Similar presentations:
Алматы қаласы
1. Алматы қаласы
АЛМАТЫҚ АЛАСЫ
www.ZHARAR.com
2. Алматы қаласы туралы мәлімет
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Алматы - Қазақстанның ең
үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань
тауларының солтүстігінде, Іле
Алатауының баурайында,
Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында
орналасқан. Алматыда 1 552
349 адам тұрады (2015) [ 2 ] .
Алматының ЖІӨ 2010
жылы 18.8 млрд АҚШ
долларын, ал жан басына
шаққанда 19 мың АҚШ
долларын құрап
Қазақстанның ЖІӨ бестен бір
бөлігін өндіреді.
www.ZHARAR.com
3.
www.ZHARAR.com4.
Алматы қаласы – мәдениет және қаржы орталығыАлматы - әлемдегі сұлу қалалардың бірі. Ол өте көрікті Тянь-Шань
тауларының баурайында орналасқан. Алматының жасыл желегі, түзу
көшелері, қазіргі заманғы аса сәулетті ғимараттары, гүлді алаңдары,
сарқырап аққан бұлақтары, өзендері, көлдері, орманды таулары оны
таңғажайып көркейтеді.
Алматы – ірі мәдениет және қаржы орталығы. Қалада көптеген
университеттер, академиялар, колледждер, кітапханалар, театрлар, түрлі
демалыс парктері, спорт кешендері, қонақ үйлер бар.
Алматы қаласының мәдени өмірі бай. Онда опера және балет, драма,
қуыршақ театрлары, көптеген кинотеатрлар бар. Әдебиет, музыка,
көркемсурет, сәулет өнері, кино, дизайн өнерлері жақсы дамыған. Мұнда
әлемдік фестивальдар, конкурстар, конференциялар, көрмелер
ұйымдастырылады, олар өнердің дамуына ықпал етеді.
Алматы қаласындағы осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған
мәдени орындар кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Республика алаңы,
Тәуелсіздік монументі, Абай ескерткіші, Республика сарайы, Студенттер
сарайы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, Неке сарайы, Президент
резиденциясы, Халық аспаптар мұражайы және т.б. әсем ғимараттар бар.
www.ZHARAR.com