Similar presentations:
Өкпе анатомиясы
1. Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Орындаған:404-топ,ЖМФ
Тексерген: Акимжанов К.Д
Семей 2015жыл
2. Өкпе анатомиясы
3.
Өкпе - кеуде қуысында, cavitas thoracis, жүрекпен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа
бағанасының алдыңғы бетінен кеуде
қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын
көкірекаралықпен,mediastinum, бір-бірінен
бөлінген өкпе қабында орналасады. Оң өкпе сол
өкпеге қарағанда кең, қысқа болады.
Әрбір өкпе,pulmo бұрыс конус пішінді. Оның
төмен қараған негізі basis pulmonis, дөңгелек
ұшы apex pulmonis деп аталады.
4.
5.
6.
Өкпенің үш бетін ажыратады:Төменгі беті, facies diaphragmatica- жанасып
жататын көкеттің жоғарғы бетінің дөңестігіне сай
ойыс болады.
Қабырғалық беті, facies costalis- араларында
жатқан қабырғааралық бұлшықеттермен қоса кеуде
қуысына ентін қабырғалардың ойысына сай дөңес
келеді.
Медиальды беті, facies medialis- жүрекқап бедерімен
сай болады.
7.
Өкпе беттері бір-бірінен жиектер арқылыбөлінген:
төменгі үшкір жиегі- margo inferior
facies medialis пен costalis-ті бөлуші- margo
anterior .
Әрбір өкпенің медиальды бетінде ортасынан
жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы, hilum
pulmonis орналасады. Ол арқылы бронхтар мен
өкпе артериясы өкпеге енеді, ал өкпе венасы және
лимфа тамырлары өкпеден шығады. Барлығы
қосылып, өкпе түбірін, radix pulmonis, құрайды.
8.
Өкпенің негізгі қызметі- газалмасу болып табылады.
Анатомиялық
құрылысына байланысты
қызметтері: тыныс алу
кезінде бронх қабырғасын
белсендіру, секрет бөліп
шығару, зат алмасуға (су,
липидті, хлорлы
баланысты реттеу, тұз
алмасу) қышқыл тепетеңдікті сақтауда маңызды
болып табылады.
9.
10.
Екі өкпеде де қиғаш саңылау, fissura obliguaболады. Ол әрбір өкпеде жоғарғы үлесті
төменгі үлестен ажыратып тұрады. Бұдан
басқа оң өкпеде горизонтальды саңылау,
fissura horizontalis орналасқан.
Оң өкпенің үлестері:
LOBUS SUPERIOR- 3 СЕГМЕНТ БАР
LOBUS MEDIUS – 2 СЕГМЕНТ
LOBUS INFERIOR – 5 СЕГМЕНТ
Сол өкпенің үлестері:
LOBUS SUPERIOR -5СЕГМЕНТ
LOBUS INFERIOR – 5СЕГМЕНТ
11.
12.
13. ӨКПЕНІҢ ҚАНАЙНАЛЫМЫ
Газ алмасу қызметіне байланысты өкпе артерияқанымен бірге веналық қанды да алады. Веналық қан
өкпе артериясы тармақтары арқылы ағып келеді.
Артериялық қан өкпеге rr. Bronhialis арқылы
қолқадан, aa. Intercostales , subclabia-дан келеді. Олар
бронх қабырғасымен өкпе тінін қоректендіреді. Осы
артериялар тармақтарынан түзілетін капиллярлар
торынан бір бөлігі vv. azygos et hemiazygos-ке, ал бір
бөлігі vv. Pulmonales-ке құятын vv. Bronhialis
құралады.
14.
15.
16. Плевра қуысының анатомиясы
Кеуде қуысында үш бір-бірінеқатынаспаған қапшық тәрізді қуыс
бар - әр өкпеге бір қуыстан және
ортаңғы қуыс жүрекке арналған.
