2.99M
Category: medicinemedicine

Өрт - техникалық сараптама негіздері Дәріс тақырыбы №4

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
Кеніштік аэрология және еңбек қорғау кафедрасы
Пән: Өрт - техникалық сараптама негіздері
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»
мамандығының студенттеріне арналған
Тақырып:
Сараптамашының процедуралық
жағдайы, оның міндеті,
құқығы және жауапкершілігі
Автор: т.ғ.м., аға оқытушы Амиргалина Айжан Қайратқызы

2.

Дәріс жоспары:
1. Тексеріс негізі;
2. Тексеріс
іс-әрекеттеріне
техникалық маманның қатысуы;
3. Сарапшының
міндеттері,
құқықтары
және
жауапкершіліктері.

3.

1 Тексеріс негізі
Тексеріс тергеушінің қылмыс істерін, басқа затты
дәлелдерді табу, зерттеу және тіркеу, болған іс жағдайын
анықтау мақсатында әр түрлі объектілерді тікелей
қабылдауына және зерттеуіне негізделген.
Тексеріске қатысатын техникалық маман тергеушіге
тексерістің аса дұрыс тактикасын таңдауға, іздер мен
басқа затты дәлелдерді табуға, алуға, тіркеуге; оларды
дұрыс суреттеп беруге; болған іс орнының жоспары мен
схемасын құруға көмектесе алады.

4.

Болған іс орнын тексеріске дайындау кезінде
техникалық маман тергеушінің шақыруымен болған іс
туралы жайды, тексеріс бойынша іс-әрекет тізбегін
талқылауға қатысады. Ол тексеріс кезінде басқа
мамандардың қатысу қажеттілігі, ғылыми-техникалық
тәсілдерді қолдану туралы өз пікірін айта алады. Егер
тексеріске басқа мамандар (сот медигі, инженер-электрик,
технолог т.с.с.) шақырылса, онда техникалық маман
олармен ара-қатынас жасап, біріккен іс-әрекеттер тәртібін
анықтайды.

5.

Жан жағын қарау кезінде техникалық маман тергеушіге көмек
жасап, заттай айғақтарды және іздерді табу әдістерін, ғылымитехникалық құралдарды таңдауына және рет-ретімен қарауын
анықтайды. Ол мамандық біліміне қарай авария болған жердегі
жағдайға байланысты өзінің ойын білдіреді. Жоспар мен схеманы
жасаған кезде және керекті өзгерістерді өндеу кезінде техникалық
маман тергеушіге көмегін көрсетеді. Техникалық маманың барлық
жұмысы іздерді табуы мен алуы кезінде тергеушіге көмек көрсетуі,
әр түрлі кеңес беруі өзінің мамандық білімінен артылмайды. Заттай
айғақтарды және іздерді байланыстыру кезінде ол өзінің ойын
білдіріп тергеушіге сол жағдай бойынша көмек көрсетеді.

6.

Жан жағын қарау кезінде техникалық маман тергеушіге көмек жасап,
заттай айғақтарды және іздерді табу әдістерін, ғылыми-техникалық
құралдарды таңдауына және рет-ретімен қарауын анықтайды. Ол мамандық
біліміне қарай авария болған жердегі жағдайға байланысты өзінің ойын
білдіреді. Жоспар мен схеманы жасаған кезде және керекті өзгерістерді өндеу
кезінде техникалық маман тергеушіге көмегін көрсетеді. Техникалық
маманың барлық жұмысы іздерді табуы мен алуы кезінде тергеушіге көмек
көрсетуі, әр түрлі кеңес беруі өзінің мамандық білімінен артылмайды. Заттай
айғақтарды және іздерді байланыстыру кезінде ол өзінің ойын білдіріп
тергеушіге сол жағдай бойынша көмек көрсетеді.

7.

Маман тергеушінің қарамағында ғана жұмыс атқарады, бірақ ол өз
бастамасымен оқиға іздері мен басқа заттай дәлелдерді іздеуге де бет бұра
алады. Байқаудың кортындылаушы кезеңінде техникалық маман тергеушіге
табылған заттай дәлелдерді алып, орауға көмектеседі. Қарау хаттамасын
құрған кезде ол тергеушіге оқиға болған орынды, оның жеке бөлімдерін,
іздері мен заттай дәлелдерді сипаттау кезіндегі арнайы техникалық
терминдерді қолдану бойынша кеңес береді.

8.

