Самсунг компаниясы
Компанияның миссиясы
Корея соғысынан кейінгі Samsung
Компанияның реформалануы
Концерннің құрылымы және қаржылық жағдайы
Электронды өнеркәсіп
Автомобиль құрылысы
Маркетинг және жарнама
Химиялық өнеркәсіп
177.26K
Category: managementmanagement

Самсунг компаниясы

1. Самсунг компаниясы

САМСУНГ КОМПАНИЯСЫ
Орындаган: Албек Жансая
Тексерген: Сауле Жарылкасыновна
Бухгалтерлік есеп

2.

Атауының мағынасы
Samsung (самсон деп оқылады) сөзінің шығу тегі туралы бір мағыналы
нұсқасы жоқ, алайда корей тілінен аударғанда «үш жұлдыз» дегенді білдіреді
деген нұсқасы көбірек таралған. Корпорация атауының таңдалуы
компанияның негізін қалаушы Бьонг Чхуль Лидің үш ұлына қатысты болуы
мүмкін, олардың бірі Кун Хи Ли қазіргі уақытта өнеркәсіптік топты
басқарады.
Айтпақшы, компанияның ертеректегі логотиптерінде дәл сол үш жұлдыздың
суреті бар болатын. Алайда 1993 жылы Samsung бастапқы логотип
халықаралық корпорацияның бет-бейнесіне сай келмейді деп санап, оны
ауыстыруға шешім шығарады. Міне дәл сол уақытта қазіргі уақыттағы біздің
көзіміз үйренген – серпіле иілген көк эллипстің ішіне фирма аты жазылған
танымбелгі жарыққа шықты. Тамаша дизайн мен ауқымды жарнамалық
науқан өз жұмысын орындады: логотип әлемдегі ең танымалдылардың біріне
айналды. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жарнамалаушыстуденттері бүгінгі күні Samsung логотипін ауыстыруды нағыз сәтті шыққан
ребрендинг ретінде қарастырады. Жаңа танымбелгіні жасау кезінде шығыс
философиясы да шет қалған жоқ. Samsung маркетологтарының нұсқасы
бойынша, «логотиптің элиипстік пішіні үнемі жаңару мен жетілдіру идеясын
көрсете отырып, кеңістіктегі әлемдік қозғалысты білдіреді».

3. Компанияның миссиясы

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ
Біз
жоғары сапалы тауар жасау мен
қызмет көрсету үшін қоғамның
жаһандану жағдайының жақсаруына өз
үлесімізді қоса отырып, компанияның
адами және технологиялық ресурстарын
пайдаланамыз.

4. Корея соғысынан кейінгі Samsung

КОРЕЯ СОҒЫСЫНАН КЕЙІНГІ SAMSUNG
Оңтүстік Кореяның жаңа президенті, генерал Пак Чоң
Хи экономикалық және өнеркәсіп реформаларды бастайды.
Экономиканың өнеркәсіп секторын дамытуға арналған жоба мен
бағдарламалар әзірленді. Шикізат пен заманауи технологиялар
өндіруге шетелдік займдар тартып, одан түскен пайданы қайтадан
осы өнеркәсіптерді жетілдіруге жұмсауға бағытталды. Осындай
кезеңде тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бірі – Ли Бен Чхоль
еді. Осылайша 30 ірі компания (чеболи – «қаржы отбасысы»)
құрылды. Солардың
ішінде Samsung сынды Daewoo, Hyundai, Goldstar (LG) және тағы
басқалары да бар еді. «Қаржылық отбасыларының» әрбірінде өзінің
бағыты болды: Daewoo – автокөлік өндірісі, Goldstar – тұрмыстық
техникалар, Samsung – электроника, Hyundai – құрылыс саласы.

5. Компанияның реформалануы

КОМПАНИЯНЫҢ РЕФОРМАЛАНУЫ
Оңтүстік Кореяның эконимакасы жылына 6-дан 14 пайызға дейін
қарқынды дамып отырды. Осы кезеңде экспорт өсімі 30 пайызға жеткен.
1969 жылы Sanyo-мен біріккеннен кейін Samsung компаниясы ақ-қара
түсті теледидар өндірісін бастап кетеді. Кореяның өзінде тұрғындардың 2
пайызына ғана қолжетімді болды.
Sanyo мен Samsung-тың бірігуі Samsung Group-тың ірі секторларының
бірі – Samsung Electronics секторына бастама болды. 1980 жылдары
компания экономикалық дағдарысты көп шығындалса да еңсере білді.
Еншілес компаниялардың саны күрт азайып қалды. Билікке Ли Гон Хи
келген соң реформалардың толық спектрі ұсынылды. Компания еркін
сауда туралы заңның шарттарын толығымен қанағаттандыра алуы керек
болды. Ішкі инвесторларға қатысты саяси өзгерістер негізіндегі ұсыныс
компанияның субсидия үшін қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Конгломерат мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудан қағылған еді.