Өкпенің
серозды
қабықшасы
плевра «Pleura» - деп аталады.
Плевраның париетальді (сыртқы)
«Pleura parietalis» жапырақшасы
кеуде қуысын және сыртқы көкірек
қуысын орап жауып тұрады, ал
висцеральді
(ішкі)
«Pleura
visceralis» жапырақша өкпе және
оның
құрылымдарын
(қан
тамырлары, бронхтар және нервтер)
жауып тұрады.
17. Плевра қуысының анатомиясы
18. Плевра қуысының анатомиясы
19. Өкпенің арнайы (спецификалық) емес іріңді ауруларының жіктелуі.
І. Өкпе абсцесі және гангренасы.1.Іріңді абсцесс:
- ағымына қарай: жедел және созылмалы (ремиссия және өршу
сатылары);
- орналасуына қарай: ортаңғы және шеткі,жекеше және көпше.
- асқынуына қарай: асқынбаған, асқынған (плевра эмпиемасы,
пневмоторакс,қан кету,мидың метастазды абсцесі,сепсис)
2.Гангренозды абсцес: (клиникалық барысына,орналасуына,
асқынуына байланысты іріңді абсцеске ұқсас)
3.Таралған гангрена.
ІІ. Өкпе абсцесінен кейінгі пневмосклероз.
ІІІ. Бронхоэктаз ауруы.
ІV. Өкпе кистасының іріңдеуі.
1.Жеке киста
2.Көпше киста (кистозды өкпе)
20. ӨКПЕ АБСЦЕСІ ЖӘНЕ ӨКПЕ ГАНГРЕНАСЫ.
ӨКПЕ АБСЦЕСІ – өкпетініндегі,көбінесе өкпенің жедел
қабынуынан (пневмония) соң
пайда болатын шектелген,ішіне
ірің жиналған қуысты айтады. Бұл
қуыс өкпенің сырқатпен
зақымдалмаған бөліктерінен,
пиогенді қабатпен
(капсула)бөлініп тұрады,оның
айналасында қабыну ісігі аймағы
болады.
21.
ӨКПЕ ГАНГРЕНАСЫ – өкпе тінінің көлемді бөлігініңнекрозымен сипатталады.
Өкпе гангренасының қауіптілігі өкпе абсцесіне
қарағанда өте жоғары. Өкпе абсцесінде ауру
адамдардың арасында байқалатын өлім жиілігі 10%
болса,өкпе гангренасында ол көрсеткіш тым жоғары
болып келеді 40-90 % аралықтарында орналасады.
22. ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ:
1. Өкпе қабынуынан;2.Кеуде торының жабық және оқ жарақаттары;
3. Грамтеріс, анаэробты микроорганизмдер, стафилококк
жиі анықталады;
Бұл ауруға 20-50жастағы және еркек жынысты адамдар жиі
шалдығады. Өкпеде пайда болған қабыну
аймағында,бронхтың кілегей қабатының ісіктенуінен,
бронхтың қатты жиырылуынан немесе патологиялық
заттармен бітелуінен,бірінші кезеңде бронхтардың
өткізгіштік қасиеті бұзылады. Қабыну ісігінің одан әрі даму
себебінен, қабыну ошағындағы өкпе паренхимасында
микроциркуляция бұзылып, ұсақ қан тамырларының
тромбозы пайда болады. Өкпе тінінің некрозын тудырып,ол
тінде патогенді микроорганизмдердің өршіп,жетілуіне
қолайлы жағдай тудырады.
23. Өкпе абцессінің жиі қоздырғыштары:
Стафилококк;Пневмококк;
Ішек таяқшасы;
Протей;
Фриндляндер таяқшасы;
Bact. fragilis;
Bact. melaninodenicus
Peptococcus
Peptostreptococcus
Бактероидтар
24. КЛИНИКАСЫ:
Абсцестің құралу кезеңінде ауру адамкеуде торындағы ауру сезіміне, жөтелге
және дене қызуының жоғарылауына (38
жоғары) шағымданады. Жөтел, көбінесе
құрғақ немесе аз қақырықты болады.
