Теорияның негізгі идеясы
571.57K
Category: biographybiography

Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин (1894-1980)

1.

2.

Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин
(1894-1980) 1922 жылы тіршіліктің Жер бетінде
шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдады.
Содан бері ол ең дұрыс және арнайы ғылым
ретінде мойындаған тұжырым болып
есептеледі. А. И. Опарин 1970 жылдан бастап
тіршіліктің шығу тегін зерттеу жөніндегі
Халықаралық қоғамды басқарды. А. И. Опарин
коацерваттардың - сулы ерітіндідегі ағзалық
заттардың тұрақты конгломераттарының
(ұйығының) пайда болу мүмкіндігін
сынақтәжірибе арқылы дәлелдеді. Олар
химиялық (ағзалық) заттардың құрам бөлігі
бола тұра кейбір тірі нәрсенің қасиеттерін
көрсете алады (карапайым жарғақшалардың
түзілуі, ұдайы өсу қасиеті, энергетикалық
алмасу). Сөйтіп коацерваттар протобионттар,
яғни «тіршілік жолашары» деп атай бастады.
Ағылшын биологі Джон Холдейн 1925-1929
жылдары Опариннің ойын одан әрі дамытты.
Ол коацерваттардың тұрақтылығын көрсетіп,
ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия
көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың
рөлі туралы болжам айтты.

3. Теорияның негізгі идеясы

ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ
Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны
Пфлюгер,
Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ
толық түрде бұл теория биохимик, академик
А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған
“Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде
қарастырылды. Бұл теория бойынша
тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ
эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы
химиялық, одан кейін биологиялық
эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі
кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ
көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым
көпшілігімен мақұлданған.Жер бетіндегі
тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым
жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі
вирустар болып табылатын жалғыз белокты
молекулалардан құралған нысандардан құралған.
Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе

4.

Ағылшын биологі Джон
Холдейн 1925-1929
жылдары Опариннің
ойын одан әрі дамытты.
Ол коацерваттардың
тұрақтылығын көрсетіп,
ағзалық заттарды
қалыптастырудағы
энергия көзі ретінде
ультракүлгін сәуле
шығарудың рөлі туралы
болжам айтты.

5.

6.

Биогенез (био... және грек. genesіs —
шығу тегі, пайда болуы) —
органикалық қосылыстардың бәрі тек
тірі организмнен ғана пайда болады,
соған байланысты тірі
организмдердің өлі материядан
пайда болғанын теріс деп
санайтын теория. Биогенез теориясын
жақтаушылардың бірқатары
өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті
ұсақ организмдер де жер бетіне
ғарыштан келген (панспермия
теориясы) деп есептейді.
Дұрыс жасушалардағы А ламинінің
18 ғасырда тірі организмдер шын биогенезі және Хатчинсон-Гилфорд
мәнісінде тек басқа тірі
прогерия синдромы кезіндегі А
организмдерден дамиды деген
ламинының кемелденген формасының
эмпирикалық теория (Ф. Реди, Л. генерациясының бұзылуы
Пастер) пайда болды. Бұл теория 19
ғасырдың орта кезінде қалыптасқан
тіршілік өздігінен пайда болады
деген теорияға қарсы қойылды.

7.

Абиогенез (гр. 'a' — болымсыздық, жоққа шығару, bіos —
тіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі
табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда
болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында —
эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің
органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория;
организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің
қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.[1]
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда
болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан
деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф.
Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның
қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді.
Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны —
А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде
тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі
де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде
қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру
арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес
және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге
асырылды. Тіршілік— табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда
болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы
материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған
сайын күрделене береді.

8.

9.

