Similar presentations:
Паренхиматозды мүшелердің жабық жарақаты
1. Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Хирургиялық аурулар және травматология кафедрасыТақырыбы:Паренхиматозды мүшелердің жабық
жарақаты
Тексерген :Акимжанов Қ.Д
Орындаған:Ерланова Б.Е
Семей 2016жыл
2. Жоспар:
Кіріспе бөлімНегізгі бөлім
- Паренхиматозды органдардың анатомиясы
анатомиясы
- Паренхиматозды органдарың жабық
жарақаты
Қорытынды бөлім
3.
Бауыр - көлемді безді ағза, салмағы 1500 гр.Тікелей көкеттің астында ішқуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан. Бауырда екі бетті
ажыратады: жоғарғы көкеттік бет, facies diaphragmatica, -төменгі
висцералды беті facies visceralis. Екі үлесті ажыратады: оң үлес және
кішілеу сол үлес, бұлар көкеттік бетте бір-бірінен бауырдың орақ тәрізді
байламымен, lig falcifome hepatis бөлінген.
Иннервациясы :кезбе нерв, чревное сплетение, және оң жақтық диафрагмальды
нерв.
Қанайналымы:
- aa.hepatica,v.hepatica, v.portae, aa.interlobulares, vv.interlobulares, a.hepatica propria,
сол жақ асқазан артериясы, vv centrales.
Бауыр байламдары:
Lig.coronaroum hepatis, ligg.hepatorenale, lig hepatogastricum, lig hepatoduodenale
4.
Қызметі:- тазарту:қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда
нейтралданады.Оның үстіне бауыр капиллярларының эндотелийі мен
жұлдызды ретикулоэндотелиоциттерінде фагоцитоздық қасиеті бар,бұл
ішекте сіңірілетін заттарды залалсыздандыру үшін маңызды.
- зат алмасу: көмірсуды бауырда гликогенге айналдырады.
- эмбриондық кезеңде оған қан түзу қызметі тән, өйткені ол эритроциттер
түзеді.
- ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы
ақуыздарды синтездеу;
- холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді
синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
- он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне
қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
- Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
- Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы,
майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін
сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
5.
Ұйқыбез – асқазан артында regioepugastrica-да артқы іш қабырғасында
жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырға
астына еніп тұрады.Артқы жағынан
төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек
венасы мен қолқаға жанасып жатады.Ұйқы
безі басы, денесі, құйрығы деп
бөлінеді.Денесі призма пішінді, үш беті
бар:алдыңғы, артқы, төменгі. Үш беті бірбірінен үш жиек арқылы бөлінген: margo
superior, anteroir, inferior.Бездің жалпы
ұзындығы 12-15 см.Ішастар ұйқыбезінің
алдыңғы және төменгі беттерін жауып
жатады, артқы бетінде ішастар мүлдем
болмайды.
6.
Қызметі - ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметінатқарады.
Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті
ациноздық клеткалар тобы атқарады. Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі
реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті
ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай
сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті
майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды
дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға
айналдырады. Адам ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады.
Ішкі секреция қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Ұйқы безінің
гормондары – инсулин, глюкагон. Инсулин организмде көптеген функциялар
атқарады. Олардың ішіндегі аса маңыздысы — инсулиннің метаболизм процесіне
әсері. Ол көмірсу алмасуына әсер етіп, олардың тотығуын күшейтеді, бауыр мен ет
тканьдерінде гликоген жасалуын тездетеді. Қанға инсулин жіберсе ондағы қант
мөлшері азайып, бауырда гликоген көбейеді. Инсулин аминқышқылдарынан белок
түзілуін стимулдап, тканьдердегі глюконеогенезді бәсеңдетеді.
Без бөлетін екінші гормон- глюкагон.Глюкагонның секрециясы қандағы глюкоза
деңгейіне байланысты және сол арқылы реттеледі. Глюкоза мөлшері төмендесе
глюкагонның концентрациясы артады, көбейсе азаяды.
Глюкагон инсулиннің антогонисі. Ол глюкогеннің глюкозаға айналу процесін
тездететін фосфорилаза ферментінің қарқындылығын арттырып, қандағы қанттың
концентрациясын көбейтеді. Бауырда гликоген ыдырауын күшейтеді.
7.
Көкбауыр - жұпсыз паренхиматозды мүше ,сол жақ жиафрагма күмбезініңастында орналасқан.Көкбауыр 9-11 қабарғалар арасындағы кеңістікте , алдынан
төс маңы сызығымен, артынан омыртқа маңы сызығымен шектелген.Ұзындығы
12-14 см,ені 7-8 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150-250 гр.
