490.08K
Category: educationeducation

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

1.

2.

О. 6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Ж. 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып,
көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
(«келісу, келіспеу» эссесі);

3.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың
атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық
тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі
бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2019 жылғы
23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан
қаласы деп қайта аталды.
Астана
Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ
далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Есіл
өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды
– қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия
құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық
тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен
Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.
Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін
тартымды болып отыр. Сәулеткерлік ғимараттар қатарында
«Бейбітшілік және келісім» сарайын, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық
орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан»
орталығын, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрын
атауға болады.

4.

Тапсырма
Төменде берілген пікірмен сіз қаншалықты келісесіз? Өз
пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.
«Елордамыз Астана қаласы -жастар үшін әрқашан
мәдениет пен өнердің ортасы» деген оймен толықтай келісемін,
себебі бас қалада өнер мен мәдениетті, білім мен ғылымды
дамытуға бағытталған жаңа кешендер саны артуда.. .
«Елордамыз Астана қаласы- жастар үшін әрқашан
мәдениет пен өнердің ортасы» деген оймен келіспеймін, себебі
Қазақстанның барлық қаласы өнер мен мәдениеттің ордасы
болу керек. . .
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе жазады .
• Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді .

5.

Қазан төңкерісі, ашаршылық жылдары, тың және тыңайған жерлерді игеру,
қазақ елінің тәуелсіздігі
Тапсырма№1
«Өзімен –өзі келісе алмай қырықпышақ болып жатқан елдің арасына
түсіп, бекер қан төккеніміз қалай? Жап-жас жігіттер кім үшін
қыршынынан қиылып жатыр?» Осы тақылеттес сұрақтарға жауап
іздеп, үнемі тұйыққа тірелетін. «Ауғанстанда интернационалдық
борышын өтеп жатқан біздің балалар» деп мақтанып отыратын
қазақтардың қамсыздығына , тайыздығына күйінетін.
Берілген үзіндіден Асылхан бойындағы қандай қасиеттерді
байқадыңыз?
Әкесі неліктен Асылханды қамшының астына алды? Көзқарастар
қайшылығын қалай түсіндіре аласыз?

6.

Тапсырма №2
Көркемдегіш құралдарды табу
Теңеу
Эпитет
Тұрақты
тіркестер
Метафора

7.

9-тарау бойынша өз бойыңызда дамытқыңыз келетін
3 құндылық, ол үшін не істейсіз?
English     Русский Rules