Similar presentations:
Барлық бакалавриаттағы білім беру бағдарламасы бойынша
1.
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІЕ. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ
Барлық бакалавриаттағы білім беру бағдарламасы
бойынша
Авторы: аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы
сабақ түрі: Дәріс
Қарағанды 2021
2.
ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАР1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
Ойлау мәдениетінің қалыптасуы
Философияның пәні мен әдіснамасы
Сана, рух және тіл
Болмыс. Онтология және метафизика
Таным және шығармашылық
Білім, ғылым, техника және технологиялар
Философиядағы адам мәселесі
Өмір және өлім. Өмірдің мәні.
Этика. Құндылықтар философиясы
Еркіндік философиясы
Өнер философиясы
Қоғам және мәдениет
Тарих философиясы
Дін философиясы
«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан
философиясы
3.
1 ДӘРІС. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы. Көркемдік рефлексия.
2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде.
3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы
мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
4.
1. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік
таным арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым
білімдерге ғана қол жеткізе аламыз.
Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен
байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып
танылады.
Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы
диалектикалық бірлікті білдіреді. Ол адамның сыртқы дүниемен
қарымқатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және
маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау қарама-қарсы қайшылықтарға
толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы
күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер салу мен
таныпбілуге деген қызығушылықтан туындайды.
5.
1. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Ойлау дегенiмiз-әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен
тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың,
дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл
бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер
арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы
дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң
санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр
тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда
болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып
түседі
6.
1 ДӘРІС. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Адамның ойы өрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу
екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап
сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана
айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен
сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін
қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудік ең
жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін
қүрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен
бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала
алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына
пайдаланды.
7.
1 ДӘРІС. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және
жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен
қабылдау танымның бірінші баспаддағы болғандықтан,
олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім
мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау
сезімдік мағлүматтардың негізінде ғана мүмкін болатын
нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен,
оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың
қамтитын шеңбері ете кең.
8.
1. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да
үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің
білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың
бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің
өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың “Ішіндегінің бәрі
тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде” деген мақалы адамның
басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам
психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы
көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен
шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен
де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
9.
1 ДӘРІС. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек
адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады.
Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай,
мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен,
логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз
болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте
ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп
отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен
сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары
ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым
болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп
отыр.
10.
1. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын
оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық
әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз
ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге
жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары
мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі
ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауыны зор
табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижссі. Ойлау-заңдылықтары
мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің
нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау
процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін
— объективтік шындық.
11.
1. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше
ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның
орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдістәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен,
психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінін,
заңдылықтарын қарастырса, логика — бүкіл адамзатқа ортақ ой
әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының
нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой
формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірінбірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын
тигізеді.
12.
1. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛПТАСУЫ.КӨРКЕМДІК РЕФЛЕКСИЯ
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші
және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты
түсіндіріледі. Ойлау — ми қабышның күрделі формадағы
анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал
жүйесінің уақтатша «жүйке байланыстары жетекші рель
атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз
алдына дербес зандары бар деуге болмайды. Сигнал
жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың
айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі
реакциялар нақтйлы құбылыстарға байланысты туса, екінші
сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
13.
2. ФИЛОСОФИЯ – ДАНАЛЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚРЕТІНДЕ
Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда
болуына түрткі болды. Философия – даналыққа құштарлық
(Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып
табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның
пәніойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық
ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға
сұқбаттық сипат және эвристикалық мүмкіндіктер тән.
Философияның ежелгі грек ойшылдарының дәуірінен бері
“даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда
философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де
тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады.
14.
2. ФИЛОСОФИЯ – ДАНАЛЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚРЕТІНДЕ
Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың,
құбылыстардың, үрдістердің сыртқы көрінісінің арғы
жағында мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті,
болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезімдік таным
деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдаудан жасырын
жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл “арғы жаққа үңілу”
жасырын нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді
танымдық ойлау қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал
М.Хайдеггер былай деп жазады: “…Метафизика – бұл
мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану..
15.
2. ФИЛОСОФИЯ – ДАНАЛЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚРЕТІНДЕ
Бұл жерде “құштарлық” белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен
жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа
осындай әсерлерді білдірумен қатар, “өзге” үшін “өзіңді ұмыту”,
өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Осы пәнилік өмірдің
шектеулі екендігі мәлім. Былайша пайымдауға болады: адамды
өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, “өзгеге” құштарлықпен
ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның
жалғыз тәсілі – бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны
идеалдық, руханилық, ақыл-ой және т.б. атаулармен атауға болады.
Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп
шығады: философия дегеніміз – адамның өзінің шеңберінен
шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.
16.
2. ФИЛОСОФИЯ – ДАНАЛЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚРЕТІНДЕ
Сонымен, философияны “даналық” түсінігімен
байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “білімнің
жоғарғы синтезі”, белгілі бір нәрсе туралы “толық жетілген
білім” деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай
білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті – менің
өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар,
өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі.
17.
2. ФИЛОСОФИЯ – ДАНАЛЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚРЕТІНДЕ
«Философия» термині үш мағынада қолданылады: бірінші,философия – ол
көзқарастың бір түрі, екінші, философия — өзінің зерттеу пәні бар ерекше
ғылым саласы, үшіншіден, философия адамзат өмірінде айырықша орын
алатын адамының рухани қызметінің үлкен бір санасы, қоғамдық
саланың ерекше формасы.
Философияның бұл үш мағынасы, оның тарихында проблема түрінде,
немесе «философия» ғылым ба , әлде рухани қызметтің өз алдына саласы
ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының саналуан формалары мен
жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен
мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында
игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырығы етудің түрі, соны
жасаудағы рухани қызмет..
18.
3. ӨТКЕНГЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС – ҚАЗІРГІҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН
ҰЛТТЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ШАРТЫ
Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен
ұлттық санасындағы өзгерістердің шарты. Сыни ойлау «ойлау туралы
ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап,
зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік,
жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі
оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог,
іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек
пен тәжірибенің бірлігі.
19.
3. ӨТКЕНГЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС – ҚАЗІРГІҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН
ҰЛТТЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ШАРТЫ
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім.Білім адамның
көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің
елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге
көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына,
тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі.
Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды,
бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени
ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес,
қарапайым деп бөлуге болады.
20.
3. ӨТКЕНГЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС – ҚАЗІРГІҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН
ҰЛТТЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ШАРТЫ
Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен
ұлттық санасындағы өзгерістердің шарты. Сыни ойлау «ойлау туралы
ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап,
зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік,
жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі
оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог,
іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек
пен тәжірибенің бірлігі.
21.
3. ӨТКЕНГЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС – ҚАЗІРГІҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН
ҰЛТТЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ШАРТЫ
Біріншіден, сыни ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден , сыни оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру
емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше
терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін,
тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сыни тұрғысынан ойлау сұрақтарды қойып, шешімін
табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат
баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. «Сыни тұрғыдан ойлауҚазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да,
мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және
оймен қабылдауын көздейді».
22.
3. ӨТКЕНГЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС – ҚАЗІРГІҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН
ҰЛТТЫҚ САНАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ШАРТЫ
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,
талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол
болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан
ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім
қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе
түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,
ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды
сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.Білім саласындағы
түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап
етеді.
23.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫЛОГИКА НЕ ТУРАЛЫ ІЛІМ?
Ой туралы ілім
Аспан денелері туралы ілім
Даналық туралы ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім
24.
2 ДӘРІС. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСНАМАСЫЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Философия және дүниетаным. Әлемнің ғылыми, философиялық, діни
бейнелері. Мифология, дін және философияның арақатынасы.
2. Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы - онтология,
гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік
және саяси философия.
3. Философияның түрлері және ойлаудың негізгі ағымдары.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
25.
1. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ.ӘЛЕМНІҢ ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ДІНИ
БЕЙНЕЛЕРІ. МИФОЛОГИЯ, ДІН ЖӘНЕ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ.
Дүниетаным-әлемнің және өзін-өзі адамдардың өзіндік түсінуі бола
отырып, ортақ көрініске қосылатын әртүрлі білім, наным-сенім, ой,
идеалдар, бейнелер, сезімдер мен көңіл-күй жиынтығы. Қандай сол арақатынасы философиямен көзқарасы бар? Бұл мақалада біз
дүниетанымның анықтамасын қысқаша қарастырамыз, сондай-ақ
дүниетанымның құрылымындағы философияның қандай орын алатынын
анықтаймыз.
Дүниетаным өзіне білім, білік, әсер, өмірлік тәжірибе, құндылық
бағдарлары — жақсылық пен зұлымдық, Сұлулық пен бойлық, достық пен
дұшпандық, игілік пен әділдік, махаббат пен жеккөрушілік және т.б.
туралы пайымдаулар кіреді.Басқаша айтқанда, дүниетаным дегеніміз, ең
алдымен табиғат пен адамның өзара қарым — қатынасы тұрғысынан,
белгілі бір көзқараспен әлемді рухани игеру. Бұл жағдайда жалпы әлем
дүниетанымының объектісі болып табылады. .
26.
1. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ.ӘЛЕМНІҢ ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ДІНИ
БЕЙНЕЛЕРІ. МИФОЛОГИЯ, ДІН ЖӘНЕ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қоғам мәдениетінің тарихында орын
алған дүниетанымның негізгі түрлерін қарастырамыз: мифология, дін,
ғылым және философия.
1. Мифология-дүниетанымның ежелгі түрі. Ол тарихи оқиғалар туралы
аңыздар мен шынайы әңгімелер тоғысқан ақиқаттың өзіндік көрінісін
көрсетті. Табиғат күштері бейнеледі.
Мифологиялық дүниетаным көркем болып табылды, яғни әдебиеттегі,
кескіндеме, мүсіндегі сезімдік көрнекі бейнелер арқылы әлемдік
қабылдау ретінде анықталды.
27.
1. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ.ӘЛЕМНІҢ ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ДІНИ
БЕЙНЕЛЕРІ. МИФОЛОГИЯ, ДІН ЖӘНЕ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ.
2. Дін терең көне заманда анимизм (тірі және жансыз заттар мен
заттардың жандануы), тотемизм (ата-бабаларға ғибадат ету), фетишизм
(заттар мен құбылыстардың сиқырлы қасиеттеріне ие болу) және магия
(адамның салт-дәстүрлердің көмегімен адамдарға, жануарларға, табиғи
күштерге, рухтар мен Құдайға әсер ету қабілетіне сенім) түрінде пайда
болды.
Кейін дін дүниетанымның дербес түріне айналады, әлемдік діндер:
иудаизм, христиандық, ислам және буддизм пайда болады.
28.
1. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ.ӘЛЕМНІҢ ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ДІНИ
БЕЙНЕЛЕРІ. МИФОЛОГИЯ, ДІН ЖӘНЕ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ.
Философиялық дүниетаным ерекше, рефлексивті сипатқа ие, яғни
ұғымның басты мәні адамның өзі болып табылатын білім. Дін және
ғылым дүниетанымның оппозициялық формалары болып табылады: олар
баламалы және өзара ымырасыз. Ал, дін мен ғылым арасындағы көпірге
қызмет ете отырып, қиял мен фактілер арасындағы теориялық құрылым
құру керек.Осылайша, философия дүниетанымның құрамдас бөлігі
ретінде оның орталығы, оның тұтастығы мен толықтығын қамтамасыз
ететін жүйе құраушы ядросы болып табылады.
29.
1. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ.ӘЛЕМНІҢ ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ДІНИ
БЕЙНЕЛЕРІ. МИФОЛОГИЯ, ДІН ЖӘНЕ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ.
3. Ғылым ретінде қалыптасады дүниетаным негізінде ұстау мифология,
вбирая өзіне реалистические элементтері аңыздар білдіретін
жинақталған және тіркелген негізделген практикалық қызмет бойынша
игеру және өзгерту қоршаған ортаны қорғау. Әлемнің ғылыми бейнесі
құрыла бастайды.
4. Философия дүниетанымның ерекше түрі ретінде жүйелі-рационалистік
ядро болып табылады, онда әлемнің, табиғаттың және адамдардың өзара
іс-қимылы рухани меңгеріледі, ұғымдар мен категориялардың логикалық
жүйесінде ұғынылады. Жүйелілік философияның мазмұнын, ал
ұтымдылық — оның нысаны мен мазмұнын анықтайды.
30.
1. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ.ӘЛЕМНІҢ ҒЫЛЫМИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ДІНИ
БЕЙНЕЛЕРІ. МИФОЛОГИЯ, ДІН ЖӘНЕ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ.
Дүниетаным түрлері
Осылайша, дүниетанымға өнер, мифология және дін және философия қатысы бар.
Дүниетанымның негізгі сұрағына (саналы немесе стихиялық) байланысты
дүниетанымның екі түрі бар. Бірінші жағдайда дүниетаным адам өмірінің айқын және
айқын емес қасиеттері мен формаларын бастан кешіру арқылы адамдардың рухани
жетілуі (түсініледі). Екінші жағдайда адамдар өзін табиғат арқылы сезінеді, табиғатқа
тән қасиеттер мен әлем құру заңдылықтарын өзіне аударады. Екі шешім де дұрыс
емес. Табиғат антропоморфна емес. Адам және қоғам-бұл өз заңдары бойынша бар
табиғаттың бөліктері. Бірақ бұл шешімдер басқаша емес. Бірінші шешім мүлдем
дұрыс емес. Бұл тұйық. Екінші шешім дұрыс емес. Қоғамдық даму заңдарының
ашылуы адамның табиғи мән ретінде табиғаттың бір бөлігі мен өнімі болуына және
оның табиғи қажеттілігінің бастапқы болуына және материалдық өндіріс арқылы ғана
қанағаттандырылуына іргелі жол берген кезде ғана мүмкін болады.
31.
2. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНІҢҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ - ОНТОЛОГИЯ,
ГНОСЕОЛОГИЯ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ, ЛОГИКА, ЭТИКА, ЭСТЕТИКА,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ФИЛОСОФИЯ..
Әрі қарай біз философияның әртүрлі салаларын қарастырамыз, бұл тұтастай алғанда
бұл әртүрлі және жемісті қызмет дәрежесінің дәлелі, сондай-ақ олардың әрқайсысында
ерекшеленген әр түрлі ойшылдар.
1. Гносеология
Гносеология адамның рефлексиясы мен қоршаған ортамен қарым-қатынасымызға
негізделген білім қалыптастыру әдісін зерттеуге бағытталған.
Әңгіме бастапқы деректерді де, қолданылған әдістемені де ескере отырып, біз
жасаған тұжырымдардың негізділігін де, сонымен қатар гипотезалар мен жауап беру
керек сұрақтар туындайтын әлеуметтік және тарихи контексті де қарастыру туралы.
Гносеология Ренессанс дәуірінен бастап көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және
оның ең танымал өкілдеріне Рене Декарт, Дэвид Юм немесе Джон Локк сияқты тарихи
тұлғалар жатады.
32.
2. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНІҢҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ - ОНТОЛОГИЯ,
ГНОСЕОЛОГИЯ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ, ЛОГИКА, ЭТИКА, ЭСТЕТИКА,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ФИЛОСОФИЯ..
2. Логика философиясы
Осы саладағы философтар логикалық жүйелерді зерттеуге арналған, олардың
қасиеттері мен келісімділігі, сондай-ақ білімді алуға мүмкіндік беретін тәсілі.
Екінші жағынан, философиялық зерттеулердің бұл саласы логикалық
операциялардың табиғаты мен антологиясын да көрсетеді: олар табиғаттың бір
бөлігі ме, әлде олар тек адамның құрылысы ма?
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ол компьютерлік техниканың салаларымен тығыз
байланысты.
33.
2. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНІҢҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ - ОНТОЛОГИЯ,
ГНОСЕОЛОГИЯ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ, ЛОГИКА, ЭТИКА, ЭСТЕТИКА,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ФИЛОСОФИЯ..
3. Әдеп
Этика - бұл біз жасай алатын жолдарды зерттеуге жауапты философияның бөлімі моральдық
жағынан дұрыс екенін белгілеңіз және олай емес. Іс жүзінде барлық адамдар адамгершілікке
сәйкес әрекет етеді, бірақ өте аз адамдар өздерінің құндылықтар шкаласы мен моральды
қолданудың қаншалықты дұрыс екендігін тексеру үшін жүйелі түрде сұрақтар қояды.
Этика шешуге тырысатын белгісіздердің ішінде ең бастысы - жалпыадамгершіліктің бар-жоғы
немесе мораль адамның тарихи дамуының және біздің жолымызда болып жатқан жағдайлардың
туындысы ма екендігі.
Сократ, Платон немесе Фома Аквинский - осы типтегі философтардың мысалдары.
Қатысты мақала: «Құндылықтардың 10 түрі: біздің өмірімізді басқаратын қағидалар»
4. Эстетика
Бұл назар аударатын философия бөлімі сұлулықты қабылдауды зерттеу, өнерді бейнелеу
формаларының ішіндегі және сыртындағы және бұл визуалды қабылдау ма, жоқ па. Олар тек осы
филиалға арналмағанымен, бұл салада Мартин Хайдеггер де, Платон да, Денис Дидро да жұмыс
істеді.
34.
2. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНІҢҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ - ОНТОЛОГИЯ,
ГНОСЕОЛОГИЯ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ, ЛОГИКА, ЭТИКА, ЭСТЕТИКА,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ФИЛОСОФИЯ..
5. Ғылым философиясы
Бұл ғылымның табиғатын да, оның нақты және сенімді білім алу үшін тәжірибеге қаншалықты
қолданылатынын тексеруге жауапты философия бөлімі.
Оның пайда болуы 1920 жылдардың соңынан басталады, сол кезде Вена шеңберінен
гносеологиядан пайда болды. Осы саладағы көрнекті ойшылдардың қатарына Рудольф Карнап,
Карл Поппер және Томас Кунды жатқызуға болады.
6. Онтология
Онтология - құбылыстардың бар-жоғын анықтауға арналған философияның бөлімі. Бұл не бар, не
жоқ деген сұрақтарға қызығушылық білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар заттардың қандай
мағынада бар екенін қарастырыңыз: Крокодил айдаһар ұғымымен бірдей ме, өйткені соңғысы
тек көркем әдебиетте бар ма?
