Similar presentations:
Құрылыс жүктерінің және тасымалдау құралдарының түрлері
1. ҚҰРЫЛЫС ЖҮКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Құрылыс жүктерінің жәнетасымалдау құралдарының түрлері
1
2.
Заманауи құрылыс жүктердіңқомақты көлемін үлкен
арақашықтыққа тасымалдаумен
тығыз байланысты. Мысалы, 1 м3
өндірістік нысанды құрастыру үшін
орташа есеппен 0,15 т жүктерді
тасымалдау керек;
азаматтық құрылыста 1 м3 нысанға
0,4 т тасымалданатын жүк келеді.
2
3.
Жүк ағыны деп уақыт бірлігіндегікөліктік жолдың белгілі бір бөлігі
бойынша тоннада алынған жүктерді
тасымалдаудың қарқындылығын
айтамыз.
Тасымалдау арақашықтығында әрбір
жүк бойынша жүк ағындарының
қосындысы жалпы тоннакилометражді құрайды.
3
4.
Физикалық сипаттамалар бойыншақұрылыс жүктерін келесі топтарға бөлу
қабылданған :
төгілме (қиыршық тас, грунттар);
ұнтақтектес (цемент, гипс);
қамыртектес-иленген (бетонды қоспа,
лай);
ұсақ даралы (кірпіш, тығыздайтын тас);
даралы (блоктар, тақталар);
4
5.
ауыр салмақты (қомақты массалыэлементтер, ауыр құрылғылар);
ұзын өлшемді (темірбетонды және болат
бағаналар, фермалар, құбырлар);
үлкен көлемді (блок-бөлмелер,
контейнерлер);
сұйық (бензин, майлар).
Әрбір жүк түріне өзіндік тасымалдау
құралдары тән.
5
6.
Көлік рельсті және рельссіз,көлденең және тік, сыртқы, ішкі
және нысанды бола алады.
6
7.
Жүктерді тасымалдау үшін құрылыстакөліктің келесі түрлерін қолданады :
автомобильді – кеңінен таралған
( тасымалдаудың 85 % дейін);
ауыр жүктерді тасымалдау үшін, әсіресе
жол болмаған жағдайда тракторлы;
сыртқы (барлық тасымалдаудың 10 %
дейін) және аз жағдайда – ішкі аудандық
тасымалдауларға арналған темір жол ;
7
8.
ауыр жүкті ұшақтар, тікұшақтар немесеарнайы көліктік дирижабльдер көмегімен
жүктерді қол жетімсіз аудандарға
жеткізуге арналған әуе көлігі;
өзендер мен тоғандар бойымен жеткізу
немесе баржаларға тіркеу арқылы
жүктерді тасымалдауға арналған су көлігі;
құрылыс жүктерді ішкі құрылыс пен
нысанды орын ауыстырулар үшін арнайы
көлік түрлері (құбыр арналар, арқан
жолдар, конвейерлер және т.б.).
8
9.
Құрылыс алаңы жағдайында жүктердің тікорын ауыстырулары негізінен монтажды
кран мен жүк көтергіштермен жүзеге
асырылады.
Соңғыларды қондыру қажеттілігі құрылыс
жүктерін қабатқа терезелік және басқа да
саңылаулар арқылы жеткізу керек кездегі
әрлеу жұмыстары кезеңінде әсіресе
артады.
9
10.
Кейбір жағдайларда көліктік үдерістердітехнологиялық үдерістермен біріктіруге
болады, мысалы
автобетонараластырғышта бетон қоспаны
дайындау мен оны тасымалдау
үдерістерлері біріктіріледі.
Құрылыс үдерістерін орындау кезінде
көліктік-технологиялық құралдарды
қолдану – заманауи құрылыс өндірісінің
ерекшеліктерінің бірі.
10
11.
Құрылыс саласындағыавтомобиль көлігі және
автожолдар
11
12.
Басқа көлік түрлеріне қарағандаавтомобиль көлігінің келесідей
артықшылықтары бар :
тиеу-түсіру жұмыстарына салыстырмалы
түрде үлкен емес қаржы салу мен
қомақты емес шығындардың болуы,
жүктерді керекті кезекті сақтай отырып
қолдану орындарына жылдам жеткізу
мүмкіндігі.
