Similar presentations:
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
1. Сабақтың тақырыбы: «Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні»
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:«Ы.АЛТЫНСАРИН
ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ»
(1841-1889)
2. Сабақтың мақсаты:
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:а) Білу, түсіну: оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін
айта отырып, Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын,
идеясын, қоғамдық мәнін қайталап, еске түсіру.
ә) Қолдану, талдау: Ыбырай әңгімелерін оқушыларға
қысқаша мазмұндата отырып, әңгімелерін өз өмірлеріне
қандай тәлім алып, оны қалай қолдана білуге үйрету.
б) Жинақтау, бағалау: Әңгімелерін өмірмен, отбасы
тәрбиесімен байланыстыра отырып, ауызша және жазбаша
сыни тұрғыдан талдау.
3. Тарихи даталарға құрылған сұрақтар:
ТАРИХИ ДАТАЛАРҒА ҚҰРЫЛҒАН СҰРАҚТАР:1.
2.
3.
4.
5.
Ы.Алтынсарин қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?
Орынбордағы орыс-қазақ мектебінде қай жылдары
оқыды?
4. Ы.Алтынсарин Орынборда шекаралық комиссияда
тілмаш болған?
5. Қай жылы Торғайда мұғалім болып қызмет атқарды?
4. 6. Торғайда қай жылы мектеп ашты? 7. 1879-1880 жж. Торғай қаласының 4 уезінде мектептер ашты. Ол қай уездер? 8. Орск қаласында
6. ТОРҒАЙДА ҚАЙ ЖЫЛЫ МЕКТЕП АШТЫ?7. 1879-1880 ЖЖ. ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 4 УЕЗІНДЕ
МЕКТЕПТЕР АШТЫ. ОЛ ҚАЙ УЕЗДЕР?
8. ОРСК ҚАЛАСЫНДА ТҰҢҒЫШ МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІ
ҚАЙ ЖЫЛЫ АШЫЛДЫ?
9. ТОРҒАЙДАҒЫ ҚОЛӨНЕР МЕКТЕБІ ҚАЙ ЖЫЛЫ
АШЫЛДЫ?
10. ЫРҒЫЗДА ТҰҢҒЫШ ҚЫЗДАР МЕКТЕБІН ҚАЙ
ЖЫЛЫ АШТЫ?
5. 11. қостанайда 25 орны бар мектеп-интернатты қай жылы ашты? 12. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы қай жылы, қай қалада басылып
11. ҚОСТАНАЙДА 25 ОРНЫ БАР МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҚАЙ ЖЫЛЫ АШТЫ?
12. «ҚАЗАҚ ХРЕСТОМАТИЯСЫ» ОҚУЛЫҒЫ ҚАЙ ЖЫЛЫ, ҚАЙ
ҚАЛАДА БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ?
13. «МҰСЫЛМАНДЫҚ ТҰТҚАСЫ» ОҚУЛЫҒЫ ҚАЙ ЖЫЛЫ
ЖАЗЫЛДЫ?
14. Ы.АЛТЫНСАРИН ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ
ИНСПЕКТОР БОЛЫП ҚАЙ ЖЫЛЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ?
15. Ы.АЛТЫНСАРИН АУЫР НАУҚАСТАН ҚАЙ ЖЫЛЫ ҚАЙТЫС
БОЛДЫ?
6.
Жаман жолдасЕкі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің
біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт,
ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру
байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды
да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің
қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті.
Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап
қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.
Ы.Алтынсарин
Тапсырма:
1. Әңгіменің идеясы не?
2. Қандай адаммен дос болу керек?
3. Достық туралы бір мақалды үш тілде айт.
7.
ӘдепБір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда,
қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді.
Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа
неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді.
Сонда әкім:
- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін
көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.
Ы.Алтынсарин
Тапсырма:
1. Әңгіменің идеясы не?
2. Үш кейіпкерді жеке-жеке сипатта.
3. Әдептілікке тағы нелерді жатқызуға болады?
8.
Таза бұлақ әңгімесіҮш жолаушы бір құдықтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын,
шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі
таза екен. Біреу су шыққан жердегі тастың бетіне:
— Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол! — деп, жазу жазып қойыпты.
Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді. Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай дейді:
—Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма,
сонда сен де мұратыңа жетесің.
Екінші жолаушы молда екен. Ол: — Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе
дегені, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен. Ол жолаушыларға: — Адамның бұлаққа күні-түні
тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза
сақтаудың керектігін, мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе, күннің, шөп түссе, шөптің сәулесі
көрінетінін, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты.
Ыбырай Алтынсарин
Тапсырма:
1. Автордың бұл әңгімедегі айтайын деген ойы не?
2. Үш жолаушының қайсысының сөзі дұрыс?
3. Еңбек туралы мақалды үш тілде айтып шығыңдар.