Бұл салада ерекше көзге түскен кейбір философтар Платон, Аристотель, Георг Гегель, Готфрид
Лейбниц немесе Джордж Беркли болды.
35.
2. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНІҢҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ - ОНТОЛОГИЯ,
ГНОСЕОЛОГИЯ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ, ЛОГИКА, ЭТИКА, ЭСТЕТИКА,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ФИЛОСОФИЯ..
7. Саяси философия
Осы дәстүрге арналған ойшылдар ұғымдар мен зерттеуге арналған саяси идеологияның,
қоғамдық қозғалыстардың қисыны және саяси және экономикалық ұсыныстардың негізінде
жатқан құндылықтар жүйесі туралы.
Монтескье, Адам Смит, Макс Штирнер, Карл Маркс, Симон де Бувуар немесе Томас Гоббс - осы
саладағы ең маңызды ойшылдар.
8. Тіл философиясы
Философияның бұл саласы өз сауалдарын тілдің табиғаты мен оның күнделікті немесе
институционалдық қолданысы арқылы жүзеге асатын ақпарат алмасу түріне бағыттайды.
Сонымен қатар, бұл тілдің іс жүзінде қолданылуын түсінуге арналған ғылым салаларына қолдау
бола алады.
Бұл саладағы философтар өздеріне қоятын шешілуге тиісті сұрақтың мысалы - таңбалаушы мен
таңбалаушы арасында тікелей байланыс бар ма, және вербальды ұғымдар қалай жасалады.
36.
3. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ АҒЫМДАРЫ..
Философия - анықтау қиын нәрсе, сондықтан әр түрлі типтерін жіктеу өте қиын Философиялық ағымдар
бар. Алайда, бұл мүмкін емес міндет емес
Келесі сіз философияның негізгі түрлері мен ойлау тәсілдерін көре аласыз олар адамзаттың маңызды
ойлау ақылдарының жақсы бөлігінің жұмысын алға тартты. Олар философтардың жұмысын толық
сипаттауға қызмет етпесе де, бұл олар бастаған идеялар мен олардың алға қойған мақсаттарын түсінуге
көмектеседі.
Мазмұнына сәйкес философия түрлері
Философияны жіктеуге болады оның филиалдары бойынша, яғни одан шешілетін
мәселелер мен проблемалардан. Бұл тұрғыдан жіктеу келесідей көрінеді:
Моральдық философия
Моральдық философия мәселені зерттеуге жүктелген Жақсы мен жаман деген не?
және іс-әрекеттің қандай түрлері жақсы және жаман деп саналады, сонымен қатар
соңғысын анықтайтын бір критерийдің бар-жоғын көрсетеді. Бұл жалпы мағынада
(әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескерместен) немесе одан да көп индивидуалды
(әртүрлі типтегі индивидтерге байланысты) біздің өміріміз болуы керек бағытқа
қатысты философияның түрі.
Мысалы, Аристотель адамгершіліктің алдыңғы қатарлы философтарының бірі болды
және ол софистердің моральдық релятивизміне қарсы тұрды, өйткені ол жақсылық пен
жамандықты абсолютті принцип деп санады.
37.
3. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ АҒЫМДАРЫ..
Онтология
Онтология - бұл сұрақтың жауабына жауап беретін философияның бөлімі: Не бар және оны қандай
жолмен жасайды? Мысалы, Платон біз көретін, ұстайтын және еститін нәрселердің материалдық әлемі
осыдан жоғары тұрған басқа әлемнің, идеялар әлемінің көлеңкесі ретінде ғана болады деп сенді.
Бұл адамгершілікке қатысты жақсылық пен зұлымдықтан тыс өмір сүретін және шындықты
қалыптастыратын философия бөлімі емес.
Гносеология
Гносеология - философияның не екенін зерттеуге жауапты бөлігі біз нені біле аламыз және біз оны қай
жағынан біле аламыз. Бұл ғылыми философия үшін өте маңызды философиялық сала, ол ғылыми зерттеу
әдістеріне қосымша ғылыми зерттеулерге негізделген тұжырымдардың негізделуін бақылауға міндетті.
Алайда, ғылым философиясы гносеологиямен бірдей емес. Шын мәнінде, біріншісі ғылыми әдістер
арқылы пайда болатын білім жүйелеріне назар аударады, ал гносеология жалпы немесе барлық басқа
ғылыми білімдер шығару процестерімен айналысады.
38.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫФИЛОСОФИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Ой туралы ілім
Аспан денелері туралы ілім
Даналық туралы ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім
39.
3 ДӘРІС. САНА, РУХ ЖӘНЕ ТІЛ.Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Сана онтологиялық мәселе ретінде.
2. Бейсаналылық, сана, жоғарғы сана. Философиядағы бейсаналықтың
негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг).
3. Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж.
Делез).
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
40.
1. САНА ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕСана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік
ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты
артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі
тұр.
Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв
жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы
физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың
қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға
ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша
түсіндіруге тура келеді. Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық
үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс
ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана
арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.
Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті,
табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы
образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі;
психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі,
демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік
жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени ісәрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
41.
1. САНА ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕАдам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді.
Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен,
заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл
қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы».
Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның
деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа
қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана
жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға
тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі
байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің
«мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп
қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде,
адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
42.
1. САНА ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕСананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын
қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез
адамның пайа болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.
Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың
арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында
қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан
өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени
құндылықтар дүниесіне қадам жасайды.
43.
1. САНА ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕҚарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда
алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы
тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде
кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми
деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да,
қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір
тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін
рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттерімен
түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі
туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде «қоғамдық психология » ұғымын қарастырған дұрыс.
44.
1. САНА ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕТеориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін
емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана – маңызды байланыстар мен
заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және
теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқ-ылы қоғамдық идеологияның
мәнін түсінуге болады. Философиялық әде-биетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп
қарастыры-лады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады.
Идеология – саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа идеялар мен концепциялардың
жүйесінен тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет багдарламаларын, идеологиялық ұстанымдарды көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым.
Қогамдық психологиямен қогамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі:
1) Идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор;
2) Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пас-сивті негіз емес, ол идеологиялық
құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді;
3) Идеология жүйелі түрде идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады.
45.
2. БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ, САНА, ЖОҒАРҒЫ САНА.ФИЛОСОФИЯДАҒЫ БЕЙСАНАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ (З. ФРЕЙД, К.Г. ЮНГ)ТІНДЕ
Бейсаналық мәселесі философия тарихында өзіне көп назар аударған. Антикалық дәуірде (Платон),
ортағасырлықта, Жаңа заманда (Кант, Шеллинг,Шопенгауэр т.б.) ол туралы әралуан пікірлер айтылды.
Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізін
қалаушы австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам
жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ("Оно", "Id")
ретінде қарастырады. "Олдың" негізін сексуалды-биологиялық энергия құрастырады.
З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі
олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша, 1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын
(көрінетін) және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер; 2) бейсаналық
– адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі (бейсаналық – санаалдылық – саналы:
бессознательное – предсознательное - сознательное); бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және
өзіне танымсыздығымен, сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа
біткен және ығыстырылған элементтерді, құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді,
ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді..
46.
2. БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ, САНА, ЖОҒАРҒЫ САНА.ФИЛОСОФИЯДАҒЫ БЕЙСАНАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ (З. ФРЕЙД, К.Г. ЮНГ)ТІНДЕ
Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту. 1.Адам мінез-құлқындағы
сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау; 2. Фрейд
концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар
арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен. З. Фрейдтің
бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады. Фрейд
тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты.
Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде
қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің
бастапқы кезеңінде пайда болды. Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасадыФрейд психологияға
келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене
отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық
күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар
жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей
бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда
ең басты және жалғыз қару гипноз болатын.
47.
2. БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ, САНА, ЖОҒАРҒЫ САНА.ФИЛОСОФИЯДАҒЫ БЕЙСАНАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ (З. ФРЕЙД, К.Г. ЮНГ)ТІНДЕ
Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту. 1.Адам мінез-құлқындағы
сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау; 2. Фрейд
концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар
арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен. З. Фрейдтің
бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады. Фрейд
тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты.
Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде
қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің
бастапқы кезеңінде пайда болды. Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасадыФрейд психологияға
келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене
отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық
күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар
жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей
бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда
ең басты және жалғыз қару гипноз болатын.
48.
3. САНА ПОСТМОДЕРНИСТІКФИЛОСОФИЯДАҒЫ МӘТІН РЕТІНДЕ (Ж.
ДЕРРИДА, Ж. ДЕЛЕЗ).
XX ғасырдың екінші жартысында постмодернизмге қызығушылық көбейді. Постмодернизм XX ғасырдың
басында пайда болған, 60-шы жылдардағы кітаптарда ғана бұл ағымға идеялық бағдарлама
тұжырымдамасы берілді. Постмодернизмнің дүниетанымдық қайнар көздері болып Д.Анин, У.Спанос,
И.Хассан, Л. Фридлер сияқты әдебиеттанушылардың шығармалары табылады. Олар постмодернді
парадигма және эпистема ретінде қарастыра бастады. Постмодернизмнің табиғатын зерттеуге 1979
жылы жарық көрген Ж.Ф.Лиотардың «Постмодернизмнің күйі» атты шығармасы арналды.
Постмодернизмнің қазіргі замандағы ролін ашуға замандас батыс ойшылдары Ж.Бодрийяр, Ж.Делез,
Ф.Гваттари, У.Эко үлестерін қосты. Постмодернизмнің XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басы
кезеңіндегі мәдениеттегі орны туралы орыс ойшылдары да шығармалар жазды. Олардың ішінен
Н.Б.Маньковская және И.П.Ильинді атап айтуға болады. Постмодернизм философиясы структурализмнің,
марксизмнің, фрейдизм және ницшеандықтың қазіргі заманғы дүниетанымдық потенциалын әрі сақтау,
әрі өзгерту мақсатында қалыптасты. Бұл мақсатта радикалды эклектика да, ұмытылған антикалық
дискурстарды жаңғырту тәсілі де пайдаланылды. .
49.
3. САНА ПОСТМОДЕРНИСТІКФИЛОСОФИЯДАҒЫ МӘТІН РЕТІНДЕ (Ж.
ДЕРРИДА, Ж. ДЕЛЕЗ).
Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл
ғылымға дейінгі табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы. Ж.Деррида
постмодернизмнің онтологиялық және гносеологиялық-методологиялық идеяларын әзірлеп жасады.
Деррида қазіргі заманғы философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты. Оны
түзетудің әдісін іздестірді. Мемлекеттің репрессияшыл құрылымының адамға күйретуші әсерінен
құтылудың әдісі – деконструкция деп тапты. Постмодернизмнің деконструкциясы – әрі хат, әрі текстті оқу.
Тект – бұл таңбалардың шоғырланған үйіндісі емес, ол – процесс. Текстуалділік «көптеген кішкентай
наррациалардан» (әңгімелерден) түзіледі. Текстті талдаудың қайсысы болмасын оның мәнін ашуға емес,
тексттің ұлаюына алып келеді. Талқылау процедурасы шексіз болуы ықтимал.
50.
3. САНА ПОСТМОДЕРНИСТІКФИЛОСОФИЯДАҒЫ МӘТІН РЕТІНДЕ (Ж.
ДЕРРИДА, Ж. ДЕЛЕЗ).
Номадизм – постмодернизмнің әлеуметтік философиясының өзегі, оның осы кездегі саяси-әлеуметтік
жүйеге оппозициялық қатынасының көрсеткіші. Постмодернист-деконструктивист жолаушы іспеттес.
Жиль Делездің айтуынша, номадтық дәстүрде ойлау – бұл Маркс пен Фрейд сияқты білім ойынын ойнау
емес, Фридрих Ницшенің әдетінше авангардтық өнер ойынын ойнау. Жак Деррида 40-қа жуық еңбек
жазды. «Дауыс және құбылыс» (1967) және «Грамматология» (жазу туралы ғылым) атты еңбектерінде
сөзден (логостан) гөрі жазудың маңызын жоғары қояды. XX ғасыр философиясы шынайы болмысты таза
сана аумағынынан іздеді, сөйтіп Хайдеггердің нұсқасында аталмыш сферада ол жоқ деген тұжырымға
келді. Нұрланған, ашылған болмыс дегенімен бар еді, тек ол субъекті мен объектінің тұтастығында ғана
мүмкін еді. Болашақта да солай болады ма, егер болса, онда қандай жолмен болмақ? Міне, мәселе
қайда? XXI ғасыр сұрағы осы.
51.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫСАНАСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕГЕН КІМ?
Фрейд
Абай
Ленин
Данилевский
52.
4 ДӘРІС. БОЛМЫС. ОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕТАФИЗИКАЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон
мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері..
2. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн,
форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар,
қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық.
3. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани
құндылықтар болмысы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
53.
1. ОНТОЛОГИЯ – БОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМ. БАРБОЛУДЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
БОЛМЫС ЖӘНЕ БЕЙБОЛМЫС (ПАРМЕНИД,
ЗЕНОН). БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ. ПЛАТОН
МЕН АРИСТОТЕЛЬДІҢ
ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”,
“болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану
қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап
беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз
- бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған,
қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай
жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп
көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский).
54.
1. ОНТОЛОГИЯ – БОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМ. БАРБОЛУДЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
БОЛМЫС ЖӘНЕ БЕЙБОЛМЫС (ПАРМЕНИД,
ЗЕНОН). БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ. ПЛАТОН
МЕН АРИСТОТЕЛЬДІҢ
ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен
қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі
объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді.
Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында
табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды.
Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған.
Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы
болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны,
ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс
дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға
болады.
55.
1. ОНТОЛОГИЯ – БОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМ. БАРБОЛУДЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ. БОЛМЫС
ЖӘНЕ БЕЙБОЛМЫС (ПАРМЕНИД, ЗЕНОН).
БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ. ПЛАТОН МЕН
АРИСТОТЕЛЬДІҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БОЛМЫС
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біріншіден, табиғат болмысы - онық күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша,
табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты
өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан - жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар,
процестер әлемін, немесе мәдениетті тудырды. Мәдениет-адам іс-әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің
жаңа әлемі. Екіншіден, бұл тән мен рухтың, табиғилық пен әлеуметтіктің бірлігінен тұратын ерекше тірі
жан-адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам өзіндік таптырмайтын
ерекше рухани әлемнің иесі. Гетеның әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге букіл адамзат
тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек. Үшіншіден, бұл-адамдардың рухани іс-әрекетінің өзара
қарым-қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет
ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен
өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста. Төртіншіден,
бұл-руханилық әлемі. Руханилық-өзіндік ерекшілігі мол реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды,
бірақ адам іс-әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл адамдардың практикалық іс-әрекетінде орын тепкенсезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық
болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері деп бағаланған
бейсаналық та орын тепкен..
56.
2. «МАТЕРИЯ» ҰҒЫМЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ӘЛЕМБОЛМЫСЫ. ҚОЗҒАЛЫС, КЕҢІСТІК ЖӘНЕ УАҚЫТ.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ: ДҮНИЕ,
ЗАМАН, МӘН, ҚҰБЫЛЫС, МАЗМҰН, ФОРМА, ЖАЛПЫ,
ЖЕКЕ, БҮТІН, БӨЛІК, САН, САПА, ӨЛШЕМ, ТЕРІСТЕУ,
СЕБЕП, САЛДАР, ҚАЖЕТТІЛІК, КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ,
МҮМКІНДІК, ШЫНДЫҚ
Материя дегеніміз — адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік
реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория. Әр дәуірдің материяны қалай
түсінетіндігі ғылымның , танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз
заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық
дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің
әлеуметтік дүниесін жасады — міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар
осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде
біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, яғни ол заттар
дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар
заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар
өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
57.
2. «МАТЕРИЯ» ҰҒЫМЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ӘЛЕМБОЛМЫСЫ. ҚОЗҒАЛЫС, КЕҢІСТІК ЖӘНЕ УАҚЫТ.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ: ДҮНИЕ,
ЗАМАН, МӘН, ҚҰБЫЛЫС, МАЗМҰН, ФОРМА, ЖАЛПЫ,
ЖЕКЕ, БҮТІН, БӨЛІК, САН, САПА, ӨЛШЕМ, ТЕРІСТЕУ,
СЕБЕП, САЛДАР, ҚАЖЕТТІЛІК, КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ,
МҮМКІНДІК, ШЫНДЫҚ
Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге
сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған. Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық
үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. Ғылымда қалыптасқан осы
бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын
берді: “Материя дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз
бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын,
объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория”. Яғни, материя
дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол адамнан, адамзаттан тыс өмір
сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, болады және бола бермек..
58.
2. «МАТЕРИЯ» ҰҒЫМЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ӘЛЕМБОЛМЫСЫ. ҚОЗҒАЛЫС, КЕҢІСТІК ЖӘНЕ УАҚЫТ.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ: ДҮНИЕ,
ЗАМАН, МӘН, ҚҰБЫЛЫС, МАЗМҰН, ФОРМА, ЖАЛПЫ,
ЖЕКЕ, БҮТІН, БӨЛІК, САН, САПА, ӨЛШЕМ, ТЕРІСТЕУ,
СЕБЕП, САЛДАР, ҚАЖЕТТІЛІК, КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ,
МҮМКІНДІК, ШЫНДЫҚ
Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің
ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен
айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда
физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт
ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға
болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты.
Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым
өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды
меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе
секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз
өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт
бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре
алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды...
59.
2. «МАТЕРИЯ» ҰҒЫМЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ӘЛЕМБОЛМЫСЫ. ҚОЗҒАЛЫС, КЕҢІСТІК ЖӘНЕ УАҚЫТ.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ: ДҮНИЕ,
ЗАМАН, МӘН, ҚҰБЫЛЫС, МАЗМҰН, ФОРМА, ЖАЛПЫ,
ЖЕКЕ, БҮТІН, БӨЛІК, САН, САПА, ӨЛШЕМ, ТЕРІСТЕУ,
СЕБЕП, САЛДАР, ҚАЖЕТТІЛІК, КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ,
МҮМКІНДІК, ШЫНДЫҚ
Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін
философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері
- нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті.
Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес,
әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның
төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық
жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің
көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске
асады. Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен
құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын көрсетіп
отыр.
60.