12
13.
Әсіресе автомобиль көлігініңартықшылықтары жүктерді 20 км
дейін арақашықтыққа тасымалдау
кезінде анық байқалады.
Дәл осы фактімен құрылыс
саласындағы автомобильді
тасымалдаулар жетекші рөл
атқаратыны анықталады.
13
14.
Жолдардың келесі түрлері анықталады :1) жетілдірілген капиталды (цементті- және
асфальтобетонды, қара қиыршықты, жұмыр
тасты);
2) жетілдірілген жеңілдетілген (қиыршықты,
гравийлі, тұтқыр материалмен нығайтылған
негізде қондырылатын грунтты-асфальтті);
3) өтпелі типті (жиналған, грунтты қиыршықты,
тұтқыр материалмен нығайтылған грунтты);
4) төмен типті (қиыршықты немесе гравиймен
нығайтылған грунтты).
14
15.
Кірме жолдар мен ішкі құрылған жолдарнөлдік цикл жұмыстарының алдында,
тігінен жобалау мен инженерлі
коммуникацияларды (су құбыоы, жылу
құбыры және т.б.) салудан кейін салынуы
керек.
Ұсақ салынған желілер: электрикалық
және телефон кабельдері және т.б. оған
ерекшеленуі мүмкін.
15
16.
Ішкі құрылған жолдар сақина сызбасыменнемесе шектеулі жағдайларда өтпелі
жолмен құрастырылады.
Сақиналмаған және тұйық бөліктерде
бекетті (разъездная) және бұрылыс
алаңдары қарастырылуы керек. Дәл
сондай бекеттер (разъезд) материал мен
конструкциялар түсіру орындарында
ұйымдастырылуы қажет.
16
17.
Ішкі құрылған жолдардың сызбасы :1 – сақиналық; 2 - өтпелі; 3 - тупикті;
4 – жолды кеңейту; 5 - бұрылыс
17
18.
Құрылыста автокөліктасымалдауларының екі әдісін
қолданады – маятникті және әрліберлі (челночный).
18
19.
Маятник әдісімен тасымалдау кезінде тиеужәне түсіру орындарында тіркеме
тартқыштармен(тягач) бірге бос тұрып
қалатын бөлшектері ағытылмайтын
автомобильдер қолданылады.
Маятник әдісі объект маңайында
қоймалардың бар болуы немесе бірдей
конструктивті элементтерден тұратын
ғимараттардың жаппай құрылысы кезінде
оңтайлы бола алады.
19
20.
Әрлі-берлі (челночный) әдісіндетіркеме тартқыш (тягач) тиелген
тіркемені түсіруге қалдырады және
қайтадан тиелгендер үшін қайтып
оралады, яғни тіркеме саны құрылыс
индустриясының кәсіпорындары және
құрылыс объектілер арасындағы
арақашықтыққа байланычты.
20
21.
Әрлі-берлі (челночный) әдісіобъектке материалдар мен
конструкцияларды уақытты
үнемдеумен жеткезуге мүмкіндік
береді, себебі тиеу-түсіру кезінде
тіркеме тартқыш (тягач) бос тұруы
болдырылмайды.
Көлік құралын тіркеп-ағыту
маневрлеріне уақытты жұмсау аса
үлкен емес өлшемге ие.
21
22.
Темір жол көлігі22
23.
Темір жол көлігі ірі өндірістік объектілер жәнегидротехникалық ғимараттар құрылысында,
құрылыс индустриясының кәсіпорындарында
және құм, шиыршық тас және т.б. өңдіруге
арналған карьерлерде қолданылады.
Темір жол көлігін жүкті жеткізу арақашықтығы
200 км-ден асатын кезде қолдану экономикалық
тиімді.
Жүкті тасымалдау арақашықтығының төмендеуі
құрылыс өнімдерінің өзіндік құнының өсуіне
әкеледі.
23
24.
Темір жолдар жалпы желі жәнеқұрылыс, нормальды колеялы - 1524
мм және тар колеялы - 750 мм
болып жіктеледі.
24
25.
