Медицина факультеті Зертханалық пәндер кафедрасы
1.67M
Category: medicinemedicine

Бауырдың патологиялық процестері

1.

ҚОЖА АХМЕТ
ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ - ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
HOCA AHMET
YESEVI
ULUSLARARASI
TURK-KAZAK
UNIVERSITESI

2. Медицина факультеті Зертханалық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Бауырдың
патологиялық процестері
Орындаған:Турсуметова М.М
Қабылдаған: Шырынбекова Б.Ж
ЖМ-223
Түркістан-2016

3.

Жоспар:
I.Кіріспе бөлім:
Бауыр аурулары
II.Негізгі бөлім:
Гепатоз
Гепатит
Бауыр циррозы
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

4.

БАУЫР АУРУЛАРЫ
Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың
тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын, бірінші
ретті (бауырдың өзіндік аурулары) және екінші ретті
(бауыр басқа аурулардан зақымдалатын) түрлері бар.
Бауырдың сырқаттарын көбінесе инфекциялар
(эпидемиялы гепатит, жедел ағымды сары қалтырау
(лихорадка), лептоспироз, описторхоз, сүзек және т.б.),
эндогендік (уремия, тиреотоксикоз) және экзогендік
(гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар) улардың әсері
дамытады. Қан айналымының (шок, қанның созылмалы
іркілуі), тағамның (белок және витамин жетпеу) мен
заталмасу процесінің дұрыс болмауының (бауырдың
заталмасулық сырқаттары) да маңызы зор.

5.

6.

Соңғы ондаған жылдар бойы бауыр ауруларын анықтау
үшін бауырды биопсия тәсілімен зерттеу кең қолданылып
жүр. Осы тәсілмен анықталған деректер бауыр
сырқаттарының патологиялық анатомиясын одан әрі
айқындап, толықтыра түсті. Бауыр сырқаттарының
морфологиясына гепатоциттерде өрбіген дистрофия мен
некроз, строма мен өт өзектерінде (қақпалық жолда,
синусоидтарда) өрістеген қабыну процестері және
дисрегенерация мен ісік процестері негіз болады.
Гепатоциттерде дистрофия мен некроз басым жағдай —
гепатоз деп, қабыну басым болса, гепатит деп аталады.
Ал дисрегенерациялық өзгерістер склерозбен қайта
кұрылу процестеріне жалғасса, бауырда цирроз дамиды,
ол көбінесе бауыр карциномасына ұласады.

7.

Бауыр ауруларының бастапқы себептері.
Парацетамолды қабылдауы
Тіркелмеген этиологиядан
20%
39%
Дәрілерге реакциясы
4%
В - гепатиті
7%
А - гепатиті
13%
17%
Басқа себептер: жүкті
әйелдердің бауырындағы
жедел майлы дистрофиясы

8.

9.

10.

Гепатоз
Гепатоз — гепатоциттерде дистрофия және некроз
процестері басым болатын сырқат, ол тұқымқуалайды немесе
жүре пайда болады.
Тұқымқуалайтын гепатоздардың үлкен бір тобы - бауырдың
заталмасулық сырқаттары. Бұл сырқаттармен ауырғандарда
белоктар мен амин қышқылдары, майлар , көмірсулар,
пигменттер немесе минералдар алмасуы бұзылады.
Тұқымқуалайтын гепатоздардың көбі қордалану ауруларына
жатады және, әдетте, циррозбен аяқталады.
Жүре пайда болатын гепатоздардың жедел және созылмалы
ағымды түрлері бар. Жедел ағымды гепатоздардың ішінде ең
маңыздысы бауырдың токсикалы дистрофиясы (бауырдың
өршімелі көлемді некрозы) болса, созылмалы гепатоздың
ішінде — майлы гепатоз.

11.

12.

