Similar presentations:
Жоғарғы сатыдағы даражарнақты өсімдіктердің медицинадағы, фармациядағы маңызы
1.
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫДАРАЖАРНАҚТЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ
МЕДИЦИНАДАҒЫ,
ФАРМАЦИЯДАҒЫ МАҢЫЗЫ.
Орындаған:Байбатыр. Г
Тексерген:Алдасугурова. Ч
2.
ЖоспарыДаражарнақтылар класы
Құртқашаштар тұқымдасы
Лалагүлдер тұқымдасы
Лалагүл қызғалдақ туысы
Олардың фармациядағы маңызы
Медицинадағы маңызы
Пайдаланған әдебиеттер
3.
Даражарнақтылар• Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones
немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының
бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан
айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы
біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс
тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай
түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын
құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен,
қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық
аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері
субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі.
4.
5.
• Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан , 38қатардан , 104 тұқымдастан және 63000 - дай
түрлерден тұрады . Негізгі өмірлік формалары
шөптесін өсімдіктер ( бір- , екі- , көп жыл Дық ) ,
сиректеу ағаштар , бұталар , лианалар . Жер бетінің
барлық құрлықтарында ( континенттерінде ) кең
таралған . Дара жар нақтылар толық табиғи
эволюциялық тізбек болып табылады . Оның
жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маман
данған және ауыспалы формалары арқылы бір бірімен байла ныста болады .
6.
• Дара жарнақтылардың флоэмасында тінпаренхимасы болмайды , сондықтанда ол
тек сүзгілі түтіктерден және серік тік
клеткалардан тұрады ; өткізгіш шоғында
ксилема мен флоэ маның арасында
болатын шекаралық түзу доға тәрізді
болады . Ксилемасы флоэманы айнала
қоршап тұрады ; жапырақтары екі қатар
түзіп орналасады ; артық қор заттары
және метабо лизм өнімдері ( эфир майы
илік заттар , алколоидтар , глюко зидтер
және т.б. ) көп түрлі болмайды , олардың
молекула сының құрылысы біршама
қарапайым болып келеді
7.
• Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейдемаманданған өсімдіктер көптеп саналады . Мысалы ,
геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында
тамырсабақ , бадана ( луковица ) , түйнектер , түйнек
пиязшықтар түрінде өткізеді ; гелофиттері , батпақты
жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі ;
ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға
бейімделген ; эфемерлері өмірлік циклы қысқа
болатын өсімдіктер , ұзаққа созылатын құрғақшылық
басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап
үлгереді . Дара жарнақтылар класының жоғарыда
келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының
ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі
.
8.
Құртқашаштар тұқымдасы• Тұқымдасқа 80 туыс , 1800 - дей түр жатады . Тропиктерде ,
субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең
таралған өсімдіктер . Әсіресе Оңтүстік Африкада , Жерорта
теңізі жағалауында , Батыс және Шығыс Азияда және
Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі . Құрғақ немесе
батпақты жерлерде өсетін , тамырсабақты немесе түйнекті
пиязшықты өсімдіктер . Жапырақтары қылыш тәрізді ,
жоғары қарай көтеріліп тұрады , сиректеу доға тәрізді иілген
болып келеді . Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (
немесе гүлшоғына жиналған ) ; қосжынысты , дұрыс немесе
бүрыс гүлдер , көп жағдайда өте үлкен болып келеді .
Гүлсеріктері актиноморфты , сиректеу зигоморфты ; желек
тәрізді түтікке біріккен 6 - жапырақшадан тұрады ; сыртқы
желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашы
лығы болады . Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш ұялы ,
төменгі болып келеді . Аналықтың мойны жоғарғы жағынан
3 - ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан
немесе тармақталған аналықтың аузынан ( рыльце )
тұрады
9.