3. «ИДЕЯ» ҰҒЫМЫ. БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУ АРАҚАТЫНАСЫМӘСЕЛЕСІ. ИДЕЯ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БОЛМЫСЫ
Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –
1) ой, түпкі ой;
2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;
3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан
анықтаушы түсінік;
4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.
“Идея” терминін ең алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған. Демокрит
атомдарды идеялар деп түсіндірді. Платон болса, барлық заттардың түпкі тегі – мәңгі жоғалмайтын,
заттардан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептеді. Оның ойынша, идеялар заттардың алғашқы бейнесі,
формасы, схемасы (эидос). Олар объективтік нәрсе, өйткені олар адамдардың санасында туатын ойлар
мен бейнелер емес. Заттар да, адамдар да сол мәңгілік идеялар дүниесінің туындысы, соның көлеңкесі
ғана..
61.
3. «ИДЕЯ» ҰҒЫМЫ. БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУ АРАҚАТЫНАСЫМӘСЕЛЕСІ. ИДЕЯ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БОЛМЫСЫ
Идеялар ешбір өзгермейді, олар құдайлар дүниесі десе де болады. Заттар мен адамдар, олардың
бейнелері мәңгі идеяларға тек біршама жақындауы, жанасуы мүмкін, бірақ еш уақытта бірдей болып,
теңесе алмайды. Шын дүние – сол идеялар дүниесі. Ал заттар мен адамдар дүниесі құбылмалы, өзгеріп,
айнып, жоғалып, қайтадан пайда болып жатады. Аристотель біртұтас дүниені идеялар мен заттар деп
бөлуге қарсы шықты. Оның философиясында идеяның “форма” ұғымы негізгі рөлге ие болды. Жаңа
дәуірде ғылымның өмірдегі орны ұлғайған сайын, дүниеге танымдық қатынас негізгі құндылыққа айнала
берді. Жаңа дәуірде идея да тек танымдық рөлі жағынан қарастырылып, дүниені бейнелеу мүмкіндігі
тұрғысынан зерттеле бастады. Рене Декарт пен Бенедикт Спиноза (1632 – 1677) идеяға ұғым, ой деп
қарады. Олардың пікірінше, идея нақты көрнекті бейнесі жоқ ой. Дж. Локк негізін салған эмпирикалық
логика идеяны жалпы пікірге, елестерге теңеді. Бұл тұрғыдан идеяның ой мен сезімнен басқа
формаларынан өзгеше табиғаты жөнінде сөз болуы мүмкін емес еді. Ойлаудың басқа формалары сияқты
идеяның да өзгеше дербес мағынасы әрі қызметі бар екенін неғұрлым анық көрсеткен И.Кант болды.
Гегельдің айтуынша, Кант идеяға оның жоғалтқан мәнін қайтарды. Идеяны түсінуде Кант белгілі дәрежеде
Платонға оралды. Платонның идея туралы ілімінен Канттың қайта жандандырғаны: идеяның сыртқы
сезімдерден тумайтындығы, пайыммен жанаспайтыны, тәжірибені тануға жол ашатындығы ғана емес,
тіпті, табиғат құбылыстарының өзіне түпнұсқа болып тұратындығы.
62.
3. «ИДЕЯ» ҰҒЫМЫ. БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУ АРАҚАТЫНАСЫМӘСЕЛЕСІ. ИДЕЯ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БОЛМЫСЫ
Гегель, керісінше, идея сезімдер дүниесіне де, заттарға да тікелей қатысты деп есептеген. Оның
пікірінше, идея – ең ақиқат ұғым, объективтік ақиқат немесе ақиқаттың өзі. Идея әрбір жеке санада бар,
тек оларда жетілмеген, күңгірт болуы мүмкін. Гегель үшін барлық дүние абсолюттік рухтың өмірде іске
асқан, материалдық формаға енген қалпы. Сондықтан ол ойлаудың негізгі формаларын рух дамуының
белгілі бір сатылары ретінде қарастырады. Идея да солай. Табиғаттағы, қоғамдағы әрбір нақты форма,
заттық формаға, басқа да объективтік түрге айналған, яғни іске асқан ұғымдар. Іске асқан формалардың
бәрі де ақиқат формалар, ұғымның ақиқаттығының айғағы. Олай болса, әрбір нәрсенің ақиқаттығы оның
идеясының ақиқаттығы және олар өздері Идея болғандықтан ақиқат. Гегельдің бұл ойлары оның ойлау
мен болмыстың барабарлығы принципіне негізделген. Болмыс – ойлаудың объективтенген, іске асқан
формасы, ойлау дамуының нәтижесі.
63.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫБОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМ?
Гилозоизм
Гносеология
Философия
Онтология
64.
5 ДӘРІС. ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Таным философиялық мәселе ретінде. Таным объектісі мен субъектісі. Таным
мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық
оптимизм, скептицизм және агностицизм.
2. Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқаттың әртүрлі
тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері.
3. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және
эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.
Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
65.
1. ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ. ТАНЫМ ОБЪЕКТІСІМЕН СУБЪЕКТІСІ. ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ.
ДҮНИЕНІҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ТАНЫЛУЫ МӘСЕЛЕСІ: ТАНЫМДЫҚ ОПТИМИЗМ,
СКЕПТИЦИЗМ ЖӘНЕ АГНОСТИЦИЗМ
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның
дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегенімізбілім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып
табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін
ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы ісәрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар
туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір
бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным
теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері
арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді.
66.
1. ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ. ТАНЫМ ОБЪЕКТІСІМЕН СУБЪЕКТІСІ. ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ.
ДҮНИЕНІҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ТАНЫЛУЫ МӘСЕЛЕСІ: ТАНЫМДЫҚ ОПТИМИЗМ,
СКЕПТИЦИЗМ ЖӘНЕ АГНОСТИЦИЗМ
Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен,
ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды. "Таным" деген
не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі
заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы
және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты.
Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы
әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім,
таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты.
67.
1. ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ. ТАНЫМ ОБЪЕКТІСІМЕН СУБЪЕКТІСІ. ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ.
ДҮНИЕНІҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ТАНЫЛУЫ МӘСЕЛЕСІ: ТАНЫМДЫҚ ОПТИМИЗМ,
СКЕПТИЦИЗМ ЖӘНЕ АГНОСТИЦИЗМ
Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін
мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі
қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады,
сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.
Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам
таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды,
білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).
Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа
білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық
сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет
зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады.
68.
1. ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ. ТАНЫМ ОБЪЕКТІСІМЕН СУБЪЕКТІСІ. ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ.
ДҮНИЕНІҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ТАНЫЛУЫ МӘСЕЛЕСІ: ТАНЫМДЫҚ ОПТИМИЗМ,
СКЕПТИЦИЗМ ЖӘНЕ АГНОСТИЦИЗМ
Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни
идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың
заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар
қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте
қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс
формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе
адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.
Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның
жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның
қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық
қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды.
69.
2. АҚИҚАТ ПЕН АДАСУ. БІЛІМ, АҚИҚАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛҒАНДЫҚ. АҚИҚАТТЫҢӘРТҮРЛІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ. АҚИҚАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің
пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың
айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап
етеді. Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен
партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның
бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты
әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және
субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал
білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі
белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер
ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын
шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады.
70.
2. АҚИҚАТ ПЕН АДАСУ. БІЛІМ, АҚИҚАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛҒАНДЫҚ. АҚИҚАТТЫҢӘРТҮРЛІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ. АҚИҚАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі
көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда,
салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы
танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын
логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол
жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы
акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен
болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы
субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай,
салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным
үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толыктырылуы мүмкін.
71.
2. АҚИҚАТ ПЕН АДАСУ. БІЛІМ, АҚИҚАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛҒАНДЫҚ. АҚИҚАТТЫҢӘРТҮРЛІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ. АҚИҚАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз
байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш керсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес
келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және
сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары толкындык оптиканың және
электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты
болды. Кейде бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар
болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы
әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін
мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын
нағыздықтың қате бейнеленуі.
72.
3. СЕЗІМДІК ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫҚ ТАНЫМ. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ РАЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕЭМПИРИКАЛЫҚ ДӘСТҮР. ТАНЫМ ҚҰРАЛЫ. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ.
ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТУИЦИЯ
Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін
бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бірбірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп
көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
Сезімдік таным:
Тікелей бейнелеу;
Сыртқыны бейнелеу;
Жекеніі бейнелеу.
Рационалдық таным:
Жанама бейнелеу;
Ішкіні бейнелеу;
Жалпыны бейнелеу..
73.
3. СЕЗІМДІК ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫҚ ТАНЫМ. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ РАЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕЭМПИРИКАЛЫҚ ДӘСТҮР. ТАНЫМ ҚҰРАЛЫ. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ.
ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТУИЦИЯ
Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән
ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі,
оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты
ойлаумен тығыз байланысты.
Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен
тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін
қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет
процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы
тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен
ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар
тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді.
Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста
қолданылады.
Сезімдік таным түрлері:
Түйсік;
Қабылдау;
Елес.
Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
Ұғым;
Пікір;
Ой-тұжырымы.
74.
3. СЕЗІМДІК ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫҚ ТАНЫМ. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ РАЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕЭМПИРИКАЛЫҚ ДӘСТҮР. ТАНЫМ ҚҰРАЛЫ. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ.
ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТУИЦИЯ
Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері
түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер объектілердің жекелеген қасиеттерін бейнелейді-қызыл,
қатты, тәтті т.б. Қабылдау-затты, құбылысты толық бейнелеу.
Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете алмайды. Ойлаудың
қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз - шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара
байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын
игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. “ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың
дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән
жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды”.
Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың формасын анықтау.
Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу
тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.
Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір-заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез
келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. Пікір құбылыстардың сан алуан
байланыстарын көрсетеді.
Ой-тұжырымы деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың
шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты
осы феноменде айқын көрінеді.
75.
3. СЕЗІМДІК ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫҚ ТАНЫМ. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ РАЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕЭМПИРИКАЛЫҚ ДӘСТҮР. ТАНЫМ ҚҰРАЛЫ. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ.
ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТУИЦИЯ
Ой-тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысын білдіреді. Қарапайым ой
тұжырымының мысалы: “Адам ақылды жан. Сондықтан ол дүниені тани алады”. Таным және практика.
Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы мағлұматтар алдық. Таным-адамның
ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі. Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын
мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі,
жетілген сайын ол таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді.
Таным екі деңгейден тұрады:
үйреншікті, қарапайым таным
ғылыми таным.
Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол
тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды роль атқарады. Дегенмен, дүниенің
терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым
танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім
алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.
Ғылыми таным дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл
арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз
еңбекті қажет етеді.
Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.
76.
3. СЕЗІМДІК ЖӘНЕ РАЦИОНАЛДЫҚ ТАНЫМ. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ РАЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕЭМПИРИКАЛЫҚ ДӘСТҮР. ТАНЫМ ҚҰРАЛЫ. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ.
ТАНЫМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТУИЦИЯ
Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз-зерттелетін нәрсені ойша қайта
жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу,
эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод,
формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен
біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен
қолданылады. Бақылау-сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек
беретін көзі болып табылады. Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындауға тиіс:
Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық
ақпаратты беруге тиіс.
Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.
Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Өлшеу зерттеліп жатқан объектің сандық сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Эксперимент дегенімізбелгілі бір құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға
белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытына өзгерту арқылы зерттеу. Тарихи
тәсіл заттың барлық тарихын жан-жақты, әртүрлі көріністерімен баяндап, жаңғыртады. Ал логикалық тәсіл
заттың дамуының тек жалпы қисыны мен бағыттарын және қайшылықтарын ғана қарастырады.
Моделдеу деп зерттеу мақсатында арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын
қайта жаңғыртуды айтамыз. Мысалы, қоғамның нарықтық қатынастарға өтуінің теориялық моделін
жасап, оның барлық көріністерін бақылап отыруға болады.
77.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫТАНЫМ ТУРАЛЫ ІЛІМ?
Гилозоизм
Гносеология
Генеология
Футурология
78.
6 ДӘРІС. БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның
негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми
және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі..
2. Қоғам өміріндегі ғылымның ролін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және
антисциентизм.
3. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы
мәселелері.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
79.
1. ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. ӘДІС МӘСЕЛЕСІ. ТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІӘДІСТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ АҚИҚАТ ЕРЕКШЕЛІГІ. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЕМЕС
БІЛІМНІҢ ДЕМАРКАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ
Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым
саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттеу
құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді.
Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық,
немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір
операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың
жиынтығына негізделген әдістер.
Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
80.
1. ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. ӘДІС МӘСЕЛЕСІ. ТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІӘДІСТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ АҚИҚАТ ЕРЕКШЕЛІГІ. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЕМЕС
БІЛІМНІҢ ДЕМАРКАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ
Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен
методикалардың жиынтығы.
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бірбірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық
құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің
кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық
механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады.
Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға
бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте
гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға
айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде
Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты
механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік,
оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған
электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.
.
81.
1. ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. ӘДІС МӘСЕЛЕСІ. ТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІӘДІСТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ АҚИҚАТ ЕРЕКШЕЛІГІ. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЕМЕС
БІЛІМНІҢ ДЕМАРКАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ
Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық
ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық,
биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы
анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере
отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.
Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады.
Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері:
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек
эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау,
формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.
82.
1. ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. ӘДІС МӘСЕЛЕСІ. ТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІӘДІСТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ АҚИҚАТ ЕРЕКШЕЛІГІ. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЕМЕС
БІЛІМНІҢ ДЕМАРКАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ
Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері:
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы
бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және
нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл
әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет
бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес
келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні
белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті
мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді
тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне
сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз.
Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту
жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
.
83.
1. ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. ӘДІС МӘСЕЛЕСІ. ТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІӘДІСТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ АҚИҚАТ ЕРЕКШЕЛІГІ. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЕМЕС
БІЛІМНІҢ ДЕМАРКАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ
Танымның жалпы логикалық әдістері. Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ
дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер
ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы
мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы
белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын
айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге
болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды
жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің
жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ
әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты.
Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде
ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді
біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас
жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек,
біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.
.
84.
2. ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМНЫҢ РОЛІН БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР. СЦИЕНТИЗМ ЖӘНЕ АНТИСЦИЕНТИЗМСциентизм-антисциентизм (лат. sсіеntіа – ғылым) – негізінде ғылымның әлеуметтік рөлін абсолюттеу,
сәйкес алғанда ғылымның қоғамдық эталон ретінде және адамның әлемдегі бейімделуі үшін жеткілікті
жағдай ретінде ғылымның маңызын мойындайтын немесе жоққа шығаратын қарама-қарсы
дүниетанымдық көзқарастар.
Сциентизм – арнаулы-ғылыми таным ғылыми-теориялық қызметтің жалғыз мүмкін болатын типі және
құндылықты-нейтральды, рационалды, сондықтан барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті
бәрін қамтитын дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді. Басқаша айтқанда ҒТР-дің
игілікті әсерлеріне, ғылымның болашағына үлкен сеніммен қарайды, оның адамзат өмірінің түбірлі
мәселелерін шешудегі мүмкіншіліктерін шексіз деп санайды.
Сциентизм өзінше мәдени және дүниетанымдық үлгі болатын жаратылыстану мен техникалық
ғылымдардың жетістіктеріне, нәтижелеріне және әдістеріне бағдар (ориентир) жасайды, өйткені ғылым
адам ақылының дамуының жоғары сатысы деп танылады. Сциентизм өзінің теориялық негіздеуін
неопозитивизмде, ал дүниетанымдық шешуін Д.Беллдың технократиялық социологиясында алды. Ол
постиндустриалдық қоғам концепциясын ұсынды, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басымдылығына
(доминирование) көшу және ғылыми-техникалық мамандардың жаңа басқарушы табының қалыптасу
мүмкіншілігі бар деп есептеді.
Антисциентизм – қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін, ғылымның мүмкіншіліктерінің
шектеулігін көрсететін, оның және ол туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын
күш деп қарастыратын ұстаным (ғылымнан, техникадан, «қорқу, үрку»). Екінші жағынан, антисциентизм
адамның және оның іс-әрекеттерінің рационалды табиғаты туралы идеяның өзін сынауға бағытталған
және экологиялық көзқарас пен табиғатқа және қоршаған дүниені дәстүрлі, техногенді емес амалдармен
игеру идеологиясына оралумен тығыз байланысты. Антисциентизм идеялық дамуын Франкфурт мектебі
шеңберінде және ғылым мен техниканың деструктивтік (бүлдіруші) сипатын мойындатқысы келген
әсіресе Маркузеде алды.
.
85.
2. ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМНЫҢ РОЛІН БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР. СЦИЕНТИЗМ ЖӘНЕ АНТИСЦИЕНТИЗМСциентистер жалпы технократизацияның жағымсыз салдарымен байланысты көптеген өткір
бағдарламаларға көзді әдейі жабады • Антисциентистер жағдайдың шекті драматизациясына жүгінеді,
адамзаттың апатты дамуының сценарийлерін түсіре отырып, бояуларды қоюлайды.
Алайда, басқа жағдайда да сциентизм мен антисциентизм екі шектен шығып, айқын біржақты қазіргі
заманның күрделі процестерін бейнелейді.
Сциентизм мен антисциснтизм бағдарлары әмбебап сипатқа ие. Олар әдеттегі сананың саласын, оларға
сәйкес терминологияның пайдаланылмағанына және осындай монастыруларды латын терминімен
немесе жоқ деп атағанына қарамастан енеді. Олармен моральдық және эстетикалық сана, құқық және
Саясат, Тәрбие және білім саласында кездесуге болады. Кейде бұл бағдарлар ашық және ашық сипатта
болады, бірақ жиі жасырын және ақылмен көрінеді. Шынында да, тағамға жарамсыз химиялық синтез
өнімдерін алу қаупі, Денсаулық сақтау және экология саласындағы өткір проблемалар ғылыми
жетістіктерді қолдануға әлеуметтік бақылау жасау қажеттілігі туралы айтуға мәжбүрлейді. Алайда, өмір
стандарттарының өсуі және осы үдеріске халықтың аса жеңіл емес жіктерінің қатыстылығы сциентизмнің
пайдасына көзілдірік қосады
.
86.
3. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІҒылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы.
Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара
жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен
эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу
дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ
ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал
ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие
болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы
кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп,
практикаға жүгіне бастады.
Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары:
қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі
қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды..
87.
3. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІАлғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады.Сондықтан олар
табиғатқа бағынышты еді.Бертін келе от жағу пайда полды.Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының
дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді.Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне
айналды.Тас,қола,темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге
келді.Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды.
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға
жетті.Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту
қажеттігі.Жаңа технология,техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер
енгізілді...
88.
3. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІӨндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан,
қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы
құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?
-ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық
жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті
ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;
-ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің
факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
-жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты
қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;
-қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен
дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды
интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді
автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті
дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;
-ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің
өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым
өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:
-қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді.
89.
3. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУБОЛАШАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам
алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және
тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің
талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және
әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы
органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт
мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр.
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның
рөлі барған сайын күшейіп ( мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете
ескерілмеген ресурстар ), әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б.. еніп отыр. Осылайша табиғат
ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас
экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады.
Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің
басталуы.
90.
3. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАЗІРГІҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі
еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық
прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының
дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске
айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде
дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің
ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар
ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат
қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып,
кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б.
Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың
жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын
қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы,
реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр
түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық
қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта
түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.
.
91.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫЭПИСТЕМОЛОГИЯ НЕ ТУРАЛЫ ІЛІМ?
Ой туралы ілім
Білім туралы ілім
Даналық туралы ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім
92.
7 ДӘРІС. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық
ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және
әйел бастамалары (Инь/ян).
2. Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор,
Сократ, Аристотель және т.б.). Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие
Августин, Аквиналық Томас).
3. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа
заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың
анропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі.
4. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнеленуі.
Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексия. Адам, индивид,
индивидуалдық, тұлға.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
93.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе
адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі
заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан
тұрады.Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің
құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге
әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде
қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады..
94.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні
ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи
болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында
жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа
тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық
қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді,
бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан , К. Маркс Фейербахты адам туралы
абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес.
Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».
95.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Жеке адам - қоғам мүшесі. Жеке адам туралы ғыл. түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы
ретінде қаралатын биоәлеуметтік организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам — әлеум-тің
индивидте көріну түрі. Әрбір адам – жеке адам. Адамның қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі
адамдардың өзара әрекетін қажет етеді, әлеуметтік жағдайлар мен басқа адамдардың осы адамға
тигізетін әсерін ғана ескеріп қоймай, сол адамның әлеуметтік жағдайларға және басқа адамдарға
әсерін ескеру қажет. Адамдардың жеке адам түрінде дамуының қажетті алғышарттарының бірі
индивидтердің табиғи қабілеттері екендігі, соған тәуелді болатындығын айту керек, бірақ ол негізінен
қызметтің объектісі болып табылатын адам өмір сүретін қоғамда ғана іске асады. Бірақ жеке адамның
дамуы әрқилы болғаны абзал. Индивидтердің қай-қайсысы болсын өзінің адам ретінде дамуының
объективті жағдайы болатын қоғамның белгілі тарихи формасын табады. Жеке адам ретінде индивид
дамуының кеңдігі мен тереңдігі – оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіктің индивидтің қызмет
формасына айналуын игеретін кеңдік пен тереңдік, демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы.
96.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі
рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда
болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы,
сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух
пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар
соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы
біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді.
Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла
бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
97.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі
рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда
болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы,
сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух
пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар
соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы
біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді.
Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла
бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
98.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы
ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және
өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер
бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін
бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына
беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету
құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты:
сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын
ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге
түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің
айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам.
99.
1. АДАМДЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІНІҢЕРЕКШЕЛІГІ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДЕРДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ. КОНФУЦИЙШІЛДІК ЖӘНЕ ДАОСИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ: ЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАСТАМАЛАРЫ (ИНЬ/ЯН).
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі
Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін
алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек , ешкімнің
алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций:
«Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты.
Философиядағы адам мәселесінің мәні мен ерекшелігі. Адамның өз табиғатын танып білуге ұмтылуы
философиялық ойды дамытудың басты түрткілерінің бірі болып табылады. Философия ежелгі заманнан
бастап жалпы адам дегеніміз кім, оның табиғаты, оның мәні қандай екендігін айқындауға ұмтылып
келеді.
Адамның өзін-өзі танып білуі – философияның орталық мәселесі. Философияның адамды зерделеуге
арнаған тарауы философиялық антрология деп аталады. Оның ғылыми антропологиядан немесе адамды
зерделейтін арнаулы ғылыми пәндер кешенінен бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Заманауи
ғылымда мұндай 800-дей пән мен бағыттардың бар екендігін айтуымыз керек. Алайда олардың
әрқайсысы адамды белгілі бір жақтарынан, қандай да бір жекелеген қырларынан қарастырады.
Мысалы, психология адамның ішкі дүниесін, оның санасы мен түпсанасын; медицина – аурулардың
себептері мен оларды емдеу жолдарын; нейрофизиология – адамның жүйке жүйесінің қызметін
зерделейді.
100.
2. АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ БЕЙНЕЛЕРІ (ПИФАГОР,ПЛАТОН, ЭМПЕДОКЛ, ПРОТАГОР, СОКРАТ, АРИСТОТЕЛЬ ЖӘНЕ Т.Б.). ХРИСТИАНДЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ: АДАМ ҚҰДАЙДЫҢ БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ (ӘУЛИЕ АВГУСТИН,
АКВИНАЛЫҚ ТОМАС).
Демокрит: «Ақымақтарға оларды
мақтайтындар көп зиян келтіреді».
Платон: «Кеңпейілділік – мән-жайларды
шеберлікпен пайдалану: жанның
зердемен біріккен асқақтығы».
101.
2. АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ БЕЙНЕЛЕРІ (ПИФАГОР,ПЛАТОН, ЭМПЕДОКЛ, ПРОТАГОР, СОКРАТ, АРИСТОТЕЛЬ ЖӘНЕ Т.Б.). ХРИСТИАНДЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ: АДАМ ҚҰДАЙДЫҢ БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ (ӘУЛИЕ АВГУСТИН,
АКВИНАЛЫҚ ТОМАС).
Аристотель: «Достық дегеніміз – бірлесіп өмір
сүру үшін қажетті шарт».
Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам
табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса
бастады.
Антикалық философтар, әсіресе
натурфилософтар адамды ғарыш бейнесі,
«шағын дүние», микроғарыш ретінде
қарастырды.
Сократтан бастап антикалық философтар
адамды дене мен жаннан құралатын қосарлы
жаратылыс деп есептеді.
102.
2. АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ БЕЙНЕЛЕРІ (ПИФАГОР,ПЛАТОН, ЭМПЕДОКЛ, ПРОТАГОР, СОКРАТ, АРИСТОТЕЛЬ ЖӘНЕ Т.Б.). ХРИСТИАНДЫҚ
АНТРОПОЛОГИЯ: АДАМ ҚҰДАЙДЫҢ БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ (ӘУЛИЕ АВГУСТИН,
АКВИНАЛЫҚ ТОМАС).
Батыстың ортағасырлық философиясында
басты межелеу адам денесі мен жанының
арасында ғана емес, «тәндік адам» мен
«рухани адам» арасында орын тепті. Адам
табиғаты үш бөліктен: дене-жан –рухтан
құралады деп түсінілді. Батыстың
ортағасырлық діни философтары адамның
руханилығы оның ар-ұжданынан, құдаймен
байланысынан құралады деп есептеді.
103.
3. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ИНДИВИДУАЛИСТІК ТҮСІНІГІ (ПИКО ДЕЛЛАМИРАНДОЛА). ЖАҢА ЗАМАННЫҢ МЕХАНИСТИКАЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫ (Б.ПАСКАЛЬ,
Ж.ЛАМЕТРИ). Л.ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНРОПОЛОГИЗМІ
Адам мәнінің марксистік түсінігі. Солай болғанымен де,
адам табиғатының қарастырылған түсіндірмелеріне тағы
да біреуін қосайық. Әңгіме Людвиг Фейербахтың (18041872) антропологиялық материализмі туралы болмақ.
Фейербахты қызықтырған басты проблема – бұл адам
мен оның мәні мәселесі. Оның үстіне, ол адамды қайдағы
бір абстрактілі әлдене ретінде емес, өзінің барлық өмірлік
көріністеріндегі реалды жаратылыс ретінде түсінді.
Фейербах философиясында адам барлық философиялық
зерттеулердің «бастапқы пункті және соңғы мақсаты»
ретінде қарастырылады. Сондықтан да Фейербах
философиясы – бұл философиялық антропология.
104.
3. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ИНДИВИДУАЛИСТІК ТҮСІНІГІ (ПИКО ДЕЛЛАМИРАНДОЛА). ЖАҢА ЗАМАННЫҢ МЕХАНИСТИКАЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫ (Б.ПАСКАЛЬ,
Ж.ЛАМЕТРИ). Л.ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНРОПОЛОГИЗМІ
Фейербахқа сәйкес, адам – «табиғаттың айнасы». Ол – табиғат туындысы
және оның жаратылыстық күштері мен қабілеттерінің бейнеленуі болып
табылады. Сондықтан заттар табиғатында жаратылыстан тыс ештеңе жоқ.
«Жаратылыстан тыс» деп аталатынның бәрі адам арқылы жаратылысқа,
яғни табиғатқа телінуі тиіс. Фейербах адамның табиғи-биологиялық
сипатын атап көрсетті, ол гегельдік жалпылама абстракциялардан қол
үзіп, жеке адамға бет бұрды. Айлайда Фейербах адамның өзін өте тар
мағынада түсінді. Оның адамы реалдық қоғам мен қызметтен
оқшауланған болып шықты.
Сонымен Л.Фейербах дінді сынады. Ол табиғат пен адамнан тыс ештеңе
жоқ деп есептеді. Оның түсінігі бойынша біздің діни қиялымызбен
жасалған жоғары жаратылыстар – бұл біздің өз мәнімізді құдайландыру
ғана. Табиғат философияға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, «ақиқат
материализм де, идеализм де, физиология да, психология да емес, ақиқат
тек қана антропология болып табылады». Фейербах бойынша, адамның
мәні оның басқа адаммен қарым-қатынасында, яғни «тек етене
қатынаста, адамның адаммен бірлігінде ғана» орын алады.
105.
3. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ИНДИВИДУАЛИСТІК ТҮСІНІГІ (ПИКО ДЕЛЛАМИРАНДОЛА). ЖАҢА ЗАМАННЫҢ МЕХАНИСТИКАЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫ (Б.ПАСКАЛЬ,
Ж.ЛАМЕТРИ). Л.ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНРОПОЛОГИЗМІ
Немістің ұлы философы Иммануил Кант XVIII ғасырдың соңында-ақ
адам мен адамзат мәнін түсінуге қол жеткізген кез келген ойшыл
жауап беруі қажет төрт негізгі сұрақты тұжырымдаған:
Мен не біле аламын?
Мен не істеуім керек?
Мен неге үміттене аламын?
Адам дегеніміз не?
Әрине, бірінші сұраққа жауап бере отырып, осы уақытта адамзат
дүние және өзі туралы өткен ғасырларға қарағанда өлшеусіз көп
білетінін атап өту қажет. Оның үстіне, ұлы ойшылдар Толстой мен
Абай, Фрейд пен Ясперс, Эйнштейн мен Рассел, Швейцер мен
Сахаров адамзат білімінің деңгейіне терең қанағаттанбаушылықты
бастарынан кешірді. Олардың көпшілігі танымның өздеріне бақыт
әкелмегені былай тұрсын, шыңыраудың шетіне қойғанын көрді.
106.
3. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ИНДИВИДУАЛИСТІК ТҮСІНІГІ (ПИКО ДЕЛЛАМИРАНДОЛА). ЖАҢА ЗАМАННЫҢ МЕХАНИСТИКАЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫ (Б.ПАСКАЛЬ,
Ж.ЛАМЕТРИ). Л.ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНРОПОЛОГИЗМІ
И.Канттың үшінші сұрағына жауап беру бұдан да қиынырақ: мен
неге үміттене аламын? Бұл сұрақтың мәнісі – өз зердеңе,еркіңе,
еңбегіңе, адамдардың ынтымақтастығына үміттенуге бола ма
немесе жасампаздың, құдайдың, ғарыштық зерденің абыройына,
яғни адамнан жоғары тұрған күшке үміт арту керек пе?
Адамдар әрқашан құпияны тасымалдаушыларға, керемет
жасаушылар мен шексіз беделділерге табынып келді, өйткені
олардан жердегі дүниеде болмаса да, аспандағы дүниеге азат болу
үмітін көрді. Екінші жағынан, еркіндік ойымен атеизм балама
ретінде адамның өзіне, өз күшіне, топтық ынтымақтастыққа деген
үмітін жақты. Нақты өмірде адамдар өз үміттерін бәрінен де бұрын
өздері жататын әлеуметтік топпен байланыстырады. Бұларға ол
туралы адам «біз» деп айта алатын ұлыс, ұлт, сенімі ортақ адамдар
немесе отандастар (мысалы, қазақстандықтар, мұсылмандар, т.б.),
ұжым, отбасылық клан жатқызылуы мүмкін.
107.
3. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ИНДИВИДУАЛИСТІК ТҮСІНІГІ (ПИКО ДЕЛЛАМИРАНДОЛА). ЖАҢА ЗАМАННЫҢ МЕХАНИСТИКАЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫ (Б.ПАСКАЛЬ,
Ж.ЛАМЕТРИ). Л.ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНРОПОЛОГИЗМІ
Жоғары күштерге жүгінбейтін жалпыадазаттық
ынтымақтастық мұраты өзін бірыңғай тұтас деп
сезінуінің барысында, жаһандық проблемалар
қауіптілігінің артуымен үлкен қолдауға ие бола түсті.
Сондай-ақ Жер тұрғындарына термоядролық немесе
экологиялық апатқа жол бермейтін және зердесіз
адамзатты ғарыштық этика ережелеріне үйрететін
жерден тыс өркениеттердің, ғарыш келімсектерінің
көмегіне үміттенуге болады деген пікір де тарай
бастады. И.Канттың төртінші сұрағы адам болмысы
мен өмір сүруінің барлық қалған сұрақтарын қамти
отырып алғашқы үшеуін іске асырады.
108.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫАДАМ МӘСЕЛЕСІНЕ АЛҒАШ НАЗАР АУДАРҒАН ГРЕК
ОЙШЫЛЫ?
Гераклит
Спиноза
Протогор
Демокрит
109.
8 ДӘРІС. ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ. ӨМІРДІҢ МӘНІЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің
онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және
ажалсыздығы.
2. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт
дүниетанымдағы мәңгілік өмір мәселесі. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет
Яссауидің мистикалық дүниетанымы.
3. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі:
фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
110.
1. АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ (БАҚЫТ, СЕНІМ, ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ). ӨМІРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚЖӘНЕ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ. АДАМ, ОНЫҢ АЖАЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АЖАЛСЫЗДЫҒЫ
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы
болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек.
Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені
әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға,
тиімді жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер
“Өлімді есіңнен шығарма !”,- деген болатын. Оның
терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға
деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің
соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты
ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең
сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге
әкеледі. Жайшылықты өмірде байқалмайтын кіші-гірім
нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы
айқындалып сезіледі.
111.
1. АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ (БАҚЫТ, СЕНІМ, ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ). ӨМІРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚЖӘНЕ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ. АДАМ, ОНЫҢ АЖАЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АЖАЛСЫЗДЫҒЫ
Кезінде Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен
өлуге үйретеді,- деген болатын. Бұл пікірге толығынан
қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын
“гүлге қонған көбелек” сияқты өткізіп, қырыққа келіп,
ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар
қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда
“Ұлы мәртебелі Табиғат” оларды аяқтауға уақыт бермейді.
Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, бүкіл
ағайын-туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа
салады. Ондай адамға өлер алдында “Әттең-ай!”,- деген
өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден
кетеді.Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім
көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүнием мәңгі
өмір сүреді,- деген үмітпен өмірмен қоштасады.
112.
1. АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ (БАҚЫТ, СЕНІМ, ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ). ӨМІРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚЖӘНЕ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ. АДАМ, ОНЫҢ АЖАЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АЖАЛСЫЗДЫҒЫ
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия”
(auto - өзім, nazіa - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс
әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып “эвтаназия”,дейді. Әңгіме адамның өз еркімен қоғамның көмегі арқылы бұл
дүниеден кетуі. Яғни, оның “суицидтан”- өзін-өзі өлтіруден
айырмашылығы – ол қоғамның рұқсаты және көмегімен өз
қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік ләззәт алу
өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш
зардап шекпей бұл өмірден тәтті ұйқыға шомылып кете барғысы
келеді. Енді бұл мәселені біз де талдап көрелік.
Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік
даму жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді.
Расында да, егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап
шегуде, я болмаса, қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек
болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен
дүниеден кетуге көмектессе де болатын сияқты.
113.
1. АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ (БАҚЫТ, СЕНІМ, ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ). ӨМІРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚЖӘНЕ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ. АДАМ, ОНЫҢ АЖАЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АЖАЛСЫЗДЫҒЫ
Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте
жақын. Алайда, мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде
ешкім де қайта тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға “о дүниеде
денесіз мәңгі өмір сүретін жанды” көзге елестету өте қиын шаруа екенін
ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де.
Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми
деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді
айтып кетуіміз керек. Өйткені, өмір жаңа өмірді тудырып өз өмірін
жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи
дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз – толығынан болмаса да – болашақ
ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл өмірден кетпейміз,
бала, немере өмірі арқылы қала береміз.
Енді адамның жан-дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың
шығармашылық ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай,
Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ халқы тудырған асылдар өз
шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олардың тудырған
рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей
боламыз.
114.
2. ӨМІРДІҢ МӘНІ – ОНЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІН ҰҒЫНУ. УАҚЫТ, МӘҢГІЛІК ЖӘНЕ МАҚСАТ. ҚОРҚЫТ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫМӘҢГІЛІК ӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ФӘЛСАФА ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ МИСТИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ
Өлім - бұл өлім сияқты, тек біреу ғана. Егер өмірдегі өмір қайтыс болса,
біздің өмірімізге қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі жеңіл. Біз өміріміздің
соңғы тамшысына ұқсап, кем дегенде бір сағатқа ұмтыламыз, бірақ
өмірімізді ұзартуға және өлімді көрмеуге тырысамыз. Ал егер күнәкар
жанымыз жай ғана жазаланса және қатаң тәртіп колониясы түріндегі
тұтқын сияқты өмір сүру түрінде жазасын көтерсе ше? Өмір кейде өмірлік
проблемалар түрінде жазалауға ұқсайды. Ал егер біздің әлеміміз тозақ
болса, онда жазаланған жандар бар.