Темір жолдар төменгі құрылым (жержамылғысы, көпірлер, құбырлар)
және жоғарғы құрылымнан
(балластты қабат, шпалдар,
рельстер) тұрады.
25
26.
Тракторлы, су және әуе көлігі26
27.
Құрылыстағы көліктік тасымалдауүшін жеке сүйреу құрылғысы ретінде
де, трейлерлермен,
топырақтасығышпен және басқа да
тіркемемен жиынтық ретінде де
шынжырлы да, доңғалақты да
тракторлар қолданылады.
27
28.
Тас жолдар бойымен тасымалдау кезіндеартық жылдамдықты және артық
мобильді жол бетін бұзбайтын
доңғалақты тракторлар таңдау басым.
Ауыр жағдайларда және дайындалмаған
грунтты жолдар бойымен тасымалдау
кезінде грунтпен ілінісуі және жол
өтімділігі жоғары шынжырлы табанды
трактор қолданған ұтымды.
28
29.
Тракторлардың негізгі артықшылығытүрлі машиналар мен механизмдерді
тасымалдау үшін қолдануға болады.
29
30.
Құрылыс конструкцияларынқұрылыс өндірісінің
кәсіпорындарынан(темірбетонды
өнімдердің зауыттары, ағаш
өңдейтін комбинаттар мен т.б.)
құрылыс алаңдарына жеткізу
кезінде үш тіркемесі бар доңғалақты
тартқыш жұмысының сұлбасы кең
қолданыс тапты.
30
31.
Су көлігі көліктік, жүк, қызметтікқосымша және техникалық болаалады.
Оны су ауданы бойынша үлкен
арақашықтыққа жүктерді
тасымалдау үшін қолданылады.
31
32.
Бұл көлік түрімен минералдықұрылыс жүктері (құм, қиыршық тас)және орман материалдары әсіресе
көп мөлшерде тасымалданады.
32
33.
Баржада тас, құм, гравий жәнебасқа да карьерлі материалдармен
қоса кей кезде темірбетонды, ағаш
жіне басқа да құрылыс
конструкцияларды тасымалданады.
Ірі конструкциялар жиналған түрде
понтондарда тасымалдана алады.
33
34.
Ауа бойынша тасымалдау қымбат тұрады,осыдан әуе көлігі басқа көлік түрлерімен
бәсекеге түсе алмайды.
Бірақ ол жүктерді басқа көлік түрлері қол
жетпейтін жерлерге жеткізу кезінде
қолданылады.
Жүк тік ұшақтар, ұшақтар және
дирижабльдер қолданады, бұл әсіресе
мемлекеттің қиын жететін
аймақтарындағы электр желісі, газ және
мұнай құбырларының құрылысы кезінде
ұтымды.
34
35.
Ішкі құрастырылған арнайыкөлік
35
36.
Ішкі құрастырылған көліктергеленталы конвейерлер, арқанды
жолдар, кабель-крандары және
құбыр жолдары жатады.
36
37.
Ленталы конвейерлер топырақ, құм,қиыршық тас, бетон қоспа, кей
жағдайда ұсақ даралы материалдар
– кірпіш, тас және т.б. жүктерді
тасымалдау үшін қолданады.
37
38.
Ленталы транспортерлер ені 300 ...1300 мм. болатын екі барабанды
қамтитын: бірі мотордан айналатын
және лентаны қозғалысқа келтіретін
жетекті, екіншісі серіппелі құрылғы
немесе асқан жүк арқылы лентаның
керілуін тудыратын керілгіш
-резеңкеленген немесе болатты
шексіз лента ретінде ұсынылған.
38
39.
Көліктің арнайы түрлерінің жұмысының сұлбасы:а - ленталы конвейерлер; б – арқанды жолдар; в39
- кабель-крандары; г – құбыр жолдар
40.
Конвейерлі жүйе көптеген жекелегенбөлшектерден тұра алады және ұзындығы
бірнеше километрге жете алады.
Осылай,құм мен саз өңдеуге арналған
роторлы карьерлі экскаватор қажеттілік
туындаса қосымша бөлшектермен
ұзартылатын 3 км ұзындықтағы
конвейермен жабдықталады.
40