Тірішліктің пайда болуы туралы теориялар
Ондай теориялардың бірінде: "Тіршілікті белгілі бір уакыт аралығында ерекше
кұдіретті күш жаратты" делінеді. Грек философы Аристотель мен ағылшын
философы Ф.Бэкон: "Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен
өлі денелерден пайда болды", — деп, бұл пікірге қарсы шыққан. Ал голландиялық
ғалым Ван Гельмонт өзінің еңбектерінде: 'Тышқандар кір киімнен пайда болады", —
деп түсіндірсе, дәрігер Парацельс "адамды қолдан жасап шығарудың" әдісін
ұсынған. Келесі бір теорияда: "Жер еш уакытта жанадан пайда болған жоқ, ол әуел
бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі", — делінеді. Бірқатар
ғалымдар: "Жер бетіне басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаны, споралары, тілті ұсақ
организмдер де келіп түседі", — деген ойда болған. Ф.Реди және Л.Пастер
тәжірибелері.XVII ғасырда италиялык дәрігер Фран ческо Реди (1626—1698)
тәжірибе
жүргізіп, "тіршілік өздігінен пайда болды" деген теорияға карсы шықты. Ол бірнеше
ыдыска өлген жыланның денесін салып, біразының бетін жауып, біразынашық,
қалдырған. Бірнеше күннен кейінжабық ыдыстарда еш өзгеріс болмай,ашық
ыдыстағы өлексе құрттай бастаган. Ф.Реди: "құрттар өздігінен пайдаболған жоқ,
шыбынның етке салған жұмырткасынан шыққан дернәсіл", — деп түсіндірді.Ф.Реди
тәжірибе қорытындысын 1661жылы жариялап, тірі организмдердіңөлі материядан
пайда болмайтынын, яғни сазбалшыктан — бақа, ескі кір шүберектен — тышқан
түзілмейтін дәлелдеді.
Дарвиннің "Түрлердің пайда болуы" деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін бұл
мәселе қайта көтеріліп, тәжірибе жүзінде жан-жақты зерттеулер жүргізіле бастады.

10.

11.

12.

Қазіргі уақытта бірнеше рет мойындалған А. И. Опариннің теориясы тіршіліктің
пайда болуы ілімнің әрі қарай дамуына негіз болып отыр. Онымен тек «ғылыми»
креационистер ғана келіспейді, олардың пайымдауынша Жер 10 000 жыл бұрын
пайда болған және оның шығу тегі аса керемет деп тұжырымдайды. Ескеретін
жай, барлық ғылыми теориялар сияқты А. И. Опариннің теориясы да тұрақты
түрде толықтырылып отырылды. Айтатын болсақ, соңғы жылдары ғылыми жаңа
мэліметтер бойынша, Жер бетіндегі тіршілік А. И. Опарин және Н. Г. Холодный
ойлағандай мұхитта немесе таяз суда пайда болған жоқ, Жердің ерте заман
(архей) тарихындағы ыстық (геотермальды) бұлақтарда түзілген және алғашқы
полимерлер РНҚ молекуласы. РНҚ-ындағы бірінші полимердің негізі (пайда
болғаннан кейін) болуы тіршіліктің түзігендігі туралы көзқарастар өзгерді, яғни
тіршілік РНҚ-нан басталады. Кейбір жерлерде абиогенді поликонденсаттың
азоттық негізі РНҚ (РНҚ пайда болу тізбесінде) болуына цеолит минералы болуы
мүмкін, себебі үш қабатты торлы құрылысты ерекшелігі болды. Осы минерал
катализатор (оның сыртқы беті катализатор қызметін атқаруы мүмкін) кейіннен
пайда болған белок-ферменттері сияқты қызмет атқаруы мүмкін. Сондықтан
геотермальды бұлақтың маңындағы жанартаулық шығу тегі бар тастардың
саңылауындағы ыстық сұйықтықта (40°) метан, аммиак, фосфаты бар цеолит
еріп және рН-8 катализаторлық ортада РНҚ олигонуклеотиді түзіледі. Одан әрі
қарай РНҚ молекуласының өзінен-өзі көбею қасиетке ие болып, цеолиттен жеке
дара бөлінді. Содан кейін, олар липидтермен бірігіп, мұхиттарда тіршілік етуге
бейімделген алғашқы тіршілік иесі болды.
English     Русский Rules