Бауырдың уытты әсерлік (токсикалы) дистрофиясы
Уытты әсерлік дистрофияның (дұрысы бауырдың
өршімелі көлемді дистрофиясы) даму барысында бауырды
көлемді некроздық ошақтар тез жайлап, оның қызметі
жеткіліксіз болады. Бұл ауру көбіне жедел, кейде созылмалы
ағымды.
Этиологиясы мен патогенезі. Бауырдың көлемді некрозы
көбінесе экзогендік [сапасыз тағамдардан, саңырауқұлақпен,
гелиотроппен, фосформен, күшәләмен (мышьяк)] улардан
және эндогендік (жүктілік токсикозы, тиреотоксикоз) уытты
әсерден дамиды. Ол вирустық гепатиттің қатерлі (өте жедел)
түрінде байқалады. Аурудың патогенезі вирус уының
гепатоциттерге әсеріне негізделген. Аллергия мен
аутоаллергияны туындататын факторлар да айтарлықтай орын
алады.

13.

14.

15.

Патологиялық анатомиясы. Ауру әдетте үш аптаға
созылады. Оның әр кезеңінде бауырдың бейнесі әртүрлі.
Алғашқы күндері бауыр ұлғайып, тығыздау немесе болжыр
болады да, үсті мен кесіндісінің беті әсіре сары түсті келеді.
Кейін ол жылдам ("көз алдында") кішірейіп, болжырап,
қабығы қатпарланады, кесіндісінің реңі бозбалшық
тәрізденеді.
Микроскоппен зерттегенде бауыр бөлікшелерінің орталық
аймағындағы гепатоциттерді майлы дистрофия жайлағаны,
кейін ол жерлер некроз бен аутолиздік ыдырауға тез ұшырап,
лейцин мен тирозин кристалдары араласқан майлы-белокты
өлексе түзілгені байқалады.
Екінші аптаның соңына дейін некроз өрши беріп, майлы
дистрофияға ұшыраған гепатоциттердің жіңішке жолағы
бөлікшелердің жиегінде ғана қалады. Бұл аурудың сары
дистрофилы кезеңі деп аталады.

16.

17.

18.

Үшінші аптада бауыр одан әрі кішірейіп, қызарады.
Өйткені, бөлікшелердегі өлексені макрофагтар сіңіріп, жояды
да, синусоидтарына қан толып, қызарған ретикулалық строма
жалаңаш қалады, бауыр клеткалары бөлікшелердің шиегінде
ғана сақталады. Бұл кез - аурудың қызыл дистрофиялы кезеңі.
Бауырдың көлемді некрозына ұшырағандардың денесі
сарғаяды, бауыр қақпасының маңындағы лимфалық түйіндер
мен талақ (кейде сепсис кезіндегідей) ұлғайып, теріде,
кілегейлі және сірі қабықшаларда, өкпеде қанды ошақтар
пайда болады, бүйрек өзекшелерінің эпителийінде некроз, ал
ұйқы безінде, миокардта және орталық жүйке жүйесінде
дистрофия мен некробиоз орын алады.

19.

20.

Бауырдың өршімелі некрозымен сырқаттар көбіне бауыр,
бүйрек қызметі жеткіліксіздігінен (гепато-реналдық
синдромнан) өледі. Уытты әсерлік дистрофия кейде бауырдың
постнекроздық, циррозына ұласады.
Уытты әсерлік дистрофияның қайталануы сирек, сондықтан
оның тек қана қайталанған түрінен туындайтын созылмалы
ағымды түрі де сирек. Бұл аурудың созылмалы түрінен де,
әдетте, постнекроздық цирроз өрістейді.
Гепатит
Гепатит — бауырдың қабынуы, оның даму барысында
бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп,
стромасына қабыну процесіне тән клеткалар шоғырланады.
Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа
аурудың көрінісі ретінде байқалып, екінші ретті (салдарлық)
түрде дамиды. Гепатит жедел не созылмалы ағымды болады.

21.

22.

