650.56K
Category: softwaresoftware

Paint графикалық редакторы

1.

2.

Сабақтың мақсаты:Көптілділікті пайдаланып, бұрын алған теориялық және
практикалық білімдерін бір жүйеге келтіріп, графикалық редактормен жұмыс
істеу кезіндегі практикалық және теориялық біліктіліктерін тексеру.
Білімділік:
Paint графикалық редакторының құрылымы мен функцияларының негізгі
түсініктерін қайталау;
Сызықтар, эллипстер, тіктөртбұрыштар және көпбұрыштар салу істерінің
негізгі принциптерін қайталау;
Бұрын алған білімдерін практикада игеру.
Тәрбиелік:
Тәртіпті сақтау ісін тәрбиелеу;
Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу;
Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылықты тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.

3.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу;
Б) Сыныпты екі топшаға бөлу, әр топтың топ
басшысын, топ атын және спикерлерді тағайындаймыз.
ІІ. Өткенді қайталау. (сұрақ – жауап ретінде)
ІІІ. «Келісу-келіспеу» ойыны. (Топтық жұмыс)
Ал, балалар, енді осы уақытқа дейін алған білімдеріңді тексерейік.
Ойын шарты: алдымен бір топқа сұрақ қойылады, топ айтылған тұжырымға
келіссе - «келісеміз» таяқшасын көтереді, керісінше, «келіспейміз» таяқшасын
көтереді. Жауап алынған соң, сұрақ екінші топқа қойылады.
Сұрақтар:
Paint - ол мәтіндік редактор. (келіспеймін, графиктік)
Paint графикалық редакторының файл типі, яғни, кеңейтілімі - .bmp (келісемін)
Paint графикалық редакторы стандартты бағдарламаға жатпайды. (келіспеймін,
жатады)
Paint графикалық редакторында 14 құрал бар. (келіспеймін, 16 құрал)
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады. (келісемін, негізгі,
қосымша).
Бүріккіш құралымен жабық геометриялық фигура бірден боялады. (келіспеймін)
Shift пернесін басып тұрып эллипсті салсақ тек шеңбер пайда болады. (келісемін)

4.

Денешынықтыру
минуттары. Физминутка.

5.

6.

Көшіру. Деңгейлік тапсырмалар
(Жеке жұмыс)

7.

Мозайка жинау.
Деңгейлік тапсырмалар (Жеке
жұмыс)

8.

Ү. Қорытынды. «Ойлаудың алты қалпағы» ойыны.
«Ойлаудың 6 қалпағы» ойыны арқылы қорытындылайық!
(карточкалар таратылады, ойлануға 5 мин беріледі)

9.

Қызыл қалпақ. Эмоциялар. Интуиция, сезім және аладын алу
сезу. Осы тақырып жөнінде менде қандай сезім туындады?
Сары қалпақ. Артықшылығы. Қандай артықшылықтары бар?
Қара қалпақ. Баға беру. Талқылау. Кемшіліктері бар ма? Несі
дұрыс емес?
Жасыл қалпақ. Шығармашылық. Әр түрлі идеялар. Жаңа
идеялар.
Ақ қалпақ. Ақпарат. Сұрақтар. Біз қандай ақпарат алдық?
Бізге қандай ақпарат әлі де керек?
Көк қалпақ. Ойлау. Ой туралы ойлау. Біз не нәрсеге қол
жеткіздік? Бізге алдағы уақытта не істеу керек?

10.

ҮІІ. Бағалау. Бағалау парағы.
English     Русский Rules