Similar presentations:
Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
1.
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлықпедагогтік колледжіАта кәсіп
Практикант: Мұқажан Мақпал
Практика жетекшісі: Асенова Ж.М
Топ:431
2.
Оқу мақсаттары8.1.4.1- мәтінде көтерілген
мәселені (тұрмыстық,
әлеуметтік) талдай отырып,
негізгі ойды анықтау;
8.4.3.1 сөздік қор және сөздік
құрам ерекшеліктерін түсініп
қолдану
3.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялықахуал орнату. Оқушылармен амандасып,
сыныпты түгендеймін.
Өз қалаулары бойынша топқа
бөліну
Оқушыларға бүгін өз қалаулары
бойынша үш топқа топтасуларын
сұраймын. Оқушылар өз
еріктерімен топтасады.
4.
5.
Қазақ халқы бала бойындағы ерекше қаблетті, ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды өтежоғары бағалаған. «Атасына тартып ақын болыпты, нағашысына тартып әнші, әкесіне
тартып күйші, анасына тартып биші болыпты» деп баланың икемі мен талабына сүйсіне
қараған. Дәстүрлі өнер әулет мақтанышы ғана емес, ол-барша халық игілігі. Ал жеке адам
тұрғысынан келетін болсақ, бұл да кәсіптің бір түрі болып саналады. Бала- ата өнерін,ата
кәсібін жалғастырушы ұрпақ. Адамгершілік, адалдық, жанашырлық,мейірімділік,
еңбекқорлық, төзімділік қасиеттерін бойына сіңірген ұрпақ қана ата өнерін,ата кәсібін сақтап
қалады.Ата өнерін,ата кәсібін сақтап қалу,оны әрі қарай дамыту өз қолдарыңда екенін
ұмытпаңдар. Адам-түзу ниеті, ойы, жақсы іс-әрекеттері арқылы жеңіске, бақытқа жетеді.
Яғни, біздің бақытты болуымыз жақсы істерімізден туындайды екен. Ата кәсіпті дәріптеу
арқылы адамдар бірін-бірі мейірімділікке, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулуы, дұрыс
әрекет жасау арқылы жанашырлықты, мейірімділікті таныта алуы Олай болса, адамдардың
ата кәсіпке деген құрметі –ол әдептіліктің белгісі және ізгіліктің жолы болып табылады.
6.
Ата өнері – балаға мұра,Ата кәсібі –бала нәсібі.
(Халық мақалы)
7.
1-тапсырма. Жұптық жұмыс.«Көршіңмен кеңес» әдісі. Ата кәсіп
тақырыбына диалог құрып кәсіп деген
сөзге фонетикалық талдау
1-топ
-Ата кәсіп деген не?
-Ата кәсібін жалғастырып
жатқан қандай тұлғаларды
білесің?
-Ата кәсіптің адам өміріндегі
орны қандай?
2-топ
-«Әке аманаты» дегенді қалай
түсінесіңдер?
-Өз ата-бабаларыңнан қалған
ата кәсіп жөнінде әңгімелеңдер.
-Ата кәсібін жалғастыру
міндетті ме?
8.
2-тапсырма. «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі»тақырыбына
1-топ «Еркін әңгіме»
әдісі бойынша шағын
эссе жазу
2-топ «Зерттеушілік
конференциясы» әдісін
пайдаланып сауалнама
алады.
1-қадам.Тақырып беріледі.
2-қадам.Топтардың
тапсырмаларын анықтау.
9.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, ішінен көнерген сөздермен кәсіби сөздерді тауып жазыңыз. Мағынасын
түсіндіріңдер. 5сөйлемге синтаксистік талдау
Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы – құсбегілік, оның төл
өнері, ұлттық мақтанышы. Әрине, туған табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін
ит жүгіртіп, құс салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың
ішіндегі жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні бүгінге дейін алып
келгенінен көруге болады. «Есі кірген — ескісін іздейді» деген қағида ертеден бар. Киіз
туырлықты көшпелі елдің құс салу өнері кәсіптен гөрі, серуен, сейілге, спортқа жақын. Бұл
өнерді кейде «салбұрын», кейде «саятшылық» атауымыз содан. «Жүйрік ат, қыран бүркіт,
ұшқыр тазы…» — жігіттің жігітіне жарасар, серінің серті мен серігіндей өнер. «Атам өлсе
қойылар, атан өлсе сойылар, ал мынадай қансонар енді қайдан табылар» — деп, дүниенің
бәрін тәрк етіп, құсын қолға ондырып, жүйрігін жаратқан ер мінезді елдің ұрпағымыз.
Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса
тарихы бар деседі. Ал, ғалымдардың зерттеуінде айтылғандай, Тамғалы тастағы саятшының
қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің салынғанына екі мың жылдан
әріде десе, бүгінгі жеткен шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?!
10.
Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аяздақызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі
қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек
жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік. Әр адамға
өз елінің аң – құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі
деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар
ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ
құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
Кім? Не? Не істеді?Қашан? Қалай?
11.
Көнерген сөздер – күнделікті қарымқатынаста жиі қолданылмайтын, бірақтілдің сөздік қорында сақталған,
көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген
сөздер көнелену дәрежесі мен себебі
және қолданылу сипатына қарай
өзіндік лексика жүйесін құрайды.
Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер
(байыз – байыз табу, кежеге–
кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек
қолданылатын сөздер (бәйбіше,
қатын, мыстан, алдаспан) болып
бөлінеді.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен
тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне
қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер
мен архаизмдер. Тарихи сөздердің
көнеруі лауазымдық атаулардың,
қоғамдық құбылылыстардың
жойылуымен, сондай-ақ, әскери
қару-жарақ, өндірістік құралжабдықтардың қолданыстан шығып
қалуымен байланысты (болыс,
сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта).
Архаизмдер халықтың күнкөріс
тіршілігіне, салт-сана тұрмысына,
әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр
дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен
ауысып, ескіріп, пайдаланудан
біржола шығып қалған сөздер
(жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ,
түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.).
12.
Кәсіби сөздер – белгілі біршаруашылыққа, кәсіпке
байланысты қолданылатын,
жалпы халыққа бірдей
түсінікті бола бермейтін,
қолданылу өрісі шектеулі
сөздер. Қазақ тілі кәсіби
сөздерге бай. Кәсіби сөздер
таралу шегіне қарай ірі
кәсіпке байланысты сөздер
және шағын кәсіпке
байланысты сөздер деп екі
салаға бөлінеді.
Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары:
жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық
шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары
атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы
(балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай,
итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы,
пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа
салаларға қатысты болады.
Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта
– жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар
ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап
тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал,
ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал,
ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін
жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық,
зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады.
13.
14.
Керібайланыс.
«Шығу
парағы»
Бағалау.
Бүгінгі сабақта қандай әсер
алдың?
Нені үйрендің?
Бірлескен жұмыс түрлері
қызық болды ма?
Рефлексия
15.
Үйге тапсырма:«Әке аманаты»
тақырыбына ой толғау
жазып келу