Similar presentations:
Уәждеме және сөзжасам. Олардың байланысы мен ерекшелігі
1.
4-дәрісУәждеме және сөзжасам.
Олардың байланысы мен ерекшелігі.
профессор Салқынбай А.Б.
2.
Уәждемеде – кез келген сөздің ішкі мағыналық формасы– халық дүниетанымымен, салт-дәстүрі арқылы
түсіндіріледі. Когнитологияда негізгі нысан – когнитив,
Уәждемеде – сөздің ішкі формасы. Уәждеме
(мотивация) әуелде философиялық термин ретінде
қолданылған.
3.
“Мотивация” сөзін тіл білімі термині ретінде қолданғанғалым Ю.Маслов “Введение в языкознание” атты
еңбегінде сөздің ішкі формасы (Потебня термині) деген
терминді уәждемемен алмастырып қолданады.
4.
Уәждеме саласы қарастыратын мотив – таңбаның ұғымымен тікелейбайланысты; бірақ екеуі екі басқа нәрсе.
Сөздің ішкі формасы таңбаның ішкі құрылымы арқылы анықталса, ал
оның мотиві, уәжі – заттың қасиеті арқылы айқындалады. Таңбаның
мағынасын түрлі сөздердің мағыналары арқылы шамалауға болса, уәжі
– шындық болмыстағы зат пен құбылыстың қасиеттері мен белгісі
арқылы белгіленеді. Сөздің ішкі формасы – атаудың өзін құрайтын
сыңарлармен тұлғалық және мағыналық жағынан жақындығы,
байланысы ретінде қарастырылады. Бұл таза тілдік бірліктердің бірбірін негіздеуі түрінде танылады. Ал уәждеме атау мен зат арасындағы
байланыс пен бірліктен туындаса керек.
5.
Уәждеме – сөздің ұғыммен байланысын, болмыспен қарымқатынасын айқындайтын болғандықтан, әрі осы процесс кезкелген тілдегі атаудың жасалуына негіз болатындықтан, тілде
жалпы заңдылықтардың орнығуы заңды.
Уәждеме – тіл мен ойлаудың, зат пен болмыстың арасындағы
қарым-қатынасты, байланысты айқындауға арналған пән болмаса
да, мұны айналып өте алмайды. Өйткені кез келген атау заттың
ұғымдағы бейнесі, көрінісінің таңбалануы.
6.
Тіл білімінің қазіргі теориялық дамуында уәждеме ұғымы мен сөзжасам тығызбайланыста қарастырылады. Кей жеке тіл білімінде сөзжасамдық уәждеме
жеке сала ретінде де танылады.
Сөзжасамдық уәждеме бір жағынан ұғымдық түсініктермен астасып жатады.
Туынды сөздің номинативтік қызметі оның семантикалық мағынасының
болуымен, ұғымдық мән беруімен байланысты, ал туынды мағынаның өзі
себепші негіз арқылы негізделеді.
Сөзжасамдық уәждеме өзіндік метатіл арқылы ерекшелене алады. Түбір сөз
немесе негіз “себепші негіз”, туынды сөз “негізделген атауға” сәйкес келеді.
Тілдегі екіншілік мағынадағы бірліктің уәжділік қатынасының мәні мен
ерекшелігін анықтау – сөзжасамдық талдаудың маңызды бөлігі.
7.
Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз – екі түбірлес сөздің бірінің мағынасыекіншісінің жаңа мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық
себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас. Сөзжасамдықуәждемелік қатынас орындалу үшін кемінде екі түбірлес сөз болуы
шарт. Түбірлес сөздердің бірінің мағынасы екіншісіндегі жаңа
мағынаның жасалуының басты шарты болып, ондағы туынды семаға
негіз болады. Сөйтіп себепші негіздер мен туынды сөз арасында
мағыналық ерекшелік пен сабақтастық пайда болады. Бұл ерекшелік
туынды, екіншілік мағыналы сөздің семантикалық ерекше көрсеткіші
ретінде бағаланады.
8.
Сөзжасамдық-уәждемелік қатынаста пайда болатын тілдік бірліктіңқасиеті – тұлғалық және мағыналық жағынан себепші негіз арқылы
негізделетіндігі. Сондықтан сөзжасамдық-уәждемелік қатынаста тіл
бірліктері тек мағыналық жағынан ғана емес, тұлғалық жағынан да
жақын болады. Айталық, емші – дәрігер сөздері мағынасы жағынан бірбіріне жақын болғанмен, бір-біріне сөзжасамдық-уәждемелік қатынаста
бола алмайды. Өйткені екі атау екі түрлі сөзжасамдық негізде жасалып,
екі себепші негіз арқылы уәжделіп тұр. Емші атауы ем себепші негізі
мен -ші сөз тудырушы тұлғасының қосылуы арқылы негізделіп, осы екі
тұлғаның мағыналық қосылуынан уәжделеді. Сөйтіп, ем, емші, емшілік,
емдік, емдел, емделу, емделуші, емдегіш, емделгіш, ем-дом, т.б.
атаулары бір сөзжасамдық ұя құрайды.
9.
Уәждеме теориясы атау теориясы сияқты ономасиологияментығыз байланыста. Егер атау теориясы болмыстың қалай
аталуын зерделесе, уәждеме туынды сөз семантикасының
қалай қалыптасатынын, тілдің екіншілік мағыналы бірлігінің
номинативтік мәнінің қалыптасуын, себепші негіздің туынды
сөз мағынасын негіздеудегі рөлі мен маңызын айқындап
талдайды.
Сөзжасамдық уәждеме – теориясы туынды бірліктерге,
екіншілік мағынадағы дербес сөздерге қатысты. Екіншілік
мағынадағы
туынды
атаулардың
типі
суффикстік,
конверсиялық, аналитикалық т.б. тұлғада келуі ықтимал.
10.
Сөзжасамдық уәждеме – тек номинативті туындыатауларға ғана қатысты анықталады. Еркін сөз тіркестері
уәждемелік аядан қарастырыла алмайды, өйткені еркін
сөз тіркестері атаулық мағына туғызбады. Атаулық
мағына болмаған жерде уәждеме болуы да мүмкін емес.
Сөзжасамдық-уәждемелік қатынас – деривация негізінде
себепші негіз бен туынды сөз арасында болатын
сөзжасамдық қатынас. Уәждеме процесі – жаңа
мағыналы туынды сөздің жасалу, қалыптасу процесі
үстінде болатын күрделі процесс.
11.
Сөзжасамдық-уәждемелік қатынас тек туынды сөзге қатысты ғанаорындалады. Туынды сөз жасалу үшін:
1) сөзге немесе атауға деген объективті тілдік қажеттілік болуы шарт;
2) денотаттың (болмыстың) номинативтік белгілері қарапайым не күрделі
сипатта адам танымында қабылданып, сол туралы ұғым қалыптасуы керек;
3) қалыптасқан ұғымды атау үшін ұқсас ұғымдар мен атаулар іріктеледі;
4) іріктелген атау туынды сөздің себепші негізі болады да, себепші негіз бен
туынды сөз арасында мағыналық және тұлғалық қатынас орнайды;
5) тұлғалық және мағыналық қатынас негізінде туынды сөздің уәжділігі
анықтала алады.
psychology