Иә немесе Жоқ
§24. ИСПАНИЯ СОҒЫСАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ
371.50K
Category: historyhistory

Испания соғысаралық кезеңде

1. Иә немесе Жоқ

1. Италия өздеріне уәде етілген аумақтарды толығымен
иеленді.
2. Фашистік топтардың кейінірек олардың партиясының
негізін құрушы Бенито Муссолини болды.
3. Италия одақтас мемлекеттерге экономикалық және
саяси тәуелді болған жоқ.
4. Италия фашизм орнаған алғашқы мемлекет болды.
5. Италия Екінші дүниежүзілік соғысқа Германия
жағында болған жоқ.

2. §24. ИСПАНИЯ СОҒЫСАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ

3.

Жоспар
1.Испанияның Бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жағдайы.
2. Буржуазиялық-демократиялық революция.
3. Халықтық майданның жеңісі
4. Азамат соғысы және фашистік басқыншылық.
5. Ф.Франко диктатурасының орнауы.

4.

Испания Еуропадағы даму жағынан артта
қалған мемлекеттердің бірі болды.
Испан-Америка
соғысында
жеңіліс
тапқаннан кейін, бүл мемлекет үлкен
дағдарысқа үшырады. Бүрынғы күшті
испан монархиясының дәурені өтті. Жер
дауы мен үлттық мәселелердің шешілмеуі
дағдарысты шиеленістірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Испания бейтарап
ұстанымда болды. Соғыс Испанияның тауарларына
сұранысты көбейтіп, сәйкесінше бұл ел экономикасын
көтеруге ықпал етті. Бірақ ол ұзаққа бармады. Соғыстың аяқталуы экономикалық дағдарыска соқтырып,
испан қоғамының мәселелері шиеленісіп кетті.

5.

1921 жылдың жазында Испанияда үлкен дағдарыс
басталды. Бұл дағдарыс испан әскерлерінің Мороккада
Риф Республикасының бүлік шығарушы тайпаларынан
тапқан жеңілісінен кейін туындады. Басқарушы партия
мен патша халықтың сенімінен айырылды. Бұл жағдайда
мемлекеттік төңкерісті жасауға ешкім кедергі бола
алмады. Төңкерісті 1923 жылы 13 қыркүйекте генерал
Мигель Примо де Ривера жасады.
Примо де Ривера үкіметті алмастырған әскери диктатураны (хунта)
орнатты, кортестерді (парламенті) таратты, төтенше жағдайды
енгізді, конституцияның әрекетін тоқтатты. Жер-жерде билік әскери
губернаторларға берілді. Диктатура өз мақсатын Испанияны
«жаңарту» деп жариялады. Бірақ бұл жаңарту Италия үлгісі
бойынша қоғамның фашистенуіне әкеп соқты. Аймақ халқын
күштеп испандандыру жүргізілді. Сыртқы саясатта «Ұлы Испания»
құру бағыты қолға алынды.

6.

1930 жылы 28 қантарда Примо де
Ривера отставкаға кетуге мәжбүр
болды.
Елде
жаппай
республиканы қалпына келтіру
қозғалыстары жүрді. 1930 жылы
12 желтоқсанда монархияны
құлатуға арналған сәтсіз әрекет
жасалып,
бүлікшілер
тұтқындалды.
Сұрақ ?
Примо де Ривера Испанияны қалай
өзгертті?

7.

Сұрақ?
Буржуазиялық – демократиялық революция
дегенімізді қалай түсінесіңдер?

8.

1931 жылы 12 сәуірде Испанияда республиканы
жақтаушылар жеңіске жеткен сайлау өтті. 14 сәуірде
XIII Альфонс патша елден қашып, сол күні Испания
республика болып жарияланды. Бұл бейбіт
демократиялық революция болды. Билік уақытша
А.Самораға өтті.
Жаңа биліктің алдында:
•елде аграрлық реформа өткізу (себебі жер
иеленушілерге 67 пайыз жер тиесілі еді);
•ұлттық мәселелерді шешу;
•жұмысқа жарамды түрғындардың 40 пайызын
қамтыған жұмыссыздықты жою мәселелері тұрады.

9.

испандық
каталондық
Бұл уақытта Испанияда төрт
ұлт дамыды
басктік
галисийлік

10.

А.Самора президент болып сайланды. Жаңа
демократиялық Конституция қабылданды.
Дін мемлекеттен бөлініп, монахтық діни
ордендер жойылды. Каталония автономия
алды. Аграрлық реформаның өткізілетіндігі:
жер иелерінен жерді сатып алып, қарапайым
халыққа үлестірілетіндігі жарияланды.
Бірақ
Бірақ үкіметтің реформаларды өткізудегі батылсыздығы,
қарапайым халыққа зор ықпал етуші католиктік
шіркеудің билікке араласуы 1933 жылғы сайлауда оң жақ
блоктың жеңісіне әкеп соқты. Олар реформа жүргізуді
тоқтатты. Басктерге автономияны қамтамасыз етуден бас
тартты. Қарсыластарға үкімет әскери күш қолданды.

