Similar presentations:
Ақыл кемдігі. Аутизм. Назар дефицитіне және гиперактивтілікке байланысты жүріс-тұрыс бұзылыстары
1.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL
MEDICAL UNIVERSITY
Тақырыбы: Ақыл кемдігі. Аутизм. Назар дефицитіне және
гиперактивтілікке байланысты жүріс-тұрыс бұзылыстары.
2.
ИнтеллектРациональды таным, ой тұжырымдау мен
пайымдаулар арқылы неғұрлым толық
адаптацияны қамтамасыз ететін адамның ақыл
мен оларды іске асыру жолдарының, ойлау
ерекшелігінің потенциалдар жиынтығы.
3.
Интеллект бұзылыстары1. Олигофрения – туа пайда болған
кем ақылдылық.
2. Деменция – жүре пайда болған кем
ақылыдылық.
4.
Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі;іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған
психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда болуына әр түрлі
себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі
генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының
(фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің
бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге
зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не
сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми
зақымы, т.б.) әсер етеді
5.
Негізгі белгілеріОлигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық
әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту
қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ
олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі,
т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың
көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында,
тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі,
дене бітімінің диспропорциясы, т.б.)
болады.
6.
Олигофрения түрлері1. Девильдік
Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз)
олигофрения – олигофренияның әлсіз
түрі; орташа түріне қарағанда науқастың
сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз
қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін
айтады. Олигофрениямен ауырған
науқастардың барлығы да психиатрдың
бақылауында болады, негізінен оларға
психикалық ой-өрісінің дамуына себепші
болатын емдік шаралар жүргізіледі.
7.
2. ИмбециалықИмбециалдық (лат.
іmbecіllus – ақыл-ойы
әлсіз) олигофрения –
олигофренияның орташа
түрі; алдыңғы
жағдаймен
салыстырғанда, науқас
қарапайым сөздерді
анық айтып, аздап санай
да біледі.
8.
3. ИдиотиялықИдиотиялық
олигофрения (грек. іdіoteіa –
надан) – олигофренияның
ауыр түрі; ақыл-ойдың
мүлдем дамымауы. Бұл
жағдайда ойлау, сөйлеу
қабілеті дамымайды; науқас
міңгірлеген дыбыстар ғана
шығарады, оларға айтылған
сөздің мағынасын
түсінбейді.
9.
Деменция- жоғарғы психикалық функциялардың жетедамымауының не семуінің салдарынан болатын
кемақылдылық. Ой өрісінің әлсіздігімен, бұрын алған білімді
жоғалтып, жаңа білім алуға деген қиындықтармен, жалпы
психикалық нашарлығы, тәртіптің өзгеруімен бейнеленетін
психиканың тереңде қайтарылмас зақымы.
10.
Деменцияның түрлері1. Органикалық
Бас ми жарақаттарында, ми тамырларының
ауруларында, қарттық және сифилистік
психоздарда кездеседі.
Органикалық деменция
-тотальді (диффузді)
-ошақты (дисмнестикалық,
лакунарлық, парциалді)
11.
Тотальді органикалық деменцияНауқас адамның барлық интеллектуалді функциялары
төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына
сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлғалық
қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып,
палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері
ояна бастайды.
12.
Ошақты органикалық деменцияНауқас адамда негізінен есте сақтау бұзылыстары
болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына
сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа
информацияны қабылдау қиын, сондықтан
ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын
кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан
жаттықтырылған, әсіресе профессионалді
дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталады.
13.
2. Шизофрениялық деменция• Науқас адамда абстракті ойлау қабілеті мен есте сақтау
қабілеті бұзылмаған.
• Бірақ апати мен абулия салдарынан науқаста еңбек етуге,
басқа адамдармен қарым-қатынаста болуға құлқы жоқ.
• Сондықтан осындай науқастарды кітапқа толы, бірақ ешкім
оқымайтын шкафпен салыстырады.
14.
3. Эпилепсиялық деменцияЕсте сақтау қабілеті төмендеп, ойлау қабілеті
өзгереді.Науқас адамда ой пайымдылығы,
детализацияға құмарлық, сөз қорының азаюы мен
қыстырма сөздерді көптеп қолдану байқалады; жиі
қызығушылық төмендеуі мен өзінің жағдайына
ерекше назар аудару болады (концентрациялық
кем ақылдылық).
15.
АутизмАутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып,
өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл
терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық
кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі
шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген.
Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика
және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ
бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да
бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында
тәрбиеленуі қажет.[1]
16.
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, оләлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді.
Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда
кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып,
бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық
аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму
зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық
көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер
деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай
қалыптасуы мүмкін.
17.
ЭтиологиясыҚазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық
зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша
аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке
жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым
қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген
зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың
органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.
Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу
өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар,
нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету
мүмкіндігі бар.
18.
Аутизм көрсеткішіЛ.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы
аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті
біріктіреді:
аутистикалық уайымдар,
стеротипі,
үйреншікті,
бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде
ерекше сипаттағы кемістіктер.
19.
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуыдеп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:
жалғыздықты жақсы көру
ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу
мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының,
жестарының болмауы
бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі
біркелкі болып өзгермеуі керек
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау
біркелкі қимылдарды қайталай береді
Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың
50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады.
20.
Клиникалық көрінісіБала өзгеге көзіне тіке қарай алмайды.
Сөйлеудің бұзылысы
Айналадағыларға немқұрайлықпен қарайды.