Өлім - бұл жаңа өмірдің басы, екіншісі біз үшін тағайындалған немесе біз
жоғалтқан. «Өлімнен кейінгі өмір» деген тіркес пайда болған жоқ. Ал егер
өлім - бұл жаңа өмірдің есігі. Біз қайтыс болудан қорқамыз, қорқыныш
бізге тән, өйткені біз әрдайым белгісізден қорқатынбыз. Өмірден аман
болуымыз керек, мәңгілік өмірге ие бола аламыз. Біз қайтыс болудан
қорқамыз, өйткені біз өзіміздің сыртқы көрінісімізге сенеміз. Біз өліп,
жеке басымыздан және жеке басымыздан айырылып қаламыз деп
сенеміз. Біз өмірімізді шамадан тыс еңбекпен құтқандықтан жоғалтудан
қорқамыз, материалдық байлығымыздан айырылып қалудан қорқамыз.
115.
2. ӨМІРДІҢ МӘНІ – ОНЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІН ҰҒЫНУ. УАҚЫТ, МӘҢГІЛІК ЖӘНЕ МАҚСАТ. ҚОРҚЫТ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫМӘҢГІЛІК ӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ФӘЛСАФА ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ МИСТИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ
Дене - бұл жан деп аталатын неғұрлым жоғары материя
үшін жай ғана бейбітшілік. Дене кейде аяқ-киімге
айналып, айналадағы ортада өмір сүреді, ал жан дүниесі
әрдайым қалады, ол жерді қалпына келтіріп, жаңа денеге
айналдырады, және мыңдаған жылдар бойы денеден
денеге дейін, аяғына дейін уақыт береді. Мерзімінен
бұрын өлім жазаны көбейтеді, жазаны көбейтеді, сондайақ түрмеден қашу үшін колонияларда қызмет ету мерзімін
ұлғайтады. Және өз жазасын өтеп жүрген адам енді жер
бетіне қайта оралмайды. Ол толық тыныштықты табады.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар өмір мен өлімнің
мағынасын ашуға тырысып жатыр, бірақ әлі де осы
сөздерді және құбылыстарды түсіндіре алмайды. Дін мен
ғылым тұрғысынан өлімнің көптеген нұсқалары бар, бірақ
ештеңе дәлелденбеді.
116.
2. ӨМІРДІҢ МӘНІ – ОНЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІН ҰҒЫНУ. УАҚЫТ, МӘҢГІЛІК ЖӘНЕ МАҚСАТ. ҚОРҚЫТ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫМӘҢГІЛІК ӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ФӘЛСАФА ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ МИСТИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ
Өмірдің мәні қандай? Ойлануға қабілетті әр адам көбінесе
туылған және өмір сүретін нәрсесінің мағынасын ойлайды.
Біз бәріміз жоғары циклдің бір бөлігі, біз туылып, өмір
сүреміз, өлеміз. Көптеген адамдар айтқан сөздерден
әлдеқайда қиын. Қайтыс оңай оңай болғаны белгілі.
Өйткені, мұны тек марқұм адам ғана айта алады, ал
өлгендер сөйлей алмайды.
Олар ғасырлар бойы өмір мен өлім туралы сөйлеседі және
олар сол санды айтады, өйткені ол адам үшін жоғары және
қол жетпейтін нәрсе. Әр адам өмір мен өлім жайлы, ең
танымалдан ең немқұрайды дейді. Бірақ өмір мен өлім
туралы кім және қанша сөз айтса, мұның барлығы жай
әңгіме болып қалады және бұл құбылыстар ғаламның ең
ұлы жұмбақтары болып қала береді.
117.
3. ӨМІРДІҢ МӘНІН ІЗДЕУ. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР ТАРИХЫНДАҒЫӨМІРДІҢ МӘНІ МӘСЕЛЕСІ: ФАТАЛИЗМ, ГЕДОНИЗМ, ВОЛЮНТАРИЗМ,
ФУНКЦИОНАЛИЗМ
Философия өмірдің мағынасы туралы. Адам мен адамзаттың алдында барлық
уақыттарада тұрған толып жатқан проблемалардың ең мәнділерінің бірі – ол
өмірдің мағынасы мәселесі. Қалай өмір сүру керек? Не үшін өмір сүру керек?
Бұл сұрақатар адамдарды барлық тарихи дәуірлерде тоғандырған. Оларды сезіну
мен дұрыс түсіну адамға мінез-құлық пен қызметте сенімді бағдар береді, өз
күшіне сенімділікті арттырады, өмірінің мақсаттары мен құндылықтарына тиісті
қатынастарын жасақтауға жағдай жасайды.
Француз ғалымы және философы Блез Паскаль (1623-1662): «Адам – бар
болғаны құрақ, табиғат жаратылыстарының ішіндегі ең әлсізі, бірақ ол –
ойланушы құрақ. Оны жою үшін бүкіл Ғаламның тіпті де керегі жоқ: желдің соғуы,
су тамшысы да жеткілікті. Алайда, тіпті оны Ғалам жойса да, адам бәрібір де одан
гөрі асқақтау, өйткені өмірмен қош айтысатынын және Ғаламнан әлсіздеу
екендігін ұғынады, ал Ғалам ештеңені ұғынбайды» деп жазған. Басқа тірі
жаратылыстардан айырмашылығы – адам өз өмірін ұғынады. Адамның саналы
жаратылыс ретіндегі өз өмірі мен өзді-өзіне қатынасы оның өмірінің мағынасы
мен мақсатында өрнектеледі.
118.
3. ӨМІРДІҢ МӘНІН ІЗДЕУ. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР ТАРИХЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ МӘСЕЛЕСІ: ФАТАЛИЗМ,ГЕДОНИЗМ, ВОЛЮНТАРИЗМ, ФУНКЦИОНАЛИЗМ
Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық
(құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік
мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтікқұндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей»,
қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін
болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани
өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі.
Өмірдің мағынасы неде?
Бұл сұрақты түсінуге және осыған сәйкес оны шешуге философтар
екі түрлі: жеке алынған адамның көзқарасы және рулық
жаратылыс, адамзат ретіндегі адамның көзқарасы тұрғысынан
келеді. Бірінші түсінуде өмірдің мағынасы – жеке адамның бірегей
ішкі рухани өмірінің элементі, ол оның өзі үшін қоғамдық
құндылықтардың үстемдік етуші жүйелеріне тәуелсіз
тұжырымдайтыны. Бұл жерде барлық адам үшін бірыңғай өмір
мағынасы туралы айтуға болмайды. Әрбір индивид оны
құндылықтарының өзіндік ерекшеліктері мен өз тәжірибесінде
ашады.
119.
3. ӨМІРДІҢ МӘНІ – ОНЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІН ҰҒЫНУ. УАҚЫТ, МӘҢГІЛІК ЖӘНЕ МАҚСАТ. ҚОРҚЫТ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫМӘҢГІЛІК ӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ФӘЛСАФА ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ МИСТИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ
«Өмір мағынасы» категориясы адам өмір сүруінің сапалық
жағын сипаттайды. Ол адам үшін жоғары мақсаттар мен
құндылықтардың жиынтығын көрсетеді. Сондай-ақ онда
адамның тіршілік қарекетіндегі жалпы адамилықтың,
тарихилықтың, әлеуметтік-топтылықтың және
жекетұлғалықтың диалектикалық өзара байланысы өз
өрнегін табады.
Адамдар олардан өмір мағынасын көре отырып өздерінің
жеке мақсаттарына ұмтылады. Және де көбінде адамға
өзінің мақсаттары дүниеге байланысты еместей болып
көрінеді. Әрине, мақсаттардың сипаты көп дәрежеде
нақты адамға, оның тәжірибесіне, біліміне, қоғамдық
жағдайына және т.б. байланысты. Алайда бұл өмір
мағынасының таза субъективті нәрсе екендігін әсте
білдірмейді. Өйткені адамның мақсаттары ол үшін
объективті табиғи және әлеуметтік дүниеден туындайды.
120.
3. ӨМІРДІҢ МӘНІ – ОНЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІН ҰҒЫНУ. УАҚЫТ, МӘҢГІЛІК ЖӘНЕ МАҚСАТ. ҚОРҚЫТ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫМӘҢГІЛІК ӨМІР МӘСЕЛЕСІ. ФӘЛСАФА ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ МИСТИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ
Адам – қоғамдық (әлеуметтік) жаратылыс, ал
бүкілқоғамдық өмір – адамдардың өз қызметі. Жеке
және қоғамдық міндеттер адам қызметіне енеді,
оларды ол өз өмірінің мақсаттары ретінде ұғынады.
Міне, осы мақсаттар мен құндылықтардың
ұғынылатындығы өмір мағынасының субъективтік
жағын, яғни оны адамның өзі қалай көретінін
құрайды. Өмір мағынасының объективтік жағы – бұл
оны қоғамның қалай көретіндігі. Қоғам адамның өз
өмірінің мағынасын оның (қоғамның) стратегиялық
мақсаттарына барынша қолдау жасауынан көруіне
мүдделі, алайда бұл ретте адам, тіпті гуманистік
мақсаттарға қол жеткізуде болсын, құрал ретінде ғана
пайдаланылмауы тиіс.
121.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕСІ?
Материя туралы философиялық ілім
Аспан денелері туралы ілім
Өмір мен өлім туралы философиялық ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім
122.
9 ДӘРІС. ЭТИКА. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері..
2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив
(И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері..
3. Жүсіп Баласағұн философиясындағы әділеттілік мәселесі. «Құт», «қанағат»,
«тәуба», «әділет», «сабыр» категориялары.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
123.
1. АКСИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК.ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) —
құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта
аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы
философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі —
"Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ
қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы
ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды.
Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын
алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық
құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған..
124.
1. АКСИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК.ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған
Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық
өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің
жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы
даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің
нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи
мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарымқатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал
құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу
жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология
әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады.
125.
1. АКСИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК.ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Платон
философиясыңда
құндылықтар
жалпы
ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды.
Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын
алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық
құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған.
Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға
бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан,
оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді.
Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени
құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін
және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылытарихи жүйесі ретінде көрініс тапты..
126.
1. АКСИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК.ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен
жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды,
сұлулықпен
ұсқынсыздықты,
әділеттілік
пен
әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді,
маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға
көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат
тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді руханипрактикалық
тұрғыдан
игерудің
тәжірибесі
жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық
ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет
болмысының құрамдас бөлігі болып табылады.
127.
2. АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАСЫ(КОНФУЦИЙ) ЖӘНЕ КАТЕГОРИЯЛЫҚ
ИМПЕРАТИВ (И.КАНТ).
Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Конфуций —
көне қытай ойшылы болып, оның ілімі мен философиясы көне
Қытай мәдениетіне, сондай-ақ Корея, Вьетнам және Жапония
мәдениеттеріне үлкен ықпал еткен.
Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін
бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу
заңдылықтарына еш көңіл бөлмеген. "Өмірдің не екенін білмей
жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік", — деген екен ол.
Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық
шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген.
Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы
ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.
128.
2. АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАСЫ(КОНФУЦИЙ) ЖӘНЕ КАТЕГОРИЯЛЫҚ
ИМПЕРАТИВ (И.КАНТ).
Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның
кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын
ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдетғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам
тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да
қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп
түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін
қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы
мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық
өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.
129.
2. АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАСЫ(КОНФУЦИЙ) ЖӘНЕ КАТЕГОРИЯЛЫҚ
ИМПЕРАТИВ (И.КАНТ).
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа
бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік
бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы
Сюнь-дзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері
Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-дзы Конфуций
ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана
айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен
толықтырып отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек
жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-дзы
философиясының негізгі өзегі болып табылады.
130.
2. АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАСЫ(КОНФУЦИЙ) ЖӘНЕ КАТЕГОРИЯЛЫҚ
ИМПЕРАТИВ (И.КАНТ).
Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда
оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке,
ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім.
Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы
оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру
идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі
негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен
тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс
тапқан. Мұнда Конфуций қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою
қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты
(Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы).
131.
2. АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАСЫ(КОНФУЦИЙ) ЖӘНЕ КАТЕГОРИЯЛЫҚ
ИМПЕРАТИВ (И.КАНТ).
Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің
саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға
– биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына
(ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің
ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді.
Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы)
тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы,
Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне
байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі
жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.
132.
3. ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫӘДІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІ. «ҚҰТ», «ҚАНАҒАТ»,
«ТӘУБА», «ӘДІЛЕТ», «САБЫР» КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын
қалыптастыратын рухани дүниенің тазалығын өзек етіп, өз
заманының қоғамдық-әлеуметтік жағдайына байланысты «адам»
ұғымын құрайтын негізгі жақсы және жаман қасиеттерді
билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мәселені
әмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам –
ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті – түзу, сөзі – шырын, білім мен
өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек
сақтамайтын жан болуы шарт» екенін жазған. Поэмадағы
адамгершілік аясына шоғырланған ойларды көне түркілік,
шығыстық сарындағы тілдік бірліктермен, афоризмдермен, мақалмәтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген.
133.
3. ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫӘДІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІ. «ҚҰТ», «ҚАНАҒАТ»,
«ТӘУБА», «ӘДІЛЕТ», «САБЫР» КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті
басқару жөніндегі заң ережелер жинағы ретінде танылған
болатын. Өйткені шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр
философиясы жырланды.
Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде
дәл осындай қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде
тұрды. Олар қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер
арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам
алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару принциптері және тағы
басқа көптеген әлеуметтік ахуалдағы мәселелер қамтыды.
134.
3. ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫӘДІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІ. «ҚҰТ», «ҚАНАҒАТ»,
«ТӘУБА», «ӘДІЛЕТ», «САБЫР» КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Ж.Баласағұн ойшыл ретінде өмір жолын, адам тағдырын және ел
болашағын біріктіре талқылауды, адам болудың құндылықтарына,
қасиеттеріне және тәсілдеріне деген байырғы қалыптасқан дағдыны
қайта қарастыруды, толықтыруды мақсат тұтады. Рухани кеңістікті
кеңейтудегі мақсат - адам болмысының әлеуетін, кісілік қасиеттердің
қуатын ашып беру, адал еңбектенушілердің еңсесін көтеру, жалқаулар
жатып ішуге неге бейім екендігін әшкерелеу, көпшілікті жағымды ниетке
тоғыстыру, түбірінде рухани жаңғыру мен мәдениетке жол ашу еді. Рухани
құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру,
сақтау, зерделеу және насихаттау жұмыстарын ретке келтіру, оған жаңа
серпіліс енгізу - рухани жаңару мен гуманистік дәстүрді жалғастырудың
басты шарттары.
135.
3. ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫӘДІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІ. «ҚҰТ», «ҚАНАҒАТ»,
«ТӘУБА», «ӘДІЛЕТ», «САБЫР» КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі
тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы
болды. Ал ойлы іс-әрекет еркіндігі, көркемдік және ғылымифилософиялық шығармашылық қарқынының ауқымдануы - адам
болмысына және ел бірлігіне деген қызығушылықты арттырды.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, дастанның идеялық композициясы
төрт ұлы ұғымнан, төрт қымбат қасиеттерден: 1) шындық жолы,
Әділет; 2) құт пен ырыс, Дәулет; 3) Ақыл менен парасат; 4)
ұстамдылық, Қанағат ұстанымнан құрастырылуы тегін емес.
Ж.Баласағұн ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бірбірімен тұрақты үйлескен.
136.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫЭТИКАНЫҢ АЛТЫН ЗАҢЫН ҰСЫНҒАН ҚЫТАЙ ОЙШЫЛЫ?
Сюн цзы
Ким Ли
Конфуций
Лао цзы
137.
10 ДӘРІС. ЕРКІНДІК ФИЛОСОФИЯСЫЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б.
Спиноза).
2. М. Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы..
3. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр. Еркіндік және абсурд: А. Камю. Н.А.
Бердяевтің еркіндік концепциясы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
138.
1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРКІНДІКҰҒЫМЫ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРКІНДІГІ (Б.
СПИНОЗА).
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей
отбасында
дүниеге
келіп,
өуелі
сауда-саттықпен
айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет
бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану
мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық
доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу
ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі — «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне
сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса,
адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза
адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап
кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай —
табиғаттың өзі.
139.
1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРКІНДІКҰҒЫМЫ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРКІНДІГІ (Б.
СПИНОЗА).
Спиноза
адамгершіліктік
ережелердің
құдайдан
туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан
жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Ең бастысы — Спиноза
адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді.
Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін
қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа
адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін
емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза
бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақылойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді
парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты
қарастырады.
140.
1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРКІНДІКҰҒЫМЫ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРКІНДІГІ (Б.
СПИНОЗА).
Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның
дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие
адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша
қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың
көмегімен
рахатқа
бөленеді.
Осыдан
Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды,
ол мемлекеттің мақсаты — адамның еркіндігін
қамтамасыз ету деп тұжырымдайды. .
141.
1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРКІНДІКҰҒЫМЫ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРКІНДІГІ (Б.
СПИНОЗА).
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да
еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау
керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да
еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім
туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату — құлдықтың
бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына
салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз
«философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Өмірде
бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік — себептіліктің бір
звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе.
142.
1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРКІНДІКҰҒЫМЫ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРКІНДІГІ (Б.
СПИНОЗА).
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың,
халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет
етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз
әрекеттерінің объективті жағдайларын қалауынша
таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және
салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық
ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа
қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті
заңдарын
игеруіне,
іс
жүзінде
қолдануына
жәрдемдеседі.
143.
1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРКІНДІКҰҒЫМЫ. АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРКІНДІГІ (Б.
СПИНОЗА).
Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах
адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны
адамдардың
құдайға
құлшылық
етуімен,
экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен
байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін
қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен
байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг”
атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік
нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс
күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз
болмысына үстемдігі дейді. .
144.
