Similar presentations:
Киелі жердің туризмі
1. Орындаған:Нұрлан Ж. 11 сынып оқушысы Ғылыми жетекшесі:Изтолеуова Н. Тарих пәнінің мұғалімі
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі (РО) КММҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Киелі жердің туризмі
Атасу 2019
2.
Ғылыми жобаның өзектілігі:Жаңаарқа өңірінің тарихи құндылықтарын дәріптеу арқылы туризм
саласын дамыта отырып, туған жеріміздің экономикасын дамытуға
үлес қосу
Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Жаңаарқа өңірінің киелі жерлерінің ашылмаған сырларын ашып,
өлкеміздің
құпиясын ішіне бүккен көне шаһарлар мен тарихи-мәдени
ескерткіштерге зерттеу жүргізу. Осы баға жетпес қазынаны қалың
көпшілікке кеңінен насихаттау, тарихи ескерткіштерді қалпына
келтіру...
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының
шеңберінде, өз туған жерінің, өлкесінің тарихын білу мақсатында,
«Жаңаарқа өңіріндегі киелі жерлерінің аңыз-әңгімелері, әдеби
мұрасы» тақырыбы алынды. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен
қыры, тауы мен жотасы, даласы мен таласы терең тарихтан
сыр шертеді. Жаңаарқа– қасиетті өлке. Жаңаарқаның табиғат
әсемдігі, сұлулығы және оның киелі жерлері, көлдер мен таулары,
тастары мен ағаштары сипаттаған.
3.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты қазақ қоғамына қозғау салып,
санамызға жаңа серпін берген, дер кезінде ұсынылған
бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне бір жарым
жылдан астам уақыт болды.
4.
«Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың»,«Әркімнің өз жері – жұмақ»,
«Ел іші алтын бесік»,
«Өз елің – алтын бесігің»,
«Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз»,
«Туған жердің әр тасы біздің алтын
тағымыз»
5.
Жаңаарқа өңіріЖазиралы Жаңаарқаның Ақтауында туғандар болмаса, біздер –
төбені тауға балап, көлбеу көкжиекті сым тартқандай түзу болады деп
өскен жаңаарқалықтармыз. Иә, Алаштың Ақселеуі Ақтауда туып,
даналықты Дараттан дарытқан. Қосағалыға қарап бой түзеп, Сымтастан
сырбаздық алған. Ал, Ғабдолла (Құлқыбаев), Темірғали (Көкетай), Қазкен
(Мүсілімов) көкелерімнің бойына иман нұры Иманақтан дарыған.
Иманақ – тау, тау емес, төбе. Сұңқар Сәкеннің кіндік қаны тамған
қастерлі Иманақтың ұлылығы – биіктігінде емес, қасиетінде. Сондықтан
болар, ұлт руханиятының үш алып бәйтерегіндей болған осы үш көкем
үшін Иманақтан биік тау жоқ. Бойларындағы сұңғақтық та, ойларындағы
сұңғылалық та Иманақтан тамыр тартады.
6. Иманақ тауы
Мен келем тау ішіндетүнделетіп,Аймақтык үңірентіп елеңдетіп,
Астымда ақбозатым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп
7. Жұбан-Ана күмбезі
8. Ақтау өңірі
9.
Ақбикеш тас мүсініАқбикеш тас мүсіні - қола дәуірініңескерткіші. Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай
18 км. жерде, Ақсай өзенінің шығысында орналасқан. 1978 ж. Орталық
Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген (жетекшісі
Ж.Құрманқұлов). Ұзындығы — 4,4 м, төрт қырлы сынтастың жоғары
басына адамның бет-бейнесін шығысқа қаратып бедерлеп салған. Ол
төменнен қарағанда әйелдің бет-әлпетіне ұқсайды. Алыстан ағарып
көрінгендіктен халық оны "Ақбикеш" атап кеткен. Шын мәнісінде
қалың қасты, үлкен дөңгелекше көзді, қыр мұрынды, үшбұрышты,
қысқа шоқша сақалы бар ер кісі бейнеленген. Тастың дәл қай кезде
қойылғанын анықтайтын белгілер жоқ. Кісі бейнесінің салыну тәсілі
түркі мүсіндеріне ұқсас болғанмен, әдеттегі тас қоршау не оба жоқ. Ол
Беғазы-Дәндібай сынтастарына ұқсас, солар сияқты тегіс жерге тігінен
қадалған. Мүсіннің батыс жағында осы бағытқа созыла салынған
"мұрттары" бар үлкен обаның болуына қарап, мүсінтас қола дәуірінен
ерте темір дәуіріне өтер кезеңде, б.з.б. 9-7 ғ-да салынған деп
болжамдалады.
10. Жамантас моласы
11. С. Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы
12.
13. Қорытынды
Ұлттық құндылықтарымызды киелі нысандар арқылы жаңғырту, жаңғыртаотырып елдің иесі болар болашақ ұрпақты рухани бай мұрамен сусындата
тәрбиелеу – Елбасы алдымызға қойған бағдарламалық тапсырманың бірі де
бірегейі. Бірін-бірі толықтыратын «Туған жер» бағдарламасы мен
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы туған жер мен
киелі жерлерге деген шынайы патриоттық сезім арқылы, екеуінің
сабақтастығы арқылы болашақ ұрпақта біртұтас мызғымас тарихи сана
қалыптасады. Туып-өскен жерге деген сүйіспеншілік бір ғана Отанымыз –
Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласса,Қазақстанның қасиетті жерлерін
қастерлеу бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын
символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы болары
хақ. Сөз соңында айтарымыз, тарихи санасы мығым, Абайдың даналығы,
Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнінен, яғни рухани мәдениетімізден
нәр алған, ұлттық рухы сақталған, ұлттық сана-сезімінің көкжиегі кеңейген,
бәсекеге қабілетті, рухани жаңғырған тұлғаның – халықтың – мемлекеттің
ғана өзіндік дербес даму үлгісі қалыптасып, кемел келешекке нық әрі нақты
қадаммен жылжи отырып дамыған елдердің қатарынан орын алатындығы
сөзсіз.