1.53M
Category: philosophyphilosophy

Қәзіргі кемел кісі ілімі

1.

0
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
1

2.

Қобдабай
Қабдыразақұлы
Кемел кісі ілімі
ҚАРАҒАНДЫ
2
2020

3.

Көшпенділердің
педагогикалық мұрасын зерттеу орталығы
Пікір жазғандар:
Б.Бор(академик)
М.Қаусылғазы ( д-р.проф.)
Ж.Шекен (канд.фил.наук)
Жауапты редактор Д.Л.Нурпейісова (пед.магистрі)
Қобдабай
Қабдыразақұлы
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
ТӨГС ХҮНИЙ ТУХАЙ СУРГААЛ
Белгілі ғалым Қ.Қобдабайдың бұл кітабы кемел адам туралы ілімнің
қазақ топырағында қалай дамып,бүгіндері қайтып салтанат құрып
отырғандығын және оның заманауи кемел адавм қалыптастыру бағытын
көрсеткен танымдық еңбек. (Жұмыстың алғашқы нұсқасы Монголия
Педагогикалық
Ғылыми Зерттеу
Институтында орындалған.
Толықтырылып, өңделіп қайта ұсынылып отыр.)Адам тәрбиесімен
айналысатын барша жұртқа арналған ғылыми әдебиет. (редактор)
Дереккөздер:
1. Кемел кісі ілімі Ұланбатыр
2007
2.Кемел кісі ілімі referatikz.ru›kemel_kisi
3. Кемел кісі ілімі infourok.ru›prezentaciya4.Кісі қалыптастыру қазақ жолы - collegy.ucoz.ru›Каталог статей›9-1-0-24720
5.EduLife.kz - Кемел кісі ілім і bagut.nio.kz›document/kemel-ks-lm
6.Кемел кісі ілімі -kznews.kz›bilim/kemel-kisi-ilimi/
7. Кісі қалыптастыру қазақ ілімі — bilimger.kz›кісі-қалаптастыру-қазақ-амалы/
8. Адамның кемелдену жолдары lektsii.org›5-77438.html
9. Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі massaget.kz›Блогтар›23160
10. Текті тұлға тәрбиелеу жолы — ADISTEME.KZ
11. Текті тұлға тәрбиелеу теориясының мәні | bilimainasy.kz
12. Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі - aqiqat.kazgazeta.kz›?p=8874
13. Текті жан Тәңір сыйы, Кісі-тәрбие жеңісі » sabaqtar.kz›bayandama/16631
Толықтырулар автордың осы еңбектері негізінде жасалды.Баспаға дайындаған Күннур Қайрат.
Бұл еңбектің электрондық нұсқасын мына жерден тегін
алыңыз.
+7 708 128 64 12 E-mail:[email protected]:
[email protected]:[email protected]
3
3

4.

КЕМЕЛДІК ІЛІМ
1.1§.Текті тұлға тәрбиелеу теориясының мәні
Зерттеуші ғалымдардың (М.Әуезов,Қ.Мұқамедханов, М.Мырзахметов)
пікіріне сүйенсек Абай атамыздың «Толық адам» ілімі мына екі
жағдайға байланысты туындаған көрінеді.
Бірінші.Абай дана өмірінің соңғы кезеңі –отарлаушы Орыс
хандығының қазақ даласына толық иелігін орнатып,өз қалауына сай
қоғамдық құрылысын реформалап, басқару жүйесін «басы -байлы
момақан құлға» толыққанды үстемдік жүргізуге
әбден ыңғайлап
үлгерген шағы сәйкес келеді. Екінші.Қазақтың аты тұрғой затын толық
өзгертіп,мінезін бұзып,рухын мұқалтып, намысын таптап қана қоймай
ішкен асын,киген киімін,ата-баба кәсібіне дейін жаңалауды мақсат
етіп,оны жүзеге асыра бастаған мерзімі болатын.Міне осының бәрін өз
көзімен көріп,жанымен ұғып таныған дананың көкірегі мұңға, көзі
шерге толып,толғану,тебірену, мұңаю, зарлану тәрізді жан қиналысынан
туған, жүрекжарды даналық шешім болып «Толық адм» ілімі өмірге
келген.Бұл ілімнің негізгі мұраты-қараңғы,надан ел-жұртын, жаны
жарлы,ақылы азайған жас ұрпағын,жан сарайы дертке шалдыққан
қауымды қалай құтқарудың жолын көрсетіп бағыт бағдарын беру
болатын.Абай дана бұл ілімнің өзегін орнықтырып, формуласын
қорытқанымен толық тиянақтай алмады. Алайда, дананың даңқты
шәкірттері, ізбасарлары ол ілімді дамытып ғылыми өресін биіктетіп,тұғырын мықтап бекітіп, аяулы жұртына асыл мұра етіп
табыстағаны баршаға аян. Бұл ілім жерден шыққан жоқ,аспаннан түскен
жоқ,ғайыптан пайда болған жоқ.Оның өмірге келуіне қажетті алғы
шарттар мен тірек болар тәрбиелеу ілімі Қазақ педагогикасында бұрын
да болған.Ал, дана атамыздың осы тектес батыс-шығыс күллі ілімдерін
оқып біліп,танысып көріп, сараптап қорытып,өз танымымымен талғам
шанағында қайта жаңғырту нәтижесінде туған ілім еді.Бүгінгі біздің өмір
сүріп отырған дәуірімізде-қазақтың қоғамдық құрылыс-құбылысында,
салт-санасында, мінез бітісінде қаншалықты өзгеріс болып жатыр?
Келешекте қалай болатынымызды елестете аламыз ба?Бұл турасында
жазып, зерттеп,саралап жатқан ғалым-ғұламалар,ойшыл-даналар, ақылман-білгірлер, тәубә делік, баршылық.Барлығы да, өзгерген, дамыған,
өскен, өркен жайған, таңқаларлық табысқа жеткен.Абай дәуірінде
4

5.

тіршілік еткен,текті де, есті бір қазақ, зәудеғалам ол дүниеден бұл
дүниеге келе қалса, біздің қазақ екенімізді танымайтын халге
жетіппіз!Енді таяу он-жиырма жылда,кешегі өмірден өткен аталарымыздың аруағы, бүгінгі ұрпағын қаншама жебеп, демеп күнделікті
«араласып» біліп жүрсе де, танымай қалатын түрі бар.Өзгергенімізде
өлшем жоқтың бір белгісі осы болар. Сонда, кешегі қазақ танымайтындай, біздің неміз өзгеріпті?Ең әуелі,ауыз екі сөйлеу тіліміз өзгергендіктен, тәрбиеміз түбірлі өзгеріске ұшыраған. Кәзіргі біздің сөйлеу
ырғақ мәнерімізде, әр өлкелік диалект, шет-жұрттық(орыс,қытай, араб,
монғол, түрік т.б.)сөз -сөйлем, тіркес тым көбейіп кеткен.Бұл тіліміздің
байығанын көрсететін бір өлшем болумен қатар,тіл шұбарлығын
танытар көрсеткіш.Ортамызда қазақ бола тұрып, қазақша сөйлей
алмайтынымыз тағы бар.Педагогика классигі атанған К.Д.Ушинскийдің
мына бір сөзі бар еді:«ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер
болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны
оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”[21;22]
Тәлімгеріміз шұбарланған соң тәрбиеміз де шұбарланбай қалай
қалсын!Ол-олма адам тәрбиесі «еркіндік» алып, жалпы ұлттық сипатынан айырылып қалған.Шұбарлану бүгінгі қазақтың тілінде ғана
емес,ішкен-жеген асында да,киген киімінде де,сырт пішін тұрқында
да,керек десеңіз аман-сәлемінде де бар. Балалардан бастап, әйелдерге
дейін,ерлерден тартып қарттарға дейін алашұбар киім-киеді,қызкеліншектер:сары,күлгін басты,басы -көзін көкала етіп бояйтын
болды.Ұлдар терісіне-етіне оймыштап жазу жазатынды шығарды.
Амандасса еріндерін түйістіріп, иіскейтін,жаласатынды шығарды.
Өздеріне ұнаған соң басқаның шаруасы не?Мен де, әйтеу, өзгерістерді
атаған болмаса оларға билік айтпақ ой жоқ.Мөнке бидің айтқаны рас
болды «..Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,Ит пен мысықтай
ырылдасқан,Еркек пен қатының болады.Кер заманның кезінде Ертеңіне
сенбейтін күнің болады, Бетіңнен ала түсетін інің болады.Алашұбар
тілің болады Дүдәмалдау дінің болады.Еркегің қазаншы болады, Әйелің
базаршы болады.Ішінде шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың
болады,Ақыл айтсаң ауырып қалатын, Бедірей деген қызың болады».Ассуымыз да шұбарала. Ән-жырымыз да шұбарала.Мінез-құлқымыз да
алабөтен. Бұрындары естіп білмеген хаиуани құлықтар, ұятты қылықтар,
арсыз амалдар, азғындық,жауыздық әрекеттер қаумалап тұр... Жағдай
осылай бола тұра,ұлтымыздың, ұрпағымыздың тәрбиесінің келешегіне
алаңдап, толғанып,Абай атамыздай іргелі ілім тудырмасақ та,қалыптасқан тәрбиелеу қазақ ілімін қолданысқа мықтап енгізе алмадық.
5

6.

Тұрмысқа түптеп тұрақтандырмадық.Тиіп қашып,үзіп жалап,артықкемді керектенген болып келеміз.Сол іргелі ілімге жетер,оны өмірімізге
тиянақ болдырып, толық қолдану үшін де баспалдақ қажет екендігіне
көз жетті. Сондықтан: «Текті тұлға тәрбиелеу теориясын» ұсынып
отырмын. Тектілік-адам бойындағы асыл қасиеттердің, өнердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық беретін
қабылет ретінде танылған, кең мағыналы ұғым.Бұл ұғым генетика,
родология, нумерелогия ғылымдырында кеңірек қолданылады.Біз бұл
жерде тектілік ұғымын қазақ танымы аясында, генетикалық мәніне
сүйеніп қолданамыз. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ
қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік
түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Нағыз тектілік ұрпақтың
ақыл-парасатынан,мінез-құлқынан, адами қасиетінен аңғарылып тұрады.Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына,
хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан
екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді.Демек, тектілік
дегеніміз-қасиетті ұғым.Тектілік ұрпаққа ата-бабадан дарып,ана сүтімен,
әке тәрбиесімен бойға қонып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе
кемелдене түседі. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды
өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіре де салады.
«Сол тексіз немені қойшы» деп кей жаннан үмітін үзетіні де бар.Бұл
теория үшін тектілік ұғымы неге қажет болды?Бүгінгі жас ұрпақтың
әлеміне,олардың әлеуметтік қатпарына зер салып көрсеңіз:А).Көзі
жәудіреген,мұң мен зардың табы сыртқа анық қөрініп тұратын атаананың аялы алақаны,жүрек мейірім жылуына зәру біршамалы ұрпақ
біздің қоғамда өсіп келеді.Оларды тастанды, не тұлдыр жетімдер деп
атайтын адамдар да бар. Иә,олардың зәрүлігі шындық, жетімдігі де
рас.Олай болса оларды адам ретінде бағалап, қолдап қорғап,сыйлап
құрметтеудің сыртында,олардың ата-бабаларынан ұласқан өнердің,
ақыл-парасаттың,ерекше қасиеттің бар екеніне сеніп, тектіліктің көзін
ашып,бақытқа жетелеп жеткізу кез-келген тәрбиеші ұстаздың парызы,
ересектердің азаматтық міндеті, мемлекеттің борышы.Ә)Көңілінде
үрей,көкірегінде шер,есінде зомбылық ұялаған, әке-шешеден тірідей
алшақтаған тірі жетімдер де әжептәуір пайыз иеленеді.Олардың әкешешесі,ішімдікке салынған, нашақорлыққа берілген,ауыр-жұқпалы дертке шалдыққан, қылмысқа ұрынған ұрпағын тәрбиелей алмайты н халге
келген.Әке-шешесі осындай болғанымен олардың жеті атасынан
жалғасқан дерт дербез,жаман әдет-дағды жоқ, болған да емес!.Бұл
6

7.

балалардың да жеті атасынан бері ұласқан тектілігі жоқ деп ешкім де
айта алмас.Сондықтан,олардың тектілігінің көзін текті тұлға болдырып
тәрбиелеу арқылы ашу керек.Екінші жағынан әке-шешесінің ауырусырқауы, жаман әтет-дағдысы тұқымқуалаушылық жолмен жалғасып
кетуіне тосқауыл қою керек. Бұлдағы тектілік тұлға қалыптастырудың
бір амалы.Біздің әке,ата- бабамыздың басынан кешкен, аштық, соғыс,
құрбандық, қуғын-сүргін, тентіреп хабар ошарсыз безіп кету сияқты
зорлық зобалан,нәубат қатарлының бүгінгі ұрпақ бойынан аз да
болса,өздері ол жайында ештеме білмесе де,көрініс беруі үлкен ойға
қалтырады.Тектік тәрбиенің қажеттілігін еріксіз мойындатады.Б).Әкешешенің қолында тұрып,тәрбиесінде жүргенімен, олардың уысынан
шығып бара жатқан,ана тілін толық меңгермеген,ұлттық әдеп-ғүрыпта шаруасы жоқ «еркін» тәрбиеленген, шылым-араққа жуық,адал мен
арамды онша талғай қойматын жас өспірімдер тобы тағы бар. Бұларға
ең әуелі ата-бабалары иманды,жомарт,текті адам болғандығын түсіндіріп,ұлттық намыс,ата-тектік мақтаныш сезімін ояту ең дұрыс жол
болмақ.Қазақ ұлтында тек мәселесі сүйекке сіңген ұғым. Баланы жай
ғана осы өзінде бар артықшылықтарға үйірсек етуді мақсат тұтамыз.
Неге? Мысалы, репрессия мен ашаршылық, соғыс пен атом бомбасының
зардаптары секілді зұлматтар сол кезеңдегі ұрпақтың басын жұтып қана
қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген ұрпақтарға да зардабын тигізіп
отыр. Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз басында туындаған көптеген аурулардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл
мен дінді ұмыту себептерін, рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің
себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де
ойланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы
барлық қиыншылықтар мен қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа
айналып келіп соғуда.Егер сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан
болса, сізде дәл сол 18 бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия
болады. Сіздің қолыңызға қару ұстағыңыз келеді. Адамдарға деген
кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі
тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешкендігі. Тек
мәдениетін білу, дұрыс түсіну сізге тамырды сезінуді, кез келген
мәселені түп-төркінінен қарастыруды үйретеді. Ал тегін жоғалтқан
әулеттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл- нақты статистикалық
дерек. Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі, яғни отбасынан
ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының айдауға кеткен
жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім келеді. Өйткені ол
оның түпкі себебін түсінбейді.Түсінсе, ол соған қарсы, яғни қандағы
7

8.

қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа дейін емес, бірнеше ұрпаққа
дейін, мұны саналы түрде тоқтатқанға дейін жалғаса береді. Әулеттегі
бір ер адамның кетуі, басқа да сол әулеттің ер адамдарының кетуіне алып
келіп соғады. Яғни «Кетуге бейімділік моделі» қалыптасады. Сол
кезеңде ер адамдар айдауға я болмаса соғысқа кеткен болса, бүгінгі
жағдайда ұрпақтың отбасынан кетуіне, белгілі бір істі тастап кетуіне,
туысқандардан кетуіне итермелейді. Тіпті, нашақорлық пен ішімдікке,
қылмысқа итермелейді.Әйтеуір бір қалыпты нормадан кетуі керек
болады. Атасы 45 жасында өмірден өтсе,45 жас немересі үшін сынамалы
кезең. Бұл немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста
немере басында белгілі бір қиындықтар туады. Қазақтарда «мүшел жас»
деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай туған
жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиындықтар тудырады. Ал өз тегінің арғыбергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды жетік білген
адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді.Е-е-е! балаларым.Мен әкем
жасынан астым, енді атам жасына жететін шығармын!» деген,ата
сөзінде үлкен мән бар.В).Әке-шешенің қолында өсіп келеді.Алайда әкешешесі де,өзі де ана тілінде сөйлей алмайды.Бұл балада қандай кінә
бар?.Тілі басқа тілде(орыс,қытай,неміс,ағылшын) шыққаны рас болғанымен қазақшаға ниеті дұрыс.Шүлдірлесе де,былдырласа да тырмысып
жүр.Оларға не көмек бар,қандай мүмкіндік бар бәрін жаса.Ағайынтуыс,жолдас-құрбылары ең алдымен солар қол созу керек.Нағыз
тектілікті соларға таныту керек. Ал,дәл осындай санаттағы біраз
жеткіншектердің,әке-шешесі де қазақша білмейді, өзінің де қазақ-ша
сөйлеуге ниеті шамалы , баласын қазақша оқытып тәрбиелуді тым
қолдай қоймайтын әке-шешелі жеткіншектердің бір тобы өсіп
келеді.Оларға не дейміз. Біздің даңқты, дарынды, дана ғұламаларымыз
көп тілді үйреніп, тамаша табысқа жеткен. Сен де көптеген шет тілін
еселеп үйрене бер дейміз.Өз ұлтыңнан достарың, жолдастарың
құрбыластарың, андаларың көп болсын дегенді айтамыз .
Г).Әке-шеше,ата-әженің тәрбиесін көрген, өнерден өзіндік үлесін алуға
ұмтылып жүрген,ғылымның негізін ұғып түсіну амалын игерген,ана
тілін айтарлықтай меңгерген, шет тілінің екеу-үшеуін үйреніп талпынып
жүр.Жас өрендердің мұндай тобы желкілдеп өсіп келеді.Тіл-көз,сұққарғыстан алла сақтап, аруақ қолдасын..Бұларға тілерім; «Өркенің өссін,
өнерің үстем болсын құлынм!»Бірақ тапсырарым бар.Сенің текті-лігің
жұғысты боларына сеніп,В) тобындағы балалармен таныс,
достас,олардан шет тілін ұқ, оларға ана тілін ұқтыр, қалқам!.Менің
қолымнан олар үшін дәнеңе де келмеді.Тек саған ғана сенім арту қалып
8

9.

тұр-деп өтінер едім. Себебі, тәрбиелеу қазақ ілімінде «Өзімізді.өзіміз
тәрбиелейміз»-деген қағида бар.Осылай алғашқы сөздің мәнін ашқан
болдым. Ал,тұлға сөзіне келсек,қазақтың «кісі»» ұғымына мәндес, көп
айтылып,көп жазылып талданған ұғым.Оны қазбалауды осы жолы хош
көрмедік.Тәрбие мәңгілік,әрі тарихи ұғым. Тәрбиелеу-көне түріктік
игдірілген сөзінен туындаған,оны қазақ баулу деген ұғымда ұзақ уақыт
қолданған. (А.Байтұрсынов) М.Жұмабаев төрт түрлі тәрбие бар деп
атап,басқасын баулу деп алған.Осы күнде тәрбиенің түрі өте көп.Біз
мұнда адами қасиетке баулу мағынасында алған едік. «Теория сөзіне
тоқталайық. ҚР–ның Білім заңында оқытып тәрбиелеу ісі тек ғылыми
негізде жүрілетіндігі көрсетілген.Кәзіргі дәуірде диалектикалық
материализм,жауынгер атеизм негізінде талданған пайымдаулар ғылыми
білімге жатқызылады.Сондықтан біздің ұсынысымыз заң шеңберінде
болу үшін теория деп отырмыз. Және бір сөзді де,генетика,родология
ғылымдарынан асып қолданбадық.
1.2§А.Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі
Қазақ әр нәрсенің "арғы тегін", "шыққан тегін" білуге үлкен мән бергенді. Көшпелі үшін тұтас нәрсе-құдіретті күш, қастерлі құбылыс, құпиялы
тылсым дүние, әсерлі де әдемі әлем.Осыдан арғы текке дегенТәңірге,Ұмайға, Жер-Суға табынушылық (культтық өмір сүру), олардың
арақатынасына ритуалдық (ғұрыптық) рәсім-салттар қалыптасты.
Көшпелі жер кезіп, ел кезіп жүріп, бұрынғымен бүгінгінің бөгде мен
жаңаның кәрімен жастың, көргенмен ойдағының арақатынасын білуге
тәнті болған. Неге? Өйткені ол дүниені тұтас қабылдаған. Өмірге тура
жолды іздеген. Адам болмысында оның жан дүниесі мен рухының
ықпалын жоғары қойған. Адамның қабілет-қасиетін жетілдіруді ашық
арна ретінде қарастырған.Аруақ пен адам рухын тіршіліктің мәңгі,
лаулап тұрған қос қайнар көзіндей қабылдаған. Содан қазақ табиғатпен
әр түрлі үндестікте болды.Осыдан "қазақтың ата-тегінің болмыс
шындығына тікелей жақын болуы-олардың бақылайтын, қабылданатын,
дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы
уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесі, тіршілік етудің басқа да
жақтарын, болмыс мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін
тапты.Мұның бәрінің нақты өмірде нақты түп тамыры бар, осыдан келіп
басқа ешбір дүние түсінігімен шатыстыруға болмайтын дүниенің ұлттық
образы, дүниетанымы пайда болады ".(Т.Әбжанов,Ә.Нысанбаев,)
Ал,тектанудың пайда болуына,көне замандағы тайпа,топ,ата өз ішінен
тұрмыс құрып,оның соңы олардың ұрпақтарының ортасында неше түрлі
ауыру-сырқау,кем-кетік жандардың дүниеге келуі,тіптен кейбіреу9

10.

лерінің мүлдем құрып кетуге жетуі басты себеп болған.Тек- адамның түп
нәсілін, арғы атасын білдіретін тарихи ұғым.Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде «текті» сөзіне келесідей анықтамалар берілген: «1) шыққан
тегі бір, тұқымдас, тектес; 2) тегі, шыққан жері жақсы. Текті жер- үлгілі,
өнегелі ел, ауыл». Демек, қазақта тектің физиологиялық тұқым
жалғаудан бөлек, адам ұрпағының сапалық белгілерін айқындайтын
индикатор екендігін аңғаруға болады.Ежелден, ата-баба-ларымыз
тектіліктің деңгейлерін тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының
тектілігі, халықтың тектілігі деп ажыратқан.Ұлан-байтақ жерде туған
көшпелі қазақ текті халық:-мінезі кең, көреген, сезгіш, естігіш,ақылы
терең,күш қуаты мығым,рухы асқақ,намысы зор да өткір әрі басқаға
таптатып, мұқалтып,ұрлатып төменшіктеуді ешқашан қаламаған,еңсесі
биік жұрт.Текті ғылыми тұрғыда, тірі ағзалардағы тұқымқуалаушылық
пен өзгергіштік заңдылықтарын анықтайтын генетика ілімі зерттейді.
Тұқым қуалаушылық дегеніміз организмдердің келесі ұрпақтарында
ата-бабаларына ұқсас белгілердің сақталу қабілеті және осы қасиеттің
негізінде түрдің біртектілігінің сақталынуы болса, ал, өзгергіштікорганизмдердің өз аталық-аналықтарынан басқа, жаңа белгілерге немесе
қасиеттерге ие болу қабілеттілігі.Тектің әлеуеті генетикада тұқым
қуалаушылықты зерттеуде кеңінен қолданылады.Адамның бойындағы
түрлі белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалауын тегіне қарап анықтауға
болатынын ғылым ХХ ғасырда ғана байқады. Белгілердің тұқым
қуалаудағы әртүрлі типтері мен заңдылықтары анықталғаннан кейін,
ғалымдар адамның ата тегін мұқият зерттеудің артықшылықтарын
сезінді.Белгі ата-аналарында кездеспегенімен, ұрпақтарында көрінуі
әбден мүмкін екендігі дәлелденді Ресейде, тектану ғылымымен
айналысатын (родология) ғалымдардың айтуы бойынша, тіпті психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер, әдет-қылықтар, дүние-таным
мен ойлау жүйесі тұқым қуалау арқылы беріледі дегенді айтуда.
Ағылшын ғалымдары бақытты сезіну адамның тегінен берілетіндігін
зерттеп, нәтижесінде бақыттылық деңгейін адамның мінез-құлқы
анықтайды, ал, ол көп жағдайда тектен беріледі деген тұжырымға
келген.Тектану ұғымдары мен түйіндері, пайымдаулары, қорытындылары барлық ұлтта дерлік бар.Европада ол ғылыми жүйеге ерте
айналған.Ал, қазақ; тұқымында белгілі бір дарын иелері болса, ол қан
арқылы келесі ұрпаққа берілетінін ұзақ жылдар бойы бақылау,пайымдау
арқылы танып білген.Қазақ халқында әр дәуірде әрқили қарқынмен
дамып,адамтану қазақ ілімінің құрамдас бөлігі,айшықты бір саласы
болып келген. Сонымен қатар назардан тыс,ұмыт болуға шақ қалған кезі
10

11.

де болған .Сондығынан болар, іргелі,тіректі шоқтықты ғылым болып
қалыптаса алмай келеді. Алайда, қазақ жұрты, тектану амалын
тереңдетіп, жетілдіріп күні бүгінге дейін тіршілігінде дұрыс пайдаланумен келеді.Тұқым тектілігінің организмдік-биологиялық түбіртүйіні барын ХІV-XV ғасырларда өмір сүрген ғұлама, шипагер
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы дәлелдеген. «Адам заты, тіршілігі, тоғалығы,
мінсіз бітістігі әуелде ата-анада жаралмақ, одан туылған ұрпаққа
жалғаспақ…Алланың адам затын жаратқандағы берген ең зор бағы,
бақыты, дәулеті-тек қана мінсіз бітістік. Міне, бұл-тұлғалық, мүшелік
мінсіздік. Мінсіздікте, тұлғалық тоғалық ніл-қан. Мінсіздікте, тұлғалық
тоғалық ширама – арқау. Міне, бұлар – тұлғалық бітістік, мінсіздік
толықтық. Олайы, тұлғалық бітісте кемістік болмаса, арқандай
мүшелерінде сырқаттық зақым қалдырған зардап болмаса, науқастық
бейнет тартпаса, одан артық бақ қайдан болмақ. Сондықтан бұрынғылар:
Ауыз дәулет – мінсіз бітіс. Көз дәулет – жұптылық іс.Көз, мұрын дәулетмалдық толыс, – деп ғақлиялық тұжырыммен түйіндеген» (Ө.
Тілеуқабылұлы. Шипагерлік баян. Алматы, 1996.) Адамның бойындағы
түрлі белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалауын тегіне қарап анықтауға
болатынын-қазақтың ойшылдары мен ғұламалары, ақылмандары мен
адамтанушыары халықтың талай ғасырлық тәжірибесіне негіздей
отырып,тамаша тұжырым жасап, адамтанудың қарапйым ережелерін
өмірге келтірген . «Жақсыдан жаман ұл туар, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы ұл туар, адам айтса нанғысыз» деген даналықтың
ғылыми мәні тереңде жатыр «Жал құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр
салмаңыз.Қалың малы арзан деп,Жаман қатын алмаңыз.Жабыдан айғыр
салсаңыз, Жауға шабар ат тумас,Жаман қатын алсаңыз,Топқа кірер ұл
тумас.Жақсыдан жаман туса да,Жаманнан жақсы туса да, Тартпай
қоймас негізге!»-деп Бұқар жырау тектің әлеуметтің өміріне әсерін дәл
айта білген.Тілі жоқтың тегі жоқ, Тегі жоқтың елі жоқ.Тектен нәр алған
тозбайды. Көргені жақсы көш бастар Дөңгелектің шегі жоқ.Көргенсіздің
тегі жоқ Өлгенді қадірлемесең де, жәбірлеме. Тексізді төрге шығарма.
Көп беріп көргендініңдің қызын алсаң, Тік тұрып мейманыңа қызмет
етер.Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң, Қойныңа бір жатқанын міндет
етер,-деген көптеген мақалдар арқылы ата-бабаларымыз: тектілік ұлы
адамдық қасиет екенін өз перзенттеріне жан-жақты ұғындырып, басқа
бақ қонса таситын, бақ тайса жаситын тексіз адам болмауды ерекше
ескертіп отырған. ХV ғасырлардың өзінде тектілік тұлғалық феноменге
айналды, тұлғалық дәстүрдің негізі тектілікпен зерделеніп отырған:Бай
баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайға ұқсар. Би баласы биге
11

12.

ұқсар,Алты қанат үйге ұқсар.Хан баласы ханға ұқсар,Биік-биік шыңға
ұқсар.Құл баласы құлға ұқсар,Мал таптаған гүлге ұқсар.Ханның ұлы
қарауыл,Бидің ұлы шыңдауыл... Тектілік тек рухы, ата тектен қан
арқылы, тәрбие арқылы беріліп отыратын қасиет, сол қасиеттің
тұлғаның тарихи қызметі арқылы игілікке айналуы:Құбыладан жылы
жел есер,Арқадан суық жел есер.Анаға қарап қыз өсер,Атаға қарап ұл
өсер. Тоқтамыстың уағында Құлға билік тиген соң,Жесір қатын, жетім
ұл Қайтіп қана күн кешер?.. Дала ғұламасы Майқы би: «Тұлпардан
тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады,Асылдан асыл туады,Сараңнан
бермес туады,Соқырдан көрмес туады, Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады»– деген екен.ХV ғасырларда өмір сүрген
Қазтуған жыраудың толғауларынан да қазақы тектіліктің мәнін ұғына
аламыз:Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз, Қайран саланың жатқан аңғарыай,Ақ шалмалы пірлердің, Мешітке жаққан шамдары-ай!Менің бүйтіп
қозғалақтап жүргенім, Аузы түкті кәпірдің, Күшті болған салдарыай!Кәпірден теңдік алуға, Қайта келер деймісің.Мұсылманның баяғы,
Шыңғыстан туған хандары-ай?!Бұл қоныстан кетпесең,Мұны талақ
етпесең,Атаңа нәлет кәпірдің, Пайдасына қалмаса игі еді.Ноғайлы, қазақ
жұртымның, Кейінгі туған балдары-ай!Қазақ ұғымында тек-ата-бабадан
ұрпаққа берілетін физиологиялық-психологиялық белгі-ерекше қасиет.
Тектілік-осы қасиеттің ұрпақтан білінген көрінісі.Ал мұны дамытып,
тәрбиелеп жеріне жеткізу ата-ана,ұстаздардың басты міндеті.Текпен
берілетін қасиеттерге: өнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті
жатқызуға болады. Себебі, баланың бойындағы бұл қасиеттер әкешешеден бастау алады. Адамгершілік, азаматтық, қайраткерлік,
қолбасшылық, зиялылық, діншілдік,әділеттілік те адам бойына текпен
дарыса керек-ті. Тектілік-адам бойындағы асыл қасиеттердің,
парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді.
Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалып-таспайтынын, атабабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділікері
болуға тиістілігін көрсетеді.Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық
қасиет қана емемс.Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан,
мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей,
шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді.
Тұқым қуалау-шылық
қасиеттері: 1) сыртқы белгілері (денесі, шаштың түсі, т. б.)
2) жүйке жүйесінің ерекшеліктері, қан аурулары, ергежейлік, т.б. Адам
дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты
проблеманы -интеллектуалдық, арнайы және моралдық сапалардың
тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды. Адам әлеуметтік процесте ғана,
12

13.

яғни басқа адамдармен қарым-қатынас, өзара іс-әрекет барысында жеке
тұлға болып қалыптасады. Адамның дамуы күрделі процесс, оған табиғи
және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат
жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Әлеуметтік
орта - жеке тұлғаның дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік
қатынас, адамдар, олардың іс-әрекеттері. Сонымен бірге әлеуметтік орта
ұғымына қоғамдық құрылым, өндірістік қатынастар жүйесі, өмірдің
материалдық жағдайы, өндірістік және әлеуметтік процестердің жылжу
сипаты, т.б. енеді (алыс орта). Адамға жақын орта - оның отбасы,
туысқандары, достары. Адамның дамуында отбасы үлкен роль атқарады,
әсіресе адамгершілік және әлеуметтік сапалар балалық кезде қалыптасады.Тұлға -жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік,
психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және
қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның
әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және
белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды
әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.Тұлға философиялық
тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік,
ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады.
Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психофизиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам
мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы
қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе
болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр
қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу
нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым
саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын,
қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам
ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты
иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше
дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен
айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен
сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай
азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау
иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен,
имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар
тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір
13

14.

келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. Атақты грек
философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдынала
тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың
біртобы- преформистер.Преформизм-XVIII ғасырда биология саласында
үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен
белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында пайла болады, сондықтан
жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің
өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. Сондайақ,
Биохевризмдік,педагогиялық тұжырымдар, К.Дьюбайстің модальды
тұлғасы,тұлғаның интеракционды теориясы ( У.Майшел) т.б.бізге жат
емес. Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде
ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен
байланысты. Анықтауыш қасиеттер- жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.Жеке адам болу үшін
психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға
қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып,
жетілуін тұлға қалыптасу деп атайды.Тұлғаның қалыптасуы-күрделі,
ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді( тектік және табиғи т.б.),
мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және
жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу
кезеңіне жетеді.Адам болып дүниеге келгеннен кейін адамға тән
қасиеттер мен қабілеттерді игеріп қалыптастыру табиғи заңдылық.Бұл тәрбие ісі. Тәрбиелеуде,біз неге,баланың ата-бабадан ұласқан, ерекше
белгілерін ескеріп-елемейміз, оның көрініс белгілерін анықтап білуге
ұмтылмаймыз?Бұл бүгінгі дәуірде қолдан келмейтін, ұстаздарға,
тәрбиешілерге,тәлімгерлерге,ата-анаға басы артық,қажеті жоқ шаруа
ма? Ал, «ғылыми педагогикада» баланы жан-жақты тәрбиелегің келсе,
оны толық таны дейтіні тек теориялық қиял ғана ма? Егер бала
бойындағы текті сапалар мен дарын-қабылет ұшқындарын білсек, адами
қасиет негіздерін анықтай алсақ оны арықарай дамытып тәрбиелеуге,оқытып білім беруге анағұрлым жеңілдік болар еді. Генетикада
тұқым қуалаушы мінез-құлық, ақыл-ой пайымдылық, өнер-дарын
негіздері 75-80 пайыз аумағында болады дейді. Ал,қалғаны тәрбиелеу,
дамыту,толыстырудың үлесіне тиеді екен.Бүгінгі таңда ауырусырқау,дерт-дербез,ақыл-ойдың ауытқуы,сезімнің әлсіздігі, күш14

15.

қуаттың кемдігі,әр жаста білінетін оқыс мінез құлық, асқын-артық ісәрекеттердің текке қатысты екені анықталып, олардың тектік жолмен
таралып,жалғасын табу мүмкіндігіне тосқауыл қойылып жатқанын
бәрімізде естіп біліп, кейбіреуіміз көріп те жүрміз Осы ойлардың
негізінде текті тұлға тәрбиелеу теориясын ұсынған едік.Оның ғылыми
негізіне демеу боларлық зерттеуші шетелдік ғалымдар мен адамтану
қазақ ілімінде концепсиялар мен көзқарастар,ілімдік тұжырымдамалар
көп-ақ. Солардың қатарынан Э.Эриксонның эпигенетикалық даму
теориясы мен қазақтың балатану баспалдақтарын қатар қойып қысқаша
талдап көрелік.Тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен
теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде
қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын
бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар
қалыптасты, олар даму барысында тұлғаның жан жақты өзара
байланысқан өзгерулері деп орнықты .Осындай даму туралы осы
бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан
өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін
сатылардың генетикалық негізін анықтады.Э.Эриксон адам өз өмірінде
басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:1.Сенусенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)2.Ұялуға қарсы автономия (23 жас айналасы)3.Кінә сезіміне қарсы бастамашыл-дықтың көрінуі
(шамамен 4-6 жас аралығы)4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне
қарсы еңбексүйгіштік(7-12 дейін)5.Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).
6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және
интим (20 жас шамасы).7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңаұрпақты тәрбиелеу
қамқорлығы (30-60 жас аралығы).8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне
қанағаттану (60 жастан жоғары). Э.Эриксонның концепциясында
тұлғаның даму сатылары алмасу арқылы адамның ішкі әлемінде сапалы
өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістерден
өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа
сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму
негізінде пайда болады.Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек
жағымды сапаларды ғана емес кемшііктерді де меңгереді.Бір теорияда
әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру
мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек
тұлғаның екі даму шегін көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине
олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты
15

16.

көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық
дамуында көруге болады.Адамтану қазақ ілімінде текті жан –
толықсыған кісі болып тумайды.Кісі болып қалыптасу үшін дамудың
көптеген сатыларын басып,кезеңдерінен өтуі тиіс.Мысалы кіндігі түсе
бесікке салынып,мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса,
құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам
басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік
жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш
тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды.Бір жас аумағында- шарана, шақалақ, нәресте атаулары қоланылады.Бір мен екі аумағында ,қыз баланы
бөпе, ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп
жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен
атаулар өте көп. Шаранадан аяғын басып тік тұратын халге жетіп,сөйлей
алуы-бұл нақтылы Текті жан болғандығы.Текті жан болғанға дейінгі
шағы адамтану қазақ ілімінде «жанды бақа» аталады.Жанды бақадан
текті жанға өту кезеңі психологиядағы алғашқы «дағдарыс»-дамудың ең
үлкен белесі.Қазақ танымы бойнша бұл шақта қойылатын негізгі
талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді
келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде
маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың
ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге ие.
Анасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол,
айналасындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі
оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл
мақұрым қалған бала басқалармен тіл табысып, басы қосылып ойнауы
қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі». Үштен бес жас аралығында
балдырған(ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала(ұл), балақай(қыз),
3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек
бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы
жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы, қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты
атаулар. Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл –қозғалысындағы өзгерісті, жаңалықты айтады.Айталық. нәрестенің, кіндігі
түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы, күліп-жымиуы,аунай
алуы, талпынуы,құйрығын басуы, еңбектеуі,қаз тұруы-қадам басуы,
сөйлеуге икемделуі (гуілдеу,ызылдау сияқты сәбиге тән ерекше үндыбыс шығару),сөйлеуі,аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б.
Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлтымыз,оның даму
кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша мән беріп,ерекше
танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар
16

17.

өткізген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін,қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат
беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім,
көрсететін үлгі-өнеге,игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып,өте
орынды тәсілмен жүзеге асырылған.Міне осылардан бастап қарттық
жасқа дейінгі «Кісіні» қалыптастыру амал айласы-ғылыми негізі
тәрбиелеу қазақ ілімінде толық қаланған.айқын анықталған,көрнекі
көрсетілген.Дүние жүзіне танымал болған тұлға қалыптастыру озық
теория-эпигенетикалық іліммен иық тіресе алады.Мұнда көрсетілген
балалық шақтың сапалық өзгеру,дамыту,жетілдіру жолы сол теориялардан да терең екенін аңғарылып тұр емес пе? Біз бүгінгі таңда,олай
болса,Текті жанды-Кісі болдырып толығымен,сенімді түрде тәрбиелей
аламыз.
1.2§Ә.Текті жан-Тәңір сыйы,Кісі -тәрбие жемісі
Алла сөзін жеткізуші Інжіл (Библия) мен Құранда ерлі-зайыптылардың
қосылуынан бөлінген ұрық негізінде пайда болған ана жатырындағы бейнеге 40
күннен кейін жан салынатыны айтылса, ғылымда 42 күннен кейін нәрестенің түрлі
қимыл жасай бастайтыны дәлелденген. Енді оны қарапайым пендеге ұғынықты
етіп түсіндіру үшін, моторсыз машинаның дүрілдеп орнынан қозғала алмайтыны
тәрізді жансыз тәннің қимыл жасауға дәрменсіздігі ойға оралады. Сонда 40 күннен
кейін іште жатқан шаранаға періште жан салса, адам өлерінде сол салынған жанды
екінші бір періштенің көзге көрінбей келіп алатыны шығады. Жан алуға келген
Әзірейілді бәтін көзі бар, демек әдеттегі адамда жоқ, ерекшені көру қабілеті бар
әулиелер, немесе өлгелі жатқан адамның өзі ғана көре алады. Ендеше, өлгелі
жатқан адам: “Әне келді!” деп, біз көрмейтінге қол созса, біз оны: “Сандырақтап
жатыр” демеуіміз керек. Адам өлгелі жатқанда мысықтың үрейленіп мияулауы, сол
үйден кетуге асығып, есікке ұмтылуы, сыртта үйшігінде жатқан иттің ұлуы оларда
“бәтін” көз бар екенін, тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе
алмайтынын зерделеген жөн. “1917 жылға дейін қазақ халқының пәлен пайызы
ғана сауатты болған”-дегендерге айтарымыз: “Сауаттылық тек кітап оқи білумем
өлшенбейді” Оған дәлел, бұрынғы “оқымады” делінген қазақтың өзі біреуді “өлді”
деп айтпай, “қайтты” деуінің, кісі жерлеуге әйелдерді апармауының мәнісі: “Алла
өзі берген жанын өзі алдырды, демек жан Алладан келіп, қайта қайтты. Ал, бейіт
басына әйелдер барса, жылауы мүмкін, ол Алла ісіне қарсылық, өлген адамның сол
күнге дейінгі өмірін қанағат етпеу” дегенге тіреледі. Сондықтан да данышпан
Абай:«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.“Мені”
мен “менікінің” айрылғанын.“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Ақыл мен жан мен өзім, тән -менікі, “Мені” мен “менікінің” мағынасы-екі.“Мен” өлмекке тағдыр
жоқ әуел бастан, “Менікі” өлсе өлсін, оған бекі,-деді ғой.Бұдан шығатын түйін:
Алладан берілген жан, яғни “мен” дегені өлмейді, не жұмақта,не тозақта о дүниеде
мәңгі өмір сүреді(Қ.уандық Мәшһүр Жүсіп.)Абай адам болмысын:«Адам үғылы екі
нәрсеменен: бірі - тән,бірі-жан.Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы
17

18.

