Similar presentations:
Карантинге жатқызылған материалдарды сараптау
1. Карантинге жатқызылған материалдарды сараптау.
2.
Өсімдік өнімдері, сондай-ақ карантинге жатқызылғанбасқа да материалдарды тексеру және оларды сараптау
– бір-бірімен байланысты бірегей үдеріс.
3.
Карантинге жатқызылған материалдарды зертханалықсараптауға мыналар жатады:
* зиянкестерді, өсімдік ауруларының қоздырғыштарын,
қауіпті арам шөптердің тұқымдарын табу мақсатымен
талдау (энтомологиялық, фитопатологиялық,
вирусологиялық, бактериологиялық, фитогельминтологиялық);
* табылған зиянды организмдердің түрлік құрамын
анықтау;
* зертхана мамандарының табылған зиянды
организмдердің әлеуетті қауптілігі және олармен
карантиндік күрес жайлы қортындысы.
4.
5.
Шекаралық ауданаралық және аудандық бекеттержағдайында нұсқаушылар карантиндік жүктер үлгілеріне,
оларды зиянкестердің зақымдағанын немесе қатерлі
арамшөптердің тұқымдарымен ластанғанын анықтау үшін, өз
беттерімен жеңіл талдаулар жасай алады. Мұндай талдаулар
бір-бірлеп, елеуіш көздерінен өткізіп немесе кейбір
тұқымдарды, жемістерді аршып атқарылады.
6.
Табылған барлық зиянкестер мен арам шөп тұқымдарыпробиркаға салынып, үстіне жапсырма тығылады да беті
мақтамен жабылады. Содан кейін пробирканы
зақымдалған материалдың аздаған бөлігімен қосып,
қалың қағазға орайды да бұл үлгіні карантиндік зиянды
организмнің дұрыс анықталған-анықталмағанын
нақтылау үшін зертханаға жібереді.
7.
Карантиндік зертхананың сараптаунәтижелері жайлы қортындысы 2–3
күн ішінде, ал тірі өсімдік материалы
(көшеттер, қалемшелер, гүл
жуашықтары, түйнектер т.б.)
жөніндегі қортындысы материалды
алғаннан кейін келесі күннен
кешіктірмей берілуі керек. Күрделі
және ұзақ зерттеулер
(вирусологиялық, бактериологиялық,
фитопатологиялық, гельминтологиялық, рентгенографиялық) жүргізу
қажет болса, материалдар мен
қортындыны, олардың карантиндік
жағдайы бойынша, қайтарудың ең
әрі кеткендегі мүмкін мерзімі 1
айдан аспауға тиіс
8.
Егер сәлемдемеде немесе бандерольда араластұқымдар және нашар желімделген не жыртылған
тұстарынан кездейсоқ шашылып жатқан тұқымдар
болса, оларды жинап алып, бөлек пакетке салады да,
залалданғаны не залалданбағаны тексеріліп, тиісті
ескертулер жазылып, бандерольдың жалпы орамына
қосылады.
9.
10.
Зиянкес нысандардың бірі қатты залалдауына байланыстыалынған материалдарға тиісті акт жасалады.
Зертхана мамандары мынандай негізгі ережелерді ұстануы
керек:
- бумасы шешілген өсімдіктерді немесе сараптау үшін төгіліп
қойылған тұқымды қараусыз қалдыруға болмайды;
әрбір үлгінің басталған сараптамасын жұмыстағы үзіліске
дейін бітіру керек;
- бір мезгілде түскен сәлемдемелер мен үлгілердің бірнешеуін
бірден ашуға болмайды;
- талдауы келесі күнге дейін қалдырылған материалдар соған
арналған, есігі жабылатын шкафта орамы ашылмай сақтап
қойылады, ал тірі өсімдіктері (қалемшелер, көшеттер) бар
теңдер мен жәшіктер, орау материалдарының ылғалдылығын
қолдай отырып, салқын орында сақталады.
11.
12.
Табылған бунақденелілерді, кенелерді,жұмырқұрттарды, саңырауқұлақтық аурулар
қоздырғыштарын және арам шөп тұқымдарын әрбір
зертхана маманы қолда бар жиынтықтарды,
анықтағыштарды, мәліметтер мен басқа да
әдебиеттерді пайдалана отырып, өз беттерімен
анықтайды. Алайда, тіпті өте тәжірибелі деген жүйелеп
жіктеушінің өзі дұрыс бекітіліп, жабылмаған немесе
салған кезде зақымдалған организм бойынша
қортынды жасай алмайды. Анағұрлым көпшілікке тән
қателік балғын жемістер мен жапырақтарды полиэтилен
пакетке салу болып табылады
13.
14.
Егер дернәсілдер мен жұлдызқұрттар ұзақсақталмайтын болса, олар ыстық судан кейін ас тұзы
ертіндісіне салынады. Бекіту сенімді болу үшін 70
пайыздық спирт пайдаланылады. Оны дайындауға 70
мл абсолютті спирт алынып, 96 мл-ге дейінгі суға
қосылады.
Өсімдіктің саңырауқұлақ ауруларымен залалданған
бөліктері мынандай тұрғыда гербарийленеді: кейбір
жапырақтары немесе жапырақты бұтақтары түзетілген
күйінде бір жапырақ қағаз (сүзгіш қағаз болса тіпті
жақсы) үстіне салынады да, қағазбен жабылып, пресс
астына қойылады. Содан кейін кемінде 10 дана
залалданған өсімдіктен тұратын үлгіні дақылы, сорты,
жиналған орны, күні, айы, жылы, кімнің жинағаны
көрсетілген жапсырмамен қамтамасыз етіп, бірнеше
қабат қағазбен орайды да, зертханаға жөнелтеді.