Similar presentations:
Артериялық гипертония дамуындағы қауіп-қатер факторлары
1. «ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ »АҚ АО « НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
• Тақырыбы: Артериялық гипертониядамуындағы қауіп-қатер факторлары
Ғылыми жетекшілер: Абдугулова Г.З АҚ ҚазҰМУ-нің №3 ЖТД
кафедра ассистенті., Кожамкулова Р.А
Күлманов Б., Джунусбекова Б., Риза., Серикбаева А., Тұрсынбаева М.,
Төлегенова Л.
2.
Өзектілігі• Қазіргі медицинаның маңызды мәселелерінің бірі –
жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, соның ішінде
эссенциальды артериалық гипертония АГ. АГ – қазіргі
таңда ересек адамдар арасында 20-40% жиілікпен
кездеседі
• АГ – жалпы өлім көрсеткішінің 40-50%-ын алып
жатқан жүрек-қантамыр және цереброваскулярлы
аурулардың дамуындағы негізгі факторларының бірі
болып, келешекте мүгедектікке шалдықтырып, соған
байланысты емдеуіне көп шығын келтіретін
денсаулық сақтау ісінің өзекті мәселелерінің бірі
болып табылады
3.
АГ қауіп-қатер факторларының дәрежесінебайланысты қазіргі кездегі жіктелуіне
стратификация деген түсінік енгізілген. Яғни,
қауіп-қатер факторларының болуы және осы
процеске нысана мүшелердің қатысу дәрежесі,
сондай-ақ ассоциацияланған жағдайлардың болуы
артериялық қысымның көтерілу дәрежесіне
қарағанда маңызы зор деп есептеледі
4.
Қауіп-қатер факторлары:* жынысы: ерлер > 55 жас, әйелдер > 65 жас
шылым шегу
*
дислипидемия:
холестерин > 6,5 ммоль/л (250 мг/дл)
ТЖЛП: ерлерде < 1,0 ммоль/л (40 мг/дл)
әйелдерде <1,2 ммоль/л (48 мг/дл)
ТТЛП > 4,0 ммоль/л (155 мг/дл)
*
диабет
тұқымқуалаушылық
абдоминалды семіздік: мықын өлшемі: ерлерде ≥ 102 см,
әйелдерде ≥ 88 см
гиподинамия
↓ фибриноген
әлеуметтік-экономикалық
этникалық, географиялық
5. Артериалдық гипертензия кезіндегі нысана-мүшелердің зақымдалуы:
• сол қарынша гипертрофиясы• протеинурия немесе плазма креатининінің ↑ (106177 ммоль/л)
• қантамырларда атеросклероздық түйіндердің
болуы
• көз торы қантамырларының жергілікті немесе
жайылған тарылуы
6. Зерттеу мақсаты
• Күндізгі емханалық жағдайындағы артериялықгипертониясы бар аурулардың қауіп-қатер
факторларының маңыздылығын және
ассоциациялану жағдайларын анықтау және
бағалау. Ерте диагностикалау, ауыр
асқынулардың алдын алу, өлім көрсеткішін
төмендету.
7. Материалдары мен әдістері
• Науқастарды зерттеу скрининг әдісі бойынша №3 ҚКЕөткізілді. Скрининг әдісі артериялық гипертониясы бар
15 науқасқа (негізгі топ-І) және артериялық
гипертониясы жоқ 15 науқасқа (бақылау топ-ІІ)
жүргізілді
• Стандарттық калькулятор көмегімен зерттеушілердің
дене салмағының көрсеткіші (ДСК)
есептелінді. Сонымен бірге зерттелушілердің 30
науқаста холестерин мөлшері анықталды. Негізгі
мақсат: артериялық гипертониямен өзара байланысын
білу.
8. Зерттеу нәтижелері
Зерттеу нәтижелері• Анкетаны жасы мен жынысы бойынша сәйкес
келетін топ адамдардан жинадық. Негізгі топта
жас шамасы 50-дан 75 жас аралығында (орташа
жас 63), олардың ішінде ер адамдар саны – 12
(40%), әйелдер - 18 (60%).