6. Концерннің құрылымы және қаржылық жағдайы

КОНЦЕРННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
Interbrand консалтинг компаниясының жыл сайын өткізетін маркетингтік
зерттеулерінің мәліметі бойынша Samsung 2007 жылғы жағдайында
бренд бағасының қосындысы бойынша 21-орынды иемденген.
Компанияның негізгі бәсекелесі Sony компаниясы 25-орында.
Компаниялардың жыл сайынғы есебі бойынша концерннің сатылымның өсу
беталыстары: Есептік жылдар USD млрд 2002 116,8 2003 101,7 2004
121,7 2005 140,9 2006 158,9.
Samsung Group концерінінің құрамына кіретін компаниялар электроника
және микроэлектроника, химиялық өнеркәсіп, құрылыс, автомобиль
жасау, ауыр өнеркәсіп, қаржы және несие, сақтандыру сынды істермен
айналысады. Концерн құрылымы ресурстан бастап, олардың қайта
жасалуы және дайын өнім күйінде аяқтау сынды электроника өндірісінің
толық циклін қамтиды. Конгломераттың негізгі бөлімшелері тек концернге
немесе Оңтүстік Корея аумағында ғана тікелей дайын электронды
өнімдерді жасаумен айналысып, компанияға қатысты бағынышты
функцияларды атқарады. Бұл ерекшелік бөлімшелер бойынша кірістердің
орналасуынан анық көрінеді, осылайша концерннің негізгі кірісі
электронды өнеркәсіптен келеді.

7. Электронды өнеркәсіп

ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНЕРКӘСІП
Концерн сатылымының 70 пайыздан көбі электронды
өнеркәсіптен келеді.
Бұл бөлімшенің компаниялары:
• Samsung Electronics • Samsung SDI • Samsung ElectroMechanics • Samsung SDS • Samsung Networks
Бөлімшелер қатты диск (HDD), оперативті жад, SRAM (оның ішінде
процессор және видеокарталарға арналған чиптер өндірісі), сұйық
кристалды мониторлар, сұйық кристалды және плазмалы
теледидарлар, GSM, CDMA, 3G және WiMAX бар стандартты
мобилды телефондар, IP-телефондарға арналған құрал-жабдықтар,
ноутбуктер, принтерлер, тұрмыстық техникалар және т.б.
өндірісімен, телекоммуникацияның сымсыз желісі WiMAX-тың
үшінші және төртінші нұсқаларын дамытумен айналысады.

8. Автомобиль құрылысы

АВТОМОБИЛЬ ҚҰРЫЛЫСЫ
Концерннің профилденбейтін бөлімшелерінің бірі –
автомобиль құрылысы, аталмыш салада төмендегі бір
ғана кәсіпорын айналысады: Samsung Motors (Renault
Samsung Motors) — 2000 жылы.
Үлгілері: • Samsung QM5 • Samsung SM3 • Samsung
SM5 • Samsung SM7
2008 жылы компания тек ішкі нарықты ғана
қамтамасыз етіп отырды. 2009 жылы азиялық және
тынықмұхиттық аймақтардағы нарыққа шыға
бастады. 2007 жылы өндіріс көлемі 179 272
автомобилге жеткен.

9. Маркетинг және жарнама

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ЖАРНАМА
Cheil Communications – 1973 жылы негізі
қаланған маркетинг компаниясы. Қоғаммен
байланыс, маркетингтік зерттеулер, БАҚ-мен
қатынас саласында қызмет атқарады.
Оңтүстік Кореядағы жарнама саласында
сөзсіз көшбасшы болып табылады. Бөлімше
Samsung Group концернінің маркетинг
мәселелерін толығымен шеше алады.
Кеңселері әлемнің 24 елінде орналасқан.

10. Химиялық өнеркәсіп

ХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП
Химиялық өнеркәсіп бөлімшесінің құрылымы мынадай бес кәсіпорынды
қамтиды:
• Samsung Total Petrochemicals (халықаралық компания, Total Group-пен
біріккен кәсіпорын) • Samsung Petrochemicals • Samsung Fine
Chemicals • Samsung BP Chemicals (халықаралық компания, BP
Chemicals-пен біріккен кәсіпорын)
Сала концернге жылына 5 млрд доллар шамасында табыс әкеледі.
Samsung Total Petrochemicals – концерннің химиялық өнеркәсіппен
айналысатын ең ірі компаниясы. Samsung Group және химия мен
энергетика саласында жұмыс жасайтын Total Group француз
компаниясының біріккен кәсіпорны. Мұнай-химиялық кешен 15
зауыттан тұрады, Оңтүстік Кореяның Десан қаласында орналасқан.
Тұрмыстық химия, жалпы тұтыну химиясын өндіреді.
Негізгі химикаттар: • полиэтилен • полипропилен • стирол мономері
параксилол • LPG, жанармай
Экспортқа жылына 5 млн тоннаға жуық мұнай-химиялық өнім кетеді.
Өндіріс экология саласында ISO стандарттарын қанағаттандырады.
English     Русский Rules