жибили(еріксіз тілек), қайсысы кәсіби(еңбекпен табылған нәрсе) - оны білмек
керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Азба,
көппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы - жибили. Ақыл,
ғылым - бұлар - кәсіби», - деп көрсетеді . Сондай-ақ , «...құдайтағала бұл ғаламды
ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа, бірінен бір пайда алатұғын
қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ақылды инсанды жаратыпты. Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі
хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан махшарда
сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып
жаратқан.» Мұнда жанның үш түрлі болатындығы, «адам жаны» олардың асқар
шыңы екендігі көрсетілген.Шәкәрім:«...ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды...» дейді.«Тіршілік туралы адам
арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан
жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір
бар.Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде
жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы
дейді.». ”Барлықтың (Шәкәрімше-дене) түп себебі-жаратушының білім, қүдірет
шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: Ғылым жолында бұл барлықтың ешнәрсесі
өздігімен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Сол себеп
жаратушы болады. Егер, сол себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім-оларда
қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес.
Егер қозғалыс (притяжение, отрицание) өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол
қозғалысқа да себеп керек”-деп қорытқан.Осығын негіздеп,ол,«үш анығын»
тұжырымдаған: Бірінші-мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші
жаратушы ие.Екіншісі-бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам
өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі -жанның
жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім
адамдарды осыған шақырған. ХІV-XV ғасырларда өмір сүрген ғұлама, шипагер
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы:«Адам заты, тіршілігі, тоғалығы, мінсіз бітістігі әуелде
ата-анада жаралмақ, одан туылған ұрпаққа жалғаспақ …Алланың адам затын
жаратқандағы берген ең зор бағы, бақыты, дәулеті-тек қана мінсіз бітістік. Міне,
бұл тұлғалық, мүшелік мінсіздік. Мінсіздікте, тұлғалық тоғалық ніл-қан,»– деп
ғақлиялық тұжырыммен түйіндеген.(Ө. Тілеуқабылұлы. Шипагерлік баян. Алматы,
1996.).Біздің тұжырымымыз: «Адамзаты-тән және жаннан тұрады.Тән аталық
және аналық ұрықтың ана бойындағы «бейіште» үйлесімді ұшырасуынан
түзіледі.Мұндай қабылетті Жаратушы,Адам Ата мен Хауа Анаға құдырет етіп,
ұрпақ таратып,өсіп-өну үшін жасап,нәсіп еткен.Ондай құдырет адамзат ұрпақтарының бәрінде бар.Ал,жан -ана жатырында үйлесім тауып,тұқым бейнелікшаранаға айналғаннан кейін періште арқылы берілген,Жаратушының нұрлысырлы сыйы.Ол өте асыл,әрі мәңгі. Қажетті шағында, періште арқылы Жаратушы,қайырып алады,шынайы бейіште сақталады.Жан-тәннің жүрегіне қонақтайды».Даму-жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмалы процесі.
Балада ататектен туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік
Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»). Баланың
18

19.

адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму
процесінде толысып жетіледі (бұрын қалыптасады деп келдік) Өйткені, оның өсіп
жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Біздің пайымдауымызша;тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық-рухани ұқсастығының белгісі, нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және
періште әкеліп салған жан арқылы беріледі.Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,
өң-түс,қимыл-әрекет,тіл,діл,дін, мінездік нышандар ұласады. Жаратушыдан жолданған жан арқылы ата-тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды. Біз осы
негізде өмірге келген жан иесін (аяғын басып тік тұрып,сөйлей алған шақтан)ТЕКТІ ЖАН деп отырмыз.Қан арқылы берілген тектілік негіздері осы шақта
ғылыми жолмен толық дәлелденген.Ататектен мінез нышандары берілетіндігін
Фараби бабамыз: «адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің
табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет .»десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады деп санап та көрсеткен: Джон
Локк(1632-1704)-тың:«... олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін
толық өзгертеміз деп есептемеуіміз керек,»- деген ескертуін де: естен шығарған
жоқпыз.Жан арқылы берілетін тектілік нышандары қаншама күрделі болғанымен,Алла тағалла өлшеп берген шанағынан аса алмасақ та,қазақтың даналары,
ойшыл ғұламалары,әлемдік ақыл-ой алыптарының тұжырымдары, зерттеуші
бүгінгі дәуір ғалымдарының теориялары мен ілімдері әжептіәуір жәрдем бере
алады.Сондықтан текті жанды-текті тұлға(кісі) болдырып қалыптастыру амалайласын,әдіс-тәсілін, педагогикалық-психологиялық шарттары мен талаптарын
айқындаған көзқарас жүйесін-текті тұлға тәрбиелеу теориясы деген едік. Текті
жан қалпынан Кісі тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал,
отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас
болып бойына сіңетін генетикалық өзгешеліктері, айтулы психикалық жүзеге асу
ерекшеліктері әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі,рухани күші оның өмір
сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани
мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға-(КІСІ) болып қалыптасуына атсалысып, тәрбиелеудің барлық
құралдары (жырлары, әпсаналары, ертегілері,ойын т.б.) арқылы нәресте шағынан
ұлттық тәрбиені(бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет,кішіге
қамқорлық сияқты
барлық адами қаситтерді) бойына сіңіріп отырған .
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп,
тәрбиелену негізінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан
әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей
тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол
тәжірибе кісінің (тұлғаның) ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін текті
жанның әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандыратындықтан әлеуметтену деп
аталады.Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогика, физология,
психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы
жанжақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Ғұлама ғалым
Х.Досмүхамедұлының өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу
жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді.
Оның педогогия саласында жүргізген зерттеулерінде: қазақ баласының шыр етіп
19

20.

жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдың
құшағында өтетіндігі, әдетте оның бірінші еститін үні-анасы айтқан бесік
жырының әуені талданып көрсетілген. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстыырғақтардың басты орынға шығуы- қазақтар өмірінің кез келген жағдайында өлең
шығарып, ән айтуы себеп болған. Х.Досмүхамедұлының осы орайдағы ой-пікірі
де,бізге демеу бола алады. Н.Құлжанова (1887-1934). мектепке дейінгі тәрбиенің
басты бағыттарын анықтап, қоршаған ортаның ықпал-әсерінен туындайтын
психологиялық өзгерістерді де кеңінен талқылаған ғалым. Сәбилердің кісілікке
жету жолында кездесетін кедергілерді,сол дәуірдегі қазақ өмірімен ұштастыра
отырып айқындап,оларды болдырмау жолын көрсеткен ақыл-кеңестерді сиғызған ,
ата-ана,тәрбиешілерге арналған отбасылық оқулық жазып қалдырған, тамаша
талант иесі,ұстаз ана.Мәселен, “ Ойын – оның шын тіршілігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады. Және бір мінезісөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып п
жүреді. Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз…Көрген нәрсесін
айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толық-тырады”…дей келіп үш пен жеті жастың
арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиологиялық және
психологиялық ерекше-ліктерді сөз етеді.Ол ересектер мен сәби, бөбектер
арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше көңіл бөледі: “ Балаға сусындай
керегінің бірі-сөйлеу.Түрлі білімнің түбірі, негізі- баланың сөйлеуі, білуге
құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін
қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”,- дей
келе, автор бала ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып
жататындығын ескертеді. Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат
аясында бағып-қағудың тиімділігін айтады. Ол осы пікірін әрмен қарай
жалғастыра келіп: “ Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын
еңбек ету, көңіл және дене тазалығының машықтары бала әдетіне кіріп, сіңіп
қалады, төңіректегінің бәріне еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік келеді”,деп автор ойын баласының мектеп жасына дейінгі бүкіл тыныс-тіршілігі оның
мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табылатын-дықтан осы кезеңдегі
тәлім-тәрбиеге
ерекше мұқият қараудың маңыздылығына тоқталады.Осы
құралыпты сәбилерді тәрбиелеу,балатану ой-пікірі сөз жоқ біз үшін тұғырылы
тірек бола алады.Міне осы қатарлы,қазақтың ұлық ұстаздарының педагогикалық
ой-пікірлері,сондай ақ, биохевризмдік, педагогиялық тұжырымдар, К.Дьюбайстің
модальды тұлғасы,тұлғаның интеракционды теориясы ( У.Майшел) Э.Эриксон
тұжырымдамасы т.б. ілімдер мен ғылымдар бізге жат болмауы керек. Сонда,
немене, материалистік педагогика шет қалғаны ма?Жоқ.Оныңда, тәрбие-леуге,
қатысты тамсандырған тамаша теориялары бар.Мысалы,жас өспірімдер мен жас
жеткіншектердің даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгешеліктері туралы
ілімдері мен білмдері , көшпелі тұрмыстан толық болмаса да,жедел отырықшылыққа айналған қазақ қоғамы үшін берері де.айтары да көп.Текті жан кім екені
анық болды.Бұл Жұмыр жерде,тексіз жан тағы бар ма?Болғанда қандай. Олардың
өмірге келуі ататектен берілетін сыбағаның салмағы төмен болуынан және
ұрықтың таза болмауынан болып отыр.Ұрық тазалығын сақтауда қазаққа жетер бір
де бір ұлт жоқ.Бұл нақтылы сынақтан өтіп,зерттелген тұжырым(Оңтүстік Кореяда.
20

21.

Сондығы шығар қазақ тектілігінң тәжірибесін зерттеушілер соңғы кезде көбейіп
барады).Ал,өзіміз үшін осы тәжірибені игеру және тексіз жанды мына алмағайып
заманда әкелмеуді мұрат тұтып,тексіз жанның тууына тосқауыл қою қажеттілігі
туғандықтан текті тұлға тәрбиелеу теориясын көтеріп отырмыз.Адам ұғылығы жан
мен тән дедік. Жұмыр басты пенденің Алланың берген ғұмырын бұл жалған
дүниеде белгілі мерзімде кісілік тірлік жасап,тектілік танытып, бақытқа кенеліп,
асқақ көңілмен, ажарлы бейнемен рухани нұрға бөленіп,шалқып өткізуге
міндетті.Алла оны итшілеп өмір кешіп,тексіздің тұңғиғына батып,өлімсіреп
мүсәпірлікпен ғұмыр кешсін деп жаратқан жоқ.Ол үшін қажетті барлық
мүмкіндікті,жағдаятты нәсіп етті. Тән мен жанды бағу үшін амал-айла керек,білім
мен білік,ақыл-парасат қажет. Ең әуелде тән мен жанға азық керек. Кісіге аштықтан
өлмеу үшін нәрлі ас-тағам керек,адамшылықтан азып кетпеу үшін нұрлы ақыл
керек.Текті тұлғаның тән азығы-ас-тағам,жан азығы-рух.Ас-тағамнан таршылық
көрсек арықтап жүдейміз, күш-қуатымыз кемиді.Сол сияқты ақыл-парасат,рухқуаттан таршылық көргендер арсызданып азады.Тіптен төрт аяқты хайуаннан
сорақы,оның құлқыны зораяды, нәпсісі қозады.Рухани ашаршылыққа ұшырағандардың жан сарайы ұзаққа құр тұра алмайды.Қасиетті орын бос болмайды
дегендейін рухсыз жанды міндетті түрде жын иеленеді. Жын адамның ақыл-ойын
күш қуатын жамандық жасауға пайдаланады.Яғни шайтандыққа ұрындырады.
Адамның бүгінгі күнгі қабылдаған тамағы ертеңгіге ас болмайды.Тәні сақталып
тұру үшін адам өмір бойы күн сайын тамақтанып отыруы керек.Бірақ,осыдан
болып тән-дене мәңгі сақталмайды.Ол қартаяды, тозады,ақыр соңында өледі,табыт
болып топыраққа айналады.Ал,жанның жөні бір басқа.Егер текті тұлға-КісіЖаратушы да,Жасаушы Құдыреті күшті Құдайдың Киелі Рухынан өмір
бойы үздіксіз нәр алып отырса,оның жаны жақсылықтың құрымас
қайнар көзіне айналады да үнемі жасарып,жаңарып отырады.Өкінішке
орай, жындар әлемі адам жанын жамандықпен құрсаулап ұстап тұрады.
Міне осы құрсаудан қалай құтыламыз?Текті жан денесі болдырып босап
кетпей,үнемі тың тұру үшін,оған ДЕНЕ тәрбиесі қажет.Жын соғып
Ақиқаттан адасып кетпеу үшін ЖАНҒА рухани тәрбие қажет.Анығырақ
айтқанда,тән мен жанға өздіріне Алладан лайықталған азығын беру
қажет.Күні бүгінге дейін тәнге лайықты тәрбиені шамамызша,жанжақты беріп,үйретіп ұқтырумен келеміз. Бұл іс-әрект- ғасырға таяу
уақытта материалистік педагогика мен психологияға оның алтын
заңдарына негізделіп жүргізілгендіктен тәрбиеде жасандылық пен
сыңаржақтыққа тап болып, «ғылыми педагогикамыздың» беделін түсіріп алдық. Ал,жан азығы болған рухани тәрбиеде мәдениетіміз бен
тіліміздің,діліміздің әлеуетін қаншама пайдалануға талпынсақ та,ұлттық
құндылықтарды толығымен кешенді пайдаланбағандықтан шамасы
жетпей қалды. Ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізге шекшие қарап,
менсімбейтін мінез тауып алдық.Олардың тәрбиелік әлеуетіне шек
келтіретінді шығардық.Рухани тәрбиенің алтын өзегі болған, жалпақ
21

22.

жұрттық сипат алған имандылықты дінге қатысты деп танып тәрбиелеу
әлемінен шығарып тастадық.Текті жанға ататектен қан арқылы және жан
арқылы берілген талант-дарын, сырлы сезім,мінез-құлық, тәрізді тектілік
нышанына сенбедік.Ол туралы қазақ халқында қалыптасқан, тұжырымдар мен түйіндерді мойындамадық.Шынтуайтқа келгенде, Қазақстанда,бүгінгі таңда, жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру жүйесі
де,оның ұстам бағыты да,ғылыми негізі де тығырыққа тіреліп,күйзеліске
тап болды. Міне,осы жағдайға шөкімдей болса да себі тиеме деп
«Т.Т.Т.Т» атты ұсынысты алдарыңызға тартқан едік.Текті тұлға-қазақ
ұғымында КІСІ делінеді.Мәселен, Т.Тәжібаев: “Жеке адам әлеуметтік
қатынастар мен саналы іс- әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның
мүшесі,өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі
кірген ересек кісі”-деген.Текті жанның кісі болу жолы, қалыптасу
сатылары мен кезеңдері тәрбиелеу қазақ ілімінде жан-жақты қарастырылған. Жаңа тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген
атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала
оңы мен солын, өзінің менің басқа, яғни басқа мендерден адамдардан
ажырата білуі тиіс.Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, аздыкөпті өмір тәжір-ибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен
дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады.
Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, керітартпа, бұзық,
жауыз. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық. пен
адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп
қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті,
адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады.
Оның жаман, жақсысы ,көргенді, көргенсізі т.б. түрлері болады
Кісіліктің басты белгілерінің бірі-ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа
баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай
айтылған.Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау,
намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық,ізеттілік, адамдық пен
шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік. Қазақ ұғымында, олардың
түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы
толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая алатын, сүйіп-жирене
білетін,көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі. Дәлірек айтқанда
қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам.
Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам
болар баланың,кісіменен ісі бар, адам болмас баланың,кісіменен несі
бар,-дегендегісі-осы кісі. Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде
22

23.

қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының
жақсылық көрінісі.Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды
армандау барлық
халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам
(қытай), үлгі кісі(үнді),тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар)
т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет, құрмет,жанашырлық пен
сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық. Қадыр
Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген
қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға
шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат
қасиет. Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын,
Кісілерді қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл,
қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-естікісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы :
«Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;Кiсiлiкке қайшы сөзге бас
шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;Кiсiлiк қасиеттi ақтау,
құдiреттi баптау» Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік»
ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын
құрметі, өзін-өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам-тағдыр
тәлкегіне түскен-мүсәпір. Кісіліктен бір арылып қалған сананың ендігі
жерде өз-өзіне келіп, толысуы екі талай іс. Адамдар басқаның көңілін
табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені,
«кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады
Кісі-кісілік қасиетімен анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық
ұстаздарының қай-қайсысы да саралап көрсеткен.Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық,ҰлыҰстаз:Кісілік-адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.
Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық
көрсеткіші,-деп көріп, кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді:
«тіл-адал сөйлеп, шындығын айту; әділет-әділдікті сақтау, ар-намысты
қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және қол кең
болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.»Ж.Баласағұни
адамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні,
негізі-кісілігімен ғана, Адам деген құрметке ие екендігін ашып
көрсетеді: «Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге адамдық ет
кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды.
Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің..Кісі ізгісіқайрымды кең кісі, Ел сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт
құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған кісілік.Елдіктің өзегі-білік,
23

24.

кілті-тіл,қадір-қасиеті-кісілік.Ғұламаның «кісіліктің» мәнін ашып
көрсету бойынша айтқан даналық тағылымдары тым терең,әрі құнды.
Текті жанды –Кісілікке жеткізу үшін-кісіліктің әліппесі ретінде
Ж.Баласағұни ілімі бағалануы тиіс. Адам баласының адамгер-шілік
қарым- қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл сезімдерге
жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние таластықты тудыруға, әдепті
бұзып, адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді қастерлемеуден туындайды Ж.Баласағұни
тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен шығарып, адамгершілік асыл
қасиет деңгейіне көтереді. Ол тектіліктің тұқым қуалау арқылы да
адамның бойына тарайтынын жоққа шығармайды. Оны мына ойпікірлері дәлелдейді: Елік ойын мәтелдеді, балады: «Текті ердің текті
ұрпағы қалады!»..Тегі жақсы болса, жақсы адам да Жақсыларды құрмет
тұтар әмәнда. Ғұламаның данышпандығы тектілікті тәрбие арқылы
қалыптастыруға болатын тұлғалық сапа ретінде анықтауы болып
табылады. Оның негізгі мәні-«әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей
білесің, бабаңды қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе
елеулі, халқыңа қалаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен
әдептілігі бар жан екендігіңді танытасың» деген ой-түйін: Текті атаның
баласы туыс іздейді, Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді. Асыл болса
кімнің ата-тегі егер, Одан елге пайда тиер, сене бер!. Тәрбиенің жетекші
роліне сүйене отырып,тек-адамдық қасиет, өйткені әрбір тұлғаның тегіАдам, сондықтан оны тұлғаның бойында қалыптастыруға болады деген
тұжырым жасайды: «Бектер сөзі тілді буып алмасын,Текті сөздің тек
әділін арнасын...Ізгі іс істесең-текті тірлік сүргенің, Жауыздығың-көрге
тірі кіргенің.»Текті жан-Тәңір сыйы,Кісі -тәрбиенің жемісі болма
1.2§Б.Текті жанның-Кісі болуы күрделі болса да, айқын.
Философияның көп мәселелерінің ішіндегі ең өзектілерінің бірі-адам
мәселесі болғандықтан мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан –
алуан анық тамалар жасалған. Солардың ішіндегі ең кеңтарағаны-«Homo
Spiens»-саналы адам, яғни ол-рухани пенде.Текті жанның бұдан несі
өзгеше,несі бөлекше? Текті жан дегеніміз саналы адамның қазақ
түсінігіне оңтайланған атауы ма?Немесе текті жан қашан,қандай сыны
арқылы Кісі болғандығы дәлелдене алады.Оның жетілу, қалыптасу
кезеңдері анықталып, сараланған ба?Текті жанның кісі болғанын қайтып
біліп,анықтап аңғара аламыз?Текті жанның дамып жетіліп,қалыптасу
кезеңін мұқият қадағалап,оның болмысының Кісі дәрежесіне
жеткендігін сынап,талғап,безбендейтін қазақтың амал-айласы болып па
24

25.

еді? Теория деген соң-ақ,осылай оқшау-өқшау,дара-дара күрделі сұрақтардың туындайтыны да заңды.Адам өз алдына неше түрлі мақсат
мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру
жолында ол басқа адамдармен саналуан саналы қарым-қатынасқа түседі.
Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен
шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар жоғарғы тіршілік иесі.
Философияда адамды таңғажайып тірі жан
(біздің текті жанымыз
осылай аталып келген) деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні,
оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық
мәселелер болып табылады. Адам феноменнің мәні мен қалыптасуын
түсіндіруде әр түрлі дүниетанымдық көзқарас орын алғаны белгілі.
Мысалы Көне Қытай және ежелгі грек философиясында «Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш», ежелгі Үнді философиясында «Адам бұл
мәңгі абсолютті рух », көне грек софистері «Адам барлық заттың өлшемі», Аристотель «Адам саяси жануар», орта ғасыр христиандық теологиясы «Адам Құдайдың бейнесі », Р.Декарт «Адам ойшыл жан»,Т. Гоббс
«Адам адамға қасқыр», Ж. Ламетри «Адам жанды машина», И.М. Кант
«Адам екі әлемге қатысты жан », Л. Фейербах « Адам адамға құдай »,
К.Линней «Адам рационалды жануар», Ф. Ницше «Адам уәде беруге
қабілетті жан ». Нәтижесінде адам қандай ортада өмір сүреді, бойына
қандай қабілеттер сіңіреді барлығы да тікелей қоғамдық көзқарасқа,
тәртіпке байланысты, яғни адам тек қоғам шеңберінде ғана өмір сүре
алады. Адамның алдыменен өз қадірін өзі тануы тектілік. Адамның
жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты мен өмір сүру
мақсаты бір, бір-бірімен тығыз байланысты. Қанағатшыл, турашыл,
сезімтал, түсінігі мол, талғамы биік, адамгершілігі зор, жақсыға жақын,
әлсізге көмегін есептемейтін адам -текті жаннан жетілген Кісі. "Кісілік"
ұғымын түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн жақсы
талдады. Жалпы алғанда Жаратушы берген ақылды даналықпен, көргенділікпен және мейірімділік, жанашырлық,адалдық, қарапайымдылық
секілді жақсы қасиеттермен ұштастыра білген адам ғана кісілікке жете
алады деуге болады.Кісі- қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге
өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары бар, жеке
моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық
сананы алып жүретін адам. Қазақтың "кісі" ұғымын қазіргі "тұлға"
сөзімен шендестіре ұғынуға болады. Ұлт өкілі-КІСІНІ өмірге дайындауда, қазақ халқы телегей теңіз ой-пікірлер мен ұғымдарды өмірге
әкеліп, асқар таудай айбынды да,асыл-көзқарастарды жинақтады, нелер
ілімдер мен ұстаным қағидаларын қалыптастырды.Амал нешік, оның
25

26.

бәрін, толыққанды түрде басшылық етіп, «Кісі» қалыптастыру барысында жүзеге асыру мүмкіндігі осы кезде болмай тұр.Егер текті жанға
аталған ілімдер мен ұстанымдарды пайдаланып, ықпал жасай алсақ Кісі
қалыптасып,оның бойына адами қасиеттер жұғысып,тектілік жүрегіне
қонар еді,кісілік қасиеті айқындалар еді. Тектілік пен кісіліктің түптамыры бір,тоғысар жері ортақ. Бұл Кісінің физиологиялық, генетикалық жағынан берік, ойлауы жағынан жүйрік, қабілетті, сезімтал болуы
қажет екенін аңғартады. Адамның мінсіз болмысын сақтау ол алдыменен
қан тазалығын сақтау. Анығырақ айтсақ, ұлт ұғымында тектілік- адам
қасиетінің қорғаны, адамның кісілік қасиетін сақтап отырудың амалы
ретінде белгіленген ұстаным үлгісі.Дін мен ата дәстүрдің тағылымынан
білім алған қазақ даналары адамды, ұлтты, ұрпақты қорғайтын тектіліктің қасиеті жөнінде мұра қалдырып отырған.Тектілік қазақ болмысының қазығы. Рух азығы – ақыл, ақылдың негізі бойдағы қасиеттің,
адамгершіліктің нығаюына ықпал ететін тектілік. Тектілікпен келген
білім адамды сақтайды, қандай қыйындыққа кезіксе де адамның ақылдан таймайтын күші тектілікте.Адамның алдыменен өз қадірін өзі тануы
тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты
мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз байланысты.Жанымызға
рухани азық беретін барлық мұралар мен құндылықтаррда текті атабабамыздың,қолының табы,аяғының ізі,санасының сәулесі бар.Олар
еске түсіп,қолға алынған сайын,кәусар тұнығы мөлдіреп, жаныңды нұрға
бөлейді. «...Менің,қарадомалақ шөберем , сандалбақанда ілулі тұрған
белдікте асулы қындағы кездікті алып,маған ұсынғанда,мен оны бірден
ала қоймай іркіліп қалдым.Жағдайдың мәнісін, дереу түсіне қойған,
ол,кездіктің сабын маған қаратып,қайта ұсынды.Алайда, оның мелде
жүзі,қызыл-күрең тартып,нұрлана жөнелді,өзі сырмаққа қарап сәл
еңкейіп, бөгеліп қалды. Бұл іркіліс пен өзгеріс, шөберемнің, мына,
отырған аталардан ұялғандығынан туындаған болу керек.»Осы үш ауыз
сөзде жан арқылы ататектен келген сезімдік нұрдың көзге көрінуін
түсінуге болатын бір үзік сыр бейнеленген.Ол-бала қызарғаны несі?
Неліктен ұялды? Кездікті атасына теріс қаратып ұсынған,әбестігінен
ұялды.Ұялып қалды... Ақсұр жүзі неге кызыл күрең өнге боялды?
Қанның өңіне сәйкес солай болған шығар.Оның қаны тамыры арқылы
күнделікті жүріп тұр ғой,қанның өңіне сәйкес қызарса күнделікті ол бала
солай қызарып жүрер еді ғой.Ұялғанда неге қызарады,керісінше
сұрланса жарар еді ғой.Адамның,демін ішке тартып,сұрлана қалатыны,
шарық беті сазарып,көгере қалатын,шырайы жадырап нұрлана жөнелетін т.б. шақтары көңіл күй көріністері көп қой,шіркін!Олай болса,текті
26

27.

жанның ататектен ұласқан қандағы және жандағы ақыл–парасаты,
дарын-таланты,күш-қуаты,қадір-қасиеті,мінез-құлқы жүректегі рухтың
нұрына бөленіп,сезім жылуына оранып, толысып жетілуі арқылы КІСІ
деген осы әлемді билеуші, әмірші,құл пайда болады.Кісі-қанша
әмірші,билеуші болғанымен Жаратушының Жердегі құлы. Сондықтан,кісі ешқашан Жаратушы бола алмайды.Ең зоры-Жаратушыға жақын
болып, дидарласпаса да,көкірек көзімен ұғып,білген санаулысы ғана,
пайғампар,әулие-пір атанған. Жаратушы
күллі Әлемді жаратқан
кезінде,оның әр бөлшегін орнына келтірген кезде ақыл-ой сананың
жаратушыға тән үлесін сіңіргені айқын.Оны-Жаратылыс және
Қоғамтану ғылымдары, танып-түсіне алғандарын ғұламағалым,өнерпазшебер,ұста-зергер,алысты-болжағыш, шипагер-емші,ұлық-ұстаз атап
жүр. Дәл осы тұрғыдан алып қарастырсақ КІСІ дегенгіміз-философиядағы, педагогикадағы, психологиядағы «тұлға» ұғымымен сәйксс
келе бермейді. Қазақтың кісісінің бірнеше ерекшелігі бар:-Ол,әуелі
қазақтың тілі,ділі,діні,мінез бітісі,қазақы көңіл-күйі арқылы дараланып,
қазақтың рухани құндылықтарымен сусындап қалыптасуы тиіс;
«Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те – Кісілікті кісілікпен құрметте! Тірі
кісі кісілігін асырсын; Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол; Кісілікке түсер
содан ұлы жол; Адамшылық жаса адамға, адам бол; Адам атын
мақтаныш қып адал бол»(Ж.Баласағұни) -Ақыл-ой парасаты,ғылымбілім деңгейі, адами асыл қасиеттері,жасампаздық және күрескерлік
қуаты басқа кез-келген ұлт өкілінен кем емес,тең болуға тиіс.Өткен
шақта осылай болғандығына тарих куә.Арғы қазақтар өз дәуірінің
талабын қанағаттандырған кісіні қалыптастырып,олардың игерген ілімбілім,өнерін тасқа қашап жазып,табытқа салып,нақтылы тұлғасын
мәңгілік айшықтап бізге қалдырды.Олардың не ішіп-жегенін,қалай
киініп,қандай көлік мініп,нендей қару асынып,тіршілік майданында
нендей жетістікке жеткенін аайқындап бізге қалдырды.Оны біз «Алтын
Адам» десіп жүрміз.Заманауи қазақ жарқын адам қалыптастырып,алтын
ұрпақ құалдыруға міндетті. Қазақ болсаң осы міндетіңді атқар,
парызыңды барша қазақ ұрпағы алдында өте!-Кісі-заманға сай өзгеріп,
жетіліп,ұғым аумағы кеңейіп отыруы тиіс. «Бүгінгінің кішісі-ертеңгінің
кісісі екенін» дәлелдеп отыруы тиіс.«Заманға сай-кісісі» Тұлға ұғымын
қарастыратын жоғарыда аталған іргелі ғылымдардың қай-қайсысында
бірауыздан мақұлданған ортақ түсінік күні бүгінге дейін жоқ.Оларда
қаншама ағым,ілім , теория болса,соншама анықтама бар.Кейбіреуі
екіншісіне қарама-қарсы түсінікте қолданыла береді.Қазақтың кісісінде
ат-атауы(кісі-адам-пенде-жан) сәл өзгеріп,ауқымы кеңейгенімен, бір27

28.

ізділік қасиетінен айрылмайды,арасындағы сабақтастығы мен іргелестігі айшықты аңғарылып тұрады. Айталық,Қорқыт ата: «Өлмейтін
кісі» десе,Фараби баба;«Бақытты адам»,Ж.Баласағұни:«Жомарт кісі»,
А.Яссауи:«Топырақ кісі», «Ғарип кісі»,Абай; «Толық адам» Шәкерім;
«Арлы кісі» деумен күні бүгінге дейін жалғасып, «Білімді адам» болып,
көрініс тапқан.Мына заман бұларға «бәсекеге қабылетті» ұрпақ ұғымын
жалғап отыр.Текті жан нағыз кісі болып қалыптасса,ол енді,өзі «бәсекеге
қабылетті» болумен қатар,бәсекеге қабылетті текті ұрпақ жалғастыруы
тиіс болды. М.Ж,Көпеев ғұламаның мына бір теңеу мысалын оқып
көрелік.«...Ара ұшып келе жатыр дейік, ол солғын гүлге қонбайды,
әдемісіне қонады, себебі оның шырыны дәмдірек. Ара қонғасын да оның
аяғына бұрынғы гүлден жұққан не аталық, не аналық ұрық екінші бір
гүлді тозаңдандырады. Соның нәтижесінде солғын гүл емес, әсем гүл
ғана ұрпақ жалғастыруға мүмкіндік алады. Демек, әлсізден-әлсіз,
күштіден күшті тарауы ықтималдығы жүзеге асады.» (Қуандық М.Ж.)
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңқалып, оған «Homo morales» деген
анықтама берген. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек», Шәкәрім
«үш анықтың» біреуіне жатқызады. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса,
ол жануарлардан қулық сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан
түршігерлік сайтанға айналар еді. Көптеген көркем әдебиеттің
дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті оның ар- ұжданы . Қиын қыстау
жағдайында нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында
өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австриялық ғалымның
В.Франклдың айтқаны бар «Құдайды ғарыштан, тіпті оның әр жағынан
іздеу керек емес, ол-адамның ішіндегі оның ар-ұжданы».Осы ойдың
аясында Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегін-дегі;адам ақиқатты бас
көзімен көрмейді, ақыл көзі мен көреді. Біліп жаратушы-тәңірі, өлімнен
соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керектісі-ұждан. Ұждан
дегеніміз - нысап, әділет, мейірім деген екен.Әрине адам болып дүниеге
келгеннен кейін дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы
өмірдің жолын таңдай білу үшін текті жанды-кісі болдыру үшін,кісі
бойына кісілік қасиеттерді дарыту үшін ұлылардың ұлағатты
қағидаларын басшылыққа аламыз. Текті жан иесінің бұл өмірге
келгеннен кейінгі ең басты ерекшелігіне сай кісі қалыптастыру ісәрекеті,тәрбиелік үрдістер іске асырылады. Негізінде адам баласының
тәрбиесінде, халықтың сан ғасырлық даналығынан асып түсетін ешбір
құндылық жоқ . Адам тәрбиесінің қайнар көзі балалық шақтан басталса,
бала тәрбиелеуде толықтай ойлау қабілеті қалыптасып болмайынша еш
нәрсеге үйрету мүмкін емес. Адамға білім берместен, оның сол білімге
28

29.

өзі қол жеткізетін қабілетін қалыптастыруға ерекше мән беру керек,
Демокриттің сөзімен айтқанда –«көп білетін ақылдылар өте, көп білуден
гөрі, көп ойлануға ұмтылу қажет».Адам ақыл ойының және өзіндік
танымының қалыптасуы әлде қайда маңыздырақ. Орыстың жазушысы,
педагогы және философы В.Ф. Одаевкский айтқандай «Адамның ең
бірінші қадамы өзін-өзі танудан басталса-бұл үлкен істің біткені».
Адамзаттың даму тарихында жастар тәрбиесіндегі басты мақсат қандай,
тәрбиелеуші қоғамның мүддесі қандай деген заңды сұрақтар пайда
болады . Осындай күрделі сұрақтарға жауапты сан қилы формада табуға
болады.Текті жан болып дүниеге келгеннен кейін кісіге тән
қасиеттермен қабілеттерді игеріп қалыптас-тыру басты мәселе екені рас.
Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға
тартты. Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым
адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты.
Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы
шарты етіп алды.Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, еңбекке
үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды яғни ұстаздық ететін адамды
өте жоғары бағалаған.Адам баласына тәрбие беруде ұлы Абай
атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде; « Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды
танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген
екен. Қазіргі замандағы ғылыми техникалық прогресстің өрістеу темпі,
өндірістік, энергетикалық, коммуни-кативті мүмкіндік- тердің өсуі,
мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуі, ақпарат көлемінің шектен тыс өріс
алуы – осының бәрі адамдар-дың мінез құлқына текті жанына ықпалын
тигізбей қоймайды. Адамзат тарихында дәл біздің дәуіріміз-дегідей
ешбір дәуірде адам өмірінің жеке тұлғалығы, қайталан-бастығы,
шығармашылық мүмкіндіктерінің құндылығына жоғарғы қызығушылық
танытпаған шығар.» Тектілік тәрбиесін нақтылы алға шығарып,
орнықты берген бұл жұмыр Жерде қазақтан өзге еш ұлт жоқ.Олай
болса,текті жанды-кісі болдырып тәрбиелеген тәжірибені басқадан іздеп
әуре болудың қажеті не?Қазақ аузынан Алласын тастамай, баласын
тектілікке баулыған. Текті жануарларға теңеп, өмірдің әрбір келеңдікелеңсіз сәттерінен сабақ алып отырған. «Жылқы тектес, қой мінезді»
деген сияқты жақсы сипаттарды көрсете отырып, тәрбиенің арқауын
ұзын арқан, кең тұсауға салмаған.Тәрбиеге ат үсті қарамаған, сәл
кемшіліктің өзіне үлкен жауапгершілікпен мән берген. «Баланы бес
жасқа дейін патшаңдай сыйла , сосын он бес жасқа дейін құлынтайдай
29

30.

жұмса, одан кейін құрбыңдай сырлас»,- деп бекер айтпаған.Осы тәріздес
Текті жанды-Кісі болдырудың барлық жолы,амал тәсілі толық қазақ
тәрбиелеу ілімінде анықталып орныққан.Алайда,оны танып білу дәрежеміз, қолданып,керектену шама-шарқымыз мардымыздау болғандықтан,керек десеңіз кейбіреуіміздің оны мойындай қоймаған-ымызды
ескеріп,осы заманғы тұлға қалыптастыру ең озық теорияның бірімен оны
шендестіріп көргеніміз дұрыс болар. Тұлға даму деңгейлеріне мән беріп,
тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Эриксонның ұсынған даму деңгейлерін
қарастырайық. Э.Эриксон теориясы психоанализ практикасынан
туындады. Э.Эриксон тұлға құрылымын З.Фрейд сияқты «Ид, Эго,
Супер Эго» инстанцияларын бөліп қарастырады.Бұл концеп-цияның аса
маңызды ұғымдары-топтық біртектілік және «Эго»-біртектілік. Топтық
біртектілік бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ бастап тәрбие берілген
әлеуметтік топқа жатқызылуы, сол топқа тән түйсін-улерді жаттықтыруға негізделіп бағытталған. «Эго» біртектілік топтық біртектілікпен
параллельді түрде қалыптасады. Және адамда өсу мен даму процесінде
өтетін
өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілместігін және
табандылыққа, беріктілік сезімі
субъектіде пайда болады.Эгобіртектіліктің қалыптасуы адамның бүкіл өмір бойы жүреді және
бірнеше кезеңдерден өтеді. Тұлға дамуының кезеңдері . (Э.Эриксонның
эпигенетикалық даму теориясы, fiatik.ru. алынған)
Өмірлік жолдың деңгейлері Әлеуметтік
қатынастар
аймағы
Тұлғаның полярлық сапалары Прогрессивтік даму нәтижесі
1. Нәрсетелік (0-1 жас) Ана немесе оның орнын алатын адам
Сенімділік-сенімсіздік Энергия және өмірлік қуаныш
2. Ерте жас (1-3 жас) Ата-аналар Автономия-қобалжу, ұялу Тәуелсіздік
3. Ойнау жасы (3-6 жас) Ата-аналар,
ағалары
Инициативтілік-кінә сезімі
Мақсаттылық
4. Мектеп жасы (6-12 жас)
мен
апалары
Мектеп, көршілер Қолжеткізу-
толыққансыздық Білім мен іскерлікті меңгеру
5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас) Құрбы-құрдастар топтары Біртектілікбіртектілік диффузиясы Өзін-өзі анықтау, жанқиярлық пен
берілгендік
30

31.

6. Жастық шақ (20-25 жас)
Достары, жақсы көретін
Интимділік-изоляциясы Қызметтестік, махаббат
7. Ересектік (25-65 жас) Кәсіп, туған үйі
адамдары
Шығармашылық-тоқырау
Шығармашылық пен қамқорлық
8. Кәрілік (65 жастан кейін) Адамзат,
жақын
Интеграция-өмірге көңіл қалу Данышпандылық
адамдары
Э.Эриксон тұлға даму кезеңіндегі мәселені шешу үшін екі шекті
полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды айқындап,сапалық
көрсеткіштерді ерекшелейді. Тұлға дамуын – дамудың келесі
кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктер
өзара қайшылыққа тап болып,осы негізде даму жүріледі деп есептеген.
Дамудың бірінші денгейінде(оральды-сенсорлық) Эго біртектілік
бірінші формасымен қалыптасуы басқалар сияқты даму дағдарысынан
өтеді. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері;
тістердің шығуынан, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі,
ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына
оралуының нәтижесінде «ана-бала» диадасының әлсіреуі. Бұл дағдарыс
оңайрақ өтеді. Егер де әлемге сену мен сенбеу арасындағы қатынас
бірінші жаққа қарай құрылса. Бұл қатынас балаға деген күтім сапасымен,
оған деген махаббат пен нәзіктіліктің бар болуымен анықталады.Екінші
деңгей (бұлшықеттік-анальдік) ерте жасқа сәйкес келеді. Ол кезде
баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре бастайды және өз тәуелсіздігін
мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бұл кезде дербестілік
(самостоятельности) сезімі арта түседі.Және де осы кездері әлемге деген
қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Мұндағы дағдарыс-күмән
мен үят.Үшінші деңгей (локомоторлы-генитальді)бала қоршаған әлемді
сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз
құрдастарымен бірге өндіру процесіндегі адамдар арасындағы қарымқатынас жүйесін меңгереді. Осының нәтижесінде балада шынайы
үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай ролінен шығу ниеті
қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және белсенділігінің
дамуына әсер етеді. Бұл жас кезенінде жыныстық идентификация жүреді
және бала ер адам мен әйел адамның жүріс-тұрысының белгілі бір
формасын меңгереді.Төртінші деңгей (латентті) инфантильді сексуальдылықтың белгілі бір ұйқышылдығы және генитальді ересектің артқа
шегінуімен сипатталады. Бұл деңгей балаларда еңбекқорлықпен, жаңа
білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттілігімен байланысты.Бесінші
31

32.

деңгей ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды.Эго-біртектілік бірінші
тұтас формасы қалыптасады.Жас өспірімдік шақта дамудың барлық
өтілген дағдарыстық мезеттері қайта тұрады.Эго-біртектіліктің (идентичность) қалыптасуы жас адамға дамудың алтыншы деңгейіне өтуге
мүмкіндік береді.Оның мәні-өмірлік айырылмас серікті іздеу, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топтың
мүшелерімен жақын достық қатынастарға ұмтылу.Бұл деңгейдің қауіпті
жағы-жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан
қашу. Жетінші деңгей адамның өмірлік жолында ересек кезеңде
орталық, центрлік ретінде қарастырылады. Бұл деңгейдегі тұлғаның
басты жағымды сипаттары ретіндегі өндіргіштік пен ұрпақтың жалғасуы
шығармашылықта және нәтижелі еңбек іс-әрекетінде жаңа ұрпақты
тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің
бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және сол арқылы
тұлғаның баий түсуіне әкеледі.Өмірлік жолдың сегізінші деңгейі эго –
біртектіліктің жаңа аяқталған формасының қол жеткізуімен сипатталынады.Дамудың бұл деңгейінде ақыл-парасаттылық пайда болды.
Өткенге көз жүгірту: «Мен бақыттымын» деуге мүмкіндік береді.
Балалар және шығармашылық жетістіктер өзінің жалғасы ретінде қабылданады және өлімге деген қорқыныш жоғалады. Э.Эриксон бұны өлім
алдындағы өмірге қызығушылықтың шетте қалуы деген. Э. Эриксон
жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы
ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оның айтуынша, бұл
тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана. Э. Эриксон бойынша кез
келген адам, оның қатынасатын мәдениетіне қарамастан бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтығына байланысты.Баланың даму сатылары мен Кісінің қалыптасу кезеңдері:(Адамтану қазақ ілімі бойынша.Балатану баспалдақтары.
adisteme.kz.ucoz kollegi.kz –тан алынды.)
1.нәресте шақ
(ана құрсағындағы
мезгіл қосылып-1 жас)
ата- ана
әулет
мүшелері
құштарлық ататектен ұласқан
шама жетпеу
сезім мен
қуатқа талпыну
2. бүлдіршін(1-3жас)
ата-ана өлшеусіз еңбек, «жанды бақа»ұл-бөбек,қыз-бөпе көрші-көлем
-жалығу
текті жан
3. балдырған(ұл)
балауса(қыз)(3 -5 жас)
32
ауыл-ағайын;
«қадалған кене»
тәрбиеші мақсаттылық шалалық

33.