Қанайналымы:шажырқай артериясының ең ірі тармағының бірі- көкбауыр
артериясы қанмен қамтамасыз етеді.(көкбауыр арт-ң тармақатры сегментарлы,
трабекулярлы, пульпарлы артериялар және артерияларға сәйкес аттас веналар)
Көкбауыр иннервациясы - ветви блуждающего нерва и симпатические волокна в
составе селезёночного сплетения.
Функциясы:лимфацито-, эритро, гранулопоэзде, сүйек кемігінің және
ретикулоэндотелиалды жүйе функциясын реттеуге, гуморалды және жасушалы
иммунитетті қалыптастыруға, тіршілігі біткен және зақымдалған эритроциттер
мен тромбоциттердің ыдырауына, темір, белок, липид, көмірсу алмасуына
қатысады.
8.
9.
Бүйрек - жұп, экскреттік,сопақша пішінді несеп шығаратын
ағза. Оң бүйрек сол бүйректен 11,5 см төмен орналасады.Бүйректе
жоғары және төменгі шеттерін,
латералды және медиалды
жиектерін, алдыңғы және артқы
беттерін ажыратады.Бүйректің
латералды жиегі дөңес, медиалды
жиегі ортасында ойыс.Медиалды
жиектің ортаңғы ойыс бөлігі
қақпасы, hilus renalis, ол арқылы
бүйрек артериялары, нервтері
кіріп, вена, лимфа тамырлары,
несепағар шығады. Қақпа бүйрек
қойнауына, sinus renalis- ке
ашылады.Бүйрек
қабықтары:сapsula fibrosa, capsula
adiposa.
10.
Бүйректің қыртысты затын, cortex renis және милы затын, medulla renisажыратады.Қыртыс зат бүйректің шетінде орналасады, қалыңдығы 4 мм.
Милы зат конус пішінді бүйрек пирамидаларынан, pyramides renales
тұрады.Пирамидалардың кең негіздері ағзаның бет жағына, ұштары синус
жаққа қарайды.Екі немесе бірнеше ұштары бүртіктерге, papillae renales
бірігеді, саны 12-ге жуық.Әрбір бүртікте ұсақ тесіктер, foramina papillaria
бар.Қыртысты зат пирамидалар, columnae renales арасына өтіп бүйрек
бағаналарын құрайды.
Қанайналымы:бүйрек артериясы, a.renalis, aa polares superiores et inferiores,
aa centrales, aa.arcuatae, a.interlobulares, v renalis және артерияларға аттас
веналар.
11.
Бүйректің қызметі:1)Экскреторлы функция (қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің,
тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады.
Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп
шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы).
2)Реттеуші-гомеостатикалық (қан рн-ның, Na, K иондарының
регуляциясы, айналымдағы қан көлемі және АҚҚ деңгейін ұстап
тұру).
3)Инкреторлы функция (эритропоэтин, ренин және басқа
биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде
эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың
синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге
қолданылады.Ренин артериалық қысымды реттеуге қатысады,
сондықтан бүйрек аурулары кезінде жиі гипертония байқалады.)
4)Метаболикалық (зат алмасу процесі)
5) Бүйректің қызметтік бірлігі нефрон.Нефронда несеп
түзіледі.Алдымен бүйрек денешігінде капилляр шумағынан қанның
сұйық бөліігі сүзіліп, алғашқы несеп, ал бүйрек өзекшелерінде
реабсорбция (су, глюкоза, тұз сіңірілуі) процесі жүріп соңғы несеп
түзіледі.
12.
13.
Іштің жабық жарақаты –механикалық энергияның
әсерінен тері жарақатынсыз
ішкі мүшелер мен тіндердің
жаралануы.
Құрсақ жабық жарақатының
себептері: Жоғарыдан төмен
құлағанда, қатты ұрғанда,
автокөлік, әуе, су апаттары
кезінде пайда болады.
Жарақат тек іштің алдыңғы
қабырғасында ғана емес, бел
аймағында, кеуде қуысында,
жамбасты да зақымдауы
мүмкін.
14.
Жіктелуі:1.Жарақат локализациясы:
- Құрсақ қабырғасы
- Іш қуысы ағзалары
- Құрсақ артылық қуыс және оның мүшелері.
