Similar presentations:
Қазіргі заманғы хирургиялық аспаптар мен заманауи құрал-жабдықтар
1.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІМИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Кафедра: Жалпы хирургия
Тақырыбы: Қазіргі заманғы хирургиялық
аспаптар мен заманауи құрал-жабдықтар.
Қабылдаған: Құрамысов Е.А.
Орындаған: Оразова З.
Тобы: ЖМ13-1
2015 жыл
2.
Хирургиялық аспаптар - хирургиялық манипуляциякезінде операциялық,байлап - таңу,сонымен қатар
диагностикалық зерттеу мақсатында қолданылытын
аспаптар.
Жалпы хирургиялық және арнайы аспаптарды
ажыратады: акушерлікгинекологиялық,
нейрохирургиялық, оториноларонгиялық,
офтальмологиялық, стоматологиялық,
травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық және
т.б.
3.
Қазіргі кезеңде көптеген хирургиялықаспаптардың түрлері, операция жүргізетін
роботтар шығарылып, күннен күнге
медициналық жаңалықтар ашылып отыр.
Технология дамуы медицина саласында да
көптеген өзгерістер алып
келіп,медицинадағы орны маңызды болып
табылады.
Солардың ішінде бірнеше роботтар
жайында тоқталып өтсек.
4.
5.
Да Винчи (робот-хирург) жүйесі - хирургиялықоперацияларды жүзеге асыратын құрылғы.
6.
Жасаған ел: АҚШАтқаратын жұмыс типі: медициналық
Жұмысын бастады: 2000 (алғаш FDA рұқсатымен)
Өндіруші: Intuitive Surgical
Da Vinci (робот-хирург) жүйесі - хирургиялық операцияларды
жүзеге асыратын құрылғы.
Da Vinci құрылғысы екі блоктан құралған. Оның бірі оператор үшін, ал екіншісі – 4 «қолды» автомат - хирургтың
жұмысын атқарады.
Роботтың бір «қолы» видеокамераны ұстап тұруға, яғни
операция жасалынып жатқан алаңды көрсетіп тұру үшін,ал екі
«қолы» хирургтың атқаратын жұмысын орындау үшін, төртінші
«қол» хирург көмекшісінің қызметін атқару үшін арналған.
7.
Робот жүйесі (сол жақта) және хирург операторжұмысын атқаратын бөлігі (оң жақта)
8.
Хирург-оператор бөлігі9.
Мұнда врач хирург операция жасалынып жатқан алаңды 3Dарқылы бақылап отырады да,операция барысында арнайы
джойстиктерді қолданып, инструменттермен ,пультпен басқарып
отырады.
Роботталған хирургия 1980 жылдардан бастап дамыды.
Солардың ішінде хирургиядағы алғашқы автоматты аппарат «Da
Vinci» болды. Жұмыс прототипі АҚШ армиясының шартты
бөлігі ретінде 1980 жылдардың соңында әзірленді. 2015 жылы
осындай 3000 аппарат құрылды. Бұл құрылғының құны 2 млн
АҚШ доллары. АҚШ клиникалары 2014 жылы шілде айында
2153 «Da Vinci» жүйесімен қамтылды.
10.
2012 Жылы дүниежүзілік жалпы операциялар ішінде 200 мыңнауқасқа «Da Vinci» жүйесімен операция жасалды. Басым
көпшілігі гистерэктомия мен простатэктомиямен ауырған
науқастар болды.
Осы құрылғымен мынадай операциялар жасалады:
• Митральды қақпақшаны қалпына келтіру
• Миокард реваскуляризациясы
• Жүрек тіндерінің абляциясы
• Гистерэктомия және миомэктомия
• Тимэктомия айырша безін алып тастау
• Өкпе лобэктомиясы
• Эзофагоэктомия
• Радикальды простатэктомия
• Пиелопластика
• Радикальды және ішінара нефрэктомия
• тиреоидэктомия
11.
12.
«Da Vinci» жүйесін пайдаланудың негізгіартықшылықтары:
Құрылғыны пайдалану хирургқа операцияны дәлдікпен
жасауға мүмкіндік береді
Операция кезінде және одан кейінгі асқынулардың
мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді
Хирург қолындағы болатын дірілді басады
Қан жоғалту азайтады
Инфекцияның жұғу қауіпі төмендейді
Мұнда урологияда қолданылатын хирургиялық аспаптарға
қарағанда құралдар неғұрлым жіңішке және аз болып келеді
«Da Vinci» жүйесін пайдаланып жасалынған операциялардан
кейінгі науқасты оңалту процессі дәстүрлі операциялармен
салыстырғанда әлдеқайда: бірнеше аптаға немесе бірнеше
айға дейін қысқарады.
13.
14.
Metrobotix Flex хирургиялық«робот - жылан»
15.