Қарау хаттамасының кіріспе бөлімінде техникалық маманның
қатысуы, оның аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, мамандығы мен
жұмыс атқару ұзақтығы туралы анықтама берілуі қажет, ал негізгі
бөлімінде маманның заттай дәлелдерді анықтаумен байланысты
жүзеге асырған шаралары жазылуы қажет.
Қарауға қатысқан басқа да қатысушылар сияқты, техникалық
маман хаттамамаға, тергеушінің қарауды өткізген кезде байқаған
ескертулерін енгізуді талап етуге құқығы бар. Қарау хаттамасына
тергеуші, куәгер және маман қол қояды.

9.

Техникалық маманға тергеуші көбінесе оқиға болған жердің жоспарын
немесе маңызды бағдарлар мен объектілердің арасындағы арақашықтығы
анықтап көрсетілген сызбанұсқаларды әзірлеуді тапсырады. Сонымен қатар
тергеуші маманға фотокестелерді жасауға көмек көрсетуді тапсыра алады.
Тергеуші тергеу жұмыстарын жүргізуге қатысушы ретінде, істің
нәтижесінде қызығушылығы жоқ техникалық маманды шақыруға құқығы
бар.

10.

2. Тексеріс іс-әрекеттеріне
техникалық маманның қатысуы
Тексеріс тәжірибесінің хаттамасын жазуда техникалық маман
тергеушіге тәжірибені және оның қорытындысын жазуда арнайы
терминдерді таңдауға көмектеседі, қажетті консультация береді:
1. Техникалық экспертизаны тағайындауда техникалық
маман тергеушіге экспертизаны тағайындау қажеттілігі мен уақыты;
2. Техникалық эксперт шешетін сұрақтар тобы;
3. Техникалық экспертизаны тағайындауды ұсынған
айыптаушыға рұқсат беру жөнінде кеңес бере алады.
4. Техникалық сараптамаға қатысты айыпталушының
(немесе басқа іске қатысушылардың) өтінішін қабылдауға рұқсаты
беру.

11.

Дәлелдерге дұрыс емес баға беру
салдарынан, тергеушіге сараптаманы белгілеу
уақыты мен қажеттілігін анықтау кезінде
кейде бірқатар қиындықтар туғызу мүмкін.
Соның салдарынан талай рет тергеуші
сараптаманы дұрыс белгілеу уақытын өткізіп
алады немесе сараптаманы қажет етпейтін
мәселелерді шешуге белгілейді. Техникалық
маманның кәсіптік білімге негізделген кеңесі
бұл қателерге бет бұрмауға мүмкіндік береді.
Маман тергеушіге сараптамаға қажетті
материалдар мен объектілерді анықтауға
байланысты мәселелерді шешуге де көмек
көрсете алады.

12.

Техникалық маман техникалық сараптаманың түрін таңдау
жайында да кеңес бере алады. Егер комплексті (комиссия құрамында)
сараптаманы белгілеуге шешім қабылданса, ол оның құрамына
техникалықтан басқа қандай сарапшыларды енгізу керектігі жайында
кеңес береді.
Тергеуші техникалық сараптамаға қатысты айыпталушының
немесе басқа іске қатысушылардың өтініштерін қабылдауға рұқсаты
беру кезінде техникалық маманның кеңесін пайдалана алады.
Айыпталушының өтініші мен іске қатысты қажетті материалдарды
зерттегеннен кейін, маман сарапшының өтініште белгіленген
сұрақтарға жауап бере алу ықтималдылығы туралы тергеушіге
мәлімет бере алады.

13.

Техникалық маманның тек кеңес
беруші
рөлін
атқарғандықтан,
сараптаманы белгілеу қаулысында
оның бұл тергеу әрекетін орындау
барысында қатысуы көрсетілмейді.

14.

Бірқатар жағдайларда апат жайында айыпталушы мен
куәгерлерді тергеу кезінде тергеуші техникалық
маманның кәсібі аймағындағы сұрақтарға тап болады. Ол
мәселелерді шешу әрдайым сараптаманы белгілеуді қажет
етпейді. Техникалық маманның кеңесімен ғана шектелуге
болатын жағдайлар жиі кездеседі. Техникалық маман
тергеушіге кейбір іспен байланысты жағдайларды
анықтауға, сонымен қатар белгілі құралдарға байланысты
құрылғылары мен жұмыс істеу принциптері туралы,
өртке қарсы жабдықтар, өрт қауіпсіздігі жайлы
көзқарасынан қандай да бір технологиялық процесстің
ерекшелігі және тағы басқа арнайы техникалық сұрақтар
бойынша кеңес бере алады.

15.

Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан алынуға
тиіс, іске қатысты маңызы бар құжаттарды анықтау
кезінде техникалық маманның көмегі қажет болуы
мүмкін. Мұндай құжаттардың қатарына мемлекеттік өрт
қадағалау органдардың ұйғарымдары, объектінің өрт
қауіпсіздігі жайлы бұйрықтары және т.б. жатқызуға
болады.