2. Ішкі мүшелердің зақымданулары:
- Құрсақ ішілік
- Құрсақ артылық
3. Зақымдалған мүшенің түрі:
- Паренхиматозды
- Қуысты
- Қантамыр
- Құрсақ артылық қан құйылу (гематома).
15.
4. Паренхиматозды мүшелердің зақымданулары:- Беткей жыртылулар (глубина не более 1см)
- Орталық жартылулар
- Капсула астылық гематома (перифериялық және орталық)
- Отрыв или размозжение органа или его части
5. Қуысты мүшелердің зақымдалуы:
- Кесілу (серозды немес шырышты қабықтың)
- Жыртылу
- Бөлшектену
Абдоминальді жарақаттың асқынуы:
- Гематоманың пайда болуы
- Қан кету: сыртқа немесе құрсақ ішіне
- Перитонит
- Қарынішілік абцесстер
- Забрюшинная флегмона
- Свищтар: ішектік, өттік, панкреатикалы, зәрлі.
16.
Парензиматозды мүшелер зақымдалуы:Қуысты мүшелерге қарағанда жаралануы көбірек кездеседі.
Себебі олар құрсақ қуысында жақсы фиксацияланған, жұмсақ
құрылымды.
Көкбауыр стромасы мықты емес және болбыр пульпа
салдарынан жиі зақымданады. Бауыр мен көкбауырда тығыз
капсула болады, жарақаттан кейін оның астына қан жиналып,
гематома пайда болады.
17.
Іштің жабық жарақатының клиникалық көрінісіНауқастың жалпы жағдайы әдетте ауыр болады. Іш
аймағындағы қатты ауырсынуға шағымданады. Тері
жабындылары ішкі қан кету салдарынан бозғылт, суық тер,
тахикардия, гипотония, ентігу, шөлдеу болады. Іштің
бұлшықеттері қатайады және жарақат аймағындағы қатты
ауырсыну болады. Ішті қарағанда жаралар, қанталаулар көруге
болады. Іштің керілуіне, ассиметриялығына назар аудару керек.
Құрсақтың алдыңғы қабырғасының тыныс алу экскурсиясының
жоғалуы – ішкі мүшелердің зақымдалуының негізгі көрсеткіші.
Құрсақтың алдыңғы қабырғасының диффузды қатаюы және
кіндік сақинасы аймағында ауырсыну да ішкі мүшелердің
зақымдалуын білдіреді.
18.
I. Мендель симптомы: Іштің алдыңғы қабырғасын саусақпен ақырынұрғылау кезінде ауырсынудың болуы.
II. Мортан симптомы: Іштің алдыңғы қабырғасына қысым түсіргенде
ауырсынудың болуы.
III. Щеткин – Блюмберг симптомы: Іштің алдыңғы қабырғасын саусақпен
ақырын басып жібергенде кенет ауырсынудың болуы (перитонит көрінісі).
IV. Кларк – Спижарсктың симптомы: Асқазан мен ішектен шыққан газ
диафрагманың оң жақ қырына жиналып, бауырдың тұйықталу дыбысы
жойылады.
V. Розанов симптомы: Науқас сол жақ қырына қарай мәжбүрлік жағдайда
жатады, науқастың жағдайын өзгерткенде арқасына немесе оң жақ қырына
жатқызғанда қайта қалпына келуі. Сонымен қатар сол жақ иығында қатты
ауырсыну пайда болады – Кер симптомы.
VI. Финстерер симптомы – бауыр зақымдалғанда өттің қанға сіңірілуі
нәтижесінде брадикардия дамуы мүмкін.
VII. Хайнек-Лежар симптомы – аускультацияда перистальтика шулары
азаяды немесе жоғалуы. Жарақаттан кейінгі іштің кебуі тек ішкі мүшелердің
жарақаты деп есептеуге келмейді, ол нерв-рефлексті аппараттың жарақатымен
байланысты болу мүмкін.
19.
Бауыр жарақаты.Қан жоғалту (ішкі қан кету)
Жарақаттық шок;
Дамып келе жатқан перитонит.
Бауырдың көлемінің және орналасуының өзгеруі
Жалпы жағдайы өте ауыр
Ес болмауы
АҚ төмендеуі
Тахикардия,терісі бозғылт, суық тер,тахипноэ,шөлдеу сезімі,оң жақ
иыққа берілетін оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсыну
.Сондықтан жарақаттан соң болған белгілер ішкі қан кетудің жалпы
және жергілікті белгілерімен диагнозды қоюға болады. 70 % жағдайда
құрсақ қабырғасы қан, өтпен тітіркенуін көрсететін Щеткин-Блюмберг
симптомы анықталады. Лабораториялық зерттегенде қанда
эритроциттердің, гематокриттің, гемаглобиннің төмендеуі мен
лейкоциттер саны жарақаттан 2-3 сағ кейін жоғарылауы байқалады.
