Similar presentations:
Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері
1.
Жазғы демалыстағыжалпы қауіпсіздік
ережелері
Тексерген: Байтекеева А.А
Орындаған: Мұқажан Мақпал
421-топ
2.
1. Жалпы ережелер1.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) өтініші бойынша жазғы кезеңде
балаларды күндізгі уақытта қабылдайтын мектеп жанындағы
лагерь құрылады.
1.2. Лагерь қызметі мекеме Жарғысымен, білім алушылардың
тәртіп Ережесімен, осы Ережемен регламенттенеді.
2. Қызметтің мазмұны және ұйымдастырылуы
2.1.Мектеп жанындағы лагерь мекеме бойынша бұйрық негізінде
ашылады және 1-4 сынып оқушыларынан толымдалады.
2.2. Лагерьде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер,
техника қауіпсіздік ережесі қатал сақталады.
2.3. Лагерь жұмыс мазмұнының жоспары демократия және
гуманизм қағидалары, дербестік және ынтаны дамыту, салауатты
өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылады.
2.4. Лагерьде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
еңбек тәрбиесі, спорт- сауықтыру жұмысын жүзеге асыру үшін
жағдай жасалады.
2.5. Лагерь ұжымы өз бетімен күн тәртібін және қызмет
бағдарламасын белгілейді.
3.
3. Кадрлармен қамтамасыз ету3.1. Мекеменің бұйрығы бойынша мекеменің
педагогикалық қызметкерлер арасынан лагерь бастығы,
оның орынбасары, тәрбиешілер, музыка
жетекшісі, спорт-сауықтыру жұмысының жетекшісі
тағайындалады.
3.2. Лагерь бастығы лагерь жұмысын басқарады,
балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті
алады, құжаттарды жүргізеді.
3.3. Лагерь бастығының орынбасары тәрбие жұмысын
ұйымдастырады, спорт және мәдени-ағартушылық
мекемелермен байланысты жүзеге асырыды.
3.4. Тәрбиешілер, музыка қызметкері және спортсауықтыру жетекшісі лагерь жоспары бойынша тәрбие
жұмысын жүзеге асырады, іс-шаралар өткізеді, күн
тәртібін, тәртіп қауіпсіздік ережесі, өрт қауіпсіздік
ережелері сақталуын қадағалайды.
4.
4. Балалардың өмірі және денсаулығын қорғау4.1. Лагерь бастығына, тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне,
спорт-сауықтыру жұмысы бойынша жетекшіге балалардың
лагерьде болған уақыттағы өмірі мен денсаулығына
жауапкершілік жүктеледі.
4.2. Лагерьде қызмет жасайтын педагогикалық қызметкерлер
және балалар тәртіпті, күн тәртібін, тәрбие жұмысының
жоспарын, техника қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздік
ережелерін қатал түрде сақтаулары қажет.
4.3. Лагерь бастығы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар
қызметкерлерге, ал тәрбиешілер – балаларға өткізеді,
нұсқаудан өткендер қол қояды.
4.4. Тамақтану нормалары негізінде тамақтануды
ұйымдастырады. Лагерьдің жұмыс істеу уақытына, мекеме
директорымен бекітілген тамақтану сапасының
жауапкершілігі сарапшы комиссиясына жүктеледі.
4.5. Саяхаттар мен экскурсиялар білім беру мекеменің
директорының сәйкес нұсқауы негізінде
ұйымдастырылады.
5.
Жазда судағы қауіпсіздік ережесі.Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге
суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана
суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға
барарда мына ережелерді ескерген жөн:
- Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен
матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;
- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе
жеңдікпен жіберіңіз;
- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын
ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да,
тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз;
- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын
бақылаңыз;
- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін
арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.
6.
Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесіЕгер отбасыңызбен табиғатқа (орман, саябақ)
шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:
- Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді.
Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ
киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып
қойыңыз;
- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен
жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз.
Олар улы болуы мүмкін;
- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас
үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін
айтыңыз;
- Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған
жөн.
7.
Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелеріҚауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе
қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:
- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім
кигізу керек;
- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;
- Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен
көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы
түсіндіріп айтыңыз;
- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде,
әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек
адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.
8.
Назарларыңызғарақмет!