11.

1934 жылы үкіметтің саясатына қарсы жаппай
халықтық наразылықтар туды. Каталония өз
тәуелсіздігін жариялады, Астурияда қарулы көтеріліс
болды. Сол жақ күштердің бірлігінің жоқтығы бұл
наразылықтарды басып тастауға әкеп соқты.
1933 жылы Хосе Антонио Примо де
Ривера Испандық фаланга партиясын
құрды
(испандық
фашистер).
Ол
республиканы жоюды, билігі күшті
унитарлық мемлекет құруды, католиктік
шіркеудің құқықтарын кеңейтуді ұсынды.

12.

Қорытынды
Жеңілісті мойындамаған сол жақ күштер 1936 жылы
біршама
реформалық
бағдарламаларын
үсынған
«Халықтық майдан» құрды:
•Саяси түтқындарға кешірім
• демократиялық қүқық пен бостандық,
•Каталонияның автономиясын қамтамасыз ету,
•табысты көбейту, салықты азайту
•аграрлық реформа жүргізу қарастырылды.
Бағдарлама 1936 жылы ақпан айында қолдау тауып,
Халықтық майдан билікке келді.

13.

Ойланыңдар!
Испанияда Халықтық майданды
құруға не себеп болды?

14.

Азамат соғысы дегеніміз не?
Көтеріліс 1936 жылы 17 шілдеде Мароккода басталды.
Келесі күні соғыс Испанияның басқа да аймақтарына
таралған. Көтерілісшілерге испан әскерлерінің 80
пайызы жақтасты. Нәтижесінде 20 мың офицерден
республиканы жақтаушы 500 офицер қалды, бірақ
авиация мен флот республиканы жақтаушылар
қатарында қалды. Елде азамат соғысы басталды.

15.

• Анықтаңдар!
Ірі мемлекеттер Испаниядағы азамат соғысына
қатысты қандай ұстанымда болды?
27 мемлекет арасында Испанияның мәселесіне
араласпау туралы келісімге қол қойылды. Бірақ Италия
мен Германия бүл келісімді орындамай, франкистерге
қару-жарақ тасымалдады. 1936 жылы КСРО келісімді
сақтамайтынын, республикалықтарды әскери кеңесшілер мен қару-жарақпен қамтамасыз ететінін
мәлімдеді.Республиканы қорғау мақсатында Испанияга
фашизмге қарсы күресуге 35 мыңнан 42 мыңга дейін
адам келген. Бүлардан интернационалдық бригадалар
құрылды.

16.

Испанияда
болган
азаматтық
соғысқа араласпау саясаты уақыт
өте келе фашистік диктаторлардьщ
еуропалық континентте нығаюына
әкеп соқты.

17.

1938 жылы сәуірде франкистердің әскерилері
Каталонияны республиканың аймагынан бөліп
тастады. Республикалық әскердің 1938 жылгы шілде
айындагы қоршауды бұзуга деген әрекеттері сәтсіз
аяқталды. 1939 жылы Каталония басып алынды.
Республикалықтардың
бақылауындагы
аймақ
Франциядан оқшау қалды.
Республикалықтардың
бақылауындағы
аймақтарга франкистік әскерилер кірді. 1939
жылы наурыздан бастап 1975 жылга дейін
Испанияда генерал Ф.Франконың диктатурасы
орнатылды.

18.

Франкистер өз қарсыластарына қүғын-сүргін жүргізді.
1939- 1944 жылдары 200 мың адамға өлім жазасы
тағайындалды, 270 мың адам түрмеге жабылды, 300
мың адам отанын тастап кетуге мәжбүр болды.
Соғыс Испанияға оңайга соқпады:
•1 млн адам қаза болды
•500 мың тұрғыны отанын тастап кетті
•ел күйреп қалды.

19.

Кері байланыс
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс Испанияның дамуына
қандай ықпал етті?
2.М.Примо де Ривераның диктатурасына анықтама
беріңдер.
3.Испаниядағы Халықтық майдан бағдарламасын
бағалаңдар.
4. Азаматтык соғыс кезінде майдандағы жағдай қалай
дамыды?

20.

Үй тапсырмасы
Сандар сөйлейді
1921 жыл –
1923 жылы 13 қыркүйек1929-1933 жылдары1933 жылы1936 жылы1939 жылы наурыздан бастап 1975 жылга дейін1939- 1944 жылдары-
English     Русский Rules