9. Науқастардың АГ ауырлық дәрежесіне және формасына байланысты бөлінуі
Диагноз АГАбс. Саны
%
АГ І дәреже
14
47
АГ ІІ дәреже
7
23
АГ ІІІ дәреже
5
16
ОСАГ
4
13
Танометр көмегімен науқастардың АҚҚ өлшеу арқылы, 2019 жылғы ЭКГ
және Эхо-КГ нәтижелеріне негізделіп АГ ауырлық дәрежесін анықтадық.
10.
11. Сурет 1- Зерттеушілерді жас мөлшері бойынша бөлу
• 1-суретте көрсетілгендей АГ-ның қауіп-қатер факторы –жас мөлшері бойынша ер адамдарда 55 жастан жоғары
болуы және әйел адамдарда 65 жастан жоғары болуы
негізгі топта (53,3%), ал бақылау тобында тек 20%.
• Шылым шегу сияқты қауіп-қатер факторы 13,33% негізгі
топта анықталса, ал бақылау тобында бұл фактор
анықталған жоқ.
• АГ-ның маңызды қауіп-қатер факторларының бірі –
қантты диабет. Бұл ассоциацияланған жағдай негізгі
топтағы 20% науқастардың АГ-ның ағымын асқындырды.
12.
Семіздік сияқты қауіп-қатер факторын білу үшін дененің салмақкөрсеткіші (ДСК) анықталды. ДСК зерттелушінің бойы мен
салмағының арақатынасы бойынша стандарттық ДСК калькулятор
көмегімен анықталды (сурет 2).
13. Сурет 2 - Зерттелушілерді дене салмағының көрсеткіші бойынша бөлу
• 2-суретте көретілгендей ДСК бойынша I топта орташакөрсеткіші - 27,87±1,29, II топта - 26,97± 0,65.
• Жалпы ДСК екі топта да шамамен бірдей болғандықтан,
семіздік типі анықталды (кесте 2).
14. Кесте 2 – Дене салмағының көрсеткіші бойынша зерттелушілерді бөлу
Кесте 2 – Дене салмағының көрсеткішібойынша зерттелушілерді бөлу
Көрсеткіштер
Негізгі топ
Бақылау тобы
Қалыпты салмақ ( <25)
4
2
Жоғары салмақ (25-30)
5
11
Семіздік ( >30)
6
2
15.
• Семіздік типін анықтау барысында АГ барнауқастардың 17-нде (73,33%)
абдоминальды семіздік барын көрсетті, ал
бақылау тобында тек 13 (46,67%)
зерттелушіде. (кесте 3).
16. Кесте 3 – Зерттелушілерді абдоминалды семіздік бойынша бөлу
Кесте 3 – Зерттелушілердіабдоминалды семіздік бойынша бөлу
Көрсеткіш
Мықын өлшемі:
- ерлерде ≥ 102 см
- әйелдерде ≥ 88 см
негізгі топ
бақылау тобы
1 (33,33%)
0
10 (83,33%)
7 (53,85%)
17. Тұжырым
Тұжырым• Артериялық гипертонияның көбіне науқастар арасында
55 жастан жоғары ер адамдарда және 65 жастан жоғары
әйел адамдарда болуы, күндізгі емханалық
дәрігерлердің осы науқастар тобына тағы да назар
аударуын күшейтуді кажет етеді.
• Темекі шегу, тұзды шектен тыс көп қолдану, алкоголь
өнімдерін пайдалану сияқты зиянды әдеттер және
ассоциацияланған жағдайлар (қантты диабет) АГ
өршітеді.
• Семіздік типін анықтау, дұрыс тамақтану, физикалық
белсенділікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын
ұстану өте маңызды.
18. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі• Stiefelhagen P. First check compliance // MMW Fortschr Med. 2016 Jun
9, 158 (11)
• Борьба с артериальной гипертонией (Доклад комитета экспертов
ВОЗ). Государственный центр профилактической медицины. М., 1997;
64.
• Кобалова Ж.Д., Профилактика, диагностика и лечение первичной
артериальной гипертонии. Кардиология 2000; 11: 71-89
• Арабидзе Г.Г., Белоусов Ю.Б., Карпов Ю.А. Артериальная гипертония.
Справочное руководство по диагностике и лечению. М.: Ремедиум,
1999.
• Насонов Е.Л. Остеопороз и заболевания сердечно-сосудистой
системы. Кардиология, 2002, 3, 80-82