, не сарайға жақын
бөлек тұрған үйде орналасқан болуы мүмкін деп шамаланады.
Сарайлардың жалпы композициялық шешімі залдардың атқаратын рөлін ескере отырып,
биіктігі оп түрлі болуын көздейді, мұның өзі сыртынан қарағанда көлемінің қызықты
панорамасын жасаған. Мәселен, Қостөбедегі сарай үйі де биіктігі жағынан бейне бір үш
денгейлі етіп құрастырылған. Кешеннің ең биік және еңселі орны — белу залы — бірінші
жоғарғы деңгей, содан соң оның айналасын неғұрлым аласа залдар жартылай қоршап тұр
және солтүстік жағында үшінші деңгей — бірқатар шеткі орындар бар. Биіктікті деңгейлері
бойынша осындай тәсілмен болу арқылы бүкіл кешеннің бірегей композициясы жасалған.
Шығыстың сәулет өнерінде сарай ғимараттары жоспарларының сыртқы түрі осы объектілерге
ұқсас болып келуі кездеседі.
13
14.
Қазақ мәдениеті – көне Түркіөркениетінің жалғасы
Түркі өркениетін өз кезегінде оңтүстік және солтүстік деп екі қанатқа бөлуге болады. Түркі
өркениетінің Оңтүстік қанатына Ұйғыр, Өзбек, Әзірбайжан және Анадолы-Балқан мәдениеттері
кіреді. Ал солтүстік қанатқа Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, Ноғай, Сібір, Солтүстік Кавказ, Татар,
Башқұрт, Қырым мәдениеттері енеді. Солтүстік қанат Түркі мәдениетінің саф, таза, негізгі қалпын
сақтап қалса, Оңтүстік осы саф мәдениетті жетілдіріп, өңдеп, нәзік және биязы қалыпқа келтірген.
Солтүстіктің тілі қаншалықты көне және жуан болса, оңтүстіктің тілі соншалықты жаңа және нәзік.
Солтүстіктің музыка аспаптары қаншалықты қоңыр дауысты және табиғи болса, оңтүстіктің
аспаптары соншалықты жіңішке дауысты. Мысалға домбыра екі ішектен тұрса, Анадолыдағы
бағлама жеті ішектен тұрады. Оңтүстікте Араб-Парсы және жалпы қала мәдениетінің ықпалы анық
байқалады. Ал солтүстікте дала мәдениеті, көшпенді дүниетанымы үстем.
Бүгінгі тәуелсіз Түркі мемлекеттерінің туларына қарайтын болсақ та, бұл оңтүстік-солтүстік
айырымын көруге болады. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Ислам дінінен бұрынғы Тәңірліктің
белгісі «Күнді» өз туларында бейнелеген. Әсіресе Қазақстанның көк туы Көктүріктердің Көктәңрісін
еріксіз еске түсіреді. Ал Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия мен Түркіменстан Исламның белгісі «жаңа
туған айды» өз туларында бейнелеген. Соңғы төртеуінің ішінде Түркіменстан туындағы «жаңа туған
ай» басқалардікіне қарағанда оңынан туған. Бұл түрікмендердің көне түркі танымына сай санасын
көрсетеді. Өйткені «айдың оңынан, жұлдыздың солынан тууы» көне түріктерде жақсылықтың
нышаны еді.
14
15.
Солтүстік Түркі мәдениетінің жарқын өкілдерінің бірі Қазақ мәдениеті екендігіндедау жоқ. Қазақ отбасынан қоғамдық қатынастарға тіпті мемлекеттік рәсімдер
деңгейіне дейін көне түркі өркениетінің ықпалы көрініп тұрады. Қазақтар өз
мемлекеттерінің белгісі ретінде Түркі мемлекеттілігінің белгісі шаңырақты
қолданады. Қырғыздар шаңырақты өз туларында бейнелесе, Қазақтар
елтаңбасында бейнелеген. Осы тұрғыдан қырғыздар мен қазақтардың арасында,
олардың дүниетанымында, салт-дәстүрінде, мәдениетінде көп айырмашылық жоқ.