4.ойын баласы
жас өспірім(7-13)
ауыл-аймақ
ұстаз
5.жас жеткіншек(13-19 жас) қауым
қолжеткізу
тұрлаусыздық көкірек көзін ашу
даралану кісілік келбет табу
(бойжеткен, бозбала) құрбы-құрдас әлеуметтену берілгендік
6.жастық шақ(20- ағайын-жегжат қосағын орнын табу,өмірден
25 жас)қыз,жігіт
7.Ересектік(25-
дос- жаран кәсіп игеру
сүр бойдақ ,кәрі қыз
әулеттік орта шығармашылық үмітін үзбеу
74жас)
кәсіптік шеңбер толысқан кісі шарықтау, ортаюы
8.Қарттық (75-тен
қарашаңырақ
данышпандық, абыздық қону
ары қарай)
ру көлемінде
еселеп қолдау
сәбидей күтім
Текті жанның Кісі болу қаншама күрделі болса да, Э.Эриксон
концепсиясының кейбір сатыларымен салыстырсақ айқын дәлдікті
аңғаруға болады. Әсіресе балалық шақтың даму кезеңдері балатану қазақ
ілімінде өте анық та (шекара шектері,сапалық көрсеткіштері) айқын
көрсетілген. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки
қырқынан шығарылып,құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге
айналғанда, бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған.Алғаш тілі
сөйлеуге келе тілашар жасайды Негізгі кезеңдерге жету жолында
бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру керек, бауырын
көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып,тырбанып
жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен
аунай алуы,одан соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң
басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі ересектер көмегімен сол қозғалысты
жасай алатын шағында жаттығып дағдылану нәтижесінде орындалады.
Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйеніп(жүкке,
қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.). тартып,итеріп бойын
билеп үйренеді. Ал,оларды жасамаса, дамудың ол кезеңі кешігеді.
Мысалы,бөлеу әнін,бесік жырын,өс-өстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей
өскен нәрестенің, айналасындағы туыстарының,ата-анасының үнін
ажырату қабылеті кешігеді.Қазақтың қарттық шағындағы бағым-күтім,
қамқорлыққа алу ісі,сыйлап құрметтеу әдет-әдебі орасан асқақ.Оған
ешбір ұлт теңесе алмайды.Сондығынан болар қазақ дұрыс та,мәнді
қартаяды. Оларда,торығу,мұңға бату,түңілу деген болмайды.Өмірден
түңіліп,қалған ғұмырын тәрк ету,үмітін үзу,ішкілікке-нашақорлыққа,ашкөздікке салыну ешуақытта болмаған.Ал, жастығын аңсау,
33

34.

тұрғыластарынан ажырап, жетімсіреу,әрине болған.
«Жасым
жүзге келсе де,өлгім келмейді,қара жердің қойнына кіргім келмейді
десіп», ұрпақтары үшін барлық игілікті жасап, кәдімгі адам болып,
Жаратушының берген жасын жасап өмірден озуды тілейтіні рас.Кісінің
асқары-үлкен кісі.Үлкен кісі аталу- ең үлкен даңқ.Ата-бабамыз;абыз
қарттарды.данышпан аналарды да- Үлкен кісі дейтін еді.Үлкен кісінің әр
сөзі- әрі өсиет өнеге,әрі әмір,әрі заң,әрі нұсқау болған-ды.Олар-өлмейтін
сөз қалдырған,ырыс-ынтымақ сыйлаған. Осындай айқын да,айтулы
ілімі бар қазақ жұрты,текті жанды-Кісі болдырып тәрбиелеп келген.
Олай болса,текті тұлға тәрбиелеу теориясы дегеніміз текті жан
аталған(2-3 жастағы бала ) сәбиді кісі болдырып жетілдіріп өңдеу үшін
ұлттық тәрбиелеу іліміне сүйенген,толысқан адам қалыптастыру
заңдылық-тарын айқындай отырып, педагогикалық-психологиялық зерттеу жүргіетін(ата-ана, ұстаз, мұғалім, оқытушы,т.б.) тәрбиелеушілерге,
ғылыми негізде бағыт-бағдар беріп,педагогикалық нұсқаулармен
жәрдемдемдесетін, ілімдік бағыт болып табылады.Түпкі мақсаты,
тәрбиелеу қазақ ілімін Қазақстан аумағында жүріліп жатқан күллі
тәрбиелеу,кісі қалыптастыру іс-әрекетіне толыққанды орнықтыру
болмақ. Нақтырақ айтсақ «Толық адам болу» қазақ ілімін тұрмыссалтқа,оқу-білім үрдісіне тұрақтандырудың алғашқы баспалдағы болу
еді.Оны қысқаша ғана кемелдік ілім дедік.
1.3§.Текті тұлға жетілдіру жолы
Тектіден текті туады,Тектілік тұқым қуады.Тектілердің тұяғы,Таңдайды
құз-қияны.Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы,
жаман деместен, Жанына жұртын жияды.. (Бекасыл әулие1822-1915)
Қазіргі кезеңде біз үшін жастар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан
келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім
қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті
арттыруға әсер ететін білім, білік,дағдыларды ұлттық мәдениет аясында
қалыптастыру, «бәсекеге қабылетті» ұрпақ тәрбиелеудің басты амалы
болып отыр.Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі
жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді
өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің
және өзбетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі жинақталған
асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі,салт-дәстүрі,әдетғұрпы,таным-сенімі,саналық танытатын көзқарастар жүйесі әлеуметтік
топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, білітілігі, тыныс34

35.

тіршілігінің ғұмыр нәрінің бұлағы-ата-баба мұрасы, адамзат мирасы
екені белгілі.Рухани мұралар мен құндылықтар тектілік жолымен
де,мирастық үрдіспен де жалғасын табады.Халқымыз «түбін білмеген
тексіз,тегін білмеген түбін білмейді, тегі мен түбін білмегеннен келелі
кеңес шыға қоймайды» деп кесіп айтқан.Тәрбие жеке тұлғаның
санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың
айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінезқұлқын қалыптастыру құралы.« Тәрбие, кең мағынасымен алғанда,
қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс
өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда,
адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті
азық беріп, өсіру
деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).
«Тәрбие-бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (И. Кант). Олай болса, тәрбиелеу
жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның
дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің
қалыптасуына оң ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбие-адамдарды қоғамда
еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген
әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылықты ісәрекеті,қам-харекеті. Тәрбиелеуші әрекеті –біреулердің ізгі ниетпен,адал
көңілмен жүргізген өзіндік қимыл-қозғалысы болумен қатар,ұрпақ
алдындағы борышы, адамдық парызы, табиғат заңдылығы , атаданбалаға ұласқан тектілігі. Жеке адам бір-бірінен ажыратылатын және
оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері арқылы айқындалады. Анықтауыш қасиеттер-жеке адамның
әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары .Жеке
адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетіп, басқа
адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білінетіндей біртұтас тұлға
болуы тиіс.Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның
орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты,
ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылығы мол құбылыс.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен,оны өсіріп, тәрбиелейтін-қоғам», -деп өте орынды айтқан.Ал,қазақ
айтады:«Тән-Тәңірден,тәрбие-өзімізден». Жеке адамның қалыптасуы
өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта
жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
35

36.

Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғым да бар.Ол адамның өсу
шағына сәйкес:нәрестенің дамуы,сәбидің дамуы, жеткіншектің дамуы,
жас өспірімнің дамуы, бозбаланың дамуы, бойжеткеннің дамуы деп
топталады. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін
жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста
өтеді, оған ықпал жасайды,бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.Жеке адамның дамуы- бұл оның рухани
өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын
сфераларда іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген
қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер
процесі.Осыған әсер ететін ұрпақтың бойында бар,ата-бабадан ұласқан,
ақыл-ой,дарын-қабылет,өнер мен даналық нышандары біршама дәреже
де оған ықпалын тигізе алады.Жеке адамның әсіресе балалың және
жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы
арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп
жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне
байланысты болады.«Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс»- деп Я.Коменский тәрбие сипатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
Адамға барлық заттарды білгізу-«ғылыми білім»;
Заттардың және өзінің қожасы ету-«адамгершілік»;
Құдайға, заттарға құлшылық ету-«діни тәрбие»;
Тән саулығы-«дене тәрбиесі».
Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланыс бар. Жеке
тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология,
педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген
көкейкесті мәселелері. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің
ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның,
ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың
өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінеді.
Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің
болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның
ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі,
көзқарасындағы өзгешелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың
болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан
өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың
өзі көріп-білген
құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.
36

37.

Мәселен, біреулер-айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай
қараса, енді біреулер-сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер
айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп
қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық,
психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке
тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның
өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің
болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Сондықтан әр адамды
өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана
ақыл-ойдан туындайды.. Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни, өмірді
өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан
өмірді танып білу-миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен
тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін
жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын,
естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің ісәрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.Адам өмірде өзі жіберген
қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады.Оны
қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды Жеке тұлғаға тән қасиеттерді,оның ата–бабасынан
ұласқан тектілігімен ұштастыруды,мұны жүзеге асырудың ғылыми
негізін тұжырымдап, қалыптасу жолын айқындап саралау,амал-айласын,
тәсілдерін тағайындап беруді текті тұлға тәрбиелеу теориясы деп
отырмыз. Бұл теорияның формуласын қорытып,ғылыми негізін анықтауға алғы шарттар мен негіздер бар ма?Сенің іздестіріп тапқандарың
мен қорытып тұжырымдаған түйіндерің жеткілікті ме?-деуіңіз әбден
мүмкін.Педагогика мен психология тарихында мұндай талпыныстар әр
кезде болған.Бір сәт тариха бет бұралық. Текті тұлға тәрбиелеу көзқарасына белгілі мөлшерде ықпал жасау мүмкіндігі бар теорияБихевиоризм.Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық–локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті. Бихевиористердің пікірі
бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және
әркім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні
өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/, сөйтіп жаңа ғылыми тіл
пайда болды “Сана” ,“түйсік” “қабылдау”,“ерік» деген және басқа
терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды.
“Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы) “реакция” (организмнің қозуға
қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы “байланыс”
37

38.

(ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды.
Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимулреактивті теория немесе СР ассоциационизмі деп атайды. Бұл теорияның мақсаты–ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін анықтау. Бізге керектісі-осы,ортаға бейімделу бағыты. Казіргі психологиядағы тұлға
теорияларынан (Ангьял, Гольдштейн, Роджер) туа берілген организмдегі
өзіндік маңыздану да бізге жат болмайды. Кейбір теориялар білім беру
жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды.
Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән
сипаттарға сай құрылған. Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі
қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.Тұлғаның
интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда
адам тұлғалық факторы мінезді белгілеп,оны бірнеше топқа бөледі :
1.Адам қабілеті. 2.Когнетивті стротегиясы. 3.Кітетіні. 4.Құндылығы.
5.Мінез жоспары. (Тұлға теориясы жайында алдыңғы тақырыпта
көлемді талдау жасалғандықтан, мұнда жалпылама қорытуға мән
берілді.) 1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу. 2.2-3
жас арасында болатын күмән мен ұят. 3.3-6 жас аралығында белсенділік
пен оған қатысты болатын кінәләну.4.Еңбекқорлық және оған қарсы
толық мәнде болмаушылық. 5.12-18 жас аралығындағы болатын
тұлғаның өзін-өзі белгілеуі мен жеке дара даралан-уындағы топтамалар
мен дау-дамайлар. 6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға
араласушылығы оған қарсы мәндері. 7.30-60 жас аралығында жас
ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі. 8.60 жас және одан жоғары жаста
өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі. Бұл дағдарыс пен
дамудың барлық нышандары мен белгілері «Адамтану қазақ ілімінде»
толық қарастырылған. (Адамтану қазақ іліміне кіріспе, Балатану
баспалдақтары. Коллеги каз.журнал. Әдістеме кз.Тәрбие кз.Еdu laif.kz
Kaz ust.Akikat.kz сайт,порт. Адамтану қазақ ілімі УБ.2017)
Материалистік педагогиканың өзінде-жеке тұлға белгілерінің пайда
болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне
әсер ететін мынадай факторларды айқын көрсеткен 1) биологиялық
тұқымқуалаушылық.2) табиғи және әлеуметтік орта 3)Мәдениет
4) Топтық және даралық (ндивидуалды)тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға,
қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің
туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен
38

39.

түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы
айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны қалыптастыра алмауын айтса,біз
осы кемістікті тектілік арқылы жоюды ұсынамыз. Себебі-қазақтың
тектілік туралы ұстанымы генетикалық тектен терең. Табиғи және
әлеуметтің ортаның тұлға қалыптстыру ролін біз жете бағалаймыз.
Себебі,қазақ халқы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін,тек және тектілік
туралы аса қомақты білім қорын жинаған, сондай-ақ, текті тұлға
тәрбиелеу тәжірибесі орасан салмақты.Осы педагогикалық процесс,
қазақта жалпы ұлттық сипат алған. Бүгінгі педагогикалық-психологияның экспериментальді түйіндері мен тұжырымдарынан еш кем
емес.Текті тұлға тәрбиелеу теориясы өмірлік пікірлер, бақылау мен
тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке
сүйенбейді.Экспериментальді емес теория санатына сиысады, Себебі
ол,талай ғасыр бойы керектеніліп сыналған білім.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі-преформистер. Преформистер ересек адамдардың
барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында
болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда
болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп
қарастырады. Қазіргі медицина құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр
алуан әсері барын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Құрсақта жаңа
қалыптасып келе жатқан шарананың қандай мінезді пенде болып
туарына сырттағы әуез, ананың көкіл күйі оның ішіп-жеген ас суы,
жүріс-тұрысы,киген киім-кешегі, әсер еткен иіс,жұтқан ауасы сезінген
иіс естіген үнге дейін әсер ететінін қазақ ерте сезген.Атам қазақ аттың
жалында, түйенің қомында көшіп жүріп ән айтқан, күмбірлете күй
тартқан.Қаныш ғұламаның сөзімен айтқанда: «академик әжелер»жүкті
келіннің дем алып-тынығу,ас ішіп халдену,жүріп-тұрып серуендеу
ережесін тағайындап беріп,оны оң орындалуын мұқият бақылаған.
Адуын мінез бәйбішелердің өздері келін-кепшікті алқақотан жинап ән
салдырған, бой жаздырған,көптеген ғұрыптарды орындатқан.. Мұның ар
жағында - ұрпақ қамы, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатыр.Ән шырқаған
көңілден ауру қашарын әлмисақтан білген, шадыман көңіл жас анадан
шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сенген.Екі жастың ата-тегіне
дейін жіліктей саралап,тектілігін тексеріп басын құрап, атастырып,
тұрмыс құруға рұқсат еткен.Мұның бәрі білімділік пен көрегендік
нәтижесі екендігі анық.Анығында тектілік тәрбиесінің өмірде көрініс
39

40.

бергені болмақ. Преформистер «академик-қазақ әжелердің» еңбегімен
өзімізден бұрын танысқаны бізді таңқалдырады.Ортамызда жаңа ғана
оны танып-біліп,тамашаға тап болып, жаңалық деп жар салып жүргендеріміз де бар.(С,Ғаббасов.Қазақ педагогикасының негіздері А.,1995)
Академик Д.Кішібековтың пайымдауынша, «текті болуға ата-баба, ана,
туған жер, өскен орта әсер етпей қоймайды, бірақ, осылардың ішінде ең
бастысы – әр адамның өз басы, ақыл-есі, парасаты,жігері, алдына қойған
биік мақсаты, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтыла білуі. Сонда ғана,
адам дараланып, сомдалып, тұлғалық дәрежеге көтерілуі мүмкін».
Осылайша, қоғам қашан да тектілерге сүйенеді.Текпен берілетін қасиеттерге өнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті жатқызуға болады.
Себебі, баланың бойындағы бұл қасиеттер әке-шешеден бастау алады.
Адамгершілік, азаматтық, қайраткерлік, қолбасшылық, зиялылық,
діншілдік, әділеттілік те адам бойына текпен дарыса керек-ті. Ғалым,
философ Ж. Молдабеков текті жанды «ол өнер жолын қуады, сертінде
тұрады, уәдесін орындайды, қолы ашық, көңілі жайдары, тілі майда,
әрекеті батыл келеді » деп сипаттайды.Ақын Сәкен Иманасов, дінді
тектіліктің бастауы деп біледі. Сонау ламаизмнен, даоцизмнен, тәңіршілдік, буддизмнен бастау алып Исламмен жалғасын табатын адами
қасиеттер сананың, зерденің оянуы, жетілуі, ар тазалығы, инабаттылық
пен қайырымдылық иірімдерін қалыптастырады, тектілікке жол ашады
Американдық ғалымдардың зерттеуінше бақытты болуға жалғыз жол
достық қарым-қатаныстарды нығайту мен әлемдік дәс-түрлі діндер
насихаттайтын адамгершілік нормаларын ұстану екенін ғылыми жолмен
дәлелдеген. Қазақи шежірені зерттеуші ғалым, Дәуірхан
Айдаров:
«ғылыми тек (ген) – адамның шыққан негізі, нәсілін, тұқымын білдіреді.
Ал, қазақы танымдағы тектіліктің мазмұны тереңде» – деп тек пен
тектілікті ажыратады. Жазушы Қ.Түменбай тектілікті шыңырау құдыққа
теңеп, «оның суы мөлдір болғанындай, тектілік те мөлдір болады» –
дейді. Жазушы А.Смайыл «тегінің ар-намысын ойлаған жігіт арғы-бергі
үрім бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етеді. Арлы
ер аз сөйлеп, көп тындырар, тек осындай табанды азаматтардың қатары
толыққан сайын халық тектілене түседі» деп тектіліктің азаматтықпен
біте қайнасып жатқандығын көрсетеді. Сонымен, зиялы қауымның
пікірі тектіліктің туын биік ұстау үшін адамның бойында мынадай
өлшемдер болуы шарт дегенге саяды: дене бітімі, ой-санасының деңгейі,
тәрбие, жүріс-тұрыс, киім киісі, қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сөйлеу
мәнері, тамақтануы, тәртібі, ғылым мен өнерге жақындығы, салт-дәстүр
мен дінді ұстануы, жаны, сезімі, ақыл-парасаты, ізденімпаздығы,
40

41.

жауапкершілігі, рухының биіктігі, қанағаты, иманы, шыншылдығы,
турашылдығы, мүсәпірге қол ұшын беруі, жанашырлығы және т.б.
Әрине, аталған қасиеттердің жиынтығы бір адамның бойынан табылуы
некен-саяқ кезедеседі. Десек те, қазақ тұлғаларға кенде емес!»
(А.Молдабекова.www.akikat/kz) Гуманитарлық ғылымдар да тектің
әлеуетін пайдалануды көздеді. Әсіресе, психотерапия ғалымдары
адамның ата тегін зерттеу арқылы отбасылық қатынастарда туындайтын
мәселелерді анықтауға көшті.Осылайша, бүгінде әлеуметтік психология
мен клиникалық әлеуметтану ғылымында адамның шыққан тегін
сызғызу арқылы, оның бүгінгі өміріндегі әлеуметтік мәселелеріне жауап
айтады.Адамның сол текті жалғаушысы немесе белгілердің тасымалдаушысы ретінде келер ұрпаққа не беретінін, не беруге болатынын да
талдауға болады.Тіпті, ажырасу, ішімдікке салыну, психологиялық
бедеулік, ер азаматтың отбасын тастап кету жағдайлары, жеңіл жүрістікке салыну және т.б. әлеуметтік мәселелердің тек арқылы берілетіндігін ғалымдар байқаған. Қазақта текті сипаттаудың негізгі құралы
болған
шежірені ғылымда «социогенограмма» дейді. Қазақтың
шежіресіндегідей социоген-ограммада да кемінде жеті атаға дейін туғантуыстар көрсетіледі. Тіпті, оны сызудың, қандай ақпараттар көрсетілуі
керектігін ғалымдар ғылыми тұрғыда жасап, шартты белгілеріне дейін
анықтап қойған. Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса
да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар
бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де
сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның
көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі
алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш
тәрізді.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезденақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани
білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Атабабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп
ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті
жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.Осы негізде,
қазақ әулет мектебінде «Тарих-шежіре» деген пән оқытылған.Қазақ
отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі-шежіре үйрету .Оның
негізгі мақсаты-ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақылойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін,
ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы
жастың тұлғалық қасиетіне тірек қояды. Сондықтан халық «Жеті атасын
білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» дейді. Бала жас ерекшелігі ескеріліп,
41

42.

қазақтың классикалық шежіре жазу дәстүріне сәйкес, «Менің шежірем»
атты белгілеу кітапшасын жасап, шамалы әулетте (200-дей отбасын
қамтып), ұстаздар мен ата-аналар көмегін ала отырып, генетика,
родология, нумерелогия, астрология жетістігіне сүйеніп, қолданып,
керектеніп көріп едік, ата-аналардан жақсы қолдау тауып,тым жылдам
таралып отыр..Кейбір ата-ана «Әулет шежіресі» деген фотосуретпен
безендірілген кітаптар дайындап алды.(«Менің шежірем» кітапшасының
жасалу жолы,пайдалану әдісі-/Тәрбие орг сайтында: 14.қыркүйек 2017
№23088. Tarbie.org 23088—pdf:; Edu Laif kz Тектану амалы-тамаша
тәрбие құралы, деген тақырыппен жарияланды және осы кітапшаның
соңғы тақырыбына арнайы енгіздік/).Тектіліктің дәл анықтамасы
болмағанымен, белгілі бір нышандары мен қалыбына сәйкес біз өз
анықтамамызды ұсынатын боламыз. Қазақтың көрегендігі де, көсемдігі
де санасында, сананы тәрбиелейтін, қорғайтын, жетілдіретін амал
айла,әдіс-тәсіл толық жетіліп,қалыптасқан.Қиыншылық қыспағының
қарқынының, рухани жағынан тежейтін көрегендік саналы адамдардың
шығуына ықпал еткен, әділетсіздіктің заңын орындайтын санасы жұтаң
адамдарға бұл әдіс белгісіз болып көрінгенімен, тарихтың рухымен қатар
келетін ұлттық сананың қасиетін ұрпақ бойынан қайта ашатын қазақы
тәрбиенің әдіс-айласы ойдан ойға, бойдан бойға тарап рухты күшейтеді.
Ұлт перзенттерінің интеллектуалдық оянуына тез ықпал етіп отырады.
Ата-бабаларымыздың тектілік ұғымының мәні осында жатыр. Бала
күндерінде тағдырдың қиыншылығымен сабалақ атанған қазақтың
хандары, қойшы атанған қазақтың күйшілері, тай мініп, садақ атқан
қазақ балаларының батыр болуының басты себебі жан дүние өрісінде.Ол
уақыты келген, өмір талап еткен уақытында күшіне еніп, деңгейіне жетіп
жан-дүниеден жарып шығатын қуатқа айналып, ең соңында елеусіз
жүрген бала өзінің қасиетімен өмірдегі шынайы ролін, тарихтағы орнын
өз күшімен дәлелдеп шығады. Демек тектіліктің заңы дала заңының бір
белгісі, қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын басты байлығы,
рухани құндылығы. (Ү.Сәрсенбин.www. akikat/kz) Жалпы текті тұлға
тәрбиелеуде мектеп пен әулет бірлесе отырып,кең көлемді, орасан
аумақты іс шараларды жүргізіп тамаша табысқа жету мүмкіндігі бар
екенін атап өткен дұрыс. Тұлға тәрбиелеудің басты тәсілі адамды сақтау,
әлеуметтік ортада тектілікті қалыптастыру, сол тектілік арқылы елдің
болашағына қызмет ету. Қазақ тұлғаларының қасиеті арқылы көрсетіліп
отырған рухани қасиет үлгілер, яғни, төзімділік, шыдамдылық, батырлық, ақылдылық, зерделілік, сезімталдық, діни сауаттылық кешегі өткен
ата-бабаларымыздың бойында бар болатын.Мыңдаған жылдарға жете42

43.

тін, ұлттың тәрбиесі арқылы ұрпақтың қасиетімен тарихи уақыттың
бөгетінен өтіп отыратын тектіліктің қасиеті, тектілік қасиеттің күші. Біз
көп жағдайда батырды қара күштің иесі, ханды ақыл мен айланың иесі,
биді сөздің иесі деп жатамыз, бірақ, олардың қанында, жан әлемінде,
бойында бар ортақ қасиет- тектілік. Тұлғалық қасиетті бойына тартып,
оны өмірдің жағдайында, халықтың мұң-мұқтажына сай шығара білу,
батырдың жаугершілік сәттерде жауынгерлікке жүгініп, ел ішінде,
бейбіт уақытта қарапайым адам болуы рухани қасиет иесінің ерекше
табиғатының мәнін айқындайды. Сондықтан да, қазақ тектілікті адамның өзін сақтайтын, өзі арқылы өмірін сақтайтын, өмірі арқылы ұлтын
қорғайтын қасиет деп түсінген. Тектілік феномені хақында пайымдалған
асыл сөздердің астарында терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге тән даналық көзқарас жатыр. Бұдан қан арқылы берілетін
қасиетті еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес екені анықтала түседі.
Оған дәстүрлі қазақ қоғамының қойнауында пайда болған «алма
сабағынан алыс түспейді», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы»,
«тектен нәр алған тозбайды», «шұғаның қиқымы да шұға», «тұлпардың
тұяғы, сұңқардың қияғы», «тегінде бар тектілік», «тектілік тұқым
қуады», «тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан», «асылдың қиығы»,
«тектінің тұяғы», «жақсының көзі», «асылдың сынығы» деген ілкіден
келе жатқан нақыл сөздер де дәлел бола алады. Керісінше, бұған антипод
мағынадағы «жетесіз», «жүгенсіз», «парықсыз», «көргенсіз», «тексіз»,
«тәрбиесіз», «ұятсыз», «намыссыз», «ештеңе көрмеген», «қарғыс атқан»,
т.б. нәлетті сөздерде жайдан-жай айтыла салмаған. Бағзы бабалардан
жеткен «барымташыдан ұры, ұрыдан қары, қарыдан бәрі шығады» деген
ұлттық дүниетаным кей кезде «өзі болған жігіттің -ата-тегін сұрама»,
«жаманнан жақсы туса – теңі болмас, жақсыдан жаман туса-емі болмас»
деген пайыммен алмасқан. Қазақтың шежіресі-қан мен сүт тарихы.
Жетпіс жеті пұстысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын:-өз
жұрты, нағашы жұрты, қайын жұртын таныған қазақ баласы қай
ғасырданда текті еді. Жетелі еді, көргенді еді. «Жеті атасын білмегенді
жетесіз» дейді жұрт. «Жігіттің жақсы болмағы нағашысынан» дейді
жұрт. «Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман
туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа алғысыз» дейді тағы да.
«Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.Осы текке
қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?!Қазақтың
сезбегені, түйсінбегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға,
одан тектікке, одан төркінге, одан тұқиянға дейін жатқа айтатын, баладан
немере, шөбере, шөпшек, өбере, туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат,
43

44.

жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге танитын, өркеннен әулетке, одан
зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні батасына қосқан
қазақ баласы кімнен кем еді.(Жаңабек Жақсығалиев)Тектілік-адам
бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде
ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді.Тектілік құбылысы жақсы
адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын,ата-бабалардан берілетін
дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін
көрсетеді.Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес.
Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан
көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктетуге
мүмкіндік береді. Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін,
мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр
ай, бұл текті жан екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді.
Демек, тектілік дегеніміз – қасиетті ұғым. Тектілік адамға ана сүтімен,
әке тәрбиесімен бойға дарып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе
кемелдене түседі . Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмысбітімі, оның өзіңше ой түюіңе түрткі болады. Қазақ «тегі жақсы» деген
бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз
арқылы өшіріп отырған. «Сол тексіз немені қойшы» деп ұлдан үмітін
үзген Мыңның біріне ұя салатын тектілік құбылыстың өзгеге ырық
бермейтін, ол атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке бітетін асыл
қасиет екенін қазақ халқы алыстан аңғарды. Сайып келгенде, ұлттың
тектік қорын (генофондын) күшейту мақсатында жеті атаны сақтау,
құдандалы болу, атастыру, қалың мал, полигамия (көп әйел алу),
әмеңгерлік, т.с.с. ата дәстүрлерді сары майдай сақтап, шынжырлы-текті
тұқымдардың тамырын үзіп алмай, ұрпақтарға сабақтастыруда бай
тәжірибе жинақтады. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан некелікотбасылық қатынастың негізгі өзегі бозбала мен бойжеткеннің
арасындағы тамыры жоқ арзан сезім емес, жарық дүниеге ақыл-ойы
зерек, дені сау, аяқ-қолы балғадай текті ұрпақ әкелу философиясымен
байланысып жатыр. Өйткені қай кезде де ұрпақтың денсаулығы мен
зердесі мемлекеттің ең үлкен қазынасы екені сөзсіз. Ортағасырлық жазба
деректерде бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым, шипагерліктен қара үзіп
шыққан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан: «Қандай ауруды емдеу қиын?»,
- деп сұрағанда емші: «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын», - деп
жауап береді. «Оның алдын алуға бола ма?» - деген ханның екінші
сұрағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз
алыспау керек. Жеті қазақ үшін қасиетті сан», - деген екен. Аты аңызға
айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін
44

45.

үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім
жазасына кесілсін!» (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Араб қарпінен
көшіргендер-К.Елемес, Д.Мәсімхан. Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.)
деген жарлық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті
жарғы бойынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар
белгілеген жазаға бұйырылады. М.Қозыбаевтың пікірінше, «тоқсан
тоғыз қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол халықтың асыл тұқымын қалай
сақтау заңын игерді.Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» (Қозыбаев
М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы: Қазақстан, 1994. 59-б.). Демек,
ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНК-ны толық зерттемесе де, жақын
адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің етек алатынын жетік
білген. Тұқым-қуалаушылықтың заңдары тұрғысынан алғанда туыс
адамдардың некелесуі дұрыс емес. Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар
негізінен генетикалық аурулар екендігі анықталып, медициналық тілмен
айтқанда, орфандық аурулар проблемасын дәрігерлер соңғы жылдары
дабыл қағып көтере бастады. Әсіресе, мутацияға ұшыраған нәрестелер
санының көбеюі қоғамды алаңдатып отыр. Дамыған елдерде адамның
тұқым қуалайтын 50-55 түрлі ауруларына тест жасайтын генетикалық
консультациялардың жұмыс істеуінің өзі көп нәрсені аңғартады.
(Ж.Жақсығалиев.abai.kz) Адам баласы материалдық және рухани
өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның,
ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен,
жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен
дараланады. Әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарсының
болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін
білдіруі заңды құбылыс.Мәселен, біреулер -айналасындағы құбылысқа
таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер-сын көзімен қарап, ойқорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы
құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке
басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байла-нысты.Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің
толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға
баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды
құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бірбіріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз.Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан
45

46.

туындайды.Жеке тұлғаға тән қасиет-ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің санасезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып
білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке
тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да
негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін,
көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін,
мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп
жатады. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы
қасиетіне айналдыру өмір заңы.Тұлға -жеке адамның мақсатының
орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске
асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер
механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам
ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір
нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске
асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерікжігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір
адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының
нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске
кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып,
кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне
байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің
бойға жинақталған көрінісі.Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім
дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі
сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып,
көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның
эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Даму жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмауы процесі. Балада
анадан туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік
Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»).
Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты
қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі(бұрын қалыпта-сады деп
келдік) Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта
әсер етеді. Біздің пайымдауымызша; тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ататектен алған еншісі- биологиялық--рухани ұқсастығының белгісі,
нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және періште әкеліп салған
жан арқылы беріледі. Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыләрекет,тіл,діл, дін,мінездік нышандар ұласады.Жаратушыдан жолданған
46

47.

жан арқылы ата- тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды.
Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не
шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет
келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым
қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді,
ал кейде музыкаға, биге, математикаға,тілге қабілеттілігі сияқты өте
нәзік ерекшеліктерді жан арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Міне,осы нақты жағдайларды еске ала отырып,текті тұлға тәрбиелеу
жолын айқындаймыз, Текті жан иесі атанған сәбиді текті тұлға(Кісі)
болғанға дейін иманипедагогикадағы тәрбиелеу ілімін тірек етіп
алып,ұлы даланың ұлық ұстаздарының ұлағатымен баулимыз. Мысалы,
Ы. Алтынсарин текті тұлғаға тән,жеті жақсы қасиетті атап көрсеткен:
Біріншісі: имандылық,Екіншісі: жаман мінез-құлыққа қарсы-лық, яки
күй, яғни ең жоғарғы әділдік.Үшіншісі: адалдық, ақ көңілділік.
Төртіншісі: сыпайлық, момындық, шын берілгендік Бесіншісі: адал
ниетпен кеңес, өсиет беру,Алтыншысы: жомарттық, кеңпейілдік, қайырым,Жетіншісі: шариғат бойынша дұрыс заңды: Мұнада малын орынды,үнемді жұмсау (үнемшілдік).Барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі имандылық.Оның түбірі иман, яғни ақиқатқа, шындыққа
жетелер сенім тірегі, бар бет-бейненің, мінездің айнасы. Имандылық
дегеніміз-нұрын шашып тұрған күн екен.Күнді иман ретінде танысақ,
оның сәулелеріне не жатады екен?1.Әділеттілік 2. Тазалық 3. Мейірімділік 4. Сенім 5. Қайырымылық 6. Ізгілік. Бұлардың дені текпен
беріледі,әрі жан басында бар,сана сарайын ашуды ғана күтіп тұрған
табиғи болмыс, рухани мұра. Сондықтан, тектілікке баулу дегеніміз-ол
адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін,
өзгелермен қарым - қатынасын ақылға салып, ар - ұят таразысынан
өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала
білуі.Тектілік-адамның рухани байлығы, ұлт мәдениетінің құрамдас
бөлігі.Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып
табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында
тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше
мәдени үлгілерді береді. Американ зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға
тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады.
Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір
ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін
47

48.

түсінді. Бұл -біздің ұсынып отырған Текті тұлға. Модальды тұлға қоғам
мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы
мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның
мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты
жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің
қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ,
ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік категориялы, жеке тұлғалар бар.
Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл
үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және
аралас тұлғалық типтер пайда болуы да мүмкін. Ал.түптеп келгенде текті
тұлғаның басымдық алуы заңды. Қажеттіліктер пирамидасы -адамның
қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол
америкалық психолог А.Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен
Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген.Маслоу 5
деңгейлік қажеттілікті атап көрсетеді.1.Физиологиялық: аштық, шөл,
жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.2. Қауіпсіздік: өмір сүруге
қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
3.Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және
өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу. 4.Абыройлық: өзіне құрмет, сырт
адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу,
табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.5. Рухани:тану, өзін
орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.Мұны толықтырып көрсеткен
жобалық көрсеткіш те бар: 1.Физиологиялық(ең төменгі) 2. Қауіпсіздік
3.Махаббат бір нәрсеге тиесілілік.4. Құрмет.5. Білім алу.6. Эстетикалық
7.Өзінің маңызын түсіну.Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға
ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді
білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыз
дылығы әр түрлі. Ал,қазақ халқының мыңдаған жылдық тектілік тәрбиесінің тәжірибесіне қоса орасан мол мұра-білім қорын жинағанын жоғарыда айттық Сондықтан сол білім қорын жас ұрпаққа беруіміз, игертуіміз
керек.Бұл текті тұлға тәрбиелеудің басты жолы. Оны мына қысқа кеңестен байқауға болады. Атада болмаған қасиет ұлына дарыды деген өтірік,
текті тектілігін керсетпей қоймайды, тексізден он үл туса да өзгер-мей
қалатын жағдай да барды. Тексізге қызмет еткенше, тектіге құл болып
жүр, ар-үятың таза болады. Тегі текті тентек болып тумайды, тегі кекті
кектілігін жасамай қоймайды. Құдайға шүкір, тексіз емеспіз, тамырсыз
48

49.

емеспіз, бүгінгі ұрпақтың адамшылық ілімінен құмарын қандыра
сусындатар өзіміздің тұнық тұмалы бастау-бұлағымыз да, телегей
дариямыз да бар екен. Айтты-айтпады, адамшылық негізі имандылық
пен ата дінімізде, әдет-салтымызда жатқандығы күмәнсіз.Текті тұлға
тәрбиелеп жетілдіру және қалыптастырып бекіту,тәжірибесі де,ілімбілім де қазақта бар.
4§. Кісі қалыптастыру қазақ жолы
Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай-күйі бойынша
ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің
шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы
гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген. Кемел шақ – тұлға өмір
жолының шырқау шыңы,әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты,
сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезі. Бұл жас кезеңінде кәсіби
тәжірибе және адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады.
Тәжірибесін ары қарай беру қажеттілігі «шәкірт жасау», ізбасар арқылы
іске асырылады.Қырқыншы жылдардың дағдарысын еңсерген адам
үшін көкжиек кеңейіп, өмірдің негіздемелері тереңдей түседі, жаңа және
алысқа апаратын мәселелер пайда болады. Өмір қызықтырақ бола түседі,
күнделікті проблемалар кейін ығыстырылады. Енді ауқымды ісәрекеттерді жоспарлау мен ұйымдастырудың жалпы мәселелері көбірек
қызықтыратын болады. Жастардың өз өмірлерінің өктем сатысындағы
дамуын бақылай отырып, бейтаныс және терең қуаныш сезімін бастан
кешіреді. Бұндай жағдайда жастарға кеңесімен не ісімен көмек көрсетіп,
олардың ризалықтарын алуға болады. Бұл әсіресе кәсіби тұрғыдан жастарға білім берумен және олардың тәрбиесімен айналысатын адамдар
үшін маңызды.Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда болады;
мысалы, 35 жаста жақсы прокурор немесе белсенді басшы болуға
болады. Қырықтың қырқасына жеткен адам тұлғасына неғұрлым
тән белгілер ұмтылыстарының шынайылығы, өндірістік, отбасылық және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге асыру барысына баса көңіл
бөлу, өз даму кеңістігі үшін күрес, өз денсаулық жағдайына баса көңіл
аудару, эмоционалдық икемділік, тұрмыстағы тұрақтылыққа деген
құштарлық болып табылады. Адамның ересектік шақ дағдарысында
табатын құндылықтары – саналы болмыстың құндылық-тары. Кісі
аталатын адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп
мойындап, немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана
қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі
болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады.Қазақ
танымында кісі қалыптасу кезеңі былай сипатталады. Адам бірден
49

50.

өркениетті болмайды, ол үшін өзіңнің табиғи ерекшелігіңмен қоса,
көптеген адам өткен асулардан өтуің міндетті. Адам боламын десең, өз
ақыл сезіміңді дамытып, ненің болса да өз шешімін табуға талпын.
Кісі ақылы көтерер де түсірер, өз ақылың өлгеніңше жетелер. Адам
адамға жақсылық жасау үшін келген, бірақ осы «адамгершілік заңын»
түсінбейтін тас жүректілер мен соқыр сезімділер бар-ақ. Адамда екі
таразы болады: біріншісі сыртқы көз таразысы, екіншісі ішкі көңіл
таразысы. Осы екінші таразыға ерекше мән беріп түсінбесең, тебіренбесең, өмірде өлшемдес әрекет жасай алмайсың, ал бірінші көз
таразысынан сүріне бересің. Текті тұлға-қазақ ұғымында КІСІ
делінеді.Мәселен, Т.Тәжібаев: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен
саналы іс- әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі,өзін
басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген
ересек кісі”-деген.Текті жанның кісі болу жолы, қалыптасу сатылары
мен кезеңдері тәрбиелеу қазақ ілімінде жан-жақты қарастырылған. Жаңа
тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін
ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен
солын, өзінің менің басқа, мендерден, адамдардан ажырата білуі
тиіс. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір
тәжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен
дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды КІСІ деуге
болады. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық
пен адамгер-шіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде
біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік кескінкелбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі
болады. Оның жаман, жақсысы,көргенді, көргенсізі т.б. түрлері
бар.«Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б.Ливехуд, - адам барлық
психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы рухани болмысты
жаулап алуға немесе жеңуге болатын күштерге айналатын рухани
шындықтар әлеміне тап болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын,
феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа кездесулерімен жаңа
ландшафт ашылады, алайда, олар даму сатысының басында үнемі
жағымды ғана бола бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы
(қытай мәтелі бойынша, даналыққа жету сатысы) қырқыншы
жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста басталады. Бұл орта мәнде әрбір
жеке жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ даму орын алады»
[1. Ливехуд Б. Кризисы жизни – шансы жизни. Калуга, 1994. С.77. ]
Адамтану қазақ ілімінде: кісі- үш жастан (текті жан) қырыққа дейін
қалыптасып,жетіледі.Қырық жас-қынынан суырылған қылыштай
50

51.