Дискомфорт жағдайларын сезінбейді.
Басқалармен қарым-қатынасты қажет етпейді.
Ұзақ уақыт тірі мен өліні ажырата алмайды.
Интеллект бұзылысына байланыссыз сөйлеуінің
кешеуілдеуі.
Сөйлесушіге ешқашан күлмейді.
Агрессиялық ұстамалар
Назарын тек бір нарсеге ғана қояды. Сондықтан көбінесе
аутист балалар бір салада жақсы дамыған болады.
21.
Аутизмнің түрлеріКаннердің ерте балалық шақтағы аутизм
синдромы- классикалық түрі;
Аспергер синдромы – аутистикалық
психопатия;
Ретта синдромы
А типті аутизм – шизофрениядан кейін
немесе процессуалды аутизм
22.
Каннердің ерте балалық шақтағы аутизмсиндромы- классикалық түрі;
Жиі кездесетін ауыр түрі.Кездесу жиілігі 0,02-0,0,5.Канлер
1943ж ашқан.Ең басты сипаттамасы:баланың тым кеш
сөйлеуі. Жалғыздықты ұнатады.Тұйық.Тәртіптің өзгеруіне
қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді,үнемі бір қимылды
қайталайды. Қоршаған адамдардың сезімін түсінбеуі,
сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі
мүмкін.Өздерін жарақаттауға бейім.Белгілері 3 жасынан
бастап (кейде одан ерте )байқалады.
23.
Аспергер синдромы – аутистикалықпсихопатия;
Жеңіл түрі.
Белгілері
ұқсас,дегенмен,балалардың
интеллекті айтарлықтай жоғары.
Белгілі бір салаға жоғары
қызығушылық танытып, сол
сананы жетік меңгере алады.
Логикасы жақсы дамыған,сөйлей
алады. Бірақ адамдармен қарымқатынасқа түсуі қиын.
24.
Ретта синдромыАутизмнің сирек кездесетін түрі.Әрі тек қыздарда.Әдетте
қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, мануальді іс
қимылдардың жоғалуымен, сөйлеудің ауыр бұзылыстарымен,
энурез,энкопрез және де ентігу ұстамаларымен қатар жүретін
ауыр патология. зерттелмеген,сол себепті аурудың соңы өлімге
алып келуі мүмкін.
Процессуалды аутизм.Ер балаға тән.Олар 3-5 жасқа дейін
уақытылы дамып, кейінен қабілеті жоғала бастайды.
25.
Диф.диагностикасыШизофрения
Ақыл-естің артта қалуы
Аспергер синдромы
Балалардағы дезинтегративті бұзылыстар
26.
ЕміАутизмнің нақты медикаментозды емі жоқ. Алайда басқаша жолдармен
емдеу тәсілдері бар.Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу
терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай
кезінде бастаса, нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың
әрқайсысының белгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі
жүргізілуі керек.
Дәрі-дәрмекті емінде:
Нейролептиктер
Психостимуляторлар
Иммуностимуляторлар
Витаминдер
Гормондар
27.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсетуРесей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек
көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру
бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға
қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ
түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға
бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік
бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр
түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту
(мінез-құлықтық емдеу).
Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі
қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы
қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе
еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60
пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу
орындарында оқуын жалғастыра алады.
28.
Зейін жеткіліксіздік және гиперактивтіліксиндромы
Зейін жеткіліксіздік және
гиперактивтілік синдромы (СДВГ)
– дамудың бұзылысымен
сипатталатын жүретін, өз алдында
мынадай симптомдар көрініс
береді: зейінге концентрация
қиындығы, гиперактивтілік,
тәртіптің бұзылысы немесе
олардың комбинациясы. СДВГ
диагнозын қою үшін, симптомдар
осы жасқа және даму деңгейіне сай
қалыпты тәртіпке ұқсас болмау
керек.
29.
СимптомдарСДВГ симптомдары үш топқа бөлінеді:
Зейін салу қиындығы (зейіңсіздік,
невнимательность)
Шамадан тыс активтілік (гиперактивтілік)
Мінез-құлықтың бақыланбауы
(импульсивтілік)
30.
Зейіңсіздік симптомдары:•Үй жұмысы тапсырмаларында қателер немесе белгілі бір
затқа зейін сала алмауы
•Ойын кезіңде балаға зейің салу қиын
•Біреу сөйлеп жатқанда, балалар тындамайды
•Нұсқауларды орындамайды және мектеп немесе үй
жұмыстарын аяқтай алмайды
•Іс-шара ұйымдастыруда қиындықтар туындайды
•Ақыл-ой қажет ететін есептерді ұнатпайды
•Ойыншық, қалам, кітап немесе құрал-саймандарды жиі
жоғалтады
•Оңай алаңдап қалады
•Күнделікті жұмыс кезіңде ұмытшақ
31.
Гиперактивтілік симптомдары:•Бала бір орында отыра алмайды, қол мен аяқтары жыбырлай
береді
•Басқалары бір орында отырғанда, өзі отыра алмайды
•Керек емесе жағдайларда айналады жүгіріп немесе өздері
қалаған жерге мініп кете береді
•Тыныш ойнап немесе жұмыс істей алмайды
•Көп сөйлейді
Импульсивтілік симптомдары:
•Сұрақ толығымен қойылғанға дейін жауап береді
•Кезекте тұрумен байланысты қиындықтар
•Басқалар сөйлеп немесе ойнап жатқан кезде сөз бұзады