2.74M
Categories: educationeducation pedagogypedagogy

Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары. 5-6-тақырып

1.

5-6-тақырып. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру
жағдайлары. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды жалпыға білім беру мектебінде
оқыту шарттары. Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
• Қарастырылатын сұрақтар:
• ПДТ балаларға сипаттама
• Психикалық дамуы тежелген оқушыларды
жалпыға білім беру мектебінде оқыту
шарттары.

2.

Т.Е. Сухарева
• Психикалық дамуы тежелген балалар деген терминді
Т.Е. Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған. ПДТ
баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық
аурулардың және тағы басқа патогенді фактордың
әсерінен пайда болды.
• Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар
кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды,
функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ
мерзімде әлеуметтік депривацияга ұшырауы т.б. Бұл
балалардың эмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінің
дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері
педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі,
жөнделуі мүмкін.

3.

• Жалпыға білім беру бағдарламалары бойынша
алғашқы кезеңдегі білімдерді меңгеруде
қиыншылықтарға ұрынған балаларды негізгі
ерекшелендіретін патогендік мінездемелерінің бірі
эмоционалды-еріктік сфераларының инфантилизм
түрі бойынша жетілмеуі болып табылады. Бала ол
үшін жаңа талаптарды орындай бастағанда,
мектепалды кезеңнен мектепке ауысу
кезеңдерінде, инфантилділік анық көрініс табады.
Инфантильді балалардың қозғалыстары жылдам,
олар бір орында отыра алмайды, кеңістікте
бағытталулары жеткілікті дамымаған.

4.

ПДТ жағдайына әкелетін себептер:
М.С.Певзнер мен Т.А.Власова ПДТ жағдайына әкелетін себептерді анықтады:
1. Жүктілік кезеңінің жағымсыз өтуімен байланыстырды:
а)
жүктілік кезеңінде ананың ауруларымен;
ә) жүктілікке дейін басталған ананың созылмалы соматикалық ауруларымен;
б)
токсикоздармен, әсіресе жүктіліктің екінші кезеңінде;
в)
токсоплазмозбен;
г)
ішімдік, темекі, наркотик, химиялық және дәрілік препараттарды,
гормондарды қабылдау негізінде ана ағзасының интоксикациялануымен;
д)
резус-фактор бойынша ана мен бала қанының сәйкес келмеуі.
2. Босану патологиясы:
а) босануға көмектесуде түрлі тәсілдерді, заттарды қолдану кезінде нәрестені
механикалық зақымдау негізінде пайда болған жарақаттар;
ә) жаңа туылған баланың асфикциясы және оның қауіпі.
3. Әлеуметтік факторлар: ерте даму /3 жасқа дейін/ және
кешірек жастық даму кезеңдерінде баламен шектеулі эмоционалдық
байланыс ретінде пайда болған педагогикалық қараусыз қалу.

5.

ПДТ балалардың танымдық сфераларының даму ерекшеліктері.
ПДТ негізгі көрсеткіші - эмоционалды-еріктік сфераның жетілмеуі. Оның
көріністерінің бірі - оқу тапсырмаларын орындауға ұйымдаса алмау. ПДТ
балалардың зейіндерінің келесі ерекшеліктері анықталған:
1)
зейіннің тұрақсыздығы – нәтижеліліктің төмендеуіне әкеледі, үнемі
бақылауды қажет ететін тапсырмаларды орындаудағы қиыншылықтарды
сипаттайды, жүйке жүйесінің жетілмеуін дәлелдейді;
зейіннің нақтылануының төмендігі, іс-әрекет нысанасына, оны орындау
бағдарламасында назарды ұстап тұра алмау, жылдам шаршау - органикалық
факторлардың соматикалық немесе церебралды-органикалық генезінің бар
екендігін көрсетеді;
зейіннің көлемі төмендейді, яғни бала бір уақытта көлемі аз мәліметті
ұстап тұрады. Ал бұл жағдай оның ойын, оқу және өмірлік міндеттерді
нәтижелі шешуіне, жағдайды тұтастай қабылдауына кедергі болады;
4)
зейін таңдамашылдығының төмен болуы іс-әрекеттің мақсатын
анықтаудағы және оны маңызды емес бөлшектер арасында іске асырудағы
қиыншылықтарында көрініс табады;
5)
зейін бөлінушілігінің төмен болуы, яғни бала бір уақытта бірнеше әрекет
орындай алмайды, әсіресе егер олардың барлығы меңгерілуде саналы
бақылауды талап ететін болса;
6)
зейіннің іс-әрекеттің бір түрінен немесе амалынан басқаларына
ауысуындағы, өзгермелі жағдайға бейімделудегі қиыншылықтары;

6.

К.С.Лебединская
• К.С.Лебединская ПДТ балалар этимологиялық принциптер негізінде 4
топқа бөлген:
• 1 топ- Конституционалды ПДТ. Мұнда эмоционалды ерікті саласы
дамудың ерте сатысында тоқтап қалған. Демек, қалыпты ламудағы
сәби, баланың деңгейінде. Ойынға деген ынтасы басым, көңіл
күйлері үнемі жоғары,сенгіш.
• 2 топ-Соматогендік ПДТ. Бұл топқа жататын балалартүрлі
соматикалық әлсіздіктермен көзге түседі.
• 3 топ-Психогендік ПДТ. Бұл тип тәрбиедегі теріс әсерлердің
салдарынан болады.
• 4
топ-Церебралды-органикалық
ПДТ.
Жүйке
жүйесінің
органикалықзақымдануынан болады. Олигофрениямен ұқсас.