• Дәрілік, тағамдық, басқа да мақсаттарғақолданылатын құртқашаш тұқымдастар
бар. Халық құртқашашты кейде
«жыланқияқ» деп те атайды. Құртқашаш
– Қазақстанда кездесетін көпжылдық
шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы –
германдық құртқашаш. Сабағының
биіктігі – 1 м. Гүлдің формуласы: *Гс 6 А
3 Ж 1. Жемісі – үш ұялы үлкен
қауашақ.Құртқашашты көктемде немесе
жажда тамырсабағынан көбейтіп өсіруге
болады. Тамырсабағы медицинада
қақырық түсіретін дәрі ретінде
қолданылады. Қазақстанда
құртқашаштардың 21 түрі бар.
10.
Лалагүлдер тұқымдасы• Бұл тұқымдаста 470-тей түр бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық
флорасында кездеседі. Оқтын-оқтьн құрғақшылық болып тұратын
субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық емес
елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын
жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалгүлділердің
тигізетін әсері орасан зор. Өмірлік формалары ағаштар
(тропикалық елдерде), лианалар және жартылай лианалар,
негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер Бейімдеушілік
процесінің эволюциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті
органдары үшыраған. Олар баданаларға (луковицы),
тамырсабаққа,түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне
(выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары өдетте аздыкөпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып
келеді. Жапьфақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі
қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, акгиноморфты,
қосжынысты, 3-өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді). Гинецейі
ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс
жапырақшаларынан түрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша
(қауашақ) немесе жидек больш келеді. Дәнінің эңдосперімі
болады.
11.
12.
Лалагүл туысы• Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарыңда
өсетін 80—100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі (БОРдың европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда)
кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін
өсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе
жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары,
сирен түсті немесе таза ақ). Ақ лалагүлдің (лилия белая —
Ь.сапсіісшт) шыққан жері (отаны) Кавказ. Бірағайынды лалагүлдщ
(л.однобратственная) гүлдерінің түсі сары болады. Король
лалагүлі (л. Королевская — Ь.ге§а1е ) сәңдік өсімдік. Қазіргі кезде
бүл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін
баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде
өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады.
Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын
глюкозидтер табылды. Бұйра лалагүл, (л. кудреватая, или
мартогон негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық
ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың
территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады
(Орта Азиядан басқа жерлерінде). Бұл түр табиғи жағдайда
кездесетін лалагүл туысының Қазақстаңдағы жалғыз өкілі.
13.
Қызғалдак туысы• Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қызғалдақтар Евразия мен
Солтүстік Африканың жазы қүрғақ, өрі ыстық болып келетін, ал
көктемде жөне күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылай-шөдді
және шөлейт аймақтарыңца кең таралған, сиректеу ормаңды
жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де жөне таулардың
барлық белдеулеріңде өседі, бірақ мәңгі мүз басқан биіктікте
сирек кездеседі. Қызғаддақтың баданасы 45 см тереңдікте, кейде
одаңда тереңдеу жатады. Баданасының сырты пленка тәрізді
жылтыр болып келеді. Гүлдері үлкен, қанық боялған, өр өсімдікте
біреуден болады. Өте сөнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың
территориясында 60-тай түрі бар, олардың көпшілігі Орта Азияда
өседі. Қазақстанда қызғаддақтьщ 32 түрі бар, оның біреуі (Регел
қызғалдағы -тюльпан Регеля) жойылуға жақын түр ретінде, 6-уы
сирек кездесетін түрлер ретінде Қазақстанньщ қызыл кітабына
енген (Борщев қызғалдағы, Корольков қызғаддағы, Леман
қызғалдағы, Островский қызғалдағы, әртүрлі күлтелі қызғалдағы,
Шренк қызғалдағы).
• Қызғалдақты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде
қызғалдақтың 800-дей сорттары белгілі.
14.