Жалпы әлсіздік, тамаққа тәбетінің
төмендеуі, жұмыс қабілетінің нашарлауы.
25. Өкпенің жедел абцессінің клиникасы екі сатыдан тұрады:
Абцесстің бронхқа ашылуына дейінгі“Жабық” кезең
Абцесстің бронхқа ашылуынан кейінгі
“Ашық” кезең
26. Какырык үш қабаттан тұрады:
Төменгіқабаты – іріңнен
Ортаңғы қабаты – серозды
бөлініс
Жоғарғы қабаты – көбіктен
27. ДИАГНОСТИКАСЫ:
Физикалық зерттеу (перкуссия,аускультация): өкпедыбысының нашарлауы, құрғақ және дымқыл
сырылдар анықталады.
Рентгенологиялық зерттеу: өкпе паренхимасында
сұйықтық деңгейі бар қуыс пен қабыну ісігінің
белгілері және өкпе паренхимасының зақымдалғаны
көрінеді.
Қақырықты микроскоппен тексеру: өкпе тінінің
эластикалық талшықтары, іріңді жасушалар
бактерияларды көруге болады.
28. Өкпенің жедел іріңді абцессін диагностикалау:
Қакырықты зерттеу, цитологиялық зерттеу
Кеуде қуысына екі проекцияда рентгенография
жасау
Томография
Ультрадыбысты зерттеу
Бронхоскопия
Бронхография (абсцессография)
Компьютерлік томография.
29. Өкпенің іріңді абцессінің емі:
Консервативті емі:• Кең спектрлі антибиотиктер қолдану
• Иммунотерапия: ронколейкин, интерлейкин-2,
иммунофан, және т.б.
• Антистафилоккокты плазма
• Дезинтоксиционды ем.
• Витаминді терапия
30.
Постуральды дренаж – дененікөп мөлшерде қакырык
бөлінетіндей етіп орналастыру.
Диаметрі 6 см-ден үлкен
абцесс кезінде хирургиялық
араласусыз консервативті ем
тиімсіз
31.
32.
33. ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМ:
Өкпені резекциялауБір сегментін
(сегментэктомия,бөлігін,лобэктомия)
Бір өкпені алып тастау (пневмонэктомия)
Орындалатын операцияның негізгі мақсаты
гангрена ошағын алып,оны секвестрлерден,
некрозды масссадан тазарту болып табылады,
немесе өкпенің бөлігі алынады. Операциядан соң
сол аймаққа дренаж түтігін орналастырып, ол
арқылы антибактериалдық дәрі-дәрмектер жіберу
арқылы ем жалғастырылады.
34.
Бронхтардың тұрақты кеңейіп, олардың сыртқыпішіндерінің өзгеруін(деформация)айтады.
Бронхтардың кеңеюінің туа біткен және жүре
пайда болған түрлері болады. Туа біткен
бронхоэктаздардың немесе өкпенің кистозды
гипоплазиясының себебі, негізінен тыныс алу
ағзаларының даму аномалиясынан болса, жүре
пайда болған бронхоэктаздар көпке созылған
және радикалды емделмеген әртүрлі өкпе
ауруларының түпкі нәтижелері болып келеді.
35. ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ
Бронхтардың (орта және кіші калибрлі)өткізгіштік қасиетінің бұзылуы дәне сонымен
байланысты обтурациялық ателектаздың пайда
болуы негізгі орын алады.