жарқыраған,ақыл-естің толысқан,қүш-қуаттың молайған,өнер білімнің
өрістеген мезгілі. Қырық жас-Мұхеммед (с.у.с.)-ға пайғампарлық қонған
жас,Алла Тағаланың адам денесін өз қолымен саз балшықтан илеген
уақыты.Ер жігіттің қамал бұзар толысқан жасы. «... Отызға келдімалтайы қызыл түлкі болдым;қыран бүркітке алдырмадым,құмай тазыға
шалдырмадым,қатар құрбының көңілін қалдырмадым.Қырыққа келдім
арғымақтай аңқылдадым,тау тасындай саңқылдадым,ақ алмастай
жарқылдадым,құз қыранындай шаңқылдадым ,барымды жоқ деп сарқылмадым.(Жетес би) А.Яссауи: «Пенденің кемел жасы – қырық.»деген. Ал,ғылым бойынша: Кісі - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы
толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам.
Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің,қоғамдық қатынастың,
қоғамдық сананың субъектісі болып табылады.Кісілік-жеке тұлғаның
кемеліне келіп, адами құлқы қалыптасып, адамгершілікпен атқарған ісәрекетінің көрінісі. Кісі нағыз адам болған тұлға. Оның нағыз адамдығы
игі іс-әрекетінен (адамгершілігінен) көрінеді. Ал адамгершілік жеке
тұлғаның мәдени деңгейін көрсетеді.Әдепке айналған игі іс-әрекеттің
әлеуметтік қалпы дәстүр болып, ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып,
өмір заңдылығына салтқа айналуы, оның халық санасына сіңіп, ұлттық
заң ретінде қолданылуы – салт-сана деп аталады. Халықтың салтсанасына сіңген “Кісілік” дәстүрінің мәдени рәсімдерін төмендегіше
саралап талдауға болады: Ұлы ғұлама әл Фараби “Тәрбиелеу жеке
адамның кісілігін қалыптастыру”, – дейді. Кісілік – жеке тұлғаның
мәдениетті іс-әрекетінің көрінісі. Кісі (кәмелетке жеткен адам) ұлттық
дәстүрге байланысты қалыптасқан мәдени нұсқаларды өз бойына сіңіріп,
іс-әрекетінде сол мәдениеттілікті көрсете білуге тиіс.“Адам болар
баланың кісімен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар” деп,
халық кісілік -мәдениеттілікті көрсететінін, кісілікті нағыз кісіден
үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-мәтелдер мен
шешендік сөздер – ұлттық мәдениеттің пешенелі белгілері. “Мың шыжбыждан бір сіз-біз артық” деп халық сыйласым – ұлттық мәдениеттің
негізгі тірегі екендігін уағыздайды. Кісілік: имандылық, салауаттылық,
қайырымдылық, перзенттік парызды өтеу, әдептілік өнерпаздық,
сыйласымдық, ата текті қастерлеу, бірлікшілдік рәсімдерінен қонақжайлылық, ар-намыстылық дәстүрлерінің рәсімдерінен айқын көрінеді.
Жеке тұлғаның таза жүруі,харамнан аулақ болуы, ар-ұятын сақтай білуі,
оғаш қылық көрсетпеуі, желікпеуі, не сөйлеседе салмақты, сабырлы,
қисынды сөйлеуі оның салауаттылық мәдениетін көрсетеді. Жеке
тұлғаның тек қана жақсылық ойлап, адам баласына ізеттілік,
51

52.

инабаттылық, сыйласым көрсетіп, жақсылыққа, әділеттілікке, ақиқатқа
сенуі оның имандылық мәдениетін көрсетеді.Тұлға - әртүрлі дәрежедегі
қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.Рухани
піріміз А.Яссауи кісі қалыптасу кезеңін өз өмірбаяны арқылы
қихметтерінде тамаша өрнектеп көрсеткен. Шығармадағы иедагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің
бірі - ол жас сипаттамалары:«Бір жасымда аруақ маған үлес берді,"Еқі
жаста пайғамбарлар келіп көрді.Үш жасымда шілтен келіп халім
білді,...Бес жасымда шариғатқа белім будым, Дін жолында ораза ұстап
әдет қылдым.» Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде
толық баяңдалумен қамтамасыз етілген:«Жазуменен жасым жетті
жиырма бес,Субхан ием, зікірменен көкейім тес. 'Көкірегімдегі
түйіндерді сен өзің шеш, Сол себептен хаққа сиынып келдім міне...Отыз
тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,Уә дариға, өтті ғұмырым, қане
тағат?Қанағатшыл хақ қасында хош сағадат,Қызыл жүзім тағат қылмай
солды, достар...», Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын
педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай
жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен
педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін
моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы
жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.
Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық,
ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық,
захидшілік (анықтық), ғаріптік. Ең басты түйін,дін жолындағы адам
қырыққа дейін қалай кісі болып(тақуа,дәруіш,сопы) қалай қалыптасатыны нақты көрсетілген. Ақтамберді жырау: «Бала берсе тезінен,
Пірлердің бітсе демінен, Шілтеннің тиіп шылауы, Артылып туса
өзімнен!» деп бекер айтпаған ғой.
Қазақ танымында кісілік ұғымы тым ерте қалыптасқан,тұрақты
түсінік. Қазақ ұғымында,кісі қалыптасуы оның жас ерекшелігіне тура
тәуелді.Оны жас ертекшелігін тану білімінен байқауға болады. Адамның
жасына байланысты атаулар.
1 жасқа дейін – шақалақ,нәресте.Аяғын басып,тілі шыққанға дейінжандыбақа,2 жастан аяққа тұрып,сөйлей бастағанда-текті жан аталады.1 ЖАСТАН
10 ЖАСҚА ДЕЙІН – СӘБИ.1 ЖАСТАН 2 ЖАСҚА ДЕЙІН ҚЫЗ БАЛА – БӨПЕ,
ҰЛ БАЛА – БӨБЕК.2 ЖАСТАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН – БҮЛДІРШІН. 3 ЖАСТАН 5
ЖАСҚА ДЕЙІН – БАЛДЫРҒАН, БАЛАУСА.6 ЖАСТАН 7 ЖАСҚА ДЕЙІН –
БАЛА, БАЛАҚАЙ.8 ЖАСТАН 12 ЖАСҚА ДЕЙІН-ОЙЫН БАЛАСЫ, ЖЕТКІН52

53.

ШЕК. 13 ЖАСТАН 15 ЖАСҚА ДЕЙІН – ЕРЕСЕК БАЛА, ЖАСӨСПІРІМ.16
ЖАСТАН 19 ЖАСҚА ДЕЙІН – БОЗБАЛА, БОЙЖЕТКЕН.20 МЕН 30 ЖАС
АРАЛЫҒЫ – ЖАС ЖІГІТ, ҚЫЗ.30 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫ – ДҮР ЖІГІТ, АҒА,
ЕРКЕК, КӘРІ ҚЫЗ, КЕЛІНШЕК.40 ПЕН 50 ЖАС АРАЛЫҒЫ – ЕР ТҮЛЕГІ,
ОТАҒАСЫ, ӘКЕ, КӨКЕ, ӘЙЕЛ, АНА, ТӘТЕ.50 МЕН 60 ЖАС АРАЛЫҒЫ-ЖІГІТ
АҒАСЫ, САРЫ КІДІР ӘЙЕЛ.60 ПЕН 70 ЖАС АРАЛЫҒЫ - ҚАРАСАҚАЛ, АТА,
ҚАРА КЕМПІР, АПА, ӘЖЕ.70 ПЕН 80 ЖАС АРАЛЫҒЫ - АҚСАҚАЛ, АҚБҰРЫМ.80 МЕН 90 ЖАС АРАЛЫҒЫ-АҚ ҮРПЕК ШАЛ, АҚ ҮРПЕК АНА, ҚАРТ,
ҚАРИЯ.90 МЕН 100 ЖАС АРАЛЫҒЫ-СЕЛКІЛДЕК ШАЛ,СЕЛКІЛДЕК КЕМПІР.100 ЖАСТАН ЖОҒАРЫ - КЕЙУАНА, БАБА. МҮШЕЛ ЖАС.1- МҮШЕЛ -13
ЖАС (ЕР ЖЕТЕ БАСТАУ). 2 - МҮШЕЛ – 25 ЖАС (ЖІГІТТІК ЖАС).3 - МҮШЕЛ
– 37 ЖАС (АҚЫЛ ТОҚТАУ). 4 - МҮШЕЛ – 49 ЖАС (ОРТА ЖАС). 5 – МҮШЕЛ –
61 ЖАС (ОРТА ЖАС) 6 - МҮШЕЛ – 73 ЖАС (ҚАРТТЫҚ).7 – МҮШЕЛ - 85 ЖАС
(КӘРІЛІК).8 - МҮШЕЛ – 97 ЖАС (ҚАЛЖЫРАУ).9 - МҮШЕЛ – 109 ЖАС
(ШӨПШЕК СҮЮ).10 – МҮШЕЛ -121 ЖАС (НЕМЕНЕ СҮЮ)
*************
10 ЖАСҚА ДЕЙІН - ҚОЗЫ ЖАСЫ ДЕП ҚОЗЫ-ЛАҚ БАҚТЫРҒАН,
10 МЕН 20 ЖАС АРАЛЫҒЫН ҚОЙ ЖАСЫ ДЕП ҚОЙ, ЕШКІ БАҚТЫРҒАН,20
МЕН 30 ЖАС АРАЛЫҒЫН ЖЫЛҚЫ ЖАСЫ ДЕП ЖЫЛҚЫ БАҚТЫРҒАН
30 ЖАС - ОРДА БҰЗАР,
40 ЖАС - ҚЫЛЫШ ЖАС, ҚЫРЫҚТА ҚАМАЛ АЛАР
50 - ЕЛ АҒАСЫ, ЕРДІҢ ЖАСЫ
60 ЖАС - ПАЙҒАМБАР ЖАСЫ, АЛПЫСТЫҢ АСҚАРЫ, АЛПЫСТЫҢ АСУЫ,
АСҚАРАЛЫ АЛПЫС
70 ЖАС - ЖЕТПІСТІҢ БЕЛЕСІ
80 ЖАС - СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІ
*************
АДАМ БАЛАСЫ ТУҒАННАН БАСТАП, ӨСІП-ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАТЕРЛІ ЖЫЛДАР
БОЛАТЫНДЫҒЫН АЙТЫП КЕЛЕДІ. ОНЫ МҮШЕЛ ЖАС ДЕП АТАЙДЫ. АЛҒАШҚЫ МҮШЕЛ 13
ЖАС – БҰЛ АДАМНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ЕРЕСЕКТІК ШАҚҚА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ. ОЛ КЕЗДЕ ЕР
БАЛАЛАРДЫҢ ДАУЫСТАРЫ ӨЗГЕРІП, ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ БІТІМІ СҮЙКІМДІ БОЛА
БАСТАЙДЫ.ОН ҮШ – КЕЙБІР НӘЗІК БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПТІ, ӨЙТКЕНІ БАЛАНЫҢ
БОЙЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС КЕЗЕҢІ ЖӘЙІМЕН ӨТСЕ ҚАУІП ЖОҚ, АЛ КҮРТ ӨЗГЕРСЕ, КЕЙБІР
БАЛАЛАР ЖҮРЕК, ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫНА ҰШЫРАУЫ МҮМКІН ДЕСЕДІ. ОСЫНДАЙ МҮШЕЛ
ЕСІК ҚАҚҚАНДА: «О, ҚҰДІРЕТ, МЕНІ ОСЫ МҮШЕЛДЕН ҚАТЕРСІЗ ӨТКІЗЕ ГӨР!» - ДЕП АЛЛАҒА
ЖАЛБАРЫНАТЫН.ЖИЫРМА БЕС ЖАС – ЖІГІТТІКТІҢ АЛҒАШҚЫ САТЫСЫ. ОЛ КЕЗДЕ ЕР ЖІГІТ
БУСАНЫП, ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ ӨСІП, ЖЕТІЛІП, КҮШІ ТАСЫП ТҰРАТЫН КЕЗ.Бұл
мүшелде
де садақа беріп,, келесі мүшелгедейін аман-есен болайын деп ниет
етеді.Отыз жеті жас– адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам
жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана
да қарайтын кез.Қырық тоғыз жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі.
Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік
келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі.Алпыс
бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан
ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі. Жетпіс үш
53

54.

жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң,
жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс
айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.Сексен бес жас – бұл
мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген
тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында
«күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.Адамның
өмірінде әрқилы жағдайлар болады. Ол: үйлену, балалы болу, отбасының қуанышы
және мүшел тойлары. Мұсылман халқы тойдан қашпаған халық. Дегенмен
шілдехана мен мүшел жас тойлары – ол адамзаттың ең басты тойлары. Әр адам
баласы мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді. Бұл
мүшел жастың жалпы сипат-тамасы. Қазақтың кісі қалыптастыру ілімінде,адам әр
мүшелде адамшылықтың асыл қасиеттерін,биязы әдептің үлгілерін,мінез-құлық
сапа-ларын,қарым-қатынас амалдарын,еңбектің машық дағдыларын қандай
дәрежеде қалай игерілуі тиісті-лігін,өны өлшемдеп бағалау тәсілдері нақтылы
белгіленгін.Ол-олма дамудың мүшелдік кезеңдерінде, ауқаттану,киіну, сөйлеу, күлу сияқты әдеп қалыбы (нормалыры ) айқындалып,оны мұқият ұстанылу
міндеттенген. . Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да,еңбектің көбін
балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны, әулеттегі қолғабысы орасан зор
болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген
ғой.Әсіресе бақташылар мен бағбандардың, балықшылар мен дихандар үшін
балалардың көмегі шексіз еді. Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді
тікелей қатыстыру жолымен жүргіз-ілетін. Сондықтан, баланың жасына сай,
игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін
қасиетті борыш,әрі парыз болған.Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның
еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым,
қолұшым,қолғанатым, серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған
шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын.Қозы жас;қой жас; жылқы
жас;патша жас; аңдушы;қағушы;суқұяр: атқосшы;көрікші; соғушы; аутартар;
ескекші.т.б. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына
сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл
пішу,шөп шабу,егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен,қазақтар,
салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы:сірге
жинар,төстік қаптар, соғым бас,көгентүп жасау, пішен той,сабан той т.б. Қазақ
ұғымында ең қызық,ең бақытты,ең жақсы дәурен сүретін жас-30-ға дейінгі
жас.Алайда оның бір мүшел кезеңі балалық бал дәуренге тиесілі.Бірінші мүшелдің
алғашқы бес жылы уайымсыз,риясыз өмір кешетін,күл шашатын, ойын
қуатын,жерден таяқ жеп,мазақтамалар мен санамақ-тарға тілі әзер келіп, бал
тілімен басқаларды мәз ететін жас. Балдырған бал-бөбектер кімге де ермек,
әсіресе,ата-әже үшін тіпті орны бөлек.Сондықтан қазақтар: «Өз балаңды өскенше
асырайсың,немереңді өлгенше асырайсың» деумен қатар, немерені бауырға
басып,қолына алатын ғұрып қалыптастырған. Шөберенің өзің «ата баласы,осы
шаңырақтың кенжесі»-деседі. Қарашаңырақты сол «кенжелер» басып қалатынды.Бұл өмір қажетінен туындаған ғұрып болғандықтан салтқа айналған.Осылай
кезі келгенде бір-біріне демеу болу үшін,ата-әже немере-шөберені бауырына
салып, шаңырағына ие болатын ұрпағын тәрбиелеп дайындаған. Қазақта отау
54

55.

иесін,шаңырақ иесін дайындау тым терең ойластырып, зор мән беріліп,жүзеге
асырылатын үрдіс. Егер шаңырақ иесі дұрыс таңдалып, оңды дайындалған болса,
қартайған шағында қарттар шалқып отырып балалрының бақытына бөленіп,
қызығына батып,жасы келгенде бақиға армансыз,уайым-қайғысыз аттанатын
болған.Қазақ үшін «бар игілікті жасап-жасап,кәдімгі адам болып өлгеннен» артық
бақыт болмаған. Осылай кісі қалыптасу әр кезеңін мұқият қадағалаған халқымыз
оның рухани азығының берілу шанағын,биязы әдеп,көркем мінезді игеру
деңгейін,ақыл-ой,санасының тереңдігі мен зиялылығын үнемі безбендеп сынап
тексеріп отыратын сатылы түрде жүзеге асырылатын өлшеу-бақылау тәлімдік
тексеру жүйесін өмірге әкелген.Ол тәлімдік ұлтанды ұлт қағидасына негізделген.
Мысалы, қазақта:-бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті
атасын саралап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ
болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып
басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі.
Бұлардың сыртында,қазақ ғалым ғұламалары-ның, ойшылдарының ақынжыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық
тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап,терең түсініп, ұлағат еткендер ғана
КІСІ аталатын. Арамызда,ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ
шалып,әже аталса да,КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі
текті тұлға өңдеп жетілдіруде,тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі
екені жасырын емес. Екінші жағынан,ата-бабамыз,әр адамда адамшылық мінезқұлық,парасат-пайымның қалыптасу дәрежесін танып-біліп, өлшеп безбендейтін
арнаулы тетік,сынау амалы,бағамдау жобасы,бағалау өлшемі болған.Оны өзге емес
ең әуелі өздері керектеніп,өмірлік ұстаным болдырған. Сыншы, тәуіп,көріпкел,
білгірлердің алдынан өтетін.Ақылмандардан бата алу дәстүрі қазақта осы негізде
қалыптасқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бақытын өзі жасауы
керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез
келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана
бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза
болады" деген.Абай бабамыз,он бесінші қара сөзінде:егер өзіңе мұқият,есті кісі
болғың келсе,өткенге ой жібер, еңбегіңнің өнбегін біле жүр, «күніне бір
мәрте,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір,өзіңнен өзің есеп ал»
дейді.Ал,ата-бабамыз: -Әр нәрсенің өз оқуы бар,өз әдіс-айласы бар, еп-икемі,жолжорасы бар дейді.Мұның бәрі бүгінгі күнгі сіздердің білім беру,тәрбиелеуде оны
игерілу дәрежесін анықтау технологиясы және безбендеу көрсеткіші (критериі)
бар дегенге саяды.Айталық қазақ 3-13 жас арасында бала ұлттық биязы әдепті
игеріп машық-тануға тиіс деп көріп,әулеттегі тәрбиеде осыған басымдылық
берген. Егер осы шақта ұлттық биязы әдеп машық-дағдысын игертпесең бала
өздігінен ізденіп,өзіне ұнаған ұлт әдебін игеріп алады.Оны қайтару қиынға
соғады. Биязы әдеп пен жібек мінезді «қайта тәрбиелеу» оңай емес.Осы күнде
отбасында,балабақшада,мектепте бұл тұрғысынан орны толмас олқылық жіберіп,
киіну,ішіну керек десеңіз сәлемдесудің өзінде көргенсіздер көбейіп, әдепсіздер
молайып кетті.
Сәби өмірге келген сәтінен бастап, айналасын,қоршаған ортасын тани
55

56.

бастайды, үнемі «ғылыми жаңалық» ашады.Осы ғылыми жаңалық ашудың сәбиге
тән әдіс-тәсілі болады. Сәбидің жасы қосылған сайын осы әдіс-тәсілдерлің
саны,шанағы,дәрежесі үнемі артып отырады.Кейбір әдіс-тәсілдер бекіп,машық
дағдыға айналады.Олай болса балаға білім беру,оны тәрбиелеу,дамыту дегеніміз
олардың «ғылыми жаңалық» ашып,зерттеу машық дағдысын жетілдіруге көмек
көрсету,қолайлы жағдай туғызу.Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып,
нұрлануы шарт.Көкірек көзі ашылу басталып,ақыл көзі айқындала түсу керек.Бұл
оқу-тоқу жасалмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы
қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15
жаста толық қалыптасады.Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін
қалыптастыратын арнаулы ойын-ойынщық,тақпақ,жаңылтпаш,жұмбақ (оның өзі
бес бағытта), ертегі, есеп,әңгіме бар болған.Хат танытып,жазу сызу үйретпесе де
олардың зердесін ашып, көкірек көзін оятатын,тамаша құралдары оңтайлы әдіс
амалдары жеткілікті еді.Бұларды жинақтап, іріктеп, эерделеп, отбасында,
балабақшада,мектепте оқытып үйретіп,пайдаға асыруымыз қажет ақ.
Қазақтың хас дәстүрі-Кісілік.(Адам- ұғымы араб сөзі негізінде
қалыптасса,кісі-түрік сөз тіркесіне байланысты туындаған ұғым) Кісілік - адам
болып өмір сүрудің жоғары деңгейі. Қазақ адамгершілігі биік, ағайын-бауыр, досжаран арасында, жалпы қоғамда беделді адамын "жақсы кісі" деп
сипаттайды.
Кісілік жақсы адам ұғымынан жоғары деп ойлаймыз.Жақсы адам өзіне, шағын
ортасына ғана жақсылық жасауы мүмкін. Ал кісілікке өзі мен туған-туысқандарының қамын ғана емес, бүкіл қоғам мүддесін көбірек ойлаған адам жетпек. Бұл
оның адамгершіліктік сипатын көрсетеді. Мал жинап, кісілікке жету мүмкін емес,
дәулет қолдың кірі Жалпы алғанда табиғат берген ақылды даналықпен,
көргенділікпен және мейірімділік, жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық
секілді жақсы қасиеттермен үштастыра білген адам ғана кісілікке жете алады деуге
болады. Қазақтың "кісілік" ұғымын қазіргі "тұлға" сөзімен пара-пар ұғынуға
болады.Қазақ ұлт өкілі-КІСІНІ өмірге дайындауда,қазақ халқы телегей теңіз ойпікірлер мен ұғымдарды өмірге әкеліп,асқар таудай айбынды да,асылкөзқарастарды жинақтады,нелер ілімдер мен ұстаным қағидаларын қалыптастырды.Амал нешік,оның бәрін, толыққанды түрде басшылық етіп, «Кісі»
қалыптастыру барысында жүзеге асыру мүмкіндігі толығымен бола қоймады.
Алайда,осы ұлағатты мұраның пайдаға асып,бағы жанған ордасы-қазақтың
әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын.Қазақ педагогикасының туып
қалыптасып,дамып жетілген,өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол
мектептің басы-Ана мектебі-күні бүгінгі дейін жалғасын тауып,қызметін атқарып
келеді.Тәрбиелеу қазақ ілімінің ең елеулі бір заңдылығы баулу іс-әрекеті-бір ізді,
сабақтас әрі жүйелі болу керек.Осы заманғы отбасында, балабақшада,мектептегі
тәрбиелеу ісінде жүйелілік жоқ.Әр сатылы мектептің әр сыныбына аталмыш оқу
жылында биязы әдеппен жібек мінездің қандай үлгілерін ұқтырып үйретіп,келесі
сатысында қандайын үйретуге тиісті екені белгісіз, жоспарсыз, бағытсыз,есепсіз
күн кешуде.Үйретіп ұқтырғанымыздың қаншасы қай оқушының бойына
қаншалықты сіңгеніне бағам жасауға тіптен дәрменсізбіз. Солай бола тұра, «биязы
әдеп-адамшылық айнасы», «жібек мінез-бақытқа жету бастамасы»-деп сарнаймыз.
56

57.

Тәрбиенің сабақтас,үзіліссіз екенін білеміз,алайда он күн немесе екі ай каникулда,жазғы демалыста болған оқушылардың тәрбиесінде қандай өзгеріс болғанын ескеріп елеп,пайымдап байқайтын ата-ана да,тәрбиеші, оқытушы мұгалім де
болмайды,болады-ау, «қызымыз,ұлымыз,биыл әжептәуір ержетіп немесе бойжетіп
қалған екен,аллаға шүкір деуден аспаймыз.»Бар сылтауымыз,
тәрбие –ұзақ
уақытта жемісін беретін,әр кезеңін бақылауға келмейтін ерекше құбылыс.
Ал,тәрбиелеу қазақ ілімінде адамның даму кезеңдерінің әр сатысында (мүшелі
жыл,атаулы жыл,елеулі шақ,ерекше мезгіл т.б.) оның адамшылық деңгейіне,жан
қазынасының шанағына,өнер-білім игеру дәрежесіне үнемі мән беріп,
безбендеп,өлшеп отырған. Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму
кезеңдерін, қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат
беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім, көрсететін үлгіөнеге, игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып, өте орынды тәсілмен жүзеге
асырылған. Қазақта: «Таңертең төрт аяқпен,түсте екі аяқпен,кешке үш аяқпен
жүреді.Ол кім?»-деген жұмбақ бар.Мұнда адам ғұмырының үш кезеңі жасырылған.Осы тәрізді адам жан дүниесінің ішкі сырынан бастап,жас ерекшеліктерінің
сипаттамасын өте айқын айтып келген.Әрі сол негізде тәрбие құралдарын таңдап
алып,әдіс-амал,тәсілдерін ұсынған.Қазаққа; тәрбиенің нәтижелі болуы үшін
адамның жас ерекшелігін жете білу қажет болған.Қазақ ұғымында адамның жасы:
балалық,ересектік, қарттық болып үш кезеңге бөлінеді. Қаныш атамыздың сөзімен
айтқанда: біздің «академик–әжелеріміз» тұқымның жатырдағы дамуын былай
сипаттайды:«Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп
аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік басым.
Жүктіліктің жетінші күні «көбік» деп анықталады. Мұнда адамның көбіктен
жаралады деген көзқарастың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде
ұйығанға айналады деген ұғым бар.Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың
материясы қалыптасады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың
шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда шарана адам
әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни балаға жан
кіреді(кім,қайдан әкеліп салады?). Жеті айда шақалақ атануға дайын.Сегіз айлық
шарана өмір сүрмейді.Тоғыз ай,тоғыз күнде жарық дүние есігін ашады»Адамтану
қазақ ілімінде текті жан –толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу
үшін дамудың көптеген сатыларын басып, кезеңдерінен өтуі тиіс.
Алғашқы кезең – 5 жасқа дейін Бұл шақта балаға патшадай қарау
керек. Тыйым салу орнына, көңілін басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз.
Егер тәртіп бұзса, қабақ түйіп, қорқытқан түр жасап көріңіз. Мұндай
«тілді» балалар жақсы түсінеді. Бес жасқа дейін баланың өмірге
қызығушылығы артып, әр нәрсеге көңілі ауып, жаңа дүниені тануға
құмар болады. Бұл шақта баланың логикалық ойлауы әлі толық жетілген
жоқ. Мәселен, қымбат ыдысты сындырып алса, оны сатып алу үшін көп
еңбектеніп, ақша табу керек екенін түсінбейді. Сондықтан, жазалауды әр
істен тыю және күш көрсету деп қабылдайды. Демек, оған ыдыс
57

58.

сындырмауды
емес,
өзінен
күшті
адамнан
қорқуды
үйретесіз.
Екінші кезең – 5 пен 10 жас аралығы Бұл кезеңде бала мойнына
міндеттер жүктеп, орындауын қадағалау керек. Атқармаған міндеті үшін
жазалауға болады, бірақ ұрып-соғудан аулақ болыңыз. 5 пен 10 жас
аралығында ой-өрісі дами бастайды. Бала әрбір жасаған әрекетіне
үлкендер реакциясын бақылауды үйренеді. Бұл оған дұрыс шешім
қабылдауды үйретеді. Үшінші кезең – 10 мен 15 жас аралығы Бұл
кезеңде оған өзіңізбен тең адамдай қарау керек. Маңызды шешім
қабылдайтын кезде оның пікірін сұраңыз. Жауапкершілік қасиетін
мадақтауыңыз керек. Өз пікіріңізді бұйрық ретінде емес, білдіртпей,
яғни кеңес ретінде айтуға тырысыңыз. Балаңыздың шешімі ұнамаса,
қатаң тыйым салу орнына, негативті нәтижесін болжап, түсіндіруге
тырысыңыз. Бұл уақытта баланың тұлғалық қасиеттері, өзіне деген
сенімі қалыптаса бастайды. Соңғы кезең – 15 жастан кейін .Оны сыйлап,
үлкен адам ретінде құрметтей біліңіз. Ендігі уақытта баланы тәрбиелеп,
өзгерте алмайсыз. Осыған дейін берген тәрбиеңіздің жемісін ғана көре
аласыз. Аталған қағидаларды ұстанбаған жағдайда не болмақ? Баланы
бес жасқа дейін ұрып, жазалайтын болсаңыз, белсенділігін басып, өмірге
деген қызығушылығын «сөндіріп», ой-өрісінің дамуына кедергі етесіз.
Қара күшке бағынуға дағдыландырасыз. Бес жастан кейін еркелетіп,
дегенін істеп жүретін болсаңыз, бала өспей қалуы мүмкін. Еңбектенгісі
келмей, рухани дамудан бас тартады. 10 жастан кейін баланы еркелетіп,
жаныңыздан шығармайтын болсаңыз, өзіне сенімсіз, біреуге тәуелді
болып өседі. Жалғыз қалуға қорқатын болады. 15 жастан кейін балаңызға
жеке тұлға ретінде қарамайтын болсаңыз, сіздің мұндай қарымқатынасыңызға ренжіп, іргесін аулақ салуға ұмтылады.Осы негізде
қорытылған иманипедагогикада мынандай қағида бар. «Балаңа бес жасқа
дейін патшаңдай қара,онбеске(он үшке) дейін қосшыңдай сана,онбестен
асқан соң досыңдай бағала!»
Шаруа отбасында тәрбие,үлгі-өнеге көрсету іс- әрекеті, әулет
пен тайпаның, рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз
еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа
отбасының қатынастар жүйесіне, еңбек қимылдарының ауқымында
жүзеге асырылатын. Өнегелер міндетті түрде өмір белестерінде өріліп,
тәрбие еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын. Мәселен
бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп,
шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл
бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты
58

59.

еңбегі еді. Қазақ ұғымында, азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.Қозы жасындағы бала онбеске толысымен отау иесі делініп,қозы
бағудан қой бағуға ауысады. Ол,жәй ғана солай ауыстыра салу емес,
үлкен оқу,мүқият баулудың нәтижесі. Қозы бағу оңай болмағанымен,қой
бағу тіптен қиын. Бүл жастағылар,ата кәсібін-маман иемденуі қажет.
Сондықтан,он бес пен жиырма бес арасын қой жасы деген.Он беспен
жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа жем
қылмай, жоғалтпай бағу,жауын-шашында,боранда аман сақтау, азаннан
қас қарайғанша жалықпай жанында болу,жалғыз жүру осы жастағы
адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой жасынан еті тірілер,
шыныққандар, сенімділер ғана өтіп,жылқы жасына ауысады. Қашан да
болмасын,жиырма бес жас- белдің бекіп, бұғанасы қатайып,өсіп
жетілген, тебіннің күшейген кемел шағы. Ат құлағы көрінбейтін боранда, түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында. Тұмсығына оқтаудай мұз қатқан, кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп
үйір-үйір жылқыға ие болу,күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста
жатып, жылқы отарлату,ұтылап тосатын,ұлып артыңнан қалмайтын
қалың қасқырға шалдырмай,екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай
сай жауға алдырмай жылқы бағатын, жиырма бес пен қырық жас
арасындағы жігіттер ғана. Жылқы жасындағы қазақ,ата кәсіптің ең
маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол жеткізуі тиіс.Бірер дарындылары,осы жаста атбегілік өнерін игерген.Қырық пен алпыс арасын
патша жасы деудің өзіндік мәні бар.Қырықты қазақтар әспеттеп, қынынан суырылған қылышқа теңейді. Себебі, осы жастағы өнер иелері өрге
жүзіп баршаға танымал болады, таланттылар атағы әйгіленіп, халық
алдында көзге түседі, шешендері билік жасап, бағалана бастайды.
Қазақта жыл қайыруды жас мөлшерін есептеумен қатар әр мүшелде
игеруге тиіс білім, білік, дағды-әдептің игерілу дәрежесіне есеп жасау
сынап қорытындылау өлшем мөлшерін тағайындап қойған.Дәлірек
айтқанда,КІСІ қалыптасудың кезеңдерін осылай белгілеп, қойылған
талаптардың орындалуына бақылау қоятын амал-айласын тағайындап,
оны қолдану жолын көрсетіп қойған. Бірінші мүшел-13 жас-балалық
шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады. Он үште-отау иесі деген
сөз бар.Бұл есеюдің басы. Ертеде әке-шешеден бірдей айырылған,
бірнеше балалар топтасып жетім қалатын жағдай да болатын.Егер,осы
балалардың ортасында он үшке толғаны жоқ болса,ағайын-туыстары
олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап бағатын.Балалардың біреуі он
ұшке толған болса,ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа шығарып,ол
шаңырақты не ұлға,не күйеу балаға бастыратын.Олар бауырларын
59

60.

асырап бағып,қатарға қосатын-ды.Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу
болмайтын.Балдызының алды 13-15 ке толған соң, оны отау иесі
болдырып,үйлендірген соң өз ата-анасына,еліне,руына кететін-ді.Он үш
жаста өз басын ғана емес,бір шаңыраққа ие болатын,бауырларын асырап
баға алатын дәрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған.Бұл
салт шығыс жұртының көпшілігінде болған.Осы дайындықтың игерілу
дәрежесін жыл сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып,сынақтан
өткізіп отырған. Мысалы,осы шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдастырған.Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін,алған біліміне
бақылау жасаған. Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны
алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан
өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік
толысу жасы.Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайраткүштің,талап жігердің алаулау жасы.Жігіттік шақ халық талқы-сына
түскен, жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығы-нан
болар,Жігіт сыны,қыз сыны, әйел сыны,жігіт сұлтаны,азамат байқауы,
додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі әйгілену, анықталу, шаралары өмірге келген,оларға қойылатын талаптар мен сынақтар жасалып,
оларды өткізу тәртібі, ережесі ұсынылған.Осылай жұрт тезінен өткен
жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын
қауымға көрсетіп,сынақ тапсырып отырған.«Жігіттің де жігіттік
ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан бар»-дейтін
халық,жігіт сынын әр кез,айтып,оларды тану жолын көрсетіп, бойындағы жаман мінез,сөлекет қылық, тұрлаусыз әдеттерін жойып отырған.Қазақта «жігіт сыны,қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды танып
білу ережесі,жақсы-жаман қыздар мен жігіттердің ішкі-сыртқы санасын,
мінезін, жүріс-тұрысын,ақыл-ой парасатын бағамдайтын өлшем қалыбы
да бар.Ұл және Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын,жырау жоқ.
Адамтанушы Шалақын (1748-1819);«Бір жігіт бар-құр жан,бір жігіт бартірі жан,бір жігіт бар-жігіт жан.Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны
бар,ешнәрсені бітірмейді;тірі жан дейтін бар тапқанын киімі мен асқа
сатар жақын көрген досын жатқа сатар,қызыл белбеу шонқима етік,үкі
тағып,әркімді бір сықақ қылар;жігіт жан дейтін жігіт-сегіз қырлы бір
сырлы болар.» Ал,қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі,Қыз
онбесте келеді түзелгісі,Аяғын көр асын іш деген сөз бар,Шешесін көр
қызын ал,сол белгісі.Уа,жігіттер әйел алсаң қарап ал,ақылдысын,Ол
сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың мақсатын ашып
берген.«Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы көрікті болады».
Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап,ой жүгіртетін,ақыл
60

61.

тоқтатқан, азамат атанған, «орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті,
нағыз жас қазақ. Осы аталған әр мүшелде,КІСІ қалыптаса отырып,белгілі
адамшылық қасиеттерді игереді,өмір заңдылықтарын танып біледі,
тәрбие көріп,тәлім алады.Ертеде өмір сүрген Қоныс батыр Қожабек
деген байдың қызы Тананы алмақ болады. Үлкендер құда түсейік десе,
олардың ақылына көнбей, қызға күшпен үйленгісі келеді. Бір күні Қоныс
жігіттерімен келіп, бір төбенің басына шатыр тіккізіп, Қожабекке кісі
жібереді. "Қызын берсе қолынан, бермесе жолынан аламын" дегенді
аңғартады. Сонда Тана әкесінің сасып отырғанын сезіп: "Батырға өзім
барып жауабын беремін", - деп бір топ қызбен төбе басында отырған
Қонысе көріп,тәлім алады.Ер оларды менменсіп қарсы алады.Тана қыз:Айттырар мырзамыз қымсынып отыр ма, әлде қырсығып отыр ма? - деп
тіл қатады. Қоныс батыр ашуланып:
- Сен қыз алдымды орап, арбамай, ақтық байламыңды айт, - дейді. Тана:Ашу-дұшпан лағынет,Сабыр ет, батыр, сабыр ет.Тоты құстай таранған,
Көз тояттар көркім бар.Семсерден өткір сертім бар,Соны айтайын
алдымен, Жігіт болсаң, сөз тыңдар. Мені ұнатқан жігіттің басты екі
қасиеті болуын қалаймын. Алдымен ақылдылығыңды, содан кейін
батырлығыңды сынаймын. Осы екі сыннан өтсең, мен сендікпін, - дейді.
Бұл шартты Қоныс батыр құп алады.Тана:- Ер жігіттің үш серігін, адам
бойындағы алты асыл қасиет пен үш асыл мінезді білесің бе? Өмірдің
арқауы, өркені, өзегі не? Тірліктегі үш байлық пен тоғыз жамандықты
айт, - деп сауалдар қояды. Батыр бұларды шеше алмайды. Сонда Тана
қыз солардың жауабын өзі төмендегіше шешіп береді:- Ер жігіттің үш
серігі:Айнымас адал жұбайы,Астындағы аты сапарлас болса ұдайы,
Шыңдалған ақыл-айласы,Шымырлап тұрса шынайы. Адамдағы алты
қасиет: Зерде - зейіні тылсым сырларды ұға алатын,Өнер - өрісі өмірден
әперер сыбағасын, Тапқырлық - талап, ерлігі дұшпанға найза сұға алатын,Жігер-күші - аяқтан шалғанды жыға алатын,Қайрат - қаруы қиындықта сыналатын,Білім қанаты - биікке бастап шығаратын. Үш асыл
мінез:Шыншыл болсаң - қол жетпес шыңда өскен шынарсың,Әділ болсаң - аңқылдақ, ізгілікке құмарсың, Адал болсаң - ақжарқын, жақсы іске
билік қыларсың.Өмірдің арқауы, өркені, өзегі: Адам өмір сүруі үшін- су,
от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді,
тұз астың дәмін келтіреді, ақыл –мәнін береді. Ханның ақылы тағында,
Әкімнің ақылы жанында,Ғалымның ақылы басында, Ананың ақылы
жасында,Жігіттің ақылы жақсылығында, Ақымақтың ақылы кім
көргеннің қалтасында.Тоғыз жауың тағы бар:Басты жауың - жалқаулық,
сорлататын жаныңды, Осалдығың - аңқаулық, соқтыратын саныңды,
61

62.

Жасқаншақ болсаң-ұры алар, қоралап қойған малыңды, Жалатқызбас
жасықтық -аузыңдағы балыңды.Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсың
арыңды,Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды. Көпірме босқа
мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды, Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды, Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды.
Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру, оның
тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты қалыптасады. Әрбір
КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді,
мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс болған. Егер адамның
түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған
ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді.
Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке
көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып
қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің
барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол
жан-жақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам қоғамдық өмірдің
барлық қарым-қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды
өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп,
өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан. Қазақ ауылындағы ешқашан желісі
үзілмеген ағайын-абысынның татулығы, үлкенді сыйлау, кішіні
ілтипаттау, келіннің сәлем салуы, өскелең ұл мен қызға жан-жақты
жанашырлықпен жасалатын тыйымдар адами тәрбиенің пәрменді тетігі
болып келеді әмбе келешекте де солай бола бермек. Мұның өзі ата-баба
дәстүріне қылау түсірмеген қазақы орта адамшылықтың мүлтіксіз
мектебі ертеден жұмыс жасағанын айғақтай түседі. Мысалы,қазақта:бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті атасын
саралап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ
болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны
ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәрежесіне көтеріле алмағандеп есептеледі.
Бұлардың сыртында,қазақ ғалым-ғұламаларының,
ойшылдарының ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен
аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске
сақтап,терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын. Айталық:
1.Жастықтың қадірін білу:жастық шақ–қайта айналмас алтын
дәуір,өнер-білім үйренетін, әрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей
аңсаған арманға жетіп,бақыт-байлық жарататын, арындаған, жалындаған,дәуір екенін шынайы ұғынып, және оны ғанибет біліп,жастық
шақты мәнді,мағыналы өткізуге күш салу. Жастықтың қадырін білууақыттың қадырін білу. Уақыт әрі сыншы,әрі сарашы,әрі қатал безбен.
62

63.

Қазақтардың сағат сатып алсаңда уақытты сатып ала алмайсың деп
ескертуі өте орынды. Уақытты босқа өткізбей, мәнді пайдалану үлкен
мәдениет.
2.Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық –
денсаулық»-деп, денсаулықты бәрінен жоғары қояды, денсаулыққа
ерекше көңіл бөліп,түрлі әдіс-амалдарды қолдана отырып, денсаулықты
қорғау,денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дәріптеген.Қазақтың
тұтынған,ішіп-жеген ас-суы,әрі табиғи, әрі өте таза болған. Тазалықты
ерекше дәріптеп,адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дәмді
аузына салмаған. Әрі жасына сай келетін тамақтар мен ауқаттанған.
Қарттарға жылы-жұмсағын,нәрлі жұғымдысын ұсынса,жастарға әл-қуат
берелік ,күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымыздың,екі
аяқ желігі бар»-деп,қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей
ашыған немесе бозаны ауыздарына да алғызбаған.Тамақты аузынан
шыққанша обырланып, қомағайланып алуды үнемі шектеген. Киімнің
өзін жыл мезгіліне сәйкес киіндіріп, «тоғыз қабатторқадан,
тоқтышағымның терісі артық» -деп,ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай
киіндірген.
3.Өмірдің қадірін білу;«Өмір деген –бұйым емес қолдағы, Өмір
дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем
демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./ «Өмірдің қызығын
көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан
қорықпау» /Дж.Неру / Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның
бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай
құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа
келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден
жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын
суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес,
долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп өзінің деген
жеріне жетеді.( І.Есенберлин.) Көз жетті. Біріне-бірі жалғасып келіп,
біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз
бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық
бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін
– армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің
өмірі жаңа ғана басталды.( Б. Бұлқышев) Өмір дегеніміз-баға жетпес
асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір
әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз
еркіміз. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам
63

64.

соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге
келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің
қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы,
яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір
ағынмен жүріп отырады. Бірде асау-толқындар кездессе, бірде жайшуақ
күндер болады. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір
мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге
қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір
дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы
өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де
өткізу керек.
4.Халықтың қадірін білу;Халық күллі бақыт-байлықтың
қамбасы, дүниенің қожасы екенін шынайы түсінуге тиіспіз. Халықсыз
қара жерде құлазитығын ұғыну.Көппен көрген ұлы -той.Елдің күші –
селдің күші. Жаңғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.Көпті
жамандаған көмусіз қалар.Бас жарылса бөрік ішінде,қол сынса жең
ішінде.Мұның бәрі халық үшін,елің үшін,Отаның үшін еңбек
етіп,баршаға пайдаңды тигізіп,ұлтыңа жан ашырлықпен, ұлжандылықпен қараудың қарапайым ережелері.Бұл асыл қасиеттер бала бойына
,жас шағынан,ана сүтімен сіңісіп,КІСІ болып қалыптсасу барысында
толысуы тиіс.Төртеу түгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса
ауыздағы кетеді. Береке бірлік қайда болса,ынтымақ игілік сонда
топтасады.Сондықтан халықтың қадірін білу ең маңызды қағида.
5. Ағайын-туыс,дос-жаранның қадірін білу; есейген әрбір
адам, ұрпағына,туыс туған,дос-жаранның көрсетер көмегін, тигізер
ықпалын,
демеу-сүйеуін жас шағында айтып,ескертіп, олардың
алдындағы борыш міндетін ұғындыру арқылы олардың қадір-қасиетін
бағалай алатын халге жеткізетін. Кешегі отағасы-әкеде суық
қабақ,отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы қарттарда ақылман абыздық
болған. Иә,кешегі отбас-ында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп
алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары,
жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты, дөрекілерді
жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі
болған.Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар тау,ана
қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке
әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында,әкенің
отырар орыны, жатар жайы,ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрібәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті
бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру
64

65.

керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары
кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен
өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана
болмас»,«Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін
үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ.Айтайын шын жүрекпен,Әке деген
ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!» Құрмет пен
ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес!
Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы
кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана
мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік қазақ халқында ерте
қалыптасқан әрі ауқымды-ақ. Туысқандық мейірім.«Туысы бірге
түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері
болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,
туыстың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында
қандық,тектік
қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай
білген.көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің
туымыз, ұранымыз. Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын
байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтере-тін, рухани дүниесін
байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен, адамның бірінебірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі, біріне-бірінің қалтқысыз көңіл
күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі. Ертеректе ел ішінде
Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет
шешенге замандастары:-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда
Әйтімбет тұрып:-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та,
екіншісі -амал достық.-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достық-тың өрісі
қысқа болады,адал дос қашан да жаныңнан табылады. Ал,амал досты
басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос
көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан
табылмайды».(Абай) А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын
Көбісін дос жасайды ақша, бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме,
Ахмет,бар болса егер баста миың.Әке-шеше,ағайын-туыс,дос –
жаранның қадырін білмеген ,олармен ынтымақтасып өмір сүре
алмайтын жандар КІСІ аталмайды.
6.Қолда бардың қадырін білу:айналадағы әке-шеше,ағайын
туыстың ғана емес ел-жұрт,қауым-қоғамдағы өнер-білімі асқақ,ойпарасаты өрелі,адамшылығы жарқын,мінезге бай өнегелі жандарды
қадірлеп,оларға сүйеніп КІСІлік қалпын игеру,солардың айтқанына
65

66.

көніп,үйреткенін үғу баршаға парыз болған. «Қолда барда алтынның
қадырі жоқ,қолдан шығып кеткен соң,өкіндім-ай»-демекші барында
естілер мен білімділерден естіп біліп,үйреніп қалу абзал борыш.Абай
атамыздың «Егер есті кісі қатарында болғың келсе,өткенге ой жібер,
«күніне бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір ,
өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не
ахиретке,не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен
өткізіппін деп ойжүгіртіп отыр» Қолда бардың қадырын білмеу ысырапшылыққа, мақтаншаққа, шашып-төгетін астамшылыққа апаралы.
Жеріміз кең,еліміз бай,ауылымыз бахуатты,жүртымыз асып-төгілген
дәулет ұстап отыр деп марқаюмен қатар,барға қанағат етіп,дұрыс
жұмсап,орынды жаратуды үнемі есте сақтаған, шүкіршілік жасаған адам
асып-таспйды,салихалы КІСІ болады. Қазақ халқы бүгінгі өз қамын
ойлаумен қоса ұрпағының келешегіне үнемі қам жеген,бар байлығын
соларға арнап, сақтап, қорғап,байытқан жұрт.Бар екен деп басқаға тартутарта бермеген,жер байлығын,ел байлығын қызғыштай қорыи отырып,үнемшілдік пен ұқыптылықпен игере білген.Ұрпағының бірі екеу
болу үшін,азының молаюы үшін барын салған.Қазақта, аш-жалаңаштық
,бас панасыздық,тақыр кедейілік тарихтың көп кезеңінде болған
емес.Ал,қырғын-жойғын,ашаршылық,тентіреушілік қатарлы зобалаңдар
жауларымыздың жасаған арнайы, сұмпайылығы,зымияндығы болатын.
Кәрілік жетпіс төрт жастан басталады. Қарттар-тарих, қазына,ел
қазығы.«Есік алды төбе болса,ерттеп қойған атпен тең. Ақылды қартың
болса, жазып қойған хатпен тең»,«Ақылды қария-ағып жатқан дария»,
«Қариясы бар үй-құты бар үй» екені ақиқат. Аталарымыз:«Жас кезімде
бейнет бер, қартайғанда дәулет бер» деп тілей. жүріп,қарттық келмей
қоймайтын табиғи құбылыс екендігін түсінген.Асыл қарттарымыз-ұлы
байтерек болса, біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге,қисықты тезге
салған,осы қарттардың жолымен талай ұрпақ тәрбие алып , өнербілімнің жолын тауып,шыңдалып жетілді,тасты тесіп өскен шынардай
заңғар да,айбынды қазақтар- бабалар сынығы, асылдар тұяғыХалық өз
ұрпағына қайрымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп тиісті талап
қою,дағдыландыру арқылы, оның тұрмыстық салтына,адамгершілік
дәстүріне енгізе білген.Адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі-қарттарға
қамқорлық көрсету болмақ.. Отбасындағы үлкеннің кішіге көрсеткен
қамқорлығы, кішінің үлкенге көрсеткен ізеті,бір-бірімен үйлесіп, баланың ата-анаға, әке-шешеге,өз кезегінде,оның бала-шағасына мейіршапа-ғаты ұласып,ер азаматтың еліне қызмет ету қайрымдылығының
қайнар көзіне айналады. Абыз ақсақалды, шежіре кеуделі анасы бар
66

67.

шаңыраққа бас сұқсаң,ашулы кітап, шашулы қазынаға тап боласың.
Мұндай отбасылар саны азайғанмен,Аллаһқа тәубә, жұрнағы үзіле
қоймаған,жалғасы жапырақ жайып келеді. Ал,100-120 жасқа келген
қазақтар бұрын да болған,кәзір де бар. Олар адамның ұрпақ сүю,немере
шөбересінің қызығын көру,бақытқа кенелу жас,абыз жас.Абыз жасына
жеткен кез-келген қазақ –адамтанушы.Ол жасты келешекте кім болатынын жазбай танып,батасын бере алатын болған. КІСІНІҢ аталған әр
кезеңіне сәйкес киіну,сөйлеу, тамақтану,жатып, отырып-тұру,өнер-білім
игеру,еңбек дағдысына баулу қатал ережелері-әдеп қалыптары бар еді.
Олардың тұрмыс-салтында игерілуіне мұқият бақылау қойылатын.
Үнемі сынап-байқап,безбендеп отыратын тамаша-сүзгілік таразысы,
қазақта болған.Осы бір салмақтау, безбендеу тетігіміз тым ортайып,
пәрмені бәсеңдеп,шама-шарқы әлсіздеп кеткендіктен,бетке салық, сүйекке таңба түсе бастады.Оны орнына келтіру баршамыздың борышымыз.
5§.Текті жанның көкірек көзін аша алсаңыз,ол кісілігі мол кісі болады
Жаратушы Құдай адам баласына жалған дүниенің жарығы - күнді,
алқара көк ормандар мен ақселеулі даланы, қарлы шыңдары аспанмен
таласқан тауларды, ағысы қатты өзендер мен толқындары тулаған
шалқар көлдерді, оларды мекендеген аңдар мен құстарды көрсін деп
басына екі көз берген. Дүниенің сыртқы түрін көретін мұндай көз аңдар
мен құстарда да, жан иелерінің бәрінде де бар. Адам болған соң олар бірбірімен өзара қатынасып, қауымдастық құрған соң оның тіршілік
заңдары-әдет-ғүрыптары қалыптасады. Әр нәрсенің сыртқы түрі, ішкі
сыры, мән-мағынасы бар. Өмір асау өзендей мың бұралып ағып жатыр.
Оның түбінде не бар? Міне, солардың бәрін көріп, тұсіну үшін бастағы
екі көз жеткіліксіз. Замана ағымын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын
көкірек көзімен ғана көріп, санаға салғанда ғана түсінуге болады. Қазақ
тарихында бастағы көздің орнын толтырарлық,оны жоқтатпайтын
көкірек көзі ерте ашылған қаншама ғұлама-кемеңгер, дана-ақылмандар
болғандығына тарих куә.Адамзат қауымы ондай адамдарға бай екендігі
баршаға мәлім.
Нәресте дүниеге келген сәтінен бастап, оның балғын жүрегінде
өмірге деген талпыныс орнайды Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім
әке тәрбиесімен ұштасып, ол көп нәрсеге қызығады.Есейген сайын
адамның білуге құштарлығы артып, таным көкжиегі кеңейе түседі.
Көкірегін кернеген асыл армандарын іске асыру үшін адам үнемі ізденіс
үстінде болады.Өзіндік дамуды мұрат еткен адамның көкірегі ояу,
дүниетанымы кең болады. Көкірек көзі ашық сөзі рухани өсіп-өнген,
67

68.

жетілген, кемелденген деген ұғымды білдіреді. Халқымыз білімді,
саналы, парасатты адамды – көкірегі ояу; сезімтал түсінігі мол адамдар
– көірегі жүйрік; терең ойлы, зерделі адамды – көкірек көзді; кең
пейілді, жомарт, адал адамды – ақ көкірек дейді. Көңіл-күйі, сезімі, ішкі
жан-дүниесі бай адамды көкірек сарайы кең деп сипаттайды. «Кең
сарай,көкірегім дала желдей. Кеудесі жақсылардың алтын сандық,»
«Ілімге толса көкірек, Ашылар көзі санаңның». «Бойда қайрат, ойда көз
болмаған соң, айтпа сөз (Абай) Көкірек көзіңді ашар иманың мен
пейілің, әділ сөзің, сезім, санаң.(Яссауи) Қазақ
халқының ұлы,
ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып,
«бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында
тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген
Қазақ ұғымында көкірек көзін ашу да,үлкен өнер,ашатын да өнербілім.Қазақтың жазу-сызуы жойылып,жаппай сауатсыздық жайлап,
қараңғылық пен надандыққа бой алдырған дәуірі болған.Сол бір заманда
жұрттың көкірек көзін ашатын негізгі құралы өнер,өмірлік білім,сенімі
болған еді.Фараби бабамыз: «тәрбие-білім-білікке негізделген өнер
арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз
арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа
белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...» Қорқыт Ата бойынша:
«Тәрбиелеу дегеніміз үлгі өнеге көрсету, әдеп,өнер ұқтыру. Өнердің
алды-әскери өнер және музыкалық өнері»-дейді.Өнер білім арқылы
адамның көкірек көзін ашудың амал айласын,құрал-тетігін қазақтың
барлық ұлық-ұстаздары,ақылман-ғұламалары өте ашық айтып,дұрыс
көрсетіп кеткен.
Жеке адам ғана емес, ұлттар мен ұлыстардың парасаттылық
дамуы да осы көкірек көзінің ашылуына байланысты.Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене бастағандығын оның барынша қоғамдағы
рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп соларды жетілдіріп,
өркендету жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең
адамгершілік принциптерді көкке көтере бастағанынан, аңғаруға
болады.Бұл тұрғыдан алғанда Абай заманында қазақтың қай деңгейде
болғаны айтпасақ та түсінікті. Мешеуліктің басты бір себебі қара
танымаған көзде ғана емес, құлақтың құлқында деп білген ақын сол мінді
түзетуге күш салды. «Көңілсіз құлақ, ойға олақ» деп дүрыс тыңдай
білмеген адамның не жақсы, не жаман екенін ұға алмайтынын, құлақ
көңілді болмай санаға сәуле түспейтінін, көкірек көзінің ашылуын
қиындатып, ойлау күшін тежейтінін оңай жатталып, жадында жақсы
68

69.

сақталатын асыл сөзбен еске салды. Ала білу мен бере білуді тең ұстау,
зорлық-зомбылыққа қатаң тыйым салған әділетті қоғам болу үшін оның
әрбір мүшесінің көкірек көзі ашық, жақсылыққа құштар жаны ізгі болуға
тиіс. Сондықтан да Абай: « Атымды адам қойған соң, қайтып надан
болайын» деп кесіп айтқан. Адам болған соң оның надан болуы
кешірілмес айып деп білген. Жаратушы құдайынан тілегені, бар арманы
туған халқының көкірек көзін ашып, надандықтан құтқару болған.
Ұлттың адамзат көшінде өзіне лайықты орын алып, замана талабына сай
өркендеуі үшін белгілі адамдар тобының надандықтан құтылып,
парасатты азамат болуы жеткіліксіз. Ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі
үшін оның ұлттық сана деңгейі көтерілуі шарт. Жалпы ұлт жетілмей,
қараңғылық тұманы басып тұрғанда талаптылардың көбін сол тоғышарлық құрдымы тартып кетеді. Осыны көкірек көзімен көре білген ақын
«халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» деп күйінішін айтып
кеткен. Адаммын деп жүрген әрбір азаматқа ұлт деңгейін көтеру үшін
оның көкірек көзін ашуға қызмет ет деп өсиет қалдырған. Туған
халқының болмыс-бітімін бейнелеп, тайға басылған таңбадай көрсете
отырып, көкірек көзін ашуға бар күшін, өнерін жұмсады.
Қазақ үшін өнер де өнер-сөз өнері,саз өнері,ән-күй, жыршылық,
ақындық, шешендік, қол өнері басқа ұлттарға қарағанда өз ерекшелігімен өте биік дәрежеге жетуінің негізгі себебі ұлттың көкірек көзін
ашу қажеттілігі еді.Мысалы, саз бен әуен адам бойындағы мүлгіп жатқан
жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына тыныштық сыйласа, шаршағанда жүйкесін дем алдырып,ойына көркем пікірлер салады Ән - күй.
Бала бесік жырын тыңдап өсуі тиіс. Өйткені, алғаш рет баланың жан
сезімін тербейтін, рухани жігер беретін – халық әуені. Қазақтың ән күйлері сарынды, кең тынысты, шалқымалы болып келеді. Жанға
жағымды нәзік әуендер адамға эмоционалдық - эстетикалық әсер береді
Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге
түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір әуендер
мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да, адамның ішкі дүниесіне ағыла
құйылып, өзінше бір әлемге жетелеп терең ойға шомдырады. Мысалы,
қазақтың кейбір күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер
мен ондағы әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін,
жауған жаңбырдың тырсылын елестететін, көңіліңді сергітіп, керемет
ойға жетелейтін жұмсақ та нәзік әуендердің бар екені баршаға белгілі.
Отанды,бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне байланысты, адам баласын адамшылық пен имандылыққа баулитын музыка
мен әндерді тыңдау әрі айту ұлттық салтқа, айналып,жалпы халықтық
69

70.

сипат алуының тереңіне үңілсеңіз,оның жалпақ жұрттың жан сарайын,қөқірек көзін ашу талабынан туындағанын байқаймыз. Біздің
халқымыздың музыка өнері және оның адам сезіміне әсері мен қуат күші
жайында айтылған түжырымды ой мен татымды пікірлерінің бастауында
Әбу насыр әл-Фараби тұрады.Сан ғаламға негіз боларлық ой қалдырған
бабамыздың саз өнері жөніндегі«Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің
байсалдылығынан айырылған адамдарды түзетуге, қызба адамды
қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға қүдіреті
әбден жетеді» деген тұжырымы халқымыздың тэжірибесінде музыкалық
терапияның болғанына ғылыми негізі болары хақ.
Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі-өздерінің айналадағы адамдарға
деген қарым-қатындсын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік
басқа адамдармен карым-қатынасу арқылыы қанағаттандырылады. Бұл
қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі
ерекше. Әдебиет жасөспірімнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып
береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен
құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді.Ал музыкаадамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға
түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты
көңіл бөлу керек.Осы педагогикалық-психологиялық заңдылықты қазақ
халқы тым ерте аңғарған.Тілі шықпаған сәбидің жан сарайына жету әнкүй,әуен екенін жете сезінген олар,сылдырмақпен ойнатып,бесік жырын
айтатын,әр іс-әрекетін әнге сүйеп атқаруының түп себебі осында
жатыр.Бұл- дәлелсіз мақтанқұмарлық емес.Айталық.Ботасы өлген боз
інгенге басқаның ботасын қалай телігенін көрген шығарсыз.Өлген
ботаныің терісін басқа інген ботасының үстіне жауып,қыл қобызбен
сарнатып,телу күйің тартып,көс-көстеу жырын орындағанда шай
қайнатым уақытта,боз інген көзінен жас парлап,алпыс екі тамыры иіп,өз
ботасының терісін құшырлана иіскеген боз інген,бөтен інген ботасын өз
ботасындай танып,емізіп тұрады.Бұл ненің күші? Тұмса тұсақтың
қозысын тастап кететін немесе өз қозысынан өзі жеритін, кей жағдайда
қозысы өлген қойға сүті аз қойдың қозысын жағызғанда, аналарымыз,
әпкелеріміз, жеңгелеріміз «төйгелеп» қозыны алдыратын, телитінін
жақсы білеміз. Ол ненің құдеріті?Ән-әуеннің әсері.Жапония ғалымдары,күн көзіне еріп,күнбағыс табақшасы (алақаншасы) бұрылатыны
тәрізді кейбір гүлдердің музыкаға еріп бұрылатынын анықтаған.Ғылымы
шарықтап дамыған елде,ғылым жетістігін барлық орында ұтымды
70

71.

қолданатыны анық.Жапония мектептерінде,түскі үлкен үзілісте,келіп
музыка,ән-күй тыңдайтын,тақпақ өлең тыңдайтын,аудио кітап окытатын, үн таспа еститін арнаулы бөлме,кабинеттер бар.Кәдімгі өзіміздегі
шай ішіп,екі жапырақ балбауырсағын жеген адамдай,оған рахаттанып,рухани лаззат алған оқушылар,келесі сабаққа өте ынталы
қатысады.Оларда ата-аналар мен балалар бірігіп 100 тақпақ,өлең,жыр
жаттау деген ғұрып бар екен.Мұның бәрі адамдардың көкірек көзін
ашуға арналған шаралар.Сондай-ақ,тіл өнерінің құдыретін түсінгені
сонша,алғашқы мектепте шет тілін оқытуға тиым салып,кәзіргі жапон
тіліне қосып көне жапон тілін қатар оқытады.Әдебиеті де солай.Бұл
турадағы біздің жағдайымыз,айтпасада түсінікті ғой... Халқымызда ауыз
әдебиетінің ішінде ең көп тарағаны - өлең. Оның адам өміріндегі маңызы
туралы ұлы Абай былай деген:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең». Бұл жерде ақын
сөзінің өлеңге, өскелең өмірімізге тікелей қатысы бар. Ана әлдиі, бесік
жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында,
адамның дүниемен қоштасуы – бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның
бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның
жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуымен байланысты.
Бұларсыз адамның көкірек көзі ашылмайды,жан сарайы қуаттанып,
қоршаған әлемді тани алмайды. Ал,Қорқыт Ата өнерді игерсең,дәлірек
айтқанда,күй өнерін меңгерсең, ажалдан да құтыласың,болмағанда
ғұмыр жасыңды ұзарта аласың деп өсиет қалдырған.Осыны есте тұтқан
қазағым: «Рухтана шапқан казақтан ажал да сескенеді»-деген ғой!
Фараби бабамыз,музыка құдыретін жете ұғынып,халқына оны игертудің
амал-айласына қатысты тоериялық және пракиткалық оқулығын жазып
қалдырды.Алайда оның игілігін, европалықтар бізден бұрын көрді,бұл
оқулық Европада ешбір өзгеріссіз алпыс жыл бойы керектенілген екен.
Білім арқылы көкірек көзін ашу қазақ тәрбиелеу ілімінде тым ертеден
қалыптасып,оқу-ағартушылық филиософиясы арқылы ол даму жолын
тауып,әсіресе ХХ ғасырда ерекше табыстарға қол жеткізді.Ислам
өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы ғылым-білім,мектепмедіресе қатарлы оқу-білім ошақтары өте баяу болса да, оның көне
дамымаған түрлері келсе де, қазақ қоғамында жылжу болды,қазақтың
көкірек көзін ашу амал-айласына сіңісе отырып,өз орнын тауып
жатты.Соның бірі имандылық арқылы көкірек көзін ашу амал-тәсілі
71
Добавлено примечание ([П1]):

72.

еді.Мұның дәлелін Яссауидің ілімінен табамыз.
Яссауи философиясында көңілдің пәктігі ең басты шарт. Адам
рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы “қалб-и салим”
дәрежесіне жету қажет. Қалби салим болуды Құран аяттарында қалай
түсіндірсе, Яссауи де өзінің «Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу
сатыларын “дария”, “кеме”, “асу” символдары арқылы өте анық,
түсінікті түрде айшықтаған.Адамдағы көңіл материалды, яғни көзге
көрінетін, рухани, көзге көрінбейтін әлемдерді тұтастандырып, біріктіріп тұрады. Көңіл осы екі әлемде “төреші” болуы үшін өзін дамытып,
кемелдендіріп, шыңдап «көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир көзі
ғафлетте, “Батин көзі” ашылса ешқандай “перде” қалмайды. “Жан көзі”
— қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды. Сыр көзі-“фана”
мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы көреді. … Көңіл көзі
жарылмадан тағат қылса, Хақ дергахында қабыл болмайды”. Яссауи
үшін көңіл ішкі және сыртқы әлемнің орталығы болу үшін көзін ашу
қажет. Сонда ғана жанның да, тәннің де амалдары оң болады. Міне, көңіл
тән үшін де, жан үшін де өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, адамды
адам еткен оның мәні, рухы болғандықтан, сопылық философияда
көңілдің рухани рөлі тәнге қатысты қырына қарағанда әлдеқайда жоғары
тұрады. Сондықтан осы руханилығы жағынан өте нәзік сырлар мен
құпияларды хикметтер арқылы адамның адалдығын, мән-мағынасын
қамтамасыз ететін күш – көңіл. Алланың аманатын арқалайтын күш
иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл, ой, тіл, сана емес,
көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық табиғаты бойынша, жақсылық
пен жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман мен күпірліктің күрес
алаңы да осы көңіл. Көңіл сондықтан өле-өлгенше бір қалыпты бола
алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау, тізгіндеу, тәрбиелеуге мұқтаж.
Көңіл – айна. Оған Алла да, періште де, шайтан да қарайды. Періште
қарап кетсе, оған иман, ізгілік, игі амал, рухани хәлдер сыйлайды, ал
шайтан қарап кетсе, күпірлік, күдік, күмән, жаман амал, шахуат, әуестік,
менмендік ұялайды. Көңіл өз айнасына қарауға тек періштеге ғана рұқсат
беретін хәлге жетуге тырысуы шарт. Көңілді ондай халге жеткізу үшін
сопылықта негізгі әдіс – зікір, яғни, Алланың аты, заты, көмегі, қуатын
шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық, бақытқа кенеледі.Ал
көңілдің тыныштығы иманның артуына, бекуіне мүмкіндік береді. Сонда
ғана көңілдің перделері ашылып, көрінетін және көрінбейтін әлемдердің
сырлары аян болады. Барлық сырларды бүгіп жатқан әлем оқылуға
дайын кітапқа айналады
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған
72

73.

өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп
қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан.
«Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша
айтқанда, ұждан, орысша айтқанда совесть бар» дейді.Көкірек көзін
өнер-білім арқылы ашудың тамаша жолын көрсеткен ғұлама Шәкерім
атамыз еді. «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза –жүрек.Бұл
сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деген.Адамның ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің,
оқудың, білімнің, өнердің адамға тән ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық,
ой талаптың ортаға тигізер пайдасы, әсері, ықпалы туралы түбіне жеткізе
айтқан адам Ш. Құдайбердіұлы атамыз еді. Ол: Ынсап, рақым, ар-ұят,
сабыр, сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.Сабыр, сақтық, ой талап
болмаған жай, Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рақым, ар, ұят
табылмаса, Өлген артық дүниені былғамастан,-деп, адамның қоғамдағы
орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп жүк артады, мақсат міндет
қояды. Олардың орындалуына қажетті шарттарды, жолдарды да
нұсқайды. Мысалы : "Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз рахым,
мінсіз сөз, адал еңбек"! Шәкерім атамыз,жас ұрпақтың мінез байлығын
игеруде басты қағидасы болушы“Ар ілімін” былай тұжырымдайды:
Бірінші-әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші-ғылыми танымы
болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс-дейді, және оны үшке
бөледі:1. Мейірімділік.2.Ынсаптылық.3. Әділеттілік, міне осы үшеуі
бойында болған адам, нағыз “Толық адам” бола алады.Әлемді ақыл-ес
көзімен тану дегеніміз осы болмақ. Ғұлама,М.Ж.Көпеев:“1917 жылға
дейін қазақ халқының пәлен пайызы ғана сауатты болған”-дегендерге
айтарымыз:“Сауаттылық тек кітап оқи білумен өлшенбейді”...әдеттегі
адамда жоқ, ерекшені көру қабілеті бар әулиелерде, ...адамдарда...жануарларда «бәтін көз» бар,»- дейді және оны ғылыми негізде
дәлелдейді.Осы «бәтін» көзді ашудың жолын көрсетеді.Бұл бәтін көздің
адамға қажеттілігін саралап береді.“Айта- Керимеде-Алла тәбәрік
отғылы: “Ие ғалам лығып уалшаһадат”, – деп тұр. Оның мағынасы:
“Көрініп тұрған да ғалам бар екен”. Көрініп тұрған ғаламды: “Ғалам
лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ”- дейді. Көрінбей тұрған ғаламды:
“Ғалам лығиып, ғалам лимығына, ғалам ламир”-дейді. Олай болғанда,
көрініп тұрғанды: төрт аяқты хайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, бәрі де
біледі. “Көрінбей тұрған ғалам” мағынада –ғалам ламирде не бар, одан
адамға келетұғын қандай пайдалар бар? Соны білуге тырысу
73

74.

керек.Бұрынғы ата-бабаларымыз мұның бәрін білді. Бірақ артына нұсқа
қалдыруға хат жазу білмеген себепті ауыздары айтып кетті. Исі қазақ
деген жұрттың көрініп тұрғаннан басқамен жұмысы болмағаннан:
“Қазақтың жаны – азапта, Наданның жаны – тозақта!”, – деп зарлап кетті.
“Көзі соқыр – соқыр емес, Кеудесі соқыр -соқыр”, – деп қақсап кетті. Осы
сөздерді бұрынғы ата-бабаларымыз айтып кеткен. Сонда біздің осы
көрініп тұрғанменен ғана алданып: “Өзіміздің шешеден туумен кісі
болдық қой!”, – деп шолақ ойда қалғандғымызды білгендіктен бұл
сөздерді айтқан”.-деп,арнайы белгілеп көрсетеді.Осы көрінбейтіндерді
көріп біліп,тану үшін де бәтін көз керек-ақ. Ал,Абай атамыздың
«Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп
білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам
жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде Құдай Тағала хайуанның
жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан»/Абай. 2 том, алматы, 1995, 165 бет/, деген даналық сөзі бар. Абай
«дүниенің көрінген сыры» деп бізді қоршаған материалдық әлемді айтса,
«дүниенің көрінбеген сыры» деп біздің тылсым сырға толы рухани
әлемімізді меңзеп отыр Басымыздағы қос көз бұл көрінбесті қайдан
сезсін,ақыл көзі: Ілімге толса көкірек, Ашылар көзі санаңның. «Бойда
қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөз-дегендейін ақыл көзін ашутабиғи заңдылық.Көкірек көзі ерте ашылып,талай іліми жаңалықтар
ашқан қазақ ғалымдары мен ғұламалары бұрын да көп болған,кәзір де
баршылық.Ал,әлемде олардың саны мыңдап саналады.Ең тамашасы
олар бір ғана мемлекеттің,бір ғана ұлттың құшағына симайды,жалпақ
әлемнің мақтанышына айналады.Ал,көкірек көзін ашатын амалайла,әдіс-тәсіліне келсек,бүгінгі таңда,оқу-білім саласында орын алып,
тотырған «жалпақшешейлік»
саясатқа қарсы келетін ұстаным
бар.Ол,бойынша:«Жастардың көкірек көзін ашатын-өнер –білім екені
рас,алайда, бар өнер,бар білім,барлық жастың(барлық адамның) көкірек
көзін аша бермейді.Әрбір жанға тиесілі,әрбір жасқа қажетті өнер білім
бар.Оны дұрыс тауып,таңдап,талғамға сай,қажеттілікке сай адамдарды
қанағаттандырсаң ғана олардың көкірек көзін аша аласың!Себебі,ешбір
жанның көкірек көзін мәжбұрлеп аша алмайсың!»Бұл заңдылықтың
мәнін түсіндіру үшін екі ғана мысал келтірелік. Абай өлеңді жалпыға
арнап емес, сол жалпының ішінен бөлініп шыққан жалқыларға арнап
жазған . «Көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға үлгі беру үшін жазған.
Бұл сөзді тасыр ұқпай, талапты ғана ұға алатынын да ашып айтқан. Ол
өлеңін негізінен «көңілінің көзі ашық» сергек жастарға арнаған. Абай бұл жалғанда жалғыз ғана молшылық бар екенін, ол молшылық дегеніміз
74

75.

ақыл екенін жақсы білген ғұлама. Өйткені, жер басып жүрген жұмыр
басты, екі аяқтылар арасында менің ақылым аз деп мойындаған пенде
жоқ. Ендеше Абай сөзін олардың ақылын молықтыра түсуге, адасқан
тұсын көрсетіп, оң жолға салуға арналған деп қарастыру ләзім.
«Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,Наданның көңілін қойып, көзін
ашпақ.Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,Думан, сауық ойда жоқ әуел
баста-ақ...»Мен сияқты көркем сөзден еш хабары жоқ,тілі орамсыз,
жүрегіне жылылық тимейтін жанға Абай атамдай жүз ақынның не
сияқты тамаша өлеңдерін қанша жаттатқызсаң да нәтижесі аздау.Солай
бола тұра,сыбызғымен бір әуен тартқызсаң делебем қозып,көзім
жайнап,елең ете қаламын.Үш күн отырсам да,сыбызғыны,ас сусынсыз,жалықпай тыңдай аламын.Себебі,бала күннен,қозы жайып жүріп,
қурайдан сыбызғы тесіп,перне ойып әуестенгендіктен оның айтары
маған түсінікті, әрі қонымды.Біздің ауылда тұратын Жанат Түбекбайұлы
(1932) ақсақал өте қызық адам.Өзінің қолдан жасап алған қалақша бас
қара домбырасы бар.Анда-санда,үйінде,төр алдына сырмақты бірнеше
қабаттап жайғызып,беліне қабат-қабат жастықтан сүйеу қойғызып,
жайланып отырып алып,күй тартады ғой, келіп!Ол,үйге кім келіп,кім
кетіп жатқанында ақсақалдың шаруасы болмайды,ас-суды да каперіне
алмайды.(Күйді тыңдау үшін,көптеген адамдар ақырын кіріп,дым демей
келіп-кетіп жатады)Бір кезде,домбырасын құшақтап,жастыққа жантайып ұйықтап кетеді,ұйқыға бататыны сондай аузынан сілекейі ағып та
кетеді.Осы жайдың мән-мағынасын атайдан сұрауға ешкімнің дәті
барған емес.Ал,кей күндері, үстелге отырып,көзгілдірігін киіп,қалың
дәптерге бірделерді жазып отырады.Мен бір күні,осындай сәтті
пайдаланып,күй тартып,жазу жазып шұқшиюдың мәнін біле қоймақшы
болып,атаға:-Ата,қартайғанда,қағазға шұқшиып,көз майыңызды тауысып, неге әуреленесіз?-демесім барма.Атам,жұлып алғандай,тіке қарап:Сексеннің алтысына жаңа келдім,мені қартайып қалдың ғой дегенің не?
Қалыңдыққа хат жазып отырмын!-демесі бар ма! Бәйбішесі, келіндері,
немерелері отыр екен,бәрі ду күлсін Мен,шынымен тосылып қалдым.
Менің жағдайымды толық түсінген атамыз,ұзақ әңгіме айтып,талай
тамаша мен қызықтарды баяндады.Сөз соңында,қандай бір өнерді
игеріп,көкірек көзіңе бітіндей болса да,сәуле кірсе,білім мен басқа
өнерлер тым қиналмай-ақ қолыңа іліне кетуі ғажап емес.Сол,менің
санама саңылау салған осы қара домбыра ғой!Енді қартайған шағымда,
одан алыстау да,үнемі айналысу да қиын екен.Сондықтан андасанда,домбырамен осылай сырласатыным бар.Ол сырласудың соңы ойға
не сиқты қозғау салып,оны қағаз бетіне түсіріп қоямын,Мүмкін ұрпақ75

76.

тарым мұны да бір кездері керегіне жаратар.Атаның осы айтқан бір ауыз
әңгімесіндегі ой түйіні,менің бар ғұмырымда алған білімімінің жартысына пара –пар сезілген еді.Біреудің көкірек көзін ән-күй ашса,
екіншілерде қол өнер,би,сәулет-сән,сызу өнері ашатыны белгілі. Қазақ
қыздары кесте тігіп,керме керіп не бау есіп отырғанда,анықтап
байқасаңыз,олар қандай бір ән-әуенге ілесіп,көңілі көтеріліп ,арманы
асқақтап ,қол еңбегінен ләззат алып шалқып отырғанын көресіз.
...Менің Санат Қабдыразаққызы(1960) деген қарындасым, орталау
мектепті бітіріп құрылысшы мамандығын игеріп,әрлеуші болып
істеді.Оның бойында ерекше талант бар.Ол ою ойып,тұскиіз сызып,
неше түрлі алаша,төсек жапқыш,төсек сырмақ,сырмақ, текемет тігетін.
Олай істеп жатқанын көрген жұрт таңданатын бір нәрсе:оюды
ойғанда,түскйізді сызғанда не циркуль,не қарындаш, қалам,сызғыш
керектенбейтін:-солай бола тұра барлық ойған-сызғаны симметриялы,
тең өрнекті,көркем шыға келетін Өрнек салып,мүйіз ойғанда қарамақарсы тұрғандары бір-бірімен бірдей айна қатесіз,компютермен көшіргендей шығады.Мұның сырын сұрағанда,ол:-Сендер жиһан университетін бітірдіңдер,мен апам университетін тамамдадым.Сендер жазусызудың не сияқты нәзік дәл өлшейтін тетіктері мен құралдарын
керектенесіңдер.Мен апамның сиясы мен шиді ғана пайдаланамым,деп,бізді тойтарып тастайтын. Шындығында,үш бұрыш пішінді ою
сызғанда матаны шаршылап бүктеп,шетін саусақпен шымшып басып
сындырып,шамалы шекер қосып езіп алған қой сүтіне шиді малып сыза
салады.Шеңбер сызғанда ғана үлкен шыны аяқтарды төңкеріп қойып,
ернеуін айналдырып шығады.Ақ киізге ою сызғанда шыбықтың ұшын
сәл ғана жағып тұтады да сөндіріп,сыза жөнеледі.Ақ кигізбен қара киізді
жеке-жеке-жеке ойып алып,ойыстырып қосқанда бір-біріне дәлме-дәл
қона қалады.Әжемнен бұл құбылыстың құпиясын сұрасам;мен түсіне
қоймайтын бір ілімнің шетін қылтитып
қана,қарапайым тілмен
сипаттап:-Бұл қыздың бастағы екі көзінен басқа,көкірегінде төрт көзі
бар.Солар арқылы өлшеп-пішіп отыр емес пе!Сенің нағашың Тоқайдың
ондай көзі саусағының ұшында,ол сондықтан,мүсінші –суретші болып
жүр,-деуші еді.Көкірек көзін білім арқылы ашудың өзінде де,әр адамға
тиесілі оларға тән білім бар.Мұндай білімді білім беру ғылымы озық
дамыған елдерде «ортақ білімнен» бөліп алып, «қажеттілікті өтеу,
көкірек көзін ашар білім»-деп жастардың қалауына сай үсынып
оқытады.Ал,бізде,ортақ білімді-жалпы біліммен ауыстырған социалистік дәуір мектебін, «жалпақ білім беретін,коммунистік мектепке»
ауыстырып әлек болуда.Ол білімдер барлық оқушының, барлық жастың
76

77.

көкірек көзін аша қоюы екі талай ғой!Білімге толса көкірек,Ашылар көзі
санаңның,Айтқан сөзің бармайды.Көңіліне наданның. Көкірегі
сезімді,көңілі ойлыға,Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда. (Абай)
6§.Әулеттік тектану
«Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер». (Асан қайғы) .
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «текті» сөзіне келесідей
анықтамалар берілген: «1) шыққан тегі бір, тұқымдас, тектес; 2) тегі,
шыққан жері жақсы. Текті жер – үлгілі, өнегелі ел, ауыл». Демек,
қазақта тектің физиология-лық тұқым жалғаудан бөлек, адам
ұрпағының сапалық белгілерін айқындайтын индикатор екендігін
аңғаруға болады. Ежелден, ата-бабаларымыз тектіліктің деңгейлерін
тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі, халықтың
тектілігі деп ажыратқан. Міне, дала философиясының қайнар көзі!
Ұлан-байтақ жерде туған көшпелі қазақ текті халық-мінезі кең,
көреген, сезгіш, естігіш. Қазақ жұрты,тектану амалын тереңдетіп,
жетілдіріп күні бүгінге дейін дұрыс пайдаланып келеді.Бұл құбылыс үш
жағдаймсен көрініс берді. Бірінші.Қазақтар «Адамның күні адаммен»
деген қарапайым қағиданы тіршілікте шынайы басшылық еткен.
«Сүйек сүйкеніп, жекжат жұғысып, туыс демесіп» күн көретіндіктен
адамдар бірін-бірі жатсынбай,біріне-бірі арқа сүйеп, өмір сүру қажет
екенін ұлы дала табиғаты, ауа-райы, өмір салты қазақтың сүйегіне
сіңіріп ұқтырған екен. Сондықтан да, туыстық-қандастық жүйені
тарата білу, саралай алу, тарихын талдау атам қазақ үшін өмір
талабы болған. Осы негізде әулет мектебінде оқытылатын негізгі
пәннің бірі-«Шежіре- тарих» еді. Бұл пәннің негізгі мақсаты;атабабасының кім екенін, олардың кімдермен достасып, кімдермен
жауласып, кімдермен қатар көрші тұрып, қандай қатынас жасап,
байланыста болғанын жас ұрпаққа ұқтыру еді. Өткен өмір - бәрі
сабақ.Ұрпақ үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды оқу.
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» дейтін қазақ туыстық
барлық бағытын тәптіштеп түсіндіретін. Төрт құбыласын тең көрген
қазақ,жастарға, өз жұртын, нағашы жұртын, жиендерін, өз ұрпақтарын толық білдіру үшін тамаша әдіс ойлап тапқан. Мысалы,
адамның төс сүйегінен бастап,санағанда қолұшына дейін 7 буын
болады.Осы жеті буынды әр атаға сәйкестіріп: иық буыны -әке;
шынтақ буын - ата; білезік буынын – баба; алақанбуын– ұлы ата;
саусақ
буын–ұлы баба(еліката); саусақ орта буынын-әзата
77

78.

(құланат),саусақүшы буыны-әз баба(жуажат) кімдер болғанын, оны
төрт жаққа таратып айтатын болған. Осы күнгі аға буын жас буын
деу содан ұласқан. Ататек атулары:
*Әке,ата,баба,ұлы ата,ұлы баба,әз ата,әз баба:
*Әке,ата,баба,ұлы ата,елік ата,құланат, жуажат,жегжат:
*Әке;ата;баба;ұлы ата; ұлы баба;тек ата,(тектін);түп ата
(тұқиян);(Кей этнографтар баланы атаға жатқызып жазып жүр.Олжаңсақтық.)Бұл ататек атаулары, әр өлкеде сәл бөлектеу болуы
мүмкін. Қазақта,ататегімді бес саусағымдай жақсы білемін,олар
алақанымда жазулы тұр деген мақтаныш сезімді білдіретін сөз тіркесі
бар.Себебі ататектің көпшілігі алақан аумағында орналасқан.Ал,жеті
атадан асқан соң,ағайының да жегжат болады,қыз алысып,қыз
берісуге руқсат деген түсінік бар.Алайда,рулас қазақтар құда болысқан
емес.Заузаттар атауы:
*Бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жүрежат,жұрағат.
Бұл үрім бұтақ,ұрпақ жұрағат атаулары қазақтың барлық өлкесінде
бірдей кездеседі. Қазақ,өзің мың жасамасаң да,ұрпақ жұрағаты-үрім
бұтағың мың жасайды дейді.
Түп-тұқиянына дейін жатқа білетін қазақ атамыз, тегін
таратқанда, олар кімдер болғанын ғана айтпаған. Әкесі ұлына кеудесін
нүсқап; бұл - сен, оң қолын - өз жұртын, сол қолың - нағашы жұртың,
сондықтан, әр буынға бір ата сәйкес келеді, баяндай бер дейтін.
Баласына ата-бабасын айтып қана қоймай, олар қайда қоныстанғанын,
нендей өнері, даңқы, атағы болғанын, дәулеті қалай болғанын, тіпті,
немен шұғылданып, руына несімен қадірлі болғанын айтып беретін
және қайырып айтқызатын. Бұлардың шаңырағы қазір қайда, кімдер
басып отыр, олардан тараған ұл мен қыздар кімдер, олардың алдында –
сенің міндетің, борышың қандай?» - дегенді де айтатынды.Әке
айтқандарын, бала жадында жаңылмай сақтау үшін ағайындар үш
шеңбер аумағында талданатын. Мұнда:бірге туғандар-бір әке
балалары; немере ағайындар (бір атаның балалары,); жамағайындар
(үш атадан қосылғандар, баба -балалары); қалысағайындар (әз ата, әз
баба балалары). Осыларды толық тоқып үйренген ұл мен қыз-жеті
рудың қамын жейтін халге жеткен.Рулар шежіресі жинақталып,
қорытындала келе тайпа, халық тарихы да жазылған. Мұндай тарихшежірелердің қолжазба түрінде сақталғандары мен қоса тасқа
78

79.