Этиологиясы мен патогенезі. Гепатит дербес ауру, яғни бірінші
ретті гепатит ретінде көбіне гепатотропты вирустың, алкогольдің
немесе дәрі-дәрмектердің әсерінен дамиды. Холестаздық гепатитке
көбіне клеткадан тысқары холестаз бен бауырастылық сарғаюды
өрбітетін факторлар, кейде дәрі-дәрмектердің әсері себеп болады.
Дербес гепатиттердің ішінде ең маңыздылары — вирустық және
алкогольдік гепатит.
Екінші ретті, яғни салдарлық гепатиттің себебі алуан түрлі.
Ол сары қалтырау, цитомегалия, іш сүзегі, дизентерия, безгек,
туберкулез, сепсис сияқты инфекциялардың және тиреотоксикоз,
сондай-ақ асқазан аурулары мен дәнекер тканің жүйесінің сырқаттары,
басқа да аурулардың зардабы ретінде дамиды.
Гепатиттің ақыры оның жалпы сипаты мен ағымына, процестің
көлемі мен бауырдың зақымдалу дәрежесіне және қалпына келу
мүмкіндігіне байланысты. Бауыр жеңіл зақымдалса, толық қалпына
келеді, ал оны көлемді зақымдаған жедел және созылмалы гепатит
циррозға жалғасуы мүмкін.

23.

Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы
гепатиттің патологиялық анатомиясында айырмашылық бар.
Жедел гепатит экссудациялы және пролиферациялы түрде
дамиды. Экссудациялы гепатит тиреотоксикоз сияқты аурудан
дамыса, бауырдың стромасына ұйымалы жалқық сіңіп,
гепатит ұйымалы болады да, іріңді холангиттен немесе
холангиолиттен өрістесе, іріңді жалқық порталық жолдың
бойымен біркелкі жайылып, диффузды іріңді гепатит
байқалады, ал егер іріңді аппендициттің, амебиаздың
пилефлебиттік абсцестердің, септикопиемиялық
метастаздардың зардабы ретінде өрбісе, бауырда іріңдіктер
қалыптасады.
Жедел гепатит пролиферациялы болса, бауыр
бөлікшелерінің әр жеріндегі гепатоциттерді дистрофия мен
некроз шарпып, ретикула-эндотелийлік элементтер көбейеді.
Жұлдызша тәрізді ретикула-эндотелийлік клеткалар (Купфер
клеткалары) мен эндотелий көбейіп, оларға қанның
клеткалары араласады.

24.

25.

Бауырдың сырт пішіні қабыну процесінің түріне сәйкес
болады.
Созылмалы гепатит кезінде бауырдың стромасына
клеткалар шоғырланып, паренхимасы зақымдалады, тканінде
склероз бен регенерация өрістейді.
Кейбір ғалымдар гепатиттің активті, үздіксіз және
холестаздық түрлерімен қатар, бауырды вирус зақымдағанда
байқалатын созылмалы бөлікшелік (лобулалық) түрі де бар
дейді . Гипатиттің бұл түрі дамығанда бөлікшенің ішіндегі
кейбір гепатоциттер тобын некроз шалып, онда лимфоциттер
шоғырланады. Сондықтан "бөлікшелік гепатит" деген атау —
бөлікшенің ішіндегі, процесті ғана бейнелейтін, сипаттамалық
(гистотопографиялық) мәндегі аталым.
Созылмалы гепатит кезінде бауыр ұлғайып, қатаяды, әр
жері немесе түгел қалыңдаған қабығы ақшыл болады. Тканінің
кесіндісі тарғыл тартады.

26.

БАУЫР ЦИРРОЗЫ
Бауыр циррозы — созылмалы ағымды сырқат, бауыр
тыртықтанып, бүрісіп, қалыпты құрылысынан тайып, біртіндеп
қызметінің жеткіліксіздігі байқалады.
Этиологиясы. Даму себептеріне сәйкес цирроз: 1) инфек-циялық 2)
уытты әсерлік және уытты әсерлі-аллергиялық 3) билиарлық 4) зат
алмасу-алиментарлық 5) циркуляциялық түрлерге жіктеледі.
Клиникалық тұрғыдан бауыр циррозының бүгінгі таңда ең маңызды
түрлері: вирустық цирроз, алкогольдік және билиарлық цирроз.
Вирустық цирроз көбінесе гепатиттің В түрінен, ал алкогольдік
цирроз, әдетте, қайталамалы алкогольдік гепатиттен өрістейді.
Бірінші ретті бауыр циррозы негізінен бауырдағы өт жолдарының
эпителийіне қарсы бағытталған аутоиммунды жауаптан және өт
қышқылдары дұрыс алмаспағанда дамиды,ол вирустық гепатиттің
холангиолиттік және холестаздық түрімен және дәрі-дәрмектердің
әсерімен де сабақтас болуы мүмкін.