Инфекция
Бронхтардың кілегей қабаттарындағы
альвеолярлықмакрофагтардың қорғаушылық
қызметінің нашарлауы
Авитаминоз және бронхтардың кеңіген
бөліктеріндегі тіндердің қалыпты қоректенуінің
бұзылуы
36. КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
І.Пайда болуына қарай:1. туа біткен
2. Жүре пайда болған
ІІ. Өкпе тінінің зақымдануына қарай:
1.Алдыңғы қатарда өкпе тінінің зақымдануы
2.Алдыңғы қатарда бронхтың зақымдануы
ІІІ. Бронхоэктаздың сыртқы пішініне қарай:
1. Цилиндр тәрізді
2.
қапшық тәрізді
3. Ұршық тәрізді
4. Қоспа тәрізді
37.
ІV. Клиникалық барысына қарай:1. Ремиссия
2. Өршіген
3. Тұрақты рецидивті
V. Асқынуларына қарай:
1.Асқынбаған
2.Асқынған
- Өкпеден қан кету
- қанды қақырық
- Пиопневматоракс
- абсцестену
38. КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ:
Жөтел, көбінесе қақырықты жөтелТыныс тарылу
Ентігу
Дене қызуының көтерілуі
Жүрек соғуының жиіленуі
39. ДИАГНОСТИКАСЫ:
Объективті зерттеу: ауру адамдардың жүдеу,арық болуы, теріқабатының бозарып, бозғылт түстенуі, кеуде торы пішінінің
бұзылуы (деформация).Зақымдалған өкпе орналасқан жағы
тыныс алу қимылына қатысуы шектеліп, организмнің іріңмен
ұзақ мерзім уыттану белгілері ретінде саусақ ұштары
пішіндерінің «барабан таяқшалары» сияқты, ал тырнақ
табақтарының сағат шынысы сияқты болып өзгеруі анықталады.
Перкуссия: перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталса.
Аускультация: құрғақ және әр калибрлі дымқыл сырылдар
естіледі.
Инструментальды зерттеу: рентгеноскопия,рентгенография,
бронхография,бронхоскопия,компьютерлік томография.
40. ЕМІ:
Аурудың І-ші, ал кейбір жағдайларда ІІ-шісатыларында комплексті түрде
қолданылған консервативті ем оң нәтижелі
болады. Аурудың ІІ-ІІІ сатыларында,
негізінен хирургиялық жолмен емдеу
тәсілі қолданылады.
41.
Бронхоэктазды аурудың еміБронхиалды ағаштың белсенді және енжар
санация әдістері.
Бронхоэктаз локализациясына байланысты
позиционды дренаж.
Күніне 2 рет постуралды дренаж (таңертең
ұйқыдан кейін және кешке жатар алдында).
Антибактериалды терапия: пенициллин тобының
препараттары, тетрациклиндер және
цефалоспориндер. Интрабронхиалды
лимфотропты енгізу әдісі қолданылады.
42.
Муколитиктен немесе бронхосекретолитикалықпрепараттар.
Ацетилцистеин фибринді және қан
ұйындыларын ерітетін әсері бар секретті бөлетін
мукозды клеткаларға әсер етеді, детоксикация
процестеріне қатысатын глутатионды бөледі.
Емдік бронхоскопия кезінде 5-10% флуимуцил
ерітіндісінің 3-6 мл қолданылады. Күн ара 8-10
санация курсын жасайды. Жылына 2-3 емдік
бронхоскопияларды жасау керек. Бірақ олар
қысқа болуы мүмкін.
43.
Операцияға қарсы көрсеткіштер:Өкпенің кең екі жақты зақымдалулары.
Айқын жүрек-қан тамырлық және тыныстық
жетіспеушілік, созылмалы диффузды бронхит.
Бауыр мен бүйректің ауыр қайтымсыз өзгерістері.
Операциядан кейін санитарлы-курортты ем және
диспансерлік бақылау көрсетілген.
44. Бронхоэктазды ауруының негізгі асқынулары:
Қайталамалы қан кетулер;Плевра эмпиемасы;
спонтанды пневмоторакс;
өкпе абсцесстері мен гангренасы;
бас миының абсцесстері;
менингит.