Бәлкім қазақтарды даладағы қырғыздар, ал қырғыздарды таудағы қазақтар деп
сипаттасақ тура болар. Тек айырмашылық, қырғыз халқы өздерін көктүріктер
заманындағы қырғыз руының жалғасымыз деп танытса, қазақ халқы – өз
шежіресін ғұн-сақ-көктүрік заманынан бастайтын дәл сондай жүздеген ру мен
елдің ұйысуынан құралған халық ретінде, басқаша айтқанда Түркі қағанаты мен
Шыңғысхан империясының құрамына енген барлық Түркі рулары басын қосқан ел
ретінде танытады.
15
16.
Қазақ мәдениеті – көне Түркі өркениетінің жалғасыҚазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының бір себебі көшпенді өмір салты
еді. Қазақтар көшіп қону дәстүрін тастаса да, негізінен қалада емес, ауылдық жерлерде өмір сүріп
жатты. Қазақстанның қалаларында орыс мәдениеті үстемдік құрса, ауылдарда қазақ мәдениеті
бекем орнықты. Басқаша айтқанда ауыл қазақ мәдениетінің қамалына айналды. Бұл үрдіс Түркия
Республикасының қалыптасуында да осылай болған еді. Ағылшын тарихшы Бернард Левис
«Заманауи Түркияның тууы» атты кітабында «Османлы мемлекетінің қалаларында араб-парсырум-армян мәдениеттері яғни космополит мәдениет үстем еді, ал қаланың сыртында, ауылдарда
тұнық түрік мәдениеті кеңінен тараған еді. Османлының түріктенуі ауылдан қалаға аққан
түріктердің арқасында жүзеге асты. Және Османлы мемлекетінің Түркия Республикасына
айналуы астананың космополит Ыстанбұлдан шалғайдағы, Анадолыдағы Анкараға ауысуымен
бекітілді» деп жазады.
Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының екінші бір себебі география
жағынан қазақ елінің Түркі әлемінің нақ ортасында орналасуы болып табылады. Қазақтарды
Араб-Парсы мәдениеті ықпалынан Түркі әлемі мен Араб-Парсы әлемінің ортасында тұрған
өзбектер қорғап қалса, Қытай мәдениеті ықпалынан Түркі әлемінің шығысында орналасқан
ұйғырлар қорғап қалды. Ал солтүстік-батыстан Түркі халықтарын бірінен соң бірін
ассимиляциялап келе жатқан орыс мәдениетінің қаупінен қазақтарды татарлардың сақтап
қалғандығын айту керекпіз. Егер Кеңес Одағы тағы бір он бес не жиырма жыл өмір сүргенде
қазақтардың ел болып есін жиюына әлдеқайда көп уақыт қажет болар еді.
Қорыта айтқанда, қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан
Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің
мәңгіге сақталатындығының кепілдігі. Бір мемлекеттің әлемдегі өзіндік орнын белгілейтін тек
саяси құрылым ғана емес, мәдени болмыс екендігін қабылдасақ, онда кезінде Ататүріктің Еуропа
мен Араб-Парсы әлемінің ортасында өзіндік болмыс дамыту мақсатында Түркия
Республикасының негізіне Түрік мәдениетін салғанындай, бүгін Ресей мен Қытай арасында өз
елдігін сақтап қалу үшін Қазақстан да Түркі мәдениетін жандандыруы керек. Елбасы
Назарбаевтың Түркі өркениетіне көрсетіп отырған қолдауы қазақ елінің мәдениет саясаты дұрыс
16
бағытта ілгерлеп бара жатқандығының айқын көрсеткіші
17.
Пайданылған әдебиеттерОсновы философии под редакцией М.А.Ахмедовой и
B.C. Хана. 2.Хайруллаев М. Культурное наследие и
история философской мысли
«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін).
Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59
www.trt.net.tr
www. melimde.com
www.kk.m.Wikipedia.org
17
18.
Бақылау сұрақтары:1. Орта Азияның ортағасырлық
мәдениетін қалай түсінесіз?
2. Сәулет және сән өнерiнiң
ескерткiштерi жайлы баяндаңыз
3. Көне түркі мәдениетіндегі адамзат
өркениетінің өлмес қазыналарын
атаңыз?
18