7.

Психикалық дамуы тежелген балалар
Сипаттамалары
Классификация
К.С. Лебединская
Ерекшеліктері
Түзету жолдары
Коррекциялық
сыныптар
Педагогикалық көмек
сыныптары
3- 12жас

8.

Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың
арнайы жағдайы
• Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті
оларды негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен
қамтамасыз ету болып табылады.
• Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке
ерекшеліктеріне байланысты осы балаларды мектепте оқыту
түрліше ұйымдастырылуы мүмкін. Конституционалды,
психогенді, соматогенді шығу тегіндегі псхикалық дамуы
тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды оқытудың
әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс
бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және
мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, дәрігер)
психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында жалпы
білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін
болады.

9.

Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың
арнайы жағдайы
• Псхикалық даму тежелісі көрсетілген (церебралды-органикалық шығу
тегіндегі) балалар (арнайы сыныпта) саралап оқыту жағдайына
мұқтаж болады. Мінез-құлқында күрделі бұзылысы және
психопатиялық реакциясы бар балалар үшін үйде оқыту
ұйымдастырылуы мүмкін.
• Арнайы сынып жағдайындағы псхикалық дамуы тежелген балаларға
мектептік білім беру ұзақтығы:
• -бастауыш білім беру деңгейі– 0 (дайындық), 1-4- сыныптар;
• -негізгі орта білім беру деңгейі– 5-10-сыныптар.
• Псхикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін арнайы сыныптың
оқу күн тәртібі балалардың шаршағыштығының жоғарылығы ескеріле
отырып: бірінші аусымда оқыту ұзартылған күн режімінде жасалады.
• Оқыту мерзімінің артуы балалардың психикалық даму қарқынының
бәсеңдігіне, оқу әрекетін қалыптастырудағы және оқу бағдарламасы
мазмұнын меңгерудегі қиыншылықтарға, түзету-дамытушылық іс
шаралар жүргізудің қажеттілігіне байланысты.

10.

Псхикалық дамуы тежелген балаларды
оқытудың арнайы жағдайы
• Оқытудың бастауыш деңгейінде – 0, 1-сыныптар және ерекшелік
ретінде 2-сыныптарда арнайы сыныптар ашудың мәні бар.
Оқушыларды оқытуда қиыншылықтардың пайда болу себептерін дер
кезінде анықтау және оларды оқыту мен тәрбиелеудің барабар
жағдайымен қамтамасыз ету маңызды. Мектептік оқытудың кері
тәжірибесі, псхикалық дамуы тежелген оқушылардың мектептік сәтсіз
жағдайларда ұзақ уақыт болуы оны мектепке бейімсізденуге алып
келеді, тіпті эмоционалды ортаның қалыптасуына кері әсерін тигізеді,
тұрақты үлгермеушілік пен мінез-құлқының бұзылуын өршітеді. Оқу
әрекетін қалыптандыруда және оқытудағы қиыншылықтарды жеңуде
оқушыларды ПМПК қорытындысы бойынша оқытудың кез келген
кезеңінде жаппай түрдегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру
қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық даму тежеліс түрі
көрсетілген жағдайда негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы
сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі бар. Неігізгі
мектептердің арнайы сынып түлектері ТжКБ мекемелерінде оқуын
жалғастыра алады.

11.

Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
• Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері,
олардың мектептік оқуға дайындығының төмендігі оқу
жоспарларын, бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын
қайта бөлуді және оны өту қарқынын өзгертуді қажет етеді.
Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту арнайы Үлгілік
оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне арналған
арнайы бағдарламаларға, түзету пәндері бағдарламаларына
сәйкес, арнайы сынып жағдайында іске асады. Негізгі мектепте
оқыту мерзімінің 1 жылға артуына байланысты жалпы білім
беретін бағдарламалар мазмұны оқушылардың ерекшелігі
ескеріле отырып, қайта бөлінеді және бейімделеді. Оқу
процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар,
арнайы әзірленген дидактикалық материалдар (жұмыс
дәптерлері), АКТ және оқушылардың танымдық мүмкіндігі
ескерілген т.б. материалдар қолданылады.

12.

Оқушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін қанағаттандыру
• Қарастырылып
отырған
санаттағы
балалармен
арнайы
педагогикалық
жұмыстың
міндеттері
оқуға
жалпы
қабілеттерін дамыту және дамуындағы
жеке кемшіліктерді жеңу болып табылады.

13.

Оқушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін қанағаттандыру
• Балалар мультидпәндік мамандар командасының:
логопед, психолог, арнайы педагог көмегін қажет етеді.
Оқытудың түзетушілік бағыттылығы сонымен қатар,
сабақта оқу жоспарының барлық пәндері бойынша
жаппай оқыту процесінде іске асады. Оқушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдау процесінде
мұғалім бала туралы (мультидисциплинарлық
мамандар командасы мүшелерінен) алынған барлық
мәліметтерді жалпылаушы және түсініктеме беруші,
олармен тікелей жұмысты ұйымдастыратын интегратор
рөлінде болады. Оқушыларды оқыту стратегиялары мен
әдістерін таңдау оқушылардың танымдық қызметі мен
жұмысқабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.
English     Русский Rules