16.

3. Сарапшының міндеттері, құқықтары
және жауапкершіліктері
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сот
сарапшылық қызмет туралы» Заңының 1 бабына сәйкес сот
сараптамасы
- арнайы ғылыми білімдер негізінде өткізілетін
қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді зерттеу. Сот
сараптамасының мақсаты берілген іске рұқсат үшін мәні бар
жағдайларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Сараптама барлық
кезде зерттеу жүргізуді болжайды және бұл зерттеулердің бәрі
әрқашан қолданбалы сипатта болады. Сараптама міндеті материалды әлем, құбылыстар, фактілер нысандарының қасиеттеріне
кәсіби баға беру.

17.

Маманды тартудың мақсаты - үрдістік әрекеттер өткізу кезінде
сотқа көмек көрсету, ал сот сараптамасы өз алдына дәлелдерді
анықтау мақсатын қояды. Жұмысқа тартылған маман сот өткізетін
әрекеттер шеңберінен орын алады. Оның қандай үрдістік қызмет
атқаратынын сот анықтайды. Шешімдер қабылдауда маманның өздік
жекелігі, қандай үрдістік қызмет атқаруы тиістігі - ойға сыйымсыз,
сонымен қатар, маман үрдістік әрекет қорытындыларын құқықтық
баға бере алмайды, оның қызметі сотқа кеңес беріп отыру және
соттық ішкі сенімділікті қалыптастыруы кезінде тартылған
маманның қызметі қосымша, екінші реттік болып табылады. Сот
сараптамасы дегеніміздің өзі сарапшының жүргізетін жеке үрдістік
қызметі болып табылады. Нысанды әртүрлі әдістер көмегімен
зерттеу, сараптау, сараптама қорытындыларын бағалау, нәтижелер
пікірлерді құрастыру сарапшының міндеттері болып табылады.

18.

Анықталған
істерді
тергеуде
мамандардың
қатысу
формасы
оның
ұйымдастырылуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мамандардың қатысу
формасы өзіндік мәнге ие. Мамандардың қатысу формасы дегеніміздің өзі маманның
тергеу қатысушысы ретіндегі құқықтық мәртебесі, оның үрдістік құқықтары мен
міндеттері болып табылады. Сонымен қатар, мамандардың қатысу формасы үрдістік
және таза ұйымдастырушылық (үрдістік емес) болып екіге бөлінеді. Біріншіге
мамандардың жеке тергеу әрекеттерін өндіруге қатысуы, сонымен қатар, сот
сараптамасын белгілеу және өндіру жатады. Үрдістік емес формаларға өз ішіне
арнайы комиссия өткізетін соттан тыс тексеру мен тергеулер, әртүрлі ведомства және
инспекция қызметкерлері өткізетін тексерістер қорытындысын қолдануды кіргізетін
қызметтік, ведомстволық және ведомстволық емес тексерістерді белгілеу мен өткізу
жатады. Сонымен қатар, үрдістік емес формаларға берілген істерді тергеу кезінде
арнайы танымдарды қолдану жатады. Тергеушінің ғылыми-техникалық құралдарды
тікелей қолдануы әртүрлі себептерге байланысты кей кезде қиындық туғызады.
Мұндай жағдайда тергеу әрекетіне қатысу үшін сәйкес маман тартылады, себебі,
тергеу өрт саласындағы әртүрлі техникалық сұрақтарын арнайы терминология мен
құжаттарды қолдану арқылы зерттеу қажеттілігімен қабаттасып кетеді.

19.

Сарапшы.
1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам
сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама
жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге
де талаптар осы Кодекстiң 243-бабының бiрiншi
бөлiгiнде белгiленедi.
2. Сарапшыны шақыру сараптама тағайындау және
жүргiзу осы Кодекстiң 32-тарауында, сондай-ақ, 354бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

20.

3. Сарапшының:
1) сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға;
2) қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне
беру туралы, сондай-ақ, қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы
өтiнiштi мәлiмдеуге;
3) қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен iс
жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге және сот отырысына қатысуға және
оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар
қоюға;
4) өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ,
тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң
әрекеттерi мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетiлуiне
қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiстi ескертпелер жасауға;

21.

5) сараптама тағайындаған органның келiсiмi бойынша сотсараптамалық зерттеу барысында анықталған, iс үшiн маңызы бар,
сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған
мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде
қорытынды беруге;
6) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және
айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеуге;
7) сараптама жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi
органның және iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы өзге де
адамдардың өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi мен
әрекеттерiне шағым жасауға;
8) сараптама жүргiзу кезiнде шыққан шығыстарға өтем және егер
сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң
шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға
құқығы бар.