басылған, матаға жазылған, ағашқа ойылған, көнге шабылған түрлері
де бар.
Туысқандық мейірім,«Туысы бірге түтпейді,түбі бірге
кетпейді»,«Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды
қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ, туыстың ешқашан
қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік
қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.Қазақ болашақ
ұрпағын,үрім-бүтағын байланыстырған сүйек-жекжатына үлкен мән
беріп,бірін-бірі сыйлап адамдардың бір-біріне құштарлығынан қуат
алатын, жүректен көмектесіп, әдеттенуге тәрбиелеген. Туысқандық
мейрім-отбасындағы, әулеттегі ынтымақтың, береке бірліктің қайнар
көзі. Туыстық мейрімнің негізі адамның қоршаған ортаның сұлулығын
сүю,оны аялай білу сезімінің жемісі болумен қатар содан шыққан асқақ
көңіл. Дұшпандарымыздың осы бір қазақтың бауырмалдық. Ағайындықтың, туысқандық қасиетін жою үшін, оған таптық рең
беріп,қанаудың барлық түрі осының артында жасырылған деп жар
салуы тегін емес. Қандастық қайырымның қандай болатындығы соңғы
ширек ғасыр да дүние жүзіне жарқырап көрінгенде,пасық ойлы ондай
антұрғандар аузына құм құйылды! «Өзіңдікі өзекке тепсең де
кетпейді,басқаныкін басыңа көтерсең де оған жетпейді». «Қазақ
сұраса келе,қарын бөле болып шығады», «Тегі бірдің-түбі бір», «еншісі
бөлінбеген,барлығы-бір
алаштың
баласы»,
«Біріңді,қазақ,бірің
дос,көрмесең істің бәрі бос»(Абай)Бар қазақтың бір ата баласы
екенін,бір-бірін жатсынудың еш негізсіз екенін Шәкәрім де, шегіне
жеткізіп айтқан
Қазақ бала бойындағы ерекше қабылетті,ата тегі арқылы қонған
табиғи дарынды өте жоғары бағалаған. «Атасына тартып ақын
болыпты,нағашысына тартып әнші, әкесіне тартып күйші, анасына
тартып биші болыпты» деп,баланың икемі мен талабына сүйсіне
қараған. «Ата өнері-балаға мұра,ата кәсібі-бала нәсібі».Жас ұрпақтың
тәлім алып,үлгі-өнеге үйреніп,өнер ұғатын-ұстаздық ортасын,ағайын
туысын қадірлеп құрметтеу,олардың мейірім шапағатына бөлену бала
үшін таптырмас табыс.М.Шаханов: «Өз туған жеріңе деген
сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай
тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес». «Туған өкпеге қиса да,өлімге
қимайды». «Тұрман құйысқандай болмайды, тумаң туысқандай
болмайды». «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер»
Біздің текті арлы,айбарлы да,ақылман әжелеріміз бен аналарымыз Жан
79

80.

иесі жатырда пайда болысысымен,оны аялау, ананы құрметтеу үшін
өте ауқымды шаралар мен әрекеттер жасаған.Осының нәтижесінде
құрсақтағы жан иесін шарана шағында тани білген.Бұл ісәрекеттер:ырым-тыйым, рәсім-ұлағат аясында жүзеге асырылған.
А.Байтұрсынов: «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет»деген.Адал ниетпен жасалған ырымдар бізге жетті. «Аптасына бір
рет монша көрмесең,тәнің кірлер.Күніне бір рет адаммен сөйлеспесең
көңілді кір басар»-деген ұлағатты сөз бар.Адам көңілін жадыратып,
сезіміне сыр ұялатып, шалқытып отырса ол адамда өмірге деген
құлшыныс, тірлікке деген талпыныс туындайды. Әжелеріміз,
аналарымыз осыны жақсы сезінгендіктен өмірге келе қоймаған
шаранаға тумақ жерінің хош иісін, әсем үнін,таңғажайып тұлғасын
таныта білген. Мына ырымдар соның айғағы.Жүкті жас келінге ақ
биенің кешкі саумалын ішкізіп, көбігін жалатады.Жас ананың «Көңілін
көтеру» ырымын жасайды.Жастар келінге, салмақты, байсалды,
ырғақты ән айтып,күй тартып береді.Майда құм не тұз үстімен
жалаң аяқ жүргізеді.Айлы түнде суық суға шомылдырады.Бала ширақ
болады.Жүкті келініне көлделең жатқан жіп,арқан,бауды аттатқызбаған.Баласының кіндігі мойнына оралып қалар деп ойлаған.Жүкті әйел
шашын кеспейді.Бақ таяды,баласының бағы сөнеді,кемтар болып
туады, ғұмыры қысқа болып туады дегенге сенген.Екі қабат әйел
хайуанды теппейді,баласының арқасына жүн өседі,өзінің белі ауырады.
Бала өмірге келісімен жылы суға тұз салып шомылдырған. Жусан салған
жылы суға денесін батырып,хош иісті шөптермен сылап-сипап,денесін
созып, шынықтырып отырған.Келіннің ұйықтайтын отауын, төсегін,
сәбидің бесігін, құндағын арша түтінімен аластап тазалаған. Жусан
мен аршаның иісі оның туған жерінің иісі,оның жадында,көңілінде
мәңгілік сақталады. (Шетте жүргендер, сапардағылар туған жерінің
тасы, топырағы мен арша,жусан ала кететін рәсім осы ырымның
көрінісі.) Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді,
орамал салып алу керек.Жалаңбас болса, қайызғағын шайтан баланың
аузына салып жібереді. Бала есейгенде мәңгүрт болады,анадан безеді,
басына шығып-кемітіп сыйламайды,сөзін тыңдамайды,қиянат
жасайды .Қазақ анасы омырауын ашып бөгде тұрғой ата-енесіне
көрсетіп бала емізбеген.Бірге тұрғандар баласын шымылдық
аржағында емізген. Бұл ырымдар жас ана мен баланы мәпелеу,
қадірлеу, тәрбиелеудің мейрімді жолы. Бала есейе бастағанда туған
жеріне апарып аунату, кіндік қаны тамған жерін көрсету,кіндік кескен
жұртын таныту ырымы-оның туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту
80

81.

үшін жасалған.. Ертеден келе жатқан ырым бойынша белгілі батырлар
мен билерге, ақындарға,әнші–күйшілерге,атақты адамдарға баласын
ертіп апарып аузына түкіртіп алатын болған. Ондағы ойы баласының
сондай болсын дегені.Осындай ниетпен солардың аттарын қоятын.Бұл
ырым бүгін де кең етек алған. Қазақ өте ырымшыл, нанымшыл
болғандықтан. «Көз тиеді», «ібіліс-шайтан іліп әкетеді», «түсік
тастап қояды» деп жүкті келінді жұрт көзінен қағаберіс, жасырын
ұстауға тырысқан. «Бесікті үй берекелі» демекші, баласынан немере
сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіндері көп кешікпей
екіқабат болса,оны ерекше қамқорлыққа алып аялайды. Келіннің жүкті
кезінде мезгілімен дұрыс тамақтануына, үсті-басын таза ұстауына,
дұрыс демалуына, бойжазуына, ерекше көңіл бөліп, осылардың
орындалуына енесі, абысындары мұқият болатын-ды.Дәлірек
айтқанда, екіқабат келіннің тамақтану, демалу, жүріп-тұру, ережесі
болған,оны бұлжытпай орындату әулет мектебі ұстаздарының негізгі
міндеті болған. Екіқабат әйелдің ішкен асын сіңірмей лоқсу, шамалы
құсу сияқты ағзасындағы өзгерістен болатын ерекше құбылысты
жерік болу немесе жүрек айну дейді. Адамзат тарихынан белгілі болған
дай, пайғампарлардың, сахабалардың,даңқты патшалардың аналарының жеріктігі туралы аңыз әңгімелер тым мол.Қазақ ұғымы бойынша,
ол айтылғандардың барлығы рас, шүбәсіз сенімді.Сондықтан да, апаенелер,абысындар келіншектің неге жерік екенін,қашан оның нышаны
байқалғанын дер кезінде білуге міндетті болған. Әйелдің жеріктігі
әркімде әр кездерде әрқалай көрініс береді.Мәселен көруге жеріктік,
естуге жеріктік, иіске жеріктік, ұйқыға жеріктік, асқа жеріктік.
Осының ішінде асқа жеріктік барша халыққа тән.Асқа жерік болған
келіншектің көңілі қалаған, тәбеті тартып тұрған нәрсесін
зарықтырмай, барынша тез таттыру абзал.Сонда ғана ол қалағанынша жеп,«қанып» қанағат алады.Сонымен бірге әйелдер бойында
үнемі тықыршытып маза бермейтін:белгілі бір табиғат суретін
немесе оқыс оқиғаны бөлекшелеп көргісі келетін; құйқылжыған бір
музыканы немесе найзағайдың сатыр-күтірін естігісі келетін; ыс пен
түтіннің немесе гүлдің жұпар иісін жұтқысы келетін,жеріктіктер
бар.Қанағат тілеп тұрған әйел бойындағы мұндай жеріктік толық
қанып,ішкі құмары толық басыл-ғанда ғана оның денсаулығы күшейеді.
Сөйтіп өзімен бірге баланың «тұғыры бекініп» денсаулығы оңалады.
Алайда бір жерігі қанса да,екінші жерігі ашылып, жеріктің жаңалап
ауысып отыратын да жағдай болады. Мұны айнымалы немесе ит
жерік деп жатады. Жеріктіктің қанғаны дұрыс,нәресте нышанға оның
81

82.

кері әсері тимеуі керек. Жеріктіктің қанғаны дұрыс,нәресте нышанға
оның кері әсері тимеуі керек. Жеріктікті ауызға алған себебім,көзі
қарақты,көңілі алғыр әже-апаларымыз жеріктікке балап көп нәрсе
түйген, Жан иесінің жағдайын түсінген, оның келешегін болжаған.Қазақ аналары қасқыр етіне жерік болса, одан туған бала өжет,
батыр болады деген сенім бар. Мәселен: ХVІ ғасырдың белгілі
батырлары Орақ пен Мамайдың анасы Қараүлек әже былайша
толғайды:«... Мамайжан бойға біткенде, Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім» (23 жоқтау) Аю етіне жерік болған анадан туған
балалар:« Бір жұмысқа жұмсасаң, орнынан әзер қозғалады. Сараң сөзді
келеді. Жүргенде екі жаққа ырғалып, балпаң-балпаң етіп, аспай-саспай
жүреді. Есейе, ес біле келе, ешкімге де дес бермейді. Қаруы ақылына сай,
арыстандай азамат болып ер жетеді. Көзі жұмықтау, құлағы
шұнақтау келеді. Қол-аяғы балғадай, екі беті алмадай, шымыр денелі
болып өседі. Атағы жеті жұртқа жеткен, жетелі азамат болады. Бір
кемшілігі – қорқақтау, табансыздау болады. Дүйім жұрт жиналған
жерге көп байыздап тұрмайды. Үлкендерге, өзі теңдестеріне, тіпті
өзінен кіші адамдарға да қарсы келмейді. Күші қаптал жетіп, ойы орап
тұрса да, бір нәрсеге батылдық етпейді. Содан қарадай қашқақтап,
шегіншектеп, бойын сыртқа тарта береді. Әсте алдыға түсіп,
басқалардан қара озып жүгірмейді.Ал ашу-ызасы келсе, бәрін де тасталқан етіп, апырып-жапырып кетеді. Таудан тас құлағандай қопалқопал қылықтар көрсетеді. Жерді жарып, айқай салады. Әйтеуір бір
жақсысы, ондай мінез ұзаққа бармайды. Өзі сыйлап, жақсы көріп
жүрген әлдебір үлкен адам ақыл айтса болды, ашуын тежеп, айбарын
жоғалтып, тоқырап, тоқтап қалады. Егер осындай аю етінің
жерігінен туылған қыз бала болса, дене бітімі кесек, қол-аяғы ірі,
жалпақ бетті, жалпақ алақанды, жалпақ табанды, қалың етжеңді
ерінді, тана көзді, дана сөзді, дара мінезді еркекшора болады. Қаруқайраты ер адамдардан кем түспейді. Өзіне қарсы келген әйел болсын,
ер болсын, белінен бүктеп, алып ұрады. Қолы жомарт, ақшелек,
жарқын жағымды жүзді болады. Бір айыбы-қызғаншақ, ұрыншақ,
қылжақ сөзді жындыбастау келеді. Махаббатқа жауапкерсіз, дала
кезбелеу болады. Үй жұмысына сақ болғанымен жауапкершілігі аз
болады. Тамақ істеу, бала бағуға мойын бұрғысы келмейді. Ыдыс-аяқ
жаққа барса, салдыр-гүлдір еткізіп, бірін-біріне соғып, кемінде бір
кесені сындырып кетеді. Киімді олпы-солпы киеді. Жарасса да,
жараспаса да үстіне іліп алып, хан базарда, қонақта, тойда тартып
жүреді. Басқалар өзіне қандай көзбен қарайды, қандай баға береді,
82

83.

онымен есептесіп жатпайды. Бәрі өзіне дұрыс болса болды. Өз сезімі
қабылдамаған, басқалардың айтқан қандай да ақылын қабылдамайды.
Әйел адамдардан көрі ер адамдармен сырласуды, әйел адамдардың
жұмысынан көрі ер адамдардың жұмысын істеуді ұнатады.» көкқұмай, аққу,арыстан, жылан,құлан,ұлар етіне жерік болған аналардың
өмірге әкелген балалары туралы аңыз әпсана,ұғым-түйіндер мол-ақ.
Тектану амалы-тамаша тәрбие құралы
Қазақ халқының тектілік туралы түсінігінің мәні терең, өрісі кең.Барлық
құндылықтармен сабақтас ұлттық қасиетіміз тектілікпен беріліп,
тектілікпен өрілген. Бұдан ажыраған қазақта тұлға жоқ, барлығыда
көнеден бастау алған халық даналығымен сусындаған, ұлттың рухани
ұйытқысына айналған төл мұраның өрісіне аянбай қызмет етіп отырған.
Адамның ақылы мен дене күшін қатар талап ететін тарихи дәуірде адам
тану түгіл адамды тәрбиелейтін рухани дүниелерді ұрпақтың жандүниесінен шығарып, халықтың жан әлеміне жеткізіп отыру оңай нәрсе
емес.Қазақ ұлты тектілік ұғымымен адамды танудың, тәрбиелеудің,қорғаудың, рухын шыңдаудың тұлғалық деңгейдегі жолын
қалдырып отырған. Ұрпаққа тәрбиемен берілетін ұлттық ұғым адамның
ұлттық зердесін, ұлттық рухын, ұлттық қасиетін шыңдап түлетеді.
Тектілік қазақ болмысының қазығы. Рух азығы – ақыл, ақылдың негізі
бойдағы қасиеттің, адамгершіліктің нығаюына ықпал ететін тектілік.
Тектілікпен келген білім адамды сақтайды, қандай қыйындыққа кезіксе
де адамның ақылдан таймайтын күші тектілікте.Адамның алдыменен өз
қадірін өзі тануы тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге
келу мақсаты мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз баланысты.
Қанағатшыл, турашыл, сезімтал, түсінігі мол, талғамы биік,
адамгершілігі зор, жақсыға жақын, әлсізге көмегін есептемейтін адам
текті адам.Ұлттың ұғымы тарихтың есігіне адамды бағыттайтын,
мәдениетінің, рухани өмірінің жолын адамға анықтап отыратын білім.
Ұғымы бар адам елінің өмірін сүйіп өседі, елінің ырысы мен несібесін
бар өмірінде қорғап өтеді. Өзінің өмір сүріп отырған уақытындағы елінің
бар нәрсесіне қанағат етіп өседі, жоғын жоқтайды, тарихта жоғалтқаны
болса оны ақтап, қайта әкелуді мақсат етеді. Ұлттық қасиетінен қуат
алады, кемелділігімен ұлтына тәуелсіздік, ұрпаққа үлгі болатын тарихты
қасиетімен жасайды. Тұлғаларымыз үлгі еткен қазақ баласының
қазақтығын мақтан тұтуы ерлік қасиет, тарихта елінің алдына ата-баба
ұранымен шығуы елдік қасиет, елінің өмірінен алшақтамай оның ертеңі
үшін тер төгіп өтуі ұлы қасиет.Бұл қасиеттің бойға қонуы,тектілік
83

84.

ұғымының жас ұрпақ санасына ұялап аракідік айтылатын әңгіме,ата-ана
ұстаздар мен тәрбие-шілердің ұйымдастыратын ашық сабақ,тәрбие
сағаты,сыныптан тыс ұйымдастыратын ертеңгілік,кешкілік,кездесулер
мен жиындар, отырыс-тар мен басқосулардың сыртында арнаулы ісәрекеттерді талап етеді. Солардың бірі-баларларға «Менің шежірем»
атты белгілеу кітапшасын істеп беріп,оны олар қалай толтырып
пайдаланғаны туралы қысқаша әңгімелекпіз.
.
Мұқабаның тысы
Мұқабаның ішкі беті
Кітапшаның әр беті А4 парақтың 4/1-ндей аумақпен пішіліп
беттелген.Ата-аналар өз қалауымен кейінен «Әулет шешіресі» деген
атпен қалаған форматпен,өзіндік дизайнмен өзгертіп жаңалап алғанды.Мына үлгіні керектенемін деушілер ешкімнің рух-сатынсыз,өз қалауымен өзгертіп,жаңалап,көрнекті дизайнмен жасап алуына жол ашық.)
Қазақ ұғымында тектілік іздену, жан-жағыңды көру, біліп тану.
Көрген білген нәрсеңнен пайдалыны жию, игілігі жоқ нәрседен өзіңді
тыйып отыру. Қазақ руханиятында, «Көргені жақсы көш бастар» –
84

85.

делінген. Жаңаны біліп, жақсыны тану, танып білген нәрсеңді халыққа
тарату жақсы қасиет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтып кеткен:
«Ғылымды үйреніп әркімнің өз бойына сіңіруі де біле білсеңдер парыз.
Сол себепті алыстығына қарамастан қайда болса содан үйрену керек».
Білім мен ғылым жолында халыққа үлгі болатын бағытта адамның
адамгершілігін сақтайтын тектілік.Сол тектіліктің басы баланың өзінөззі танып білуі.Ата-баба,ағайын туыс,ұрпақ заузат кімде жоқ,бәрінде
бар.Бірақ оларды танып біліп,сыйлап құрметтеу,қажетті шағында қолұшын беріп көмектесу,ағайын-туған,құда-жегжатты құдйдай сыйлау
қасиетниетіміз өз денгейінде емес екені баршаға аян.Келер шақта
бұданда нашарлауы мүмкін.Осыны ойлап жасаған бір
амалды
ұсынғаным ғой.Сыни көзқараспен,өз таным елегінен өткізіп байқап
көріңіз.Пікір айитсаңыз ыстық ықыласпен қарсы аламын.
Мен .......жылы ....айдың.....жұлдызында,,..........күні ....
...........
деген
жерде(перзентханада),
сағат
келіппін.Кіндік шешем ......... деген кісі екен..
щамасында,өмірге
-3Мен 1991 (қой) жылы,сәуір айының10- (тоқты) жұлдызында Сәрсенбі
күні, Теміртау қалалық перзентханада, таңғы 6 (азанда) сағат
шамасында өмірге келіппін.Кіндік шешем Разиға Елеуова екен.
-3Белгілеудің бұл бетін бала өздігінен толтырса,әуелі қарындашпен нобай
жасап,әбден нақтыланған соң,ашықтап жазу керек.Белгілеу мектепте,
«Өзін-өзі тану» пәні аясында толтырылса,бесінші сыныптан бастап бұл
белгілеуді пайдалану нәтижелі екенін тәжірибе көрсетті. Себебі,
генетика,астрология,хиромантия,нумерология қатарлы ғылымдардың
алғашқы ұғымдарын игеру мүмкіндігі осы жастағыларда толық бар.
Екінші жағынан, баланың өзін-өзі тану дағдысы қалыптасып,өзінің
қадір-қасиетін түсініп, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым қатынас жасау машығын игереді. «Өзіңді өзің сыйласаң,жат жанынан
түңіледі»» емес пе?
Менің
әкем
................ұлы.................,....жылы...
айлың.........жұлдызында,.....күні....... ............................................
деген
жерде
өмірге
келген.Руы.............................Әкем...
ағайынлы.Олар...............................................................................
-4-85

86.

Менің анам ......... ... .қызы. ................. жылы.....айының
..........жұлдызында,.....күні . ........................................деген жерде өмірге
келген.Руы......................................Анам...ағайынды.Олар;..........................
...............................................................
5Менің атам ...........ұлы...... ....... жылы .... айдың ... ..... жұлдызында, ...
күні
.........................................деген
жерде
өмірге
келген.Руы
...................................Атам
...ағайынды.
Олар:....................................................................................... -6Менің әжем .................қызы.............. жылы ...айдың ...... жұлдызында...
күні ......,,.............................................деген жерде өмірге келген.
Руы....................................Әжем
Олар:...................................................
...
ағайынды
..............................
-7-
Нағашы атам.................ұлы.................жылы ... айдың.....жұлдызында,...
...күні
..........................................деген жерде өмірге келген. Руы
.................................. Нағашы ата ... ағайындыОлар....................................
......................................
-8-
Нағашы
әже
.....................
қызы.......................жылы
..........жұлдызында ... күні .............................................................
айдың
деген жерде өмірге келген. Руы........................................
Нағашы әже .... ағайындыОлар.................................................
-9Менің жеті ата-бабам
1.Әке ..............ұлы ............
2,Ата: ..............ұлы ..........,
3.Баба...............үлы ............
4Ұлы ата .........ұлы ...........
5Ұлы баба .......ұлы ..........
86

87.

6.Әзата .............ұлы ...........
7.Әзбаба ...........ұлы ..........
Егер біле алсаң ата бабалардың туған және өмірден өткен жылын
көрсетіп қою керек
10Менің бірге туған аға-бауыр әпеке қарындастарым:
1......................(туған,ай,күн,жыл)
2...............................................
3..............................................
4...............................................
5...............................................
6...............................................
7.................................................
8................................................
-11Менің талғамым:
сәтті күнім,............................
айым,мезгілім.....................
өң-түсім,............................
саным .................
ғұмырлық саным ................
Ерекше
қасиет
адамдарым...........................
...............................................
...............................................
...............................................
-12Менің ерекшелігім
87
тұтып
құрметтейтін,еліктейтін

88.

1.Қан тобым .................
2.Қолтаңбамның дамуы
А,(
)
Б,(
)
3.Тыңдау,есту,дыбыс-үн ажырату қабылетім
(екі жылда бір рет өлшету)
4.Көру қабылет дәрежем
(қажет деп көрсең жылына қаралып жүр)
-13Менің сырлы өлшемдерім
1.Саусақ,Білезік,Алақан:Табан
сызықтарымның үлгісі
2Бет пішін үлгісі
3.Құлақкүнқағар,көз аласы-ның тамырларының орналасуы
4.Мең,қал саны мен орналасуы
5.Жүрек соғысы қан қысымының өзгерісі мен шамасы
-14Ата –бабамнан қалған мирастар мен мақтанышым
................................................
.................................................
-15-20Бала талғамын анықтау амалы
................................................
.................................................
21-28
Зерттеу жасату жолдары:......
.................................................
88

89.

29-32
Бұл үлгіде 35 беттік белгілеу кітапшасының әр бетінде нелер
жазылғандығы туралы,оның қысқаша мазмұнын көрсеттік.Мұндағы 2128 беттердегі «Бала талғамын анықтау» туралы кеңестер мен 29-32
беттегі «Зерттеу жасату жолдары» маңызды мағұлматтар болып
табылады.Оны ғылыми негізде талдап,түсіндіріп жазу қажет.Ол үшін
Тектану,(родология),жұлдыздама(астрология),ғұмырнама
(нумерология) сияқты ілімдердің пайдаланамыз.Сондай-ақ генетиканың
да қажеті бар,,көмегі көп.Айталық,сәтті ай-күн,сан,өң түсін анықтауда
жұлдыздамаға жүгінсек,ғұмыр жасын анықтау,тектілік тегіне болжам
жасау баланың ата-тегінің өнері мен дарынына керек десеңіз қандай
науқас пен өмірден озғанын,нендей тарихи оқиғалаларды басынан
кешкеніне зерттеу жасауға тура келеді.Бұл ата-ана,мұғалім және
мамандар көмегімен жүзеге асырылады.Он үштен асқан соң жылына бір
рет болса да био ритмін жасату қажет болады.Бұлшық еттерінің
орналасуы мен қуатына өлшеу жүргізуді болмағанда екі жылда бір рет
өлшеу жасауға тура келеді.Бұдан мынандай қорытынды жасаймыз;
«Менің шешірем» атты белгілеу кітапшасын толтыруды асығыпаптығып бір-екі жылда бітіріп тастауға болмайдыТолтыру ісі 25 жасқа
дейін жалғасып,пайдалану өмір бойы жүріледі.Небәрі 35 беттік бұл
кітапшаға қосымшалар жалғанып,қомақты кітап болып ұрпаққа
аманатталатынын ,жалғасатынын ескерген жөн.Кеңеске келейік.
1.Ғұмыр санын анықтау «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді,
болмысымызды, табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді
қандай планета билеп, әсер етіп отырғанына түсініктеме жасайды.
Мәселен былай: сіз өз тағдырыңыздың санын білгіңіз келеді дейік. Ал
сол әр санның (тоғызға шейін, әрине), аржағында тоғыз планета тұрады.
Мысалы «27-шілде, 1962 жылы»туған екенсіз дейік. Олай болса, осы
сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне қосыңыз.
Шыққан
жалғыз
сан-сіздің
Тағдыр
саныңыз.
Мысалы:2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7.«7»-Сіздің тағдыр саныңыз.Кейде
қосынды екі саннан тұрады.Ондайда оларды қашан жалғыз таңбалы сан
қалғанша бір-біріне қосу керек,\Егер сіз «1» саны аумағында дүниеге
келсеңіз- онда сізді жебеп-желейтін шырақ -Күн. Олай болса, осы сан
құзыретіндегі кісінің өмірі қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол
жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен,
табандылықпен келген. Ол үшін талай-талай нәрселерді құрбандыққа
шаласыз.Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді көп ортадан
89

90.

шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы үшін
пайдаланып кетесіз.Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем
болуға тырысу - «1» санына орайлас туғандардың басты қасиеті.
Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады.Егер ойланғандары іске аспай
қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей
түтеді.Егер «2» санына орайлас тусаңыз...қорғайтын нысаныңыз
(шырақ) – Ай. Ай жарығындай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек
достық шыраймен қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып
жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды.
Бәрі сізге ұмтылады. Соған орай ылғи да жолы болғыш, ештеңкені
күшпен, зорлықпен алуға, белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ
келеді.Егер «3» санына орайлас дүниеге келсеңіз, онда - планетаңыз
Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ.
Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін.
Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып
кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра қойғыш, жүні жығылып,
бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. өн бойы желі оңынан соғады, қиын
проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе,
ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат - ол үшін ауадай қажет.
Сізді желеп-жебеп қолдайтын планета - Сатурн. Егер «4» тез байлыққа
ие болса, қолдаушысы оны қашанда қуаттағаны. Еңбекте жетістікке
жетсе, өз маңдай тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған сенім артады,
бірақ достарының көбі - бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар,
отбасында мәйін де жұмсақ. өйткені, өздерін ең жақын адамдарынсыз
бейшара сезінеді. өмірге реалистік көзқараспен қарайды.«5» санына
орайлас туған болсаңыз... Онда сізді желеп-жебейтін планета Меркурий.Олардың айырықша мінезі - тас бұлақтай шамырқанған, күшқажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін
- кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, мидай тірлікке
төзімсіз. Сезімтал, интелектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса,
құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді.
Жеке өз басы жауап беретін шаруа болса, жалтарып кетуге әзір. Өмірі
тек қана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте
менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды.
Егер сіздің Тағдыр саныңыз - «6» деген сан болып келсе... Онда Венера
планетасына орайлас болғаныңыз..Сіздің жебеушіңіз мықты, мақсатты
іске өне бойы жетелейді. Арман-аңсар,биік мұраттарға жеткізбей
қоймайды. Өмірлік мән - сұлулық, гармония - үйлесімділік.Осыдан
өнерге, музыкаға, жалпы әдемілікке ұмтылыс.Сүйсіну, әуестену. Сөйте
90

91.

тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда біреуге мін таққысы келсе,
оның өзінің тігісін жатқызып, «тістерін сындырып» барып жеткізеді.
«6»-ның астында туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке өміріне үстірт
қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады.Егер сіз «7» санына
орайлас тусаңыз, сізді қолдаушы планета - Уран. Көбіне-көп сізді
ойлануға, философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы,
бірақ өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да мезеттер аз емес.
Жалғыздыққа да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз. «7» санының астында туғандардан
таудағы ұлардай, тек жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен
сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады. «8» саныныңаумағында
жарық дүниеге келсеңіз. Қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы
жебеушілеріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз
болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз,
ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн
туса, алдымен қол созатын өзіңіз...«9» санынына байланған тағдырлы
болсаңыз- Желеп-жебеушіңіз - Нептун. Мінезіңіз, осы айбынды су
Құдайындай сан-құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына
онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір
толқынында домалай береді. Кейде аспандағы айға шауып әлек.
Онысынан түк шықпайды, өз ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз
қалады. Рас, достарының әлсіз жақтарын ой таразысына салып, дұрыс
қорытынды түйе біледі. Әсершілдік, сезімталдық-оның басты қасиеті.
Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе, қызығып қарап қалатын
әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ, табиғаты алабөтен
ерекше.
2.Нақты өлшемдер жасау;табан,алақан,білезік сызықтарын белгілеп алу
жәй ғана жолмен қотарғыш парақтар,бояулы парақтар,сазды текшелер
өте жақсы түсіріп бере алады.Ал. кәзіргі таңда оларды фотообсеттік
(сканирлеу) жолмен жылдам жасап аламыз.Ал,оларды оқудың әр
дәрежедегі жолдары барМысалы саусақ сызығын оқып көрелік.
1
2
3
2
3
1.Саусағында ілмек тәрізді сызығы бар адам салмақты әрі байыпты
мінезді келедіі. Мұндай адамдар досының басына сын сағат туғанда бей91

92.

жай қарай алмайтындар санатында. Олардың жауапкершілігі бар, барар
жерге ешқашан кешікпейді, алайда көшбасшы қасиеті жоқ. Мұндай
адамдар жаңа мәлімет-терді адамдармен араласу арқылы алады.
Олардың эмоциясын оқып қою оңай, себебі олар ашық адам.
Денсаулықтары да жақсы, тіпті жақсы дамыған болады. Ілмек сызхықты
адамдардың мінез-құлқы – сангвиник. Жалықтыратын және жалғыз
ілікті жұмыстан безеді. Егер ілмек сызық барлық саусағында болса, бұл
оның қиялы аса дамығанын, кейде тіпті өмір шындығына жанаспайтын
нәрсені көп ойлайтынын көрсетеді. «Қойдай қоңыр, қозыдай момын»
деген мақал осы адамдар жайында айтылған.
2.Саусағында толқын сызығы бар адамдардың энергиясы әрқашан тасып
тұрады, олар өзіне сенімді. Сенімділік бар қасиетінен көрінеді: еңсесін
тік ұстауы, жүрісі, тәртібі, ым-ишарасы. Оларды алған бетінен қайтару
мүмкін емес, қателескенін де мойындату оңайға соқпайды, олар әр
жасаған шешімін соңына дейін дұрыс деп дәлелдеуден шаршамайды.
Нақты ойлау жүйесі бар. Қоршаған кеңістіктегі өзгерістерге бейімделу
мәселесінде мұндай адамдар тығырыққа көп тіреледі және
айналасындағы адамдардың пікіріне мойынсынуды білмейді. Бар ойөрісі қарапайым әрекеттерден туындап отырады. Алайда алға қойылған
тапсырманы орындау үшін өзге адамдардың көмегіне жүгінуді әдетке
айналдырған. Саусақ ізінде иін суреті бар адам – холерик.
Шығармашылықты сүйеді. Ым-ишарасы анық, әртістікіндей болады.
Қиын сәттерде ол көрінген іспен айналыса жөнеліп, осылайша өз
назарын басқаға аударуға бейім. Қарым-қатынаста ерекше биязылықты
суқаны сүймейді, дегенмен өте адал дос әрі ешқашан сатып кетпейді.
3.Саусағында ирек сызықтары бар адамдар ашушаң келеді, қайтымы тез
адам. Шығармашылық дарыны бар, қабылдауы жақсы, тез үйренеді және
кез келген оқиғаны сараптап отырады. Бірнеше істі қатар бастап, орта
жолда тастап кетеді және қызығушылығы жоғалады. Психикасы тез
қозғыш, тұрақсыз. Көңіл-күйін тап басып айту қиын, сезімі мен уайымқайғысын ішке жасырады. Жалғыз болуға және өз-өзіне есеп беруге
құмар. Көп жағдайда өзіне көңілі толмайды, күмәні көп адам. Негізінде
сезім ішкі ойдан туады, ал мәліметті жазбаша хаттар деректерінен алады.
Ирек сызықтары бар адамның темпераменті – флегматик. Сөйлеген сөзі
анық емес, жай әрі баяу шығады. Сол немесе оң қолындағы сұқ саусақта
ирек сызық болса, онда мұндай адам туа бітті ойшыл. Бағдарламалауға,
заңгерлік іске және ғылыми жұмыстарға бейімі бар. Жалпы қорытынды
жасайтын болсақ, саусағында ирек суреті бар адамдардың мінезі ауыр,
92

93.

қолынан не келетінін біле бермейтін адам.(Массегат порт. алынды)
Қазақ халқы жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірімі мол
халық. Ұрпақ тәрбиесіне деген немқұрайлылық табиғатына жат халықпыз, өйткені қазақтың ел алдындағы абырой,беделі, қадір-қасиеті, тек
жеке басының жақсылығымен немесе бай-дәулетімен емес, ұрпағының
білімімен, адамгершілігімен, тәрбиелілігімен өлшенген. Қазақ халқы
тектілік деген киелі сөзді,ұғымды ежелден қастерлеп,оны атадан балаға
мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.Ұлттық тәрбие сырларына
үңілу қазіргі заман талабы, Ұлт-ертеңі ұрпақ. Осы жөнінде халқымыздың
өнері мен тарихына жаста болса өзіндік үлесін қосқан Шығыстың шоқ
жұлдызы атанған Шоқан Уәлихановтың: Әр халықтың дамуы үшін, ең
алдымен азаттық пен білім керек - деген дана сөзінің салмақтылығынан көруге болады.Қазақ халқының ұрпағы бақытты,өйткені елі
егемен, көк байрағы көкте желбіреп, әнұраны асқақтап шырқалып,
елтаңбасы дүйім елге танылған Алтын тұғырлы Отаны бар.Әр ұрпақты
тарихи шыққан тегін, өскен ортасын,рухани түбін санасына жеткізіп,
ұлттық тәрбиенің уызымен сусындатып тәрбиелеу жүрегі қазақ деп
соққан әрбір азаматтың парызы.
Ұлы Далада ұлғайған ілім
Тәуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында
терезесін тең ететін күш - білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің
берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі
бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір
салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Мұндай тұлғаны қазақ
КІСІ деп атаған. Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз,
сондықтан әрбір кісінің бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік,
қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы
керек. Жалпы адами асыл қасиеттердің жиынтығын қазақтар имандылық
деген жалғыз ауыз сөзге сиғызған. Осы негізде тәрбиелі кісіні иманды
жан, көргенді кісі,текті жан деп атаған. Ал, бүгінгі күнгі жиырмадан
астам түрге жіктелетін (саяси, ақыл-ой, дене, әсемдік, ұлттық, экологиялық, табиғи,еркіндік,т.б.) тәрбие түрлерін имандылыққа баулу деп
түсінген. Кісі қалыптастыру дегеніміз текті жанды имандылыққа баулу
болмақ. Себебі иман ұғымы қазақ үшін;а)ислами- діни түсінік ғана
емес,ататектен ұласқан наным-сенімдік рухани ұғым. ә).имандылық
93

94.

барлық діндер мен наным сенімге ортақ ұғым. Ал,ислам діні осы үшін де
басқа діндерге құрметпен қарап,олардағы имани-адами ұғымдарының
құзыреттілігіне шек келтірмеген.
Қашанда тектілігін жоғары бағалаған ата –бабамыздың
жолы,ізі,көші ұлағатты. Ата-баба дәстүрін сақтап, ана сүтін ақтап,
халқының тілін,тарихын біліп,ата-баба парасаттылығын таныған ерекше
қабілетті, Елім. Жерім, Халқым -дейтін намысы ояу, арлы ұл-қыз өсіру
еліміздің елдігі. Академик Г.Н.Волков: Жадысыз дәстүр жоқ,тәрбиесіз
руханият жоқ, руханиясыз тұлға жоқ, тұлғасыз тарихи бөлшек ретінде
халық жоқ – дейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі
болады: « Дана адам – асып таспайды, Жақсы адам – күй талғамайды,
Батыл адам – қорықпайды,» - дейді. Қазақ халқы-үлкен рухани байлығы
бар халық.Сол байлықты ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп
келе жатқан халықпыз.Ғасырлар бойы дамып,қалыптасқан және
өркендей беретін иманипедагогиканың қасиетін, ұлттық тәрбиеге жанжақты жағдай жасап,көңіл бөле бастағанымыз- болашақтың сәулетіне
нұрын шашатын күншуағы іспетті.Адамды адам еткен еңбек пен тәрбие
болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп,адамдыққа баураған халқымыздың
танымдық, тәрбиелік дәстүрлері мен салт- санасы, бай да баянды рухани
мұрасы. Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік
пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адамгершілік
категориялары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз
маңызын еш жоғалтпай келеді. Сондай-ақ, адамзаттың ішкі рухани
адамгершілік дүниесінің негізгі формалары-үміт.асқақ мұрат.армани
сенім. Кемел кісі ілімінің даму жолындағы жоталы белестер . Адамзаты
арманына қанат бітіріп,қиялға шомған сол бір шағында, ь ұрпағының
бұл әлемде теңдесі жоқ,адам болып өмір сүруін тілеп, көз алдына оның
сұлбасын сызып бейнелеп,ой-санасында ондай адамның адамдық асыл
қасиетін,зор бейнесін,биік сапасын айқындай алған екен. Бұлай мұрат
етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта бар
үрдіс. Нағыз адам(орыс), Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген
адам», Конфуцидің «цзюнь-цзы» жетік адам ,үлгі кісі(үнді),тәңірлік
жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Сократтан басталатын
Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Шығыс
ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған
адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «парасатты адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауанмәрттілік» ілімі және
А.Яссауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип
адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып,тамырласып жатыр.
94

95.

Шығыс философиясындағы кемелденген адам мәселесіАдам туралы
алғашқы көзқарастар Ежелгі Шығыс дүниесінде қалыптасты. Ежелгі
Үнді философиясында адам мәселесі Веда әдебиетінде, соның ішінде
Упанишады мәтінінде кездеседі. Онда ең алдымен, әдептілік жағынан
өзін-өзі жетілдіру, осы дүниедегі қайғы-қасіреттен құтылу жолдары
қарастырылады. Ежелгі Үнді философиясында осы дүниенің әсерінен
құтылу дегеніміз – жеке адам жанының дүниежүзілік жанмен қосылуы.
«Кена-Упанишадтағы» интеллектуалдық пайымдауларда,- дейді
Т.Ғабитов,- болмыс сезім мен ақыл-ой арқылы қабылданбайтын, бірақ өз
формаларының нақты көрінісі арқылы оның бар екендігін тұжырым
дауға болатын – Брахман деп түсіндіріледі. Егер оның формалары болса,
онда оның мәні де бар деп түйіндейді аскеттер. Ал буддизм адамның
жетілуінің психологиялық жағына, оның ішкі дүниесіне көбірек көңіл
бөлген адамды «жетілген адам» деп қарады. «Жан-жақты жетілген адам»
ежелгі Қытай философиясында да кең қарастырылған. Конфуцийді адам
табиғаты өте қатты қызықтырған. Ол адамның жасырын табиғатын
анықтап алып, оған қажетті бағытта әсерлі ықпал етуге тырысты. Ойшыл
Қытай қоғамын үшке бөлді: 1) цзюнь-цзы (қайырымды адам); 2) сяо жэнь
(кішкентай адам немесе арам адам); 3) жэнь (адам). Цзюнь-цзы және Сяо
жэнь – бұл өзара байланысты екі түсінік бірнеше жүздеген жылдар бойы
тек қана саяси мәдениеттің дамуын емес, сонымен бірге Қытай ұлтының
рухани мәдениетінің тағдырын анықтады. Ұлы Ұстаз адамдар жайлы
қарапайым ақиқатқа қол жеткізді, бұл ақиқат соншалықты дұрыс қағида
екені соншалық осы тіпті, бұл күндері ЮНЕСКО-ның ұранына айналды:
«Адамдар табиғаты жағынан бір-біріне жақын, оларды бір-бірінен дағды
алыстатады». Пайда болған дағдылар адамның жалпы табиғатын бұзады,
Конфуций ілімінде оны тәрбие арқылы сақтап қалу қажет.Қытай
мәдениетінде Конфуциймен бірге Даостық кемелденген адам ілімі де
маңызды орынды иеленеді. Кемелденген адам – даостық принциптердің
талаптарына сай өзіндік жеке адам. Даостық кемел адамның сөзі де
өзгеше. Ол өзгелермен әңгімелесіп, таласпайды. Дао заңының ерекше
белгілік сөздерімен сөйлейді. «Өзіңнің жүрегіңді ерекше әділ етуің
қажет, тыныштықты қатаң сақтау қажет. Сонда барлық заттар өздігінен
өзгере бастайды, ал бізге олардың қайтып оралуын сырттай қарау ғана
қалды. Әлемде заттардың түр-түрі өте көп, бірақ олардың барлығы өзінің
негізінде қайтып оралады. Негізінде қайта оралу – бұл тыныштық деп
аталады. Ал, тыныштық дегеніміз мәнге қайта оралуды айтады. Мәнге
қайта оралу – бұл тұрақтылық. Тұрақтылықты білу – айқындылыққа
жету, тұрақ-тылықты білмеу – ретсіздікке әкеледі және соның
95

96.