2. М. ХАЙДЕГГЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫЕРКІНДІК ПЕН АҚИҚАТТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ.
Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі
М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан
өзі қызық әрі құнды. Адамның шынайылығы-оның
еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және
болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының
ақиқаты "осында орныққан" адам ерікті, себебі:
"осындағы болмыс"орын және адамға Адам болу
мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту
өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсені тірлігіне
мүмкіндік жоқ болу емес, орын - адам өз-өзін зерделей
бастайтын шынайылықтың түрі. Бұл оның тірлік негізі және
оның жүзеге асу мүмкіндігі.
145.
2. М. ХАЙДЕГГЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫЕРКІНДІК ПЕН АҚИҚАТТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ.
Хайдеггердің еріктіліктің нақты өлшемі
жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па,
әлеуметтік пе немесе саяси аспекттерге енгізуге
қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика
арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге
үлкен кедергі болып тұр. Біз адам—саяси
мақұлық деп айтқанда біз оның метафизикалық
еріктіліктің шынайылығы және мойындауы
болатын саяси еріктілікті сақтау мағынасында
түсінеміз.
146.
2. М. ХАЙДЕГГЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫЕРКІНДІК ПЕН АҚИҚАТТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ.
Еркіндік пен ерік синоним ретінде
қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған
мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап,
билік, мүмкіндік, ал «еркіндік дегеніміз – ерікті күй». Арождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік
сезімі.Еркіндік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы
ерткіндікті құқық реттейді.Ішкі еркіндік бұл субъективті
еркіндік, яғни адамның адамның ойлау еркіндігі, сенім,
көзқарас еркіндігі және т.б.Құқықтық еркіндік барлық
еркіндік түрлерінің жүзеге асуына кепіл болады, яғни
саяси, экономикалық, рухани және т.б. еркіндік.
147.
2. М. ХАЙДЕГГЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫЕРКІНДІК ПЕН АҚИҚАТТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ.
Хайдеггер шындықты классикалық түсінуді білім
мен шындықтың таныс сәйкестігі деп жариялайды және
одан кетеді. Оның ақиқат тұжырымдамасы "субъектінің
эпистемологиясындағы" шындықты түсінудің тарихи және
философиялық көзі болып табылады. "Шындықтың мәні
туралы"еңбектерінде, "Платонның ақиқат туралы ілімі"
және "Көркем жаратылыстың бастауы" ол танымдық
әдістерді түсіну арқылы адамның шындыққа деген
көзқарасына айналдырады. Нәтижесінде субъективті-жеке
және онтологиялық ерекше байланыс пайда болады.
148.
2. М. ХАЙДЕГГЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫЕРКІНДІК ПЕН АҚИҚАТТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ.
М.Хайдеггер "көркем туындының
бастауы" атты еңбегінде ақиқат пен көркем
шығармашылықтың байланысын
ашады.Затты, өнімді және өнер туындысын
салыстыра отырып, ол зат пен форманың
өзара әрекеттесуі олардың айырмашылығын
көреді.
149.
3. ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: Ж.П.САРТР. ЕРКІНДІК ЖӘНЕ АБСУРД: А. КАМЮ. Н.А.
БЕРДЯЕВТІҢ ЕРКІНДІК КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік
маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде
философия тарихында діни, этикалық, заңдық,
тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді.
Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің
маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен
жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе
жасау нәтижесінде адам білімінің артуына
көмектеседі.
150.
3. ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: Ж.П.САРТР. ЕРКІНДІК ЖӘНЕ АБСУРД: А. КАМЮ. Н.А.
БЕРДЯЕВТІҢ ЕРКІНДІК КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы,
оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан,
еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады. Адам
о баста табиғатпен туылса да, оған берілген еркіндік пен
жауапкершілік, оны айналадағы болмысты зерттеп, тануға
қызықтырады. Сондықтан бұларды иеленгендер қашанда
белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы
әрекеттене отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін
көрсету мүмкіндігіне ие болады. Олар өз еркімен әрекет
етіп, ойлай алатын мүмкіндіктен тұрады.
151.
3. ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: Ж.П.САРТР. ЕРКІНДІК ЖӘНЕ АБСУРД: А. КАМЮ. Н.А.
БЕРДЯЕВТІҢ ЕРКІНДІК КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның
өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің
мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті
иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті
үғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итермелейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас
тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс
арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы
ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау
жасайды.
152.
3. ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: Ж.П.САРТР. ЕРКІНДІК ЖӘНЕ АБСУРД: А. КАМЮ. Н.А.
БЕРДЯЕВТІҢ ЕРКІНДІК КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі
өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде,
саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде,
көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропология, саясаттану, заң ғылымдары, психология,
мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану
пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз.
153.
3. ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: Ж.П.САРТР. ЕРКІНДІК ЖӘНЕ АБСУРД: А. КАМЮ. Н.А.
БЕРДЯЕВТІҢ ЕРКІНДІК КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше
анықталып жүр. Анықтамасы бойынша: «Жауапкершілік – этика
және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік және
моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын
білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталына-ды».
Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде
жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс
тапқан, өнегелік парыз сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл
анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам
онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі –
еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік –
еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен
үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып
табылады.
154.
3. ЕРКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: Ж.П. САРТР. ЕРКІНДІКЖӘНЕ АБСУРД: А. КАМЮ. Н.А. БЕРДЯЕВТІҢ ЕРКІНДІК
КОНЦЕПЦИЯСЫ.
Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету
үшін үйлесімді дамыған тұлға және жанжақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін
индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам
эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз
нәрсе қажет. Бұндай толық еркін
индивидуалдылық өзінің ішкі потенциясының
дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді.
155.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫЕРІК ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН
ОЙШЫЛ?
Шопенгауэр
Конфуций
Аристотель
Сократ
156.
11 ДӘРІС. ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Негізгі эстетикалық
категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, траги-комедиялық, асқақ – төмен.
Сұлулықтың құндылығы.
2. Эстетиканың даму тарихы.
3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және
әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
157.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін
адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге
бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм.
қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен
пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам
өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси
қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда
дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады.
Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді,
талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы
объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің
өзіндік формасы ретінде қарастырады.
158.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Эстетика (көне грекше: αἰσθητικός – сезіну, сезімдік) –
адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну
заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен
шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
Ғылымның бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың
жалпы заңдылықтарын, адамның болмысқа сезімдік қатынасын
зерттейді..
Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен
айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бірбірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
объективті шындықтағы эстет. ұғым
субъективті эстет. үғым (эстет. сана)
159.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Өнер, көркем шығарм. оның маңызды
жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің мәнісі
мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы,
теор. және тарихи ғылымдармен және өнер туралы
ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ
Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол
адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның
ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал
өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы
ерекшелігіне назар аударады.
160.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Эстетика өнердің табиғаты мен көркем
шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу
тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың
басқа формаларымен байланысын, оның тарихи
заңдылықтарын, көркем образдың
ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен
форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс
пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып
көрсетеді.
161.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да
этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика"
ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс
философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек
тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық
тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын
деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін
"анестезия" сезінде кездеседі.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті
әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы
өнер деп қарастырған.
162.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және
римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық
эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі — оның
космологизмі. Катарсис (грекше "тазару") — адам
жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық
жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық
философиядан алынған. Көне гректер катарсисті
денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру
үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған.
163.
1. ЭСТЕТИКА ПӘНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ.НЕГІЗГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР: СҰЛУЛЫҚ –
ҰСҚЫНСЫЗДЫҚ, ТРАГИ-КОМЕДИЯЛЫҚ, АСҚАҚ – ТӨМЕН.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.
Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы
параграфтардағы мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін
қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу ісінде
гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш
салатын) тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер),
грамматика, тарих, поэзия және т.б. баса назар
аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген
Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді
сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық
эстетиканың орталық ұстанымына айналып кетті.
164.
2. ЭСТЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.Эстетика ғылымының териялық негізі
Аристотель ілімінен бастау алады, ол алғаш рет
әсемдіктің ерекшелігі туралы мәселе көтерген
болатын, яғни, бұл эстетиканың өзін-өзі айқындауына
мүмкіндік берген маңызды теориялық мәселенің бірі.
Сонымен қатар, Аристотель эстетика тарихында
бірінші болып өнерді түр мен жанрларға бөледі. Бұл
бір жағынан, антика өнерінің жоғары дәрежеде
дамығандығын көрсетсе, екіншіден, эстетикалық
теорияның жоғары деңгейін де байқатады.
165.
2. ЭСТЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.Юрий Боревтың пайымдауы бойынша:
«Эстетика философияның маңызды бөлімдерінің бірі,
табиғаттың әр түрлі құбылыстарының, адам өмірінің,
өнерінің сезімтал бейнесін, айқындығын, сұлулығын
ашумен байланысты адамның шынайылыққа деген
шығармашылық, көрнекі, көркемдік көзқарасын
білдіретін жалпы теориялық білім саласының бірі.
Эстетика ғылым ретінде әдемілікті түсінуге негізделген
адамның әлемге танымдық ерекше, пайданы
көздемейтін, демек утилитарлық емес әдісін
зерттейді».
166.
2. ЭСТЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.А. Баумгартеннің ойынша, эстетикалық
білім бірнеше бөлімнен тұрады, олар: 1) заттар мен
ойдағы сұлулық туралы 2) өнер заңдары туралы 3)
эстетикалық белгілер туралы. Қазіргі уақытта
«эстетика» ұғымы тек ғылыми тілде ғана емес,
күнделікті өмірде де жиі қолданылатын сөздердің
біріне айналды: бүгінгі күні тұрмыс эстетикасы,
интерьер және дизайн эстетикасы, киім эстетикасы,
мінез-құлық эстетикасы туралы айту орынды.
167.
2. ЭСТЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.Эстетиканың пәні – өзінің құбылыстарының
жалпыадамзаттық маңызы, яғни, эстетикалық құндылығы тұрғысынан
алғанда оның эстетикалық байлығымен бірге бүкіл әлем болып табылады.
Эстетика пәні сонымен қатар өнерге тікелей немесе өнерге ғана
жатқызуға болатын эстетикалық белсенділік түрлерін қамтиды – тек
пайдалы емес, сондай-ақ әдемі нәрсені модельдейтін қызметті де осыған
жатқызуға болады. Эстетика – жалпыға ортақ адами құндылықтардың
мәні, олардың туылуы, болу, қабылдау және бағалау, адам қызметінің кезкелген кезеңінде әлемді эстетикалық меңгерудің жалпы қағидаттары
туралы және ең алдымен эстетикалық табиғат пен оның алуан түрлілігі,
шығармашылықтың мәні мен заңдылықтары, өнерді қабылдау, қызмет
ету және дамыту туралы философиялық ғылым.
168.
3. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР. ӨНЕР – МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ, ОНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ. ӨНЕР
ӘЛЕМІНДЕГІ АДАМ.
Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі.
Сондықтан болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген
қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы
мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік —
адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар
қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді
білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды
имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды.
Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену
үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды
талпындыру, құштар ету.
169.
3. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР. ӨНЕР – МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ, ОНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ. ӨНЕР
ӘЛЕМІНДЕГІ АДАМ.
Өнер философиясы, өнер ілімі болып
табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған
мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше,
эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық
тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің
айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу,
бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып,
сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып,
өзгертіп отыру.
170.
3. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР. ӨНЕР – МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ, ОНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ. ӨНЕР
ӘЛЕМІНДЕГІ АДАМ.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік
қалай байланысты болса, солай тығыз
байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер
ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке
тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны
тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында
жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы.
Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық,
ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
171.
3. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР. ӨНЕР – МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ, ОНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ. ӨНЕР
ӘЛЕМІНДЕГІ АДАМ.
Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана
әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады,
өйткені «универсумның (әлемнің) өзі абсолютті
өнердің туындысы», табиғаттың өзі «рухтың
бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы,
аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен
иістері, құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың
дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді
таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз
ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.
172.
3. ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР. ӨНЕР – МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІ, ОНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ. ӨНЕР
ӘЛЕМІНДЕГІ АДАМ.
Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық
өнерлер. Оған ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны
жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын
өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да
жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл классификацияға
күмәндануға әбден болатын сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе
алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де
білеміз, олай болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді.
Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі
ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс
философы М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда
философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары
ашылады деген болатын.
173.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫЭСТЕТИКА НЕ ТУРАЛЫ ІЛІМ?
Әдет ғұрыптар туралы ілім
Аспан денелері туралы ілім
Әсемдік туралы ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім
174.
12 ДӘРІС. ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
2. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам.
Желілік қоғам.
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд,
Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының
формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
175.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ. ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ.Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген
орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі —
«Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол
бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама
береді: “ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам
деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады,
оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет
жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.
176.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ. ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ.С.Л Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары
мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде:
Қоғамдық өмір деген не?
Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның
шынайы мақсаты неде?
Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге
ұмтылады және неге жетуі мүмкін?
Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай
орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады
және оның нағыз мәні неде?
Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік
бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?
177.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ. ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ.Оның айтуынша әлеуметтік философия –
“қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін”
зерттеумен айналысатын философиялық таным.
“Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның
нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен
нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”.
Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның
қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих,
мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б.
әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін
философиялық ілім саласы.
178.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ. ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ.Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен
бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып
табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия
қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі,
адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам
шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия
үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру
өте маңызды.
Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы нарутиализм,
идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс
береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін «материалдық»,
«руханилық», «практикалық» ұғымдарының ара қатынасы ең
маңызды болып табылады.
179.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ. ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ.Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен
пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және
индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты,
ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір
нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз
санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін
«жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді.
Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу
негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялықметодологиялық конструкцияларды, терминдерді,
категорияларды іздейді және табады.
180.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Қоғамдық сана әлеуметтік-тарихи процестің
қажетті жағы, тұтастай қоғамның функциясы ретінде
әрекет етеді. Оның тәуелсіздігі өзінің ішкі
заңдылықтарына сәйкес дамуда көрінеді. Қоғамдық
сана әлеуметтік болмыстан артта қалуы мүмкін, бірақ
одан озып кетуі мүмкін. Қоғамдық сананың
дамуындағы сабақтастықты, сондай-ақ қоғамдық
сананың әр түрлі формаларының өзара әрекеттесуінің
көрінісін көрудің маңызы зор. Қоғамдық сананың
әлеуметтік болмысқа белсенді кері әсері ерекше
маңызды.
181.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Қоғамдық сананың формалары
Қоғамдық өмір дамыған сайын адамның танымдық қабілеттері
қалыптасады және байытады, олар қоғамдық сананың келесі
негізгі формаларында бар: моральдық, эстетикалық, діни, саяси,
құқықтық, ғылыми, философиялық.
Мораль - бұл жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың және тұтас
қоғамның көзқарастары мен идеялары, нормалары мен бағалары
көрініс табатын әлеуметтік сананың бір түрі.
Саяси сана - бұл үлкен әлеуметтік топтардың іргелі мүдделерін,
олардың бір-біріне және қоғамның саяси институттарына
қатынасын көрсететін сезімдердің, тұрақты көңіл-күйлердің,
дәстүрлердің, идеялардың және интегралды теориялық жүйелердің
жиынтығы.
182.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Құқық - бұл мемлекет нормаларымен қорғалатын
әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі.
Құқықтық сана - бұл заңды білу және бағалау.
Теориялық деңгейде құқықтық сана үлкен әлеуметтік
топтардың заңды көзқарастары мен мүдделерінің
көрінісі болып табылатын құқықтық идеология түрінде
пайда болады.
Эстетикалық сана - бұл әлеуметтік болмысты нақты,
сезімдік, көркем образдар түрінде түсіну.
183.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Дін - бұл табиғаттан тыс сенімге негізделген қоғамдық
сананың бір түрі. Оған діни сенімдер, діни сезімдер,
діни әрекеттер жатады.
Философиялық сана - дүниетанымның теориялық
деңгейі, табиғаттың, қоғам мен ойдың ең жалпы
заңдылықтары туралы ғылым және оларды білудің
жалпы әдісі, өз дәуірінің рухани квинтэссенциясы.
Ғылыми сана - бұл әлемнің арнайы ғылыми тілде
жүйелі және ұтымды көрінісі, оның ұстанымдарын
практикалық және нақты растау негізінде негізделген
және расталған.
184.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа
ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде
қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық
тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен
ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін
мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік
революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім
мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты
білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп
соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д.
Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір
түрі болып табылады.
185.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Ақпараттық қоғам – өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа
ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде
қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама;
өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық
қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті
елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан
дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен
жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының
өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З.
Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды
қоғамның бір түрі болып табылады.
186.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Постиндустриалдық қоғам - экономикалык дамыған
елдердің «индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі»
қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын
білдіретін ұғым. Бұл терминде аталмыш қоғамның кызмет
көрсету экономикасын калыптастыру, ғылыми-техникалық
мамандардың басымдылығы, жаңа «интеллектуалды»
техниканы жасау сияқты негізгі белтілер қалыптастырған.
Оны Д.Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен
тығыз байланыстағы фақторлардың, техниканың,
әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани
кұндылыктардың жүйесі ретінде көрінеді.
187.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
.
Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін
ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда
білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат
ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни
рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын
жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан
екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам. Ол
мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси
жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған.
188.
2. «ҚОҒАМДЫҚ САНА» ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ. АҚПАРАТТЫҚҚОҒАМ. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ. АШЫҚ ҚОҒАМ. ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМ.
«Жабық қоғам» — догматты түрде жеке басқа
.
табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне
тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері
қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, «ашық» қоғам
— бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы
жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын,
өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам.
Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда
«жабық» жүйеден «ашық» жүйеге өту арқылы жүзеге
асып отырғанын көрсетеді.
189.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
.
Латынның «культура» сөзінің бастапқы мағынасы
жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді
білдіреді. В.Даль культура сөзінің мынадай
мағыналарын берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту»,
«білім, ақыл-ой және ізгілік». Цицеронда біз бұл
терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының
дамуына байланысты барынша кеңірек
қолданылғанын көреміз. Мәдениеттің толығырақ
мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи
көзқарасқа орайластырылған адамның «екінші
табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап көрсетеді.
190.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
.
Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі –
ізгіліктік болып табылады. Адамдар ерте
заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін
адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді.
Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның
рухани өсуі мен еркіндік деңгейін
қамсыздандыруға тиіс.
191.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
.
Фрейдтік «мәдениет» термині адамдардың табиғатқа билік
жүргізу барысында игерген білімдері мен әдіс-тәсілдерді,
адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретін айта кету
қажет. Сонымен қатар фрейд теориясы адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе игерілген
игіліктерді бөлуді реттейтін институттарды да қамтиды.
Басқаша сөзбен айтқанда мәдениет бір жағынан адамды
сыртқы ортаның факторларынан қорғап, табиғат
игіліктерін игеруге және оларды адамдар арасында бөлуге
үлесін қосады, ал екінші жағынан мәдениет адамды оның
қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
192.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
.
Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория
болмаса да, адам психикасын тануда және оның терең қырларын
ашуда, сонымен қатар адамзат қоғамынының дамуын түсінуде
маңызды қадам болды. Мәдениеттің , оның пікірінше, екі маңызды
қыры бар:
- бір қыры, ол адамға табиғат күшін игеруге және өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін одан материалдық игіліктер
алуға мүмкіндік беретін адамдар алған барлық білім мен іскерлікті
қамтуы.
- екінші жағынан, оған адамдардың өзара қарым-қатынасын
реттеу үшін, әсіресе қол жетімді материалдық игіліктерді бөлу үшін
қажетті барлық белгілер кіреді.
193.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
.
З.Фрейдтің айтуынша, әрбір мәдениет алғашқы талаптілектер, қажеттіліктер күштеу, мәжбүрлеумен және
басумен құрылады. Сондықтан, адамдарда қоғамға қарсы
және антимәдени үрдістер жиі кездеседі.
Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет
зерттеушісі, Карл Густав Юнгтың концепциясына сәйкес,
мәдениеттің қалыптасуында адамдардың образдарын,
ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф, ертегілер,
аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын
уақыттық жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері
(қоғамдық бейсаналылықтың психикалық құрылымдары)
негізгі роль атқарады.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
194.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
.
Н.Я.Данилевский – орыс әлеуметтанушысы,
мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер,
алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті
көзқарастың негізін салушы. Негізгі идеялары:
жалпыадамзаттық өркениетті сынау. Дін, мәдениет
(ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық
өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер
тұжырымдамасы. Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер
этнографиялық материалға қарсы тұрады. Ғалым мәдени
қызметтің төрт түрін бөледі: а) діни, Б) мәдени (ғылыми
және эстетикалық шығармашылық), в) саяси, г) қоғамдықэкономикалық.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
195.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР (З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР,К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ.
.
Данилевский келесі мәдени-тарихи типтерді (немесе өзіндік
өркениеттер) ерекшелейді: 1) Египет, 2) қытай, 3) ассириявавилон-финикиялық, 4) Үнді, 5) Иран, 6) еврей, 7) грек, 8) Рим, 9)
жаңа-семитикалық, немесе араб, 10) Герман-романдық, немесе
еуропалық, 11) мексикалық, 12) Перуандық (соңғы екеуі өз
дамуын аяқтамаған). Бір мәдени-тарихи түрдегі өркениеттің
негіздері басқа түрдегі өркениеттерге берілмейді. Мәдени-тарихи
түрдің өсу кезеңі айқындалмаған. Олардың гүлдену және даму
кезеңдері қысқа болып келеді. Кейбірі біржола жойылып кеткен.
Мәдени – тарихи түр этнографиялық жағдайдан мемлекеттікке
және одан өркениеттікке қарай дамиды. Тарих барысы бір-бірін
ығыстыратын мәдени-тарихи типтердің өзгеруінен көрінеді.
196.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫМӘДЕНИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ АНЫҚТАМАСЫ?
Жер өңдеу
Аспан денелерін зерттеу
Даналыққа құштарлық
Мемлекетті басқару
197.
13 ДӘРІС. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде.
2. Тарих философиясы және К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы.
3. Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер
қақтығысы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
198.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
«Тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде
антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен
талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер
мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы
деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты
онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы
кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш
әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда
тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп
қарастырылды.
199.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп
санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты
басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді.
Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп
қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер
тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді.
Тарих философиясының классикалық жобаларында
дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз
ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын
дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе
болды.
200.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол
уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы
қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер
мәдениет философиясын саясат философиясына
қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік
нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді.
Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі
байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг
Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік
және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең
талдап көрсетті.
201.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды,
олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының
актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері
объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында
алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске
дейінгі тарих философиясында басты болып келген
онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа
қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде
социологияға.
202.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде
орын алған позитивистік эволюционизмнің
кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа
варианттарының пайда болуына және кең
таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер,
Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің
метафизикалық проблемасы христиандық тарих
философиясының басты мәселесі болып
табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман,
Нибур).
203.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің «Тарих философиясы»
деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі
қасиеттерін атап көрсетеді:
өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
материалдық молшылықтарға жету;
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес
ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
баюдың көзі ретінде соғысты жою;
“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген
меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон
постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен
таратты.
204.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде
алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық
сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді
қалыптастырады.
Философия ғылымы пайда болғаннан бастап, адамдардың
дүниетанымын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Ол
қоғамның рухани өмірі үшін күресті. Философия орта
ғасырларда тиология ғылымы мен тығыз байланыста
болды.. Қазіргі заманда философия Христиан дінінің
бұғауынан босап, қайтадан қоғамда маңызды орынға ие
болды.
205.
1. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ПӘНІРЕТІНДЕ
Ұлы Гегель тарих философиясымен айналысты.
Ол «дүниежүзілік философиялық тарих» терминін
енгізді, ол осы арқылы тарих философиясы
туралы жалпы ой-пікірлерді білдірді. Ол барлық
тарихнаманы үш түрге бөлді:
1) бастапқы тарихы;
2) рефлексиялық тарих;
3) философиялық тарих;
206.
2. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ К.ЯСПЕРСТІҢОСЬТІК УАҚЫТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тарих философиясы — («тарих философиясы» ұғымын
Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге
жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы,
яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты
түсіндіру нәтижелері.
Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға
ие:
біріншіден, тарихты онтологиялық және
гносеологиялық талдау;
екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы
ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.
207.
2. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ К.ЯСПЕРСТІҢОСЬТІК УАҚЫТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі
мүмкін. Идеалистік философияда тарихты
басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп
қарастырылды.
Тарих философиясы философиялық ілім
тармақтарының бірі ғана емес, тарихи процестің
мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен
пайым-даудың тақырыбына айналған кездегі
тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас.
208.
2. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ К.ЯСПЕРСТІҢОСЬТІК УАҚЫТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық
ойшылдары арасында бірінші болып философия мен
тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи процестің
парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына
алғаш тарихи берілген бағаны әзірледі.
Еуропада тарих философиясына қызығушылық
Француздық Ағарту дәуірінде пайда болды. «Тарих
философиясы» термині Вольтермен енгізіліп, дүниежүзілік
тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың
қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялықтеориялық негіз-демесінсіз қамтып келді.
209.
2. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ К.ЯСПЕРСТІҢОСЬТІК УАҚЫТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан
ерекше дамуы-ның сапалық өзінділігін ұғынуға
арналған философиялық ілімнің салы-стырмалы
дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды
мәселелерді қарастырады:
• тарихтың мәні мен бағытталуы;
• қоғамды типологияландырудың әдістемелік
тәсілдері;
• тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері;
• тарихи процесс ілгерілеуі.
210.
2. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ К.ЯСПЕРСТІҢОСЬТІК УАҚЫТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге
ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым
жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын»
дәстүр құрайды.
Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат
бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс бүгінде кеңінен
танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)»
ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл
кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие
болады.
211.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР(З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР, К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ –
ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТ. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Мәдениеті мықты мемлекетті бағындыру қиын. Себебі, адамзат
тарихының өзі өркениеттер тарихымен тең. Өркениет сонау
шумерлер мен мысырлықтардың, классикалық және
мезоамерикандықтардың қалыптасуынан бастап, бүгінгі христиан
және ислам, қытайлықтар (син) мен индустықтардың кезеңін
қамтиды. Демек, ғаламда адам баласы дүниеге келген күннен бері
өркениет ұғымы ажыраған жоқ. Белгілі жазушы Самюэль
Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» атты гео-саяси трактаты
қоғамда резонанс тудырды.
212.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР(З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР, К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ –
ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТ. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Шпенглер: «Өркениет – бір нәрсенің аяқталуы, ол белгілі
бір қалыптасудан соң ғана келеді», - дейді. Бұл тұрғыда
ғалымның сөзіне қарсылық білдірген жөн. Себебі,
Хантингтон жазғандай, «өркениет бірнеше ұлтты қамтиды»
және ерекше рухани орта осы қасиетке түбегейлі ие бола
алады. Мәселен, Италияның оңтүстігіндегі дворяндардың
мәдениеті тап сол Италияның солтүстігіндегі ауылаймақтардың мәдениетімен тұтас та, өзгеше де бола
алады. Демек, ол тұрғындардың ойына, қалауына
байланысты.
213.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР(З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР, К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ –
ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТ. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Тарихтың жалпы барысында өркениеттер тірі жанды
еліктеуге, жеке басын идентификациялық теңестірудің
ең жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етуге
итермелейді. Еліктеудің өзі өркениет, ал бұл
мәдениеттер қақтығысын туғызады. Хантингтонның
еңбегінен ұққанымыздай, өркениет – мәдениеттің
жоғары сатысы. Бұған біз аталған ұғым бір емес,
бірнеше ұлтты бір арнаға тоғыстыратын ерекше
рухани орта дер едік.
214.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР(З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР, К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ –
ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТ. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму
деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай
экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер
және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған
елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономикалық
ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдер енеді. Бұл
елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың
жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы,
адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету
саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы",
ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән.
215.
3. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР(З.ФРЕЙД, Н.ДАНИЛЕВСКИЙ, О.ШПЕНГЛЕР, К.ЛЕВИ-СТРОС). МӘДЕНИЕТ –
ҚОҒАМ БОЛМЫСЫНЫҢ ФОРМАСЫ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТ. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ
басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан
астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық
сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі,
туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл
елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың
қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне жеке филиалдардың жұмысын
үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік
береді Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және қоныс аударған
капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР,
Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың
басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық)
қалыптастырады.
216.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ҰҒЫМЫН ЕНГІЗГЕН?
Данилевский
Аристотель
Вольтер
Спиноза
217.
14 ДӘРІС. ДІН ФИЛОСОФИЯСЫЖоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Дін және философиялық білім.
2. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері:
эволюционизм (У.Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм
(С.Токарев). буддизм және оның негізгі бағыттары..
3. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламның
қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
218.
1. ДІН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМДін – дүниеге көзқарас және дүние түйсінімі, сондай-
ақ осыларға сәйкес мінез-құлық пен ерекеше ісәрекеттер (табыну). Ол Құдайдың немесе құдайлардың
өмір сүруіне, оның табиғаттан тыс екендігіне сенуге
негізделеген. Философиядағы сияқты дінді де әңгіме
адамдар өз өмірінде негізге алуы тиіс дүние туралы ең
жалпы түсінімдер туралы болады. Өйткені дін адамның
дүниені түсіндіру мен өзін-өзі түсіну әркеті мен
қажеттігі ретінде пайда болған.
219.
1. ДІН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМӘдетте, діни түсінімдер құдай туралы, дүниені құдайдың
жаратқаны, жанның өлмейтіндігі, адамның орындауы тиіс құдай
өсиеттері және т.б. туралы ілімде білдіріледі. Бұл іргетастық діни
идеялар өз сипаты бойынша философиялық идеяларға ұқсас.
Алайда олар дін шеңберінде негізделмейді, сенім негізінде
қабылданады және ешқандай сынға ұшырауға жатпайды.
Философия болса, өз тұжырымдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ол
логикалық пайымдаулардың көмегімен идеялардың теориялық
жүйелерін дамытады және бұл ретте өз қорытындыларын үнемі
сынға ұшыратады. Философиялық ой қасаң қағидалардан азат
болуы тиіс, ал кез келген дінде оларға қандай да бір күмән келтіру
күнә ретінде айыпталатын қағидалар бар.
220.
1. ДІН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМӘртүрлі діни-философиялық доктриналар бар, оларда
діни мазмұн дәлелдемелермен бекітіледі. Бірақ
дінмен үйлеспейтін толып жатқан философиялық
ілімдердің өмір сүретіні де өз-өзінен түсінікті.
Философтар дінге сенушілер де, атеистер де болуы
мүмкін.
Дін философиясының пәндік саласы діннің дүниеге
көзқарастық проблемаларын зерделеу, діннің
негізінде жатқан жалпы идеялар мен принциптерді
зерттеу болып табылатынын түсіну маңызды.
221.
1. ДІН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМДін философиясы бұл «діни дәстүрлерге қатысты орталық
тақырыптар мен түсініктердің философиялық сараптамасы».
Мұндай тақырыптардағы философиялық пікірталастар ежелгі
дәуірден бастау алады және белгілі болып келеді мәтіндер
философияға қатысты. Бұл сала философияның көптеген басқа
салаларымен байланысты, соның ішінде метафизика, гносеология,
және этика.
Дін философиясы ерекшеленеді діни философия өйткені ол белгілі
бір мәселе туындаған мәселелерді зерттемей, жалпы діннің
табиғатына қатысты сұрақтарды талқылауға тырысады сенім
жүйесі. Кім екенін анықтайтындар оны ерсі түрде жүзеге асыра
алады сенушілер немесе сенбейтіндер.
222.
1. ДІН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМТермин дін философиясы ХІХ ғасырға дейін батыста жалпы
қолданысқа енбеді, және қазіргі заманға дейінгі және ерте
заманғы философиялық еңбектердің көпшілігінде діни тақырыптар
мен діни емес философиялық сұрақтар аралас болды. Азияда
мысалдарға индуизм сияқты мәтіндер кіреді Упанишадтар,
шығармалары Даосизм және Конфуцийшілдік және Будда
мәтіндері. Грек философиялары ұнайды Пифагоризм және
Стоицизм діни элементтер мен құдайлар туралы теорияларды,
және Ортағасырлық философия үлкен үш монотеистік ықпал етті
Ибраһимдік діндер. Батыс әлемінде ерте заманғы философтар
сияқты Томас Гоббс, Джон Локк, және Джордж Беркли діни
тақырыптарды зайырлы философиялық мәселелермен қатар
талқылады.
223.
1. ДІН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМДін философиясының кейбір аспектілері классикалық
түрде оның бөлігі ретінде қарастырылды метафизика.
Жылы АристотельКеліңіздер Метафизика, мәңгілік
қозғалыстың міндетті түрде алдын-ала себебі болды
қозғалмайтын қозғалғыш, ол, қалау немесе ойлау объектісі
сияқты, қозғалмай қозғалыс тудырады. Алайда, бүгінгі күні
философтар тақырып үшін «дін философиясы» терминін
қабылдады және әдетте оны жеке мамандандыру саласы
ретінде қарастырады, дегенмен оны әлі күнге дейін
кейбіреулер қарастырады, әсіресе Католик философтар,
метафизиканың бөлігі ретінде.
224.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Дін – бұл шектіліктің шексіздікпен, адамның Құдаймен, адамилықтың
Құдайылықпен байланысы болып табылады. Сенім – сана-сезімнің жол
көрсетушісі. Егер аңшылық қару-жарақтар азық-түлік мәселесін шешсе,
отпен жылытылған үңгір – жаңа туылған балаларды табиғаттың дүлей
күшінен сақтады. Ал сенім өлім мәселесін шешті. Сенім өлімге
бейімделмеді. Э.О.Джеймстің «қандай да бір формасы болмасын, дін
қазіргі заман адамына тән, бірақ бұл ұстанымды іс жүзінде дәйектеу
оңай емес» деген пікірімен келісуге теориялық тұрғыдан негіз бар.
Адамның тіршілік ете бастаған кезеңінен бері оның діншілдігін
дәлелдейтін пәлендей бір дәлелдемелер жоқ. Бірақ дәлел жоқ
болғандықтан қарама-қарсы тұжырым жасап шығу – яғни дін болған жоқ
деген түйін жасаудың да негізі жоқ.
225.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Егер табиғатты қажетінше игеру материалдық ізін қалдырса
(себебі адам оны материалдық түрде игереді), ал сенім негізінен
ақылға тән және материалды форма мен рәміздерде тек сырттай
түрде ғана көрінеді. Төменгі палеолит кезеңінің адамымен
байланысты барынша тұтастай кешен Африканың Олдувай
шатқалы мен Пекин түбінде табылды. Бұл синатроп мекендерінен
табылған заттар (Pithecanthropus pekinensis) төменгі палеолит
адамының рухани дүниесіне жаңа жарық түсірді. Ежелгі
адамдардың бұл мекендерінен ошақтар, отты желден қорғау үшін
жасалған жақтаулар және зығыр мен кендірдің талшықтары
табылды.
226.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Карл Ясперс өзінің «Тарихтың бастаулары және оның мақсаты»
атты танымал кітабында: «Біз бұдан жиырма мың жыл бұрын өмір
сүрген адамның жаны жайында ешнәрсе білмейміз» деп атап
өткен. Палеоантропология ғылымы абайлап және сенімсіз түрде
болса да, бұдан он мыңдаған емес, жүз мың, тіпті миллион жыл
бұрын өмір сүрген адамның жанының құрылымын ашып береді.
Бәрінен бұрын оның сенімі болды, жақсылық пен жамандықты
білді, яғни, бір сөзбен айтқанда жануар тектес емес, кәдімгі адам
болды. Бұған орта палеолит кезеңіне жататын Мустьер жерлеуіндегі
діни түсініктер дәлел бола алады.
227.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Буддизм іліміндегі болмыс азап тарту ретінде антагонистік
қоғамдағы еңбектенетін топтың айқын жағдайын көрсетеді,
сонымен қоса өзіндік әлеуметтік құрылымның сөзсіз үздіксіз
қиындық көруі мен азап тартуына ұшырайды. Буддизм таптық
қоғамда шарасыздықтың орнауынан басым көпшілік халықтың
азаптануына, жерден, қоғамнан безінуге (кері тебіну) алып келіп,
қате шешім шығаратын дін болып табылады. Бұл азаптануды
абсолютті шекке дейін жеткізеді және оны әртүрлі болмыстардың
негізгі заңы етіп, азаптанудан туатын құрылымды заңдастырады да
шарасыздың бейболмысқа, нирванаға өтуін марапаттауды уәде
етеді.
