Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Жоспар
Бастан күн өту және ыстық өту қалай іске асады? Ыстық өту – ағзаның қызуының нәтижесі. Мұндайға жазда ғана емес, кез келген жыл
Күннен дұрыс қорғанайық Бастан күн өту мен ыстық өтудің алдын алу үшін күн сәулесі аса қатты белсенді кезде далаға, жағажайға
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
116.86K
Category: medicinemedicine

Күн өту кезіндегі алғашқы жедел жәрдем негіздері ЖМ-409

1. Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

Күн өту кезіндегі алғашқы
жедел жәрдем негіздері
ЖМ-409

2. Жоспар

1. Күн өту туралы түсінік.
2. Бастан күн өту және ыстық өту қалай
іске асады?
3. Күн өту және ыстық өтудің белгілері.
4. Күннен дұрыс қорғану.
5. Күн өткен кездегі алғашқы көмек.

3.

• Күн өту және ыстық өту - организмге қызу өтуден пайда
болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қан
тамырлары ауруымен және эндокринді аурулармен ауырған
адамдарға қызу өткіш келеді. Әсіресе, шақырайған сәулеге басты
қыздырғанда күн өтеді.
• Күн өту көбінесе, ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп
жүруден болады. Әсіресе ыстыққа төзімсіз немесе ауыр дене
еңбегімен айналысатын (құрылыс алаңдарында жұмыс істейтін)
адамдарға күн жиі өтеді. Сондай-ақ күн сәулесімен нашар
шағылысатын қара-қоңыр түсті киім немесе ауа өткізбейтін және
тердің булануына бөгет жасайтын киім де организмге ыстық өтуіне
себепші болады. Жабық бөлмеде де жоғары температурада
және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда
жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін.

4. Бастан күн өту және ыстық өту қалай іске асады? Ыстық өту – ағзаның қызуының нәтижесі. Мұндайға жазда ғана емес, кез келген жыл

мезгілінде ұрыну қаупі
бар. Көбіне ыстық өтуге ұзақ уақыт монша немесе
саунада отыру, ыстық бөлмеде немесе қапырық
ыстықта қалың киіммен физикалық жаттығулар жасау
себеп болады.
Бастан күн өту – бұл көбіне жаз мезгілінде орын алады.
Күн сәулесінің бас аймағына тікелей әсер ету себебінен
болады. Мұнда бірінші кезекте ми қан тамырларының
кеңеюінен орталық жүйке жүйесіне зақым келеді. Күн
өткенде, сонымен қатар, дене күюі де мүмкін.

5.

6.

• Ыстық өту мен бастан күн өтудің белгілері ұқсас:
• - әлсіздік, бас айналу, асқынған жағдайда – дененің
құрысуы, естен таңу;
- жүрек айну, асқынған жағдайда – құсу;
- бас ауру;
- дененің қызуы (40 градусқа дейін);
- тері қабатының қызаруы;
- суық тер шығуы;
- тахикардия.
• Бастан қатты күн өткенде адам сандырақтап, көзіне
бірдеңелер көрініп, психомоторлық қозуға ұшырауы
мүмкін. Егер науқасқа тез арада медициналық көмек
көрсетпесе, өліп кетуі де мүмкін.
• Бастан күн өту мен ыстық өту әсіресе балалар мен
қарттарға қауіпті, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары
ауруларымен ауыратын адамдарға да қауіпі бар.

7.

Күн өту және ыстық өтудің белгілері.
Сырқаттың жеңіл дәрежелі түрінде:
• әлсіздік;
• бас ауыру;
• жүрек айну;
• дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі;
• дененің терлеуі.
• Сырқаттың орташа дәрежелі түрінде:
• еңсенің түсуі;
• бастың қатты ауыруы;
• лоқсу және құсу;
• құлақтың бітуі;
• қорғаншақты қозғалыс;
• дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі;
• кей кездері - талып қалу.

8.

Сырқаттың ауыр дәрежелі түрінде:
• естен тану;
• дененің қалшылдауы;
• ой-сананың бұзылуы;
• сандырақтау;
• елестеушілік;
• үстіртін дем алу және жиілеуі;
• тамырдың соғуы - 1 минутта 120-140 рет:
• дене қызуының көтерілуі (41-42°);
• зәрдің мөлшерінің азаюы.
• Күн өту және ыстық өту салдарынан қояншық аурудың ұстауы, бас
сүйек ішіндегі қан қысымының жоғарлауы, психикалық және т.б.
өзгерістердің болуы байқалады.

9.

10. Күннен дұрыс қорғанайық Бастан күн өту мен ыстық өтудің алдын алу үшін күн сәулесі аса қатты белсенді кезде далаға, жағажайға

шықпау, ауа кірмейтін, ыстық
бөлмелерге кірмеу және адам толы қоғамдық көлікке отырмау.
Күн өту мен ыстық өтуге көбіне артық салмағы бар адамдар, қан
қысымы жоғары, эндокринді аурулармен, вегето-тамырлы
дистониямен ауыратын адамдар, кішкентай балалар бейім екенін
ұмытпаңыз.
Ұзақ уақыт күн астында тұрған көлікке отырмас бұрын, барлық
есіктерін ашып, ішіне ауа кіруін қамтамасыз етіңіз. Ыстық күнде
ешқашан балаларды жабық көлікте тастап кетпеңіз. Күн астында
ешқашан ұйықтамаңыз – егер ұйқыңыз келіп бара жатса көлеңкеге
жатыңыз.
Жазда табиғи маталардан тігілген ашық түсті киімдер киюге
тырысыңыз және бас киім киюді ұмытпаңыз. Көбірек су ішіп,
ішімдіктен аулақ болыңыз.

11.

• Алғашқы жәрдем.
• Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып
немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн.
• Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып,
үстіңдегі тар киімін шешу керек.
• Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған
грелка қойған жөн.
• Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды - тұзды
салқын суды, салқын шайды, кофені көбірек ішкен дұрыс.
• Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға
малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап
ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегінжұтқызады, денесін ысқылайды.
• Дәрігер келгенге дейін бір шай қасық кордиамин, 10 проценттік кофеин
ерітіндісінің екі ампуласын ішкізуге болады.
• Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек.
• Сырқаттың жеңіл және орташа дәрежелі түрінде уақытылы көмек
көрсетілсе науқас адам тез қалыпты жағдайына келеді. Ал ауыр дәрежелі
түрінде уақытылы көмек көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін
болмайды.

12. Қорытынды

• Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40)
ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым
келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары
немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе
тоқтатылған кезде пайда болады.
• Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы
желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп
жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен
жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты
салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс,
олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын
мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс
алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин,
1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі
алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.

13. Пайдаланған әдебиеттер

1)www.google.kz
2) kk.wikipedia.org
3) referatikz.ru

14. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

English     Русский Rules