қорытындысында жауыздық болады. Тұрақтылықты білетін жан
кемелденеді, ал, кім кемелге жетсе, сол әділ болады, әділдікке жеткен
тақсыр болады. Тақсыр болған адам Аспан тәңірісінің соңынан ерген
Даоға ереді. Даоға ерген мәңгілік жол өмірінің соңына дейін қауіпқатерге ұшырамайды» [3. 132]. Әлемдік философия түптеп келгенде
адам мәселесіне келіп тоғысатынын ескеретін болсақ, Үнді, Қытай
дүниетанымымен мұсылман топырағындағы ойлар да бітім-болмысымен
үзеңгілес болып келеді.
Орта ғасырларда мұсылман қоғамында «әділеттілік пен бірлікті
ұстанушымыз» ұранын жариялаған мутазилиттер белсенділік көрсете
бастайды. Мутазилизм - гректік және эллиндік философияның нәрімен
сусындап, ҮІІІ-ІХ ғасырдың басында қанаттана бастайды. Олар
логикалық негіздеме дәнекерлігі арқылы ислам дінінің беделін көтеруге
тырысқан. Бұл ұстаным ортағасырлық Батыс Еуропадағы Пьер Абельяр
/1079-1142/ сөзімен айтқанда «сену үшін түсінемін» [9. 23] деген
философиясымен тамырлас. Мутазилиттердің /Васил ибн Ата, әлДжахиз, әл-Наззам, ас-Салми/ рационализмі мен еркін ойлауына
догматизм мен каламның суниттік, захиридтік, шафидтік, ашариттік
ортодоксальды мектептерінің аторитаризмі қарсы болды. Дін басыларын
ойландырған негізгі діни танымдық мәселелер ол ең алдымен –
құдайдың мәні, оның адамға қарым-қатынасы, адам еркінің тәуелсіздігі.
Пікірталаста бастапқы исламға ықпал еткен бұл мәселенің пайда
болуының өзі мұсылман дінінің тарихында жаңа кезеңді қалыптастырады. Алла, оның мәні мен белгілері – бұл таластағы орталық мәселе.
Дәл солардың шешімімен байланысты христиандықтағы сияқты
мұсылман дінінде адам тұжырымы айқын көрініске ие болады. Құдай
идеясы ортағасырлық барлық рухани мәдениетке ерекше тән. Мұсылман
дін басыларына келетін болсақ, олар көптеген ілімдерді, адам туралы
түсініктерді туғызды. Олардың танымдық жүйесі, ерте ортағасырлық
исламда Тәңірі мен Алла табиғатын түсінуге, осыған сәйкес адам
табиғатының мазмұндамасында екі негізгі ағым пайда болды деген
қорытындыға алып келеді. Мутакаллимдер – ортодоксальды дін
мектептерінің өкілдері. Бұл мектептердің құқықтанушылары үшін идеал
құдайшылдық болжамдары мен тыйым салушылықтың жүйесі күшті
дамыған идеал болды. Адам ақыл-ойы өз бетінше пайымдаудың дәлелі
емес, олардың айтуынша «ақыл-ой арқылы қорытынды жасауға, ал
құдіреттілік арқылы бір келісімді жүзеге асыруға, ерік жігер арқылы
алдын-ала анықтауға қол жеткізуге болады – осының барлығы адамнан
болуы мүмкін емес» [78. 53]. Сондықтан да ортодоксальды дін басылары
96

97.

құдайды әлемді билеуші таза ерік-жігер ретінде түсінді. Ашариттік
/негізін салған - Әбу әл-Хасан әл-Ашари/ құдайшыл тұжырымдамаға
жүгінетін болсақ әлемде болып жатқанның барлығында Алла еркінің
көрінісі бар: өмір мен өлім, пайда болу мен қирау және кез келген
құбылыс. Құдай қайырымдылық сияқты, қатігездіктің де бастауы, оның
еркі – адам үшін айқын заң; құдай адамға қатігездік жасауға, сол үшін
жазалауға бұйрық беруі мүмкін, бұл дегеніңіз қуғындау емес, тәңірі
құдіреттілігінің көрінісі. Мутазилиттер өзінің құдай туралы ілімінде
Алланың антрометриялық белгілерінсіз-ақ сөз қозғап, барлық
белгілерден айрылған өзгешеліксіз бірлік ретінде сипаттайды. Алайда
олардың құдай туралы тұжырымы философиялық сұраныстарына жауап
бере алмады. Осылайша мутазилиттер жаратушының әлемге қатынасы
туралы мәселені қарастырмады. Осы мәселені бірінші болып шешуге
кіріскен - әл-Фараби.
Шығыста мұсылман мистиктерінің ұлы шейхы атанған Ибн Араби
/1240 ж.қ.б./ мектебі мейлінше танымал болды. Бұл мектепте болмыстың
бірлігі /уахдат, әл-вуджуд/ жөніндегі ілімді қарастыру тән.
Вуджудизмнің басқа маңызды тақырыбы – кемелденген адам
тұжырымдамасы. Бұл тұжырымды ислам философиясында бірінші
болып Ибн Араби қарастырса, оның ізбасары әл-Джили /1428 ж.қ.б./ әлИнсан әл-Кәмил /кемелденген адам/ еңбегін жазып қалдырған. Ибн
Араби еңбектерінде кемелденген адамның әр түрлі жақтарын
анықтайтын бірнеше ондаған синонимдер бар. Олардың барлығы
кемелдену сөзін моральды-этикалық мағынада емес, онтологиялық және
гностикалық мәнде береді. «Адамда,- дейді Ибн Араби,- әлемдегі барлық
мәнділік жинақталған. Универсальды адам – «барлық заттардың» /куллу
шей/ тұтастығы. Ол өрістей отырып, ғарыштың көптүрлілігіне себепкер
болады». Адам әлемдегі барлық мәнділіктің ішіндегі кемелі. Бұл жерде
адам өздігінен кемел, өйткені ол физикалық элементтен минералдар,
өсімдіктер, жан-жануарларға дейінгі универсумда өмір сүретін барлық
заттарды өзіне синтездендіретін әлемнің «мазмұндамасы» /мухтасар/
немесе көшірмесі /нусха/. Алайда бұл заттардың барлығы адамда тура
жеке түрде емес, тек универсальды үлгіде «ақиқат» /хақаиқ/ ретінде
топтастырылады. Адам осылайша – микрокосмос, ал ғарыштың өзі –
«Үлкен адам» /инсан кәбир/. Космологиялық деңгейде әрбір адам
кемелденген адам болып табылады. Әрбір адам белсенді түрде
универсум бірлігін және әлемдік тұтастықтағы орнын пайымдай алады
немесе мистиктердің айтуынша ақиқатпен қуанышты күйде қауышады.
Алайда бұл– ерекше адамдардың яғни пайғамбарлардың, қасиеттілердің,
97

98.

гностиктердің еншісіндегі тағдыр. Кемелденген адам ең алдымен барлық
ашылымдар мен шабыттанудың принципі танылатын «Мұхамед идеясы»
/хақиқа мухамадийа/ болып табылады. Ибн Араби ілімінде барлық зат
құдай «сөзі» /кәлима/, олай болса барлық әлем дегеніміз – «үлкен
Құран». «Үлкен Құран» түріндегі Әлем бейнесі Ұлы шейхқа жан-жақты
Логостан
Мұхамед пайғамбарға дейінгі
көпірді тұрғызуға
мүмкіншіліктер жасайды. Софылық философтар ілімінде сенім мен
нанымсыздық бір-біріне қарсы қойылмайды. Олардың ойынша әлемдегі
барлық болып жатқан оқиғалар құдай талаптарына сәйкестендірілген.
Алайда мұндай талаптардың екі түрін ажырата білу керек: а/ «онтологиялық жарлық» /амр такуини/; б/ діни жарлық /амр таклифи/ немесе
жанама /пайғамбар арқылы берілген/ жарлық /амр би-ль уасита/ /адамдар
бұған бағынса да, бағынбаса да өз еркі.Екінші Ұстаз танымындағы әлинсан әл-кәмил /кемел адам/ тұжырымдамасы .әл-Фараби адам мен
табиғат құбылыстарының жасырын сырын ашуға, оны түсінуге күш
салды. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактатында
тыныштық пен бейбітшілікке негізделген білімді әкім билеген идеал
қауым кодексін ұсынды. «Адамның ішкі дүниесін аша білу, түйсік,
сезімге әсер ету білімділікті талап етеді»,- деген пікірді жариялады.
Адамды ай астындағы әлем дамуының жоғарғы сатысы ретінде
қарастыра отырып, ойшыл адам жанының бөлшектері мен күштері
/қабілеттері/ туралы ілімді дамытады. Адам табиғаттың тамаша
туындысы бола отырып, әртүрлі күштер мен қабілеттерді иеленді:
мысалы, «қуат беруші күш», «түйсіктендіруші күш», «елестетуші күш»,
«парасатты немесе ойлаушы күш», «қозғаушы күш», «талпынушы»
немесе «толқындырушы» күш,- дейді әл-Фараби. Осы аталғандардың
әрқайсысына анықтама бере отырып, әл-Фараби адамның анатомиясы,
физиологиясы, психологиясы туралы көзқарастарын дамытты. Фараби
жер бетіндегі адам қызметінің маңыздылығын ғаламдық заттардың пайда болуындағы бірінші себепті атқаратын рөлімен теңестіреді. Адам хайуандардың ішіндегі ең жетілгені.Әбу Насыр әл-Фараби өзінің барлық
жұмыстарын адамға арнады. Араб тілді философтар шешкен басты
мәселелер -білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу мәселелері болды.
Бұл мәселелер адам таңдауы, бостандық мәселелерімен, ал олар өз
кезегінде себептілік мәселесімен байланысты болып, адамның философия мен дінге қатынасына, білімді немесе сенімді таңдау шешіміне
тәуелді еді. Бұл дәуірдің философиялық ой тарихы ислам тарихымен
ажырамас бірлікте болды, діни сана мен философия күрделі, қарамақайшылыққа толы, әрі әсем "алтын дәуір" деп аталған сол кезеңнің
98

99.

бейнесі еді» [6. 165].
Әл-Фараби адамзат болмысының жекеше қырларын қарастыра
келіп, адам өмірінің мақсаты шынайы бақытқа жету, ендеше ол
бақыттың не екенін біліп алып, оны өзінің мақсатына айналдырып, соған
қарай қадам басуы қажет деген. Оның ойынша жалпы құрылым мен
болмыстың мәнін, қоғамның әлеуметтік бейнесін, жеке адамның
рухани өмірін жете білмей бақытқа жетуге болмайды. «Біз бақытқа
өзімізге әсемдік тән болғанда жетеміз,- дейді ол,- ал әсемдік бізге тек
философия өнері арқылы ғана тән, ендеше бұдан бақытқа тек философия
өнері арқылы ғана жетеміз» деген қорытынды шығарамыз. «Бақытқа
адам қоғамдық байланыстар мен қоғамда өзін-өзі іске асыратын жүйеге
енгенде жетеді, яғни қоғамда мақтау мен ұялту бар шарттар, адам
әрекеті, қызметі, қылықтары қоғамда бағаланғанда ғана болады. Мұндай
шарттар, Фараби бойынша, адамның сезім органдарымен, табиғи
жағдайымен, жан аффектілерімен (құмарлық, ашу, аяу, қуаныш және
т.б.), парасатты ойлауымен байланысты, яғни адам өз әрекеттері мен
қылықтарының ақиқаттығына сенімді болуы керек» [6. 296].
Екінші Ұстаз басқару мен патшалықтың яки жоғары өкіметтің
негізі болып табылаты саясатқа үлкен мән береді. Ойшыл басқару екі
түрлі болады дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді,
мінез-құлықтарды, ерік-қасиеттерді нығайтса, ол – қайырлы басқару.
Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалар мен
халықтар болып табылады. Ал бұл ұғыммен қабыспайтын басқару
қиялдағы бақытқа ғана жеткізумен шектеледі. Шындығында ол нағыз
бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен келеңсіз
қасиеттерді нығайтады. Сондықтан ондай басқару – надандық болып
табылады. «Қала – мемлекеттің әрбір тұрғыны өзінің табиғи қабілеттері
мен өзінің қала иерархиясында орнына сәйкес тиісті бақыт үлесін алады.
«Қала тұрғындары алатын бақыт /үлесі/, сапалық та, сандық та қатынаста
бір-бірінен, қала қызметінің арқасында қол жететін кемелділіктердің бірбірінен қаншалықты басым болуына байланысты болады,-деп көрсетеді
әл-Фараби» [6. 311]. Осыған орай, айта кететін нәрсе, әл-Фараби осы
бақыт пен қайырымдылық төңірегінде көптеген мәселелерді көтерді.
Соның бірі - қайырымды, не қайырымсыз мемлекет болатындығы туралы пікір. Мемлекет, дейді ол, өз тіршілігін қайырымдылық бастамасына
негіздесе жақсылықты, ізгілікті болады. «Адам басқа адамдармен қарымқатынассыз жеке бір өзі игіліктерге жете алмайды. Алайда адамдардың
бірігуі мақсат емес, ол тек қана құрал. Мақсат өмірде бақыт әкелетін
кемелдікке жету». Ойшылдың қайырымды қала жөніндегі осындай
99

100.

тұжырымдары бүгінгі Қазақстан Республикасының өркениетті дамуының негізгі талаптары іспеттес. Сондықтан бүгінгі таңда қалыпт-асқан
азаматтық келісім, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты сақтап,
нығайтып отырудың маңызы зор.Фарабидің гуманизмі – ақыл-ой, бақыт
және адам болмысына тән құндылықтар ретіндегі қайырымдылық
ілімінде көрініс тапты. Сол дәуірдегі экономикалық, мәдени және
ғылыми жетістіктер алдыңғы қатарлы ойшылдардың адам ақыл-ойы мен
оптимистік танымының күшіне сенімінің нығаюына мүмкіндіктер
жасады. Адам шығармашылық мүмкіншіліктерін, таным қабілетінің
күшін мойындау – ең жоғарғы шығармашылық қызметті иемденуші,
«саналы адамның» алдындағы ерекше бір бас ию үлгісі болып табылады.
«Бақыт, әл-Фараби пікірінше, көп мәнді және барлық түсініктер секілді
көпмағыналы және көпдең-гейлі. Ол белгілі бір анықтама немесе
өлшемге келмейді, бірақ әл-Фараби кез келген адамның немесе топтың
бақытты өзінше түсінетінін жоққа шығармайды. «Бақытқа жол сілтеу»
еңбегінде философ «біз бақытқа жеткесін ештеңеге мұқтаж еместігімізді
көрдік. Ал бұл жағдайға жету үшін өзін-өзі толық жетілдіру керек. Бұл
пайымнан әрбір адамның бақытты өзінше ұғатынын байқаймыз.
Біреулер оны байлық деп, енді біреулер оны мүлде басқадан көрсе де,
әрқайсысы өзінің абсолютті бақыт туралы ұғымының дұрыс таңдау, ұлы
және жетілген игілік екендігіне сенімді» деп жазды» [20. 296].
Отырарлық ойшыл адамға ең үлкен игілік әкелетін адамзат болмысының
мақсаты мен мәні ретіндегі саналы әрекетті түсінді. Саналы қабілет –
адамның табиғи қасиеті, ол әрбір жеке адамға ерекше тән және барлық
адамдарға жалпы. Әбу Насрдағы адам өмірінің мақсаты ретіндегі бақыт
туралы ілім оның ақыл-ой туралы ілімімен тығыз байланыста. Бақыт –
ақыл-ой мен қайырымдылық қатарындағы Фараби гуманистік
дүниетанымының негізгі өлшемі. Адам өзінің ерік-жігеріне байланысты
қатігездік пен қайырымдылықтың арасынан белгілі бір жолды таңдап
алады. Бақыт дегеніміз – абсолютті қайырымдылық. Жер бетіндегі
адамзат атаулының әртүрлілігіне байланысты, олардың рухани заттарды
ашуға да қабілеттері кейде басым, кейде әлсіз болып келеді. Мұндай
қабілеттер бір-біріне қарама-қайшы. Алайда адам қайырымдылық
жасауға, бақытты талаптанып табуға және кемелденуге қол жеткізу үшін
табиғи диспозицияны ерік-жігер мен тәртіптің көмегі арқылы
дағдыландыру қажет. Адамның мақсаты бақытқа қол жеткізу. Бақыт
дегеніміз – адамды терең ләззатқа бөлейтін ең биік, әрі ең тамаша игілік
және оларды бір-бірінен ешбір бөлуге болмайды. Алайда адам өзінің
тұтыну талабын даралықта қанағаттандыра алмайды. Сол себептен олар
100

101.

қоғамдық қатынасқа бой ұрады. Олардың бірі билік құруға қабілетті
болса, енді бірі тәуелді болуға бейім. Сондықтан да қоғамның басында
міндетті түрде қол астындағыларды бақыт жолына жетелейтін ерекше
қабілетті адам болуы шарт. Нағыз билеуші дегеніміз ол - әрекет етуші
интеллектіге мүлтіксіз жақындаушы адам. Ол ақиқатты танып
басқаларға көрсетеді. Ойшыл Мемлекеттік қайраткердің нақыл
сөздерінде адамның өз құндылығын айта отырып, былай дейді:
«Қайырымды адам ажалды жақындатуға ұмтылмауы тиіс, қайта өмірді
ұзартуға барынша тырысуы керек..., ол өзінің қайырымдылығымен
келтіріп отырған пайдадан қала тұрғындары махрум қалмауы үшін де
істеу керек» [5. 262]. Бақытқа қол жеткізу құқы барлық адамдарда бірдей:
«Артынан /не/ мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайларда адам
бақытқа жете алмайды. Нәтижесінде әрі мадақтауға, әрі жазғыруға
болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа
жетеді» [5. 4]. Фараби үшін рационалдық және этикалық пайымдаулар
бір-бірінен бөлінбейді. Осы түсініктердің өзара шарттылығына шыға
отырып, ол кемелденген адам мен қайырымды қоғамның гуманистік
идеалын баяндайды. «Адам» деген түсініктің өзі ойшыл ежелгі грек
философтары сияқты ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, таптық көмкерумен
шектемейді. Ондағы адам - әлем азаматы.
Діннен туындайтын құнды бағдар мен реттеудің жалпы мойындау
фактісін әл-Фараби, адамның әлемді және өзін-өзі тануындағы қажетті
үлгілердің бірі ретінде тарихи түсінік беруге тырысады. Ол нағыз
ақиқат көзқарасқа философияны жатқызса, ал дінді – адам қоғамын
әлеуметтік мінез-құлықтық реттеу үшін бейімделген, философияға
тәуелді туынды көзқарас деп санайды. Философиялық ақиқат,- дейді
әл-Фараби,- жан-жақты. Көпшілік үшін оның белгілік түсінік әдісі анық
және өзіне ғана тән. Сондықтан да әртүрлі халықтар бір ғана бақытқа
сенгенімен, әртүрлі діни көзқараста болады. Даналар бақытты ұғым
арқылы аңғарады. Бұл хақында ойшыл былай дейді: «Өмір сүріп тұрған
нәрселердің бастамаларын және олардың сатыларын, бақытты,
қайырымды қалаларға басшылық етуді - /осылардың бәрін/ адам не
ұғымдар түрінде ойлап, ақылмен пайымдай алады немесе қиялдай
алады» [96. 145].Дін қараңғы халықты қайырымдылыққа жетелеудегі
жолды жеңілдету үшін қажет. Бір сөзбен айтқанда, діннің көмегімен
халықты ағартушылық, яғни білім жолына сала отырып, саналық және
тәжірибелік заттарды да үнемі іздестіруге мүмкіндік аламыз. Ол халықтан халыққа өзгереді, дәстүрге тәуелді, даму деңгейі жағынан ғылымнан
алшақ көпшілікті тәрбиелеу мақсаты көздейді. Ұлы Ойшыл исламды
101

102.

адамдардың арасындағы моральды-құқықтық қарым-қатынас тарды
реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырады. «Дін дегеніміз
көзқарастар жүйесі мен іс-әрекеттер тізбегі және Алланың адамзат
баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында көкірегі ояу
адамдардың баршасы да көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік
алады» [6. 47]. Кемелдену адамда ұзақ уақыт пен машық-дағды,терең
білім болуды талап етеді. Жалпысын алғанда,қазақтың кемелдік ілімі
тым тереңде жатыр. Оның педагогикалық-психологиялық негізін қазақ
ғұламалары ертеден қалаған-ды.Әл-Фараби «Адамның мінез-құлқын
кемелдендіретін іс-әрекеттер адамның тәнін кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі – денсаулық, денсаулық бар болса, оны
сақтау керек. Жоқ болса, оған жетуге тырысу керек. Тәнді сауықтыратын
іс-әрекеттер тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге болады.
Дәл осы секілді іс-әрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы жақсы
мінез-құлыққа ие боламыз» - дей отырып, тән сұлулығы адамның
денсаулығында, ал,жан саулығы ақыл, парасат күшінде және адамгершілік сапаларында екендігін баса көрсетеді. Ол – шығыс елдерінде
тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы, оқымысты,
өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін
ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен,
жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп
қарады. Сондықтан, оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында
жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның
этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да
оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған
қорытындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің
бірлігінде [3].Білімге бағытталған іс-әрекеттердің барлығы әл-Фарабидің
ойынша, белгілі бір кезеңде және қоғамда ілім мен тәжірибелік
мүмкіншіліктерді тұлғаның игеруі деп тұжырымдайды. Білім алудың
басты мақсаты – жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде
адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты – абсолюттік жақсылық
– жоғары деңгей деп танылатын бақытқа жету. Мүлтіксіз тұлға,
әл-Фарабидің ойынша, интеллектуалды білімін қорытындылайтын
теориялық ізгілік пен рақымшылықты, адамгершілікке толы
тәрбиенің кемеліне жеткен тәжірибелік ізгілікті бойына сіңірген
адам. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде
102

103.

байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы
бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол
өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы
ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. ӘлФараби «қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа
жететінімізді қарастыруымыз керек» дей келіп, қоғамдағы әрбір
құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні
сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де
ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Адам рухани жағынан үнемі өзінөзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені
танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Мәселен, Әл- Фараби
өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын
зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау
жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды интеллект»,
«жүре келе дарыған интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты
философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре
келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды,
білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып
қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік
қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы
және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін
қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп,
төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе
хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та
адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан
бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі
(күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады Өнер біткеннің
бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны
сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне
жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол
мүмкін емес».Фарабидің философиялық көзқарастарында басты үш
бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның
болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол
ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ
деді. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы
жетпейді деп ескертеді. Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа
жауап іздейді.«Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт
үшін жаралған» дейді. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген
103

104.

сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні
қандай? Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа
«ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге
болады?» деген сұраққа « Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу
арқылы жетуге болады»-деп түйіндеді. " Біз жақсы мінез-құлық пен
ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде
бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз
үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі,
қайырымды, инабатты боламыз". Бұл,Фарабидің адамтануда ұстанған
негізгі қағидасы.Бүгінгі біздің «жан-жақты дамыған жас» деп жүрген
ұғымды, ол,сол заманда тиянақтай білген.Әл–Фараби Адам дамуындағы
басты мақсаты интеллектуальды–рухани жетілу арқылы бақытқа
жету деп көрсетеді. “Бақытқа жету жолын көрсету” деген трактатында: “Бақыт-ол әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол қандайда
бір жетілу болып табылады”. Жалпы , әл-Фараби еңбектерінде адамның
жетілу мәселесіне ерекше ден қойылған.Екінші ұстаз атанған әл-Фараби
бабамыз да бақыт жолын сілтейтін нәрсе адам бойындағы ақыл-парасат,
мәселе сол арқылы ақыл-парасатты әділет пен жақсы-лыққа бағыттай
білуде. Жақсы ақыл-парасаттан тамаша әрекеттер, жаман ақылпарасаттан оңбаған әрекеттер болады [4],-деп көрсетіледі.Әл–Фарабидің
пікірінше,адамның жан–жақты жетіліп, бақытқа жетуі үшін жағымды
іс–әрекет, ізгі мінез, дұрыс ақыл қажет. Адамның.жан-жақты дамуын, ол
адам әдебінің жетілуімен сәйкестен-діреді.Адамның жан-жақты дамуы,
әл–Фараби бойынша, практикалық ақылдың міндетіне жатады.
Практикалық ақыл адамның кәміл дамуы үшін мүмкіндік жасайды. Әл–
Фарабидің адамның жан-жақты дамуы ілімінен шығатын түйіндер: адам
барлық заттың өлшемі, ол-басты құндылық, адам ақылы табиғат
құбылыстарын танудағы басты құрал, адамзат қоғамының прогресіне
кәміл сенім, адам дамып кемелденуі арқылы көркемділік, сұлулық,
үйлесімділік ұғымдар-ының кеңеюі. Әл–Фараби үшін жан–жақты
жетіліп, кемел-денген адам-өз күш–қуатын адамдардың игілігіне жұмсайтын тұлға. Ондай адам ақыл мен әдептілікті,ізеттілікті үйлесімді
тоғыстырады.Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық, ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру,дамыту мақсатына арналған.Ол-адамдарды шынайы бақытқа
жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады.Осы мұратқа жету үшін ғұлама
адамдарды дұрыс танып,тәрбиелеу жолын жеке-жеке көрсетеді.
Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия,дін және тәрбие
арқылы кемелдікке жетеді.Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа,
104

105.

мұратқа бастайтын негізгі кредосы – адамдар бақыт жолында өзара
көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі.Ұстаздың пікірінше,
оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгер-шілік және тәрбие
мәселелерімен тығыз байланысты.
Шынында да, қай заманда болмасын, заманына қарай жеке
тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келгені рас. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде
қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп
танылған. Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясының негізін жетілген тұлғаны тәрбиелеу ілімі құрайды. Бұл ілім тәрбиенің төрт тұғыры-әділет,
дәулет, парасат, қанағат арқылы адамда адамдық ізгі қасиеттерді
тәрбиелеу идеясына негізделеді. Ізгілікті - адами қасиеттерді тәрбиелеуде Ж.Баласағұнидің ойынша, жоғары адамгершілік сана мен мінезқұлықты қалыптастыру басты роль атқарады, соның негізінде ішкі
және сыртқы дүниесі бір-біріне сай, рухани және дене әсемдігі өзара
үйлескен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады. Шынында
да, қай заманда болмасын, заманына қарай жеке тұлғаның болмысын
қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып
келгені рас. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам
бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда
жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған.Ұлы данышпандар мен ғұламалар дүниедегі бір Алла, жаратушыдан өзгенің бәрін де
баянсыз деп тауып, танып, өтпелі өмірден жұбаныш етер өшпейтін,
өлмейтін, баянды боп қалар тірек іздеген. Ол тірек ізгілік деп танылып,
ізгілік туралы түйінді ой тамаша ойлар айтылған.Ізгілік – адамдықтың
негізі, әрі адамгешілік қасиеттерінің жиынтығы.Құт пен ізгілік – егіз
ұғым. Құт пен бақтың бір жерде тұрақтамай, көшіп-қонған кезбе күйі
заманына, адамына қарай қалыптасқан салыстырмалы, шартты түсінік.
Көрген көз, естіген құлақ сөйтіп түйін түйген танымда жазық жоқ.
Адамдық қасиет пен тірліктің шыңына шығып, басындағы бағын
мәңгілік еткен адам аз. Содан да құт пен бақ өзіне жайлы орын таппай,
ізгілік іздеп, шарқ ұрып кезбе атанған. Ал ізгілік-мәңгілік кепілі.Жүсіп
Баласағұн таныған кісіге түпкі ой-арманы ізгілік екенін байқатады.
Дастанның аты «Құтты білік» болса, сол құтпен бақты табатын білік –
ізгілік . Әр түрлі астарлы ойлар мен түсінігі тереңге тартып кететін түрлі
таным тарауларын таратып бақсақ,тағы да сол ізгіліктің қасиетін тани
түсеміз. Ізгілік – Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы. . Әрбір кейіпкер
өз аты мен затына айналған ұғым,қасиетті таныту қамында көрінеді.
105

106.

Айтолды – құт-береке, бақтың көрінісі. Оқиға мен әңгіме-сұхбаттың
басталар тұсында Айтолды тірлігі тақуалыққа жақын еді.Бірде өзін-өзі
сөгіп қамыққан;Өнерім-мың,қалдым оқшау халықтан!Неге мұнда бекер
жүріп қурайын...Оның бетін бұл өмірдің ісіне қаратқан – Қүнтуды бектің
ізгілігі. Құт-береке, бақ бейнесіндегі Айтолдыны тәнті еткен бек сарайы
емес, оның ізгілігі.Келіп жетті Елік тұрған ордаға, Ақыл-ділі күткен тілек
орнына.Есігіне табынғалы келдім мен,Қызметіне өзімді арнап бергім
кеп. Дастандағы ізгілікке құштарлықтың басы осы. Халықтың соншалық
құдіретті, киелі көретін құт-береке, бағы – ізгіліктің құлы екен. Қызметшімін, босаға-орным,атым-құл,Ісім – қызмет, кісілікке жақынмын.
Күнтуды бек – ізгілік жолында жүрген адам. Айтолды да бек бейнесіндегі ізгілікке құштар. Айтолдының Күнтуды бекке көрсеткен қызмет,
ықыласты көңілінен құт-берекенің ізгілікке қонатынын ұғамыз. Күнтуды
бек те Айтолды мен оның туыстарын ізгілікті құрайтын адамгершілік
асыл қасиеттері үшін қадірлейді. Әңгіме-сұхбат барысында да ізгілікке
іңкәрлік жиі айтылады. ...Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар,Асыл текті
тазалыққа ынтызар....Ізгілікке іңкәр адам баласы, Ардақтаймын,болса
кісі сарасы....Кісі көңілі ізгілікті ұнатар,Үмітпенен өзін-өзі жұбатар.
Дастанның құрылымында символдық сипат ерекше орын алады. Әділет
бейнесіндегі Күнтуды – ізгіліктің сақшысы. Оның бек, Елік сипатында
келуі құт-береке, ақыл-ой, қанағат-рақымның ізгілікке кіріптар, ізгілікке
құштар екенін көрсетеді. Ақын ізгілікті бек бейнесінде алу арқылы оның
мәртебесін биік етіп отыр. Дастандағы ізгіліктің қадір-қасиетін танытар
көркемдік бір дәлел осы. ...Жерді өпті де, Айтолды түрегелді,Әділ төре
өзіңсің, демер елді!Ұлық болдың –жасың ұзақ болғай-ды,Ізгіліксіңбасың есен болғай-ды.Ізгілік пен бек бір-бірінен туындап,бірінен
екіншісі танылатын туыс ұғымдар. Күнтуды бек әрбір іс-әрекеті, ойниеті, сөзімен ізгілікті танытады. Сондықтан да бекке көрсетілген көлкөсір құрмет, риясыз көңілден ізгілікке деген сүйіспеншілікті ұғамыз.
Ақын қолданған көркемдік әдістің шешімі осы. Ізгіліктің бек бейнесінде
келуі-сол кездегі үш ірі танымның тоғысып, түйінделген тұсы.
Шариғатты ұстанған ислам дінінде патша Құдайдың көлеңкесі саналады.
Құдайдың көп есімінің басым көпшілігі рақымды, сүюші, қамқор, ізгі
дегенге саяды. Сопылық танымда да жүректің, сүюдің қасиеті ерекше
көрінеді. Сүю – ізгіліктің белгісі. Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ин- Сина, ИбнРушди еңбектерімен байланысты көрінетін ғылыми таным да жан
сырына үңілу арқылы негізінен ізгілікті насихаттайды. Дастанның басты
идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару
үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Екіншісі, бақ 106

107.

дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Үшіншісі, ақыл – парасат.
Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі[1].
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» филология ғылымдарының
докторы, профессор Алма Қыраубайқызының «Ежелгі әдебиетінде»
анағұрлым кең аумақта талданады. Алма Қыраубайқызы «Құтты білік»
дастанын: «Адам. Оның кемелдену жолдары. «Кемел мемлекет»
арманы» деп қарастырады. Жүсіп Баласағұнның ойынша, адам баласының қадір-қасиеті білімі мен ақылында. Бұл - адамның жетіліп,
кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу - мұсылманның бір
парызы.Ақыл қайда болса, ұлылық толады,Білім кімде болса, сол білікті
болады.Тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін білу:Көп сөйлеме, аз айт
бірер түйірін,Бірер сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Нәпсіңді тый,
сабырлы бол, шарап ішпе: Ішімдікпен мал-дәулетің шашылар,
зинақордың ар-ұяты ашылар. «Құтты біліктің» ең негізгі көтерген
мәселесі - адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы бар. Оның бірі тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар.Тілден бақ
қонады, тілден бас кетеді. Тіл арыстан есік баққан ашулы,Сақ болмасаң
жұтар, ерім басыңды!
Адамгершіліктің тағы бір көрінісі - білімде. Өйткені білімді адам ақылды адам. Ақыл түнектегі шаммен тең. Туындыгер сонымен бірге
адамгершілікке қарама-қарсы қылықтардан сақтандырады. Олар: жалған
сөз, екі сөйлеу, шарапқұмарлық, жүгенсіздік, зымияндық, сараңдық, ащы
тіл. Міне, бұлар - кісіге құт әкелмейтін ең нашар қылықтар. Жалпы ақын
адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық көріністері
өлең жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері түйінделген.
Баласағұнның ойынша адам баласының қадір қасиеті-білім мен ақылда.
...Ақыл қайда болса,ұлылық болады.Білім кімде сол білікті болады.
Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті. Елдің басшысы ізгі болса,халқы
да ізгі болады.Ізгілік-оң,ессіздік -сол, жүзің -ар, оңың -ұжмақ, солыңтозақ, біліп ал.Даңқ пен дәулетке шаттанба,ол бір орында тұрмайды.Бір
орында су, сөз, дәулет тұрмайды,Жиһангерлер жүре бермей тынбайды.
Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.Әділ болсаң қараға –ақ, аққа
жақ.Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ. Сараңдық пен ашкөздіктен
аулақ бол.Қиды терген сарықп қоңыз сияқты,Сараңдықтан асқан не бар
ұятты.Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер,
ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тіршілігін қылар.Тексіз кісі
уәзір бола алмайды.Бек қандай болса, уәзір де сондай.Жаман-жақсы
табыспайды ешқашан,Түзу-қисық қабыспайды ешқашан..Намысшыл ер
бол.Намысшыл ер жаудың мысын басады,Намыссыз ер жер бауырлап
107

108.

қашады.Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла. Қайырымды бол!Адам ба
адам өз пайдасын күйттеген.Адам нағыз ел пайдасын діттеген.
Ж.Баласағұнидың педагогикалық ой-пікіріндегі негізгі бағыттың бірі –
адамшылық,кісілік мәселелері. Оны мына «Құтты біліктегі» Айтолды
уәзірдің ұлы Өгдүмішке айтқан сөзінен көруге болады: ...Білу керек ұят
пен ар намысты-Арлы болсаң алдыңа ашық қарарсың.Арыңды ашсаң
араңдалып қаласың,Білім, мінез-байлығың да ырысың.Кішік болсаң
жұртты көзге ілгейсің,Өзіңе деген кісілік-тірліктің белгісі,Кісілерге
кісілік –кісіліктің белгісі, деген және т.б. нақылдарында әр адамның
бойында бар ар-ұждан дауысын ажырату және ести білу қабілеттерін
оятуға, күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету қасиеттерін дамытуға және
жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-қимылдарын реттеуге
талпыныс болу қажеттігін айтады.
Ислам өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы ғылым-білім,
мектеп-медіресе қатарлы оқу-білім ошақтары өте баяу болса да, оның
көне дамымаған түрлері келсе де, қазақ қоғамында жылжу болды,
қазақтың көкірек көзін ашу амал-айласына сіңісе отырып,өз орнын
тауып жатты.Соның бірі имандылық арқылы көкірек көзін ашу амалтәсілі еді.Мұның дәлелін Яссауидің ілімінен «Мират-ул- Қулуб» атты
еңбегінен табамыз. Яссауи философиясында көңілдің пәктігі ең басты
шарт. Адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы “қалб-и
салим” дәрежесіне жету қажет. Қалби салим болуды Құран аяттарында
қалай түсіндірсе, Яссауи де өзінің «Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу сатыларын “дария”, “кеме”, “асу” символдары арқылы өте анық,
түсінікті түрде айшықтаған.Адамдағы көңіл материалды, яғни көзге
көрінетін, рухани, көзге көрінбейтін әлемдерді тұтастандырып,
біріктіріп тұрады. Көңіл осы екі әлемде “төреші” болуы үшін өзін
дамытып, кемелдендіріп, шыңдап «көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир
көзі ғафлетте, “Батин көзі” ашылса ешқандай “перде” қалмайды. “Жан
көзі” — қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды. Сыр көзі“фана” мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы көреді. … Көңіл
көзі жарылмадан тағат қылса, Хақ дергахында қабыл болмайды” . Яссауи
үшін көңіл ішкі және сыртқы әлемнің орталығы болу үшін көзін ашу
қажет. Сонда ғана жанның да, тәннің де амалдары оң болады. Міне, көңіл
тән үшін де, жан үшін де өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, адамды
адам еткен оның мәні, рухы болғандықтан, сопылық философияда
көңілдің рухани рөлі тәнге қатысты қырына қарағанда әлдеқайда жоғары
тұрады. Сондықтан осы руханилығы жағынан өте нәзік сырлар мен
құпияларды хикметтер арқылы адамның адалдығын, мән-мағынасын
108

109.

қамтамасыз ететін күш – көңіл. Алланың аманатын арқалайтын күш
иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл, ой, тіл, сана емес,
көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық табиғаты бойынша, жақсылық
пен жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман мен күпірліктің күрес
алаңы да осы көңіл. Көңіл сондықтан өле-өлгенше бір қалыпты бола
алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау, тізгіндеу, тәрбиелеуге
мұқтаж.Көңіл – айна. Оған Алла да, періште де, шайтан да қарайды.
Періште қарап кетсе, оған иман, ізгілік, игі амал, рухани хәлдер
сыйлайды, ал шайтан қарап кетсе, күпірлік, күдік, күмән, жаман амал,
шахуат, әуестік, менмендік ұялайды. Көңіл өз айнасына қарауға тек
періштеге ғана рұқсат беретін хәлге жетуге тырысуы шарт. Көңілді
ондай халге жеткізу үшін сопылықта негізгі әдіс – зікір, яғни, Алланың
аты, заты, көмегі, қуатын шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық,
бақытқа кенеледі.Ал көңілдің тыныштығы иманның артуына, бекуіне
мүмкіндік береді. Сонда ғана көңілдің перделері ашылып, көрінетін және
көрінбейтін әлемдердің сырлары аян болады. Барлық сырларды бүгіп
жатқан әлем оқылуға дайын кітапқа айналады.Біз мұнда иманипедагогиканың тәрбиелеу бір әдісі зікір туралы айтып қалдық.Яссауи
еңбектерінде кәміл адам қалыптастырудың барлық тәсілдері егжей
тегжейлі түсіндіріледі.Олар көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну,
кеңес беру, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру, күшейту,
сөгіс беру, кінәләу, тәубаға келу, мінәжат ету, құлшылық ету, жан
жылуын маздату, ғашық болу,құштар болу,таза болу,қанағатшыл
болу,сабыр қылу,сауап жасау,нәпсің тыю, құдай жолына жанын пида ету
және т.б. Бұларды істеп орындай алған сопы,дәруіш кемел адам
дәрежесіне көтеріле алады. Қожа Ахмет Яссауй ілімінде «Кемел адам»
концепциясы (тұжырымдамасы) мен «Болмыстың бірлігі» теориясының
бір-бірін толық танушы ұстындар ретінде өзара параллель дамығандығын көруге болады. Сонымен қатар, Мұнда сопылық дүниетанымда
хақиқатты «Бір» деп біліп, оны тану үшін «Бес Құдайлық (Аллалық,
Тәңірлік) мәртебе» (ал-хизарат-ул хамса) және «жеті жаратылыс
сатылары» (ал-таназзулат-ул сабъа) деп аталатын теориялардың
қалыптасқандығы мен әлем туралы түсініктердің жалпы ислам
суфизміндегі және түркі сопылық мектебіндегі ерекшеліктерін де
аңғаруға болады. Сопылық дүниетанымда Әлем-Адам мен Тәңір (Алла)
арасындағы перделердің табиғатын түсіндірумен қатар, Тәңірге (Аллаға)
ұласуымен «Құдайлық (Аллалық, Тәңірлік) таным» (Мағрифат улАллах) сатыларын да көрсетеді.Қ.А.Яссауи өзінің еңбектрінде имандылыққа баулудың,кемел адам қалыптастырудың жеті қағидатын қарас109

110.

