Similar presentations:
Ядролық күштер
1. Ядролық күштер.
2. Ядролық күштер
Ядродағы нуклондардың өте үлкен байланыс энергиясыныңболуы нуклондар арасында ұдайы өте интенсивті өзара
әсерлесудің бар екендігін көрсетеді. Бұл өзара әсерлесудің
сипаты тартылыс болып табылады. Протондар арасында өте
күшті кулондық тебілу күші болғанына қарамастан,
тартылыс күші нуклондарды бір-бірінен ~10-13 см қашықтықта
ұстап тұрады. Нуклондар арасындағы осындай ядролық өзара
әсерлесулерді күшті өзара әсерлесулер деп атайды.
3. Ядролық күштердің айрықша белгілеріне
Ядролық күштер қысқа әсерлесушілер болып табылады.Олардың әсерлесу радиусының реті 10-13 см, Осы 10-13 смден аз қашықтықта нуклондардың бір-біріне тартылуы
тебілуге ауысады.
Күшті өзара әсерлесу нуклондардың зарядтарынан
тәуелсіз. Протондар мен протондардың, протондар мен
нейтрондардың, ең соңында нейтрондар мен
нейтрондардың арасында әсер ететін ядролық күштердің
шамалары бірдей. Ядролық күштердің мұндай қасиетін
зарядтан тәуелсіздігі деп атайды.
4.
Ядролық күштер нуклондардың спиндерініңөзара бағытталуынан да тәуелді, мысал үшін,
егер нейтрон мен протонның спиндері бір-біріне
параллель болса, онда екеуі бірігіп, сутегінің
ауыр ядросы дейтеронды түзеді
5.
Ядролық күштер орталықтанған (центрлік)емес. Оларды нуклондардың орталықтарын
(центрлерін) қосатын түзудің бойымен
бағытталған деп көзге елестетудің еш
мүмкіндігі жоқ. Ядролық күштердің
орталықтық еместігі бұл күштердің нуклондар
спиндерінің бағдарлауынан тәуелді болуынан
келіп шығады.
6.
Ядролық күштердің қанығу қасиеті де бар (бұлядродағы әрбір нуклон шектелген нуклондар санымен
әсерлеседі деген мағынада). Қанығудың байқалуы
ядрода нуклондар саны өскенде, нуклондардың
байланыс энергиясының өзгеріссіз өспей тұрақты
болып қалуынан. Сонымен қатар ядролық күштердің
қанығуының болуының тағы бір себебі, ядроның
көлемінің оны құрайтын нуклондар санына
пропорционалдығы.
7. Ядролық реакциялар
Атом ядроларының элементар бөлшектермен немесе бірбірімен өзара әсерлесуі кезінде болатын өзгерістер ядролықреакциялар деп аталады
Ядролық реакцияны алғаш рет 1919 жылы Э. Резерфорд
жүргізді. Ол азот атомнының ядросы альфа-бөлшектермен
атқылау нәтижесінде өттегі изотобы мен протонды мына
реакция бойыша алды
Энергияның сақталу заңына сәйкес ядроның реакция
процесінде кинетикалық энергияның өзгеруі реакция
қабысқан ядролар мен бөлшектердің тыныштық
энергиясының өзгерісіне тең. Егер ядролар мен
бөлшектердің реакцияға қатысқаннан кейінгі кинетикалық
энергиясы реакцияға қатысқанға дейінгі энергиядан көп
болса, онда энергия бөлінеді де, реакция экзотермиялық
болады, кері жағдайда энергия жұтылады да, реакция
эндотермиялық деп аталады.