Хирургтар көптеген операцияларды роботтар арқылыжүргізеді. Олар операция кезінде дәлдікті, нақтылықты
қамтамасыз етеді. Роботталған “жылан” Flex жүйесі ешқандай
тіліксіз жасалынатын операцияларда қолданылады. Және
науқасқа тігіс жасауды қажет етпейді.
Бірегей роботтың авторы Howie Choset, Карнеги-Меллон
Университетінің профессоры жасады.
Metrobotix Corp компаниясында өндірілді. Алғашқыда бұл
робот Австрияда қараусыз қалған АЭС ті зерттеу үшін
қолданылды. Ал қазіргі таңда көптеген медиктердің назарын
аударуда.
«Жылан» джойстиктермен басқарылады. Оның «басын»да
операция жасалынатын аймақты дәл көрсететін камерасы
орнатылған. Ал жүйе «денесі» қозғалғыш әрі икемділігі жоғары
сегменттерден құралады. Әр сегмент өз жұмысын дәл және
орнымен атқарады. Бұл өз кезегінде соқтығысулар болуынан
сақтайды.
16.
«Жылан» Flexжүйесін жоғарғы
тыныс жолдарына,
көмейге
жасалынатын
операцияларда
қолданылады. Бірақ,
келешекте осы
роботпен жүрек
және ас қорыту
жолдарына операция
жасау жоспарланып
отыр.
17.
Хирургиялық «робот-сорғыш» - инсульттансоң болатын бас миындағы қан ұйындыларын
(тромб) жою үшін қолданылатын құрал
18.
Статистикаға сүйенсек, инсультпен ауырған науқастардыңайдың соңына 40% дейін қайтыс болады. Оның негізгі себебі, бас
миының қантамырларында қан ұйындыларының жиналуы (тромб
түзілуі ). Осыған байланысты қан ұйындыларын эффективті әрі
минимальды түрде жою мақсатында, америкалық Вандербильт
университетінің командасы роботталған хирургиялық жүйе«робот сорғышты» ойлап тапты.
Бұл жүйедегі екі түтік - сыртқы және ішкі, диаметрлері 0.4-0.5
мм болады. Алдымен нейрохирург компьютерлік томография
арқылы тромбтың орналасқан орнын анықтап алады. Содан соң
кішкентай ғана тесік арқылы түтікті қан ұйындысы орналасқан
жерге қарайта кіргізеді. Кіші түтікті жылжыту арқылы,
ұйындыларды сорады.
Алайда, барлық қан сорылып алып тасталғанда, оның
маңындағы тіндердің қысымына байланысты қан қалып қояды.
Оны алудың мүмкіндігі болмайды. Авторлардың болашақ
жомпарлары -осы мәселені ультрадыбыстық бейнелеу және
компьютерлік модельдер арқылы шешу болып отыр.
19.
Хирургиялық робот - Magellan20.
Фиброидтар (миома) - жатырдың қатерсіз ісігі, көптегенәйелдердің бедеулілігімен сипатталады. Соңғы
уақыттарға дейін осы аурумен қарсы күресудің бір жолы
жатырды хирургиялық жолмен алып тастау болатын.
Алайда,соңғы жылдары, фиброид эмболизациясы әдісі
қолданылуда. Мұнда уақытша фиброид артериясын
бұғаттау, артерияны бұғаттау үшін катетер арқылы
микробөлікті енгізіп, қабырға қою қажет. Ал бұл жұмыс
нақтылықты талап етеді. Дәлділік тек робот көмегімен
жүргізіледі. Британдық Әулие Мария ауруханасында
жатыр ісігіне байланысты осы әдіс қолданылуы
басталды. Қазіргі кезеңде 5 әйелге осындай хирургиялық
операция жүргізіліп, бәрі де сәтті өтті. Бұл әдістің тағы
бір тиімділігі өте қысқа уақытта орындалуы.
21.
Telelap – ALF-X – хирургиялық аппарат22.
Өздеріңіз білетіндей , қазіргі таңда хирургияда аппаратДа Винчи жүйесі алтын стандарт болып есептелінеді.
Алайда, бәсекелестер де бұл тұрғыда қарап отырған жоқ.
Итальяндық Софар компаниясы өндірген Telelap ALF X
хирургиялық роботын өндіріп шығарды. Оның Да Винчи
аппаратынан екі артықшылығы бар :
- Біріншіден, ол хирургта тактильді сезімді байқатады,яғни
хирург операцияны тура өзі жасап отырғандай болады.
- Екіншіден,арнайы көзілдірік жүйесінің көмегімен хирург
көзімен қозғалысты қадағалауы ,эндоскопиялық камераны
жылжыту арқылы операция жүруін нық бақылауға
мүмкіндік береді. Мұндағы артықшылық камераны тек
жылжытып қана қоймай, масштабын өзгерту арқылы
бақылау болып келеді.
23.
24.
Назарларыңызғарахмет!!!