Similar presentations:
Ұжымдық шарт - Ұжымдағы тұрақтылықтың кепілі
1.
Ұжымдық шарт-Ұжымдағытұрақтылықтың кепілі
ОРЫНДАҒАН:АБДУЛЛА МЕРУЕРТ Ю-21-3
2.
Жоспар:1) Ұжымдық еңбек шарты оның тараптары
2) ұжымдық шарт жасасу тәртібі
3) Ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі
4) Ұжымдық шартты қолданылу мерзімдері,аясы
және тараптардың жауаптылығы
3.
4.
Еңбек кодексінің 14тарауының156бабы.
156-бап. Ұжымдық шарттың
тараптары. Ұжымдық келіссөздер
жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу
және жасасу тәртібі
1. Жұмыс беруші және
жұмыскерлер атынан белгіленген
тәртіппен уәкілеттік берілген
олардың өкілдері ұжымдық
шарттың тараптары болып
табылады.
2. Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шарт жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені
жасауы мүмкін.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар
хабарламасын алған тарап оны он жұмыс күні ішінде қарауға және осы баптың 4-тармағында белгіленген
тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
3. Ұжымдық шарт шетелдік заңды тұлғалардың ұйымдарында да, филиалдары мен өкілдіктерінде де
жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарт жасалады.
5.
4. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдықшарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепетеңдік негізде комиссия құрады. Комиссия
мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, жобаны
әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері
тараптардың келісімімен айқындалады.
Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын
жұмыскерлер жұмыс берушімен өзара қарымқатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін
кәсіптік одақ органына уәкілеттік беруге құқылы.
8. Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар
осы бапта оны жасасу үшін белгіленген тәртіппен
тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жүргізіледі.
9. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпияларды,
қызметтік, коммерциялық немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын болса,
ұжымдық келіссөздер тараптары оларды жария
етуге құқылы емес.
11. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық
шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде
мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi
жергілікті органға ұсынуға мiндеттi.
6.
7.
Ұжымдық еңбек шартыныңмазмұны
Бас
Салалық
Өңірлік
8.
158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап
күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.Ұжымдық шарттың қолданылу
мерзімі өткен жағдайда, ол тараптардың ең болмағанда біреуі оның қолданылу мерзімі өткенге
дейін жаңа ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс енгізген кезде жаңа ұжымдық шарт жасалғанға
дейін, бірақ бір жылға дейінгі мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылған болып саналады.
Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық
жұмыскерлермен еңбек шарттары тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады.
5. Тараптар өкілдерінің ұжымдық шарт жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздерге
қатысудан жалтаруы немесе ұжымдық шарт жасасудан негізсіз бас тартуы, келіссөздер жүргізу
мерзімдерін бұзуы және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз етпеуі, келіссөздер жүргізу және
ұжымдық шарт ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты бермеуі,
сол сияқты оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
157бабынын 3тармагы сәйкес мына жағдайда жарамсыз деп таниды: Ұжымдық шарт Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда
жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және
қолданылмауға тиіс.
9.
Ұжымдық шарт туралы қорытындылай келе :Сурактар:1) Ұжымдық шарттың тараптары кімдер?
2) Ұжымдық шарт қай кезден бастап күшіне енеді?
3) Ұжымдық шарт қай кезден бастап немесе кандай
жағдайларда тоқтатылады?
4) Ұжымдық шарт қандай жағдайда жарамсыз деп танып
қолданылмайды?
5) Ұжымдық шарттың мазмұны қандай келысымдерге сәйкес
айқындалады?