Мемлекеттік құрылымы
Өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы
Туризм
Футбол
5.63M
Category: geographygeography

Испания патшалығы

1.

Испания

2.

Испания
Ресми атауы: Испания патшалығы
Астанасы: Мадрид
Жер көлемі: 504 782 км²
Халқы: 47 370 542 адам
Ірі қалалары: Мадрид, Барселона, Валенсия, Севилья,
Үкімет түрі: конституциялық монархия
Ресми тілі: Испан
Ақша бірлігі: евро

3.

Географиялық орналасуы
Испания Еуропаның оңтүстікбатысында орналасқан және
шамамен Пиреней түбегі
аймағының 85% алып жатыр, әрі
Жерорта теңізінде Балеар және
Питиуз аралдарын, Атланта
мұхитында- Канар аралын алып
жатыр. Ол Франциямен,
Португалиямен, Андоррамен және
англияның колониясы
Гибралтармен құрлық шекарасы
бар. Испанияның басқаруында
Сеута және Мелилья қалалары
(Марокко аймағында) және Велес
де ла Гомера, Алусенас және
Чафаранас аралдары жатыр.

4. Мемлекеттік құрылымы

Испанияның мемлекеттік құрылымы - конституциялық
монархия. Мемлекет басшысы — король. Қазіргі
кездегі монарх — Филипп VI. Заң қабылдайтын
орган — Испанияның генералды кортестері:
Депутаттар конгресі мен Сенат. Сенат 259 жергілікті
сайланған депутаттан құралған. Депутаттардың
қызмет ету мерзімі - 4 жыл.

5.

• Патша Филипп VI және патшайым Летисия
қыздары
Леонор мен София

6.

Экономикасы
• Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын,
дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ
шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған.
Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына
электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл.
сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса
қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі.

7. Өнеркәсібі

Ең көне өнеркәсібі – тау-кен өнеркәсібі болып табылады.Сонымен қатар
кеме жасау,машина жасау жақсы дамыған.Машина жасау өнеркәсібінің
көшбасшысы жергілікті “SEAT” маркасы болып табылады.Ол
“Volkswagen” автоконцернінің құрамына кіреді.

8. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы

.
Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында),
цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын
шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал шаруашылығы да жақсы
дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние
жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді.

9.

Транспорт
Автомобиль жолдарының ұзындығы – 328 000 км.Автомобильді паркі –
20 млн астам. Автомобиль жолдарымен 90% жолаушы және де 79% жүк
тасымалданады.
Теміржол жолдарының ұзындығы – 14586 км. Теміржол арқылы 6%
жолаушы және де 7% жүк тасымалданады.

10.

Әлеуметті-экономикалық дамуының
мәселелері
Экономикалық мәселелері.Елде жұмыссыздар қатары артуы.
Дамыған солтүстік-шығыс пен қалған аумақ арасындағы тепетеңсіздік.
Ішкі қауіпсіздік мәселелері.Соңғы уақытта елге келетін
иммигранттардың қылмыстағы үлесі артып келеді. Бұл Испанияға
Африка елдерінен сонымен қатар Латын Америкасынан заңсыз
келетіндердің әсерінен болып отыр.

11. Туризм

Испания - туристер арасындағы
аса танымал әрі өте көп сұранысқа
ие елдердің бірі. Жыл сайын елге
50 млн турист келеді.Туризм
саласы елге жылына 40 млрд
доллар ақша түсіріп отырады.
Испания әлем бойынша туристер қабылдау жөнінен АҚШ пен
Франциядан кейінгі 3 ші орынды алады.

12.

• Испандықтар ұзақ өмір сүреді: мұндағы
орташа өмір сүру жасы - 79. Ал әйелдер
арасындағы орташа жас - 87. Бұл Еуропа
елдеріндегі ең үлкен көрсеткіш. Әрбір
испандықтың екі тегі бар: әкесінің және
шешесінің.

13. Футбол

Испаниядағы ең танымал спорт түрі
- футбол. 2010, 2012 жылдары
Испанияның футболдан
әлем чемпионатын жеңіп
алғандығын өздеріңіз де жақсы
білесіздер. Футбол фанаттары
арасында кең танылған «Оле-оле!»
ұраны үшін Испанияға
қарыздармыз. Ерте кездерде бұл сөз
коррида, фламенко ойындарында
айтылған. Онан кейінгі орындарда
теннис пен гольф ойындары тұр.

14.

• Испанияда кешкі ас үшін қалыпты уақыт кешкі сағат 9 бен 10-ның арасы
болса, олар сағат таңғы бесте оянады. Бұл уақытта қаладағы барлық
кафелер ашық болады, испандықтардың көпшілігі таңертең міндетті
түрде кофе ішеді. Мектеп оқушылары, мектеп жасына дейінгі оқушылар
түнгі сағат 2-ге дейін қыдырып жүре алады, себебі, күндіз күн қатты
ыстық болғандықтан серуендеу мүмкін емес. Түнгі тіршілік өте қызу
жүріп жатады: жастар футбол ойнайды, саябақта серуендейді, иттерін
серуендетеді және т.б.

15.

• Испандықтар өте эмоционалды келеді, сондықтан олар сөйлесу
кезінде бір-біріне өте жақын тұрады және қолдарын ұстасады.
Испандықтардың ең қызықты дәстүрі - таңғы асты үйден ішпеу.
Және де дастархандарында соғыс, коррида, Франциско Франко
диктатордың билік еткен кезеңін айтуға тиым салынған. Жалпы,
мейрамханалар мен барлардың кофеханалардың саны жөнінен Еуропа
бойынша бірінші орында тұр. Мұндай мекемелердің саны - 350 мың.

16.

• Испандықтар өте көңілді әрі жылы шырайлы
халық. Егер сіз адасып қалсаңыз кез келген
испандық қолының бос еместігіне қарамастан
міндетті түрде көмектесе алады.

17.

• "Испания" атауы
ның шығуы
туралы бірнеше
тұжырымдар бар.
Фин тілінен
аударғанда "қоян
дар елі" деген
мағынаны
білдіреді.

18.

• Біздің халыққа жақсы таныс "Бүгінгі істі ертеңге
қалдырма", "Еріншектің ертеңі бітпес" деген аталы сөздер
испандықтар үшін мүлде жат. Олар "қашан?" деген жиі
қойылатын сұраққа "Маняна" деп жауап
береді. "Маняна" - "ертең" деген мағынаны білдіреді. Бұл
олардың өте қасиетті және жақсы көретін сөздері болып
саналады.
English     Русский Rules