Similar presentations:
Актінің ережесі
1. АКТІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
2.
Акт - бірнеше лауазымды адамдардың бірдеректі не оқиғаны растайтын іс қағазы. Акт
міндетіне қарай әр мазмұнды болып келеді.
• Қабылдап-тапсыру (жұмыстарды, материалдық
құндылықтарды, құжаттарды);
• зерттеу (қауіпсіздік техникасының, өрт
қауіпсіздігінің жай-күйі, еңбек жағдайының ісәрекеті нәтижесінде);
• сынақ (үлгілердің, жүйелердің,
технологиялардың);
• жоюға бөлу (материалдық құндылықтарды,
құжаттарды);
• беру(материалдық құндылықтарды, құжаттарды);
3.
• бекітілген түгендеуді техникалық(атқарылған жұмыстардың, бас тартулардың,
байқаулардың, бас тартуларды жою,
салыстырып тексерулердің, көрсетілген
қызметтердің және тағы басқа);
• тексеру ережелерінің бұзылуын;
• апаттарды;
• жазатайым оқиғаларды;
• ұйымдарды жоюды анықтайды.
4. Актінің мәтіні екі бөліктен тұрады: 1.Кіріспе; 2.Баяндау.
• Кіріспе бөлімінде мекеменің аты, керекжағдайда бекіту грифі, құжат аты, күні мен
реттік нөмірі, акті шығарылған жер,
мәтіннің тақырыбы, тағайындалған
комиссия төрағасы мен мүшелерінің атыжөні, тегі және қызметі көрсетіледі. Егер
шұғыл түрдегі акт болса онда комиссия
төрағасы және мүшелерінің орнына
қатысушылар деп жазылады.
5.
• Баяндау бөлімінде негізі сөзі жазылады.Негізі бөлімінде дәлелді болған құжат
көрсетіледі. Мыс: жоғарғы тұрған
ұйымның өкімші құжаты; нормативтік
құжат; жоспарлы тапсырма; есептен
шығару жөніндегі бұйрық.
• Жасалған жұмыстар мен анықталған
деректер қортындылары жазылады.
6.
• Мәтіннің соңында қойылатын қолдардыңалдында акті данасының саны көрсетіледі.
Ол даналардың қандай бөлімге жіберілгені
жазылады. Қол қоюдағы деректемеде
комиссия мүшелерінің немесе
қатысушылардың тегі алфавиттік ретпен
жазылады.
• Тұлғаларды актімен таныстыру қол қою
арқылы жүргізіледі. Актінің мазмұнымен
келіспейтін тұлға, өз пікірін білдіре отырып
қол қоюға міндетті. Комиссия мүшесінің
ерекше пікірі жеке парақта ресімделіп,
актіге қосымша берілуі қажет.