Бидай медицинада маңызы• Медицина мен косметологияда бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан
жасалған экстрактісі күйікке қарсы , жаралар мен ойық жаралардың
жазылуын тездететін әдіс - амал ретінде қолданылады. Бидайдың
бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстракт фибробластарға әсер
етеді , грануляция процесінің активациясында , жарақаттардың
жазылуында басты рөл ойнайды . Бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан
жасалған экстракт әсерінен фибробластар көбеюі ( митоз қарқыны
жоғарылайды ) және олардың зақымданған жерге енуі жоғарылайды ,
орнитиндекарбоксилаза активтілігі және фосфолипид - инозит гидролизі
жоғарылайды , коллагенді талшықтардың , гликозаминогликандардың
босап шығуы және синтезделуге қабілеті жоғарылайды және ол
жарақаттардың жазылуында ең маңызды орын алады . Косметологияда
бидайдың бүршіктелген тұқымдарынан жасалған экстрактінің жасартатын
қасиетін қолданады . Оның құрамында антиоксидантты қасиеті бар селен
мен каротиноидтардың болуынан бидайдың бүршіктенген тұқымдары бос
радикалдар әрекетіне кедергі жасайды . Соның нәтижесінде , бидайдың
бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстракт қан тамырларды
қатайтып , қартаю процестері мен ісіктердің да болуын алдын алады
15.
• Бидай майыдан алынған майды суық сығу әдісі арқылыалуға болады. Бидай ұрықтары - витаминдер, биологиялық
белсенді заттар, минералдар және басқа да қоректік
заттардың қоймасы. Бидай құрамында A, B, F, мырыш,
темір, селен, фосфолипидтер, гликолипидтер және т.б.
дәрумендер бар. Бидай ұрықтары жас теріні сақтауға және
ұзартуға көмектеседі, қан тазартады, жасушалы
жасушаларды өсіруге көмектеседі және капилляр
қабырғаларын нығайтады. . Осы қасиеттердің арқасында
косметология мен медицинада бидайдың ұрық майын
қолдану кеңінен таралған. Бидай дәндерінен алынған май,
қабыну процестерін жоюға, денеден және терілерден
зиянды заттар мен токсиндерді кетіреді. Күнделікті майды
қолмен, бетті және денеңіздің терісіне күтім жасау
ұсынылады.
• Бидай майы тазартқыш, антицеллюлит, қабынуға қарсы,
жарақатты емдейді. Ол метаболизмді ынталандырады,
теріні жақсартады және тіпті ересектерде де теріні
жасартады.
• Тамырлық және жүрек ауруларын емдеуде CNS, бидай
ұрықтары майы тағамдық қоспалар ретінде пайдаланылуы
мүмкін. Дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина семіздікті,
аллергияны, анемияны, бедеулікті, импотенцияны емдеуде
мұнай қолдануды ұсынады.
16.
Шаруашылықта маңызы• Мал мен құстардың тағамдық рационына бидай дәндері және оны
ұсақтаудан қалған қалдық өнімдер кіретін болса , олар жақсы
өседі және дамиды . Бидай сабаны күйіс қайыратын жануарларға
қатты тағам ретінде беріле алады , сонымен бірге ірі қара мал
өсіруде кеңінен қолданылады . Жас өскіндер кез келген үй
жануарларына жем - тамақ бола алады , ал жасыл піспеген бидай
пішен шөп немесе сүрлем шөп ретінде пайдаланылады . Ауыл
шаруашылығы жүйелерінде бидай топырақ эрозиясын
төмендететін және арамшөптер дамуын азайтатын , бұршақ
тұқымдастар мен шөптерге ілеспе жабынды дақыл ретінде
қолданылады . Бидай дәндерінің өндірістік қолдануы : крахмал
алу , паста жасау , спирт , майлар , глютен алу . Сабан газет
қағаздарын , қатты қағаз , буып - түю материалдарын және өнер
бұйымдарын жасауда қолданылады . Бидай масақтары
флористикада композицияларға және бумаларға әртүрлі реңк
беру үшін пайдаланылады . Сонымен қатар бидай масақтарын
және сабақтарын өрімдерінен әртүрлі ойыншықтар мен әшекей
бұйымдар жасалады .
17.
Пайданған әдебиеттер• 1.Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер
анатомиясы мен морфологиясы.
• 2. Әметов Ә.Ә. Ботаника.
• 3. Мұсақұлов Т. Ботаника.