тырған: 1.Аллаһқа деген махаббат 2. Ықылас пен шынайылық 3. Адамға
деген сүйіспеншілік 4. Кішіпейілділік 5. Әйел мен еркек теңдігі. 6.Еңбекті
бағалау 7. Ілім мәселесі .Ахмет Яссауи жан-жаққа тарыдай шашылып
кеткен көшпелі түрік тайпаларының отырықшылыққа айналып жатқан
кезінде исламның біріктіруші негіздерін қолданып, үлкен әсер етті.
Сөйтіп, түрік ислам мәдениетінің негізгі іргетасын қалады. Тек қана
Орта Азия мен Қазақстанға ғана емес, Анадағы Анадолы (кіші Азия),
Балқан, шығыс Еуропадағы түрік халықтарының басқа халықтарға сіңіп
кетпестен, түрік ұлты болып орналасуына, көгеріп гүлденуіне белсенді
әсер еткен Ахмет Яссауи және оның шәкірттері болатын. Ұлы ұстаз
Қожа Ахмет Яссауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні
өшпес, әйгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты
жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті
тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен
өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа
мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол
тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын
жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі
қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере
отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран
мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген" бұл шығарма, сонымен
бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән
туғызбайды.Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы
қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты
ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен
орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл,
бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену: «Қайда жүрсең
көңіл жұмсақ, сыпайы болғын,Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,...»
Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және
де ақыл ұғымы адамгершіліктің көптеген маңызды белгілерін енгізетін
аса ауқымды мәнге ие: «Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен
сүй,Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый, Дүниеқоңыз, пасықтардан
бойыңды тый...» Жетілудің шексіз жөне өте кең мүмкіңдіктері айрықша
атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең
жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік,
қарапайымдылық, әділеттілік, адалдық пен шыншыдцықты сіңіре
алатынына сенімді.Шығармадағы педагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:«Бір жасымда аруақ маған үлес берді,"Еқі жаста пайғамбарлар
110

111.

келіп көрді.Үш жасымда шілтен келіп халім білді,...Бес жасымда
шариғатқа белім будым, Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым.»
Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен
қамтамасыз етілген:«Жазуменен жасым жетті жиырма бес,Субхан ием,
зікірменен көкейім тес. 'Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол
себептен хаққа сиынып келдім міне...Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым
қасірет,Уә дариға, өтті ғұмырым, қане тағат? Қанағатшыл хақ қасында
хош сағадат,Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар...», «Пенденің
кемел жасы – қырық.»Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын
педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай
жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен
педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қара-тыруға мүмкіндік береді.
Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін
моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы
жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарас-тарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.
Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық,
Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік
сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі
күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар.
"Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін,
көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте
жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап
берген" бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті
туынды екендігі күмән туғызбайды.Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның
кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен
шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке
алынып бірізді-лікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену. Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі.
Және де ақыл ұғымы адамгершіліктің көптеген маңызды белгілерін
енгізетін аса ауқымды мәнге ие: «Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен
сүй,Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый,Дүниеқоңыз, пасықтардан
бойыңды тый...» Жетілудің шексіз жөне өте кең мүмкіңдіктері айрықша
атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең
жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік,
қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре
алатынына сенімді."Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып
111

112.

жазылған шығарма. Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл,
өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған. Қайда жүрсең көңіл
жұмсақ сыпайы болғын,Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын. Махшар
күні тәңірге жақын болғын,Менменсіген халықтан қаштым міне.Бұл
хикметінде ақын адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды. Қ.А.Ясауи өзінің "Диуани
хикмет" шығармасында Аллаһқа сүйіспен-шілік мәселесіне ерекше мән
берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні-Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге
келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді суреттеп
қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да арнайы тоқталады.
Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты
сүюден басталады және жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет:Иман жоқ
сүймегенде, жаны да жоқ, Болмайды Расул сөзін танып әлек,-дейді.
Ақын өз өмірінен қорытынды шығарып, былай дейді: Бар дүние менікі
деген сұлтандарға, Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға. Өмірі
сауық-сайран құрған-дарға, Өлім неше бір опа қылмайды ,-деп осындай
дүние-мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған
кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін
ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді.Күрмеуге келмес
қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық заман қыспағында Қ. А.Ясауи
бабамыздың хикметтерінің маңызы зор. Егер әрбір пенде күнделікті
өмір, күйбең тіршілік қам-қарекеттерін күйттеп, рухани ілім, білім,
әдебиет, мәдениет мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі елдік қайда,
егемендіктен не пайда?!Дәуірлер, замандар көші алға озуда. Алайда, атабабалар-ымыздан қалған асыл сөз ешқашан көнермек емес.Мұндай
асыл-мұра-лар, тарихи туындылар адамды тығырықтан шығарып,
тұтқиылдан босатар, инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді
шығарма. Бұл туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар-ұят аталған
әлемдік жарасым әміршісі-Аллаһқа деген сенімде, шексіз махабатта
жатыр. Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі ақжолынан бастау
алған. Ұлы баба Қ.А.Яссауи хикметтерінің негізгі идеясы да
осы.Қазақтың кемелдік ілімі иманипедагогиканың түп негізі,бастауы,
Имани педаго-гика-рухани тәрбиенің теориясы. Кемелдік ілімнің
Қазақстанда ұлғайып етек алып,дамуы Абай дананың толық адам
ілімінің туып қалыпта-суымен тікелей байланысты. Абайды зертеуші
ғалымдар ұлы ақынды халық ұстазы деп біледі. Ұстаздық, ойшыл
ақынның пікірінше, жастарды ізгілікке, адамшылыққа үйретушілік.
ХІХ ғасырдың соңғы он жылы– Абайдың ақындық мектебі үшін ең
жемісті кезең. Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі
112

113.

айтқандай, қасына талапты жастарды жиып, оларға өлең сөздерімен де,
ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті ісіне,
дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз ұғатын
ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт» дейді Мұхаң. Абай
педагогикасын рухани әлем мен көңілдің ілімі немесе жүректің
салтанаты деп қабылдайтын болсақ, оның негізгі бағыты кемел
адам тәрбиелеу. Кемел адам, Абайша айтқанда, толық адам – кісілікке
жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан дүниесі ағарып,
рухани артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен жаратылыс негізіне
мейлінше жақындаған асыл адам. Туған халқының рухани мұрасын
жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын
сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ойпікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Абай педагогикасы тәрбиелеу ілімінің әрі тереңі,әрі тұнығы.
Ол бес баулудан тұрады.1.Елдікке, ерлікке,Отаншылдыққа баулу.Бұл
Арғы қазақтан келе жатқан ұласпалы дәстүр,текті де,тегуірінді
қасиет.Мүны бар қазақ,еш адам, ешуақытта аттап кете алмайды,
қанға сіңген қатал тәрбиелік ұстаным.Оны бойына сіңірген адам
ғана,толық адам,нағыз қазақ бола алады. 2.Кісілігі мол кісі болдыру,
адамшылыққа, имандылыққа баулу. 3.Ақыл –ойын дамы-тып, зердесін ұштап,көкірек көзін ашу .4. Өнер, білім-ғылымға баулу. 5. Өмірге
дайындау,еңбекке баулу.Осы баулу мектептерінен өткен, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өнер,білім-ғылымға
көргенділікке қол жеткізген, қоғамда өз орнын таба білу (өміртану)
ғылымын игеруші жанды атамыз, толық адам деген.Олай болса Дана
Абай педагогикасы--заманауи толық адам қалыптастыру ісінде
тұғыр боларлық,Қазақстан білім жүйесінде,жастарға тәлім-тәрбие
беруге ғылыми негіз боларлық ұлтанды ілім болып табылады. Адам –
ақын көзқарасында, ақыл ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей
көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі,
орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай
үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», - деп жар салады [2,
86 б.]. Абай дүниетанымы мен философиясындағы даналықтың қырсырын, бүге- шүгесіне дейін ашып көрсете білген профессор Т.Х.
Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа, даналықты білдіретін
сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді; ол даналықты танып,
ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық Абай ілімінде теориялық
концепция болып қалған жоқ, өмір сүру тәсіліне айналды.»
113

114.

«...Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі, одан кейінгі қазақ
ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін түсінік. Өткенді де,
қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік. Оқумен, тоқумен,
тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең бойлаумен келген
түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің кім екенін, ненің не
екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік» [4, 44 б.].Сондықтан
да,Абай педагогикасы да,таңқаларлық терең әлем! Абай педагогикасында бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Оның
тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық
идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі
тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ,
тұтас ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұңмұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірдебір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды Дана Абайдың
тәрбиелеу ілімін әділет-махаббат педагогикасы деп жүрміз. Бұлай
атау біреудің білгірлікпен,даналықпен айтқан пайымы емес.Абай
педагогикасының өз ішкі мәні мен мазмұнынан,мұрат мақсатынан
туындаған ғылыми пайым,дәлелді кесім. Адам – ақын көзқарасында,
ақыл ойдың, адамшылықтың, еңбексүй-гіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы,
жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен
жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен
мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», - деп жар салады [2, 86 б.].
Абай дүниетанымы мен философиясындағы даналықтың қырсырын, бүге- шүгесіне дейін ашып көрсете білген профессор Т.Х.
Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа, даналықты білдіретін
сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді; ол даналықты танып,
ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық Абай ілімінде теориялық
концепция болып қалған жоқ, өмір сүру тәсіліне айналды.»
«...Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі, одан кейінгі қазақ
ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін түсінік. Өткенді де,
қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік. Оқумен, тоқумен,
тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең бойлаумен келген
түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің кім екенін, ненің не
екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік» [4, 44 б.].Сондықтан
да,Абай педагогикасы да,таңқаларлық терең әлем! Абай педагогикасында бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Оның
114

115.

тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық
идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі
тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ,
тұтас ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұңмұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірдебір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды Дана Абайдың
тәрбиелеу ілімін әділет-махаббат педагогикасы деп жүрміз. Бұлай
атау біреудің білгірлікпен,даналықпен айтқан пайымы емес.Абай
педагогикасының өз ішкі мәні мен мазмұнынан,мұрат мақсатынан
туындаған ғылыми пайым,дәлелді кесім.Осыны тарқатып көрелік.
Шындығында, адам рухын, жалпы болмысты басқарушы күшТәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне Абайдың көзі жетіп,толық
иланған. Ақ ниетті адамзаттың ықылым заманнан бергі арманы өзі
тұратын елде, тіпті жалпы жер бетінде әділет орнату. Жалпы
адамның тума табиғатында әділетке деген сұраныс, ұмтылыс пен
махаббат бар. Адамзат тарихындағы бүкіл көтеріліс, төңкерістердің де түпкі себебі де, қол жеткізбекші мұраты да сол әділетті
орнату. Ислами контексте Әділет дегеніміз әр нәрсенің өз орнында
тұруы.«Шәксіз Алла турашыларды (әділдікпен амал еткендерді)
сүйеді.» (Құран, 5:42)«Және елшілермен бірге адам баласының әділ
тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік.»
(Құран, 57:25)Егерде жеке адам немесе бүкіл қоғам тек қайрат пен
ақылдың тапқан жолына түсер болса – «алдың – жалын, артың –
мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені ахирет – тозақ жалыны, ал
«артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз дән
шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдіреді.
Демек, адамға бақыт қонуының басты шарты, ойшылдың білуінше,
әділет-шапқат иесі болу. Сөйтіп, адам рухын, жалпы болмысты
басқарушы күш -Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне Абай шек
келтірмейді. «Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның
жүрегіне қарайды», деп айтылған хадиске сүйенеді. Жүрек, яғни
көкірек көзі заттың,құбылыстың ішкі мәніне бойлай алады, тылсым
дүниені түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып қанаттанып,
шекара танымайды. Адам бойындағы бар ізгі қасиет жүректен
табылады. Сондықтан қайрат пен ақылға бағынбайтын жүрек дене
мүшелерінің әміршісі болып саналады. Абай осы түбегейлі идеясын
бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп, дамыта береді. «Малға
достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде ақын «дүние мен малға
дос» адамдарға:Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек.Еңбекті сат, ар
115

116.

сатып неге керек?!Үш-ақ нәрсе − адамның қасиеті.Ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек, −дейді.«Жылы жүрек» сөзін «махаббат»,
«мейірім» мағынасында қолданған ақын адамның басты қасиеті
«ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек», −деп ақылды да
қайратты һәм мейірімді адамды, жүрегінде адамгершілік махаббаты жоқ «дүние−дос» адамға қарама-қарсы қойып, ақылды да
қайратты, мейірімді адамды жан-жақты жетілген кемел адам деп,
оны басты орынға шығарады. Абай ең жоғары, аса шарапатты
адамгершілік қасиетті «махаббат» деп атаған. «Ей, жүрегімнің
қуаты перзентлерім! ...Ықыласпен ұғып алыңыздар, оның үшін
махаббаттың төлеуі –махаббат. Әуелі адамның адамдығы , ақыл,
ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі
хауас сәлим (арабша өзіндік дұрыс қасиет) һәм тән саулық. Бұлар
туысынан болады, қалмыс (қалғаны) өзгелерінің бәрі жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Махаббатсыз
ғылым - қасірет, махаббатсыз мейірім – мүсіркеу. Махаббатсыз
жасалған Мейірім мен Ғылым мәнсіз. «Бұл ғадаләт, махаббат сезім
кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил» дейді Абай.
Махаббат пен Әділет әрқашан тең және қатар жүруі керек.Осымен,
данышпан Тәңірінің әділет заңын орындау я орындамау, яғни
бақытқа жету-жетпеу әр пенденің өз ырқы екенін білдіреді.
Әділеттік, арлылық, махаббат пен – Үй жолдасың қабірден әрі
өткенде, –дей келе:Ғадәләт пен мархамат – көп азығы.Қайда көрсең,
болып бақ соған көмек, – («Көк тұман-алдыңдағы келер заман» 1897
жыл). Абайдың поэзиясында, әсіресе, кітап «Ғақлия» атты
мұрасында «қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни
«ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру идеясымен
қабыса табысқанына көз жеткіземіз. Бұл ерекшелікті ғұлама
М.Әуезов бізге былайша білдіреді:«…Ылғи ғана таза адамшылық
жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты – бауырмалды
арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын
жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады».Адамды адам қылатын
жан тәрбиесі ілімі Абай дананың әділет-махаббат педагогикасы деп
аталады.Келер ұрпақтың қамын ойлаған ұлы Абай философиясында
"Толық адам" ілімінің көп сипаттаулары мен талдаулары кездеседі.
Абайдың ұлылығы-Толық адам тәрбиелеу үшін алдымен Толық
қоғамның, ал Толық қоғам орнату үшін Толық ілім жасаудың
қажеттігін білгендігінде. Сондықтан да ол - өзінің саналы өмірінде
Толық адам ілімін жасаумен айналысқан. Яғни, мұндағы Толық адам
116

117.

деп отырғанымыз - адамшылық, имандылық, ізгілік,әділет пен
махаббатқа малшынған адам. Қазақтың: « Шыншыл болсаң - қол
жетпес шыңда өскен шынарсың, Әділ болсаң - аңқылдақ, ізгілікке
құмарсың, Адал болсаң - ақжарқын, жақсы іске билік қыларсың»дейтіні осы ілімнің құнары. Ақынның өзі айтқандай, адамда екі түрлі
қуат бар: жан қуатымен ақыл таппақ та, тән қуатымен мал
таппақ, еңбек етпек. Ақын екеуінің де адалдықпен болғанын қалайды.
Және осы ойының жүйелі түрде қалыптасқан таным екенін кейінгі
өлеңдерінде сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады. Абай
әрбір ойы, сөзі арқылы адамды адамдыққа шақырады. Дұрыс жүруге,
жақсы іс жасауға, ізгі ойларға тартады. Ақ пен қараның ара-жігін
ажыратуға итермелейді. Абайдың негізгі ойы – адамды жетілдіру
болған, яғни кемел адамға, толық адамға жеткізу еді. Абайдың
"Толық адам" туралы ілімін әділдет-махаббат педагогикасы-деп
атаудың мәнісі осы. Абайдың мұраты-адамды адамгершілік, кісілік
жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақты ілгері
дамыған елдер қатарына қосу еді. Оның қарасөздеріндегі қоғамдық,
педагогикалық, психологиялық көзқарастары осыны көздейді. Абай
атамызға «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат, осы үшеуінің
басын қос, бәрін жүрекке билет деп ұқтырып айтушының аты
ғылым екен. Осы үшеуі бір кісіде табылса, табанының топырағы
қөзге сүртерлік қасиетті адам(толық адам) сол. Үшеуің ала болсаң,
мен жүректі жақтадым, құдайшылық сонда»-депті. Абай адам
болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. 43-сөзде
Абай: «Адам ұғылы екі нәрсе бірлән: бірі – тән, бірі жан. Ол екеуінің
орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили,қайсысы кәсиби
оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы –жибили, ұйықтамақ
та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен,көрсем екен деген арзу,
бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым– бұлар – кәсиби» [4, 416–
417 бб.].Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат
адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген
Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды.
Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай
сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан
кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю.Осы
үш сүюді Абай имани гүл деп атайды .) Абай толық адам болу үшін
керекті адами сапаларды сараптап көрсетіп береді.Поэзия
падишасының пайымдауынша толық адамның үш үлкен қасиеті
болуы керек екен. Ол: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Осы
117

118.

үш қасиеттің бірі кемшін түссе, пенде баласы кембағал күй кешеді.
Жігерсіз адам қайратсыз, қайратсыз адам қабілетсіз. Ақылы
кемеліне келмеген кісі өмірге икемсіз, әлжуаз, рухани мүгедек.
Жүрегінің жылуы жоқ адам әдетте тасбауыр, мейірімсіз.
Сондықтан, Абай айтқан толық адам қайратты, ақылды, жүрегі
мейірбан. Осындай адам айналасына шуақ шашады, жақсылық дәнін
себеді, үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайды.Абайдың толық
адам ілімі бізге дамып, шындалып, жетіліп жетті. Зерттеуші,
абайтанушы М.Мырзахметов «Қазақ әдебиетіндегі сопылық
таным» (Алматы, 2012) деген еңбегінде : « Абайдың 38-қарасөзінде
қолданылған жәуанмәртлік (парсы тілінен аударғанда «жомарт
жігіт») ұғымына талдау жасай келіп, Абайдың толық адам немесе
«ал-инсан ал-кәмил» танымының төрт негізі ақыл, әділет, қайрат,
қанағат ақынның бүкіл шығармашылығының түп қазығы екендігін
айтады. Зерттеушінің пайымдауынша, Абай өзіне дейінгі түркі
ғұламаларының – Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидың, Яссауидің,
Румидің кемел адам жайлы ой-тұжырымдарынан хабардар болып,
сол жолда ізденген, «толық адам» ілімінің негізін жасап, оны жеке
адамды түзеуге, сол арқылы қоғамды, адамзатты дұрыс жолға салуға
пайдаланған». Абай атамыз жасаған «Толық адам ілім негіздерін»
оның ізбасарлары,шәкірттері жан-жақты дамытты.Айталық, оны
Қ.Шәкерім «Ар ілімімен» байытса,Мәшһүр Жүсіп «Түгел адам» -деп
қарастырады.ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Абай атамыздың
ағартушылық философиясы дамудың жаңа жолына түсіп,ерекше
тәрбиелеу ілімі болып қалыптасуға бағыт алып, жаңа белеске
көтерілді.Осының нәтижесінде Алаш мемлекетінде білім революциясы орын алды.Ол революцияның етек алып кең жайылуына,сәтті
жүзеге асуына алаш зиялылары ерекше белсенділік танытты. ХХ
ғасыр -Дана Мұхтар сауат ашу оқулығынан бастаса, Ұлт ұстазы
Б.Ахмет Тілтану ғылымының пән оқулығын жасауға дейін кең
көлемде ғылым-білім беру,мектеп ашу таңғажайып тамаша өріс
алған дәуір болды.Бұл революциядан шет қалған,саясаткер,
қайраткер,ақын,жазушы, ұстаз оқытушы болған жоқ.Олар абыройлы міндеттерін Абай дана іліміне сүйеніп атқарды. Сондықтан,
олар өз ойларын қосып Абай ілімін үнемі дамытып отырды.
М.Шоқай «толық адамды төрт жағы түгел кісі»-деген. Нақтыласақ:"Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен
күресе білетін адам шығару деген сөз,...қысқасы, адамзат дүниесінің
керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару."
118

119.

М.Жұмабаев: «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл
табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат
алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын
адам болғандығы» деді.. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам
болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың
негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады, ол материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және
әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы,
қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге және рухани
ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге
асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан
тәнді тек рух арқылы билейді..
Шәкәрім «Үш анықта» адамның рухани өсуіне мықты тірек
болатын үш анықты атайды: Бірінші-мәңгі өзгерістегі Универсумда
барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық
тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып,
жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі -жанның жоғарылап,
тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім
адамдарды осыған шақырады. рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз
жетілген адам содан шығады. Философиялық лирикалары мен «Үш
анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселе-сіне төтенше мән
беріп қарайтыны бар. « Ынсап, әділет, мейірім үшеуі ұждан ұғымын
құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан –
тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай
береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады.
Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек
қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады» (Үш анық. 30 б.). Яғни,
Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі
жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына
сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген
соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының
барсакелмес қайығына мінеді. Осындай нанымдағы пенделерге қарап
Шәкәрім:Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,Екі өмірдің азығы –
осы Ұждан Шын нану – ақылымен қабылдауы, Қалады зұлымдықтан
сөйткенде адам, ––деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани
азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты ақыл адами қасиетті әрбір
саналы адам жастайынан бойына ұялату жолында болуын
ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық санасын» деп,
Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан:Шын таза жан
119

120.

тазалықпен Тәңірісіне барады ол.Мейірім, ынсап, әділеттен Ағызам
деп нұр бұлақ! ––деп, тұщымды жауап береді. Шәкәрім– адамның
уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар
ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан
үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арманмақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен
бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз.«Ар ғылымы оқылса», –
деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа нұсқаған адамшылық
жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет, ынсап,
мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: «…ұждан, совесть,
жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің
жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер
бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен Ұждан соның азығы екеніне
әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам
атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір
сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы сияқты» (Үш анық, 34
бет), – деп осы жолды бүкіл өмір бойғы ізденісінен туған аса зор мәнмағынаға толы ой-қорытындысын ұсынады.[1.М.Мызахметұлы] Бұл
– біздер үшін рухани шамшырақ!
Шәкерім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі
дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. «Тіршілік
туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі
жол бар.Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл
тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.Сондықтан
жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде
жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен
соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі
өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі
жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді» – деп жазды Шәкәрім
«Үш анықта». Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды
анықтап отырғаны түсінікті.Осы екі ұстанымды түсіндіре
отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.Оның
пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін
мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.Екінші ақиқатсезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми
ақиқат.Үшінші ақиқат-бұл жан ақиқаты,оның субстанциалдық
негізі-ұждан.Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан
ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.Осы негізде ғалым тәрбиелеу арождан ілімін ұсынған. Шәкерім туындыларында адамның өмірі мен
120

121.

еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады. "Ақылды солнысап пен ар сақтайды,Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды. Адал
сол - таза еңбекпен күнін көріп,Жаны үшін адамшылық ар сатпайды"
немесе "Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,Анық төмен
болмай ма хайуаннан.Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген
артық дүниені былғағаннан", - деген шумақтар Шәкәрімнің ар
ғылымын айшықтап тұр.. «Жиырмасыншы ғасырдың адамынан,
Анық таза бір елді көрмей өттім» дейтіні де сондықтан. «... Алла
сүймек, ар сүймек,Ұқтырар адамдықтың шын екенін. ... Ар түзейтін
бір ғылым табылмаса,Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес. ...
Жайнар көңіл, қайнар өмір,Ар білімі оқылса.»
М.Ж.Көпейұлы адам және оның қоғамдағы орны, олардың
жақсы-жаман істері жайлы ой толғағанда, «жақсы адам деп кімді
айтамыз, жаман адам деп кімді айтамыз?» деген, бір қарағанда
жеңіл көрінгенімен, шын мәнісінде ауыр сұраққа жауап іздейді.
Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, адам бойындағы
жағымсыз мінездерді әшкерелеп, жақсы адам болудың жолдарын
насихаттайды. Бұл ретте, жалпы қазақ әдебиетінде ақындардың
көбісі аталмыш мәселе турасында философиялық-діни ой, жыр
толғағаны белгілі. Негізінен, ақындарды толғандырған мәселе –
адамның барлық жағынан жетіліп, нағыз адам болуы. Мұны Ұлы
Абай «Толық адам» десе, М. Ж. Көпейұлы «Түгел адам» деп
қарастырады. Бұл сөзінің мағынасын «Төрт асыл, бес береке»
өлеңінде ашып беруге тырысады: Бірі – төрт, бірі – бесеу – болсын
тоғыз, Ат тезегін әуре боп жинар қоңыз, Тоғызын түгендемей
ұстағанды Обалсыз, адам демей, деуге - доңыз. Бірі – тілде, біреуі –
көңіл-ойда, Енді бірі теп-тегіс түгел бойда. Бұл үшеуін жүргізсе, қара
жолмен, Бәйге алады жарқырап үлкен тойда. «Құдай-бір, жоқ, - деп
басқа!»- айтса тілің, Шын білсе, тіліңдегін-жан-ділің. Дініңмен
(денеңмен) аянбастан қылып ғамал, Пайғамбар сүннетімен өтсе
күнің! Төрт асыл – анық осы бойыңдағы, Орнына келе бермес
ойыңдағы. Түгендеп бұл төртеуін қыла алмасаң, Жүре бер
тамағыңды тойын-дағы. Мұндағы төрт асылы – Хақты тану, көңіл,
тән, тіл тазалығын сақтау. Ақын Құдайдан безген заманда адамға
алдымен керегі осы деп біледі. Бұған қоса әрі қарай: Береке – өз
қарақан басыңдағы, Әдетің (ғадетің) – ұзын өмір жасыңдағы.
Оқылған уақытымен бес намазың - Болатын көрде жолдас
қасыңдағы!.. Бұл басты әр нәрсеге бастайтын көз, Оңбаймыз көзден,
тілден тыйылмай біз. Бойыңа келер мұнан бір береке, Аузыңнан
121

122.

шығармасаң несие сөз. ...Бұ да адамның басының берекесі, Берілсе –
қайыр, ықсан, зекет –малдан!...Адамға келер мұнан мол береке, Екі
аяқ арасына ие болса! ...Уағда айтқан жерден сөз табылып, Ұстаған
жерден қолы тұрса кетпей!.. Береке мұнымене болады бес, Түсерсің
енді сөзге, болмасаң кес! Дап-даяр бұлар ойда болмағаны, Хабары
болмағаны Құраннан еш! - деп, айтқан сөз, уәдеде тұруды, көз, тіл,
нәпсіге берік болуды қатаң ескертіп, бес уақыт намаз оқу мен
жетімдерге қайыр-садақа беруді міндеттейді. Осыларды санамалай
келе, бес берекеге жатқызады: ...Төрт асыл, бес береке, бір бойынан,
Табылса түгел болып әне кісі!, - [4,157 б.] деп «Түгел адам» мәнісін
осылайша түсіндіріп береді. М. Ж. Көпейұлы осыларды бойында
жинаған адамды «Түгел адам» дейді.М. Ж. Көпейұлы: “Ғылым-білім
немен болады? Ең алды құдайды, құдай-тағаланы танымақ. Ол
құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, сонда тәңірісін
таниды. Ғылым-білімге талап қылушылар алдымен өзін тануын
мақсат қылу керек”, - дейді. [2, 75 б.].. Қорыта келгенде, М. Ж.
Көпейұлы мұрасының түп қазығы ақыл иесі – түзу адамды
қалыптастыру. Әдебиеттің ежелден бергі нысаны адам болмысы,
адамды түзету болса, ақын бұл тұрғыда қазақ қоғамының азаматын
тәрбиелеудің үлгісін сомдап, жеке адамды, қоғамды түзету мәселесін
қозғайды. Адам баласының өмір сүру жолында ізденіп, өзін-өзі
жетілдіре білсе ғана тіршілікте үйлесімдік боларын шеберлікпен
жеткізе біледі. А.Байтұрсынов:«...Үкіметке керегі мемлекеттегі
жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа
керегі-өз дінін, тілін, жазуын сақтау»-дей отырып, ұстазы Абайдың
ілімін басшылыққа алып «Қазаққа білім-тәрбие беру ұлттық
жүйесінің ғылыми негізін қалыптастырды» және оны сол дәуірде
жүзеге асырып,қолдана білді.Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі
арқылы меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай
тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып
жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене
беретін, мәңгі құла-майтын бәйтерек. Жүректің терең сырларын,
басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасыхалықтың тілі” – деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған
бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны
жан-жақты және терең меңгерудің қажеттігін баса көрсетеді.
Сондай- ақ, Абай ілімінің психологиялық астарын талдап берді.
Ал,Ж.Жұмабаев,тәрбиелеу ұлттық ілімінің педагогикалық тоерия122

123.

сын негіздеп берді. Мұнда,Абай ілімінің, барлық қырлары толық
қамтылумен қатар,оны европалық педагогикаға ұштастыра білді.
Жүсіпбек: «Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге
болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса
да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар
дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек".«Білімді
орнына жұмсайтын не? Ол - тәрбие". Сонымен, білімнің адамзат
игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен.
Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да
оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам,
толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке,
адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...»-деп, Абайдың толық адам
ілімін, сол күннен бастап,ұрпақ тәрбиелеуде ұтымды пайдалана
беруге болатындығын нұсқаған. Ал, Мұқтар дана: «Қай істің болсын
өнуіне үш шарт бар: ең әуелі -ниет керек, одан соң – күш керек, одан
соң-тәртіп керек. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік. Адам көркіақыл. Адам баласының жақсы құлқы жаратылысынан емес, өскен
ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тумай жатып-толдым деме,
толмай жатып-болдым деме.Маңына ұрық шашпаған жақсылық
жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.Білімбақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы. Көгенкөз
қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы
діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!”-десе, тілімнің ұшында жүрген сөз
төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ
озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе
жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.Жалған намыс-қасиет
емес, ар сақтаған-қасиет. Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе-білім. Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза..»-деп
Толық адам ілімін осылай тереңдетеді. Бұларда ешбір таптық,
топтық пиғыл жоқ таза ұлттық мүддеге негіздеп педагогикалық ,
психологиялық ғылым негінде қорытылған тұжырымдар. Олай
болса,сонау ғұн заманының патшасы Мәді(Моде)-ден бастау
алып,түркі заманында Дана Аналардың жетілдірген, сақ заманында
Ер Тонғаның жоқтауында Ер жігіт деп ізі қалған, Қорқыт Ата
байытқан, Фараби бабабыз ғылыми негізін қалаған, Ж.Баласағұни,
М.Қашқари жетілдірген, А.Яссауи өрнектеген,Асанқайғыдан Абайға
дейнгі ақын жырау,сал-сері,би-шешендердің күлтелеген, Абай және
оның ізбасарлары мен шәкірттерінің дамытып,тәрбиелеу Әлемдік
123

124.

іліміне теңестіріп берген «Кемел кісі ілімін» М.Мырзахметұлы
ақсақалдың кестесіне келтірсек:
1)Алып Ер Тонаның «Ақи немесе жомарттық» ілімі(б.з.д. 7 ғасыр),
2) Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х ғасыр),
3) Жүсіп Баласағүнидің жәуанмәртілік ілімі((Х1 ғасыр),
4) Ясауидің хәл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр),
5) Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы),
6) Шәкәрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында).
7)М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі
8)М.Жұмабаевтың тәрбиелеу қазақ ілімі(ХХ ғ. басы)
9.)Имандылыққа баулу қазақ ілімі.Иманипедагогика. Бұл ілім-білімдер өзара тонның ішкі бауындай қабысып,сабақтастығымен
іргелестігі жымдасып,тамырын тереңге тартып, айналасындағы
күллі жұрттың тәлім-тәрбиелік ой-санасымен ұштасып жатыр.
Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты қазақты ғұламлары
қоғамның жақсарып, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол
жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп арман-даған,
талпынған, құлшынған.Олардың көкірегінде иман нұры маздап,
көңілдерінде махаббат сәулесі арайланып тұратындықтан күш
қолданып,қоғамды астан-кестен төңкеріп тастаудан гөрі тыныштық, бейбіт жолдың артықшылығы әрқашан артық сезілетін. бұл
бағытты ту етіп қастерлеген,оны Жаратушының нұсқаған дұрыс
жолы деп ұғынатын.Мысалы;
Яссауи ілімі аданың ішкі тыныштыққа жетуі арқылы қоғамда бірлік пен тыныштық орнатуды,
адамды іштей бөліну мен ыдырау психологиясынан арылтуды
мақсат етеді. Яссауи адамның ішкі әлеміндегі ыдырауды реттеуге
ықпал ететін күшті уағыздайды, ол - Тәңірге деген махаббат.
Яссауиде адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі - ақыл (басираткөңілдің көзі). Адам ақылы арқасында періштеден де үстем тұрады.
Ақыл -адамның өзін-өзі тануына ықпал ететін Тәңір тарапынан
берілген қуат.Түптеп келгенде, бақ пен байлықтың қоғамға ақыл,
білім, тәрбие мен мінездің бірлігі арқылы қатар келетіндігін
ойшылдар айтып кеткен. Бақыт, ақыл мен мінез, қанағат пен төзім,
әділеттілік бір жүрген жерде, ел, халық өз мақсатына қол жеткізеді
деген. Парақорлық, жемқорлық, жалқаулық пен надандық, сатқындық, екі жүзділік пен озбырлық қатар жүрген жерде жеке адамнан
бастап қоғамның санасы бақытсыздыққа айналады делінген ойшылдар даналығында. Жүсіп Баласағұн жазғандай: «Адамды хақ
124

125.

жаратты да ескерді:Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.Көңіл берді, әрі
тілін тербетті ,Ұят берді, берді құлық, келбетті.(Ділін оңдап, ерік
берді тіліне,Ұят берді қылық-құлық, тініне!).» Абай:Алланың,
пайғамбардың жолындамыз,Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,Кәні біздің нәпсіні жиғанымыз?
–дейді. Сонымен, қоғамның, мәдениеттің дамуы ұрпақтың ақылпарасатына тәуелді. Неғұрлым қоғам тарихи сана арқылы жетілген
сайын бар нәрсені сақтап, жаңа нәрселерді жасауға қабілетті
болады. Сананың тарихи және ұлттық сипат алып отыруы деп
ұлттың өзіндік табиғатына, болмысына сай қамдануын, қалыпты
түрде дамуын және тарихи кезеңдерде өзіне тән ерекшеліктерін
сақтап отыруын, адамзаттық дамудың талаптарына бейімделуді
айтамыз. Абай талап, шыдам, қайрат, жүрек, ақыл сияқты адами
қасиеттердің қатар болуын, адам бойынан бірдей көрінуін қаласа,
Шәкәрімде бұлармен қатар мейірім, ынсап, әділет, ақ ниет сияқты
сапалық қасиеттерді уағыздау басым. Адами қасиеттердің түп
қазығын ол адалдық пен ақ ниетке әкеліп тірейді. Шәкәрім:
Байлаймын да көзіңді,Патса қылам өзіңді,Ұғып отыр сөзімді,Ел
«Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,«Шыдам», «Шыншыл», «Харакет»,
Түп қазығы: «Ақ ниет» –Бұл жетеуін ел қылу, [2]– дейді. Шәкәрім
адамның ішкі әлемінің құндылықтарын жетілдірудін нақты
жолдарын көрсетеді. Мысалы: «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық
адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, ақыл болуға
керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық
өмір сүруге мүмкіндік жоқ, – дейді. Жаратушы адам баласына,
қоршаған бар әлемді игілігіне жаратуға нәсіп еткен,әрі оны жүзеге
асыруға қажетті мүмкіндіктермен толық қамтамасыз еткен.
Иманипедагогика ғұламаларының зерттеу нысаны, философиясының өзегі – адам. Адам дегеніміз - Яссауи бойынша, сенімиманынан кеме салып, жақсы қасиеттерінен, жақсы істерімен азық
жинап, өмір атты дариямен Хақ аманатыман аман есен өз иесіне
табыстау мақсатында сапар шеккен жолаушы деп білеміз.
Ал,Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бойынша: адам дегеніміз Аллаһ Тағалланың жердегі халифасы,шын берілген құлы. Әл–Фараби үшін жан–
жақты жетіліп, кемелденген адам-өз күш–қуатын адамдардың
игілігіне жұмсайтын, бақытқа жетуге ұмтылған тұлға. Ондай адам
ақыл мен әдептілікті, ізеттілікті үйлесімді тоғыстырады. Олардың
бір-бірінен айырмашылығын Абай атамыз“Адам баласы бір-бірінен
ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»-дейді.
125

126.

Бүгінгі таңда,біз Абайдың «жетілген толық адам ілімін»
жан-жақты зерделей отырып,оның түпнұсқалық мәнін түсіне
отырып,ХХІ ғасырдың екінші ширегінде Егемен Қазақстан Республикасында, білім-ғылым-техникалық революсиясын жасауымыз қажет.Ұрпақ тәрбиелеу,білім беру кәзіргі хәліміз тым төмендеп кеткен
діктен бұл істі сөз бұйдаға салып,нәтижелі нәтижесіз шолақ
бағдармалар мен түрлі түсті реформа жасап, отыра беруге болмайтындығын уақыт өзі көрсетіп отыр. Кемел кісі қалыптастыру қазақ
амалы иманипедагогиканың өзегі.Ал,иманипедагогика-рухани тәрбие
теориясы.Олай болса Қазақстан Республикасының тәрбиелеу
жүйесінде кемелдік ілімі салтанат құруы тиіс.
Әдебиеттер.
1. Әл-Фараби. Бақытқа жету жайында//Әл-Фараби. Әлеуметтікэтикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. - 17 б. - 420 б.
2. Әл-Фараби. Бақыт жолын сілтеу// Қазақ халқының философиялық
мұрасы. Астана, 2006
.
3. Әл-Фараби мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері// Қазақ
халқының философиялық мұрасы. Астана, 2006.
4.Байтенова Н.Ж., Кабылова А.С., Ромашева А.Қ. Шығыс
философиясындағы кемелденген адам мәселесі. Алматы, 2000.
5. Қоянбаева Г. Әл-Фараби философиясындағы үлгілі адам мұраты//
Қазақ халқының философиялық мұрасы. 16-т. Астана, 2006. 30.
6. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Астана, 2005. 2-т, 479б.,
4-т.,533 б., 7-т, 543б., 16-т,437 б.
7.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». – Қазақстан
мектебі. 1993.№11-12
8.Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б.
9. Оразбекова К. Иман және инабат. – Алматы: 1993. - 152 б.
10.Құдайбердіұлы Шәкәрім. Үш анық. Алматы, 1991.
11.Ы.Оршыбеков.
Алматы, 1981;
126
Қазақ
халқының
педагогикалық
мәдениеті,

127.

12. Шадинова Г. Ж.Баласағұнның философиялық көзқарасындағы
таным мәселесі. Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009
13. Ахметов Т. Жүсіп Баласағұнның имандылық идеялары. Қазақстан мектебі.1993.№10.
14. Көбесов А. Әл-Фараби. Алматы, 1971
15.Ыбырай Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы:
«Жалын». – 1991. – Б. 3
16. Ыбырай және ислам діні - "Ақиқат" aqiqat.kazgazeta.kz›?p=8776
17.Мұсылманшылықтың тұтқасы - діни тәрбие құралы infourok.ru›
18.Иманипедагогика
Қ арағанды 2018
19.Имандылыққа баулу қазақ ілімі Ұланбаты р 2017
20.Иасауи дүниетанымының құпиялары – kozhalar.kz›2018638821.Бейсенбай К., Нурматов Ж. Е. Қ.А. Ясауидің – діни
философиясындағы «кемел адам» концепциясы // Молодой ученый. —
2017. — №7.1. — С. 7-9
22.Кенжетай Д. «Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы Алматы, 2008.
23. Ыбырай Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы:
«Жалын». – 1991. – Б. 3
24. Ыбырай және ислам діні - "Ақиқат" aqiqat.kazgazeta.kz›?p=8776
25.Мұсылманшылықтың тұтқасы - діни тәрбие құралы infourok.ru›
26.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Толық жинағы. 13 том. Павлодар 2008
27. Қуандық МӘШҺҮР-ЖҮСІП. ДІН және МӘШҺҮР-ЖҮСІП
abai.kz›post/2855
28.Мәшһүр Жүсіп туралы бірер сөз mazhab.kz›Мақалалар›…
29.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі...bankrefer. kz›
30. Әзірет Барбол. Әулие Мәшһүр-Жүсіп және ұлттық рух
abai.kz›post/15900
31.М.Мырзахметұлы: ар түзейтін бір ғылым табылмаса
adebiportal.kz› 13667
32.Мырзагелді Кемел. Шәкәрімнің ар ілімі abai.kz›post/10629
33.Шәкәрім Құдайбердіұлының даналық дүниетанымы articlekz. com›
34. Құдайбердіұлы Шөкәрім. «Үш анық».
Алматы,
1991
127

128.

35. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас
редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
36. Абай. Қара сөздері.
Алматы 2006
37.Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
I -том. 2-том. Алматы, "Ғылым"-1977
38.Қазақ ағартушыларының философиясы / Қазақ халқының
философиялық мұрасы: 20 т. — 10-т. — Астана: Аударма, 2007.
39.Әуезов. М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы, 1997.
40.Абай «Қалың елім, қазағым», Алматы «Атамұра», 2002 41. Абай
«Өлең – сөздің патшасы» Халықаралық Абай клубы, 2006
Мазмұны
1.1§.Текті тұлға тәрбиелеу теориясының мәні
4
1.2§А.Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі
9
1.2§Ә.Текті жан-Тәңір сыйы,Кісі -тәрбие жемісі
17
1.2§Б.Текті жанның-Кісі болуы күрделі болса да, айқын.
24
3§.Текті тұлға жетілдіру жолы
34
4§. Кісі қалыптастыру қазақ жолы
49
5§.Текті жанның көкірек көзін аша алсақ,ол кісілігі мол кісі болады 67
6§.Әулеттік тектану
77
Ұлы Далада ұлғайған ілім
93
Әдебиеттер
Мазмұны
128
127
129

129.

129

130.

130

131.

131

132.

132

133.

133

134.

134
English     Русский Rules