1.77M
Categories: biographybiography businessbusiness

Стивен Пол Джобс

1.

Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs)
(Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) —
американдық өнертапқыш және бизнесмагнат.

2.

Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің
төрағасы болған. Ол Pixar Animation Studios компаниясының СЕО
қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney
Company Pixar компаниясын сатып алып Disneyдің директорлар кеңесіне
мүше болды. Ол 1995 жылы жарық көрген «Ойыншықтар оқиғасы»
мульфильмнің атқараушы продюсері.

3.

Стив Джобс 1955 жылы 24
ақпан
күні Калифорния штатындағы
Маунтин-Вью қаласында
туған.Анасы ақ нәсілді
американдық Джоан Кэрол
Шибле және әкесі сириялық
студент Абдулфатта
Джандали. Мектеп кезінде
Стив электроникаға
қызығушылық танытты, мектеп
партасында өзінің болашақ
әріптесі әрі серіктесі болатын
Стив Вознякпен танысқан. Екі
дос бастапқы кездері жергілікті
телефондық қызмет көрсетуші
компанияны алдайтын құрал
ойлап табады.

4.

70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды
жобалайтын Atariкомпаниясына жұмысқа тұрады. 1976 жылы Стив Джобс
өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады.
Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple
компаниясының жаңа туындыларын негізінен С.Возняк дайындайтын, ал С.
Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын. Стив Джобс пен Стив
Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666
доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы
жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы
рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды. 1985
жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін Стив Джобс
Apple компаниясындағы қызметінен босатылды

5.

Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның негізін қалады. Аталған
компания негізінен білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет
көрсететін. Дегенмен, 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша
атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі
компаниясын қосты.
1986 жылы Стив Джобс The Graphics Group компаниясының иесі
атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін
Apple Lucasfilmкомпаниясына 5 млн доллар төледі, ал оның нарықтағы
құны 10 млн-ға бағаланған болатын.

6.

2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7,4 млрд долларға
сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті.
Сонымен қатар Disney компаниясының акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке
тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді.
Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы
ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның
жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық
(үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 млн доллар
болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты
шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.

7.

2004 жылдың тамызында
Стив Джобстың бауырын
ауыстыру жөнінде
операция өтті. Операция
(ота) – Швейцарияда өтті.
Стив Джобс жоқ кезде
компанияны халақаралық
сатылым бөлімінің
басшысы Тим Кук
басқарды.
2004 жылдың қазан айында
Стив Джобс операциядан
кейін алғашқы рет халық
алдына шығады
2011 жылдың 17 қаңтарында Стив
Джобс компания қызметкерлеріне
таратқан хатында денсаулық жағдайына
байланысты Apple компаниясының
атқарушы директоры қызметінен
кететіндігін хабарлады

8.

Стив Джобс АҚШ тарихында табысты
компаниялардың бірін құрып қана
қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы
болғандар арасында ерекше тұлға.
«Apple» интернет технологиялар
жағынан әлемдегі ең ірі компанияға
айналып, Microsoftты артта қалдырған.
«Apple» негізінен өзінің жаңа
ноутбуктары және «iPhoneн»
смартфондары мен «iPad» планшеттері
арқылы қалың көпшілікке танымал.

9.

Қанатты сөздер:
Өзім көтеріп әкете алмайтын компьютерге сенбеймін.
12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек.
Өз жұмысыңды жақсарту үшін ең бастысы оны жақсы
көру.Егер сүймесеңіз,асықпаңыз. Сүйікті жұмысыңызды
өз жүрегіңіз көрсетеді.
Мен барлық технологиямды тек Сократпен кездесу үшін
жұмсар едім.
English     Русский Rules