20.
Көкбауыр жарақаты.Уақыт бойынша ажыратылады: бір сәтті және екі сәтті
(орталық орналасқан гематомалар өсуінен бірнеше сағат —
1-2 апта өткеннен кейін көкбауыр капсуласының
жыртылуы). Зақымдалу сипатына байланысты:
I.субкапсулярлы жыртылу – бір реттік, бірнеше;
II.үзілулер – орган бөлігі, толық орган; жағылу.
Келесідей көріністер байқалады: шок белгілері,әлсіз
пульс,сол жақ бүйірге жатқанда ауырсынудың азаюы,сол
жақ иыққа берілетін сол жақ бүйірдегі ауырсыну, көкбауыр
жыртылуы ішкі қан кетумен, жарақаттық шок пен құрсақ
қабырғасы тітіркенуі симптомдарымен жүреді. Клиникалық
көрінісі мен диагностикалық әдістері бауырмен ұқсас.
21.
Ұйқы безі зақымдалуы. Сирек кездеседі. Оған ұйқы безі соғылуымен гематомасы жатады және капсула зақымдалуынсыз, без
паренхимасы жартылай немесе толық жыртылуымен өтеді. Жиі
ұйқы безінің денесі зақымдалады.Клиникалық көрінісінде
эпигастрий аймағында қатты ауырсыну арқаға беріледі. Бірнеше
сағаттан соң жедел жарақаттық панкреатит клинкасы дамиды –
белдемелі ауырсыну, құсу, іш кебуі, жиілеген пульс, қан
қысымының төмендеуі тән. Патологиялық процесс бездің активті
ферменттеріне байланысты.
- Жалпы жағдайы ауыр
- Эпигастридегі кенеттен пайда болатын ауырсыну
- АҚ төмендеуі
- Құсу
- Іш кебуі
22.
Классификация повреждений поджелудочнойжелезы. а — ушиб и отек, б — подкапсульная
гематома; в — поверхностный разрыв капсулы; г —
глубокий разрыв с повреждением ткани, но без
разрыва протока; д — размозжение или отрыв части
железы.
23.
Бүйрек жарақаты оның зақымдалу сипатына байланысты –паренхимасының соғылуы, жарылуы, оның терең жыртылуы,
орган бөлігінің үзілуі, бүйректің тамырлары мен
несепағарынан үзілуі, т.б. жатады. Клиникалық белгілер – бел
аймағында ауырсыну мен томпаюы, гематурия (зәрмен қан
шығу), құрсақ алды қабырға кернеуі, құрсақтың қатаю
симптомы, дизуриялық бұзылыстар, т.б. Ауырсыну бүйрек
капсуласының керілуіне, паренхима ишемиясына байланысты
туындайды. Ауырсыну сипаты тұйық, шаншиды және шап
аймағына иррадиация береді.
Ауыр жағдайларда шок және қан жоғалту симптомдары басым
болады. Бүйрек маңы клетчаткаға қан және зәр жиналуынан
инфекциялық процесс дамуы мүмкін. Несепағар
зақымдалуында алғашқы сағаттарында диагноз қою
қиынырақ. Хромоцистоскопия және урография жүргізу қажет.
24.
Іштің зақымдануларының диагностикалық критерийлері:1) Құрсақ қуысы зақымданған жарақаттанушы қимылдамай бір орында жатуға
тырысады, көбінесе арқасымен немесе бүйіріне аяқтарын бүгіп жатады, қалыпын
өзгертетін болса, бастапқы қалыпқа оралады (Ванька-встанька симптомы);
2)Беті шүңірейген үнемі сұйықтықты талап етеді;
3)Ес дәрежесі әр-түрлі болуы мүмкін; есінің анық болуынан, ступор, комаға дейін
болуы;
4) Жарақаттың және қан кетудің ауырлығына байланысты, артериялды қан
қысымының төмендеуі және де тахикардия көлемінің өзгеруі айқындала түседі;
5)Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі жарақаттың ауырлығымен параллель жүреді;
6)Тіл әдетте құрғақ, ақ немесе қоңыр жабындымен қапталған;
7) Алдыңғы құрсақ қабырғасы – тыныс алу актісіне қатыспайды немесе қимылы
шектелген; Пальпация кезінде іш бұлшық еттерінің әр түрлі дәрежедегі тартылуы
байқалады. (бұлшықеттік дефанс);
8)Іш пердесінің тітіркенуін абайлап агрессиясыз байқауға болады (Блюмберг
симптомы); Перкуссия кезінде – ауырған аймақты, сол аймақта сұйықтың немесе
құрсақ қуысындағы бос газдардың болуын анықтайды (пневмоперитонеум);
9)Аускультация кезінде – ішек перистальтикасының төмендеуі немесе мүлдем
болмауын анықтайды.