27.

28.

29.

Патологиялық анатомиясы. Цирроздың морфологиясына негіз
болатын процестер мыналар: гепатоциттердегі дистрофия мен
некроз,регенерацияның қалпынан таюы,диффузды склероз және
бауырдың қайта құрылып деформациялануы.
Цирроз шалған бауыр қатайып, үсті бұдырлы болады, көлемі
көбіне кішірейіп, кейде ұлғаяды.
Морфологиялық ерекшеліктеріне карай, цирроз макробейнелік
және микробейнелік түрлерге жіктеледі. Макробейнелік түрлерге
жіктегенде регенерат-түйіндер қаншалықты қалыптасқаны,
олардың көлемі мен сипаты ескеріліп, цирроз: шала септалы
(септа — дәнекер тканьді жолақ), ұсақ түйінді, ірі түйінді және
аралас (ұсақ-ірі түйінді) деп бөлінеді,
Шала септалы цирроз шалған бауырда регенерат-түйіндер
болмайды, паренхимасын жарып өтетін жұқа септалар тұйық
аяқталады.

30.

Ұсақ түйінді цирроздағы регенерат-түйіндердің диаметрі,
әдетте, 1 см аспайды, көлемі біркелкі болады. Олардың
құрылысы көбінесе монолобулалы, жұқа септалы келеді. Ірі
түйінді цирроздағы регенерат-түйіндердің диаметрі кейде 5 см
жетіп, көлемі әртүрлі болады. Түйіндердің көбі
мультилобулалы, жалпақ септалы. Аралас түйінді цирроздан
ұсақ және ірі түйінді цирроздың белгілері байқалады.
Цирроз кезінде бөлікшелер қалыпты құрылысынан тайып, өте
шорланады, регенерациялық түйіндер қалыптасады.
Регенерациялық түйіндер көбейген гепатоциттерден түзіледі.
Олардың ішін дәнекер тканьді жолақтар жайлайды. Жалған
бөлікшедегі бауыр клеткалары оның радиусына сәйкес
жайғаспайды, тамырлар да дұрыс орналаспайды.
Микроскопиялық бейнесіне қарай, цирроз: регенерат-түйіндер
бауырдың бір ғана бөлікшесін қамтыса, — монолобулалы, бірнеше
бөлікшеден құрылса, мультилобулалы, ал бір және бірнеше
бөлікшеден түзілсе, — мономультилобулалы деп аталады.

31.

32.

33.

Қорытынды:
Организмде бауыр көптеген қызметтерді атқарады.
Бауыр әр түрлі уларды залалсыздандыру мүмкіндігіне ие.
Сонымен бауырдың бүкіл сырқаттарын төменгі топтарға
бөлуге болады: 1)гепатоздар; 2) гепатиттер; 3) цирроздар.
Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың тұқымқуалайтын
және жүре пайда болатын түрлері бар. Бауырдың
сырқаттарын көбінесе инфекциялар дамытады.

34.

Пайдаланлыған әдебиеттер:
С.О.Тапбергенов,-Медициналық биохимия,
Алматы,2009жыл,-608бет,-327-337беттер
Е.А.Строев,-Биологическая химия,-Москва,1986г,-479стр,296-297стр
Я.Кольман,К-Г-Рем,-Наглядная биохимия,-Москва,2012г,469стр,-298-312стр
Е.С.Северин,-Биохимия с упражнениями и задачами,Москва,2010г,-384стр,-354,355,360стр
Ю.К.Василенко,-Биологическая химия,-Москва,2011г,432стр,-336-353стр
В.П.Комов,В.Н.Шведова,-Биохимия,-Москва,2006г,-632стр,419стр
З.С.Сейтов,-Бихимия,-Алматы,2000г,-899стр,-799-811стр
Т.С.Сейтембетов,Б.И.Төлеуов,А.Ж.Сейтембетова,Қарағанды,2007ж,-Биологиялық химия,-426бет,-325334беттер
English     Русский Rules