228.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Буддалық ілімдегі өмірлік-азаптану бұл барлық тіршілік
иесінің өзінің өміріне жеткілікті азаптану сынағынан
өткізіліп, өзінің кінәсінан арылуы. Өйткені карма заңы
барлығына бірдей міндетті. Әлі адамның санасында өмір
кешкен ежелгі буддизмге назар аударып, оған адамдар да,
жануарлар да, ведалық пантеондағы ескі құдайлар да
бағынады. Азаптанудағы адамдардың теңдік идеясы
буддизмнің әлеуметтік рөлін анықтайтын өзара бірін-бірі
құтқару ақиқаты ғана емес сонымен қоса жануарлармен,
құдайлармен қоса маңызды идеялық фактор болды.
229.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
«Магия (сиқырлық, ғажайыптылық) – бұл ғұрыптар адамның табығаттан
тыс күштер арқылы адамның қабілетімен, жануарларға, табиғат
құбылыстарына, сондай-ақ қиялдағы рухтар мен құдайларға әсер етуі»
Магиялық жолмен әрекет, ереже бойынша, келесі негізгі элементтерден
тұрады: материалдық бұйым (зат), яғни құрал-сайман; ауызша
жалбарыну – табиғаттан тыс күштермен қатынасқа түсу арқылы тілеу
және сұрау; нақты қозғалыс пен әрекет арқылы үнсіз – ғұрып.
Магияның мәнін зерттеудің антрпологиялық жолы, Г. Спенсер, Э. Тэйлор,
Дж. Фрэзер, С. Лангер және С.А. Токаревтің көзқарастары бойынша адам
өмірі мен қызметінің формасының феномені ретінде қарастырылады.
230.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Ағылшын антропологиясының негізін қалаушы Э. Тэйлор магияның
мазмұнын анықтау барысында әлсіз адамның өміріндегі
ситуацияларды бөліп көрсетеді, мысалы ол өзінің білімінің
тапшылығын сезгенде «ойша аналогиямен» және солардың әрекеті
арқылы орынын толтырады, магиялық әрекеттің пайда болуы
«жабайылардың заттарды, бір-біріне ұқсас нәрселерді,
байланыссыз логикалық талқылауы» Э. Тэйлордың айтуы бойынша
«... магия аз мөлшердегі шарасыз нәтиже және ой дамуының
алғышарты».
Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, барлық магия
символикалық болып көрінеді.
231.
2. АЛҒАШҚЫ ДІНИ ФОРМАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:ЭВОЛЮЦИОНИЗМ (У.ТЕЙЛОР), СТРУКТУРАЛИЗМ (ЛЕВИ-БРЮЛЬ,
ЛЕВИ-СТРОС), МАРКСИЗМ (С.ТОКАРЕВ). БУДДИЗМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
XX ғасырда магияны оқып білуде орыс зерттеушісі С.А. Токарев үлкен
табысқа жетті. Ол магия дамуының эволюциялық моделін ұсынды, бұл
феноменнің сатысынан заңды ауысуының жалғастығын түсіндіреді.
Нақты дәйектілік келесідей кезекте көрінеді: біріншіден, тікелей, адамға
әсер етудің стихиялы-сәйкестілігі – материалды тәжірибе; екіншіден, тағы
да әсер ету, бірақ магиялық күштің табиғаттан тыс ойдың көмегімен әсер
ету ұғымы; сырттай қарағанда әрекет міндетті түрде жабарынумен
байланысады деп жиі айтылады; үшіншіден, магиялық күш ұғымының
пайда болуы өз кезегінде адамның әрекетіне әсер етеді, саналы іс-әрекет
магиялық салт жораға айналады, тәжірибеден тікелей шықпайтын
жаңасы пайда болады; төртіншіден, жалбарыну, алғашқыда жай ғана салт
жорамен ілесіп жүреді де, уақыт өте келе оның негізгі бөлігіне айналады
және әрекеттің өзін ығыстырып шығаруы да мүмкін.
232.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Христиандықта адам Құдайға «талпынбайды», керісінше
Құдай мейрімділік пен шапағаттылықпен адамға
«жақындайды». Христиандықтың өзіне ғана тән, басқа діни
жүйелерде кездеспейтін қарама-қарсылығы адамзат пен
құдай арасындағы түсіністік пен елестету. Иисус
Христостың өзі Құдай: «Ең бірінші Сөз (кітап) болған, сосын
Сөз Құдайда болды, кейін Сөздің өзі Құдай болды», осының
негізінде Иисус Христос ақиқат ілімді ғана бейнелемейді
сонымен қоса жоғарғы өмірге жол сілтейді, бірақ Өзі
ақиқат өмір, өйткені Ол – Құдай.
233.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Христиандық ілім Жаңа Заветке сүйене отырып, «дала әлемі» мен
«тау әлемі» құндылықтарын құдайлық пен адамзаттықты белгілі бір
шекте қарама-қарсы қояды. «Әрқандай талпыныстар игілік жасау
мен жетілу жолындағы қозғалыс пен талпыныстар болып табылады;
әрқандай игілікке талпыныс Құдайға талпыныс болып табылады;
игілік ол Құдай,оны былайша айтуға да болады, Құдай ол игілік».
Сондықтан, адам әлемі: әлем, табиғат, қоғам, адамзат тарихы,
адамның өзі – «Құндылық пен құндылық» қатынасының алаңы, сол
сияқты Құдайдың адаммен және адамның «Жер мен көкті
жаратушы, адамзат баласын ұстап тұрушы мен құтқарушы»
Құдаймен қатынасы.
234.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа
да өзгеретін және шектеулі болмыстардың себебі мен
түпнегізі болып табылады, ал барлық өзгеретін
жаралыстар Құдай үшін түк те емес және барлық
жаралыстар өзгереді. Христиандық дүниетанымның
орталығында құдыреттілік мәнге ие, шексіз, өзгермейтін,
бәрін өзі білетін, трансцендентті жаратушы мәнге ие –
Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын
жасаумен болады, ол өзіндік пікірі жоқ абстракция емес,
бірақ дараланған «Тірі Құдай».
235.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да
болмыстардың барлық заттардың, процестер мен жүйелердің
(көрінетін және көрінбейтін, көктегі және жердегі) себебі мен
бастамасы болып табылады. Абсолютті және өзгермейтін Құдай
болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін және шектеулі болмыстардың
себебі мен түпнегізі болып табылады, ал барлық өзгеретін
жаралыстар Құдай үшін түк те емес және барлық жаралыстар
өзгереді. Христиандық дүниетанымның орталығында құдыреттілік
мәнге ие, шексіз, өзгермейтін, бәрін өзі білетін, трансцендентті
жаратушы мәнге ие – Құдай тұрады.
236.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Христиандық догмат бойынша адамды Құдай образында және оған ұқсас
жаратуы христиандық аппологеттердің адамның жоғары мүмкіндігін
мойындауға және оған құдайлық образдың белгілерін іздеуге алып
келеді.
Христиандықтағы діни-догматтық және философиялық түсініктегі
құдайлық жарату ерекше бір түсіндірудің нюансы болып табылады.
Христиандық дүниетаным бойынша адам мәселесін түсіндіргенде не
талдағанда арнайы, дербес мән береді. Өйткені адам – Құдай
жаратылысы, оның табиғаты, өмір сүру формасы және өзіндік тұлғалық
қасиеті өзінен өзі туындаған жоқ ол дара жаратушыдан бастауын алады.
Сондықтан адамға Құдайдың образы мен үйлесімділігісіз әлемде өмір
сүрудің мәні болмайды. Христиандықта адамның өміріндегі өзіндік
құндылықтарын «жою, өшіру», адам болмысының көндігуі мен
дезинтеграция мүмкіндіктеріне алып келеді.
237.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Субъектіні идеалдандыру қажеттілігі христиандықта
әлемнің және адам болмысының дематериализациясына
соқтырады. Шындығында болмыстың нақтылану нәтижесі
– адамның (жалпылама) қажеттіліктері, мүддесі, жүрістұрысы, өмір сүру стилі ретінде болмысқа сүйеніп
қабылдайды. Бұл индивидтің материалды психофизикалық
ықпалдасуы, ол немен бетпе-бет келсе соған қарсы
тұрады. Сондықтан адамның (субъект) «объективті
шындыққа» қатынасы – бұл идеалды қатынас емес, бірақ
практикалық тұрғыда – нақтының нақтыға қатынасы
рухани ықпал болады. Адам «объективті шындықты»
болмыс алдына емес мәнге орналастырады, ал ол оның
ішінен табылады.
238.
3. ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІФОРМАЛАРЫ. ИСЛАМ. ИСЛАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ДОГМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФОРМАЛАРЫ
Адам христиандық сенімге сәйкес «Жаратушы» қолынан пәк, таза
болып шықты және өзінің «Жаратушысымен» бірге татулықта өмір
суруі бекітілді, бірақ шайтанның азғыруымен, қысымымен
Құдайдың жеме деген жақсылық пен зұлымдық танымы
ағашының жемісін жеп, күнә жасап, өзінің келесі ұрпақтарына
дейін құдайлық игіліктен айрылады. Болмыс бастамасынан үзілген
адам ауруға, қамқорлыққа жат, құмарлық істерге, өлімге,
ылдилауға әуестенеді. Құдайға ұқсастылық, жасалған күнәмен
жуылып-шайылып жоқ болып, байырға құдайлық адам адамзат
жетілуінің идеалы ғана болып қалды. Адамзат трагедиялық,
«жыртылған», екіге бөлінген, қарама-қарсы пікірдегі трагедиялық
болмыс игілік іс пен күнә, рух пен нәпсі, Құдайдың игілік істері мен
лас гипноздық істер ретіндегі тірі жан болып қана қалды. Бүлінген
адамзат табиғатын қайта қалпына келтіру тек қана «»Жеке дара
туған Құдай баласы, құдай құрбаны – Иисус Христосқа» берілу мен
бас ию арқылы ғана болмақ.
239.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫМИФОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ?
Аңыздар туралы ілім
Аспан денелері туралы ілім
Даналық туралы ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім
240.
15 ДӘРІС. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖӘНЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНФИЛОСОФИЯСЫ
Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық,
мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани
жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтікмәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
241.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау
мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан
маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер
ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Олар әр түрлі тарихи
кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың
өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз
Қазақстан мемлекетінің алдында тұр. Елбасы өзінің Қазақстан
халқына арнаған кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының
тарихи астарына тоқтап өтті. « Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен
терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын
алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты,
түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел
болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің
іргетасын қаладық.
242.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары -
«Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым»,
- деп атап өткен болатын. Міне, осы айтылған ойға
тереңірек тоқталуды жөн санадық. Біздің бұл мақаладағы
басты ойымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәденифилософиялық негіздеріне назар аудару болып табылады.
Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде
Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін,
бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген,
қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы
керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні,
ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Осындай сипаттарға
«Мәңгілік Ел» идеясы лайық екені сөзсіз.
243.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары -
«Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым»,
- деп атап өткен болатын. Міне, осы айтылған ойға
тереңірек тоқталуды жөн санадық. Біздің бұл мақаладағы
басты ойымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәденифилософиялық негіздеріне назар аудару болып табылады.
Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде
Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін,
бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген,
қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы
керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні,
ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Осындай сипаттарға
«Мәңгілік Ел» идеясы лайық екені сөзсіз.
244.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, біріншіден, мемлекеттің
басқару жүйесі ынталы, құлықты болуы тиіс. Себебі, ол
мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттілігін қанағаттандырудан
туындап қана қоймайды, сонымен бірге, ол мемлекет құраушы ұлт
алдында тұрған басты мақсат пен шешуші міндеттердің жиынтығы
ретінде өмір сүреді. Жалпы алғанда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы
философиялық талдауды қажет етеді. Біріншіден, «Мәңгілік Ел»
идеясы қазақ халқы тарихының басты мәселесі болып отырғаны
белгілі. Осы мәселеге қазақ халқы тарихында жауап іздемеген
батырлар, қара қылды қақ жарып, әділін айтып, елді аузына
қаратпаған шешендер мен көсемдер, хандар мен билер, тіпті,
халық арасынан шыққан даналардың тарихта үнемі болып
тұрғаны әлімсақтан белгілі..
245.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
«Мәңгілік Ел» идеясын философиялық тұрғыдан
талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кеткен
жөн. Біздіңше, ең басты философиялық ұстаным - ол
қазақ халқының осы идеямен бірге өмір сүріп келе
жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен
ойдың пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты
бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және
рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру
философиясының өзегі деп қабылдауында болса
керек. «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты
бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі
даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады.
246.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
«Мәңгілік Ел» идеясында қазақ халқының сығымдалған,
жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени
коды бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи
даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және қолдан
немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі.
Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті.
Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай,
«утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін,
абстрактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның
антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның
темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан
ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге
асырудағы рухани-саяси ұстаным.
247.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
«Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идеологияның негізгі
факторы ретінде қарай отырып, оны барлық
қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік,
этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты
ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті
болмақшы. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін
ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі,
халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке
деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени,
рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны
дамытудың басты факторы болуы тиіс.
248.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
«Мәңгілік Ел» идеясының келесі тұғыры, негізі - Елбасы үнемі айтып
келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы
мен татулығы, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы. Этнос
және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты
тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсатмұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен
тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала
бермекші. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір
құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың
ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту,
қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау.
Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет
билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен
өлшенеді.
249.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін
нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге
қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің
коды. Сонымен бірге, тіл - билік, үлкен саясат. Тіл «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу
- ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда
тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік
тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным
болуы тиіс. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тағы
бір негізі халық пен билік арасындағы сенімді нығайту.
250.
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚЫРЛАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ХХІ
ҒАСЫРДА ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін білім беру
жүйесінің мақсатын өзгерту керек. Ол, біздіңше, креативті,
шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны»
қалыптастыру. «Мәңгілік Ел» идеясының философиялық
мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе
- ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек,
ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық
тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты
мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу
мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды
құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты
идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор.
251.
2. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л.Н.Гумилевтің
кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ)
біртұтас үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы
мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін
салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі
«материалдық база» немесе «мемлекет алдында бас
июшілік» емес, ең алдымен руханият және рухтың биіктігі
болуы керек деп түсінді. Осыған орай «еуразия
философиясы», «еуразия көп халықты ұлтының
философиясы» сияқты жаңа термин енгізу қажет сияқты.
Өмірді орнықтырудың сыртқы формасына қарайлаушылық
пен мемлекет алдында бас июшілік – бұл Батыстың таңдап
алған жолы, ол руханиятты, өзіне тән мәдениет
төлтумалылығын жоққа шығарады.
252.
2. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
Батысқа деген кірпияздық және батыстық центризмді
сынау Еуразия қозғалысы өкілдерінің коммунистік Ресейді,
марксизм мен большевизмді сынауымен байланысты
болды. Олардың пікірінше, Қазан төңкерісі елді толығымен
әлемдік өркениеттік даму жолынан шығарып тастап,
Батыстың тұйыққа тірелген, рухтан ада жолына апарып
тығырыққа тіреді.
Алғашқы еуразиялықтар еңбегінде Еуразия доктринасы
мәселелерінің барлық – географиялық, тарихи, саяси және
т.б. қырлары сөз етілгенімен, басты бағыты түпкілікті түрде
айқындалған жоқ. «Еуразия» деген ұғымның өзі дүдәмал
жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін Еуропа мен Азияға
қатысты дүниенің тұрғысынан біресе «үшінші», біресе
азиаттық бастаманың басымдығына байланысты олардың
синтезі болды.
253.
2. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің
өзіндік этномәдени бірегейлігіне және идеологияға
кереғар руханиятқа ерекше мән беретінін ұмыта
отырып, еуразияшылдық көбіне-көп тоталитарлық
идеологиямен теңестірілді. Еуразияшылдық мәселесі
өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси,
этнологиялық, этнопсихологиялық жақтарды, яғни
табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және
оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің
бәрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа»
мен «Азияны» біріктіреді, бірақ олар философиялық
мәні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең және
мазмұнды ұғымды білдіреді.
254.
2. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық
қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлікпрактикалық бағдарламасы тұрғысынан бір-біріне
тікелей қарама-қарсы болып көрінеді.
Дүниеге батыстық қатынас және одан туындайтын
негізгі идея адамды қоршаған дүниенің
жетілмегендігін және адамның әлеуметтік
қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін
айқындайды. Демек, дүние одан әрі жақсаруды, қайта
құруды, одан әрі толығырақ қалыптастыруды қажет
етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге
қатынастың басты қағидасы – заттық-практикалық,
материалдық іс-қимыл.
255.
2. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
Оның мақсаты – сыртқы дүниені өзіне барынша
бағындыру және оны адамның әлеуметтік иемденуіне
және үстемдік етуіне қарай бағындыру.
Дүниеге шығыстық қатынасты алсақ, ол қарама-қарсы
негізге аяқ тірейді және түбірінен басқа мақсатқа
бағытталған. Шығыс адамы үшін әлем шексіз, сондықтан
да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол
дүниені қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес,
адамды, оның санасын өзгертуді талап етеді.
Материалдық-тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рухани жанды нәрсе бола тұрып, адам өзінің физикалық шектелуін және нәпсісін жеңіп шығуы және таза рух деңгейіне
дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы
– адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып
табылатын ішкі психологиялық рухани іс-әрекет.
256.
2. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ, ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ НЕГІЗДЕРІ
Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Еуразия
құрлығында ең шешуші суперэтностар – славян және
тұран (түркі тілдес) халықтарының кейінгі ұрпаққа
қалдырған бай философиялық мұралары бар, олардың
жиынтығын Еуразия философиясы деуге әбден
болады. Сондықтан Еуразия философиясында тұрандықтар мен славяндардың философиялық дәстүрлері
арасындағы сұхбат үдерісі өте қажет. Осының
нәтижесінде Еуразия континентінде мемлекетаралық,
ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен
қауіпсіздік, ендеше еуразиялық рухани келісім
қалыптасуда.
257.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҒЫФИЛОСОФИЯ НЕ ТУРАЛЫ ІЛІМ?
Ой туралы ілім
Аспан денелері туралы ілім
Даналық туралы ілім
Мемлекетті басқару туралы ілім