25. Іштің жабық жарақаты кезінде шұғыл медициналық көмек (жедел көмек):
Іштің жабық жарақатына күмәндаған науқастардың барлығын хирургиялықауруханаға жылдам жеткізілуі керек. Науқасты зеңбілге арқасымен жатқызып,
аяқтарын шамалы бүгіп және зеңбілдің басжағын кішкене көтеріп тасмалдайды.
Іштің жабық жарақаты кезінде ішке суық (мұз) басу.
Егер науқастың жағдайы орташа ауырлықта болса: ауырсынуды басуға
наркотикалық емес анальгетиктерді қолданады: 2 мл 50% метамизол натрий
ерітіндісі.
Егер науқастың жағдайы ауыр халде болса: ауырсынуды басу мақсатында
наркотикалық анальгетиктерді қолданады: 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісі мен
бірге 1мл 0,1% атропин ерітіндісін енгіземіз.
Инфузионды терапия жүргізу, егер тасымалдау уақыты 1 сағаттан артық болса:
400-600 мл/сағ кристаллоидты ерітінді, сонымен қоса кең спектірлі антибиотик
енгіземіз.
Психоматорлы қозу кезінде седативті препараттар енгізу.
Жедел тыныс жетіспеушілігі дамыған кезде, оттегі маскасы арқылы тыныс алу.
ЖӨЖ-гі апноэ, тыныс алу ритмінің бұзылысында, жедел тыныс жетіспеушілігінің
декомпенсация сатысында (ТҚЖ 12 ден аз 30 дан көп) жарақаттық шоктың 3
сатысында кеңірдек интубациясын жасайды.
26.
Кеткен қанды толықтыру:1. Артериалды қан қысым анықталмаған жағдайда инфузия жылдамдығы 3 –
пентакрахмалды 500,0 мл енгізу.
2. І-ІІ –ші дәрежедегі шок жағдайында көк тамырға тамшылатып полиионды
ерітіндіні (ацесоль, трисоль, лактасоль) 800-1000 мл енгізу.
3. Қан айналымның айқын бұзылыстарында 400,0 мл полиглюкин және
пентакрахмалдың 400,0 мл–н қан қысымы (90-100 мм.с.б.б.) тұрақталғанша
көк тамырға тамшылатып енгізу.
4. Гемодинамиканың төмен көрсеткішінде регидратацияға қарамастан – 200
мг дофаминді 400 мл 0,9% натрий хлоридін көк тамырға тамшылатады, 300
мг преднизалонды көк тамырға енгізу.
Өкпенін жасанды вентиляциасына көрсеткіштер:
- апноэ;
- жедел дамиты тыныс алу ритмінің бұзылыстары;
- декампенсирленген жедел тыныс жетісепеушілігі (тыныс алу қимылының
жиілігі 12ден аз 30 дан көп);
- травматикалық шок ІІІ дәрежесі.
Шұғыл госпитализациялау үшін көрсеткіштер: іштің тұйық және ашық
жарақаттары міндетті түрде госпитализацияланады.
27.
Негізгі дəрі - дəрмектер тізімі:1.Пентакрахмал 500,0 мл,фл.
2.Декстроза 5%-400,0 мл,фл.
3.Лорноксикам 8 мл,фл.
4.Фентанил ,005%-2,0 мл,амп.
5.Атропин сульфаты 0,1%-1,0 мл,амп.
6.Натрий оксибутирааты 20%-10,0 мл,амп.
7.Ацесоль 400,0 мл,фл.
8.Допамин 0,5%-5 мл,амп.
9.Преднизалон 30мг,амп.
10.Натрий хлориды 0,9%-5,0мл,амп.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Полиглюкин 400,0 мл,фл.
2.Натрий хлориды, калий хлориды, натрий гидрохлориді 400,0 мл.
3. Лактасоль 400,0 мл,фл.