Similar presentations:
Ортадан жоғары деңгей
1.
Ортадан жоғары деңгей (В2)1 семестр
14-апта: Сән мен талғам
14-тақырып.Талғам мен талап
Лектор: Абешова.Н.М
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының
оқытшысы
2.
Сабақтың жоспары:1.Оқылым: мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау.
2.Сөйлесім: өзекті мәселелер бойынша өз пікірін білдіру,
дәлелдеу және қорытындылау.
3.Жазылым: лексикалық – грамматикалық тіл
ерекшеліктерді меңгеру.
4.Тыңдалым: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беру, тапсырмаларды орындау.
5.Кері байланыс.
ТҮРЛЕРІ
3.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫЖаңа сабаққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін
білу, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
Тақырыпқа байланысты тіл оралымдарын үйретіп,
арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға
дағдыландыру;
Лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін
меңгертіп, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу
жұмыстарын жүргізіп, сөйлеу аясын кеңейту;
4.
I.Оқылым. Оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.Тірек сөздерді табыңыз.Талғам мен талап
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар.
Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар
терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан
сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуд
қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не
жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты
адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік
белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте
кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін
көрсетеді.Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті
өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Костюм ( франц. Costume – киім - кешек ) – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық
топтардың тұрақты киім үлгісі. Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге
өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.
Классикалық стиль:
• Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
• Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
• Түстері қатты ашық емес және нәзік;
• Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;
• Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.
5.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлыкиімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс
бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер,
шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл
стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен
пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап
дамытуда. Көненің құндылықтарын біздің заманымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман өзінің тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады.
Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс эклектика деп аталады.
Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің
көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай - ақ әр түрлі
көлемдерімен және алуан түстің гаммалығымен ерекшеленеді.
Костюм - өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Сән дегеніміз не?
2.Сәнді неліктен демократияшыл деуге болады?
3.Қазіргі сәнде қандай бағыттар бар?
5.Қазақ халқының ұлттық киімдерін сипаттаңыз.
6. Ою-өрнек түрлері туралы қысқаша ақпарат дайындаңыз.
6.
ІІ. Сөйлесім1. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға жаттығыңыз. Мәтінде
кездескен жаңа сөздерді, сөз тіркестерді бірнеше рет қайталап, күнделікті
қолданысқа пайдаланыңыз.
2.Сіз әдемі киінгенді ұнатасыз ба?» атты тақырыпта сұхбат сұрақтарын
дайындаңыз.
3. «Сән үйінде» тақырыбына сұхбат дайындаңыз. Сұхбат барысында төмендегі
туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданыңыз.
Қажетті сөздер: сән әлемі, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы,
кәсіпкерлік, көрікті, әуесқойлық, киім дизайнері.
ІІ. Жазылым.
Әлеуметтік-мәдени және көркем-публицистикалық, ресми қарымқатынастарға
қатысты мәтіндер бойынша
монолог, диалог, полилог тәсілдері. Ілік септік
жалғауының түсіріліп берілуі.
7.
ІІ. Жазылым.Монолог–драмалық шығармадағы, сондай – ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі
- көңіл күйін білдіретін толғау сөзі : кейіпкерді сөйлету тәсілі. Монолог кейіпкердің
өзімен – өзі сырласқандай, ойланып толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол
сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі
ғана беріледі..
Полилог-бірнеше адамның арасында болатын әңгіме. Сөйлесушілердін саны екеу немесе
одан көп болуы диалогтің сипатына қайшы келмейді, қайта олардың монологке қарамақарсы ортақ қасиетін аша түседі. Полилог сөйлеу тілінің формасы мен жанрына жатады.
Диалог - сөйлеу, әңгімелесу деген сөз.Көркем шығармаларда екі я одан да көп адамдардың
бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздері беріледі.Диалог көркем шығармада ғана емес
ауызекі сөйлеу тілінде де қолданылады.Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып
алдына сызықша қойылып жазылады.
Диалогтің мәдениеті мен өзіндік талаптары:
Әңгімелесуші жұптың әрқайсысына ойын өз кезегінде жеткізу мүмкіндігі тудырылады.
Әңгіме, түсіністік, сыйластыққа құрылып, белгілі бір мақсатқа негізделеді.
Бетпе – бет отырып, бүкпесіз ашық әңгіме жасау.
Өз ойының қоршаған ортаға мәні барын ескеру
8.
1-тапсырма. Мәтінде кездесетін қиын сөздердің мағынасын ашып,сөздік жұмысын жасаңыз.
2-тапсырма. Мәтінді оқи отырып тірек сөздерді теріп жаз.
3-тапсырма. Жұппен тапсырма. Мәтіннің негізгі ойына қатысты
жазып алған тірек сөздерін талдап, тірек сөздер негізінде 5 сөйлем
құрастырыңыз. Топта талқылаңыз.
4-тапсырма. «Заманына қарай киімі» деген тақырыпқа пікір
жазыңыз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »Үшінші
сөйлем «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдім
…»
IV. Тыңдалым. «Талғам мен талап» мәтінін тыңдап, тапсырмаларға
жауап беріңіз.
9.
Пайдаланған әдебиеттерhttps://tilmedia.kz/js/pdfjs/web/viewer.html?file=/storage/2018/03/05/5a9d113bed779.pdf
https://til-aktobe.kz/ashy-tan-o-ytu/v2-ortadan-zho-ary-de-gej-saba-tary
https://tilqural.kz/assets/books/a967a0bf9d117faabfd24f9919abb19c.pdf
https://tilqural.kz/assets/books/0b2a5801ac721ebac75358f351c0dd33.pdf
В 2 https://tilqural.kz/assets/books/b12ba71ba1db024bcbc67983424fa63e.pdf
А1 900 сөз тіркесі
https://tilqural.kz/assets/books/91a06e170f2da20ec4413f0b452e1b56.pdf
А 1 5000 сөз тіркесі
https://tilqural.kz/assets/books/d5f45dd97fdf4e0546f18c886eb18846.pdf
грамматикалық анықтағыш
https://tilqural.kz/assets/books/74f4de591669fcb3d2da468082d04509.pdf
https://www.tilqural.kz/books
Тіл–құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына
дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы / Авторлар:М.Қ. Мамаева, М.С.
Жолшаева, М.С. Жылқыбаева, С.М. Иманқұлова,.. .Астана: Ұлттық тестілеу
орталығы, 2011. – 244 бет.