22.

4. Сарапшы:
1) қылмыстық процестi жүргiзушi органды хабардар
етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге
байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге;
2) зерттеу үшiн материалдарды дербес жинауға;
3) егер сараптама тағайындаған органның бұған
арнайы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе
iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi
қасиеттерiн өзгертуге әкеп соғуы мүмкiн зерттеулер
жүргiзуге құқылы емес.

23.

5. Сарапшы:
1) қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыртуы
бойынша келуге;
2) өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық
және объективтi зерттеу жүргiзуге, қойылған мәселелер
бойынша негiзделген және объективтi жазбаша
қорытынды беруге;
3) осы Кодекстiң 252-бабында көзделген жағдайларда қорытынды
беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы
дәлелдi жазбаша хабарлама жасауға және оны қылмыстық процестi
жүргiзушi органға жiберуге;
4) жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты
мәселелер бойынша айғақтар беруге;

24.

5) зерттеуге ұсынылған объектiлердiң сақталуын
қамтамасыз етуге;
6) iстiң мән-жайы туралы мәлiметтердi және сараптама
жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де
мәлiметтердi жария етпеуге;
7) сараптама тағайындаған органға сараптама
жүргiзуге байланысты шығыстардың сметасын және
келтiрiлген шығыстар туралы есептi табыс етуге мiндеттi.

25.

6. Сарапшы жалған қорытынды бергенi
үшiн
заңда
белгiленген
қылмыстық
жауаптылықта болады.
7. Сот сараптамасы органының қызметкерi
болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң
сипатына қарай өзiнiң құқықтарымен және
мiндеттерiмен танысқан және көрiнеу жалған
қорытынды
бергенi
үшiн
қылмыстық
жауаптылық
туралы
ескертiлген
деп
есептеледi.

26.

Тексеріс негізі;
Тексеріс
іс-әрекеттеріне
маманның қатысуы;
техникалық
Сарапшының міндеттері, құқықтары және
жауапкершіліктері.

27.

Бақылау сұрақтары:
1. Сараптама тағайындаудың мәні.
2. Техникалық сараптама жүгізудің
мәні.
3. Техникалық комиссия және
техникалық
комиссияның
тапсырмаларын кім ұйымдастырады?
4. Сараптама жүргізудің уақытын кім
белгілейді.
5.
Техникалық
сараптаманы
тағайындау және оның реті.
6. Апат немесе өрт пайда болуының
себептерін тексеру.
7. Техникалық сараптама жүргізудің
әдістері.

28.

Бақылау сұрақтары:
8. Аспаптық тексерістің мәні неде?
9. Өрт себебінің болжамын, оның пайда болу
уақыты бойынша тексеру.
10. Электр қондырғылардың өрт-техникалық
сараптамасы.
11. Өрттің желідегі қысқа түйісуден пайда
болуының болжамын тексеру.
12. Электр қондырғылардың өрт-техникалық
сараптамасы
және
өрт-жарылыс
қауіпті
объектілердің найзағайдан қорғанысы.
13. Электр желілерде және қондырғылардан
болған өрт болжамдарын тексеру.
14.
Электр
желілердегі
ауыспалы
кедергілерден болған өрт болжамдарын тексеру.

29.

Бақылау сұрақтары:
15. Электр техникасының доғасынан
ұшқынынан болған өрт болжамдары.
16. Қыздыру шамдарының жылуынан
болған болжамдар.
17. Май шам отынан және осыған ұқсас
жағдайлардан болған өрт болжамдары.
18. Аз калориялы жылу көздерінен
болған өрт болжамдары.
19. Өздігінен жанатын заттар мен
материалдардан болған өрт болжамы.
20. Найзағайдың разрядынан болған өрт
болжамы.

30.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
ҚР Еңбек кодексі. Астана, 23 қараша 2015 ж.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. - Астана,
2014.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 Қаулысы.
Байтуганова М.О., Комлева Е.В. «Өрт - техникалық сараптама негіздері»
оқу құралы / Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. –
Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2014. – 58 б.
Амиргалина А.Қ., Жолмагамбетов Н.Р. «Өрт қауіпсіздігі» оқу құралы /
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Қарағанды: ҚарМТУ
баспасы, 2016. – 91 б.
Методические рекомендации для работников органов дознания и
следствия по расследованию дел о пожарах. - Астана, 2009.

31.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!
English     Русский Rules